КОПИЯ батырмасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ЭКГ-ні тіркеу және талдау қағидалары

Орындаған: Тлевджанова Айгерим
Курс: 1
Факультет: ЖМ
Группа: 106 А
Ұстазы: Актан.Б.Р.

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ
Ⅰ. КІРІСПЕ
Ⅱ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Электрокардиография
2. ЭКГ-ны талдау
3. Электрокардиографтың құрылысы
Ⅲ. ҚОРЫТЫНДЫ
Ⅳ. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Жүрек - қанайналым жүйесінің орталық мүшесі. Оның жиырылуы мен босаңсуының нәтижесінде қан қантамырлардың бойымен үздіксіз ағады. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250 - 300 г. Жүрек - кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан іші қуыс бұлшықетті мүше.Жүрек көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады, адам еркінен тыс жиырылады. Жүректің жалпақ бөлігі - негізі, сүйірлеу бөлігі - ұшы деп аталады. Жүректің сыртын дәнекер ұлпадан тұратын жұқа үлпершек (жүрек қабы) - перикард қаптап тұрады. Жүрек пен үлпершектің арасындағы кеңістікте аздаған сұйықтық болады. Ол жүректің еркін жиырылуына жағдай жасап, үйкелісті азайтады. Жүрек 4 қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады. Жүрекшелердің сыртында қосымша құлақшалар (ушко) болады. Жүректің сыртындағы көлденең сайша жүрекшелер мен қарыншаларды бөліп тұратын шекара болып саналады.

Электрокардиография
Электрокардиография жүректе қозудың таралу динамикасын бағалауға және ЭКГ-ң өзгеруі кезінде жүрек қызметінің бұзылуын жорамалдауға мүмкіндік беретін медицинада кең таралған диагностикалық әдіс болып табылады. Қазіргі кезде арнайы құралдар электронды күшейткіштері және осцилографтары бар электрокардиографтар қолданылады. Қисық сызықтар қозғалмалы қағаз жолағына жазылады. Бұлшықеттің белсенді қызметі кезіндегі және алыстағы зерттелетін объектіден ЭКГ жазатын құралдар жасалған. Бұл құралдар- телеэлектрокардиографтар деп аталады және олар радиобайланыстың көмегімен ЭКГ-ны арақашықтыққа тарату принципіне негізделген. Осындай тәсілмен жарыс кезінде спортшылардың, ғарыштағы космонавтардың және т.б. ЭКГ-сы тіркеледі. Жүрек қызметі кезінде пайда болатын электрлік потенциалдардың телефон сымдары арқылы беріліп, ЭКГ-ны пациенттен үлкен қашықтағы арнайы орталыққа тіркейтін құралдар жасалған.
Кеудеде жүректің белгілі бір орында орналасуы және адам денесінің өзіндік бір пішінінің болуы салдарынан жүректің қозған (-) және қозбаған (+) бөліктері арасында пайда болатын электрлік күштік сызықтары дене

бірқалыпты таралмайды. Сол себепті электродтардың орналасу жеріне байланысты ЭКГ түрі және оның тістерінің вольдтары әртүрлі болады.

ЭКГ-ны тіркеу үшін аяқ-қол мен кеуде бетіндегі потенциалдардың тіркелімі (тармағы) жүргізіледі.
Әдетте үш түрлістандартты тіркелім әдісі қолданылады:
Ⅰ-тіркелім: оң қол -- сол аяқ;
Ⅱ-тіркелім: оң қол -- сол аяқ;
Ⅲ-тіркелім: сол қол-сол аяқ.

ЭКГ-ны талдау
ЭКГ-ны талдау кезінде тістердің амплитудасы мВпен анықталады, олардың өту уақытын, сегменттердің ұзақтығын секундпен өлшейді. Сегмент дегеніміз көрші тістер мен белгілі бір тіс пен оған іргелес сегменті бар интервалдар арасындағы изопотенциалды сызықтың бөлігі.
ЭКГ-ң қалыптасуы (оның тістері мен интервалдарының) жүректе қозудың таралуын және осы үрдісті білдіреді. Қозатын жүйенің қандай да бір бөлігі қозып, екіншісі қозбаса, тістер пайда болып, дамиды. Изопотенциалды сызық қозатын жүйеде потенциалдар айырмасы болмаса, яғни барлық жүйе қозбаса немесе керісінше қозса, пайда болады. Тіркелген ЭКГ жүрекше мен қарынша жиырылғыш миокардының тізбектелген қозумен қамтылуын білдіреді.
Р тісі жүрекшелердің қозуға ұшырағанын білдіреді және жүрекше тісі деген атқа ие болады.Әрі қарай қозу жүрекше-қарынша түйіншегі арқылы таралып, қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы таралады. Осы кезде электрокардиограф изопотенциалды сызықты тіркейді (екі жүрекше толығымен қолған, екі қарынша әлі қозбаған, ал қарыншалардың өткізгіштік жүйесі арқылы қозудың таралуы электрокардиографпен сезілмейді (ол ЭКГ-ғы PQ сегменті)).


Жүрекшелерде қозу көбінесе жиырылғыш миокард бойымен көшкін түрінде синусты-жүрекше бөлігінен жүрекше-қарынша бөлігіне қарай тарайды.Жүрекше ішіндегі арнайы шоғырлар арқылы қозудың таралу жылдамдығына шамамен тең болғанда қалыпты болады, сондықтан жүрекшелердің қозумен қамтылуы көпфазалы Р тісімен кесінделеді.

Қарыншалардың қозумен қамтылуы қозудың өткізгіштік жүйенің элементтерінен жиырылғыш миокардқа берілуі арқылы жүзеге асырылады, бұл қарыншалардың қозумен қамтылуын айқындайтын QRS жиынтығының сипатының күрделігін білдіреді. Осы кезде Q тісі жүректің төбесінің қозғанып, оң емізікше бұлшықетінің, қарыншалардың ішкі бетінің қозғанын білдіреді.

R тісі жүрек түбінің және қарыншалардың сыртқы бетінің қозғанынбілдіреді. Қарыншалар миокардының қозумен толық қамтылу үрдісі S тісінің қалыптасуы аяқталғанда аяқталады.Енді екі қарынша да қозып, ST сегменті қарыншалардың өткізгіштік жүйесінде потенциалдар айырмасының жоқтығы салдарынан изопотенциалды сызықта болады.
T тісі реполяризация үрдісін көрсетеді,яғни миокард жасушаларының қалыпты мембраналық потенциалының өайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек
Бухгалтерия 1С. Программаның жалпы принциптері
MoneyOnCards программасы
Құжатты ашу
Corel draw графикалық редакторы
Перифериялық құрылғылар
Word редакторында құжатты басып шығару
Резервтік копия жасаудың стратегиясы
Резервтік копия жасаудың стратегиясы туралы
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары
Пәндер