Дулат Исабеков драматургиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ

ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Әдебиет әлеміндегі тұғырлы тұлға -

Дулат Исабеков

Орындаған: Үсенбекова Г. С.

ПИК 15-15 К3

Ғылыми жетекші : Емкулова А.

Шымкент 2016 ж

Мазмұны

I. Кіріспе . . . 3

II. Негізгі бөлім

1. 1 Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы . . . 6

1. 2 Дулат Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеліктері . . . 13

1. 3 Дулат Исабеков драматургиясы . . . 21

III. Қорытынды . . . 38

IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 41

Кіріспе

Дулат Исабеков - ұлттық әдебиетімізден тарихи-психологиялық, әлеуметтік-философиялық, лирикалық шығармаларымен орын алған қаламгер. Д. Исабеков шығармашылығын зерттеудің қажеттігі, оның әңгіме, повестерінің көркемдік жетістігі мен өзектілік сипатында және бүгінгі өмір құбылыстарын шынайы бейнелей алғандығында жатыр.

Замандас келбетін әр жазушы әр қырынан кесіп, әр кейіпкерді әр түрлі кейіпкерлерге тосырқай қарамай, оның жан дүниесін жете тануымыз керек. Нақ сондықтан да әр жазушының шығармашылығына, оның көркемдік жағына, оларды тануға күш салғанымыз жөн.

Адамның іші-тысы бірдей бүлініп, адам есебінде азып-тозуы, рухани санасының, кең көңілінің күйреуі аяқ басқан кезең. Кезең қайшылығында, қасіретінде ішке бүккен, үнсіз тығып жатқан уақыт. Өмір сүріп жатқан қоғамында болып жатқан оқиғалардың баршасы жазушы жүрегі арқылы өтеді десек, көркем сөздегі алғашқы қадамын осы кезеңмен бірге астап, толысуы да осы уақытқа сәйкес келген қаламгердің қандай қиямет ой кешуінен өткенін түсінген абзал. Нақ қазіргі кездегі қазақ әдебиетіндегі ерекше көзге түсер бір жазушы Дулат Исабеков. Оның шығармаларының бірін әрі, бірін бері деу бізге лайықсыз. Оларды түгел оқып талдауға күшіміз де, қабілетіміз де олқы. Жазушының талантты қаламгерге тән жазу мәнері көркем әдебиетінің басты және бірден-бір обьектісі адам екендігін әуел бастан-ақ ұғынған жазушының өмір зерттеушілік қабілеті, адам жанының терең сырларын қапысыз тани білетін зерделігі, сонан соң сол кезден бастап-ақ ол таңдап алған көркемдік бағдар қарапайым адамдар көкірегіндегі құпия қазыналарды ашуға ұмтылған суреткерлік нысана сол әңгімелерде-ақ айқын байқалады.

Сыршыл, сыншыл, шыншыл заманы өзіміз айта беретін «тоқырау» заманымен тұстас келеді. Үш ғасырға жуық орыс империясының, оның ішінде жетпіс жылдан аса қызыл империяның басыбайлы боданы болғанымен тілі мен дінінен айрылмаған, тарихтың небір тайғақ жолында иілсе де сынбаған, сөйтіп бүгінгі тәуелсіздігіміздің туын көтерген іргелі ел болып отырған қазақ халқының табиғи мінезі Дулат әңгімелеріне шебер беріледі.

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дулат Исабеков өзіне таныс ауыл адамдарының тағдырын шығармаларына өзекті тақырып етіп алады. Әр шығармаларын оқыған сайын ауылдың кейіпкері арқылы ауыл адамдарының іс-әрекетін тамашалаймыз. Жалпы Дулат Исабековтің әдеби шығармаларының ең басты обьектісі - адам, оның ішінде заман адамы. Кейіпкерлері жүрек дірілінен, жан тынысымен, ісімен, ойымен күнделікті өмірде кездесетін қарапайым адамдар. Дулат әр кісінің өз мінез құлқы, басқадан оны өзгешелендіріп тұрар ерекшелігін, әр ұлттың да өзге жұртқа ұқсамас өз образы, өз жан-дүние ерекшелігі болатынын оқырманға тағы бір сендіреді, жеке-жеке кейіпкерлер галлереясын түзу арқылы өз қазағының образын сомдайды. Әңгімелерінде заман адамының бейнесін шебер берген қаламгердің шығармаларын қазақ әдебиетінің інжу-маржан қорына қосыларына кәміл сенеміз. Өйткені Дулат Исабеков қазақ әдебиетінде бұрын кездеспеген әңгіме үлгілерін жасады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты:

- Д. Исабеков шығармаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін сипаттау, олардың бүгінгі жазушы өмір сүріп отырған дәуір шындығымен байланысын, шығармаларының қазақ прозасындағы орны мен мәнін анықтау;

  • Д. Исабеков әңгімелері, повестері мен пьесаларының идеялық, тақырыптық ерекшеліктерін жүйелеу, суреткердің шығармасына өзек болған замана мәселелеріне сипаттама беру;
  • Шығармаларының тууына негіз болған нақты өмір құбылыстарының көрінісі мен шындығынан өнер туындысын жасау жолындағы шығармашылық ізденіс тәсілдері мен даралығын сараптау;
  • Жазушының ең қарымды шыққан туындыларына мазмұндық-құрылымдық сипаттама жасау;

Міндеттері:

- Жазушының шығармаларындағы адамдардың қарым-қатынастық жүйесін талдау;

- Кейіпкер таңдау, оның жан дүниесін, адамгершілік ізденістерін шынайы қалпында суреттеу шеберлігін таныту;

- Жазушы шығармаларында кейіпкерлердің адамгершілік қасиеттерін саралайтын диолог, ішкі монолог, ой ағымы, тартыс, т. б. көркемдік тәсілдердің қолдану ерекшеліктерін айқындау;

- Жазушының өзіндік стилін таныту;

Зерттеу жұмысының нәтижесі: Д. Исабеков әңгімелері, повестері мен пьесаларындағы тақырып және идея мәселесіне, образдар жасау ерекшелігіне, жазушы шығармаларынан аңғарылатын автордың өзіндік стильдік, тілдік ерекшеліктеріне ғылыми талдаулар жасалуы.

1. 1 Дулат Исабеков өмірі мен шығармашылығы

Жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат Исабеков - 1942 жылы 20 желтоқсан күні Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. 1966 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) . Қазаақ КСР Телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор(1966-1968), «Қазақ Совет энциклопедиясы» бас редакциясында аға ғылыми редактор(1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі(1976-1980), ҚазКСР Мәдениет министірлігінің репертуарлық-редакциялық коллегиясының бас редакторы(1980-1988), Қазақ теледидарының бас редакторы(1988-1997), «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан жазушылар одағының хатшысы қызметтерін атқарды. 1998 жылы ҚР Мәдениеттану ғылыми зерттеу институтының директоры болды. Қазіргі кезде «Мәдениет» журналының бас редакторы болып табылады. ҚР-ның «Құрмет» орденімен марапатталған.

Жазушының алғашқы әңгімелері 1963 жылы «Жолда», «Замандастар» атты жинақтарда жарияланды. Кейін «Бекет»(1966), «Ащы бал»(1969), «Мазасыз күндер»(1970), «Қара шаңырақ»(1973), «Тіршілік!(1975) атты повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын»(1980) романы басылды. Таңдаулы повестері «Екі жиырма»(1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь»(1978), «Отчий дом»(1979), «Смятение»(1986), «Новоселье в старом доме»(1986) деген атпен басылды.

Дулат Исабековтің «Ректордың қабылдау күндері»(1975), «Әпке»(1977), «Ертеңді күту»(1979), «Мұрагерлер»(1982), «Алыстан келген ананас»(1984), «Кішкентай ауыл»(1986), т. б. пьесалары республика, облыс театр сахналарында қойылды «Жеті желкен» таңдаулы пьесалары 1987жылы жарық көрді. «Мұрагерлер» пьесасы үшін Мұхтар Әуезов атындағы сыйлық берілді(1985) .

Жекелеген туындылары бойынша «Гауһар тас»(реж. Ш. Бейсембаев, 1975), «Дермене»(реж. А. Әшімов, 1986) көркем фильмдері түсірілді.

Жазушыға сапалы да жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1992 жылғы желтоқсанның 15-індегі «Әдебиет, өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылғы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» қаулысымен «Ай-Петри ақиқаты» деген повестер мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол кісі сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауреаты болып табылады.

Дулат Исабековтің шығармалары венгр, поляк, неміс, чех, тілдеріне аударылып, Израиль, Ресей, Чехия, Франция, Германия елдеріндегі театрлардың тұрақты репертуарларына енді. 2010 жылы «Тәуелсіздік толғауы» байқауында жазушының «Жаужүрек» драмасы бас жүлдеге ие болды.

2012 жылы 29 қараша күні Дулат Исабековтің 70 жылдығына орай «Атамұра» баспасынан шыққан 7 томдық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Ол жинақта жазушының бұдан бұрын «Өлке баспасынан жарық көрген 5 томдық кітабына енген повесть, әңгімелері және соңғы кезде жазылған жаңа пьесалары қамтылған. Сонымен бірге жазушының бұрын жарияланбаған аудармалары - Ф. Достоевскийдің «Ақ түндер» романы мен А. П. Чеховтың әңгімелері енгізілді.

Дулат Исабеков - оқымай мақтай салсаң, обал болатын, оқып мақтасаң сауап болатын айрықша талант. Өйткені оның шығармаларында данышпандарды да ойландыратын ойлылық бар. Оны ойланбай оқу мүмкін емес, оқыған соң ойланбау да мүмкін емес. Оның жазушылық құдіреті солай.

Шығармашылық адамның барлық туындылары оның өмірімен тығыз байланысты. Тіпті ол фантастика жанрында жазса да, кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-санасы жағынан автордың жеке өмірінен алшақ кетпейді екен. Детектив, 200 роман жазған Жорж Сименон да шытырман оқиғаларға толы шығармаларында, Агата Кристи де өз шығармаларында өмірбаяндық сарын жататынын әзілдеп болса да айтып кеткен екен. Ал шығармалары реалистік өмірді суреттеуге арналған жазушының барлық туындыларында өмірбаяндық ұшқын жататыны ақиқат. Ұлы жазушы Лев Толстойдан «Анна Каренинаның өмірде прототипі бар ма?»- деп сұрағанда, ол «Анна Каренина- мен» -деп жауап беріпті. Демек, барлық шығармаларда автордың жан дүниесі шашылып жатады. Жазушы, драматург Дулат Исабековтің шығармашылығының бәрінде де автор өмірінің ұшқындары жатыр. Оның өмірбаянын тыңдап, шығармаларына зер сала қарасақ осы пайымдаудың рас екеніне көз жеткізе түсеміз.

40 жылдары жаппай колхоздастыру, колхоздар ұйымдастыру, колхоздар ашу, Оңтүстікте мақта егу науқаны басталған уақыт. Сайрам ауданында ұйымдастырылған Ленин жолы колхозына әкесі, төрт бауыры және ана құрсағында Дулат көшіп келген екен. 1942 жылы 20 қазан айында болашақ жазушы дүние есігін ашады. Сәби есімін азан шақырып Нысанбай қояды. Атасы ағайындас Мәулен атты үлкен молда болған екен. Әкесі Исабек сол кісінің қолында ер жетіп, тіпті үйленген де екен. Төрт-бес күн өте Сырдың ар жағынан үш-төрт атты кісі келіпті. «Ана Исабектің үйіндегі келіннің ай-күні жақындап қалды, қыз туса есімін өздері қойсын, ұл дүниеге келіп жатса, анаң Дулат деген елдің ішіне барып дүниеге әкеліп жатыр, есімін Дулат қойыңдар» - деп Мәулен ақсақал жіберген екен. Қарияның айтқаны заң болып, қайтадан азан шақырып, қайтадан есімін Дулат қойыпты.

Дулат аға 6 айлық нәресте шағында әкесі майданға аттанып кетіпті. Бір сөзінде: «Біздің лексиконда көке деген сөз болған жоқ. Қорықсақ та апа, қуансақ та апа және жұрттың бәрінде әке болмау керек сияқты болып көрінетін. »- деген болатын.

Бір жарым екі жасар шағы. Бір күні кешке қарай дем алмай қалған екен, жұрттың бәрі Дулатты өлдіге санапты. Шешесі көзіне жас алып, ертесіне жерлейміз деп дәлізге шығарып, киізге орап қойған екен. Ол кез шелекке мұз қатып жатқан кез екен. Келесі күні таңертең адамдар қабір қазуға кекпен-күрегін алып кеткен, содан молашылар тез-тез қазып болып күтіп отыр дейді. Әні жоқ, міні жоқ. Содан кісі жібереді. Баланы алып шығыңдар, апарайық, көрін ұзақ күткізуге болмайды деп алып шығайын деп жатқанда, көрші кемпір барып беті ашық қалған баланы көтеріп қараса, бала ыржиып күліп жіберген екен. Әлгі кемпір шалқасынан түсіпті. «Ойбай, Күміскүл мына балаң тірі ғой»- деп жан ұшыра айқайлапты, шешесі жүгіріп келіп, баласын көре еңіреп тұрып жылаған екен. Ортаншы ағасы Пәрмен екеуі бір сыныпта оқыған екен. Үш жас үлкендігі болса да, бір мектепте, бір сыныпта оқыпты. Ол кез сондай заман болатын. Бір сұхбатында: « Ағам екеуміз таласып қалатынбыз. Асыққа таласамыз, допқа таласамыз, ләңгіге таласамыз. Ол күшті торпақ болатын, төртінші класста болсақ та жетінші класстың балалары менің ағамнан қорқатын. Мен ғана қорықпаймын одан. Содан оны тапал деймін, шәлтік деймін. Ол не дедің, қайтып айт дейді, мен қайтып айтамын. Ал дейді де келіп ұрады, қайта-қайта ұрады. Қайтып ал сөзіңді дейді, мен астында жатсам да қайтып алмаймын деймін. Ұрып- ұрып шаршап қояды. Сол кезде ентігіп, демалып отырып «Вот, сол кезде сені көміп тастай салу керек еді» - дейді ғой. » - деп есіне алып, бір толқығаны бар.

Балалық шағы 1 сыныпқа дейін Сайрам ауданы, Ленин жолы колхозында өтсе, кейін ағайындары көшіріп алып кеткеннен кейін Арыс қаласы, қазіргі Қараспан совхозында өткен екен.

1956 жылы анасы Күміскүл дүниеден өтеді. Қаламгер ағалары Набиалқан мен Пәрменнің қолында тәрбиеленген. Үлкен ағасы үйленгенше әпкелері Бибіхан мен Күлайна өз үй-жайы, бала-шағалары болса да кезекпе-кезек үйде болып, түтінін түтетіп отырды. Әпкелері кейіннен үлкен ағасын үйлендіріп, екі баланы келіннің қолына табыстап, осы екі балаға ана бол деп уәдесін алып аттанған екен.

Жазушының «Бекет» повестінде автобиографиялық сарын мол. Ол повесть 1965 жылы университеттің 4 курсында оқып жүрген кезінде жазылған. Осыныңа алдында ғана «Шойынқұлақ» әңгімесі сол кезде ең көп тарайтын «Лениншіл жас» газетінің үш нөмірінде жарияланып, оның есімі оқырман қауымға бірден танымал болған екен. Осы әңгіменің сәтті шығуы оны қанаттандырып, іле-шала, жазғы демалыста ауылға бармай, жатақханада қалып, студенттер қайтып оралғанша ол повестін бітіріп үлгерген еді. Шығармада сол кездің тұрмыс ауыртпалығына байланысты бір класста, бір партада бірге оқып жүрген ағайынды бауырлардың қиын тағдыры, бір-біріне деген бауырмалдылық сезімі әсерлі жазылған.

Аулында үлкен бір шұқыр болған екен. «Талақан 186» сатиралық әңгімеде жұртты дүрліктірген помидор дәл осы шұқырда өсіп тұрған. «Егер жалқаулықтан дүниежүзілік жарыс өтсе, оған ерінбей қазақтар да қатыса қалса, қазылар алқасы бас бәйгені сөз жоқ қазақтарға беретін еді»- деп басталатын әңгімеге басты себепкер болған помидордың өсіп тұрғанын, «Оны жеуге бола ма, болмай ма? Бұл шұқырға оның дәні қайдан түсіп жүр» - деп ауыл қазақтары түгел дүрлігіпті. Семейде салмағы 120 килотонна бомба жарылыпты дегенді елең ете қоймайтын адамдар осы шұқырды төңіректеп, қалай жеудің амалын қарастыруға кірісіпті. Міне осы әңгіме арқылы аңғал да бейқам қазақтардың тіршілігін осы шұқырдағы жабайы помидор арқылы көрсетпек болған екен.

Ауылдың шетінде Дәулет деген көкнәрші шал тұрған екен. Теректері, талдары да жоқ жалғыз үй. Баласын әскерге жіберген Дәулет шал, кемпірімен екеуі ғана қалған екен. «Тіршілік» повестіндегі Киеван, яғни көкнәрші Молдірәсілдің протатипі сол кісіні еске түсіреді. Көп баланың ішінен бала Дулатты тауып алып, Қараспан базарына ертіп баратын да сол шал екен. Арада көп жылдар өткен соң, сол көкнәрші шалдың шалғайына жармасып, Қараспан базарына талай-талай табанын тілдіріп жүрген бала кезекті бір шығармасына тағдыр соққысын көп көрген бір шалды басты кейіпкер етіп алды. Ол повестің аты «Тіршілік» еді. Совет әдебиетінде марехуананы насихаттады деп кезінде автордың атына қатты сын да айтылды. Бірақ, Мәскеудің «Советский писатель» баспасы бұл шығармадан апиынды насихаттау емес, тәлкекке түскен адам тағдырын көріп 1979 жылы «Отчий дом» деген атпен басып шығарды. Артынша «Литературная газета» «О повестях Дулата Исабекова» деген көлемді мақала жазып, сол кездің сауысқаннан сақ сыншыларының айбарақ пікірлеріне осылайша тоқтау салды. Соңынан бір елі қалмайтын бала Дулатқа көкнәрші шал ешкісінің лағын бәсіре етіп берген екен, өзің бағып өсір деп. Ендігі шағын әңгіменің оқиғасы осы бәсіре лақ аясында. Бұл әңгіменіңоқиғасы ауырлау. Бірінші жақпен жазылған әңгіменің кейіпкері, яғни болашақ автор бір дәулетті тұратын досының велосипедін бір күнге сұрап мінеді. Ол бермеген соң, әлгі көкнәрші шал берген лақты әкеп досының үйіне кепіл етіп қояды. Осылайша досының велосипедін алған екен. Ол кезде велосипед біреуде болса, біреуде жоқ болатын. Велосипедті мініп барған жерінде оны біреулер ұрлап әкетеді. Жылап еңіреген бала болған оқиғаны досына айтады, ал досы лағыңды велосипедті алып келгенде аласың деп оның бәсіре лағын бермей қояды. Ол ағайын-туыс, нағашы-жиен дегендерді, бәрін аралап жүріп ақша жинап, велосипед аламын дегенше бір ай уақыт өтеді. Әйтеуір ақша жинап, велосипедті алып досының үйіне келсе, олар лақты сойып тастапты. Дәулет шал берген бәсіре лақтың ақыры осылай бітеді. «Одау» деген әңгіменің жазылу тарихы осылай болған екен.

Ал «Гауһар тас» повесінің жазылу тарихы былай. Университетті бітіргеннен кейін әскерге аттанады. Мәскеудің арғы жағындағы Кубинка деген станциясында атақты әскери аэродром болыпты, сонда күзет ботольонына түседі. Объектілерді қарайды, күзетеді, орман ішін ториды. Сөйтіп жүрген бір күндері таңғы сағат 5-6 шамасы, таң енді-енді қылаулап атып келе жатқан шақта «Маяк» радиостанциясынан концерт беріп жатады. Бибігүл Төлегенованың орындауында «Гауһар тас» деген ән. Өз сөзінде: «Алматыда мың рет тыңдаған ән, сол жолы ерекше әсер етті, көзіме қалай жас толғанын байқамай қалдым. Бір әдемілік, сондай сәтте қазақ болып туылғаныма қуандым, және қазақ болып сол әнді түсіне алатындығыма қуандым. Бибігүлдің сол әні көп нәрсеге ноқта болды, жетеледі. Бірнеше күн бойы есімнен кетпей қойды. Бір нәзіктік, сұлулық жайлы дүние жазу керек, мынадай әні бар халықтың тың дүниесі болу керек деген ой санамнан кетпей қойды. Ақыры нәзіктік қыз болды, есімін бірден Салтанат деп қойдым. Ал енді нәзіктікке қарама-қайшы, керағар образ, оны түсінбейтін басқа адам болу керек болды. Ол образ да табылды. Сөйтіп «Гауһар тас» повесі жазылды. Бастапқыда «Дала еркесі» болатын, кейін «Гауһар тас» болды. »- деп повестің жазылу тарихын айтқан болатын. Повесть - жазушы әскерден келе сала бірден жарияланды. Кейін «Қазақфильм» «Гауһар тас» жайлы сценарий жазуға ұсыныс жасайды. Осылайша фильм түсіріліп, 1975 жылдың 31 желтоқсан күні экран алдына шығады.

Жазушы «Дермене» повесін қолға алуды ертеректен ойға алып жүрген, бірақ ол ойы уақыт өте жүзеге асты. Жатсаң- тұрсаң мұрнынан кетпейтін дерменелі дала иісі, барған сайын сол далаға қарыздар секілді күйге ұшырататын. «Неге мен дерменені қолға алдым? Жай ғана жазып кете беруге болатын еді ғой, бірақ мен неге ұзақ жүрдім? Өйткені кілті табылмады. Тек қана қиындығы, ақша қуған, пайда тапқысы келген адамдардың бей-берекет тіршілігін, қастығын, достығын, жауыздығын жаза беру, ол жәй ғана анайы шығарма болып қала беруші еді. Мұнда айтылғалы жатқан идеясы не? Мен әдейі үш адамды шығардым алаңға. Осылардың жан дүниесі қандай, бетпе-бет келгенде мінездері, қандай қабілеттері ашылады екен? Өмір деген алма-кезек. Өмірде бақыт, жақсылық деген ылғида бір адамның басында тұра бермейді, ауысып отырады. Адам баласы күресе білсе, кісілікті жоғалтпаса, адамгершілікті жоғалтпаса жақсы ғой. Міне осы повестегі Тоқсанбай сондай адамдардың бірі. Қиянаттың бәрін жасап кетті, тіпті алдап та кетті, ол сонда да сынбады. Немересі үшін мойымады. Немересі болмаса ол әлдеқашан Омаштың қолынан өлуі мүмкін еді, бірақ өзінің өмірінен гөрі жалғыз немересінің өмірі қымбат болды. »- дейді автор. «Дермене» повесіндегі Омаштың жұмыртқаларды сабан шляпасына толтыра жинап, отқа пісіріп жейтіні, ішінде балапан болып қалған жұмыртқаларды жарып, оларды тірідей отқа лақтырып, «Осыларға өмір сүрудің қажеті қанша?» дейтіні бар еді. Повестегі осы қатыгез көрініс сол балалық шақты еске түсіретін немесе дермене жинау кезінде кездескен оқиғаның бірі де болуы мүмкін. Ол да бар, бұл да бар. Аянышты көріністердің өшпестей болып есте қалатындығынан шығар, кейін осы көріністерді «Дерменеде» повесінде қолданған екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ драматургиясын оқыту әдістемесі
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Драматургиядағы тарихи тұлғалар бейнесі
Дулат Исабековтың өмір жолы
Драмадағы тарихи тұлғалар бейнесі. Эссе
Қазақ драматургиясы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша оқушыларды біріңғай ұлттық тестілеуге дайындаудың тиімді жолдары
Қазақ әдебиетін дамытудағы еңбектері
Драмалық шығармалар оқыту
Қазақ драматургиясының өркендеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz