Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қостанай облысы
Рудный қаласы әкімдігінің
№ 3 орта мектебі КММ

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

Абай өлеңдеріндегі
антонимдік жұптар

Секция: қазақ тілі мен әдебиеті.

Орындаған: Синельникова Ангелина,
Кротова Екатерина
6 И сынып оқушылары
Жетекшілер: қазақ тілі және әдебиеті
мұғалімдері:
Сидахметова Асия Рымбековна
Каласова Алтын Жакибаевна
Баетова Бибігүл Фазылжановна

2020 жыл.

М І Н Е З Д Е М Е

Синельникова Ангелина, Кротова Екатерина 6 И сынып оқушылары. Синельникова Ангелина, Кротова Екатерина 3 орта мектебінде 5 сыныптан бастап оқиды. Олар озат оқитын қыздар . Ангелина мен Екатерина өте ұқыпты, өз ойын жетік жеткізе алатын қыздар.
Мектеп, сынып, қалалық іс-шараларына белсене қатысады.
Оқу пәндерінің арасында гуманитарлық цикл пәндерімен айналысады. Осы пәндердің ішінде қазақ тілі пәніне көп көңіл бөледі. Жұмысты өз бетінше ізденіп, орындады.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Бөлім 1.
І. Абай - қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..7
1.1. Қазақ тіл біліміндегі антонимдер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
1.2. Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және
қолданылу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәні ... ... ... 10
ІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 18

Аңдатпа.
Зерттеу мақсаты:
Ғылыми жұмыстың мақсаты - атақты әлем ақыны атанған Абай Құнанбайұлының өлеңдерінде антонимдік жұптардың шебер қолданылғанын зерттеп қазіргі жас буындарға үлгі тұту .
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақ халқының ұлттық рухани байлығына айналған мәдени мұрамыз, мақтанышымыз өз еңбектерімен философиялық ой толғауларымен әлемді таң қалдырған жаһандануға жақындаумен ұлтымыздың өзін өзі сақтауы болып табылады. Әлем дамып отырған заманда ұлттық ұранымызбен рухымызға айналған Абай атамыздың аты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастарды қызықтырып,бүгін де маңызын әлсіретпеген мәңгілік тақырып болып саналып отыр. Абай Құнанбайұлы туралы зерттеу, оны көпшілікке таныту өте күрделі, себебі ұлы ақын жайлы көптеген зерттеулер мәліметтер бар. Біз Абай атамыздың өлеңдеріндегі антонимдік жұптарға аса көңіл аударып,қыр сырын ашып,шеберлігімен өзгешілігін көрсеттік. Абай өлеңдеріндегі антонимдердің қолданылуы шығармаға ерекше мән беруі жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Зерттеу процедурасының негіздері:
1. Дайындық: тақырып таңдау, мақсаты мен мазмұнын қою.
2. Ізденіс:
тақырып бойынша баспасөз басылымдарды, әдебиеттерді, деректі мағлұматтарды зерттеу және талдау.
Тәжірибе әдісі:
Баспасөз басылымдарды, әдебиеттерді, деректі мағлұматтарды зерттеу және талдау, жинақтау, саралау,
Жұмыс нәтижесі:
Қойылған мақсаттан шыға отырып, мынадай міндеттер қойылды және шешілді:
oo Қазақ тіл біліміндегі антонимдерді қарастыру
oo Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және қолданылу ерекшелігін көрсету
oo Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәнін зерттеу

Кіріспе

Сан ғасырлық поэзияға бай қазақ әдебиетінде ақынның алар орны ерекше.
Абай - қазақтың жаңа реалистік жазба әдебиетінің негізін салған ақын. Ол - керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері.
Ақын поэзиясы өзі өмір сүрген тарихи кезеңді тұтастай жан - жақты бейнелеген. Ол сол кездегі қоғам өміріндегі моральдық проблемалардың, адамның жақсы және жаман қасиеттерін, мінез - құлықтарын сынай келе, сол заманның тіпті бүгінгі заманның да өмір шындығын танып - білуге үлкен себебін тигізеді.
Ұлы ақын өлеңдері терең мәнді және мазмұнды. Бұған себеп ақынның аса шеберлігі.
Жұмыстың өзектілігі:

Қазақ халқының ұлттық рухани байлығына айналған мәдени мұрамыз, мақтанышымыз өз еңбектерімен философиялық ой толғауларымен әлемді таң қалдырған жаһандануға жақындаумен ұлтымыздың өзін өзі сақтауы болып табылады. Әлем дамып отырған заманда ұлттық ұранымызбен рухымызға айналған Абай атамыздың аты ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жастарды қызықтырып,бүгін де маңызын әлсіретпеген мәңгілік тақырып болып саналып отыр. Абай Құнанбайұлы туралы зерттеу оны көпшілікке таныту өте күрделі, себебі ұлы ақын жайлы көптеген зерттеулер мәліметтер бар. Біз Абай атамыздың өлеңдеріндегі антонимдік жұптарға аса көңіл аударып,қыр сырын ашып,шеберлігімен өзгешілігін көрсеттік. Абай өлеңдеріндегі антонимдердің қолданылуы шығармаға ерекше мән беруі жұмыстың өзектілігін айқындайды.
Біз Рудный қаласы әкімдігінің № 3 орта мектебінің 6 сынып оқушысымыз. Біздің Абай атамыздың өмірбаянына, шығармашылығына деген қызығушылығымыз оянып, осы жазушымен терең танысқымыз келді. Осыны біз жадымызда сақтап, алдымызға мынадай мақсат қойып, жұмысымызды жаздық.

Жұмыстың мақсаты:
Ғылыми жұмыстың мақсаты - атақты әлем ақыны атанған Абай Құнанбайұлының өлеңдерінде антонимдік жұптардың шебер қолданылғанын зерттеп қазіргі жас буындарға үлгі тұту .

Жұмыстың міндеттері. Қойылған мақсаттан шыға отырып, келесідей міндеттер қойылды және шешілді:
oo Қазақ тіл біліміндегі антонимдерді қарастыру
oo Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және қолданылу ерекшелігін көрсету
oo Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәнін зерттеу

1. Абай - қазақ әдебиетіндегі ірі тұлға.

Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы туындылары дүние жүзі поэзиясының озат үлгілерімен деңгейлес тұрғаны
білген адамға айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын
жоқтаған жүздеген өрен жүйрік жырау, жыршы, ақындары бар қазақ әдебиетінде Абайдың маңдай алды ақын болып үздік шығуы, алдына жан салмауы, әрине, оп-оңай өзінен-өзі бола қалған нәрсе емес. Ұлы ақынды заман туғызады. Абай халықтың мүддесін, тілек-талаптарын терең түсініп, ез шығармаларына өмір шындығын арқау етті. Қоғам өміріндегі аса маңызды мәселелерді терең толғап, заман ағымын, ел жайын шебер бейнелеп айтқан қазақ ақындары аз болған жоқ. Солардың бәрінен Абайдың асып-түсіп тұрғаны оның шығармаларынан көрінетін өмір шындығы аса терең болғандықтан.
Абай - қазақтың жаңа реалистік жазбаша поэзиясының, әдебиетінің негізін салды. Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол - керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Сонымен бірге біз Абайды ойшыл ақын дейміз. Мұны алдымен өмір құбылыстарын терең толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне қатысты айтсақ, сонымен қатар өмір, адам тағдыры, дүние, заман ағымы жайлы пікірлері, дүниетанымы көбірек көрінетін өлеңдеріне қатысты, яғни ойшыл-философ ақын деген мағынада айтамыз. Қай ақын болсын халық даналығынан сусындайды, сөз байлығы, өнерпаздық үлгісінен үйреніп нәрлене Абайдың дәстүрлерін сөз етпей тұрып, оның езінен бұрынғы поэзиялық өнеге-үлгілерге табан тірегенін атап айту керек. Абайдың жаңашылдығын айту үшін, оны бұрынғы ақындардан алшақтатып әкету, тіпті, оларға қарама-қарсы қою дұрыс емес. Мұның өзі біздің әдебиеттануымыздағы орын алып келген бұрынғыны жете бағаламаудың, ол аз болса мүлде жоққа шығарудың бір көрінісі еді.

1.1. Қазақ тіл білімінде антонимдердің қызметі.
Қазақ тіл білімінде антонимдердің қызметі өте күшті.
Қарама - қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір - бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Қазақ тілінде антонимдердің қалыптасу, даму тарихына байланысты сөз болған еңбектердің ішінде ерекше атап өтетін еңбек - Ж. Мусиннің Қазақ тілінің антонимдер сөздігі атты еңбегі. Қазақ тіліндегі антонимдерді топтастыру қарама - қарсылығын білдіретін жұптар деп топтап, нақтылы тілдік деректер бойынша талдап, тың пікірлер айтады.
Тілдегі мағыналары бір - біріне қарама - қарсы болып келетін сөздер антонимдер деп аталады.
Мысалы: жақсы - жаман, ескі - жаңа, бар - жоқ.
Сөздердің барлығына бірдей антоним сөз табыла бермейді. Антоним болатын сөздер көбіне сапалық белгіні білдіретін сын есімдер мен қимыл әрекеттерді анықтайтын етістіктерден болады.
Антонимдес сөздер бір сөз табына қатысты. Мысалы: өтірік - шын (зат есім), жоғары - төмен (үстеу), ақ - қара (сын есім).
Антоним жұрнақ арқылы немесе сөз тіркесі арқылы жасалған болымды - болымсыздық мағынаны теңестіруге болмайды. Ол емес сөзінің тіркесуі арқылы жасалуы мүмкін. Оларды былайша салыстырып көрсетуге болады.
Антонимдер: жақсы - жаман немесе жақсы - жақсы емес, ал - бер немесе ал - алма, сулы - құрғақ немесе сулы - сусыз, көңілді - қапалы немесе көңілді - көңілсіз.
Антонимдер - ойды әсерлі, бейнелі, яғни образды түрде жеткізудің оңтайлы құралы. Мәселен, ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан мақал - мәтелдердің, жұмбақтардың құрамында антоним сөздер жарыса қолданылады. Бұл ойды тыңдаушыға әсерлі етіп жеткізуде антонимді қолдану ұтымды тәсіл екендігін танытады. Мысалы: қорқақты көп қусаң, батыр болады (қорқақ - батыр).
1.2. Абай өлеңдеріндегі антонимдік жұптарды топтастыру және қолданылу ерекшелігі.
Тілде бір - бірімен жұптасып, үнемі қандай мәнде қолданылса да, антонимдес жұп құрайтын сөздер болады. Мысалы: дұрыс - бұрыс, үлкен - кіші, пайда - зиян, т. б.
Түбір күйінде кездесетіндер: ауыр - жеңіл, кең - тар, ыстық - суық, үлкен - кіші.
Шеберлігімен тақырыптың көркін аша білген ақын өлеңдерінен антонимдер жиі кездеседі. Антоним сөздер өлеңге терең мағына, өзінше бір сыр - сипат береді.
Дана ақынның Ғылым таппай мақтанба өлеңіне назар аударсақ:

Жамандық көрсең нәфрәтілі
Егер түзу көрінсе,
Ойлап - ойлап, құлаққа іл.
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Жақсылық көрсең ғибрәтілі
Деме көптің сөзі бұл.
Оны ойға жисаңыз.
Сізге ғылым кім берер,
Егер қисық көрінсе,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Мейлің таста, мейлің күл

Мұнда жамандық, жақсылық антонимдері туынды сын есімдер - дық, - лық жұрнақтары арқылы жасалған, ал қисық - түзу, ақымақ - ақылды, көп - аз негізгі, дара сын есімдер, жан - сөн етістіктері арқылы ақын неден жиіркеніп, неден үлгі алу керектігіне бағыт - бағдар берген, білімге шақырып, надандықтың артта қалу кесапатын айыптаған.
"Интернатта оқып жүр" деген өлеңінде:

... Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы...
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе
Кімге тиер панасы
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.
Ақылы кімнің бар болса,
Демес мұны тілі ащы.

Өлеңдегі ақ пен қара антонимі тұлғасына қарай негізгі, құрамына қарай дара, мағынасына қарай сапалық сын есім. Аз - көп?.. Жоқ - бар Зат есім мен жоқ сөзінің тіркесуі және сұрау есімдігі мен бар сөзінің тіркесу арқылы жасалған. Ақын патшалық ел билеу жүйесіне, оқыту тәртібіне сын айтады. Озық мәдениет пен ғылымды, білімді игерген жаңа адамның бейнесін ақын кейін өз ұлы Әбдірахманға арналған өлеңдерінде көрсетті.

1.3. Ұлы сыршыл лирик ақын өлеңдеріндегі антонимдер мәні.
Ақын табиғат лирикасын жырлауда шеберлігін танытып, аса үлкен лирикалық сезімді тербейді. Өлең мазмұны көңілге терең ой, нәзік сезім ұялатқандай анық та сұлу елес береді.

Таймаңдай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып..
Ұлы ақын шағын ғана бес шумақтан тұратын Желсіз түнде жарық ай өлеңіне түнгі тіршілік көрінісін және көрініспен қатарласа баяндалған екі жастың терең махаббат сезімін сыйдырған. Суыну - ысыну антонимдері жас жүректің толқыған шағын суреттеуде табылмайтын сөздер тәрізді. Суынып - ысынып туынды етістіктер. - н - ырықсыз етіс жұрнағы, - ып - көсемше жұрнағы. Антонимдер өлеңде салыстыру мағынасында қолданылған.
Жаз өлеңінде:... Жоғары - төмен үйрек - қаз,
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз - келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап...
Жоғары - төмен сөздерін қатыстыра отырып жаз келбетін келтірген. Жоғары - төмен дара күйдегі негізгі мекен үстеуі. Бұл өлеңде антонимдер ыңғайласа қолданылған.
Ал ақын Жазғытұры өлеңінде:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп көрісіп, құшақтасып,
Шаруа қуған жастардың мойыны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктері
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық антонимдер
Сапалық сын есімдер
Қазақ тілінің лексикологиясы
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы
Жазушы Ақан Нұрманов Құланның ажалы романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшелігі
Сөздің анықтамасы. Сөз мағынасының өзгеру себептері. Көп мағыналылық туралы ақпарат
М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора
М.Мақатаев поэзиясындағы анафора мен эпифора
Пәндер