Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы: Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика. Фонетикалық және грамматикалық ортақ белгілер.

Орындаған: Сейіт Ж.А
Топ: ҚЯ-701
Тексерген: Мүрсәлімов Т.К

Семей-2020
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
Түркі және монғол тілдеріне ортақ лексика.
Фонетикалық ортақ белгілер.
Грамматикалық ортақ белгілер.
Қорытынды бөлім
Пайдаланған әдебиеттер
Түркі тілдері -- Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Түркияда әдетте түркі тілдерінің орнына түрік диалектілері термині қабылданады. Түркия, Әзірбайжан, Өзбек және де барлық түркі тілдерінің барлығы да түрік тілінің диалектілері есептеледі. Түрік тілі айтылған кезде Түркия түрікшесі емес, барлық диалектілерді қамтитын тіл ретінде түсініледі. Түркиядағы Университеттерде Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları Заманауи Түрік Диалектілері мен Әдебиеттері кафедраларында түркі тілдері мен олардың әдебиеті оқытылады.
Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:
) алтай дәуірі;
) ғұн дәуірі;
) көне түркі дәуірі (5 - 6 ғ-лар);
) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 - 19 ғ-лар);
) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.
Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:
) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл - көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;
) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.
Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.
Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда
Моңғол тілі, халха тілі -- моңғол халқының тілі. Моңғол тілінде Моңғолия, Қытайдың Ішкі Моңғолия автономиясы мен Ганьсу, Цинхай, Хэйлунцзян, Синин, Шыңжаң өлкелерінде тұратын жергілікті халық сөйлейді. Моңғол тілі бурят, қалмақ тілдеріне жақын. Ол бірнеше жергілікті ерекшеліктерге ажыратылады: шығыс диалектісіне хорчин, харачин, арухорчин говорлары; орталық диалектіге халха, чахар, ордос; батыс диалектісіне амашан, эдзин, кукунор говорлары жатады. Әдеби тілі халха диалектісі негізінде қалыптасқан. Көне жазба ескерткіштері сақталғанымен, Моңғол тілі ұлт тілі ретінде 14 - 16 ғасырларда қалыптаса бастады. Моңғол тілінің фонетикасында сингармонизм заңы орын алған ң, дж, дз дыбыстары н, ж, з әріптерімен таңбаланады, б, в дыбыстары байырғы сөздерде бір дыбыстың нұсқалары болып табылады. Л, р дыбыстары сөз басында келмейді, к, п, ф фонемалары өзге тілден енген сөздерде ғана кездеседі. Дауысты дыбыстары қысқа және созылыңқы келеді (харах-қарау, көру, хаарах-жабылу). Моңғол тілі лексикасында көне түркі, маньчжур, тибет, санскрит, қытай тілдерінен енген сөздер жиі кездеседі. Қазіргі тілінде орыс сөздері көбірек. Моңғол жазуы 1942 жылдан кирилл әліпбиіне негізделді. Орта, Орталық Азияның түркі, моңғол тілі топтарына жататын халықтардың қоғамдық, мәдени, әлеуметтік, тұрмыстық, тарихи қатынастары ежелден ұқсас, тіпті бір-бірімен етене жақын болып келген. Осындай ортақ қарым-қатынас, бір қалыпты қауымдастықтың нәтижесінде оларда тіл ортақтастығы да болғанын кейінгі зерттеушілер сөз қылып жұр. Тарихшылардың айтуына қарағанда, Моғолыстан құрамына өткен алғашқы монғол рутайпалардың өздері түркі тілдерінде сөйлеген. Әр замандағы тарихи жағдайлар, мәдени-саяси жақындық халықтар тілдеріне әсер-ықпал етіп, тілдің дамуына, ассимиляциялануына, өзгерістер енуіне және бірнеше халыққа ортақ сөздіктер тууына себеп болған. Жүздеген жылдар бойы қос халықтың саяси-қоғамдық, әлеуметтік қатынасы тарихта белгілі. Шыңғыс хан империясынан бұрын да, кейін де бір толастаған емес. Бұл тілдердегі шаруашылық, мал, мүлік, аң-құс атауларынан кездесетін ұқсастықты осы тарихи мүдде бірлігінің ізі деп білеміз. Мәселен, туыстық атаулардың (түркіше: нағашы, бажа - монғолша: нагацы, баз) айтылу, естілу жақындығы, бұл атаулардың бір кездері екі халыққа да ортақ болған ба деген ой келеді. Сондай-ақ бугу (монғолша: буга), бүркіт (бүргэд), ғунан (гунан), дөнен (дөнөн), қарча (царцаа), қырғуй (хяргуй), манул (мануул), т.б. көшпелі халыққа тән мал шарушылығына аң-құс, саятшылыққа байланысты атаулардың қос тілде де қаз қалпында, сол күйінде айтылуы екі халықты етене етіп, туыстастыра түсіреді. Жалпы тарихи лексикологияда түркі, монғол тілдерінің қарым-қатынасын үлкен екі дәуірге бөліп қарау бар: біріншісі - көне, ХІІ ғасырға дейінгі дәуір, әдетте мұнда түркі, моңғол тілдерінің шығу тегі, базистік лексикасының түбір тұлғалар мен сөз жасам модельдердің туыстығы, ортақтастығы немесе сәйкестігі сөз болады; екіншісі - ХІІ ғасырдан кейінгі, яғни Шыңғысхан бастаған моңғол шапқыншылығының біздің қоғамымызды мекен еткен ру-тайпаларды жаулап алып, үстемдік еткен дәуір, бұл дәуірде тілдердің тарихи жағдайларға байланысты ықпал-әсерін, өзара лексикалық ауыс-түйісті қарастырады. Жалпы түркі тіліндегі сөздерді сөз табына қарай жіктеп, оларды моңғол тілдеріндегі сөздермен салыстырып қарасақ, түп-тұрпаты мен мағыналары бірдей ұқсас, үйлес сөздер көптеп кездеседі. Б.Базылханның айтуынша: Моңғолшақазақша сөздікке енген қырық мың сөздің 60% екі халыққа лілес туынды сөздер екендігі анықталған. Моңғол тілдері түркі тілдерімен тек сөз байлығы жағынан ғана емес, грамматикалық құрылымы жағынан да сәйкестігі бар. Түркі тілдері сияқты моңғол тілдері де жалғамалы тілдердің қатарына жатады. Осындай ұқсастыққа қарап, кейбір ғалымдар (Владимирцев Б.Я., Катанов Н.Д., Санжеев Г.Д., т.б.) бұл тілдерді бір системалы тілдердің қатарына жатқызуды қалайды. Айта кетерлігі: егер түркі тілінің сөздік қорына санскрит, тибет, т.б. тілдерден енген сөздерді есептемесек, онда түркі, моңғол тілдерінің негізгі сөздік қорында осы екі тілге ортақ, ұйытқы сөздердің молдығын көреміз. Қазақ тілі моңғол тіліне басқа тілдерден ең жақын тіл дейтін пікір де негізсіз болмаса керек. Расында, моңғол мен түркі (соның ішінде қазақ) тілдеріне ортақ элементтер фонетика саласында да көптеп кездеседі. "Моңғолша-қазақша сөздікте" айтылғандай: "Моңғол, қазақ тілдеріне ортақ фонетикалық жүйесі, екі тілдің де қазіргі жағдайымен есептегенде, көне моңғол тілінің фонетикалық жүйесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кірме сөздер
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Қайын жұрты
Орталық Қазақстан Бұқар жырау ауданы топонимдері
Түркі тілдерінен енген сөздер
Сөз және мағына
Өзге тілден енген сөздер. Қазіргі қазақ тілі лексикасының стильдік мәні
Қарқаралы өңірі топонимдері
Пәндер