Саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби Атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Кафедра: Құқықтану
Пән: Әкімшілік құқық

СӨЖ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық мәртебесі

Орындаған: Сайлаубекұлы М.

Тексерген: Оңдашұлы Е.

Алматы 2020ж.

1.1. Мемлекеттік қызметкер түсінігі. Мемлекеттік қызметкерлер түрлері: саяси және әкімшілік.
Заңда мемлекеттік қызметшілерде екі топқа бөліп, түсініктеме берген. Бұлардың бірі мемлекеттік әкімшілік қызметші деп аталады. Оған мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші жатады(мысалы, мемлекеттік хатшы кеңесшісі, сарапшы, маман, құрылымдық бөлім басшысы, департамент директоры, аудан әкімінің орынбасары және т.б.). Енді бір тобы - мемлекеттік саяси қызметші. Мұндай қызметші болып тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші табылады(мысалы, Қазақстан Республикасының Премьер-министрі, министрлер, олардың орынбасарлары, облыс, қала, аудан әкімдері және т.б.). Яғни, Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді.
Мемлекетттік саяси қызметші- тағайындалуы, босатылуы және қызметі саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік қызметшілердің өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны және тиісінше орындамағаны, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны үшін, сондай-ақ заңда белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамағаны үшін мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жазалар:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын қызметінен босату қолданылуы мүмкін.
1.2. Саяси қызметкерлердің құқықтық мәртебесі.
Саяси лауазымдарға мыналар жатады:
1. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
2. Қазақстан Республикасының Парламентінің Палаталары және оның төрағалары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік қызметкерлер және олардың орынбаарлары жатады;
3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент пен Ұкімет өкілдері болып табылатын мемлкететік саяси қызметкерлер;
4. Орталық атқару органдары мен ведомстваларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.
1.3. Әкімшілік қызметкерлердің құқықтық мәртебесі.
Мемлекеттік әкімшілк қызметшілер үшін санаттар мен біліктілік кластары белгіленген. Лауазымдық санаттарды және әкімшілік лауазымдарды санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Мемлекеттік әкімшілк қызметшілер үшін 8 санат және 16 біліктілік кластары белгіленген.
1.4. Мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік құқықтары.
Мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық міндеттерін атқарған кезде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды.
Мемлекеттік қызмет туралы заң бойынша мемлекттік қызметші болып мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
1.5. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарының құқықтық кепілдіктері.
"ҚР мемлекеттік қызмет туралы" заңының 8 бабына сәйкес мемлекеттік қызметкер мынаған құқылы:
1) ҚР Конституциясына және өзгеде заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарын пайдалнуға;
2) өз өкілеттігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындалуын талап етуге;
3) белгіленген тәртіпке лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен маитериалдар алуға;
4) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери қызметшілер және әскери қызмет
Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Президент әкімшілігі мен Үкімет аппаратының жетекшілерінің орынбасарлары
Еңбек құқығындағы қатынастарға түсетін субьектілерді сипаттау
Мемлекеттік қызметтің түсінігі
Еңбек ұжымы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің еңбегін реттеу
Конституция
Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Мемлекетік қызметкерлердің түсінігі мен түрлері
Пәндер