Тіл білімі сөздігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Мәтін талдау мәселесі туралы қазақ және орыс зерттеушілерінің еңбектері.

Орындаған: Н. А. Әбдікәрім

Тексерген: К. С. Әбдіхалық

Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:
а) мәтін талдау мәселесінің зерттелуі
ә) мәтін талдау туралы орыс ғалымдарының зерттеу еңбектері.

ІІІ. Қорытынды.

Жазба әдеби еңбектердің дүниеге келуімен бірге, олардың мәтінін қағаз бетіне дұрыс көшіріп жазу, қатесіз түсіндіру, көшірмелерін жасау, көбейту, қарапайым салыстыру негізінде текстология ғылымы пайда болғаны белгілі . Текстология - авторлардың қолжазбаларын, көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін басып шығарылған әдеби шығармалары, күнделіктері, қойын дәптерлері, хаттары, ауыздан-ауызға таралып, кейіннен хатқа түскен қолжазбаларын зерттейді.

Мәтінтанудың басты міндеті мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз баспаға әзірленетін мәтінді қалыптастыру болып табылады . Текстологиялық жұмыстарды көне дәуір текстологиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті текстологиясы және жаңа заман әдебиеті текстологиясы деп қарастыруға болады. Зерттеу нысаны көркем шығарма болғандықтан, көп жылдарға дейін текстология ғылымын әдебиеттану саласы зерттеп келді.

Қазақ филологиясында алғашқы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларынан бастап жасалды деуге болады. 1965 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Р. Сыздықованың мақаласында: «Ұлы ақын Абай шығармаларының ең соңғы 1957 жылғы басылуы шын мәнінде едәуір толық ғылыми текстологиялық жұмыстың жүргізілгенін және ол жұмыстың дұрыс бағыт алғанын көрсететін үлгі деп айта аламыз», - деді.

Бұл ғылыми жұмысты Қ. Мұхамеджанов жасаған болатын.

З. Ахметов, Ы. Дүйсенбаев, Б. Кенжебаев, Ғ. Мұсабаев, Т. Абдрахманов, Қ. Өмірәлиев, Ш. Сарыбаев, Ә. Құрышжанов, Р. Сыздықова, Б. Сағындықұлы, Е. Жұбанов, М. Малбақов т. б. ғалымдар классик ақын-жазушылардың, ежелгі дәуірлерден келіп жеткен жазба мұралардың мәтінін ғылыми басылымға әзірлеуде аса құнды еңбектерімен танылды. Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың «Қозы Көрпеш - Баян сұлу эпосының текстологиясы» - Алматы, 1994; Ғ. Айдаровтың «Орхон ескерткішінің тексті». - Алматы, 1990; Б. Әбілқасымовтың «ХІІІ-ХІХ ғасырдағы қазақ әдеби тілінің жазба мұралары». - Алматы, 1988 және т. б. еңбектерді орта ғасыр және ежелгі дәуір әдебиеттерін зерттеуде жасалған текстологиялық жұмыстардың жемісі деп есептеуге болады. Ш. Сарыбаев пен Ә. Құрышжановтың «Халық жырларының текстологиясы» (ҚазССР Ғылым Академиясының Хабаршысы, 1959, №9), Ә. Ибатовтың «Абай тілінің сөздігін жасаудағы кейбір текстологиялық ескертпелер (Қазақстан мектебі, 1965, №8), Қ. Мұхамеджановтың «Бұхар жырау» (ҚӘ, 1982, 30 июнь), Н. Келімбетовтың «Жыраулар поэзиясын сөз етсек» (ҚӘ, 1982, 12 март), Қ. Өмірәлиевтің «Иә, терең зерттеу қажет» (ҚӘ, 1971, 24 декабрь) деген мақалалары текстологиялық мақсатқа тікелей бағытталмағанымен, шығарма дәлдігін айқындауға қатысы бар аса маңызды мәселелерді қозғайды (Убайдуллаева, 2001) .

Соңғы жылдары ғылыми текстологиямен айналысушылар қатары біршама өсіп, таза тілдік тұрғыда текстологиялық талдау жұмыстары жасала бастады. Мәселен, Б. Сағындықұлы Ахмет Йүгінекидің «Һибат-ул хақайық» («Ақиқат сыйы») атты ХІІ ғасыр ескерткішін алғаш болып барлық көшірмелерінің түпнұсқаларын бір-бірімен салыстырып, қазақ тіліне лингвистикалық аудармасын және транскрипциясын жасады. «Ахмет Йүгнекидің «һибат-ул хақайиқ» атты дастаны ХІІ ғасырда көне түркі жазба әдеби тілінің арғу, чығыл, яғма диалектілік негізінде жазылған. Бірақ көшірмешілер өз тарапынан әр түрлі себептермен оғыз бен қыпшақтың жаңа элементтерін енгізіп жіберген. Бұл текстологиялық зерттеулер негізінде анықталады», - деп түркі жазба ескерткіштерін жеріне жеткізіп зерттеп, текстологиялық жұмыстарды тілдік тұрғыда зерттеу түрколог ғалымдардың ұшан-теңіз еңбек етулерін талап етеді (Сағындықұлы, 2002) .

Қазақ тіліндегі анықтамаларға шолу жасар болсақ, текстологияның мән-мағынасы жан-жақты ашылмай, тым қысқа түсіндірілгені аңғарылады. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» «Текстология әр алуан әдеби мұралар мен тарихы документтердің текстін анықтайтын филология ғылымының бір саласы» (Kazakh tilinin tusindirme sozdigi, 1986) - деген түсініктемеден текстология ғылымы жайында толық мағлұмат алу қиынға соғады. Бірақ, Қазақ Совет энциклопедиясында «текстология - филология ғылымының әдеби мұралар мен тарихи документтердің текстерін анықтайтын саласы. Объектілердің көне-жаңалығына қарай текстология өте ертедегі нұсқалардың, орта ғасыр ескерткіштерінің және сақталған жағдайларына орай әрбір халықтың ұлттық мәдениеті мен әдебиетінің ерекшеліктеріне сай текстологияның әдіс-тәсілдері сан қилы болады», - деген анықтама беріп, бұл ғылым саласының принциптері мен міндеттері, қолдану аясы, зерттелуі кеңірек сөз болған (Kazakhsha kenester entsiklopediyasy, 1977) . Бұларға қарағанда «Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде» «текстология (лат. textus және грек logos - сөз, ғылым) - филологияның шығарма текстінің анық қанықтығын сақталған қолжазбасымен түпкінұсқасымен салыстырып тексеретін жариялайтын саласы» - деп оқырман қауымға түсініктірек анықтама береді де, дербес ғылым ретінде қалыптасуын өзге ғылым салаларымен байланысын сөз етеді (Kazakh adebiettanu terminder sozdigi, 1998) .

1998 жылы Сорос қорының көмегімен жарыққа шыққан «Тіл білімі сөздігінде»: «Әдеби және басқа да шығармалар мәтіндерін зерттеумен айналысатын филологияның бір саласы» деген анықтама беріліп, бұл терминді қазақша «мәтінтану» деп қолданылу ұсынылған (Til bilimi sozdigi, 1998) .

2006 жылы шыққан «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» текстология жақшаның ішінде «мәтінтану» деп беріліп, әдебиеттанудың шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен салыстыра тексеретін саласы деп санайды (Қазақстан Республикасының ұлттық энциклопедиясы, 2006) . 2009 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан шыққан

«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» текстология деген термин сөз мүлдем кездеспейді. Бұл терминге байланысты ұғым «мәтінтанудан» ғана табылады. «Қазақ әдеби тілі» (2006) сөздігінде «Мәтінтану филология ғылымының әдеби мұралар мен тарихи құжаттардың мәтіндерін анықтайтын, оларға түсініктеме беріп зерттейтін саласы. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды» - деген анықтама береді.

Осы анықтамалардан кейін қазақ тіл білімінде текстологияның зертелуі кенже қалып келе жатқандығын аңғаруға болады.

Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде текстологияға байланысты Ө. Күмісбаев: «Қазақ әдебиеттану ғылымында текстоло гия әлі бұғанасы қатпаған жас ғылым . Қазіргі әдебиетімізде бұл ғылымның әліппесі өте қажет. Текстология табиғатын, мән-жайын, кешегісі мен бүгінгісін түсіндіретін аударма оқулық кітап жоқ . . . » - деп атап көрсеткен болатын. Бұл пікірдіҒ. Убайдуллаеваныңда зерттеу жұмысынан да көре аламыз: «Белгілі бір шығарманың мәтінін зерттеу үшін әлі күнге дейін орыс ша әдебиеттерге сүйенуімізге тура келеді. Ал қазақ әдебиет шығармалары мен тарихи жазба мұраларымыздың өзіне тән ерекшеліктері текстологияның орысша әдебиеттерде берілген теориялары тұрғысынан қарауға сай келмей өзіндік қиындықтар тудыратыны белгілі . Сондықтан, қазақ текстологиясы, бүгінде, арнайы теориялық оқулыққа мұқтаж», - деп өз пікірін білдіреді. Өкінішке орай текстология саласында жазылған ғылыми еңбектің жоқтығы бұл саланың өзектілігін тағыда бір дәлелдейді.

Мәтін басылымдарының қай түрі болмасын бір-бірінен көп айырмашылықтары болмауға тиіс. Тек қалың оқырманға арналған мәтіндегі кейбір түсініксіз сөздер ғана сол бетте сілтемемен берілуі тиіс немесе көркем шығарма мәтіні оқырманның деңгейіне, жас мөлшеріне байланысты қысқартылып, не мәтін жеңілдетіліп беріліп, міндетті түрде ескерту жасалуы тиіс. Мәселен, «көркем шығарма мәтіні қысқартылып берілген», «көркем шығармадан үзінді» немесе «көркем шығарма мәтіні жеңілдетіліп берілген ». Дегенмен, текстологияның осындай айырмашылықтарының болуын қостамайтын кереғар пікірлер де бар. Орыстың көрнекті текстолог маманы Б. М. Эйхенбаум мәтіндегі көне тіл элементтерін жаңаша беру тарихқа қиянат жасау деп есептеді.

Осындай мәселелерден кейін текстология саласы тек әдебиеттану саласына ғана емес, лингвистика саласының да зерттеу нысанына айналып, тілдік тұрғыда да зерттеу жұмыстарын жасау қажеттілігі бар екені айқындалды.

Ғылым саласы ретінде текстология тарихы тым әріден басталады. Еуропалық текстология бірнеше кезеңдерді қамтиды және қоғамдық өмірдің ғылым мен мәдениет дамуымен тығыз байланысты болды. . Мәтіндерді түзетуде, түсіндіруде және түсініктеме беруде текстология әдіс-тәсілдері белсенді қолданылған.

Орыс ғалымдарының еңбектерінде текстологияның негізгі міндеттері түпнұсқаны анықтауға қол жеткізу, өзгерістер мен түзетулердің себептерін түсіндіру, қажет жағдайда автор психологиясын зерттеу, мәтін жазылған кезеңді зерттеу, мәтін нұсқаларын анықтап алу, т. б . осы сияқты қазіргі текстологияға қажетті негізгі тұжырымдарды, оларды зерттеуді жүзеге асырудың әдіснамасын көрсетіп бере алды.

«Текстология» терминін дұрыс бағытта қолданылып, термин ретінде қалыптасуына Б . В. Томашевскийдің еңбегі зор болды . Бұған дейінгі батыс және орыс ғалымдары «мәтін сыны» деген атауды қолданған болатын.

А. С. Рейсер, Б. В. Томашевский, Д. С. Лихачев, В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, П. Н. Берков, Е. М. Прохоров, В. С. Нечала, Н. Л. Горина т. б. орыс ғалымдары мәтінтану саласында үлкен еңбек етіп, теориялық зерттеу жұмыстарын жасады. Олар Х-XYIІІ ғасырлардағы көне орыс жазба мұраларын, классик ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеу нәтижесінде көптеген теориялық еңбектер жариялады . Сондай-ақ, Л. Д. Окульская, И. Г. Ларина, М. В. Безродный, В. А. Западов сияқты ізденуші ғалымдар кандидаттық, докторлық диссертациялық жұмыстарын жазды.

Орыс филологиясында текстология теориялық, әдістемелік негізі қалыптасқан іргелі ғылым салаларының бірі. Тіпті, жазба ескерткіштері мен тарихи құжаттарына тек қана әдеби тұрғыдан ғана емес, тілдік тұрғыдан да талдаулар жүргізілген.

Д. С. Лихачев «Текстология» атты еңбегінде мәтіндерді жарыққа шығару оны тәжірибеде қолданудың бір ғана саласы деп таныды (Likhachev, 1964) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қазақ тіліндегі терминдік атаулар мен ұғымдарды білдіретін лингвостатистикалық сөздер мен сөз тіркестері»
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Ерте дәуірдегі тіл білімі
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Сөздіктің түрлері және олармен жұмыс
Этнолингвистика және этимология
ҚТС - дағы зат есіммен байланысатын етістікті сөз тіркестерінің синтаксистік құрылымдарын өзге тілдермен салыстыра, салғастыра отырып зерттеу
Ежелгі Кытай тіл білімі
Қазақ тілінің лексикографиясының типтері
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz