Биологиялық мембрана арқасында


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

БӨЖ 9

Мембраналық транспорт.

Белсенді және пассивті. Везикулярлық туралы түсінік.

Орындаған : Мүзарап Шұғыла

Тексерген : Ерешова Айгерім Тұрарбекқызы

Алматы, 2020

Жоспар:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

1. Мембраналық транспорт түрлері

2. Белсенді және белсенді емес тасымал

3. Везикулярлық туралы түсінік

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Өмір сүруге және көбеюге қабілетті қарапайым тірі жүйе-тірі жасуша- өсімдіктер, жануарлар, микроағаалардың құрылысының негізі болып табылады. Жасушаның өмір сүруінің ең маңызды шарты - қоршаған ортамен тепе-тең қатынаста болу. Екінші жағынан қоршаған ортамен үнемі ашық қатынаста болу. Тірі жасуша - термодинамикалық ашық жүйе. Қоршаған ортамен тепе-тең және тығыз қатынаста болудың негізіне тірі ағаалардың барлық бағытта құрылымдық үйымдасуы міндетті шарт болып табылады. Сондықтанда жасуша өмір сұруінің маңызды шарты - биологиялық мембраналар болып табылады.

Жасуша құрамындағы заттар сыртқы ортадан биологиялық мембрана арқылы бөлінеді. Жалпы, биологиялық мембрананың не екеніне тоқталмас бұрын мембрана жөнінде түсінік беріп кетейін.

Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі - олардың жартылай өткізгіштігі. Кейбір заттар олардан өте баяу, ал кейбіреулері ерітіндінің қоюлығына қарамастан жеңіл өтеді. Мембраналар суда жақсы еритін заттардың көпшілігінің клеткаға еркін өтуіне кедергі жасайды. Сөйтіп, цитоплазманың және оның органеллаларының химиялық құрамын сақтайды. Мембраналар жеке ферменттердің және олардың кешендерінің цитоплазмада қалыптасып, клетканың тіршілігіне қажетті ең негізгі үрдіс - химиялық реакциялардың ретімен жүруін қамтамасыз етеді. Заттардың белсенді тасымалдануы, иондар мен молекулалардың жасушаға биологиялық мембрана арқылы өтуі энергияның жұмсалу арқылы жүрреді. Оны арнайы тасымалдаушы нәруыздар жүзеге асырады. Сыртқы ортамен салыстырғанда, жасушадағы калий иондарының концентрациясы әрдайым жоғары болады. Ал натрийдін мөлшері жасушадағыға қарағанда жасуша аралық суйықтықта әр уақытта жоғары болады. Жасуша мембранасының осындай тандамалы өткізгіштігі жартылай өткізгіштік деп аталады. Жоғарыда көрсетілген екі жолдан басқа химиялық қосылыстар мен қатты бөлшектер жасушаға пиноцитоз және фагоцитоз жолымен енеді. Олар жасушанын, ойыс туау қабілеті арқылы жүзеге асады. Бұл ойыс шеттері жасуша сыртындағы

сұйықты (пиноцитоз) немесе қатты бөлшектерді (фагоцитоз) қоршап алып қабысады.

Биологиялық мембрананың атқаратын қызметін түсіну үшін, оның құрылысыжөнінде айта кетейін. Жасуша сыртқы ортадан биологиялық мембрана қабатымен қорғалған. Сыртқы мембранасының (75 Аа шамасындай) сыртқы және ішкі екі қабаты белоктардан, ал үшінші ортаңғы қабаты майлардан құралған саңылаулармен бөлінген. Гликолипидтер, фосфолипидтер, сульфолипидтер және изопреноидтар (каротин мен ксантофилл) - өсімдіктердің клетка мембранасының липидтері болып табылады. Едәуір мөлшерде стериндер де кездеседі. Хлоропластарда галактолипидтер мен фосфатидилглицериннің болатындығы анықталған. Өсімдік мембраналарындағы белоктар аз зерттелген. Кейбір клетка мембраналарының кұрылысы мен атқаратын қызметін қарастырып көрейік.

II. Негізгі бөлім.

Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт деп жіктеледі.

Қазіргі кезде адам ағзасында құрылысы, қызметтері түрліше болып келетін 200-ге жуық жасушалар типі сипатталған. Демек, биомембраналардың да көптеген түрлері болатыны сөзсіз. Биомембраналардың бәрінің құрылысы, жалпы алғанда, ұқсас жоба күйінде құрылған. . Биомембрананың негізі болып, амфифильдік липидтердің қос қабаты саналады.

Олардың құрамына липидтермен бірге ақуыздар да кіреді. Олардың екі түрі бар: интегралдық және шеткі ( перифириялық) . Интегралдық ақуыздар мембранаға терең батып, липидтік қос қабатты терең өтіп орналасқан, ал шеткі ақуыздар тек мембрананың тек бір бетімен ғана байланысқан. Ақуыздардың липидтік қосқабатпен әрекеттесуі әдеттегідей болады, липидтердің гидрофобты бөлігімен полярлы емес аминқышқылдары радикалдары әрекеттессе, гидрофильдік бастарымен полярлы жағы зарядталған бастары әрекеттеседі.

Пассивті транспорт - энергия жұмсалынбай, заттардың концентрация градиенті бойынша орын ауыстыруы. Қарапайым диффузия немесе осмостық қысым арқылы жүзеге асады.

Активті транспорт - энергия жұмсалынып, заттардың концентрация градиентіне қарсы тасмалдануы. Мемрана құрамындағы нәруыздар (ақуыздар) арқылы жүзеге асады.

Заттардың бұлайша тасымалдануы белгілі бір мөлшерде энергия жұмсауды қажет етеді. Ал энергия көзі болып АТФ гидролизі немесе тотығу-тотықсыздану үдерісі -Н ионы сорғыш болып саналады.

Белсенді тасымалды энергиямен қамтамасыз етудің бір тетігі -концентрация градиенті бағытында өткізілетін бір заттың У концентрация градиентіне қарама қарсы бағытта өткізілетін екінші бір затпен қабаттасып өткізілуі.

Везикулалық тасымалдануда, тасымалданатын ақуыздар мен липидтер көпіршік қабырғасын құрастырады, ал оның қуысында басқа органеллаларға арналған не жасуша сыртына шығарылатын «жүк» молекуласы болады.

Жасуша ішілік везикулалық тасымалдау эндоплазмалық ретикулум плазмасынан басталады. Бұл жерде ақуыз молекуласының гликолизденуінің алғашқы кезеңдері өтеді. Содан кейін ақуыз молекулалары тасымалдау көпіршіктеріне іріктеліп, Гольджи кешенінің цис полюсына өтеді. Гольджи цистерналарында ақуыздың гликализденуі әрі қарай жалғасады, ал Гольджидің транс-полюсі мен трансторларында ақуыздың гликолизденуі толығымен аяқталады . Сонымен қатар олар фосфорланады және сульфаттанады.

Заттардың цитоплазмалық мембрана арқылы сыртқа шығарылуын не жасуша ішіне өткізілуін трансмембраналық тасымалдану деп атайды. Ол өте к. рделі құбылыс және әртүрлі жасушаларда түрліше жолдармен жүзеге асады, сол сияқты, әртүрлі заттарда түрліше әдістер арқылы өткізіледі.

Ұсақ молекулалы заттардың мембрана арқылы өткізудің 3 жолы бар:

a) жай диффузия ;

б) жеңілдетілген диффузия;

в) белсенді тасымалдану;

III. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологиялық мембрана туралы
Мембраналық транспорттардың түрлері
Молекулаларды мембрана арқылы тасымалдау
Мембраналық транспорт: активті, пассивті, везикулярлық транспорт
Биологиялық мембрана
Биологиялық мембраналардың қызметі жайында
Биологиялық мембранының құрылысы және оның қызметі
Биологиялық мембраналарның қызметтері. Мембрананың иондық каналдары
Биологиялық мембрана құрылысы және қызметі
Биологиялық мембраналардың қызметтері. мембраналардың иондық каналдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz