Баланың бірінші әрекеті - ойын


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Павлодар педагогикалық университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
Тақырып: «Дидактикалық ойынның тәрбиелік мәні»
Орындаған:
Студент: Сыздық Айзере
Мамандық: «Мектепке дейінгі
тәрбие және оқыту»
Топ: МДТО - 11қ
Рецезент: Бердыбекова Ж. М.
(қолы, күні)
20 жыл
Мазмұны:
2. 1. Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың өміріндегі, тәрбиелеудегі, оқытудағы дидактикалық ойынның маңызы
2. 2. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері.
2. 3 Дидактикалық ойын түрлері
2. 4. Дидактикалық ойындардың педагогикалық құндылығы
6-9 бет
9-15 бет
15-17 бет
17-20 бет
Практикалық бөлім
3. 1. Дидактикалық ойындар
Кіріспе
Тәрбие - баланың дүниеге келген сәтінен бастау алады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекеттің түрі ойын болып табылады.
Ойын - бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала отбасымен және қоршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. «Ойын - дүниеге қарай ашылған үлкен жарық» - деп В. А. Сухомлинский айтқандай, ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын - дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты. Ойын - баланың өмір танымының алғашқы қадамы. Қандай ойын түрі болмасын, дидактикалық па, шығармашылық па, қимылды ма, сюжетті ме, әлде драмалық болсын баланың ой өрісін дамытады, сөздік қорын молайтады, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, қиялдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіреді. Орыс педагогы В. А. Сухомлинский: "Ойын - баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл- ойдың қалыптасуы мүмкін де емес" десе, ғалым Е. А. Покровский өзінің балалардың ойындарына арналған еңбегінде әрбір халықтың ойын туралы түсінігіне сипаттама береді. Мысалы: «Ежелгі гректерде "ойын" түсінігі балалардың қимылы деген ұғымды білдіреді, ал еврей халқында "ойын" сөзі қуаныш, шаттық сезімдерін сипаттайды» - деп, барлық халықтың ойын түсінігінің түп-тамырының сабақтасып жатқандығы туралы тұжырым жасайды. Ойын - таным процесін дамытудың негізі болғандықтан әрбір тәрбиеші оқыту мен тәрбие берудің мазмұнын үнемі ойын элементтерімен толықтырып отыру керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде ойынды дұрыс колдану үшін тәрбиешіге ойындардың мазмұны мен өткізілу әдістемесін жете білу, әрбір тақырыпқа байланысты болуы міндетті болып табылады.
Сонымен қатар, баланың шығармашылық дамуында маңызы өте зор. Ойын мәнін балалық шақтан есейген шаққа өтетін көпір ретінде сипаттауға болады.
Ойын - бала қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, ойын үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады. Қоғамның болашақ азаматын өсіру үшін отбасы, қоғамдық орындар, қоршаған ортаның тигізер ықпалы ұшан-теңіз. Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ең басты іс-әрекеті болып табылады. Атап айтқанда, ойын арқылы балалар өмірді таниды, ойын оларды үлкен өмірге дайындайды.
Курстық жұмыстың мақсаты : Дидактикалық ойындар балалардың бойында қалыптастыратын адамгершілік қасиетті тәрбиелеу құралы.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Дидактикалық ойынның түрлерімен, ерекшеліктерімен, мазмұнымен таныстыру.
- Дидактикалық ойындардың балаларға беретін тәрбиелік мәні Тақырыптың өзектілігі: Жас ұрпаққа саналы білім беруге оқу материалдарын толық меңгерту мақсатында оқытудың жаңа технологиясының бірі - балаларға оқу материалдарын ойын арқылы оқыту технологиясын пайдалану. Тәрбие құралдарының басқа түрлері сияқты ойынның да білімділік, тәрбиелік мүмкіндіктерін балалардың жас ерекшеліктеріне, сабақ мазмұнына жақсы үйлестіре отырып қолдану. Ойынды пайдалану методикасын, ойын түрлерін таңдап- талдауға қойылатын талаптарды жете білу.
