Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Silkway халықаралық университеті
Шет тілі кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары, мазмұндық ерекшеліктері.
Орындаған: Алдабергенова Гулжахан
119-81 тобы
Тексерген:
Шымкент 2020
Тақырыбы: Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары, мазмұндық ерекшеліктері.
Жоспар:
Аннотация
3-6
Кіріспе7-10
1. 1
Білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты талабы11-14
1. 2.
Жаңартылған білім беру жүйесінің басты сипаты және жаңаша бағыттары15-18
1. 3.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыру19-21
1. 4.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер22-26
2. Негізгі бөлім;
2. 1Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері27-33
2. 2Жаңартылған оқу бағдарламасының артықшылықтары мен мүмкіншіліктері34-36
3. Қорытындыжәне:әдебиеттер тізімі37-40
Аннотация
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Елбасымыз Н. Назарбаев: «Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деген болатын. Қазіргі жаһандану әлемінде ХХІ ғасырдың мектептері оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта өмір сүруге дайындау керектігі айтылуда. Барлық оқушылар өздері өмір сүрген әлемде жұмыс істеуге дайын болуы өте маңызды. Білім беру саласындағы осындай үлкен өзгерістер ұстаздар қауымына аса жауапкершілікті жүктейді. Жас ұрпақты тәрбиелеп, ХХІ ғасыр талабына сай біліммен қаруландыру - бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі болғандықтан, білім беру ұйымдарында жаңартылған оқу бағдарламасына көшу - бұл заман талабы болып отыр.
«Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. »Н. Ә. Назарбаев
Ұлтаралық татулық - мемлекеттік тұрақтылықтың негізі. Еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің татулығы, ынтымағы өзге елдерге үлгі боларлықтай екені даусыз. Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап - ақ елімізде тіл саясаты мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда. Елбасымыз айтқандай, биылғы халыққа арнаған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында Үкіметтің алдына «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.
Сонымен қатар Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Алдымыздағы өскелең ұрпақтың алдында ағылшын тілін білу міндеті тұр.
Курстық жұмыстың мақсаты:
білім мазмұнын жаңартудың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану арқылы оқу үдерісін ұтымды ұйымдастыру.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз ана тілін біліп, өзге тілдерді құрметтеуге, қадірлеуге үйрету. Оқушыларды ізденуге дағдыландыру. Мемлекеттік тілді білу - парыз, өзге тілдерді үйрену - құқық. Қазіргі таңда мектептерде жаңартылған бағдарлама бойынша ағылшын тілі 1-ші сыныптарда оқытылуда. Негізінен ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты - оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу - уақыт талабы.
Шет тілін оқытуда мотивацияның басты рөлін түсіну үшін, білім беру мекемелерінде мұғалімдерге оның негізгі әдіс-тәсілдерін, құрылымын жақсы білуі қажет. Мотивация мәселелерін қарастыруда және қалыптастыру жолын іздестіруде оны түсінуге мүмкіндік бола бермейді, себебі, мотивацияның қалыптасуы бұл мұғалімнен оқушыға берілмейтіндігі әр сабақтың үрдісінде көрінеді. Уәждердің қалыптасуы - бұл, біріншіден, сабаққа деген ішкі ынта сезімінің көрінуі және барлығын түсіне отырып, мотивациялық құндылықтар ортасын өз бетінше әрі қарай дамытуы.
Неден бастаған жөн деген сұраққа жақсы оқулық керек дер едім. Өйткені дұрыс таңдалған оқу құралы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Қазіргі кезде ағылшын тілінен оқу құралдары өте көп, қазіргі таңда 1-сынып «Smile» оқулығымен оқытылуда. Бұл кітаптың ерекшелігі сөйлеу мен тыңдау дағдыларын дамытуға арналған оқу кітабы мен дискілер, жазу тапсырмалары бар жұмыс кітабы және әр сабақтың жоспары мен әртүрлі әдіс-тәсілдер көрсетілген мұғалімге арналған кітабы, тақырыпқа сай көрнекіліктері берілген.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын түсіндіру;
- жаңартылған білім беру бағдарламасының мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру.
- болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай ағылшын тілін білу қажет. Сондықтан, менің міндетім бəсекеге қабілетті маман, білім беру сапасының жоғары болуы, кəсіби біліктілігі, əдістемелік жұмыстағы шеберлігі мол, компьютерлік техникалық оқыту, электронды оқулықтарды пайдалау арқылы шет тілін тез әрі оңай жолмен меңгерту.
Шет тілін оқытудың тиімділігін тек қана білім алушыларға байланысты емес, оқыту стратегиясына байланысты. Осы стратегиялардың үйлесімімен ең жоғарғы тиімділікке қол жеткізуге болады. Бұл мақсатқа жету үшін ең басты фактор мыналар: мұғалімнің білім алушыға немесе оқушыға деген педагогикалық іс- әрекеттің тиімділігін жетілдіру және сабақтағы әлеуметтік-психологиялық бірлестік жағдайындағы қарым-қатынасы. Тілді үйрену сабақтарында оқушылардың тыңдау, оқу, жазу, сөйлеу дағдыларын дамыту сабақ барысында жүзеге асып отыруы тиіс және жазудан гөрі оқушылардың тыңдап түсінуіне, сөйлеуіне көбірек назар аударылады, өйткені бұл жаста балалардың көбі есту, көру арқылы есте сақтайды. Бастауыш сыныпта ата-аналардың көмегі де өте маңызды. Егер олар бүгін сабақта үйренген сөздерін күнделікті үйде қайталап отырса, келесі сабақта балалар оны ұмытпай еркін қолданатын болады. Қойылған мақсаттарға жету үшін бастауыш оқушыларының сөйлеу дағдыларын жетілдіру, дамыту және сабақта ойын түрлерін қолдануы керек. Өйткені, ойын - көңіл-күй, ойлау күштерін талап ететін, ұйымдастырылған сабақ болып табылады. Әр кез ойын шешім қабылдауды ұсынады, себебі, жеңіске жету мақсаты болады. Осы сұрақтарды шешуде ойлау шығармашылықтары қалыптасады. Пән бойынша алған білімі емес, тіл бойынша дайындығы төмен оқушылар ойында алдыңғы, бірінші болуы мүмкін, себебі, олардың тапқырлығы, жинақтығы ойын барысында көрінеді. Мысалы 1сыныпқа арналған бір сабағымды алып көрсетсем, «About myself» яғни, өзін және отбасымен таныстыру. Бұл тақырыпта оқушы отбасы мүшелерімен танысады. Танысу барысында “This is ” құрлымымен және “my” есімдігімен толықтай меңгеріп шығады. Сондай-ақ бұл құрлымдарды оқулыққа арналған дискіден оқушылар тыңдап, қайталап және көзбен көріп сөйлей алуға дағдыланады.
«Жаз және көрсет» - деген тәсіл оқушылардың шет тіліндегі сөздің қорларын қарым-қатынас жасау үрдісінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл де - әмбебап тәсіл болып табылады, мұны лексика мен грамматиканы бекітуге қолданылады. [1. 27б] Қарым-қатынаста қабілеттерін дамыту үшін өлеңдер қолданылады. Әндердің оқушылар үшін қызықтылығы мынада: олардың не жайында айтылатында, қандай әуен түрінде орындалатындығы. Әндер оқушыларға бірдеңе жайлы хабар береді, қызықтырады, яғни қарым-қатынаста бірінші орынды алуға итермелейді. Бұл жағдайды оқушылар шығармашылық жұмыс арқылы, яғни отбасы мүшелері суретін салып және жазып, басында түсіндірілген құрлымды қолданып айтып шығады. Бұл жерден оқушылардың толық жұмысқа қамтылуы байқалады. Осыдан келе сурет салу барысында ән қосымша орындалса, оұушылардың көңіл-күйлері көтеріліп, сабаққа деген ынталары, қызығушылықтары молайады. Осы оқулықтан көретініміз, әр тақырыпқа ән бірге берілген және сол әннің бейне баяныда бірге берілген. Оқушылар әндерді үйрену барысында, жаңа ақпараттар алады, шығармашылық қызығушылықтарын қалыптасуына септігін тигізеді. Мысалы, оқушылар, өлеңді үйрену барысында, дене мүшелері мен сезім мүшелерінің, ағылшын тіліндегі атауымен танысады. Эстетикалық мотивация жайлы айтпай кетуге болмайды. Әсіресе, эстетикалық мотивация-ойлауды дамытады, көңіл-күй, ойлау, жағымды сезімдерді қалыптастырады. Бұлардың барлығы оқушылар шет тіліндегі өлеңді сүйіп қызығушылықпен орындаған жағдайда ғана жүзеге асады. Тілді үйрету үрдісінде әндер-дәстүрден тыс мерекелік элемент ретінде білім алушылардың эмоционалды ортасына (кеңістігіне) өз әсерін тигізеді. Өзге оқыту барысында тіл шығармашылығын әуен түрінде қолданғанда, материал тез жатталып, шаршағандарын басады.
Әндерді орындау мынандай қабілеттерді арттырады:
- айту дағдыларын жетілдіреді, дауыс ырғағы және ырғақ артикуляциясындағы нақтылықты жетілдіруге мүмкіндік береді, шет тілі бойынша тілін, сөздік қорын байытады,
- тыңдалым, оқылым дағдыларын, біліктілігін арттырады.
- монологтық, диалогтік айтылуларды қалыптастырады.
- сөйлеудің дайындалған, еркін түрін дамытады.
Оқу материалдарының мазмұнын іріктеу барысында тез жатталатын, эмоционалды, бояуы қанық материалдарды алғаны дұрыс. Сабақ материалдарына нақты кейіпкерлерді енгізген жөн. Жұмыс барысында оқушылармен, оқулықтағы мәтіндерді ғана қолданбай, мұғалім бейнесабақтарды қолдануға мүмкіндігі бар. [2, 55б] Өзге тілдегі қарым-қатынасқа байланысты коммуникативтік тапсырмалар білім алушыларда үлкен қызығушылық тудырады. Егерде сөйлеу барысында сөздерді көп қолдансан, балалар жақсы жаттайды. Ағылшын тілі сабағындағы диалогтар жаңа сөздерді игеруге көмегін тигізуде, нәтиже көрсеткеніндей коммуникативтік әдістер - оқушылардың сабақ барысындағы сүйікті ең көп қолданылатын әдістерінің бірі. Бастауыш оқушыларына ағылшын тілін үйретуде түрлі әдіс-тәсілдерінің көптігіне қарамастан кейбір қиындықтар кездеседі. Ағылшын тілін оқытуда бастауыш сыныптағы (1-2 сынып) жас ерекшеліктеріне негізделеді: атап айтсақ, тез шаршайды, көңіл аудармау, есте сақтау деңгейі төмендейді. Сонымен бірге, қарым-қатынас қабілеттерін дамытудағы негізгі қиындықтарды, мынадай мотивациялық мәселелерді де жатқызуға болады:
Қойылған міндеттерді шешуде оқушыларды тілдік және сөйлеу құралдарының жетіспеушілігі.
Оқушылар сабақта ұжымдық тақылауға кейбір себептерге байланысты қатыспайды.
Оқушылар шет тілінде байланыс жасау ұзақтығына шыдай алмайды, әсіресе, үлгерімі төмен оқушыларға қатысты.
Осыған орай балалардың физикалық психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, көп күш түсірмейтін тапсырмалар беруі қажет. Бастауышта ағылшын тілі оқыту кезеңінде әр сабаққа билер және әр түрлі қозғалыс түрлері қолданылады (сергіту сәттері) . Бұларды қолдану барысында әрбір оқушыға тілдік материалды сақтау мақсаты қойылады. Өлеңдердің шумақтарын, тармақтарын қолдану күнделікті тәжірибеде негізгі грамматикалық үлгілерін сақтауға септігін тигізеді. Сонымен бірге оқыту үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, тартымды ойындарға ұласады. [3, 30б. ]
Таңдамалы сабақ (дәстүрлі емес сабақ) әр түрлі болады, яғни, оқытудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері қолданылады және мұнда балалардың оқыту деңгейін ғана көтеріп қоймайды, сонымен бірге басқа да қабілеттерін ашуға септігін тигізеді. Атап айтсақ, өлеңдерді декларациялау қабілеті, сөйлеу дағдыларын дамыту, жағдайды көрсету, шет тілінде өлең айту, сөйлеу барысында өзіндік көзқарасын беру, болып жатқан жағдайлар туралы ақпарат беру, сөйлеу мәдениетін сақтау, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен жан-жақты танысады. Тек оқушылардың сабақ шығармашылығындағы, яғни, сабақ барысында, негізгі түрлері - шет тілінде айтылым, оқылым, жазылым болып қана қоймай мұғаліммен жеке бір-бірімен жанды, белсенді қарым-қатынас болуы керек. Балалардың шет тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін оқу үрдісінде сабаққа деген белсенділігін жақсы ұйымдастыру керек. Аталып өткен әдіс-тәсілдер, бастауыш сыны оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға септігін тигізеді. Әсіресе, танымдық қызығушылығын дамыту осы жас ерекшелігінде тиімді болмақ.
Қорыта айтқанда: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бап, 7-тармағында: «Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпарттандыру желілерге шығу» міндеті қойылған. Демек мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу процесін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет»
Н. Ә. Назарбаев.
Зерттеу пәні: Шет тілін оқытуда жаңартылған оқу бағдарламасын пайдалану
Зерттеудің мақсаты: Бұл курстық жұмыста зерттелетін басты тақырып Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Сол орайда оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдарын айқындау.
Зерттеу нысаны, материалы келесі реттермен жазылған
-Аннотация ;
-Кіріспе;
-Негізгі бөлім; -бұл бөлімде негізгі мәселе қозғалады;
-Қорытынды; Ойымды нақтылайтын боламын;
-Әдебиеттер тізімі:
Кіріспе:
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңартылған білім беру мазмұнын қанатқақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен басталды.
2016-2017 оқу жылында 1-ші сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. 2016-2017 жылы бірінші сынып үшін енгізілген жаңа оқу бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі» оқыту тәжірибесіне негізделген болатын. 2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 2, 5, 7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшті.
Жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптар аптасына бес күн оқитын болады. Әр пәнге алты күндік бағдарламадағы сияқты сағаттар бөлінеді. Тек аптасына бес күн оқи бастағанда балалардың бос уақыты көбейеді.
Білім мазмұнын жаңарту - білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру - жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.
Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.
Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет «жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда
психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру
көзделетін төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте) :
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының «үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006) . Оқу бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010) . Демек, оқу бағдарламасының мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс
Мұны төмендегі сызбадан көруге болады:
1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар Дағдылар
- шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және
айналадағыларға қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу
- сын тұрғысынан ойлау;
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана
білу қабілеті;
- проблемаларды шешу қабілеті;
- ғылыми-зерттеу дағдылары;
- қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда) ;
- жеке және топпен жұмыс істей білу
қабілеті;
- АКТ саласындағы дағдылар
Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқу
бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар
ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылар қарастырылған «Қазақ тілі мен әдебиеті»
пәнінің оқу бағдарламасынан көруге болады.
Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы стандарттарға
негізделген өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия,
Норвегия, Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен
оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен
күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл қолданылды. Оқушылардың нені
білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша
барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және
мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді.
- Білім мазмұнын жаңарту - бүгінгі күннің басты талабы
Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz