Бастауыш мектеп



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Шымкент 2020ж

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Silkway International University Ағылшын тілі және оқыту әдістеме кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы : Гонконг, Сингапур, Калифорния штатында, т.б. білім сапасын жетілдіру жүйесі

Орындаған: 119-82 топ студенті. Сайфуллаева Нилуфар
Тексерген:

Гонконг, Сингапур, Калифорния штатында, т.б. білім сапасын жетілдіру жүйесі Жоспар:1. Білім беру сапасын жетілдіру туралы халықаралық салыстырмалы зерттеулер.2. Білім беру жүйесін жетілдіру үшін әсер ету шараларының басым кластерлері:3. Білім беру жүйесінің оның сапасын арттырудың бастапқы кезеңдеріндегі басты міндеті:4. Білім стандарттары мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеруБілім беру сапасын жетілдіру туралы халықаралық салыстырмалы зерттеулер.
Қазіргі уақытта көптеген халықаралық салыстырмалы зерттеулер жүргізіледі, алайда анағұрлым маңыздылары PISA, 10 TIMSS, PIRLS болып табылады. Бұл зерттеулер нәтижелері бойынша соңғы 10 жыл ішінде оқушылары тұрақты түрде жоғары көрсеткіш көрсететін жүлдегер елдер: Шанхай (Қытай), Сингапур, Гонконг (Қытай), Финляндия, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайвань, Канада және Жаңа Зеландия болып табылады. Бұл елдердің білім беру жүйелері табыстылығы мен тиімділігіне, бірінші кезекте, ұлттық басымдылықтарды, дәстүрлі мәдениетті, құндылықтарды сақтауға және мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі жоғары сапаға қол жеткізуге бағыттал- ған білім беру саясатын жүзеге асыру негізінде қол жеткізген. Бұл елдердің іс-тәжірибесі көрсеткеніндей, білім беру сапасын көтеру үшін Мемлекеттік білім беру саясатын, маңызды проблемаларды шешу жолдары анықталған Концепция мен Кешенді бағдарламалар дайындау қажет.
McKinsey & Company компаниясының ғалымдары М.Барбер және М.Муршед әлемнің 25 елінің білім беру жүйесін зерттеу негізінде, оларды жүзеге асыру білім беру сапасын арттыруға алып келетін жалпы басым бағыттарды анықтады. Солардың ішінде үш фактор шешуші маңызға ие. Олар:1) ұстаздық еңбекке лайық адамдар ғана мұғалім болуы тиіс;2) педагог кадрларын оқытушылық жұмыстың тиімділігін арттыруға мүмкіндігі болатындай етіп дайындау қажет;
3) әр оқушы сапалы білім ала алатындай жағдай қамтамасыз етілуі тиіс.
McKinsey & Company компаниясының ғалымдары М.Муршед, Ч.Чийоке және М.Барбер сан алуан бастапқы жайғасымға ие болған және айтарлықтай әрі тұрақты табыстарға қол жеткізе алған әлемдегі 20 елдің мектептегі білім беру жүйесін зерттеді. Олар білім беру сапасын үш аспектіні ескере отырыпжақсартуға болады деген қорытынды жасады:
1)білім беру жүйесінің қарастырылып отырған кездегі нақты жетістіктері;
2) оқыту нәтижелерін жақсарту үшін қандай шаралар қажеттігін, яғни әсер ету шаралары кластерін анықтау;3) орта білім беру жүйесі мен мемлекеттің тарихын, мәдениетін, саясатын және құрылымын ескере отырып әсер ету шараларын бейімдеу.Білім беру жүйесін жетілдіру үшін әсер ету шараларының басым кластерлері:1) оқу жоспарын, білім беру стандарттары мен бағдарламаларын қайта қарап шығу, соған сәйкес оқу-әдістемелік материалдар әзірлеу;2) мектеп директорлары мен мұғалімдердің еңбекақысы және сыйақысы жүйесін қайта қарап шығу;3) жұмысқа кіріскелі жүрген, жұмыс істеп жүрген мектеп директорлары мен мұғалімдердің техникалық дағдыларын, яғни кәсіби шеберлігін, көбінесе каскадты тренингтер арқылы, дамыту;4) оқушылардың оқудың әр түрлі кезеңіндегі және әр түрлі пәндер бойынша оқу жетістігін бағалау;5) мектептердің, оқушылардың, мұғалімдердің, жекелеген өңірлердің жетістіктері туралы мәліметтер базасы жүйесін жасау, мәліметтерді жүйе ішінде ресурсты дұрыс бөлу үшін қолдану;6) реформалау бағдарламасының көрінісі, мақсаттары мен артықшылықтары нақты тұжырымдалған білім беру туралы бағдарламалық құжаттар мен заңдар әзірлеу болып табылады.Білім беру жүйесінің оның сапасын арттырудың бастапқы кезеңдеріндегі басты міндеті:
сыныптар мен мектептер арасындағы үлгерім айырмашылығын азайту;2) базалық дайындығы нашар мұғалімге мамандар дайындаған және әр сабаққа арналған нақты нұсқаулар берілген оқу-әдістемелік
материалдар мен сабақ жоспарла- рын ұсыну болып табылады.
Ғалымдар зерттеген жүйелердің барлығының, жетілудің белгілі бір кезеңінде атқарған істерінде көп айырмашылық болмаған, бірақ олар бұл істерді қалай атқарғанында - аса көп айырмашылық болған. 12 Әлемнің жетекші елдерінің білім беру жүйелері көшбасшылары технологиялар әлеуетін оқыту үдерісі үшін пайдалану туралы мәселені талқылай келіп:
1)білім беруде ақпараттық коммуникациялық технологияларды (АКТ) қолдану оқыту сапасын арттыру үшін жаңа перспективаларды ашады;2) АКТ білім беру жүйесіне енгізу үшін жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алумен, байланыс арналарды ұйымдастыру мен техникалық қызмет көрсетумен байланысты дәстүрлі техникалық мәселелерді шешу жеткіліксіз, мектептердің біліктілігі жоғары және білікті ұстаздары мен басшыларын дайындамайынша бұл міндет орындалмайды;3) оқушылар табыстылығын анықтаушы маңызды фактор оқыту сапасы болып табылады;4) мұғалімдердің бірлескен жұмысы, тәжірибе алмасу, бірлесіп зерттеу жүргізу, оқу жоспарларын әзірлеу және жақсы оқыту дегеннің не екені туралы жалпы ұғымды түсіну үшін көбірек мүмкіндіктер беріп, кеңістік құру қажет деген қорытындыға келді.
Талқылау негізінде:
1) білім беру сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдер сапасынан жоғары болуы мүмкін еместігі;
2) оқыту нәтижелерін жақсартудың бірден-бір әдісі оқытуды жақсарту болып табылатындығы;
3) барлық оқушылар білімінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әр балаға сапалы оқытуды жеткізбейінше мүмкін еместігі;
4) мұғалім мамандығы жоғары мәртебе алған кезде, анағұрлым дарынды адамдар мұғалім болатыны, бұл осы мамандық мәртебесінің одан әрі артуына алып келетіні дәлелденді.
Білім стандарттары мен оқу бағдарламаларының сапасын көтеру (Сст) Білім берудің бастауыш, орта және жоғары деңгейлерінің стандарттары мен оқу бағдарламаларын дайындағанда:
1) әр білім беру деңгейінің мақсаттарын, міндеттерін және құндылықтарын анықтау;
2) балалардың ерте жасынан игеруі қажетті күрделі пәндермен жүктеудің алдын алу, себебі бұл балалардың психофизиологиялық және ақыл-ой дамуына аса теріс әсер етеді, сондай-ақ олардың білім алуға деген ынтасын шектейді;3) жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қасиеттері мен зияткерлік дамуын қалыптастыратын пәндерді оқып-үйренуге көп уақыт бөлу;4) бастауыш сыныпта тек ана тілінде оқытуға басымдылық беру;5) біліктілік қалыптастыра отырып нәтижеге бағытталған білім беру парадигмасын жүзеге асыру;6) оқушыларды белсенді танымдық қызметке, ұлттық басымдылықтарды, ұлттық мәдениетті, құндылықтар мен бағдарларды сақтауға бағыттау;7) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту;8) кейбір пәндер бойынша мектептің жоғары сатысында ағылшын тілінде оқытуды жүзеге асыру.Жарты ғасырға жуық уақытта үшінші əлем елдерінен бірінші əлем елдеріне көшкен ел -- Сингапур. Оның негізгі құндылығы -- білім жəне жемқорлықсыз саясат. Білім жүйесінің негізі -- ағылшын тілі. Жəне Сингапурдағы білім барлық шетелдіктер үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби қызметін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негізі
Бастауыш мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің дамуы
Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысында таным процесін дамыту
Бастауыш мектеп жастағы балалардың ойлауы және сөйлеуі
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
Бастауыш сынып оқушылардың танымдық процесін дамыту
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық- педагогикалық дамуы
Пәндер