Болжам: Балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс қөзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде пайдаланғанда арнайы мақсат көздеп, нақты міндеттерді шешу.
Ғылыми- теориялық негіздер: Ойын әрекетінің бала психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж. Аймауытов, Т. Тәжібаев,
М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы сияқты қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын алады. «Балалардың ойлауын дамыту» туралы М. Жұмабаевтың еңбегінде ойлау - жанның өте бір қиын терең ісі, жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші ойната отырып ойлантуға, жүйелі сөйлеуге ұмтылдыру қажет. Ойнай жүріп балалар қоршаған орта жайлы білімдерін толықтырады, дербес шешім қабылдауға дағдыланады, ойлау барысында ұтқырлық пен тапқырлық танытады. Бала ойын үстінде дүниетанудағы өз мүмкіншілігін сезінумен қатар, айналасындағы адамдар олардың әрекетіне көңіл аударады, заттың ішкі мазмұнын білгісі келеді. Қазақ халқының өмір тәжірибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың қимыл - қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің халқына арналған «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» атты Жолдауының І бөлімінде «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек», - деп айтқан. Елбасымыздың мақсатын жүзеге асыру барысында сапалы білімге қол жеткізу жұмыстары мектепке дәйінгі кезеңнен бастау алуы керек.
Күтілетін нәтижелер: Мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет дидактикалық ойын болып есептелінуі, қазіргі баланың өзінің көп уақытын ойынмен алданып, үлкендердің еңбек әрекетіне аз емес немесе мүлдем араласпауына байланысты емес.
Дидактикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады: онда мектеп жетекші болатын оқу әрекетінің негіздері қаланады.
Оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойын элементтерін қолдану немесе оқу іс- әрекетін толықтай ойын түрінде өткізу тәрбиешіден аса білік пен шеберлікті, шығармашылық ізденісті қажет етеді. Сондықтан, оларды оқу мазмұнындағы ойындарға үлкен жауапкершілік және сақтықпен қаратуды талап етеді. Бұдан шығатын қорытынды - мақсаты дұрыс таңдалып, сауатты түрде ұйымдастырылған ойын ғана баланың логикалық қабілетінің, білімінің дамуына жағдай жасайды әрі тәрбиелік мәні жоғары болмақ.
II. Негізгі бөлім
2. 1. Мектеп жасына дейінгі ересек жастағы балалардың өміріндегі, тәрбиелеудегі, оқытудағы дидактикалық ойынның маңызы.
Мемлекетіміздің егемендік алуы әр қоғам мүшесінің ұлттық сана-сезімінің жоғарылауын талап етеді. Соның ішінде, күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі - болашақ ұрпақты ұлттық сана рухында тәрбиелеу. Сондықтан, ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері күн өткен сайын көкейкесті болуда. Ойын - жас ұрпақтың дүниетанымы, мәдениетінің бір бөлігі және рухани байлығымыздың бір саласы екені анық.
Ойын - үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында ойынды пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі. Ойын сонымен қатар, тарихи құбылыс болып та табылады.
Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам қиялының нәтижесі бола отырып, қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық адам мәдениетінің ең бір қызықты құбылысы болып есептелінеді. Бұл тақырыпқа байланысты зерттеулер халық ойындарын ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқанын халық естелігі айқын көрсетеді. Сол себепті ойындарға ғылыми талдау жасау ісі - қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар екендігін дәлелдейді.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Белгілі психолог Е. А. Аркиннің айтуынша, ойын және ойыншық балалар өмірін сипаттайтын бірден-бір жалпы ұғым: «Балақай өсімдік сияқты өз ішінен өсіп жетіледі. Және бұл үрдіс қатал түрде әр жеке баланың өзіне ғана тән. Бала тіршілігінің негізгі заңдарының бірі осындай». Кезінде К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинскийлер балабақша тәрбиеленушісі - балалар үшін оларды тәрбиелейтіндей орта туғызу, жағдай жасау керектігін атап көрсеткен болатын.
Заман өзгерген сайын адам баласының басынан өткендері баланың ойынында көрініс табатынына ешкім де шек келтірмес. Ең бастысы - ойын барысында баланы жан-жақты ойлануға, өзгелердің пікірімен санасуға, ортақ тіл табысып, тез арада шешім қабылдауға, ойынды шыншыл ойнауға, адал болуға, жалған сөйлемеуге, жанашарлыққа, кешірімді болуға баулу қажет. Тәрбиеші балалардың физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін есте ұстап, ұлттық қозғалыс ойындарын балабақша өмірінде жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастыра білгені жөн. Ойын жас ерешеліктеріне сай келмесе, кері әсерін тигізуі мүмкін. Сонымен қатар, ойындар баланың белсенділігін арттырып, тәртібіне де оң әсерін тигізеді, өзіне де баға бере алады.
Әрбір ойын - балалардың адамгершілік жолындағы бір көтерілер баспалдағы секілді. Өсіп-дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу, ол - әрбір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?» деген сөз ойға оралады. Баланың бірінші әрекеті - ойын. Сол себепті де бала бойындағы жағымды қасиеттерді дамыту барысында балабақшада ойынның атқарар рөлі өте жоғары.
Оқу мен тәрбиеге байланысты жұмыстарды үйлестіруде іздестіру барысында С. Т. Шацкий қазірге дейін маңызын жоймаған мынадай пікір айтқан еді: «Біздің қолымызда күш пен қаржы болғандықтан, біз тек арнаулы мектеп ғимараттарындағы емес, одан тыс жерлердегі педагогикалық үрдістерді зерттеуіміз керек». Балалардың ойын әрекетін ұйымдастыруды қалай жақсартуға болады? Бұл мәселе педагогикалық үрдісте қандай орын алады? деген сұрақтарына жауап іздеп көрелік.
Ойын әрекеті балалардың бағалы өмірінің алғашқы күнінен бастап- ақ маңызды орын алады. Алайда жақсы, дұрыс ұйымдастырылған ойын ғана тиісті, қалағаныңдай нәтиже бере алады. Ойын балабақша тәрбиешілерінің бірден-бір көмекшісі болуы керек. «Дидактика» термині гректің «дидактос», яғни «үйрететін» деген сөзден шыққан. Дидактикалық құралдар оқу міндеттеріне сай арнайы әзірленеді.
К. Д. Ушинский мектеп жасына дейінгі балалардың ерекшеліктерін ескере, былай деп жазады: «Бала - табиғатты, көрнекілікті аса қажетсінеді. Балаға өзіне белгісіз бес сөзді жалаң үйрете бастасаңыз, көп уақытты зая кетіріп, босқа қиналасыз. Ал енді жиырма сөзді суреттермен байланыстыра үйретсеңіз, бала оны лезде қағып алады. Сіз балаға қарапайым ғана ойыңызды қанша түсіндірсеңіз де, оңай ұға қоймайды. Дәл сол ойды күрделі суреттер көрсете баяндасаңыз, ол сізді тез түсінеді». Дидактикалық ойын - оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл-ойын дамытып, таным түсініктерін ажыратудағы әдістердің бірі. Ойын арқылы оқыту - мектеп жасына дейінгі кезеңнің негізгі ерекшелігі. Білімді меңгеру және оны бекіту үшін, дағды мен әдет қалыптастыруда балаға қайталау және жаттығу қажет. Егер баланың ойлауы образды, эмоциялық әсерде болса, ол соғұрлым жақсы нәтиже береді, сондай-ақ білім қызғылықты әрекетпен байланысты болса, баланың іс- әрекетімен іштей қабысып жатса, ондай білімді бала дұрыс меңгереді. Бала әрбір затты ұстап, дәмін татып, сан рет байқап көреді. Осы уақытқа дейін адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып-білудің, белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі - заттық іс- әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс- әрекетін бастан кешіреді.
Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс- әрекетке көшу, нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша, ойын адамның өмір танымында шешуші мәнге ие болады. Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде-ақ атақты ғұлама ойшылдар, философтар, педагог-психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру жолдарын ұсынған. Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақ арасынан тұңғыш еңбек жазғандардың бірі - педагог Н. С. Құлжанова болды: «Ойын - бала үшін еліктеу, инстинкт, күнделікті негізгі іс- әрекет және өмірі» - деп дәлелдеген. Н. C. Құлжанованың айтуы бойынша: «Ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану - баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай бейімдеу» - деп түсіндірген. Баланың тәрбиесіндегі мектепке дейінгі мекемелердің, әсіресе дидактикалық ойындар арқылы баланың математикалық қабілеттерін оятудың әсерін Ресей ғалымдары Т. В. Лодкина, А. И. Захаров,
В. С. Мухина, А. М. Леушина, Е. И. Щербакова, Е. О. Смирновалар атап көрсеткен. Ойын арқылы балада бір нәрсе жасауға тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. Дидактикалық ойын баланың қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп және оны бекітіп, нақтылай түседі. Бала бақылау, оқыған кітап, естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы кезде айқын болмайды. Тәрбиеші баланың түсінігін дидактикалық ойындар арқылы нақтылап, дамытып, саналы түрде түсінуін өрістетеді. Мысалы, бір заттың түсін атаңдар? Бояудың қандай түрін білесіңдер? Үй жануарларының үшеуін атаңдар. Бала дидактикалық ойын арқылы әр затқа байланысты жаңа білімді меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
Әрбір дидактикалық ойын баланы ойлай білуге баулып, сөздік қорын өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады. Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы болып табылады. Дидактикалық ойынмен ұйымдастырылған іс-әрекет балаларға көңілді әрі жеңіл келеді. Сондықтан, дидактикалық ойынды іріктеп алуға нақтылы ұйымдастырылған іс-әрекеттің мақсаты, мүмкіндіктері мен жағдайларын ескертуге ерекше назар аударған жөн. Ойын - айналадағы дүниені танудың тәсілі. Ол балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Педагогикада дидактикалық ойындарға былай анықтама беріледі: дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс-әрекет.
Дидактикалық ойын - ересек жастағы балаларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады. Оның арғы тегі ойынды өлеңмен, қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Мысалы: «Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті - қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойынның нәтижесі - қандай жолмен болса да ұту емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, аулада, залда, орманда өткізіледі. Дидактикалық ойынның орталығы - ойыншықтар мен ойын құралдары.
Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған қуыршақ, оның күнделікті тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, домино, тақырыптық ойындар («Қайда не өседі?», «Бұл қай кезде болады?», «Бұл кімге керек?» т. б. ), пазылдар, леголар, қимыл белсенділігін, ептілікті талап ететін ойындар («Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т. б. ) типтес ойындар жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үстел үстінде ойнатылатын ойындар қызықтырақ болады. Оларда табиғат құбылыстары, көліктің алуан түрлері (кім не мінеді? немен жүреді? немен жүзеді? немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл көрсетеді.
Ойын - бала өміріндегі тәрбиенің шешуші шарты. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы құбылыстар мен заттарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Қорыта айтқанда, ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды балалар тәрбиешілер бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.
Тәрбиеші - ұйымдастырушы, ақыл-кеңесші, ойын барысында болатын даулы мәселені шешетін әділ төреші. Ең бастысы - баланың досы. Дидактикалық ойындар балаларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөздік қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалануда балаларды әдептілікке, адамгершілікке, қамқорлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелейді. Балалардың пәнге деген белсенділігі артады және бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Казіргі заманда балабақшаларда дәстүрлі білім беру үрдісіне сан-қилы дамыту жұмыстарын белсенді еңгізу, баланың жан-жақты болу, зейінін, есінде сақтау қабілетін және т. б. психикалық қызметінің дамуына зор үлес қосу, педагогикалық ұжымның ең маңызды мақсаты.
2. 2. Дидактикалық ойындардың ерекшеліктері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz