Қашпаңдар қара бояудан
Ғылыми жоба тақырыбы:
Мұқағали Мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі.
Авторы: Садық Аймекен Маратқызы, 10 сынып оқушысы.
Ғылыми жетекшісі: Байжанова Мысырша Сұлтанқызы,қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Аннотация
Зерттеу жұмысы Мұқағали өлеңдері мен поэмаларында түр мен түстің көп қолдану ерекшелігіне тоқтала отырып адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытудағы ақын шығармашылығының құндылығын таныту.
Жұмыстың мақсаты:
Қазақ халқының ақындық жан-жүрегі кеменгер Абайдың: Дүние - үлкен көл, ғалам-соққан жел, алдынғы толқын ағалар, артқы толқын інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны іріктелген көркем өнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды. Сол меруерт маржандардың бірі, бірі емес бірегейі-Мұқағали Мақатаев
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырлармен қалың жұрттың махаббатына бөленген Мұқағали өлеңдері мен поэмаларында түр мен түстің көп қолдануы, олардың көркемдік ерекшелігіне тоқталу. Адамгершілікке, табиғатты аялауға, тілді құрметтеуге, парасаттылыққа, шындыққа, отанды, туған жерді сүюге ақын жырларынан үлгі алу.
Зерттеу тақырыбының міндеті:
Сөйлеу мәдинетін менгерген тұлға ретінде өмір сүру біліктілігін қалыптастыру:
Ана тілде таза, еркін сөйлеуге төсілгендігін таныта білу:
Мәліметтерді ұстану мен рәсімдеу қабілеттерін қалыптастыру:
Ғұмыр бойы өз білімін жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру:
Шешімді түзу, танымдық іс-әрекеттің мақсаты мен алынған нәтежені салыстыру, өзін-өзі бақылау қабілеттерін қалыптастыру:
Зерттеу тақырыбының маңыздылығы:
М.Мақатаев шығармашылығындағы түр мен түстің көп қолдану ерекшелігін эстетикалық түрғыдан талдау жасай отырып көркем әдебиет сүйер оқырманның жеке тұлғалық қасиетін танытуға, сыни тұрғыдан ойлау арқылы-шығармашылық қабілетін дамытуға тәрбиелеу.
Зерттеу жұмысының жоспары:
I. Кіріспе
Жұлдыз ғұмыр ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
2. Зерттеу бөлімі
а) Түр мен түс- адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытушы ұғым.
ә) Ақын шығармашылығындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі
3. Түйін сөз
Поэзия-жүрек тілі .
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам баласы өзін қоршаған табиғи ортаны, өзін-өзі, қоғамдағы заттар мен құбылыстарды жан-жақты танып-білудің көптеген тілдік қайнар көздері мен тәсілдеріне түр-түс әлемі жатады.
Ақ және қара түс пен түр атауларының барша жарық дүниені қақ жарып, қарама-қарсы екі полюске бөліп, өзара салыстыру арқылы танып-білуде атқаратын қызметі зор. Біздің пайымдауымызша, адам баласының өзін қоршаған дүниені түр-түсіне қарап танып-білуі о баста осы екі түске байланысты болуы керек. Өйткені бұл екеуі мың құбылып тұрған түс пен түр әлеміндегі көзге көрінер заттар мен құбылыстарды бір-бірінен айырып ажыратуға ең қолайлы әрі қарапайым түстерге жатады. Түптеп келгенде, ақ түс күннің жарық сәулесіне шалынып, ақшыл, ақ сары, ал қызыл, ала тағы басқа болып көрінетін отты түстердің бастау-бұлағы саналса, қара түс, керісінше, қара қоңыр, қара торы, қара көкшіл, сүлік қара, шымқай қара тағы басқа осы сияқты қараңғылықпен тұмшаланған түстердің өзіндік ұйытқысы тәрізді. Басқаша айтқанда, ақ және қара түстері - бір тәулікті екіге бөліп тұратын күн мен түннің символы іспеттес құбылыс.
Табиғаттың өте күрделі құбылыстарының тілдік көрінісі - табиғи ортаның, қоғамдық өмірдің алуан түрлі сипатын суреттейтін, өзіндік бояуын келтіріп сипаттайтын әр қилы түс пен түрді, олардың түрлі-түрлі реңктерін білдіретін ұғымдар, атаулар, тұрақты және жай тіркестер.
Қазақ тілінің сөздік қорында ерекше топ ретінде орын алатын осындай түс атауларының негізгі тұлғалары аса көп болмаса да, олардың білдіретін мағынасы мен мәні, қолданылу аясы өте кең. Олар бір тілдің өзінде көптеп саналады. Сондықтан да болар, бұл сан қилы өзіндік ерекшеліктері бар лексикалық топ барлық тілдердің де сөздік қорының түр-түс әлемі деп аталатын айрықша бір тобындағы қолданыс аясы кең, мағынасы жағынан бай, танымдық мәні зор тілдік құбылыс ретінде қарастырылып келеді.
Түс пен түр әлеміне қатысты тілдегі атаулар мен олардан туындаған еркін тіркестер, тұрақты тіркестер, фразеологизмдер, салыстырмалы тіркестер, жұмбақтар, мақал-мтелдер тіркестерінің баршасының табиғатына терең үңіліп, бір зерттеудің ауқымында тәптіштеп қарап шығу, әрине, мүмкін емес.
Ақ және қара түс атауларының табиғаты екі-ақ түсті білдірумен шектелмейді. Қоршаған ортаны жай көзбен және арнайы аспаптар арқылы көруге болатын түстердің жалпы саны табиғатта екі мыңнан отыз мыңға дейін болса, бірақ Ньютонның жеті түрлі заңы бойынша олардың өзі - екі хроматты және ахроматты топқа бөлініп, солардың қосымша ахроматты тобына тек ақ, қара түстері ғана жатса, мұны қалай түсіндіруге болады? Біздің пайымдауымыз бойынша, түр-түс құбылыстарының сапасы мен саны, сыны мен сипаты, оларға сәйкес атаулары барлық тілдерде бірдей емес. Қазақ тілінде болса, түр-түс атауларының жалпы саны жетпістен асып жығылады. Олардың отызы - негізгілері де, қырықтан астамы туынды түрлеріне жатады. Осылардың ішінде тұлғалық өзгерістерге ұшырауы жағынан да, мағынасының күрделілігі жағынан да ақ және қара түр-түс атаулары ерекше көзге түседі. Тек ақ атауының өзі ғана он бес түрлі мағынаны білдірсе, қара атауы жиырма үш түрлі мағына түрін білдіретінін көреміз.
Қазақ елінің тәуелсіздік алған кезеңінде Мұқағали Мақатаев мұрасына бұрынғыдан әлдеқайда басым жаңаша көзқарас қалыптасты, ақын мұраларын танудың жаңа бір кезеңі басталды. Ақын шығармаларына өзі дүниеден қайтқаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Мұқағали өлеңдері - ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай евроцентристік ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсы. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Білікті, парасатты ақын ретінде өз заманының ірі мәселелеріне қалам толғаса да, соның өзінде қазақ өлеңі мен ана тілінің ғасырлар қойнауынан нәр жинаған аталы дәстүрін бұзбай, жарасымды әрі табиғи түрде дамытты. Ол - бірде қоғамның керенаулығын бетіне басқан қатал сыншы, енді бірде бала мінезді кіршіксіз таза, аңқылдаған аңғал жан. Сөйтіп жыр әлемінде өз ойын, өз шындығын, жүйелі көркем тілде ақындық биік тұрғыдан тұтас шеберлікпен жырлай білген. Мұқағали сыршыл, ыстық лирикасымен өз оқырманының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің менімен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін баурады. Сондықтан да біз түр-түс әлеміне байланысты зерттеу нысанымызды Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі қара түсінің қолданысын ғана бөліп алып, танымдық табиғатын мүмкіндігінше кең де терең әрі жан-жақты қарастыруды жөн көрдік.
Қоғам дамуымен қатар тіл де дамып отыратын нысанға жатады. Ақын, жазушыларымыздың тілі сөздік құрамымызды молайтып, лексикамызға жаңа сөз қосып отырады. Сөздің бойындағы әр түрлі мағыналардың табиғаты біркелкі емес. Сөдің негізгі мағынасы, туынды мағына, поэтикалық мағына, фразеологиялық байлаулы мағына, синтаксистік шартты мағына - осылардың бәрі сөзді жан-жағынан көрсетеді. Бір сөзге бірнеше мағына беру арқылы берілген сөздер ақын лирикасында кең орын алады. Көп мағыналы сөз тек тілдік құбылыс қана емес, көркем дүниедегі бейне сырын ашудың көрсеткіші. Ақын тіліндегі көп мағыналы сөздер өлеңнің көркемдігіне, мазмұнына, мәнеріне, әсеріне қызмет етіп тұр.
Мұқағали лирикасындағы өте кең және жиі қолданылған сөздердің бірі - қара. Бұл сөзді автор әр түрлі мағынада жұмсап, тура және ауыспалы мағыналы сөздердің сырын ашты. Қара - ақ сөзіне антоним сөз. Көбінде сындық мағынада қолданылып, зат есімді анықтайды.
ҚАРА I 1. Көмірдің, күйенің түсіндей (аққа қарама-қарсы түс);
2. Қарапайым көрінген нәрсе, қарайған зат;
3. Бір нәрсенің нобайы, пішіні ретінде аумақ көлемі сан мөлшері
4. эт.Өлікті аза түту белгісі ретінде басқа салатын қара орамал.
Қара жаңбыр-ұзаққа созылған суық жаңбыр.
Қара орман - а) ағашы қалың өскен орман ә) есепсіз көп дүние.
Қара өлең - әр жолы бір буын болып келетін өлең түрі.
Қара түн - а) Көзге түртсе көргісіз қараңғы түн ә) ауыр азап ауыртпалық.
Қара шаңырақ - а) үлкен атасы, әке-шешесі отырған үй ә) ең алғашқы мәдениет ошағы мекеме. (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,477-бет).
Жалпы, тілімізде қара сөзі өмірдегі кереғар құбылыстарды көрсетіп, адамның алуан түрлі көңіл-күйін беруде және табиғат құбылыстарын суреттеуде өте жиі ұшырасатын сөз: қолаң қара шаш, қара құлып, қара бояу, қара көз, қара бұлт, қара шәлі, қара тас, қара түн, қара су, қара нөсер, қара орман, қара қарға, қара жорға, қара тау, қара аспан, қара жол, қара тамшы, қара бала, қара жауын, қара жұлдыз, қара бақ, қара орда, қара қой, қара моншақ, қара емен, қара қорған, қара жал, қара дақ, қара күз, қара шаруа, қара шаңырақ, қара шалғын, қара халық, қара бас, қара кебін, қара жау, қара бала, қара түнек, қара қайғы, қара кеш, қара уайым, қара мұрт, қара күш, қара қазақ, қара нар, қара кісі, қара өлең,қара жаяу, қара көңіл, қаралы сұлу, қара күн, т.с.с.
Келтірілген сөз тіркестерінен қара сөзінің елу екі сөзбен еркін тіркескенін байқауқауға болады. Бұл сөз тіркестері - тура және ауыспалы мағынада беріліп, өлеңнің эмоциялық-экспрессивтік әсерін күшейтіп тұрған мағыналы, образды сөз тіркестері.
Қара сөзі - зат есімді айқындап, сөзге үстеме мағыналық реңк жамап, поэтикалық тілдің әрін жандандырып тұрған полисемиялы сөз.
Ақынның Қап-қара, ғажап, сиқырлы атты өлеңіндегі қара сын есім тура мағынада, сындық қызметте жұмсалған.
Қап-қара көзді бір қыз бар,
Қашпаңдар қара бояудан!
Аспанда жарық жұлдыздар
Қап-қара түнде оянған.
немесе:
Жарыңның шашы қап-қара,
Көзі де қара, шамасы.
Сондықтан жүзі аққала
Сондықтан әсем қарашы.
Ақын бұл өлеңінде қара сөзін бірнеше рет қайталап, өлеңге айрықша нәр беріп, стильдік бояуын нақтылайды. Бұл шумақтағы қара көз, қара бояу, қара шаш тура мағынада берілген. Алғашқы және соңғы шумақтағы күшейтпелі шыраймен жасалған қара сөзі өлеңнің салмағын мығымдай түсетіні анық.
Қап-қара, ғажап, сиқырлы
Қашпаңдар қара бояудан!
Қандырып уыз-ұйқымды,
Қап-қара түннен оянғам.
Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін,- дейді ақын.
Сыр мен сезімге толы Ақ қайың әні атты поэмасында да қара сөзі мол көрініс тапқан.
... Күз бопты, асқарды бұлт тұмшалады,
Жел келіп жез қияққа мұң шағады.
Қатулы қабағына қаһар бұққан,
Қарт тауға қара нөсер мұң салады.
немесе:
Қара бұлт қаралы ару түнереді,
Қарағай қара аспанға тіреледі.
Қаптай кеп қарбаласта қара қарға,
Қарайды қара тауға түнегелі.
Қара тау қара күзді ұнатпайды,
Қарайды, қамқор болып жұбатпайды.
Қарманып, қалжыраған қара құс кеп
Қайыңның бұтағына шуақтайды.
Бұл шумақтардағы қара бұлт, қара аспан, қара тау, қара құс тіркестерін қолданып, табиғат құбылысын шебер суреттей отырып, адам өмірімен байланыстырады. Сол арқылы көңілсіздікті, жабырқаулықты, жайсыздықты суреттейді. Өлең аллитерацияға құрылып, ерекше эмоциялық әсерге ие болып отыр. Өлеңнің бірыңғай дауыссыз қатаң Қ дыбысынан басталуы да сондай мәнерлі. Табиғат пен адам арасындағы байланысты тереңдете отырып, ақын адамның басындағы күнделікті өмір ағынында өтіп жатқан көріністі қара сөзімен ғана бере білген. Қаралы ару - туынды сын есімнен жасалған тіркес. Ақын лирикасынан өте шебер берілген осындай мағыналық байланысты жиі кездестіреміз.
Ақын лирикасындағы қара сөзінің мағынасы әр алуан және өте көп ұшырасады. Көп мағыналы сөз де түрлі реңкте жұмсалып, өлеңнің қуатын арттырып, әрлендіре түседі. Мәтіндегі ой тереңдігі, тіл ұтқырлығы, сөз мәнерлілігі осы көп мағыналы сөзден айқын көрінеді. Жалпы, тілімізде қара сөзі көрікті ойды суреттейтін ұғым емес. Қара - қашанда жамандықты, жауыздықты, арамдықты, зымияндықты, адамның басындағы сан алуан қасиеттерді және қоғамдағы кереғар құбылыстарды суреттеудегі пайдаланылатын бейнелі сөз. Ақын тілінде көп ұшырасып, образдың қыр-сырын ашуда жұмсалған. Қара сөзі табиғат құбылыс атауларының бәрімен тіркесіп, ауыспалы мағынада қолданылып тұр. Адам мен табиғат тұтастықта жырланғанынан сиқырлы сөдерді ұтымды қолданудағы тапқырлығы десек те болады. Қара аспан, қара нөсер, қара тас, қара жер, қара бұлт, қара су, қара жел, қара тау, қара түн, қара жауын және тағы басқа тіркесімдер бірнеше рет қайталанады. Ақын Қара түсін мағыналық топтарға бөле білген: жамандықтың белгісі (қара тізім, қара ту, қара қағаз), жауыздық пен қатыгездіктің белгісі (қараниет, қара көңіл), алғашқылықтың, бастапқылықтың белгісі (қара тау, қара су), киелілік пен қасиеттіліктің белгісі (қарашаңырақ, қара жер), қарапайымдылықтың белгісі (қара қазақ, қара бұқара), қайғы мен мұңның белгісі (қара түн, қара уайым, қара күн).
Мәтін ішінде қара сөзін құбылтып, түрлендіре отырып, бір ойды әр басқа мағынамен беріп, сырлы да сиқырлы сөздер тізбегін тізіп, қазақтың қара өлеңінің құдіретін биіктете түседі. Жоғарыда келтірілген өлең шумақтарында қара сөзін үш-төрт реттен қолданған тұстары да бар. Ойды өрбіту негізінде үстемелеп, одан сайын асырмалатып суреттеу басым. Біздің байқағанымыз: дәуір шындығын, адам өмірін бейнелеуде қара сөзінің салмағы өте күшті, әрбір жұмыр басты пенденің басындағы іс-әрекеттерді дәл әрі нақты үйлестіріп жазған.
Ілгеріде айтқанымыздай, қара сөзін еркін құбылтып пайдалану нәтижесінде ақынның шығармашылық потенциалы да арта түседі. Бұл сөз - тек Мұқағалида ғана емес, классик Абайдан бастап, Мағжан, Сәкен, Қасым, Төлеген және бүгінгі ақындарымыздың қолданысында жүрген мағыналы, бейнелі сөз. Осылайша, біз суреткер тілінен дәстүр жалғастығы мен сабақтастығын айқын көреміз.
Ақын өлеңдерінің ғұмыры ұзақ, жылдар өткен сайын оның бағасы биіктеп, асқақтай түсетіні хақ. Мұқағали шығармаларының оқырман жүрегінен әлі де орын алатынына сеніміміз мол. Туған халқының арман-мақсатын терең ұғынған ақын туған жермен тағдыры да, тамыры да қосылып атқанын сезініп, өзінің бар бітім-болмысымен жырлап, баласындай мәпелеген жырын айшықты сөздермен өрнектеді. Мұқағали туған халқын терең түсініп, оның тауына, тасына, жеріне құдайдай табынып, қастерлеудің негізінде қарасаз топырағында өлмес жырлар, өшпейтін ақын туды. Ол - ұлты үшін туған, оны өз жырлары арқылы танытқан, сөз құдіреті арқылы ғажап та ғаламат сөз-бейнелер жасаған дарынды ақын. Өзінің таусылмайтын ыр-қазынасында, нақтырақ айтсақ, ұтымды қолданған сөз мәнері арқылы ұтқыр ойларды, құдіретті сөздерді Мұқағалидай ғана үлкен тұлға бере алады.
Мұқағалидың шығармашылығының ең биік шыңы -- оның лирикасында. Ақынның терең де мазмұнды, көркем суретті, фәлсафалық ойға толы, сиқырлы ұйқаспен жазылған лирикалық туындылары халықтың көпшілігіне қатты ұнайды және сүйеді.
Мазмұны
1. Кіріспе
І Тарау. М.Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора.
1.1. Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің қолданылу ерекшеліктері.
1.2. Анафора мен эпифораның лексикалық синоним сөздерде қолданылуы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
М.Мақатаев өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде-ақ тамаша өлеңдерімен, жырларымен қазақ халқына танымал болды.

З.Ахметов сөзімен айтқанда: Поэзия -- сөз өнері, көркемдік шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі. Поэзияда тек тіл мен сөз ғана көркем емес, ой да көркем, бейнелі. Өлең тіліне көркемдік сипат дарытатын, қуат беретін сол ой-сезім теренділігі, өткірлігі, әсерлілігі. Поэзия өмір шындығын асқан ойшылдықпен, ерекше сезімталдықпен ашып көрсетеді, бейнелеп суреттейді десек, тіл, сөз әлгі ақындық, көркем ой-сезімді жеткізудің құралы ғана.
Ақын өз жүрегінің лүпілі, жырлары арқылы жалпыға тән ой-сезімді білдірген. Ал сол сезім-ой өлең құрылысындағы, бейнелеу, қайталау, теңеу, метафора, анафора және эпифора сияқты көріктеуіш құралдар арқылы беріледі. Мұнда сөз бейнелері мен ақындық толғаныс-тебіреністер арқылы жан сырлары, жүрек лүпілдері айтылады.
I Тарау. М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалык, анафора мен эпифора
Лексикалық анафора мен эпифора М.Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын алады. Лексикалық анафора мен эпифора -- қайталама түрлерінің ішіндегі ең толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін, әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып саналады.
Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде үшке топтастырылады:
1. көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
2. көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік және мәтін түзушілік) атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;
3. көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін дамыту) қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар.
Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы (ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі), тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік (усилительный) қайталамалар болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz