Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы


«Гигиена және эпидемиология» кафедрасы
Реферат
Орындаған:Сапарова Әсем
Тобы:В-ТФПКА-03-20
Қабылдаған: Оразова Мереке Мамыровна
Шымкент 2020
Тақырып:
Қазақстан Республикасының қорықтық аумақтары. Табиғи ортаның сапасы және
халықтың денсаулығы
Жоспары:
- Кіріспе . Қорықтар
- Негізігі бөлім
Қазақстан Республикасының қорықтық аумақтарын қорғау. Қызыл кітап.
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер
... жалғасыҚорықтар - қоршаған ортаның табиғи эталондарға, реликтілерге, ғылыми зерттеулерге, ағарту, білім беру ісіне, туризм саласына және рекреацияға арналған нысандары ретінде экологиялық, ғылыми және мәдени тұрғысынан аса құнды болып табылатын, мемлекеттік қорғауға алынған аумақтардың жиынтығы болып саналады. Олардың басты мақсаты - табиғи ландшафтар эталонын сол аймақта тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен бірге сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтап қана қоймай, адамның шаруашылық әрекетінен табиғатта болатын өзгерістерді болжау болып келеді.
Жерімізде барлығы 10 қорық бар
Еліміз ТМД -ға кіретін мемлекеттер арасында қорықтар саны жөнінен 17-ші орынға ие. Ал жер көлеміне шаққанда қорықтар үлесі бойынша 13-ші орында. Қазақстандағы қорықтардың барлық ауданы - 1 610 973. Яғни жоғарыда айтылғандай бізде қорықтар саны жеткіліксіз. Табиғатты қорғау мекемелері осының барлығын ескере отырып, келешекте тағы 15 қорық ашуды жоспарлап отырғанын да атап өткіміз келеді. Қазіргі елімізде бар қорықтар туралы айтып кетейік.
1. Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы - Қазақстан АССР Халық Комиссарлары Кеңесінің қаулысымен 1926 жылы шілденің 14-іне құрылған. Қаулыда қорық «Табиғат ескерткіші ретінде Ақсу мен Жабағылы өзендерін, олардың барлық ағаш және тал-шілік егістерін, шөп жамылғылары мен осы қорықты мекендейтін жан-жануарлар әлемін қол тимеген табиғи қалпында сақтап қалу мақсатында» құрылғаны атап көрсетілген. Қорықтың көлемі жылдан - жылға өзгеріп, бүгінде оның алып көлемі - 131 934, 3 га. Ақсу - Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы екі мемлекетпен - Қырғызстан және Өзбекстанмен шектеседі, қорықтың жері Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төлеби, Бәйдібек аудандарын және Жамбыл облысының Жуалы ауданын қамтиды. Қорықта ең биік тау - Сайрам шыңы, оның биіктігі теңіз деңгейінен 4238 м. Қорықтың орталығында биік, мұзды Бұғылытөр шыңы ерекшеленеді. Бұғылы деп аталуы, бұл тауда бұғылар мекендеген. Қорықтың ең негізгі өзендері - Ақсу және Жабағылы. Ақсу - ең ұзын өзен, 120 км-ге созылып жатыр. Мамыр айында Ақсу көгілдір түсті болса, ал жаз айында, өзен тасыған кезде, оның түсі сүтке ұқсас болады. Бұл өзеннің аты да соған байланысты қойылған. Кіші Ақсу мен Үлкен Ақсу өзендері қосылған жерде тамаша айбынды терең тік аңғарлар - Ақсу құз-шатқалы құралған. Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы - өте сирек кездесетін, жер бетінен жоғалып бара жатқан жануарларға бай қазына. Соңғы мәліметтерге қарағанда қорық аумағында құстың 267, сүтқоректілердің 52, бауырымен жорғалаушылардың 11, қосмекенділердің 3 түрі мекендейді. Шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаның 2124 түрі бар. Ақсу-Жабағлы мемлекеттік табиғи қорығы өсімдіктер дүниесіне де бай. Оның аумағында мүктің 63, қынаның 63 -ден астам, балдырдың -64, саңырауқұлақтың жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1312 түрі бар, соның ішінде бұтаның 62 түрі, ағаштың 17 түрі кездеседі. Бұл бүкіл Қазақстанның өсімдік құрамының төрттен бірі.
2. Алматы қорығы - Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 ж. құрылған мемлекеттік қорық болып саналады . Аудаңы 73, 34 мың га (1997) . Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400 - 5017 м биіктікте орналаскан Талғар тау жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300 - 2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұ-рын, үшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь-Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақгы орманға (1400 - 2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600 - 3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден жөне шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорыққа өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар. Алматы қорығы жануарлар дүниесіне де бай. Онда сүтқоректілердің 40 (барыс, қоңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т. б. ), құстардың 200-дей түрі (самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара жөне сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша ементұмсығы, т. б. ) бар. Бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалкан тұмсықты жылан; қосмекенділерден: көлбақа мен жасыл кұрбақа кездеседі. Қорықта ғылыми жұмыстар жолға қойылған. Ғалымдар орманның қалыптасу зандылықтарын, өсімдіктер мен жануарлар экологиясын және олардың биологиялық ерекшеліктерін зерттейді. Қорықта көп жылдан бері "Табиғат шежіресі" атты күнделік жүргізіліп, онда жинақталған ғьлыми мәліметтер Алматы қорығы туралы 9 томдық кітапта баяндалған.
3 . Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы- Қазақстанның ертеден келе жатқан қорықтарының бірі, ол 1931 жылы құрылған. Қазіргі кездегі алаңы 1914, 0 мың гектарды құрайды. Әкімшілік жағынан Қорық Қостанай облысының Науырзым мен Әулиекөл аудандарында орналасқан. Қазіргі кезде Науырзым қорығының үстінгі қабаты жасы және құрамы әртүрлі геологиялық шөгінділер жабылған, содан жоғарғы әртүрлі жануарлар әлемі, ала-құла, топырақ өсу жабылғысы калыптасады.
Қорық аумағы үш телімнен тұрады - Наурызым, Тірсек және Сыпсын, олар толық экологиялық бағыттарын өңірдің экожүйесін ұсынады. Қорық флорасы 687 жоғарғы өсімдіктер түрінен тұрады. Бұл дала жері үшін орташадан 3 есе көп.
Торғай орталығының жырасында төбе болып үйілген құм алқабында қордың ең үлкен орман алқабы Науырзым бор 16 мың гектар алқапта орналасқан. Бордың сиретілген саябақ қарағайлары, толып жатқан қоқыстар азайтылып, қайын және көктерек ағаштарымен дала телімдерімен алмастырылады. Мамыр айының басында ідемі Шренк қызғалдағы шығады, ойпаң жерлерде нәзік-қызғылт түспен дала бадамгүл бұтақтары ашылады, спера, ирис және басқа да гүлдер гүлдене бастайды.
Қордың аумағында 342 омыртқалы жануарлар түрі белгіленген: 44 аңдар түрі, 282 құстардың түрі, рептилия мен амфибияның 3 түрінен және 10 балық түрі. Негізгі фаунаны сүтқоректі кеміргіштер: сұр тышқандар, тышқандар, аламандар (кәдімгі, эверсман, жоңғар), саршұнақтар (үлкен, кіші, сары) және дала суырлары құрайды. Көп омыртқалы жыртқыш аңдар: аққалақ, ақкіс, дала күзені, борсық, қарсақ, түлкі, қасқар. Ең ірі сүтқоректілердің түрлері: бұлан, елік, қабан, 1990-жылдың басына дейінгі жазда бөкен, киік табындары жайылып жүрген.
Наурызым қорығында үнемі зерттеулер жүргізіліп отырады. Көп жылдар бойы ММУ студенттері мен ғалымдары үшін қыр базасы болады, мұнда орнитология және экология саласында классикалық жұмыстар орындалды.4. Арал ауданында орналасқан - Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы.
«Барсакелмес» аралы - арал мәртебесінен айрылған мен өзінің әсемдігі мен құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ ССР Халық комиссарлар кеңесінің 1939 жылғы 10-желтоқсандағы №973 Қаулысымен осы құрылым негізінде мемлекеттік табиғи қорығы құрылды, яғни Барсакелмес аралы Ерекше қорғалатын табиғи аумақ дәрежесіне ие болды. Сол жылдары аралдың жалпы көлемі 16795 га жерді құрады.
1929 жылдан бастап есептейтін болсақ Барсакелмес қорығына 7 түрлі аң (ақбөкен, қарақұйрық, құлан, жабайы шошқа, құм балпағы, толай қояны) жерсіндіруге жіберіліп, жақсы нәтиже берді. Солардың арасында 1953 жылы Түркменстанның «Бадхыз» қорығынан Дүниежүзілік Қызыл кітапқа енгізілген 9 бас құлан жерсіндіруге әкелініп жіберілді. Құландар Барсакелмес қорығының табиғатына жақсы бейімделіп көбейе бастады. 1980 жылдарда құлан саны 300-ге жетті. Алайда, Арал теңізінің тартылуына байланысты негізгі суат көзі болған теңіз суының тұздылығы артты. Осыған сәйкес ғалымдар Барсакелмес құландарын еліміздің басқа өңірлеріне жерсіндіруге ұсыныс жасады. 1982 жылдан бастап құландарды басқа өңірлерге, атап айтқанда «Алтын емел» мемлекеттік ұлттық паркіне және Каспий маңына жерсіндіру жұмыстары басталды. Қазіргі таңда Барсакелмес қорығында жоғары сатыдағы 298 өсімдік түрі, олардың 3 түрі Қазақстан Республикасының қызыл кітабына енгізілген (Пратов көкпегі, Борщев сарғалдағы, қосжарнақты қызғалдақ) . 27 сүтқоректі олардың арасында құлан Дүниежүзілік қызыл кітапта, қарақұйрық және шағыл мысығы ҚҚК енгізілген. 12 бауырымен жорғалаушы, 2 қосмекенді және 2000-нан астам жәндіктің түрі кездеседі. Қорық қызметкерлерінің нәтижелі жұмыстарының арқасында құлан саны 2005 жылғы мәлімет бойынша 179 бас болса, 2016 жылғы санақ нәтижесімен 518 бастан асты.
5. ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ - Қорғалжын ауданында орналасқан мемлекеттік қорық. Астана қаласынан оңт. -батысқа қарай 120 км жерде, Теңіз - Қорғалжын ойысында, Егіндікөл және Қарағанды облысының Нұра аудандарында орналасқан. 1957 ж. жеде, Теңіз көлі аңшылық қорықшасы деп жарияланды, бір жылдан кейін қорық ұйымдастырылды. 1962 ж. орман-аңшылардың меншігінде болды, тек 1968 ж. ҚазКСР Мин. Кеңесінің қаулысымен қайта құрылды. 1974 ж. қорық Рамсор Халықар. конвенциясы тізімінің А дәрежесіне енгізілді. Жер аум. 177, 2 мың га, оның ішінде су айм. 147, 6 мың га, қазір 258, 9 мың га жерді алып жатыр. Жер бедері Теңіз к-не қарай аласара беретін - жазықтық. Теңіз деңгейінен абс. биікт. 304 - 426 м. 20 ғ-дың басында бұл жерлерде 130 шақты көлдер болды. Бірақ қарқынды жүрген шаруашылық іс-әрекеттердің салдарынан, қазір 60-тай көл қалды. Оның ішінде Сұлтанкелді, Есей, Қоқай, Асаубұлақ тұщы көлдер, ал Теңіз, т. б ащы көлдер қатарына жатады. . Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 418 түрі, атап айтқанда, жусан, көкпек, боз селеу, тобылғы, бидайық, бозшөп, т. б. өседі. Әсіресе, суда өсетін өсімдіктердің 22 түрі мұндағы көлдерге ерекше әсемдік береді. Қорық аумағында қорғауды қажет ететін, сирек кездесетін және эндемик өсімдіктердің 45 түрі белгілі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай. Мұнда сүтқоректілердің 41 (оның 8-і қорғауға алынған) түрі, құстардың 321 (оның 39-ы қорғауға алынған), бауырымен жорғалаушылардың 5, қосмекенділердің 2, балықтардың 14 түрі тіршілік етеді. Қорғалжын көліне 32 мыңдай қасқалдақ, 10 - 12 мыңдай үйрек, аққу, қаз, т. б. құс түрлері ұя салады. Қорықтан ақ құтан, қызылжемсаулы қарашақаз, тұрпан, қара дегелек, бірқазан сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Қорықта дүние жүзінде өте сирек кездесетін - қызғылт қоқиқаз бар. Ол Қазақстан жерінде тек Теңіз көлінде ұя салып, жұмыртқа басады. 1960 жылдары қорықта қоқиқаздың саны 45 - 60 мыңдай болса, 2000 жылдары 10 - 15 мыңдай ғана қалды. Халықар. маңызы бар, қорғауға алынған батпақты
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz