Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КAФЕДРAСЫ

К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С

ПӘН: МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

ТAҚЫРЫБЫ : Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны

БІЛІМГЕР:

ТОП:

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:

ТAРAЗ 2020

ҚAЗAҚСТAН РЕСПУБЛИКAСЫНЫҢ БІЛІМ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ҰСТАЗ ИНСТИТУТЫ

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖӘНЕ БAСТAУЫШ БІЛІМ БЕРУ» КAФЕДРAСЫ

ТAПСЫРМA ҚAҒAЗЫ

ПМНО тобының білімгерінің курстық жұмысынa

Пән:

Тaқырыбы: Балабақшадағы балалар тілін дамыту әдістемесінің мазмұны

Орындaлу кестесі

Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері
Көлемі
Орындaлу мерзімі
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

Кіріспе

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

І

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

1. 1

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

1. 2

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

ІІ

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

2. 1

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

2. 2

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

2. 3

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

Қорытынды

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

Пaйдaлaнылғaн әдебиеттер

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

Жұмысты безендендіру

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:
Бастауыш мектеп математикасының мазмұндық желілері:

Қорғaлды

Көлемі:
Орындaлу мерзімі:

Тaпсырмa кaфедрa отырысындa «24. 09»2020ж ылы №2 хaттaмaсымен

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ . . . 6

1. 1 Балалардың тілін дамытудың психологиялық негіздері . . . 6

1. 2 Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері . . . 11

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ . . . 15

2. 1 Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдері . . . 15

2. 2 Көркем әдебиеттің баланың тілін дамытудағы ролі . . . 19

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі. Балабақашағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.

Курстық жұмыстың мақсаты. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз.

Ойынды қолданумен бірге ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады. Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым- қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады. Курстық жұмыстың міндеті.

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің міндеті:

-балалардың сөздік қорларын дамыту;

-жаңа сөздерді меңгерту;

-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.

Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді[7] .

Осы аталған міндеттерді тәрбиеші үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын молайтуда ойын, тапсырма жаттығулардың орны ерекше. Соның ішінде ойын- баланың шын тіршілігі. Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз. Ол озін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы, бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын үстінде қалыптасады.

Халық даналығында Ойнай білмеген, ойлай да білмейді, Ойында озган, өмірде де озады деген аталы сөздер сырына жүгінсек, мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы, мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды.

Мектепке дейінгі тәрбиеленушілерде педагогикалық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық мотивтерді туындатып, жағымды мінез- құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді. Психологиялық жаттығулар баланы үлкендермен және достарымен қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеп, өз пікірлерін айтып жеткізе білуге көмектеседі. Ойын жаттығулар арқылы баланың білімділік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Психологиялық ойын- жаттығулар баланың жан дүниесінің, рухани жай-күйінің үйлесімді дамуына ықпал етеді. Баланың сезім әрекетін, әсерленушілік деңгейін анықтау үшін қолданылады. Ойындардың негізгі мақсаты балалардың ықылас зейінін, сөздік қорын, байқампаздығын, есте сақтау, қабылдауын дамытуғы, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс- әрекетін бағалай, құрметтей, өз ісінің дұрыстығын дәлелдей білуін анықтау, қалыптастыру. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, сол ойындардан үлкен де мәнді, мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені ең алдымен не нәрсенің болсын жөн бастар қайнар көзі болатыны белгілі. Сондықтан да ойын бала бойындағы қандай да бір өнердің бастауы деп білеміз.

Сонымен балалардың сөздік қорларын дамытуда ойындарды, тапсырма- жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып, ауызша сөйлеу машығын игереді, таным белсенділіктері қалыптаса түсіп, ақыл- ойы өсіп жетіледі, әрі адамгершілік қасиеттер бойына сіңіреді.

Ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық- саусақ ойыны. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды, ағаштарды т. б көптеген бейнелерді бейнелей алады.

Ал тіл кемістігі кездесетін балалардың жалпы қимылдары, соның ішінде бұлшық етінің қимылдары жеткілікті деңгейде дамымайды.

Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіру, түзеті- тәрбие жұмысын жүйелі жүргізуді қалайды.

Зерттеудің нысаны: балабақша балаларының тіл дамыту әдістемесін дамыту үдерісі.

Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдебиеттерге теориялық талдау жасап, зерттеу, жүйелеу, бастауыш сыныптардағы балалардың мектеп математикасын үйренулеріне көмек көрсету мәселесін талдап, қорытындылау, сауалнама жүргізу, әңгімелесу, байқау, эксперимент нәтижелерін саралау, тиімділігін тексеру.

Зерттеудің міндеттері:

Балалардың тілін дамытудың психологиялық негіздеріне талдау жүргізу;

Балабақшадағы балалардың тілін дамытудың әдісі мен тәсілдері туралы түсінік беру;

Еркін сөйлеу қатынасында арнаулы сабақтарда балалардың сөздік қорын байыту әдістері мен тәсілдеріне талдау жасау;

Көркем әдебиеттің баланың тілін дамытудағы ролін жан-жақты зерттеу.

Зерттеудің теориялық мәні: Балабақша балаларының тіл дамыту әдістемесін оқытуда көмек көрсетудің жолдарын қалыптастырудағы іс-әрекеттің диалектикалық қағидалары, қоғам, мен ой-пікірдің даму заңдылықтары.

Зерттеу объектісі: Тараз қалалық №15 Қарлығаш балабақшасының «Айгөлек» тобы.

Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс екі бөлімнен, бірнеше бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

1. ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ

1. 1 Балалардың тілін дамыту әдістерінің негіздері

Тіл және тіл дамыту сұрақтарына тереңірек тоқталсақ. Бұл мәселелерге байланысты көптеген ғалымдар мен зерттеушілер өздерінің еңбектерін арнаған. Тіл дамыту мәселесінің зерттелу тарихында аса елеулі орын алатын тұлғалар:

Қазақтың дара ұстазы, ұлы перзенті - Ыбырай Алтынсарин. Алғашқы мектеп оқулықтарын жазған ғалым - Ахмет Байтұрсынов. Кезінде жәбір-жапа шегіп, сауатсыз қараңғылықта жүрген халқының көзін ашу, балаларын оқытып, білім алу үшін, "Жарғақ құлағы жастыққа тимей" еңбек еткен, мектеп ашып, оған өзі арнайы оқулық жазған ұлы ағартушы - Ыбырай Алтынсарин.

Халық арасындағы аңыз әңгімелер, қара өлең үлгілері, мақалдары автордың өзі басқа тілдерден аударған, жанынан қосқан тәлімді әңгімелер топтастырылған қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралында Ыбырай Алтынсариннің тек тәрбиелік-дидактикалық мәселелерге ғана емес, қазақ тілінің тазалығы мен сөздігінің дұрыс қолдануына да қатты мән бергенін байқауға болады[1] .

Ахмет Байтұрсынов өзінің Баяншы, Тіл жұмсар, Қай әдіс жақсы? атты мақала еңбектерінде тұтас сөздік әдістерінің тиімділіктері мен кемшіліктерін талдап көрсетумен бірге, оқушыларға сөз мағыналарын оқыту мәселесін тыс қалдырмады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынов алғаш рет Орынборда басылып, 1925 жылға дейін 7 басылым жарық көрген "Оқу құралы" әліппесінде сөздіктің дыбыстары мен мағыналары арасындағы байланысты оқушыларды дыбыстарды оқытудың тиімді әдісі ретінде алған. Ахмет Байтұрсынов қалыптастырған жаттығу үлгілері мен оқыту әдістері кейінгі оқулықтар мен әдістемелік еңбектерінде одан әрі тереңдетіліп, қазіргі кезге дейін қолданылуда.

Тіл дамыту мәселелерін теориялық және практикалық тұрғыдан К. Б. Баркин, Н. М. Соколов, М. А. Рыбникова, Е. И. Тихеева өз еңбектерінде қарастырған.

Тіл дамыту мәселесіне үлес қосқандар: орыс ғалымдары: П. П. Блонский, С. А. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев, Н. И. Жинкин; Қазақ ойшылдары: Т. Шонанұлы, Ж. Аймауытов М. Жұмабаев; Мектепке дейінгі жастағы балалар мен бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту мәселелері М. Жұбанова, С. Рахметова, К. Бозжанова, Б. Баймұратова, Р. Әміров, Т. Әбдікәрімовлардың ғылыми-әдістемелік еңбектерінде арнайы зерттелді.

Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістерін зерттеуде Қ. Жұбанов, Г. Бегалиев, С. Жиенбаев, Ш. Сарыбаев, И. Ұйықбаев тіл дамыту, сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмысының әдістерін арнайы зерттеу обьектілері ретінде таңдамаса да, өз еңбектерінде бұл мәселеге тоқталып өткен.

Тіл дамыту - сөзі термин ретінде қазақ тіліне 1930 жылы жазылған әдістемелік еңбектерден бастап ене бастаған. Ертеректе шыққан оқулықтар мен әдістемелік құралдарда тіл ширату, сөз байлығын арттыру деп әркім өзінше пайдаланып жүрген.

Қабылдау мен ойлаудың балаға тән түрлерін игеру, қиялдың күшті дамуы, ырықты зейін мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Баланың сөйлеу тілін дамыту, меңгеруге бағытталған материалдарды жинақтай отырып, тілін дамытуды ұйымдастыру, баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру тіл дамытуда әдіс тәсілді тиімді пайдаланып, оны түрлендіру болып табылады. Мектепке дейінгі балаларды айналамен таныстыру- бұл олардың санасына қоршаған орта, табиғат туралы сезілетін тәжірибесіне негізделген шындық тұрғысындағы білім қалыптастыру және оған деген дұрыс қарым-қатынасқа тәрбиелеу әдісі. Балалар ересектердің әсері арқылы адамгершілік қарым-қатынаста бола отырып, қоршаған ортаны, ондағы табиғат құбылыстарын және басқа өмірді тани біледі. Айналамен таныстыру барысында кеңістік, уақыт, заттың пішіні, түсі, сапасы, салыстырмалы түрде үлкен-кіші, қатты, сұйық деген ұғымдар қалыптасады.

Қоршаған ортамен және оның түрлерімен таныстыра отырып, балалардың ұғымын кеңейтеміз.

Әрбір бала өзінің қоршаған ортасын айналадағы құбылыстарды тану арқылы жетіледі[1] .

Қоршаған ортамен таныстыру арқылы тілін дамыту.

Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі, т. б айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді. Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл, жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.

Қоршаған орта мен тәрбие жұмыстарының түрлері:

Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.

Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.

Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.

Серуен: тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.

Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызса, екіншіденбақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді.

Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор[3] .

Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс.

Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек.

Еңбек барысында- ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы, не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау. Бақылауға дайындық және оны ұйымдастыру.

Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады. Дайындық келесі жұмыстардан тұрады:

  • Бақылау мазмұны және ұйымдастыру.
  • Бақылауды өткізу орны және уақыты.
  • Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады.
  • Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор.
  • Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
  • Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
  • Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
  • Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;

Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиешімен, ересе ктермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 3-4 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн.

Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін.

Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл

- ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас- естің және тілдің қарқынды даму жасы.

Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көз қараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары - (зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау) - қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Тіл дамыту барысында ойынның атқаратын рөлі.

Ойын-баланың жеке басын дамытуда, сөздік қорын молайтуда, қоршаған ортамен танып-білуінде, өздігінен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыруда, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда ерекше орын алады. Жаңа стандартқа сәйкес мектеп жасына дейінгі балаларға арналған пәндік-дамытушы ортаны ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі ретінде заттар мен ойыншықтарды еркін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету, ойын іс-әрекеті жағдайымен қамтамасыз ету сұрақтары айқындалған. Бала үшін ойын - өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Ойында балаларды не қызықтырады? - деген сұрақ туындайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ойын түрлері де әр түрлі болып келеді. Баланы ойынға қызықтыра отырып оқу іс әрекетіне айландырып, ойын түрін күрделендіре түсу керек. Ойын тек балалар ойнайтын болып емес, оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлері.

Оқу әрекетіне қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

  • Дидактикалық ойын
  • Сюжеттік рөлдік
  • Қимыл-қозғалыс ойындары (ұлттық ойындар)
  • Саусақтар ойыны
  • Үстел үсті ойындары

Дидактикалық ойындар оқу әрекеті барысында балалардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылады. Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың барлығында да, оқу әрекеті ойын түрінде өткізіледі. Оқу әрекеті барысында қолданылатын ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қолданылады[4] .

Баланың көп уақытын ойынмен өткізуінде емес, ойын кезінде баланың тілінің дамуы, психикалық өзгерістерінің болуында Алайда баланың 3-4 жасында жаңаша өзгеруге, түрленуге деген қабілеті байқалады. Ал, 4-5жастағы бала өз ойынан шығаруға, яғни түрлі жағдайларға байланысты бейімдеп отыруға үйренеді.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Тіл дамыту әдістемесінің маңызы
Мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту әдістерінің түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуға арналған жаттығулар
Тіл дамыту әдістемесі және мәнерлеп оқу практикумы және оның зерттелуі
Сөйлеу әрекетінің орталығы
Педагогикалық технологияның құрылымы
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Ағылшын тілін оқытудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz