Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

«Халықаралық хатынастар» факультеті

«Халықаралық қатынастар» кафедрасы

Картинки по запросу әл фараби университет

СӨЖ

Реферат тақырыбы: "Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі"

Орындаған: Ерғалиқызы Медина

Тексерген: Мусатаев С. Ш.

Алматы, 2020 ж.

Жоспары:

1. Кіріспе бөлім:

1. 1. Саяси жүйе түсінігі

1. 2. Саяси режим түсінігі

2. Негізгі бөлім:

Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі

3. Қорытынды бөлім

4. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе бөлім

1. 1. Саяси жүйе түсінігі

д истон.png Берілген тақырыптың мазмұнын ашпас бұрын, саяси жүйе ұғымына тоқталып кетсем, қоғамдағы саяси жүйе деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ете алатын, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекет ортасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтамыз.

Саяси жүйе теориясын алғаш жиырмасыншы

ғасырдың екінші жарты жылдығында

Американдық саясаттанушы Дэвид Истон

ойлап тапқан. Д. Истонның тұжырымы бойынша,

саяси жүйе сыртқы ортамен “кіріс”, “шығыс”

принциптері арқылы байланысады деген.

“Кіріс” ол талап және қолдау деген түрлерден

тұрады, ал “шығыс” саяси жүйе жұмысының

нәтижесін қамтиды. “Кіріс” пен “шығыс” әрдайым бір - біріне әсер етіп отыратын болған.


Негізгі бөлім

Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі

Ғалымдар арасында саяси жүйенің жіктелуі туралы ортақ пікір әлі де қалыптаспаған, оны жіктеу таңдаған өлшемге байланысты болған. Саяси жүйені жіктеуде ең кең таралған үш түрі бар. Олар саяси тәртібіне қарай: демократиялық, тоталитарлық және авторитарлық деп бөлінеді.

Әр жүйеге жеке тоқталып, қарастыратын болсам:

Демократиялық жүйе дегенді жалпы алып қарастырар болсақ, демократия деген «халық билігі» деген мағынаны білдіреді. Демократиялық саяси жүйеге тән қасиеттерді айта кетсем, азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы, билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі, жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы, сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы, мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы, өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы, көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.

Екінші қарастырар жүйе ол- авторитарлық жүйе , жалпы айтар болсақ, демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-карсы саяси жүйе болып келеді. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халықтың ешқандай қатысы болмайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда халықтың қосқан өз үлесі мүлдем жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Жоғарыда көрсетілгеннің барлығы авторитарлы саяси жүйенің саяси өміріне қарапайым халықтың қатысуы өте аз екенін дәлелдеп көрсетеді. Дәстүр не болмаса билеушінің харизмалық тұлғасы авторитарлы билік заңдылығының негізі болып табылады. Сонда да, авторитарлы саяси жүйені тек теріс жағынан қарау дұрыс емес. Адамзат тарихындағы даму жолдың басым бөлігінде осындай саяси жүйелер арқасында өмір сүрген. Авторитарлы саяси жүйе индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болған.

Соңғы қарастырар жүйе ол- тоталитарлық жүйе . Тоталитарлы саясаттық жүйе - мемлекеттің қоғамға және жеке азаматқа толықтай, толық бақылау орнатуымен сипатталатын саяси жүйенің бір түрі. Тоталитарлы саясаттық жүйеге тән өзгеше белгілер: жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы; кез-келген деңгейдегі биліктің жоғарыдан тағайындалуы; билік бөлінісі принципінің мүлдем болмауы, яғни, биліктің барлық түрінің тұтасып кетуі; басында билігі бар бір ғана билеуші партияның болуы және оның мемлекетпен бір болып кетуі; басқа партия және ұйымдар қызметінің ресми "қозғалыс" қызметімен алмастырылуы; тек қана мемлекет басқаратын БАҚ-тың болуы, қандай да болмасын ақпарат қатаң тексерілістен өткізілуі; үздіксіз әрі тұтастай зорлыққа негізделген мемлекеттік ұйымдасқан лаңкестік биліктің орнығуы.


Пайдалынылған әдебиеттер:

  1. Саяси түсіндірме сөздік. - Алматы, 2007
  2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. - 344 бет.
  3. Теориялық саясаттану. Оқулық. - Алматы: Издательский центр ОФППИ «Интерлигал», 2005
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси режимдердің жіктелуі жайында
Саяси жүйелердің жіктелуі
Саяси жүйелер және режимдердің жіктелуі
Саяси режимдердің жіктелуі
Саяси режимдердің ерекшеліктері
Мемлекет саяси институт ретінде
Саяси партияның қызметтері
«ХХ ғасырдағы тоталитарлы саяси режимдер»
1929 – 1933 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс туралы ақпарат
Тоталитарлық саяси жүйенің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz