Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТЕРСТВО
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Мирас университеті

Университет Мирас

Химия және биология, дене тәрбиесі және спорт

секторы

Сектор

химии и биологии, физической культуры и спорта

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
КУРСОВАЯ РАБОТА

Курстық жұмыс тақырыбы
Тема курсовой работы
Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама

ПәнДисциплинаӨсімдіктер жүйесі

СтудентСтудент
СайлауханӘселНұрханқызы

[(]студенттің Аты-жөні[Ф.И.О. студента)]

БИ-811К-1

[(]топ[группа)]

5В011300

Биология

[(]шифр[шифр)]
[(]БББ атауы[наименование] ОП[)]

Курстық жұмыс
Курсовая работа защищен на

қорғалды

[(]бағасы[оценка)]

Жетекші
Руководитель

Есенбекова А.Ш.

[(]қолы[подпись)]

[(]Аты-жөні[Ф.И.О.)]

06

05

2020
жг

Шымкент 2020ж.г.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
МИНИСТЕРСТВО
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ
МИНИСТРЛІГІ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
Мирас университеті

Университет Мирас

Химия және биология, дене тәрбиесі және спорт

секторы

Сектор

химии и биологии, физической культуры и спорта

БЕКІТЕМІН

УТВЕРЖДАЮ
Білім беру бағдарламасының менеджері

Менеджер образовательных программ

Сулейменова М.Т.

[(]қолы[подпись)]

[(]А.Ж.Т.[Ф.И.О.)]

2020ж.г.

Курстық жұмыстарды қорғау туралы
ХАТТАМАСЫ


ПРОТОКОЛ

защиты курсовой работы

ПәнДисциплина
Өсімдіктер жүйесі

Топгруппа

БИ-811К-1

[(]топтың № № [г][руппы)]

Қорғау күні Дата защиты

_06_

__05__

2020жг.

1. Студенттің аты-жөні ФИО студента___СайлауханӘселНұрханқызы_ __________
Курстық жұмыс тақырыбы Тема курсовой работы____Жоғары сатыдағы өсімдіктерге жалпы сипаттама

Курстық жұмыстың жетекшісі Руководитель курсовой работы __Есенбекова А.Ш.

Қорғау кезінде төменгі сұрақтарға жауап алынды При защите были получены ответы на следующие вопросы:
1. ___________________________________ ___________________________________ _____
2. ___________________________________ ___________________________________ _____
3. ___________________________________ ___________________________________ _____

Жұмыстың бағасы Оценка работы_____________________________ __________________
[(]бағалау балдық - рейтингтік әріптік жүйеде оценка по балльно-рейтинговой

Комиссия мүшелері Члены комиссии:
1.
_______Сулейменова М.Т._________

_____________

[(]Аты-жөні [Ф.И.О.)]

[(]қолы[подпись)]

2.
______Қуанышова С.Е.______

_____________

[(]Аты-жөні [Ф.И.О.)]

[(]қолы[подпись)]

3.

____Шимелкова Р.Ж._______

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

[(]Аты-жөні [Ф.И.О.)]

[(]қолы[подпись)]

ANNOTATION

The topic of the course work: "General characteristics of high-altitude plants".
The course work consists of four sections, including an introduction, the main part, the practical part, the conclusion, and the literature used.
The introduction discusses the goals and objectives of the course work, the relevance of the topic.
The main part provides for the classification of plants: plants of the lower and upper stages.
In the practical part of the high-level plants cormophyta-cormobionta, embryobionta: department of mosses-bryophyta, department psilophyta, department Pla-like-lucopodiophuta, department sorb-equsetophyta, department of ferns-polypodiophyta, classification of the department of ferns, section of open rocks, section of exposed rocks (cymospermae), closed rocks (flower plants).
The course work covered 26 pages. References-17, 6 figures and 1 slide.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I НEГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Жасыл балдырлардың табиғатта таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Кладофоралы балдырлар қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Эдогониялы балдырлар қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.4 Сифонды балдырлар қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.5 Вошериялы балдырлар қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
II ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Вольвокстер (Volvocophceae) қатары. Клетка құрылысы. Жыныстық процестері, көбеюі, таралу экологиясы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Хлорококты немесе протококты балдырлар қатары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..18
ҚOРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
ПAЙДAЛAНЫЛҒAН ӘДEБИЕТТEР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 21

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің денесі органдарға - тамырға, сабаққа және жапыраққа бөлінген болады. Бұл органдар жақсы жетілген ұлпалардан тұрады. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өмірлік циклінде спорофиті (2 n) мен гаметофитінің (n) алмасып келуі айқын байқалады. Жыныстық көбею органдары көп клеткалы. Аналық жыныс органы архегоний құмыра төрізді болып келеді. Ол екі бөліктен - кеңейген түп жағынан жөне жоғарғы жіңішке мойнынан тұрады. Архегонийдің түп жағында жұмыртқа клеткасы жетіледі, ал оның мойны жұмыртқа клеткасы пісіп жетілген кезде жоғарғы жағынан ашылады. Аталық жыныс органы антеридий қапшық төрізді болып келеді, оның ішінде көптеген сперматозоидтар пайда болады. Жалаңаш тұқымдылардың тек антеридийлері ғана редукцияға ұшыраған, ал жабық тұқымдылардың антеридийлері де, архегонийлері да редукцияға ұшыраған.
Курстық жұмыстың мақсаты:
- Жоғары сатыдағы өсімдіктер cormophyta -cormobionta, embryobionta туралы мәліметтер келтіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мүктәрізділер бөлімі - bryophyta;
- Жапырақты мүктер класы - Bryopsida;
- Плаун тәрізділер класс тармағы - Sphagnidae сипаттама беру;
- Папортниктәрізділер класс тармағы - Andreaeidae сипаттама беру;
- Жасыл немесе қоңыр мүктер класс тармағы - Bryidae тоқталып өту.

І НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1 Өсімдіктерді классификациялау: төменгі және жоғарғы сатыдағы өсімдіктер

Систематика ғылымы - біздің планетамызда кездесетін өсімдіктердің түрлерін сипаттап жазып, оларды туыстық топтарға біріктірумен және осы топтардың жүздеген миллион жылдарға созылған эволюциясына жауап беретіндей жүйеде орналастыруымен айналасады. Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саңы шамамен 500-мыңға жетеді. Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға (таксондарға) бірліктіреді: түр (species), туыс (genus), тұқымдас (familia), қатар (ordo), класс (classis), бөлім (dividio). Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондар да бар. Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы және т.б. жатады[1,28-б.].
Өсімдіктер төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөлінеді.
Төменгі сатыдағы өсімдіктер-Thallobionta:
Өсімдіктер дүниесінің клеткаға дейінгі тармағы - вирустар (Virophyta)
Прокариоттар: Бактериялар (Schizophyta), көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta)
Эукариоттар:
1. Жылтырауық сары балдырлар бөлімі (Chrysophyta)
2. Сары-жасыл немесе әртүрлі талшықты балдырлар бөлімі (Xanthophyta)
3. Диатомды балдырлар бөлімі (Diatomophyta)
4. Эвгленалы балдырлар бөлімі (Euglenophytaқ)
5. Қоңыр балдырлар бөлімі (Phaeophyta)
6. Қызыл балдырлар бөлімі (Rhfeophyta)
7. Хара балдырлар бөлімі (Charophyta)
8. Қыналар бөлімі (Lichenophyta)
9. Кілегейлер бөлімі (Myxophyta)
10. Саңырауқұлақтар бөлімі (Mycophyta)
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - (Cormobionta):
1. Риниофиттер бөлімі (Rhyniophyta)
2. Псилот тәрізділер бөлімі (Psilotophyta)
3. Мүк тәрізділер бөлімі (Briophyta)
4. Плаун тәрізділер бөлімі (Lycopodiophyta)
5. Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Tguisetophyta)
6. Папоротник тәрізділер бөлімі (Polypodiophyta)
7. Жалаңаш ненеме ашық тұқымдылар бөлімі (Gymnospermatophyta)
8. Жабық тұқымдылар бөлімі (Magnoliophyta)
Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталады. Оның біріншісі осы түр жататын туысты білдіртеді, ал екіншісі түрдің атауы. Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан ғалымның фамилиясы қойылады. Мұндай биологиялық номенклатураны ендірген швед ғалымы К. Линней (1707-1778) болды.
Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік денесін таллом, немесе слоевище деп атайды. Таллом бір клеткалы, колониялы, клеткаланбаған, көпклеткалы болады, бірақ ол ұлпаларға және органдарға бөлінбейді. Жыныстық жолмен көбеюі органдары - оогонилері және антеридилері бірклеткалы болады. Түрлерінің саны жағынан олар бірінші орында тұрады. Төменгі сатыдағы өсімдіктер органикалық және минералды заттармен де қоректене алады. Органикалық заттармен тек гетеротрофты организмдер (бактериялардың көпшілігі, саңырауқұлақтар, кілегейлер), ал минералдық заттармен автотрофты организмдер (балдырлар, қыналар) қоректенеді[2,31-б.].

ІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Жоғары сатыдағы өсімдіктер cormophyta -cormobionta, embryobionta

Cormos - өркен және phyton өсімдік (латын тілінен алынған) деген мағынаны білдіреді.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі ерекшелігі денесінің бөлек мүшелерге (сабақ, жапырақ, тамыр) бөлінуі. Дененің мүшелерге бөлінуі өсімдіктердің сулы ортадан құрлыққа шығуымен байланысты.
Екінші ерекшелігі құрлықта тіршілік етуі. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің суда кездесетін өкілдері (сары тұңғиык, ақ тұңғиық, жүзгіш сальвиния) суда екінші рет тіршілік етуге бейімделгендер болып есептеледі.
Сонымен қатар, суда кейбір папоротниктер мен гүлді есімдіктер кездеседі. Теңіз суьшда гүлді өсімдіктердің тек 30 түрі ғана тіршілік етеді.
Өсімдіктер құрлыққа шығып, екі тіршілік ортаның (құрлык-ауа, топырақ қабаты) әсеріне тап болды. Өсімдіктер тіршілік орта өзгерісіне бірқалыпты бейімделе бастады. Өсімдіктердің құрлыққа шығуы тек сыртқы түрін өзгертіп қана қойған жоқ (тамыр, сабак, жапырақ пайда бола бастады), сонымен қатар ішкі мүшелерінің анатомиялык құрылысы өзгерді, ұлпалар пайда болды (жабын, өткізгіш, механикалық, қор жинаушы және т.б. ұлпалар катары). Бұл өзгерістер ұзақ тарихи даму нәтижесі Өсімдіктер эволюциясы әртүрлі жүрді, қазіргі кездің өзінде денесі мүшелерге бөлінбеген өсімдіктер (бауыр мүгі) кездеседі.
Сұңғыла (Заразиха), омела сияқты паразитттерден басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығы жасыл түсті. Жасыл өсімдіктердің негізгі пигменті- хлорофилл, негізгі қор заты - крахмал. Олар автотрофты қоректенеді (autos (автос) - өздігінен, trophe (трофе) - коректену). Жоғарғы сатыдағы жасыл өсімдіктердің барлығы фотосинтездеуші ағзалар (паразиттерден басқасы).
Жоғарғы сатыдағы және төменгі сатыдағы өсімдіктерге 3 түрлі жолмен көбею тән: вегетативті, жыныссыз, жынысты. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің артықшылығы олардың жыныс мүшелері (антеридиялар мен архегониялар) көпклеткалы, ал төменгі сатыдағы өсімдіктердің тек кейбіреулерінде ғана көпклеткалы жыныс мүше (хара балдырлар) кездеседі.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерге гаплоидты және диплоидты екі ұрпақтың (гаметофит және спорофит) кезектесуі тән.
Кормофита өркенді өсімдіктер 300 мындай түрді кұрайды, Қазакстан Республикасында (ҚР) 5600 түрі, Солтүстік Каспий маңында 1500 түрі, Батыс Қазақстан облысында (БҚО) 1200 түрі кездеседі.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер палеозой дәуірінің кембрий кезеңінде пайда болған. Ең ежелгі өсімдіктер - псилофиттер . Олардың казба қалдықтары силур дәуірінде тіршілік еткенін көрсетеді. Псилофиттердің құрылысы бойынша олар алғашқы жоғарғы сатыдағы өсімдіктер үшін тым күрделі, сондықтанда бұл тек болжам ғана.
Қазіргі кездерде өмір сүретін өсімдіктердің жалпы саңы шамамен 500-мыңға жетеді.Өсімдіктерді жекелеген систематикалық топтарға (таксондарға) бірліктіреді: түр (species), туыс (genus), тұқымдас (familia), қатар (ordo), класс (classis), бөлім ( dividio). Осы келтірілген негізгі таксондардан басқа, аралық қосымша таксондар да бар.
Оларға туыс тармағы, тұқымдас тармағы және т.б. жатады.
Өсімдіктер төменгі және жоғарғы сатыдағы деп бөлінеді.
Бүгінгі күнге дейін жогарғы сатыдағы өсімдіктердін нақтылы жүйесі жоқ. Отандық және шетелдік систематиктер жоғарғы сатыдағы өсімдіктерді 7 бөлімге бөледі:
9. Риниофиттер бөлімі (Rhyniophyta)
10. Псилот тәрізділер бөлімі (Psilotophyta)
11. Мүк тәрізділер бөлімі (Briophyta)
12. Плаун тәрізділер бөлімі (Lycopodiophyta)
13. Қырықбуын тәрізділер бөлімі (Tguisetophyta)
14. Папоротник тәрізділер бөлімі (Polypodiophyta)
15. Жалаңаш тұқымдылар бөлімі (Gymnospermatophyta)
11. Жабықтұкымдылар немесе магнолиофиттер бөлімі - (Angiospermae немесе Magnoliophyta)
Өсімдіктердің түрлері екі сөзбен аталады. Оның біріншісі осы түр жататын туысты білдіртеді, ал екіншісі түрдің атауы. Екінші сөзден кейін, осы түрді ашқан ғалымның фамилиясы қойылады. Мұндай биологиялық номенклатураны ендірген швед ғалымы К. Линней (1707-1778) болды[3,102-б.].

2.2 Мүктәрізділер бөлімі - bryophyta

Bryophyta атауы латын тілінен аударғанда bryon - мүк, phyton- өсімдік деген сөздерінен шыққан. Мүктәрізділер - тәуелсіз тіршілік ететін жоғарғы сатыдағы өсімдіктер тобы. Олардың 22-27 мың түрі белгілі. Бұл бөлім өкілдерінің қазба қалдықтары карбон дәуірінен белгілі, ал споралары силур дәуірінен табылған.
Мүктәрізділерге тән белгілер: дене кұрылысының қарапайымдылығы. Денесі дихотомиялы бұтактанған талломнан тұрады (мысалы, бауыр мүктері), немесе сабақ пен жапыраққа жіктелген (жапырақсабақты мүктер). Дене мөлшерлері 1 мм-ден 20-30 см кейде 60 см-ге дейін. Бұлар ерекше көпжылдық шөптесін өсімдіктер, біржылдықтары сирек (жер жатаған шөптесін түрлер). Тамыры болмайды, оның қызметін эпидермис өсінділері - ризоидтар атқарады. Мүктердің ішкі құрылымы қарапайым, ұлпалары нашар дамыған.
Мүктәрізділердің даму циклінде баска жоғарғы сатыдағы өсімдіктермен салыстырғанда гаметофит басым. Мүктің өзі гаметофит болып табылады. Спорофит - спорогон-қауашак, ол гаметофитте дамып, гаметофит есебінен қоректенеді. Жыныс мүшелері архегония және антеридия. Архегония пішіні колбатәрізді, кеңейген бөлігі - жатын, жіңішке бөлігі мойны деп аталады. Жатынында жұмыртқа клеткасы орналасады. Мойны, мойын жіпше клеткаларына толы, олар ұрыктану процесінде еріп, түтікке айналады. Антеридия сопақша пішіні кап тәрізді, сағақты немесе отырмалы. Антеридияның іші спермогенді клеткаларға толы, ал олардан екіталшықты сперматозоидтар пайда болады.
Кез келген мүктің даму циклі талломында архегониямен антеридияның пайда болуынан басталады. Бір өсімдіктер қосжынысты немесе кейбір даралар даражынысты (қосжынысты - сфагнум, даражынысты - маршанция, көкек зығыры).
Пісіп-жетілген жыныс клеткалары сулы орта болған жағдайда ұрыктанады. Диплоидты зиготадан спорогон (қауашак) дамиды. Спорогонияларында редукция нәтижесінде спора түзіледі (споралы өсімдіктердін көбею мүшелері).
Кейбір түрлерінде спорадан басқа споралардың таралуына септігін тигізетін элатерлары (серіппелері) болады. Дамыған споралары қауашақтан шашылып жерге түседі де, одан протонема дамиды (грек тілінен аударғанда, протос - бірінші, нема - жіпше, алғашқы жіпше деген мағынаны білдіреді). Протонемадан жаңа өсімдік өсіп шығады, ал одан белгілі бір уақытта архегония мен антеридиялар дамиды.
Мүктер ылғалдылығы жеткілікті немесе шамадан тыс ылғалды аймақтарда барлық континенттерде кездеседі. Мүктер орман зонасында жиі, ал тропикалық белдеуде сирек таралған. Тундра мен орман аймағы мүктер патшалығы деп аталады. Мүктер тұщы су қоймаларында да тіркелген. Теңіз суында кездеспейді.
Ерекше бір жағдайларда болмаса, жануарлар мүктермен қоректенбейді. Сфагнум мүктері - шымтезек, жанар-жағар май көзі; тығыздалған тақталар түрінде құрылыста қолданылуы мүмкін; мүктер - жинақтаушы материал; малға төсем; тыңайытқыш ретінде қолданылады; сфагнум мүгінен спирт, қышкыл, сахарин алады[3,58-б.].
Систематикалық тұрғыдан мүктәрізділер 3 класка бөлінеді:
Антоцероттылар класы - Antoceropsida, Бауыр мүктер класы - Hepatiopsida, Жапырақ сабақты мүктер класы- Musci. Осылардың ішінен соңғы екі класты карастырамыз.
Бауыр мүктер класы - Hepatiopsida. Hepaticae (hepar - бауыр) атауы, сыртқы пішіні бауырға ұқсас болғандықтан бауыр мүктері деп аталған. Бауыр мүктердің 8500 -ден астам түрі белгілі, талломды және жапырақ сабақты формалары да бар, бірақ бұлардың екеуіне де дорзовентральды құрылым тән. Спораларында элатерларының серіппелері болады. Протонемасы нашар дамыған. Қауашақтар тісшелер арқылы ашылады.
Бауыр мүктер класы екі қатарға бөлінген: Маршанциялар - Marchantiales, Юнгерманиялар - Jungermaniales.
Маршанциялар катары - Marchantiales. Маршанциялар мүктерінің 6000 түрі, 300 туысы белгілі. Бұл қатардың ең кең таралған және танымал түрі кәдімгі маршанция - Marchantia polimorpha. Ол солтүстік жарты шардың орман зонасында кең таралған (космополит). Денесі жіпшелі талломнан тұрады (қалындығы 1-2 см-ге, кейде 5-20 см-дей), дихотомиялы бұтақтанған, таллом шетіндегі оймақшада өсу нүктесі орналасқан, құрылымы дорзовентральды, талломның жоғарғы бетінде шығарушы бүршіктерінде сағақты аяғы бар диска пішінді антеридий және көпсәулелі жұлдыз пішінді архегониясы бар. Ал төменгі бөлігінде бірклеткалы ризоидтары (қарапайым және тілшік) және амфигастриялары болады. Екіүйлі өсімдік. Архегония мен антеридия дамығаннан кейін су арқылы ұрықтану жүреді, архегония қауашаққа немесе қорапшаға айналады, споралары диплоидты, элатера арқылы тарайды. Спорадан алғашқы жіп немесе протонема, ал одан жаңа маршанция дамиды. Практикалық манызы жоқ[4,97-б.].
Юигерманиялар катары - Jungermaniales. Неміс биологы Юнгерманның құрметіне юнгерманиялар деп аталған. 8 мыннан астам (қазір 5 мың) түрі және 195 туысы белгілі. Талломды және жапырақсабақты формалары да болады. Қоныржай және салкын ендіктерде таралған, бірақ негізінен тропикада кең тараған эпифиттер, эпифиллдер. Ішкі құрылымы өте қарапайым, дорзо-вентральды. Практикалық маңызы жоқ.
Мүктер класы - Musci. Бұлар кәдімгі радиальды құрылымды жапырақ сабақты мүктер. Шамамен 15700 түрі, 700 туысы белгілі. Екі жарты шардың орманды аймақтарында таралған. Дене мөлшерлері 1 мм-ден (эфемеропсис) 20-30см-ге дейін. Жаңа Зеландияда кездесетін доусонияның көлемі 60 см-ге жетеді. Мүктердін ішіндегі ен биігі - көкек зығыры, биіктігі 30-40 см. Тропикалық аймақта сирек кездеседі. Элатер түзбейді, бірақ ерекше аппарат - перистомы бар. Протонемасы жақсы дамыған.
Систематика тұрғысынан 2 класс тармағына бөлінеді: Сфагнум мүктері -Sphagnales, Жасыл мүктер - Bryales.
Сфагнум мүктер класс тармағы - Sphagnales. Сфагнум мүктерінің 300-350 түрі белгілі, ал оның ТМД елдерінде 42 түрі кездеседі. Негізінен солтүстік жарты шардың салқын аймақтарында таралған, онтүстік жарты шарда сирек кездеседі. Сфагнумдар ақшыл түсті мүк (ақ мүктер), түсі жапырағының ішкі құрылымының ерекшелігіне байланысты. Хлорофилл барлық клеткаларда емес, тек хлорофилл тасушы клеткаларда ғана болады, сондықтан ак мүктер деп аталады. Сфагнум суды өзінің салмағынан 37 есе көп жинайды. Сабақтары нәзік, шымтезек түзеді. Бұтақтарының 3 түрі бар: төбе, қосалқы, жанама. Жапырақтары ұсақ, бірқабатты. Ризоидтар тек жас формаларында болады, одан кейін мүк төбе нүктесімен өседі, ал төменгі қабаты өліп, шымтезек күйінде жинала береді (1000 жылда 1 метр шымтезек жиналады). Сондықтан бұл мүктерді шымтезек мүгі депте атайды (планетада қорға жиналған шымтезек көлемі 160 млрд. тоннаны кұрайды).
Сфагнум мүктерінен балауыз, парафин, қышкыл алады. Ол бактерицидті, гигроскопиялы, стерилді және сфагнол (бактерияға қарсы заттар) бөледі.
Жасыл мүктер класс тармағы - Bryales. Жасыл мүктердің 14 мыңнан астам түрі белгілі. Жер бетінің барлық аймағында таралған. Әсіресе, тундра зонасында олар жер бетін түтелдей жауып жатады. Сонымен қатар арнайы маманданған топ болып табылады[5,61-б.].
Спорофитінің құрылысы күрделенген (қауашақтың аяғы жақсы дамыған, колонкасы толық, ерекше аппараты - перистома бар, ол споралардың таралуына септігін тигізеді), протонемасы да күрделенген, жіпшелі, бұтақтанған. Ішкі құрылымы да күрделі (қарапайым өткізгіш шок-буда пайда болған (алғашқы буда, стель), жапырақтың ортаңғы бөлігі көп қабатты.
Негізгі өкілі көкек зығыры (Polytrichum commune), оның 100 -ден астам түрі белгілі, ал ТМД елдерінде 13 түрі кездеседі. Мүктің сыртқы пішіні зығырға, ал оның төбесінде орналасқан қауашағы отырған көкекке ұксайды. Сабактың жоғарғы бөлігіндегі жапырақтары жасыл, ал төменгі бөлігіндегілері - буырыл реңді. Топырақтағы тамырсабағы төселіп жатады, ал одан ризоидтар таралады. Дене мөлшерлері 10, 20-40 см. Бұл ТМД флорасындағы ең биік мүк. Ол екі үйлі өсімдік. Бір дараларының төбе ұшында антеридия дамыса, екіншілерінде архегония дамиды. Олар дамығаннан сон, тамшылы-сулы орта болған жағдайда ұрықтану процесі жүреді. Қауашағының үсті түкті қалпақшамен жабылған, қауашақтың ұзын аяғы бар, қалпағы және споралардың шашылуын реттеп отыратын перистом - тісшелері болады. Ылғалды күндері тісшелері жабылып қалады да қауашақ ашылмайды. Қауашақтың ішінде қақпакқа дейін жететін толық колонка бар, оның айналасында ерекше ілмешектерге ілінген каптәрізді спорангийлер орналасады. Редукциялы бөліну нәтижесінде гаплоидты споралар түзіледі. Қауашақ пісіп жетілгеннен кейін қалпағы түсіп қалады да, қақпағы ашылады, перистом тісшелері ажырап, эпифрагма жарылып споралар шашылады. Қолайлы жагдайға тап болғаннан кейін олардан жіпшелі бұтақтанған, торлы протонема дамып жетіледі. Протонемада бүршік түзіліп, одан жас мүк өсіп шығады.
Жасыл мүктердің практикалық маңызы: көпшілігі шымтезек түзушілер болып табылады, бірак шымтезек отын емес, тыңайтқыш ретінде қолданылады; жинақтаушы материал; малға төсеніш ретінде пайдалы; тіршіліксіз кеңістіктерде алғашқы тіршілік пионерлері. Сонымен катар, жер бетін түгел жауып топырақ аэрациясын нашарлатады, бұл топырақтың қышқылдануына әкеледі, ал ол өсімдік бірлестігіне зиянды эсер етеді[6,34-б.].

2.3 Псилот тәрізділер бөлімі - psilophyta

Псилот тәрізділер өліп біткен өсімдіктер, қазба түрінде белгілі, ең қарапайым алғашқы құрлық өсімдіктері. Дәрігер Макки 1912 жылы псилофиттерді Шотландияда, Райни ауылы маңында тапқан болатын. Ол тасқа айналған өсімдіктер тобына сипаттама беріп, маман болмағандықтан геоботаниктер Кидстон және Лангқа беріп жіберді. Олар бұл өсімдіктерді сипаттап (1917-1921 ж.ж.), оларға ат берді. Бұл риния, хорнофитон, астероксилон болатын. 1859 жылы Канадада псилофитон (жалаңаш, тегіс, түксіз) ашылды.
Псилот тәрізділер аласа, биіктігі 20-25 см-ге дейін, диаметрі 2-3 см, шөптесін өсімдіктер болатын, сабағы дихотомиялы бұтақтанган, спорангиясы сабақ ұшында дамыған, гаметофиті белгісіз, бұтақталған мүшесі ризомоид (горизонт), одан жоғарыға қарай сабақ көтеріледі, ал төменгі бөлігінде ризоидтары болады. Жапырақтары болған жоқ тек астероксиленнын сабағындағы өсінділер эволюция процесінің нәтижесінде жапыраққа айналған. Олар ылғалды, батпақты теніз жағалауларында кездескен. Гаметофиті белгісіз (гаметофиті жер астында дамып, саңырауқұлақтар жіпшелерімен селбескен деген болжам бар). 1937 ж. Ұлыбританияда Ланг жаңа силур дәуірінің соңында, шамамен 415 млн. жыл бұрын өмір сүрген қазба өсімдігі куксонияны ашты[7,65-б.].

2.4 Плаун тәрізділер бөлімі -lуcopodiophуtа

Плаун тәрізділердің барлық дене мүшелері болады (қосалқы тамыр). Оларға тең және әртүрлі споралы формалар тән. Ұсақ жапырақты - микрофильді тізбек бойынша дамиды. Даму циклінде спорофит басым. Систематикалық тұрғыдан плаунтәрізділер келесі қатарларға бөлінеді:
Плаунтәрізділер - Lycopodiales,
Селегинеллалар - Selaginellales,
Лепидодендрондар - Lepidodendrales және Изотталар қатары - Jsoetales.
Плаун тәрізділер қатары - Lycopodiales
Плаун тәрізділер жер шарының барлық ылғалды, көлеңкелі аймақтарында кең таралған көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Олардын 2 туысы белгілі.
Плаун туысының (Lycopodium) 500 түрі, ал филлоглесум (Phylloglossum) туысының бір ғана түрі белгілі (филлоглесум тек кана Австралия, Жаңа Зеландия, Тасманияда кездеседі). Плаундардың арасында ең кең таралған түрі - түйреуіш тәрізді плаун (Lycopodium clavatum).
Түйреуіш тәрізді плаун көпжылдық, мәнгі жасыл, шөптесін өсімдіктер, жатаған, өрмелегіш, дихотомиялы бұтақтанған сабағы (ұзындығы 3 метрге дейін) және одан тараған қосалқы тамырлары болады. Сабағы таспа тәрізді жапырақтармен тығыз жабылған.
Жаз мезгілінің ортасында жоғарғы вертикальды бұтақтарында споралы масақтары (көбінесе екеуден) пайда болады, сыртқы пішіні ағылшын түйреуішіне ұқсас (осыдан атауы шыққан). Споралы масағының құрылысы: ортасында өсі бар, оған спорофильдері бекінген (пішіні жұмыртка тәрізді үшбұрышты, ұшы үшкір). Спорофильдің жоғарғы бөлігінің негізінде бүйрек пішінді спорангиялары дамиды. Оларда редукциялық бөліну нәтижесінде тең споралылар пайда болады. Пісіп-жетілген споралары шашылып, су ағынымен топыраққа еніп, одан өскіншелер өсіп шығады. Түссіз, қосжынысты, жерасты микроскопиялық (2-3 мм) өскіншелері саңырауқұлақ жіпшелерімен селбеседі (саңырауқұлақ жіпшелерінсіз тіршілік ете алмайды) [8,37-б.].
Өскіншеде архегония мен антеридия түзіледі, сулы-тамшылы орта болған жағдайда ұрыктанып, диплоидты зиготадан ұрық пайда болады, ал одан жаңа спорофит -- плаун өсіп шығады. Спора 10-12 жыл дамып, өскінге айналады, ал ұрықтың дамуы 12-20 жылға созылады. Өзге плаундардың өскіндері жер бетінде дамиды.
Плаунның спораларын жинап фармакологияда пилюлаларды тасымалдау үшін сыртына себеді. Балалар ұнтағы ретінде де пайдаланады. Металлургияда фасон құюда, формалардың қабырғасына спораларды себеді. Көрмелерді сәндеп безендіруде қолданылады. Сонымен катар, спораларды фейерверк, бенгаль отын жасауда пайдаланады (споралар кұрамында 50%-ға дейін тез жанғыш, түтінсіз және иіссіз майлар болады).
Селагенеллалар қатары - Selaginellales. Селагенелалардың негізгі ерекшелігі әртүрлі споралылығы. Бір туыс селагенелла (Selaginella) 700 түрі белгілі. Тропикалық аудандарда кездесетін лианалардың ұзындығы 18 метр. ТМД елдерінін орман зонасында 8 түрі таралған. Дене мөлшері 1 мм-ден 10 см-ге дейін шөптесін өсімдіктер. Сабағы өрмелегіш, жабысқақ, жатаған. Селагинелла көпжылдык, шөптесін өсімдік, сыртқы пішіні плаунға ұксас.
Селагенелалардың ерекшелігі: ризофорлары болады. Ризофор - сабактағы жерге бағытталған жапырақсыз өсінділер, олардан қосалқы тамырлар өсіп жетіледі.

1-сурет. Плаундар -lуcopodiophуtа

Спорофилдер негізінде өсінді -тілшелер болады. Әртүрлі споралы. Аталық гаметофит 2 клеткадан тұрады, аналык гаметафит көп клеткалы. Сабақтың жоғарғы ұшында споралы масақтар пайда болады. Оның спорофильді өсінде споралары орналасады. Плауннан ерекшелігі: бір спорангияда - микроспорангияларда көптеген ұсак микроспоралар, ал басқа спорангияларда - мегаспорангияларда тек 4 ірі мегаспоралар түзіледі. Микро- және мегаспоралар масақта әртүрлі орналасады. Көбіне микроспоралар масақтың жоғарғы бөлігінде, мегаспоралар төменгі бөлігінде, немесе микроспоралар масақтың бір жағында, мегаспоралар екінші жағында, кейде олар ретсіз де орналасады.
Микроспоралар шашылады, редукцияланып, одан 2 клеткалы аталық өскінше өседі. Мегаспоралар қабықшасынан айырылмай, көпклеткалы аналық өскіншеге айналады. Аналық өскіншеде архегониялар түзіледі. Сулы орта болған жағдайда ұрықтану процесі жүріп, ұрық пайда болады, кейін одан селагинелла дамиды. Практикалык манызы жоқ.
Лепидодендралар қатары -- Lepidodendrales. Лепидодендралар түгелімен өліп біткен өсімдіктер. Таскөмір дәуірінде шарықктап дамып, пермь дәуірінің басы мен соңында өліп біткен. Биіктігі 30- 40 м, диаметрі 1 м биік ағаштар. Сыртқы пішіні пальмаға ұқсас. Сабақтары дихотомиялы бұтақтанған. Негізгі өкілдері: лепидодендрон және сигилерия.
Лепидодендралардың кейбір өкілдерінде тұқымға ұқсас бүрі болған, бірақ олардын тез жойылып кетуіне байланысты кәдімгі тұқым түзілмеген. Сабағының 10% - өткізгіш ұлпа, ал 90% - қабық бөлігі алып жаткан. Сондықтанда олар тез өліп біткен. Тең споралылар да, әртүрлі споралылары да болған.
Изотопсидтер қатары - Jsoetales. Изотопсидтердің көпшілігі өліп біткен, ал кейбір түрлері әлі күнге дейін тіршілік етеді. Қазіргі кезде полушник изоеттың (шильница) 64 түрі белгілі. Қоңыржай белдеу зоналарында таралған, Америкада кездеседі. ТМД елдерінде 2 түрі бар. Бұл су өсімдіктері. Практикалык маңызы жоқ. Лепидодендралардың арғы тегі болып табылады[9,73-б.].

2.5 Қырықбуын тәрізділер бөлімі - equsetophyta

Девон дәуірінен белгілі, ежелгі өсімдіктер, таскөмір дәуірінде өте жақсы өскен, ал одан кейін олардын жойылуы басталды. 1 туысы, 25 түрі бар. Ал БҚО-да 7 түрі, 1 туысы кездеседі. Тіршілік формалар: шөптесін өсімдіктер және ағаштар (өліп-біткен). Тең споралылар және әртүрлі споралылар. Микрофильді тізбек бойынша дамиды. Вегетативті мүшелерінің бәрі де бар. Жапырақтары ұсақ өзгеріске ұшырап редукцияланған бұтақтарға айналған. Қырықбуындар әлі күнге дейін тіршілік етіп келе жатқан өсімдіктер. Бір ғана туысы қырықбуын (Equsetum), 25 түрі белгілі. Жер шарының барлық бөлігінде таралған. Тек қана Австралияда, Жаңа Зеландияда, Тропикалық Африкада қырықбуындар кездеспейді. Биіктігі бірнеше сантиметрден 1 м-ге дейін (тек Оңтүстік Америкада ұзындығы 10-13 м қырықбуын - лиана (гигант) тіршілік етеді) көп жылдык шөптесін өсімдіктер.
Қырықбуынның сыртқы пішінінің негізгі ерекшелігі - сабағының буыннан және буын аралықтарынан тұруы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көк-жасыл балдырлар бөлімінің морфологиясы, көбеюі, таралуы, экологоясы
Қыналардың көбеюі. Қазақстанда таралуы, экологиясы
Хара балдырлар бөлімі
Төменгі сатыдағы өсімдіктер систематикасы
Балдырлардың экологиясының негізгі белгілері. табиғатта және адам өміріндегі маңызы
Көк-жасыл балдырлар
Мырзакөлсор сужинағышының балдырларының түрлік құрамы
Балдырларға жалпы сипаттама
Көк-жасыл, қоңыр және жасыл балдырлар
Балдырлардың қоршаған ортадағы орны мен маңызы
Пәндер