ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
П.М.Адиева

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА

Оқу құралы.

Түркістан 2020ж.

УДК 398. 308
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің АК кеңесінің қаулысымен (№ 3 хаттама, 16.10.2020ж.) баспаға ұсынылды.

Жауапты редакторы: Л.Қоныс, филология ғылымдарының кандидаты
Пікір жазғандар: Д.Сартбаева ф.ғ.к., доцент м.а.
А.Дүйсенбі, ф.ғ.к. аға оқытушы

Адиева П. Фольклорлық проза: Оқу құралы . - Түркістан : Тұран баспасы, 2020. - 120 бет.

ISBN
Кітапта халықтық прозасының генезисі, даму тарихы, негізін қалаушылар, фольклордағы демонология, интертекстуалдық ұғымдар туралы, ертегілер, аңыздар, әпсана-хикаяттар классификациясын жасаған ғалымдар сөз болады.
Оқу құралында лекциялар жинағы, деңгейлік сұрақтар, ОБӨЖ, БӨЖ тапсырмалары берілген.
Кітап жалпы оқырман қауымға, жоғары оқу орындарының филология саласы мамандарына, студенттерге, магистранттарға арналған.
ISBN

КІРІСПЕ

Пәннің мақсаты: Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Мифтер, аңыздар, әпсана, хикаяттар. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты, ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері. Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары. Миф пен тотемизмнің көрінісі. Астарлау (иносказание) мен кейіптеудің атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық сипаттары. Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы да басты назарда болады.
Пәннің міндеттері: -Фольклорлық прозаның тарихы мен теориясы туралы танып білу.
Фольклорлық прозаның түрлерін анықтау.
Өлең түріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айырмашылығы.
Фольклорлық прозадағы типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады.
Оқыту нәтижелері:
-ОН1 білімін және дағдыларын тәжірибе жүзінде қолданады;
- ОН4 -кәсіби және тұлғалық тұрғыдан өсуге деген жауапкершілігін сезінеді және өзіне жүктейді
- ОН9 ғылыми зерттеулерді жобалайды және жүргізеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық сараптаудан өткізеді
Пререквизит: Қазақтың халық ауыз әдебиеті.
Постреквизит: Әдебиет пен фольклордың жалпы теориясы

Дәріс № 1
МОДУЛЬ 1. ФОЛЬКЛОРТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ПРОЗА

Тақырыбы: Қазақтың прозалық фольклорының генезисі.
Сабақ жоспары:
1. Халық прозасының шығу тегі
2. Халық прозасының зерттелуі

Лекцияның мақсаты мен міндеттері: Фольклорлық проза - жоғары оқу орындарында магистратура курсында халықтық прозаның мұраларының жанрлық түрлерін толық қамтып отыратын пән. Жалпы фольклордың басқа жанрларынан халықтық прозаны бөліп алу үшін өзінің арнайы критерийлерін анықтап алған жөн. Осыған байланысты, фольклорлық прозаның әдеби көркем прозадан айырмашылығын аныұтау, қара сөзбен берілген халықтық шығармалардан өлең сөзді фольклордың ерекшеліктерін көрсету, ішінара фольклорлық прозаға жататын жанрлардың классификациялануын қарастыру. Бұл принциптерді негізінен фольклорлық прозаны етене зерттеген С.Қасқабасов еңбектерінен де байқаймыз.
Аталған міндеттердің ішінде дау туғызбайтыны - өлең түріндегі фольклор мен қара сөз үлгісіндегі фольклордың айырмашылығы. Бұл мәселені шешуде фольклортану ғылымы әдебиет теориясының тәжірибесіне сүйене алады. Сонымен бірге, еркінірек, кеңірек, тереңірек бара алады. Себебі дүние жүзіндегі көптеген халықтар фольклорының дәстүрінде өлең жанрлары әнмен, әуенмен тығыз байланысты болып келеді. Фольклорлық прозадағы типологиялық тектестік мәселелері де қамтылады. Фольклортану ғылымындағы жаңа зерттеулер мен бағдарлама жүйесінің сабақтастығы да басты назарда болады.
Лекция мазмұны: С.Қасқабасов халықтық проза мәселелсінде терең зерттеп тарихына үңіле қараған ғалым екені айқын. Осы курста біз теориялық сұрақтарда міндетті түрде ғалымның зерттеулерінен мысалдар келтіріп, пікірлеріне сүйеніп отырамыз. Фольклордағы қара сөз мәдениетінің тарихы туралы қарастырғанда, көптеген қиындықтар туады. Негізінен қай халықтың фольклорын алсаңызда ол өлең түрінде кездеседі. Және халықтық проза, сол фольклордың құрамында зерделенген. Дегенмен, жоғарыда айтқанымыздай, өз алдына жанрлық түрлерін реттеу мәселесі прозалық фольклордағы жанрларды іріктеуге себебі бар екенін айтуға болады. С.Қасқабасов: Фольклорлық проза шығармаларын айтылу мақсатына қарай үш топқа бөлуге болады.
- Бірінші топты танымдық (познавательный) мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан-жануарлардың пайда болуын, олардың мінезінқұлқын түсіндіреді (мифтің барлық түрі, кейбір аңыздар).
- Екінші топқа мағлұматтық (информативный) мақсатпен айты латын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екіүш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморатәңгіме).
- Үшінші топтың шығармалары көркемдік тәрбиелік (эстетическовоспитательный) мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді -деп құрамын анықтап береді.
Жанрлардың жалпы көркемдік және морфологиялық (құрылымдық) белгілері көркем шығармашылықтың ғасырлар бойы жасаған тәжірибесінен туғандықтан айтарлықтай тұрақты. Сол себепті фольклорлық проза жанрларының әрқайсысының (айталық, ертегінің, аңыздың, хикаят, әпсананың, т.б.) композициялық және сюжеттік құрамын белгілі бір мөлшерде анықтауға, білуге болады.
Қазақ фольклортануында халық прозасын жанрға сараламай, түгелімен ертегі деп ұғу қалыптасып кеткен. Мысалы, қазақ фольклорына арналған М.Ғабдуллиннің оқулығында былай деп жазылған: Қазақ ертегілерін мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың ішінде бастылары:
а) қиялғажайып ертегілер,
ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер,
б) тұрмыс-салт ертегілері және аңыздар . Көріп отырғанымыз: ертегі жанрына аңыздар да кіріп кеткен. Бірақ не себепті бұлай істелгені кітапта айтылмайды. Сондықтан жанрлық саралауда автордың ұстанған шарты белгісіз. Оны мынадан да көруге болады. Осы еңбегінде ғалым жаңағы аталған ертегілер тобынан аңыз-әңгімелерді жеке бөліп атайды да, оған Алдар көсе, Асан Қайғы, Жиренше шешен туралы шығармаларды жатқызады.М. Ғабдуллин қазақ халық прозасында ертегіден өзгеше жанр бар екендігін аңғарып, М. Әуезовтің пікірімен қосыла отырып, оны аңыз-әңгіме деп атайды. Бұл жанрды жіктеудегі ғалымның критерийі - шығарма оқиғасының шындығы, өмір де болғандығы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық прозасын саралаудың шарттары
Фольклорлық прозадағы жанрлар жүйесі
Ғалымның қазақ ертегілеріне қатысты ұстанған көзқарастарының концепциясын айқындау
Қазақ халық прозасындағы әпсана-хикаят жанры
Қазақ халық прозасын ғалымдардың классификациялауы. Қарапайым прозаның шығу тегі мен жанрлық ерекшеліктері
Ескендірмен Асанқайғы жайлы әңгімелер
Тарихи роман поэтикасы
Ауыз әдебиеті жанрларының функциясы
Қазақ прозасының зерттелуі
Балалар әдебиеті - тәрбие құралы
Пәндер