Атмосфералық ауаны қорғау



Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-ауа. Өйткені, барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем алғанда 23-24 л ауа жұтады. Дем алатын оттегін қалай пайда болғаны туралы толық ғылыми деректер шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер бетінде бұдан 550-570 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі арқылы оттегі бөліп шығады. Жалпы хайуанаттар тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газін бөледі. Бір заттың маңызын жете көрсету үшін халық «Ауадай ете қажет» дейді. Ендеше тірі организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес. Жерді айнала қоршап тұған газды қабат-атмосфера деп аталады. Ол гректің «atmoc» ауа және «cpaira» - шар деген сөзінен шыққан. Атмосфераға адам, жануарлар және өсімдіктер дем алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді.
Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы. Онын, қүрамы, негізінен, азот пен оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар.
Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның сыртқы қабығы, ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін сәулелерінін, әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Атмосфера төмендегідей негізгі қабаттардан тұрады. Ауанық негізгі бөлігі (шамамен 80%) жердің төменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер белдеулеріне байланысты 8—17 километр биіктікке дейін барады. Жердің бетінен алыстағағреайын тропосфера қабатынын. температурасы әр шақырымда 6°С-ға темендеп отыра-ды. Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температу-раның төмендеуі тоқтап—60—70°С келемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл белігін тропопауза деп атайды. Келесі

АТМОСФЕРАЛЫҚ АУАНЫ ҚОРҒАУ
Адамзат қоғамы табиғаттың бір бөлігі, ол онымен үнемі байланыста болған
күнде ғана тіршілік ете алады. Адамның өмірі үшін ең басты қажеттің бірі-
ауа. Өйткені, барлық тірі организмдер атмосфералық ауамен тыныс алады. Адам
тамақсыз бес жетіге, сусыз бес күнге, ал ал ауасыз бес минутқа ғана шыдай
алады екен. Егер адам тәулігіне 4-5 литрдей су, тамақ ішетін болса, дем
алғанда 23-24 л ауа жұтады. Дем алатын оттегін қалай пайда болғаны туралы
толық ғылыми деректер шамалы. Дегенмен оттегі бөлетін жасыл өсімдіктер жер
бетінде бұдан 550-570 миллион жыл бұрын пайда болған. Бұл өсімдіктер
құрлыққа тез тарап, фотосинтез процесі арқылы оттегі бөліп шығады. Жалпы
хайуанаттар тыныс алғанда оттегін сіңіреді де, көмірқышқыл газін бөледі.
Бір заттың маңызын жете көрсету үшін халық Ауадай ете қажет дейді. Ендеше
тірі организмдердің тіршілігі ауасыз мүмкін емес. Жерді айнала қоршап тұған
газды қабат-атмосфера деп аталады. Ол гректің atmoc ауа және cpaira -
шар деген сөзінен шыққан. Атмосфераға адам, жануарлар және өсімдіктер дем
алатын ауа ғана емес, сонымен бірге оған жер шарын қоршаған газды қабаты да
жатады. Оның қалыңдығы 100 километрге дейін жетеді.
Ауа — әр түрлі газдардың қоспасы. Онын, қүрамы, негізінен, азот пен
оттегінен тұрады. Бұл газдар су мен жер қыртысында да бар.
Жер бетіндегі тіршілік тек ауа бар жерде ғана болады. Ауа планетаның
сыртқы қабығы, ол тіршілік атаулының бәрін космостың ультракүлгін
сәулелерінін, әсерінен сақтайтын өзіндік ерекшелігі бар қабат. Атмосфера
төмендегідей негізгі қабаттардан тұрады. Ауанық негізгі бөлігі (шамамен
80%) жердің төменгі тропосфера қабатында шоғырланған. Бұл қабат жер
белдеулеріне байланысты 8—17 километр биіктікке дейін барады. Жердің
бетінен алыстағағреайын тропосфера қабатынын. температурасы әр шақырымда
6°С-ға темендеп отыра-ды. Одан әрі 18—20 километрлік биіктікте температу-
раның төмендеуі тоқтап—60—70°С келемінде болып тұрады. Атмосфераның бұл
белігін тропопауза деп атайды. Келесі стратосфера қабаты жердің бетінен 20—
50 км биіктікте. Ауанық қалған бөлігі осы қабатта. Мұнда жердің бетінен әр
километрге биіктеген сайын тем-пература 1—2°С-ға жоғарылайды; 50—55 км
биіктіктегі стратопаузада температура 0°С-ға жетеді. Одан әрі мезасфера
қабаты 55—80 км биіктікте орналасқан. Бұл қабатта да жерден әр километрге
алыстаған сайын температура 2—3°С-ге темендейді, ал 80 километр биіктік
мезопаузада температура—75—90°С жетеді. Қазіргі деректерге қарағанда,
атмосфера жер бетінен 1500—2000 км биіктікке дейін жайылған, әйтсе де жер
серіктерінің және ракеталардың көмегімен жүргізілген бақылауларға
қарағанда, атмосфераның кейбір белгілері жерден 10-20 мың км биіктікке
дейін болатындығы анықталып отыр.
Жердің бетіне метеорит денелер де түсіп отырады. Мәселен, әр секунд
сайын көзбен көріп бақылауға болатын 200 млн-ға дейін метеориттер ауа
қабатына түсіп өртеніп жатады. Тәулігіне жер бетіне шамамев 1018 кішігірім
метеориттер түседі.
Күн сәулесінен келетін, жарықты да шашыратып, реттеп отыратын ауа. Егер
ауа қабаты болмаса сөйлеген сөзді де, құлпырта салған құстар әнін де,
ағаштың сыбдырын, желдің ызыңын және тағы басқа дыбыстарды біз ести алмаған
болар едік. Демек, бұл мәліметтер ауаның дыбысты таратушылық қасиеті бар
екенін керсетеді.
Ең негізгі маңызды қорғаныш қабаты — озон. Ол атмосфераның жоғарғы
қабатында (20—50 км) күн радиациясы әсерінен түзілетін бір түрі. Озон
жерден 25 километр қашықтықта ең көп мөлшерде пайда болады. Ол атмосфераны
тек 2—4 миллиметр қалыңдықпен қоршайды. Осы аз мөлшердегі қабық жер
бетіндегі барлық тіршілікті космостық сәулелердің зиянды әсерлерінен толық
сақтап отырады, ол ультракүлгін сәулелерді өзіне сіңіріп қалып, жер бетіне
тек шамалы мөлшерін ғана жібереді. Сондықтан оның жануарлар мен адамдарға
пайдасы өте зор.
Атмосфера жердегі ауа райын белгілі бір қалыпта реттеп отырады.
Атмосфера болмаса, тәулік ішінде жер бетінің температурасы шамамен 200
градусқа күбылып тұрған болар еді (күндіз 100° шамасьщда ыстық болса, түнде
—100 градусқа дейін суықтық болар еді).
Көпке дейін адамдар ауаның салмағы барын білмей келді. Тек XVI ғасырда
ғана оның салмағы барлығы дәлелденді. Егерде бір текшеметр құрғақ ауаны
теңіз деңгейіне сәйкес, 0° температурада елшейтін болсақ, оньщ салмағы 1293
грамға тең болар еді. Сонда жер бетінің әрбір шаршы сантиметріне ауа
шамамен 1 кг күшпен әсер етеді (дәлірек айтқанда 1033 г.) Осы айтылған
әсердің мөлшерін түсіну үшін мынадай бір қүбылысты еске түсірсек
жеткілікті, адамның алақанына ауа шамамен 150 кг күшпен әсер етеді, ал
адамның барлык денесіне әсері 15 тоннадан асады екен. Ауада болып жатқан
түрлі құбылыстар жердің күннен алған сәуле энергиясының әсерінен жүріп
жатады. Күн сәулесінін, әсерінен ең алдымен жердің беті және мүхиттар
жылынады, соның нәтижесінде ауаның, төменгі қабаты жыли-ды да жоғарылаған
сайын оның температурасы темендей береді (орта есеппен әрбір 100 метрге 0,6
градус төмендейді).
Қүн сәулесі қуатының әсерінен мүхит пен теңіздерден, өзен мен көлдерден
тағы басқа су қоймаларынан су буға айналып отырады. Міне, осы ылғалдылықты
жер шарына таратуда атмосфералық ауаның атқаратын ролі зор. Күн сәулесі
куатынын, арқасында бу күйінде ауаға көтерілген суды атмосфера жер шарыньщ
белгілі бір аудандарына жеткізіп, жаңбыр немесе қар күйінде жерге түсуін
қамтамасуз ететін транспорт қызметін атқарады.
Ауаның ластануы
Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын тозаң мен газдардың жалпы
мелшері атмосфераның бүкіл массасымен салыстырғанда ете аз. Мысалы, таза
ауаньщ шамамен 240000 бөлігіне, ластанған заттың бір бөлігі келеді.
Ластанған заттардьщ көпшілік бөлігі жер бетіне жақын үш километрлік қабатта
шоғырланады. Мүндай шоғырлану әсіресе өнеркәсіпті қалаларда кеп
байқалады.Ауаның түрлі заттармен ластануы, бүлінуі алғашқы кезде өнеркәсібі
ерте дамыған Европа мен Америкада басталғаны белгілі. Ол кезде ауаны
тазартуға өндірістен заводтардан және фабрикалардан шығатын улы газдар, шаң-
тозаңдар және тағы басқа зиянды заттарды ұстаудың тиісті, қүралдарын ойлап
таппаған. Соньң салдарынан ауада улы қосылыстар жылдан-жылға көбейе берген.
Мәселен, Англияның кәсіпорындары қүбыр-ларынан жылына 420 миллион тонна
шаңтозаң, түтін, күде, түрлі улы қосылыстар биосфераға тарап жатады.
Ауа екі жолмен: табиғи және адамның ісәрекеті нәтижесінде ластанады.
Ауаның табиғи жолмен ласта-нуы вулкандар атқылағанда, тау жыныстарының,
үгітілуінен, шанды дауылдан, орман өрттерінен болады. Ауада үнемі
аэропланктондар — бактериялар (онын, ішінде ауру тудыратындары да бар),
саңырауқұлақтардың споралары, өсімдіктердің, тозаңдары және т. б.
кездеседі. Ауаның табиғи жолмен ластануы қандай дәрежеде өтсе де,
атмосферадағы газдардың тепе-теңдігін бұза алмайды. Үлкен вулкандар
атқылағанда шыққан түтін мен күл шоғы жер шарын қоршап, атмосфераның
көптеген кеңістігін алып кеткендігі байқалған. 1883 жылы тамызда. Қаракатау
(Индонезия) вулканы атқылағанда шамамен 150 миллиард тонна шаң мен күл
шоғын 32 км биіктікке дейін лақтырып тастаған. 1912 жылы 6 маусымда
Аляскада Катамай вулканы атқылағанда Белоруссияның маңайын қара түнек басып
кеткен, соның нәтижесінде сол жылы басқа жылдармен салыстырғанда күннің
ашық сәулелі мерзімі 4—5 сағатқа кем болған.Сол сияқты 1908 жылы Тунгус
метеориты түскенде де ұсақ шаңдар көтеріліп көп уақытқа дейін аспан
кеңістігі күңгірт тарта түрған.
Жер бетінде ауа үнемі қозғалыста болады. Сол арқылы бір ауданда пайда
болған улы заттарды шалғай жатқан екінші аудандарға таратады. Мәселен,
Африка мен Алдыңғы Азияның шөл даласында ауаға көтерілген құм шаңның көп
мөлшері Оңтүстік және Орта Европаның жеріне келіп түскен кездері болған.
Канадада болған орман өртінің түтіні күшті соққан желдің екпінімен 8—13
километр биіктікте Атлант мүхиты арқылы Европа жиектеріне дейін жеткен.
Атмосфераның жоғарғы қабатындағы шаңтозаңдар әлем кеңістігінде
планетааралық тастардың ауаның тығыз қабатында жануынан және басқа
космостық денелердің әр түрлі себептерден жануынан пайда болып оты-рады.
Ауаның төменгі қабатының ластануы негізгі тау жыныстары мен топырақтың
беткі қабатының бұзылуынан да болады. Мәселен, жерден 10 км биіктікке
дейінгі шаңтозаңның болуы, тек жерден көтерілген заттар. Тіпті керек
десеңіз жауыннан кейін бір текше сантиметр ауаның қүрамында 30 мыңға жуық
шаң-тозаң болса, ал құрғақ күндері оның саны 100 мыңнан асып кетеді. Кей
уақытта қүрғақ желдің өзі жердің беткі қабатынан миллион тоннаға жақын
топырақтың ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп әкетеді. Көптеген шаң-тозаң ауаға
вулкандар атқылағанда қосылып отырады. Кейде олар 50 км биіктікте бірнеше
жыл ауаньң жоғарғы қабаттарында қалып қояды.
]_Адам қызметінің нәтижесінде ауаны ластау атмосфера үшін,ең қауіпті.
Оларға өндіріс, транспорт және тұрмыс қалдықтары жатады.
Ауаның көбірек ластанатын — төменгі қабаты. Өйткені оған өндіріс
орындарының жаңа шаң-тозаңдары күнде косылып отырады. Сондықтан да
атмосфералық ауаны ластамай таза ұстау — бүгінде барлық адамзаттың алдына
қойылып отырған түбегейлі міндет.Соңғы 10—15 жыл ішінде Қазақстанда неше
түрлі алып өндірістер, жаңа қалалар, заводтар мен фабрикалар салынып,
олардың саны жылдан жылға көбейе түсуде. Оған автомашиналар санының арта
түсуін қоссақ, сонда ауаны негізгі ластаушылар өнеркәсіп орындары мен
автомобиль транспорты екендігі анық-талды. Мысалы, Өскемен облысы бойынша
(1990 ж)„ ауаға шамамен 300 мың тонна зиянды заттар шығарылады, бұл
санитарлық нормадан орта есеппен 2 есе артық. Мүндағы түсті металлургия
кәсіпорындарының үлесі жартысынан асады.
Ауаны ластаудың негізгі кездері: жылу электростанциясы, металлургия,
химия, мүнай өндіретін, цемент және басқа да заводтар мен фабрикалар. Ауаға
шығатьш заттың химиялық құрамы пайдаланған отыннын түріне өндіретін өнімнің
құрамына, өндірістің жасау тәсіліне және т. б. байланысты. Мысалы,
Павлодардың алюминий заводы ауаны өзінің түтінімен бірге фторлы
қосылыстарымен ластайды. Қарағандының синтетикалық каучук өндіретін заводы
көмір қышқыл газын (СО2), аммиак, күкірт қышқылының буы, күкіртсутек (Н2S),
азот оксидін, қосоксидін (N0, NО2) т. б. ауаға шығара-ды. Атыраудың мұнайды
қайта өңдеу заводында қоршаған ортаға да, адам өміріне де өте қауіпті
күкіртсутек (Н2 S) және т. б. улы заттар бөлінеді. Ақтөбенің химия заводы
азот оксидін (N0), фторлы газдар, сульфаттар арқылы ауаны ластайды. Жасанды
талшық шығаратын өндіріс орындары сулы күкірткөміртек (СS2) және жағымсыз
иісті күкіртсутек (Н2S) бөліп шығарады. Қарағандының коксохимиялық өндірісі
ауаны күкіртті және зиянды қосылыстарды, азоттың қосоксидін (N0) шығарып
ластайды. Химиялық өнеркәсіпке тән сипат, олардың ауаға бөлініп шыққан
заттары бір-бірімен химиялық реакцияға түсіп ете күрделі, улы қосылыстар
түзіп қор-шаған орта ауасын жоғары дәрежеде ластауында.
Жылу электростанциялары көп мөлшерде ауаға шаңтозаңдар, түтіндер мен
күйелер қосады. Қуаты орташа Жылу электростанция орталығы тәулігіне 2000
тонна сапасы төмен көмір жағып, ауаға шамамен 400 тонна күл және 120 тонна
күкірт оксидін (5Ог) шығарады Оның ауаны қанша ластайтынын айтпаса да
түсінікті.
Ауаны, шамадан тыс ластайтьщ өндірістің бірі — цемент заводтары.
Цементтен бөлінген шаңдар тек ауаны ғана ластап қоймай, заводтың барлық
территориясын, оның маңайын қоса қамтиды.
Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын ауаға жүз миллион тонна зиянды
газдар мен шаңтозаңдар таралып жатады. Өнеркәсібі күшті дамыған қалалардың,
үстін ерекше қара түтін басып түрады. Оның ауаны ластауымен қатар басқа
қосымша залаладары бар. Мысалы, атмосферадағы қара түтін дегеніміз күн
нұрының 25%-ін ультракүлгін сәулесінің 50%-іне жуығын жұтады екен. Мұның
өзі өсімдіктер мен жанжануарлар дүниесінің бірқалыпты тіршілік етуіне үлкен
зиянын тигізеді.
Ауа тазалығын бұзуда автотранспорттың да айтарлықтай ролі бар. Ірі
қалаларда автомобильдер бөліп шығаратьш улы көмір оксидінің (СО) мөлшері
күннен күнге арта түсуде. Мамандардың есебі бойынша, бір машина сағатына
ауаға 6—10 текше метрге жуық улы газ бөліггшығарады екен. Олай болса
Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күні-түні тынымсыз жүріп
жатыр. 1990 жылы автомобильдерден тараған лас 3,5 млн тоннадан асты.
Бүгінгі таңда Семей облысы бойынша қоршаған ортаны ластайтын 2480 орын
анықталды. Соның 1925ж Семей қаласында орналасқан. Шаң тазалағыш
қондырғылардың дүрыс жұмыс істемеу салдарынан немесе іске алғысыздығынан
қаладағы шаңның орташа көрсеткіші санитарлық нормадан 2 есе, азот қостотығы
1 есе, күкірт-ті ангидрид — 0,2 есе артып отыр (1991 ж дерек).
Қызылорда облысы Сыр бойы ауасында да өзіндік езгешелік бар. Бірақ
қанша жеңілдетіп айтсақ та осы өлкедегі қатерлі экологиялық жағдайлармен
косылған Қызылорда ауасы елге де, жерге де зиянды тағы бір қолайсыз
факторға айналып отыр. Мысалы, 1989 жылы Арал ауданында 5 мың тоннадан
астам зиянды заттар, Қазалы ауданында 2238 тонна, ал Қызылорда қаласында 60
мың тонна зиянды заттар адам, жануар мен өсімдіктер тыныстап отырған ауадан
табылған екен. Жел арқылы Аралдың тұзы, Памирге, Хан тауына, тіпті сонау
алыс Америкаға дейін жетеді.
Қазір Жамбыл қаласыньщ түрғындары күкіртті ангидрид, азот және
көміртегі тотықтары, фтор қосылыстары, аммиак, фосфор ангидриді,
көмірқышқыл газы күйе, шаң т. б. араласқан ауамен дем алады. Бұлардың
ішінде ауаға көп тарайтындары: күкірт ангидриді, азот және көміртегі
тотықтары т. б. Олар адамның денсаулығына аса зиянды рак ауруын тудыратын
заттар. Қаланың ауасын ластап жатқан кәсіпорындардың тізі-мінде ГЭС бірінші
орын алады. Содан кейін қаладағы үш химия заводы алады. Үш заводтың ауаға
шығаратын барлық зиянды заты 3222 тоннадай болады.
Ауаның радиоактивті заттармен ластануы. Ауаның қүрамында бірнеше зиянды
қоспалар болады. Солардың ішінде адам, жануарлар мен өсімдіктердің өміріне
ең қауіптісі радиоактивтік заттар. Олардың жер бетіндегі көзі атом және
сутегі бомбаларының тәжірибе жасау кезінде жарылуы, атомдық реакторлар,
атомдық электростанциялар атом өнеркәсібінің қалдықтары және т. б. Әсіресе
атом және сутегі бомбаларының жарылуынан пайда болған радиоактивтік
заттардың ауаға қосылуы ерекше назар аударады. Радиоактивтік заттар ауадан
жерге жауын-шашынмен түседі де, жер бетіндегі судың, топырақтың, өсімдіктер
мен жануарлардың және адамдардың денесіне шоғырланып радиоактивтік әсер
ететін мөлшерін арттырады.
Радиоактивті заттар тек ауа жолымен ғана таралып қоймайды, ол өсімдік
қалдықтарымен, жануарлардың өлексесі мен қалдықтары арқылы да, тамақпен де
таралады. Мысалы, судағы элементтерді планктонды ор-ганизмдар сіңіреді, ал
олармен балықтар қоректенеді, балықтарды кезегі келгенде жыртқыш балықтар
жейді, оларды балықпен қоректенетін құстар ұстайды, құстарды аңдар қорек
етеді. Радиоактивті заттардың ауанын, қүрамында көп мөлшерде болуы, халық
арасында тұмаудың, түрлі ісік-жаралардың таралуына әкеп соғады.
Радиоактивті заттар адам организміне әр түрлі жолдармен кіреді және әр
түрлі дәрежеде шоғырланады. Мысалы, радиоактивті стронций-90 элементі адам
организміне өсімдік тектес тамақтын, құрамымен кіреді де сүйекте жиналады,
цезий—137 тканьдер мен бұлшық ет Құрамына енеді. 1945 жылғы Жапониядағы
Хиросимо мен Нагасакиде жарылған атом бомбасы бірнеше минутта он мындаған
адамды қырып салды. Сол атом апатының зардабы Жапонияда күні бүгінге дейін
байқалып отыр.
Ауа адам баласының бәріне бірдей ортақ нәрсе. Ол Үшін мемлекет
шекаралары жоқ. Сондықтан да жер үстінде ауаны зиянды заттармен ластамау
үшін ядролық қаруларды сынамау, оларды колданбау мәселелері бүкіл халық
талабы мен тілегіне айналып отыр. Бүкіл дүние жүзі халқы бейбітшілікті
тілейді. Өйткені ядролық қару жер шарының қай бөлігінде жарылса да,
радиоактивті заттар ауа арқылы бүкіл жер жүзіне таралатыны анық.
Қалалардағы ауаның ластануы. Адам қызметінің нәтижесінде пайда болатын
әр түрлі заттармен ауаның, ластануы көптеген кәсіпорындар мен от жағатын
қондырғылары бар ірі өнерккәсіпті қалалардың үстінде болады. Мысалға,
Алматы қаласың алайық. Қаланың, маңайындағы таулардың басына шығып
қарасаңыз, оның үсті тұтасқан қап-қара тұман немесе бұлт сияқты болып
көрінеді. Бұл жағдай бұрын күздің кейбір айларында, қыста көрінуші еді.
Қазір барлық уақытта байқалып түрады. Мұның өзі әлі де болса алынып
бітпеген шағын келемді жылыту жүйелерінің трубаларынан және қала
транспорттары жаққан жанармайдан шыққан улы газдар, сондай-ақ заводтар мен
фабрикалардың мұржаларынан шыққан түтін, күйе, әр түрлі химиялық улы
қосылыстар. Қала үстінде қалқып жүрген заттардын, химиялық қүрамын анализ
жасап қарағанда онда көмірсутек, азот тотықтары бар екені анықталған. Олар
ауадағы басқа да қосылыстар мен реакцияға түсіп, өте улы газдар түзеді. Бұл
химиялық қосылыстар адамның, жануарлар мен есімдіктер дүниесінің
генетикалық ерекшеліктеріне өте зиянды әсер етеді. Мүндай көріністер
Қазақстанда Қарағанды, Өскемен, Жезқазған және т. б. қалаларда да
байқалады.
Шексіз ауа мұхитында тіршілік жүріп жатқанымен, кей уақытта
республикамыздың көпшілік қалаларында таза ауаның тапшылығын байқап
қаламыз. Әсіресе, енеркәсіп жақсы дамыған Өскемен, Лениногорск, Шым-кент,
Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Алматы т. б. қалаларда оттегі тапшы. Осы
аталған қалаларда соңғы 10 жыл ішінде түсті меуталлургия, химия мен цемент
енеркәсібі және құрылыстың неше алуан салалары дамудың нәтижесінде
заводтар, жылу электростанцияла-ры олардың қасынан қосымша ұсақ өндіріс
орындары шоғырланды. Нәтижесінде ауада түтін, шаң-тозаңдардың мөлшері
артты.
Республикада қола сияқты түсті металдың 100 тон-насын қорытқанда 88
тоннадай күкіртті ангидрид пеи 2 тоннадай шаң бөлініп шығады. 100 тонна
қорғасын рудасы қорытылғанда 54 тонна күкіртті газ және 2,5 тоннадай улы
шаң шығады. Ауаны көмір қышқыл газымен ластауда басты кінә машиналар болып
отыр.
Жиырмасыншы ғасырда кемір қышқыл газыныц ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауаны құқықтық қорғау
Атмосфералық ауаны қорғау шаралары
«Атмосфераның құқықтық режимі»
Қазақстан Республикасындағы атмосфералық ауаны құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері
Атмосфералық ауаны және қоршаған ортаны қорғау
Атмосфералық ауаның қазіргі жағдайы
Өндіріс орындарын желдету әдістері
Өндірістік жарақаттануды сараптау әдістері туралы
Атмосфера құрамы
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Пәндер