Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инженерлік-жоғары технологиялық колледжі

Өндірістік экономика пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қонақ үй бизнесін ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2020ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму тарихы ... ... ... ...5
1.2 Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.3 Қонақ үйдегі мейрамхана кешенінің қызмет көрсетудің теориалық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Қонақ үй бизнесін дамыту стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Қонақ үй шаруашылығының өзекті мәселелерін шешу жолдары ... ... ... ..24
2.3Жоғары сапалы қазақы нақыштағы заманауи мейрамхана құру ... ... ... ... .29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 33

КІРІСПЕ

Қонақ үй сферасы туризм саласының негізгі әрі құрамдас бөлігі ретінде қазіргі заманғы шарттарға сәйкес әлемдік экономиканың динамикалық дамушы секторы, әрі ақшаның құйылуының тиімді көзі болып табылады.
Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Үндеуінде: Біз бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыратын басым салалары бар бәсекеге қабілетті экономика үлгісін таңдадық, сөйтіп қазақстандық кластерлер жүйесін дамытудың бастамасын көтердік, - деп көрсетілген. Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, осындай басым бағыттағы қызмет салаларына қонақ үй шаруашылығы да жатады.
Қазіргі таңда қонақ үй бизнесі - бүкіл әлем бойынша миллиондаған табыстар әкелетін экономиканың қарқынды дамып келе жатқан саласы. Қонақ үй бизнесі бюджетке көп пайда әкелетін туристік бизнестің бір саласы болып табылады. Жылдан жылға елімізде қонақ үйлердің саны артып келеді. Қонақ үйлердің көбеюі бәсекені күшейтіп, қонақ үйлердегі көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырып келеді.
Қонақ үй бизнесі Қазақстан азаматтары мен шетелдік қонақтарды тұрғынжай, аспен қамтамасыз ететін және басқа да әртүрлі қосымша қызметтерді көрсететін маңызды сала болып табылады. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығы, халықтың әл-ауқатының өсуі, отандық нарыққа ірі халықаралық қонақ үй тізбектерінің келуі қонақ үй қызметтерінің қарқынды дамуы мен олардың сапасының әлемдік стандарттарға сай көтерілуіне септігін тигізді.
Бұл зерттеу жұмысымның мақсаты - Республикамыздағы қонақ үй бизнесін басқа дамыған және дамушы елдердің қонақ үйлерінің және мейрамханалық кешеннің даму деңгейімен салыстыра отырып, қазіргі әл-ауқатын, жағдайын көрсету, сонымен қатар, еліміздегі қонақ үйлердің қазіргі даму барысындағы кемшіліктеріне назар аудара отырып, алдағы уақыттағы даму жолдарын көрсету.
Қойылған мақсаттарға жету барысында келесі мәселелерді қарастырдым:
1. қонақ үй шаруашылығының тарихына шолу;
2. жалпы қонақ үйлердің түрлері, құрылымы бойынша түсіндірмелер;
3. еліміздегі қонақ үй бизнесінің қаржылық дағдарыс кезіндегі жағдайын қарастыру.
Қонақ үй секторы дамуының әлемдік үрдістері мен Қазақстандағы оның жай-күйінің арасындағы алшақтық шынайы резервтер мен потенциалды мүмкіндіктер болған жағдайда ұйымдастырушылық-экономикалық сипаттағы проблемалар кешенін шешуді талап етеді, ондай проблемалардың қатарына туризм инфрақұрылымының жеткілікті дәрежеде дамымағандығы, көрсетілетін қызметтердің деңгейі төмен болуы, көрсетілетін қызметтер сапасының баға деңгейіне сай келмеуі, қызметкерлердің біліктілігінің төмендігі, т.б. жатады. Аталмыш проблемаларды шешу үшін қонақ үй қызметтерінің қазіргі даму деңгейін талдап, тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу қажет.
Жұмыс құрылымы мен көлемі. зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің даму тарихы

Адам саяхаттауды бастағаннан бері үйінен алыс жерде жүргенде оған тынығып демалатын, тамақтанатын жер керек болды. Кез келген сұранысқа ұсыныс пайда болатыны сияқты сяхаттаушылардың бұндай қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған кәсіпорындар пайда бола бастады. Осындай алғашқы кәсіпорындарға ежелгі Грек және ежелгі Римдік таверналарды жатқызуға болады. Рим империясында қонақ үйлер классификациясы да болған, яғни орналастыруға арналған кәсіпорындар көрсететін қызметтеріне байланысты әр түрлі белгілермен белгіленген.
Ерте ортағасырларда саяхаттау қауіпті бола бастады. Бұл кезеңдегі саяхаттардың көп бөлігі діни туризммен байланысты болды. Әлемнің түкпір-түкпірінен өздерінің діндері бойынша қасиетті саналатын жерлерге саяхаттады.
Қонақ үй шаруашылығының дамуының келесі кезеңі Еурпадағы ат күшімен іске асқан пошталық және траспорттық желінің пайда болуымен байланысты. Пошталық жолдар бойында қазіргі мотельдерге ұқсас саяхаттаушыларды орналастыруға арналған кәсіпорындар орналасты. Сонымен қатар, онда тұру тәртібі де осы күнгі орналастыру орындарында бекітілген тәртіптерге ұқсас болды.
Қазақтар қонақ үй деп атап келе жатқан отель сөзі XVIII ғасырда Ресторан сөзімен бірге шыққан. Отель (hotel) сөзі латын тілінен ежелгі Римдік хоспитеумс сөзінің түбірінен пайда болған. Алғашында отель деп пәтерлері айға, аптаға, тіпті бір күнге тұруға берілген көп пәтерлі үйлерді атаған. Францияда қолданылған бұл сөз кейінірек Америкада да қолданысқа енді. Көптеген таверналарды отель деп атай бастады.
XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Америка мен Еуропаның ірі қалаларында жаңа миллионерлердің сұраныстарын қанағаттандыратын қымбат отельдер пайда болды.
Қонақ үй бизнесі индустриясындағы орналастыруға және тамақтанып демалуға арналған кәсіпорындар эволюциясын қарастыра отырып, тарихи жоспарға сай келетін адам қоғамының дамуын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
1. көне;
2. жаңа кезең;
3. қазіргі кезең;
Тарихшылардың көпшілігі көне кезеңдегі қоғамның дамуында алғашқы қонақ үйлердің пайда болуын айтады - қазіргі замаңғы қонақ үйлер мен мейрамханалардың жаңа үлгілері. Кәсіпорындар туралы айту - таверналар - біздің эрамызға дейін 1700 жылы жазылған Хаммурапи Вавилония патшасының кодексі болып табылатын көне манускриптілерде бар.
Керуен сарай жүйесінің кең тармақталуы Рим империясының аймақтарында жасалды. Көне Римдік керуен сарайлары қала мен ауылдың негізгі жол жағаларында бір-бірінен 25 миль (40,225 км.) шамада орналасты.
Көне Грецияда біздің эрамызға дейіңгі І-ші мың жылдықта таверна әлеуметтік және діндік өмірінің негізгі элементі болып табылады. Бірақ таверналарда саяхатшыларды орналастыру орны болғанымен, көбінесе олар тамақтану қызметін ұсынуға арналған. Сауданың дамуымен және оған байланысты ұзақ мерзімді жол жүру тамақтандыру қызметін ғана емес, сонымен қатар, түнеуді ұйымдастыруды талап етті. Осы жағдай - керуен сарай типті кәсіпорындардың пайда болуын болжады.
Рим мемлекетіндегі қатаң таптық құрылым қонақжайлық кәсіпорын қызметіне үлкен әсер көрсетті. Саяхатшыларды таптық көрсеткіштеріне қарай орналастырды. Еш уақытта жай халықтың көпестері, саудагерлері мен басқа саяхатшылары мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік хатшылар жанына орналастырылмаған. Осы жағдай керуен сарайдың сапасына әсер етті. Аристократ өкілдері мен мемлкеттік төрелерінің тоқтаған жерлері сәулет өнерінің тәртібімен құрылған және сол уақыттағы кең тараған қызметтерді ұсынған. Марко Поло Бұндай керуен сарайларда патша да тоқтай алады деген.
Керуен сарайлар мен таверналарда төмеңгі сословиялы азаматтарға арналған түнеу мен демалу қызметтері мимнимальды болған. Мысалы, өте көп жол жүретін саяхатшы сабанның үстінде ұйықтаған, ал тоңбау үшін атының жылы бүйіріне қысылып жатқан. Басқа қосымша комфорт туралы әңгіме болмаған.
Қонақжайлық кәсіпорындардың пайда болуына өте үлкен рөл көрсеткен, ол Жақын Шығыстағы, Азия мен Кавказ сыртындағы саудалар байланысының дамуы. Осы аймақтардан ұзын керуендер жылжитын ірі сауда жолдары өткен. Керуенге қатысушылардың түнейтін жерін ұйымдастыру үшін - сауда жолдарының жағаларында арнайы орналасатын пункттер құрылған, адамдарға және аттар мен түйелерге жайлар құрылған. Осының бәрі табиғи апаттардан (жауын, дауыл, жел, боран), ұры мен қарақшылардан және басқа қауіп қатерлерден қорғайтын дуалдармен қоршалды.
Қонақжайлық кәсіпорындардың дамуына орта ғасырдағы діндік дәстүрлер үлкен әсерін тигізді. Осы кезеңде киелі жерлерге қажылыққа баратын адамдардың саны бірден көбейді. Шіркеулер қажылық жасаушыларға түнейтін жерлер мен тамақтануды ұйымдастыруды монастырға міндеттеді. Осы уақытта да осыған ұқсас қызмет көрсететін жерлер пайда болды. Мысалы, Франкийстік патша, кейіннен Ұлы Карл императоры (742 - 814) шіркеулердің қорғаушысы VIII ғасырда қажылық жасаушының демалысына арналған үйлер ұйымдастырды.
Осындай үйлердің бірі, Ронсельваль шатқалында монастырлер өз қақпаларының алдында кең пейілмен күтіп алып, тегін нан, жеміс-жидек таратты, етікшілер қызметтерін ұсынды [10].
Саяхатшылардың тегін қызметін алуының кең тарауы жеке кәсіпорындарының дамуын тоқтатты. Англиядағы керуен сарайлардың және таверналардың дамуы орта ғасыр кезеңіне берілді, әсіресе Реформация кезінде ағылшын патшасы Генрих VIII монастырлердің секуляризациясын өткізгенде дамыды. Енді ел кезушінің еш қайсысыда монастырдың тегін тұрағын алуға мүмкіндігі болмай, жеке керуен сарайларында тоқтауға мәжбүр болды.
ХІІ-ХІІІ ғасырларда керуен сарайлар - алғашқы қонақ үйлер Ресейде пайда болды. Ол кезде олар, Ям деп аталды. XV ғасырда ям үкімінде болған, пошта станцияларында құрылды. XV ғасырда орыстың ірі қаласында керуен сарайлардың құрылысы жүрілді, олар орналастыруы мен тамақтанудан басқа коммерциялық операциялар жүргізуіне мүмкіндігімен ерекшеленетін. Сонымен қатар, қонақ үйде сауда қатарлары, қоймалары бар, бөлмелері жиһаздармен толтырылған. Қонақ сарайларында шетелдіктер ұлттық белгілеріне қарай орналастырылды. XV-XVІІ ғасырларда Новгородта неміс және голландиялық қонақ сарайлары болды, ал Мәскеуде - аглицкий, грек, армян және т.б. қонақ үй сарайлары болды [25].
ХІІІ ғасырда қонақ үй сарайлары Витебскте, Гродно, Брест, Слониме және басқада белорус қалаларында болды. Белорус көпестеріне арнап XV- XVІ ғасырларда арнайы қонақ үй сарайлары Брянск, Везьмя, Мәскеуде болды.
Орта ғасыр кезеңінде қонақжайлық кәсіпорындар қызметінің үдейуі, алғашқы мамандандыру ассоцияциясын құруы болды. Солай, 1282 жылы Флоренция мен Италия қалаларының трактирлері өзінің гильдиясын негіздеді.
Қонақжайлық кәсіпорындарының дамуына ерекше рольді АҚШ атқарды. Тарихшылардың ойынша, алғашқы керуен сарайлар Еуропадан кейін 1607 жылдан бастап пайда бола бастады.
Америка континентіне келген Еуропалық көшкіндер өздерімен қонақ сарайлардың құрылысы мен басқарудың тәжірибесін алып келді.
Сәулетшілердің көзқарасымен қарағанда, американдық қонақ үйлер еуропалықтарға ұқсас келіп, кішкене ғана ерекшеленді. Мысалы, адамдарды орналастыруға, таптық белгілеріне қарай дискриминация болған жоқ. Әлеуметтік қызметті атқаратын еуропалық кәсіпорындарға қарағанда американдық қонақ үй сарайлары коммерциялық бағытта болды, пайда табу мақсатында құрылды.
Ең алғашқы АҚШ-тағы қонақ үй Нью-Йорк Бродвейіндегі 70 бөлмелі Сити-отель болды. Бұл мәнді оқиға 1794 жылы болды. 1829 жылы Бостонда Тремонт отелі ашылды - АҚШ-тағы алғашқы классты отель - коридорлы, тіркелетін орнымен, әр номерде құлпы бар және қонақтарға арналған тегін сабын болды. Бұндай отельдің ашылуы қонақжайлықтың бастамасы болып, ең алғашқы АҚШ-тың Шығыс, кейіннен Оңтүстік жағалауларындағы қалаларға жайылды.
ХІХ- ғасырдың аяғында бұд жерде қонақ үйлер екі типті болды. Біреулері үлкен және сән-салтанатты, кей біреулері кең вестибюльді, балға арналған зал, лифт, сантехника, электрожарығы және де бір қатар басқа ыңғайлығы бар архитектуралық шедевірлі болды. Басқалары - төмен бағамен ұсынушы кішігірім және ескірген.
1898 жылы Лондонда Савай отелі ашылды. Оның басқарушысы атақты Цезарь Ритц (қазіргі уақытта Ритц-Карлтон отельдері оның атымен аталған).
Шетелде ХІХ-ХХ ғасырларды қонақжайлық индустриясы қажетті саланың біріне айналды. Қонақ үйдің құрылысымен, кадрды дайындаумен, баға қою мәселелерімен қонақ үй бірлестіктері, синдикаттар, акционерлік қоғам, корпорациялар айналысты. 1906 жылы әлемнің әр елінің 4700 қонақ үйдің иелерімен бірлескен халықаралық қонақ үй иелерінің бірлестігі ұйымдастырылды.
Ресейде 1910 жылы қонақ үй сарайлары мен номерлі трактирлерді санамағанда, жеке иелікте болған 4685 қонақ үйлер тіркелген. Ең атақты қонақ үй Метрополь қонақ үйі, ол Мәскеуде 1897-1907 жылдары Петербургтік акционерлік қоғамымен құрылған Люкс қонақ үйі (Филиппов мәскеулік науайшы - негізшісі), Шевальдышев қонақ үйлері Еуропа, Париж және тағы басқалар [25].
Соңғы он жылдықта дамыған қонақжайлық индустриясындағы кәсіпорындар тенденциясын келесілерді айтуға болады:
1. қонақ үй ұсынысының мамандандырылуының тереңдеуі;
2. халықаралық қонақ үй шынжырларының пайда болуы;
3. кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы;
4. жаңа компьютерлік технологияның қонақжайлық индустриясына енуі;
Соңғы уақытта дәстүрлі толық сервисті отельдермен қатар, қызметтері қысқартылған мамандандырылған кәсіпорындар пайда бола бастады. Кәсіпорындардың мамандануы әр түрлі болуы мүмкін. Қонақ үйлер қызметі анықталған туристік нарық сегментімен бағыт алады: мысалы, өз демалыстарын гольф ойындарына, шаңғы тебуге арналған клиенттерге, жәрменкеге, конгрестерге, көрмеге келген туристерге арналған.
Қонақжайлық кәсіпорындарының мамандануының тереңденуі халықырылық шынжырлардың қажетті тенденцияларымен өзара байланыста, олар жоғары қызмет ету стандартын жылжытуда және өңдеуде үлкен рөл атқарады.
1.2 Қонақ үйлер туралы жалпы мағлұмат

Қонақ үй шынжырларына кіретін әр қонақ үй типтерінің өз маркасы бар. Фирмалық атаулары бар компаниялардың артықшылығы, ол бір қонақ үй шынжырларының қызметімен қолданатын тұтынушылар алдын-ала қызметтің және орналастыру сапасын біліп отырады. Бұндай жағдай, қонақ үй шынжырларына жаңа қонақ үйдің ашылуына жарнама жүргізуге және броньдалуға үлкен көмек көрсетеді, себебі тұтынушылар қай жерде болсада атақты маркалы қонақ үйге сеніммен келеді. Тәжірибе көрсеткендей, қонақ үй шынжыры әлі жаңа қонақ үйдің ашылмас бұрын орын броньдауды жүргізе береді.

Сурет 1. Қонақ үй ұсынатын қызметтердің жіктелуі
Ескерту - Мәліметтер [26] негізінде автормен ұсынылған

Қонақ үй бірлестіктері мен қонақ үй шынжырларының пайда болу тенденциялары соңғы жылдары ТМД мемлекеттерінде байқалады. 1997 жылы Мәскеуде алғашқы ресей қонақ үй шынжыры - Норд отельдің ашылуы, Мәскеудің Солтүстік Батыс округіндағы ұйымдастыру-құқықытық формалары он екі қонақ үй кәсіпорындардың бірлесуін көрсетті, олар Алтай, Байкал, Восток, Восход, Заря, Звездная, Золотой Колос, ММК Молодежный, Останкино, Саяны, Турист, Ярославская, ГЛО Москва (Мәскеуде 25% қонақ үй орындары). Ұйымдастырушылық-құқықтық формалары Норд-отель жабық акционерлік қоғам [25].
90-шы жылдардың басынан бастап құрылыста, реконструкцияда және де қонақ үй басқаруында Ресейде халықаралық қонақ үй шынжырлары да қатысты (Қосымша А).
Қонақ үй шынжырларынан басқа әлемдік туристік нарықта мамандандырылған бірлестіктер белсене қызмет жасауда, олардың негізгі мақсаты - қонақ үй бизнесінің өкілдерінің ең жақсыларын біріктіру. Мысалы, 1928 жылдан бастап Алдыңғы қатарлы әлем отельдері атты халықаралық корпорациялар ең үздік әлем отельдерін анықтау жұмысын жүргізді. Ол өзінің арнайы каталогында жылда ең үздік кәсіпорындарды басылымға шығарады. Осыған ұқсас жұмысты 30 жыл көлемінде Әлемнің айрықша отельдері мен курорттары атты халықаралық ұйым жұмыс жүргізуде. 1968 жылдан бастап Әлемнің ең танымал отельдері атты халықаралық қонақ үй ассоциациясы жұмыс жасауда, олардың штаб-квартирасы Парижде. Бұл ассоциацияға кіргенде үш келесі критерийлермен бағаланады:
1. табиғи және қоршаған ортаның жағымдылығы;
2. ғимараттың жайлылығы мен қонақ үй интерьерінің пішінінің ерекшелілігі;
3. заманның талабына сай жауап беретін қонақжайлық пен керемет асхана;
Еуропада қонақ үй шынжырларының және жеке қонақ үй ассоциациясының қызмет мәселесінің координациясын еуропалық экономикалық бірлестігіндегі қонақ үйлердің ұлттық ассоциациясының Конфедерациясы айналысады (ХОРТЕК).
Қонақ үй шынжырларына кіретін әр қонақ үй типтерінің өз маркасы бар. Фирмалық атаулары бар компаниялардың артықшылығы, ол бір қонақ үй шынжырларының қызметімен қолданатын тұтынушылар алдын-ала қызметтің және орналастыру сапасын біліп отырады. Бұндай жағдай, қонақ үй шынжырларына жаңа қонақ үйдің ашылуына жарнама жүргізуге және броньдалуға үлкен көмек көрсетеді, себебі тұтынушылар қай жерде болсада атақты маркалы қонақ үйге сеніммен келеді. Тәжірибе көрсеткендей, қонақ үй шынжыры әлі жаңа қонақ үйдің ашылмас бұрын орын броньдауды жүргізе береді.
Қонақ үй шынжырларының санды өсуі, олардың қосылуы мен бірігуі демалыс және қызмет ұсынысының көп түрлілігі туралы қате ой туғызады. Бірақ тәжірибеде теріс тенденциясы байқалады: шынжырлардың таралуы туристің түрлі талаптарын қанағаттандыра алмайды, сол себептен бірігейлігімен және қайталанбастығымен ставка жасайтын кіші жеке қонақ үйдің дамуына жол береді. Дәл осындай қонақ үйлер ХХІ ғасырдың түп тұлғасы деп мамандар есептейді: комфортабельді, ауылды стильде құрылған және демалыс пен жұмыс жасауға қажетті төмен бағамен ұсынатын қызметтерді клиенттерге персоналдар жеке көрсете алатыны. Дәл осындай қонақ үйдің бірігейлігі нарық саясатының негізгі аспабы болып табылады.
Тәжірибеде көрсеткендей кіші қонақ үйлер көбінесе - ол тәүелсіз жеке қонақ үйлер, басқаша айтқанда бос иелікпен, өкімділігімен және жеке қолдануымен пайда табу мүмкіндігі.
Соңғы он жылдықта қонақжайлық индустриясына жаңа компьтерлік технологияны енгізуден кәсіпорынның өнімділігі, ұйымдастырушылық жағдайы мен кәсібилігі көтеріліп, қонақ үй бизнесі түбірімен өзгерілді, кәсіпорын иелері бір қатар проблемаларын шешіп, клиенттерге көп ыңғайлы жағдай жасай алды.
Қазір әлемде мотелдерді қосқанда 300 мыңнан астам қонақ үй бар. Олардың әр түрлілігі бір қабатты қонақ үйлерден 88 қабатқа дейін, жүзіп жүретін және су астында орналасқан, кішігірім (бірнеше нөмірлі) және үлкен (бірнеше мың нөмірлі), арзан (бір күні 20-30 доллар тұратын) және қымбат (бір күні бірнеше мың доллар тұратын), ойын-сауыққа арналған казино-қонақ үйлер мен оңаша орналасқан тыныш қонақ үйлер және тағы басқа болып бөлінеді.
Қолданушылардың түрлі қажеттілігін икеміне келтіріп, қолданбалы бағдарлама пакетін өңдеуге ынталануы тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырылуы стимул болды. Осындай бағдарламаның бірі Қонақ үй бағдарламасы болып табылады. Бұл туристерді қабылдау, орналастыру, тамақтандыру және қосымша қызметтерді технологиялық процесспен локальды автоматизациялануына арналған [49].
Берілген бағдарлама келесі блоктардан тұрады:
1. автоматталған жұмыс орны Портье;
2. мейрамхана жүйе асты;
3. қойма жүйе асты;
4. техникалық қызмет көрсету жүйе асты;
5. бухгалтерлік есеп жүйе асты;
6. портье автоматталған жұмыс орнының келесі қызмет түрлері:
7. номерлік қордық толу болжамы;
8. резервлеуден алған мәліметтерді енгізу;
9. демалушы және туристердің жоспармен келушілердің орнын броньдау;
10. қонақтың келуін ресмилеу;
11. туристер мен демалушыларды тіркеу;
12. көшіру;
13. бөлек топқа және демалушылар туралы мәлімет беру;
14. тұрғындармен есеп айырысу;
15. төлеуді және кетуді бақылау;
16. демалушы мен ұйымдасқан топ туристердің кетуін есепке алу;
17. қонақ үйде тұратындарды есепке алу және анықтама беру;
18. қонақ үй жұмысы туралы және оның негізгі бөлімдерінің құжаттарын есептеу;
19. алмастыру бойынша персоналдардың жұмысын бақылау журналын жасау.
20. мейрамхана жүйе астының келесі іс-әрекеттерінің автоматизациялануы:
21. туристердің және демалушылардың тамақтануының ұйымдастыру кестесін жасау;
22. тапсырыстың мәзірін жасау;
23. өнім шығаруды басқару;
24. қызмет көрсетуді басқару;
25. жеке тапсырысты есептеу;
26. есептесу операцияларын және т.б. жүргізу.
27. техникалық қызмет көрсету жүйе асты келесілерді қолданады:
28. номерлік қордық ағымды жағдайын қолдану;
29. номерлерді реконструкциялау және жөндеуді жоспарлау;
30. инженерлі жүйесін және коммуникациясының (энерго-су, газо-, жылу беру, лифт шаруасы, теле-, радио-, видеокоммуникациясы) ағымды жағдайын анализдеу;
31. техникалық қызмет және хабарлама жүйе мен коммуникация жөндеуінің кестесін өңдеу;
32. қонақ үйдегі санитарлы-гигиеналық нормаларын бақылау мен қамтамасыз ету (температура, ылғалдық, шу денгейі, жарық және т.б.);
Тоқтаусыз жұмыс істеу үшін қонақ үй және мейрамханаларға өндірілетін және сатылатын тауар түрлеріне қажеттілікті нақтылы анықтау керек, бұл қоймадағы тауар түрлері туралы хабарлама жүйесінің жұмысы дұрыс қойылғанда ғана осындай мүмкіндік туғызады. Бұндай хабарламаны Қойма бағдарламасы қамтамасыз етеді.
Бухгалтерлік есеп бағдарламасы бухгалтерлік бөлімнің барлық іс-әрекеттерін жүзеге асыратын бағдарлама комплексі: негізгі құрамдар (қор) есебі, материалдық құндылық, тауар, ақша құралдары мен қаржы-есеп операциялары, ақы есептесуі, бухгалтерлік жинағы мен есеп.
Қонақ үй кәсіпорындарында бір қатар қолданбалы бағдарлама қолданылуы мүмкін (Басқарушы, Сымтетік анықтамасы, Іс жүргізу ісі, Кадрлер, маркетинг және т.б.) [49].
Қонақ үй қызметінде Интернет глобальды торлардың интегралдауы, халықаралық броньдау және резервтеу жүйесінің мүмкінділігін қолдану үлкен мағынасы бар.Ондай жүйелерге "AMADEUS", "Worldspan", "Galileo", "Sabre", "Fidelio Hotel Bank" кіреді.
"AMADEUS" басқа жүйелерге қарағанда, ең атақты компьютерлік броньдау жүйесі болып табылады, ол халықаралық қызмет санын көбейтеді. "AMADEUS" Hotels ең соңғы мезетіне дейін орналастыру туралы түзетілген, дәл хабарлама берілген, бұл жүйе 35000 отель туралы мәліметтерді барлық әлемде көрсете алады. Ол қонақ үйдің орналасқан жерін, бос орынды, қызмет түрін және бағасы туралы дәл мәліметтерді береді.
Ресей Федерациясында 1995 жылдың желтоқсан айынан бастап Ключ жүйесі эксплуатацияға кірді. Ол Ресейдегі қырықтан астам қалалардағы, ТМД және балтика елдеріндегі орналастыру орындарын броньдау қызметін ұсынды.
Ресей нарығында, сонымен қатар Туринтел фирмасы өңдеген броньдау және резервтеу жүйесі жұмыс істейді, олар негізгі халықаралық жүйеге Аримсофт жүйесімен өңделген "AMADEUS", "Galileo", "Sabre" және "Тур Резерв" жүйесіне шыға алады .
Қонақ үй қызметін броньдау бөлімі глобальды компьютерлік Интернет торында да бар. Соның ішінде ең атақты болып табылатын Travel Web, ол 1996 жылы американдық "Pegasus Systems" компьютерлдік компания ашты. Travel Web әлемдегі 94 ел туралы, алдыңғы қатарлы қонақ үй шынжырлары туралы, 200 авиакомпания туралы мәлімет береді. Сонымен қатар, ол отель мен авиарейс туралы ізденуге ыңғайлы жүйе.
Қонақтарға қызмет көрсетудің технологиялық циклдің жүзеге асыруына қонақ үйде негізгі қызметтер қарастырылған:
1. броньдау;
2. қызмет көрсету;
3. қабылдау және есептесу бөлмесі;
4. номерлер қорының эксплуатациялау қызметі. Бұл қонақ үй қызметінің негізгі минимальды қызметтер түрі;
Түрлі типті және түрлі сиымдылығы бар қонақ үй кәсіпорындарында қызмет саны жоғарыда айтылғандай көп немесе аздау болуы мүмкін. Олардың функциялары түрлі болуы мүмкін. Мысалы, ірі қонақ үй комплексінің құрамындағы броньдау және қызмет көрсету қызметі - өз бетінше құрамдас бөлімі. Кіші және орта кәсіпорындарындағы клиенттерге қызмет көрсету мен броньдау функциясы қабылдау және орналастыру қызметінің қызметкерлері атқарады. Сонымен қатар, ол маркетинг, инженер-эксплуатациялық, қаржы-бухгалтерлік, коммерциялық бөлімдеріне де қатысты.
Кейбір қонақ үйлер қонақтың броньдаған орнын өзіне беруден бас тартып, моральды шығынына компенсация жасамайды. Бірақ кейбіреулер басқа қонақ үйден бірнеше тәулікке орын тауып, кейіннен қонақтың осы жерге қайтып келуіне жағдай жасайды. Олар, осы өзгертілген мәселелерді туыстарына хабардар етуіне, қонаққа сымтетікпен тегін сөйлесуге рұқсат береді. Клиенттің басқа қонақ үйде амалсыздан тоқтағаны үшін, менеджерлер оған келесі қайтып келгенде нөмірді бірнеше тәулікке тегін ұсынады.
Қонақ үй шынжырларының кең дамуы, орталықтандырылған броньдау жүйесі жаңа жүйені құрды. Нәтижесінде, нөмірлік қордың 60-70 % компанияның орталықтандырылған броньдау жүйесінің бақылауына кірді. Қалған орындар қонақ үйдің өзінде тікелей броньдалады. Қонақ үйдегі мұндай жүйенің артықшылығы, ол - клиенттерді тартуға күш салуын жеңілдетеді.
Қонақтардың көзқарасы бойынша, қызмет көрсету қажетті орын алады. Себебі, персоналдар клиенттермен тікелей қарым-қатынас жасап, клиенттердің барлық сұранысына қызметін көрсетеді. Қызмет көрсету жұмысын менеджер басқарады.
Менеджер адамгершілік тұрғысынан қарағанда өте ақылды, жоғарғы мәдениетті, өз ісінің шебер маманы болуға тиіс. Ол өзіне басты мақсат етіп жеке басына табыс табуды қоймауға тиіс, оның басты мақсаты қонақ үйдің клиенттеріне жәрдемдесу. Оған жоғарғы сапалы қызмет көрсету менеджердің негізгі міндеті. Себебі қонақ үйдің негізгі табысы клиенттерден түседі. Егер клиент көп болса, табыс та көп болады. Ол үшін қонақ үй қызметкерлері клиентке сапалы қызмет көрсетуге тиіс.
Менеджердің қызметі басқару қызметіне жатады. Ол үнемі қонақ үй қызметкерлерінің жұмысын жоғарғы сапада ұйымдастыруға тиіс. Қонақ үй қызметкерлері менеджердің ой пікірін толық түсінгенде ғана онымен бірлесіп жұмыс істей алады. Қонақ үй қызметкерлері тұтас бір командаға айналып жұмыс істесе, сонда табысқа жете алады. Менеджерлердің барлығы бірдей мұндай команда құра алмайды. Менеджердің қызметін бірнеше саладан талдап көрелік. Олардың қызметіне еш уақытта қонақ үйдің типі және келіп жатқан клиенттердің немесе қонақтардың түрлері тікелей әсер етпеуге тиіс. Менеджердің басты қызметіне мыналарды жатқызсақ болады:
1. басқару шешімін дайындау, қабылдау оны жүзеге асыру, бұл менеджердің басты қызметі. Менеджер шешім қабылдауға құқығы бар, бірақ қабылдаған шешімінің дұрыстығына жауап береді;
2. хабарламалық қызметі бар. Дұрыс шешім қабылдау үшін менеджер үнемі өзінің кәсіптік білімін көтеріп, жан жақтан келіп жатқан түрлі хабарлармен жұмыс істеп отыруы керек. Кім көп хабарға ие болса, сол әлемді билейді деген қағида қонақ үй менеджері үшін басты қағида. Егер менеджер өзі қабылдаған хабарды дұрыс талдай біліп, өзінің қонақ үйіне керектігін таңдай алса, онда оның жұмысы табысты болады;
3. бүкіл қонақ үй қызметкерлерінің жұмысқа деген ынтасын дұрыс жолға қою - бұл да қонақ үй менеджерінің басты міндеттерінің бірі, себебі ол басшы.
Қонақ үй администраторы бұдан кейін визит картасын (қонақ картасын) толтырады. Бұл құжатпен қонақ өзінің жататын жеріне кіріп шығуға және кілт алуға құқық алады. Ол тек бір-ақ дана ретінде толтырылады. Онда қонақтың аты жөні, бөлменің нөмірі және тұратын уақытысы көрсетіледі. Көптеген қонақ үйлер визит карточкасын жарнамалық бет ретінде пайдаланады. Оған қонақ үйдің сыртқы көрінісі, оған келетін жолдар, транспорт түрлері, көрсетілетін қосымша қызмет түрлері тағы басқа мәліметтер енеді. Осы тіркеу жұмыстары біткеннен кейін қонақ үй қызметкері қонақты нөміріне дейін ертіп алып барады. Қонақ өзінің жүгін көтеріп бармауға тиіс. Оны арнаулы жүк тасушы жеткізеді. Жүктер бір бірімен араласып жоғалып кетпеуі үшін оған да қонақ үйдің аты жазылған арнаулы талон бекітіледі. Талонда оның иесінің тұратын бөлмесінің нөмірі көрсетілген. Сол арқылы жүкті жеткізіп берушілер жүкті адаспастан нөмірге дейін жеткізеді.
Кейбір қонақ үйлерде келушілер үшін, іскер адамдарға арнап бизнес орталық ұйымдастырылады. Ол тұтынушының жұмысы мен кәсіптік араласуы үшін жағдай жасайды. Бұл жерде аудару, құжаттарды қағазға басу, компьютерлік қызмет жасалады. Орталық теле және проекциялық аппаратурасымен жабдықталады. Тұтынушының нөміріне оған келіп жатқан құжаттар мен түрлі қағаздар корреспонденция жеткізіліп тұрады.
Қонақ үй әр түрлі инженерлік жабдықтармен қамтамасыз етілуі тиіс. Оны жұмыс жағдайы жасақталған қажетті технологиямен қамтамасыз етіледі.
Қонақ үйлік және туристік бизнестің негізгі кәсіпорындарына келесілер жатады: қонақ үйлер және өзге де орналасу жайлары, жолаушылар көлемі, қоғамдық тамақтану орындары, экскурсиялық қызметі ұсынатын және аудармашы гидтердің қызметін ұсынады.
Қонақ үй туристік кәсіпорындарының барлығын негізгі іс - әрекетін қызмет көрсету біріктіреді. Жеке алғанда, орналастыру, тасымал, туристердің тамақтануы және басқа қызметтер жиынтығы, ресторандар үшін - туристерге тамақтану қызметін көрсетуге құқығы және туристерді тасымалдау жатады. Туристік қонақ үйде белгіленген талаптар бар. Олар денсаулық пен өміріне қауіпсіздік қамтамасыз ету, экологиялық тазалығы, саялығы, эстетикалығы болады. Қонақ үй кәсіпорындары өзі өндіретін өнімді жүзеге асыруға болатын негізгі өндірістік әрекетті, орналастыру қызметін, тауарлар мен қызметтерді сату іс әрекеті, қосымша билеттерді сату сияқтыларды іске асырады.
Жұмыс істейтін персоналдар саны бойынша, бұл қызмет қонақ үйдің ең ірі қызметі болып табылады. Отель қызметкерлерінің 50% осы қызметтерді атқарады.
Нөмірлік эксплуатациялау қызметін менеджер басқарады, оған қабат бойынша кезекшілер, супервайзерлар, жинаушылар, стюардтар мен кейбір жұмысшылар категориялары бағынады.
1.3 Қонақ үйдегі мейрамхана кешенінің қызмет көрсетудің теориалық аспектілері

Сурет 3. Қонақ үйдегі аспен қамту процесі
Ескерту - Мәліметтер [25] негізінде автормен есептелген

Мейрамхана (ор. ресторан, франц. restauer - көңіл-күйін қалпына келтіру,
тамақтандыру) - қонақтарға түрлі тағамдарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ фирмалық және даярлануы күрделі тағамдардың ауқымды мәзірін ұсынатын тамақтандыру мекемесі болып табылады.
Қонақ үй кешендерінің құрамында бірнеше мейрамханалар болуы мүмкін. Көптеген таңдаулы қонақ үйлердің құрамында екі мейрамхана болады. Олардың бірі жоғары дәрежедегі фирмалық болса, екіншісінің ұсынатын тағамдары мен сусындарының бағасы төмендеу болады.Қонақ үйлердегі мейрамханалар қонақ үй меймандары мен қатар қала тұрғындарына да қызмет етеді. Мейрамханалық бизнес - қона?тарды арнайы орында тамақпен, сусынмен қамтамасыз ететін, гигиена және заң талаптарына сай қызмет көрсетуді ұйымдастыру болып табылады.
Мейрамхана дербес түрде немесе қонақ үй құрамында қонақтардың гастрономиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында тамақ түрлерін дайындап ұсынады. Бұл қызмет түрінің экономикалық мақсаты пайда табу. Қонақтардың демалысы мен көңіл-күйін көтеруді ұйымдастыру мейрамхананың негізгі міндеттерінің бірі. Адам өмірінде демалу және көңіл көтеру маңызды да қажетті.
Демалыс - адамның шаршағанын басатын, психикасын, қуатын және интеллектулдық күйін қалпына келтіріп дамытатын психофизиологиялық процесс болып табылады. Демалыс тек шаршағанды басып ?оймай, сонымен қатар күнделікті өмірдің жағымсыз жақтарынан да арылтатын шара. Демалыс әр түрлі ойын-сауық түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Ойын-сауық - қона?тың көңіл-күйін көтеретін, шаттыққа бөлейтін қызмет түрі. Ойын-сауық түрлері негізінен қонақтың психологиялық тұрғыдағы талғамдарына сай және әр түрлі эмоциялық деңгейде өткізіледі, адам көңілін шаттыққа бөлейді. Қызы?ты ойындар, әзіл-сысқақ, қалжың - адам сезімдерін оятады. Ойын-сауық шараларының негізгі мақсаты қонақтардың көңіл-күйін көтеріп, қуаныш пен шаттыққа бөлеу. Мейрамханаға келген адамның көңіл-күйі көтеріліп жақсы әсер алуы керек.
Мейрамханадағы көңіл-күй. Мейрамхана қонақжайлылығын арттырып, меймандар контингенті мен олардың керекті мәдени және әдептілік деңгейін сақтау үшін қажетті атмосфераны ұйымдастыру керек. Мұндай шаралар қонақтардың тәртібі мен әдептілігі қажетті деңгейде болуын қамтамасыз етеді. Кеше ғана салонды мейрамханада әсем де жарасымды киім де кездескен қона?тар, ертеңгі күні джинси киіп және өздерін басқаша ұстап бар, кафелерде кездесуі әбден мүмкін. Мейрамханадағы кез-келген бағдарлама режиссурасының негізгі мақсаты көрермендердің (тыңдаушылардың) көңілінен шығатын көркемдігі жоғары атмосфера ұйымдастыру болып табылады.
Бұл бағыттағы мүмкіндіктер шексіз деуге болады.
Мейрамханадағы көңіл-күй:
1. салтанатты;
2. мерекелік;
3. іскерлік;
4. мәртебелі;
5. қатаң;
6. лирикалық;
7. ойын-сауық, қалжынды;
8. отбасылық болуы мүмкін;
Бір кеш ішінде көңіл-күй бірнеше рет өзгеруі ықтимал. Қонақ, мейрамханадағы көңіл-күйді табалдырықтан аттай сала сезінеді. Қонақтың мейрамханада қалуы, тапсырыс беруі немесе отыру ұзақтығы оны қалай қарсы алғанға байланысты. Алғашқы қонақтарды қарсы алу кезінде қажетті көңіл-күйді орнату өте маңызды. Мейрамханаға бірінші рет келген ?онақтар бос қонақжайда отырғанды ұнатпайды. Бос қонақжай көбіне көңілсіздік туғызады. Сондықтан кейбір шетелдік мейрамханалар бос қонақжайда отыратын арнайы адамдар жалдайды. Көбіне көңіл-күй сипатын қонақтарды күтетін даяшылар қамтамасыз етеді. Егер даяшылар қонақты көңілді қарсы алып, дәмді тағамдар жеп, көңіл көтеріп, демалатындығына сендіре алса, онда ол еш күмәнсіз шақыруды қабыл алады.
Мейрамханалар қызмет көрсету деңгейіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Өздігінен тамақтану мейрамханалары. Мұндай мейрамханаларда даяшылар қызмет көрсетпегендіктен тамақтану бағасы төмен болады. Өздігінен тамақтану мейрамханалары қаланың іскерлік орталықтарында орналасады және мұнда негізінен ұза? уақыт бойы тамақтануға уақыты жоқ адамдар келеді. Мұндай мейрамханалардың ішкі құрылымы, жиһазы және интерьері қызмет көрсету деңгейіне сай ерекшеленеді. Ең алғаш бұл түрдегі мейрамханалар Америка штаттарында ашылған.
Кафе - қонақтарға тағамдармен сусындардың, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдердің және т.б. шектелген мәзірін ұсынатын тамақтандыру кәсіпорны. Кафелерде ойын-сауық бағдарламалары да ұйымдастырылады. Қонақ үй жанындағы кейбір кафелер күндіз-кафе, ал кешке бар ретінде қызмет көрсетеді. Мұндай кафелерде кешке дискотека ұйымдастырылады.
Диско-барлар жеке немесе қонақ үйлердің жартылай жертөлелерінде орналасуы мүмкін. Мұндай барларда жастардың демалысы оркестрлердің, әншілердің және актерлердің қатысуымен ұйымдастырылады. Мұнда қонақтарға түрлі бутербродтар, кондитерлік өнімдер, сусындар ұсынылады. Диско-барлардың залдары заман талабына сай әзірленедір. Би алаңының едені түрлі-түсті паркеттен жасалып, арнайы жарық көздерімен жабдықталады. Диско-барларда слайдтар көрсету үшін үлкен экрандар қойылады және өте қуатты музыкалық аппаратурамен, теледидармен және видео аспаппен жабдықталады. Музыкалық бағдарламаны диск-жокейлер жүргізеді.
Кафетерий - шәй, кофе, какао, ыстық шоколад сияқты ыстық сусындарды, сүт және сүт өнімдерін, бутербродтар мен дайындалуы жылдам кондитерлік және басқа жеңіл тағамдарды сатуға мамандандырылған тамақтандыру кәсіпорыны.
Асхана - көбіне курорттық қонақ үйлерде орналасқан және табысы әр түрлі деңгейдегі адамдарды тамақтандыруды қамтамасыз ететін тамақтандыру кәсіпорыны.
Буфет - кулинарлық өнімдерді, жартылай фабрикаттарды, сондай-ақ ыстық және салқын сусындарды сатуға арналған тамақтандыру мекемесі.
Қонақ үй комплексінің құрамындағы тамақтандыру мекемелерінің барлық түрі, тағамдар мен сусындардың белгілі бір ассортиментін сатып, қонақтарға белгілі бір дәрежеде қызмет көрсетеді. Қызмет көрсетудің деңгейлері:
1. даяшылардың толық қызметі;
2. буфетшілердің қызметі;
3. даяшылардың толымсыз қызметі;
4. өзін-өзі күту;
Қонақтарға ұсынылатын тағамдар мен сусындардың ассортименті бойынша тамақтандыру кәсіпорындары категорияларға бөлінеді:
1. толық сервис;
2. арнайы;
Қызмет көрсету деңгейіне қарай тамақтандыру кәсіпорындары мынадай категорияларға бөлінеді:
1. люкс;
2. жоғары;
3. бірінші;
4. екінші;
5. үшінші;
Мейрамханалық бизнесті ұйымдастыру кезінде мейрамхананың түрі анықталады. Қазіргі кезде мейрамханалардың мынадай түрлері бар:
1. салондық;
2. ұлттық, фольклорлық;
3. арнайы;
4. интерьерлік;
5. музыкалық;
6. концерттік;
7. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй кәсіпорындарда жарнама қызметінің жетілдіру жолдары
Туристік өнім және оның түрлері, өнімді қалыптастыру
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Туризмдегі ақпараттық технологиялар
Жарнамалық жариялаудың түр
Қонақ үй бизнесінің қалыптасуы мен дамуы
«Достық» қонақ үйінің инженерлік-техникалық жабдықталуы
Туристік қонақ үйлер
ТУРИСТІК КӘСІПОРЫНДАРДАҒЫ БИЗНЕС-ЖОСПАРДЫ ТАЛДАУ
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Пәндер