Баға бәсекесі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\User 3\Desktop\WhatsApp Image 2020-02-20 at 12.26.18.jpeg «Бизнес мектеп»факультеті

«6В041- Бизнес және басқару» кадрларды даярлау бағыты

«6В04102- МГБ менеджменті»

білім беру бағдарламасы бойынша білім алушы:

Қанатқалиева Дильназ

«Теориялық экономика»

РЕФЕРАТ

Тақырыбы : Бәсеке және монополия

Тексерге оқытушы : доцент Нурмуханбетова Л. К.

Атырау, 2020 ж.

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. 1 Бәсеке және монополия

1. 2 Бәсеке- нарықтық механизмнің басты элементі

1. 3 Монополиялық бәсеке нарығының ерекшеліктері

Кіріспе

Нарықтың монополиялық бәсеке құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседі. Монополия бәсеке нарығының ерекшелiктерi жетiлген бәсеке мен монополияга тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келеді. Жеңіл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кiтап шығару, қызмет көрсетудiң басқа да көп түрлерi монополиялық бәсеке нарығының iс-әрекетi. Монополиялық бәсеке нарығы - көптеген сатушылардың ұқсас, бiрақ әртектi өнiмдi сатуынан құралады. Өнiмдердi бiр-бiрiнен сапасы, қасиетi, сыртқы әрлеуi бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортиментi, қызмет көрсету бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігiн көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады . Осындай модельге, мысалы, аяқ киiм, тағам өнiмдерi, жанармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.

Нарық құрылымының бұл моделін қарастырғанда фирмалардың ұзақ және қысқа мерзім кезеңдерінде өнім шығару көлемін қалай анықтайтынын және тауарлар мен қызметтердің бағасын қалай бекітетінін талдап түсіндіреміз. Соның нәтижесінде монополиялық бәсеке нарығындағы фирма жұмысының тиімділігін анықтап бағалауға болады.

1. 1 Бәсеке және монополия

Бәсеке - нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байлагысты қарама - қарсылықты бақталастық пен бәсеке.

Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде - бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей барықтың бөлігіне ие емес.

Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңды және табиғи тосқауылдар әсер етеді.

Бәсекенің түрлері :

1 . Сала аралық - түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.

2 . Ішкі салалық - бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең улкен табыс үшін күрес.

Бәсекелік күрестің әдістемелерін үшке жіктейміз.

  1. Баға бәсекесі. Өндіріс шығындарын азайтып, ассортименті мен сапасын өзгертпей тауар бағасын төмендету негізінде қосымша табыс алу үшін күрес.
  2. Күрестің нарықтан тыс нысандарын пайдалану. Қаржылық қулық-сұмдықтар, құнды қағаздар мен алып-сатарлық жасау, өнеркәсіптік тыңшылық, мемлекеттік органдар арқылы қысым жасау, бәсекелестің көзін жою.
  3. Бағадан тыс бәсеке. Тауар қасиетінің өзгеруі және оған сапалы жаңа ерекшеліктердің берілуі, субститут-тауарлардың құрылуы, сатудан кейінгі техникалық қызмет, жарнама.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтанушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады.

Тұтынушыны қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің үлкен биіктікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл төмендегі суретте бейнеленген.

Өнімнің ерекше Ірі жалғыз

болуы фирма

Монополия

Тосқауылдың көп Толық

болуы деректер

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтық сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

1. 2 Бәсеке- нарықтық механизмін басты элементі

Нарықтық қатынастардың мән - мағынасын байқататын ұғымдардың бірі болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені - өндірушілердің бір - бірімен нарықтағы тауар ұсынымы мен бағаны белгілеу жайында өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсеке. Ал тұтынушылар арасындағы бәсекені - нарықтық бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.

Бәсеке нарық субъектісінің тепе - теңдік құқықтағы тауарды пайдалы өткізу үшін өзара экономикалық жарасын көрсетеді немесе қаржыны өте пайдалы жұмсау. Бәсекенің болмауы монополизмге алып барады. Сондықтан жеке кәсіпорын, банк, мемлекет өздерінің құқықтарын нарықта өктем жүргізеді. Нарық субьектілері көп болса, бәсеке тиімді жүреді. Себебі бәсеке мен монополия бір-біріне кері ұғымдар. Батыс сарапшыларының бағалаулары бойынша, бір тауар түрін тұтынушылар 4-5 тен аз болмағаны жөн, ал 8-15 тен болса өте тиімді. Егер төрт фирма 80% сауда саттықты бақыласа, онда нарық монополиялындырылған болып табылады.

Бәсекенің классикалық түрін еркін, жетілген, бағалық деп атау баршаға белгілі. Мұнда баға құрылымының еркін механизмі экономиканы жүргізудің өте тиімді тәсілі ретінде бағаланады. А. Смит бәсекенің еркін теориясының негізін қалаған. Бәсекенің классикалық түрі нарықтық экономикасы бар елдерде XVIII - ші ғасырда, XIX - шы ғасырдың соңғы ширегіне дейін байқалды. Демек, бәсеке өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында монополиялық бірлестіктердің тууына дейін болған.

Классикалық бәсекенің орнына еркін емес, жетілмеген бағалық емес монополиялық бәсеке келеді. Бәсекелестік күрестің нақты өзгеруі монополиялық бәсеке тоериясында айқын көрінді. Оның негізін қалаушы американ экономисті Чемберлин Гастингс болды.

Ол монополиялық бәсекенің негізгі ережесін жасады және бәсеке күресінің бір түрін ерекше байқады: “ Өнімді дифференциялау ” үшін ол былай деп жазған : «Жіктелумен бірге монополия пайда болады және жіктелудің ұлғаюына қарай монополия элементтері көбірек бола бастайды» барлығында, қайда болса белгілі дәрежеде жіктелу кездеседі. Әрбір сатушы өз меншігіндегі өнімге абсолюттік монополияға ие, бірақ оған қарамай кейбір кезде жіктелмеген ауыстырушылар тарапынан бәсекеге ұшырайды. Сондықтан өз-өзімен бәсекелестік күрес тәсілі ретінде монополиялар өнімді жіктеуге ұмтылады.

Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, батыстың экономикалық ойы, қазіргі жағдайда ірі компаниялар барын айта отырып, олардың тауар өткізу нарығына өзара бөлісуін көрсетті. «Көптеген ірі корпорациялар олигополиялық нарық құрылымында әрекет етеді, »- деп 1975 жылы американ экономистері Роберт Хейлбронер мен Лестер Туроу жазды.

«Олар рынокты бөледіжәне бір-бірімен жарнама, өнім жіктеуді, қызмет жасауды ұсыну т. б арқылы бәсекелестікке түседі». Американ экономисті Пол Самуэльсон былай деген: « Басты қауіп монополияда жатыр немесе жетілмеген бәсекеде. Жетілген бәсеке көптеген өндірушілерді іске тартып, бірде-бір фирманы тауар бағасына әсер етуі болмауын қадағалайды ».

Жетілмеген бәсеке бағаға қайдағы бір бәсекелес әсер еткенде пайда болады. Шындығына келгенде барлық иегерлер « еркін емес бәсекеге тартылған ».

Бәсекені оның тәсіліне қарай былай бөлеміз: бағалылық және бағалылық емес өнімнің сапалық негізіндегі бәсеке. Біртекті өнімдер түрінің рыноктың өзінде әртүрлі бағаларды көрсетуі бағадық бәсекелестіктің мән-жайын түсіндіреді. Сатушы өзінің өніміне бағаны түсіре отырып, тауарына барынша назар аудартады және түптеп келгенде рынокта нәтижеге қол жеткізеді. Бағалық бәсекенің негізгі тәсілі өндіріс шығындарын және өткерілетін тауарлар бағасын төмендету болып табылады. Баға еместік бәсеке ең алдымен өнім сапасын жақсартуды көздейді. Баға еместік бәсекенің басты қаруы - жарнама, маркетинг факторларын және басқаларын қолдану болмақ. Қазіргі рыноктар өнім түрлерімен ғана бөлініп қоймайды және бәсеке сипатымен де бөлінеді. Жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке рыногы, таза монополия рыногы енді осыларға толығырақ тоқталайық.

  1. Жетілген бәсеке рыногы - кез-келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан тұрады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранымды, рыноққа тауардың түсуін немесе бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді, себебі сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды рыноктық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа тез келуге болады және тез кетуге болады. Осындай рыноктың моделіне, мысалы, ауыл шаруашылығы өнімдер нарығы өте жақын - бидай, көкініс, жеміс-жидек, ж. т. б.
  2. Монополиялық бәсеке нарығы - көптеген сатушылардың ұ қсас, бірақ әртекті өнімді сатуынан құралады. Өнімдері бір-бірінен сапасы, қасиеті, сыртқы әрлеуі бойынша ажыратуға болады, сондай-ақ ассортименті, қызмет көрсетуі бойынша да бөлуге болады. Сатып алушылар осындай ерекшелігін көре тұра тауарларға жоғары бағаны төлеуге дайын тұрады. Осындай модельге, мысалы, аяқ киім, тағам өнімдері, жағармай және бөлшек сауда жасау өте жақын.
  3. Олигополия - бірнеше деген сатып алушылар рыногын көрсетеді, байқалатыны тіпті олардың кейбіреулері рыноктың көп бөлігін бақылайды. Өнім бұл жағдайда бір текті және әртекті болуы мүмкін олигополиялық бәсекенің бірден бір белгісі сол оған қатысушылардың бағаның толыққанды көтерілгендігінің оң нәтижесінде есеп құра алмайды.

Себебі бәсекелестер оны төмендетуге мәжбүр етеді. Олигополиялық нарық жағдайында өнімдер бір үлгіде жасалған немесе жіктелген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Олигополия жағдайындағы бағаның құрылуы
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Фирманың жұмыс атқару микроорталығының негізгі факторлары
Мағжан Жұмабаев өмірі
Бәсеке күресі
Маркетинг орталығы
Монополияны реттеу
Фирманың жұмыс атқару микроортасының негізгі факторлары
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сапасын көтеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz