Саяси коммуникация және саяси дискурс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
МАГИСТРАТУРА
Мамандығы: М056 - Аударма ісі, ілеспе аударма (ғылыми-педагогикалық бағыт)
МАГИСТЕРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
САЯСИ ДИСКУРСТЫ АУДАРУДЫҢ САЛЫСТЫРМАЛЫ ЛИНГВОМӘДЕНИ АНАЛИЗІ
Орындаған:
Амангелды Мадина
Ғылыми жетекшісі:
PhD Асанова Г.С.
Қорғауға жіберілді
ЖООКББ деканы:
___________ п.ғ.д.,проф. Байсұлтанова К.Г.
_________2020 ж.
Білім беру бағдарламасының жетекшісі
______________ PhD Асанова Г.С.
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
САЯСИ ДИСКУРС - ЛИНГВОМӘДЕНИ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ
Дискурс ұғымы мен құрылымы
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Саяси дискурс лингвомәдениет аспектісінде
I бөлім бойынша тұжырымдама
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта лингвисттердің, белсенді әлеуметтік топтардың, әсіресе саясаткерлердің дискурс мәселелеріне деген қызығушылығы артып келеді. Саяси дискурс - бұл қоғамда көрініс табатын әлеуметтік маңызы бар құбылыс.
Саяси дискурс тақырыбын зерттеу өзіндік мәселелері бар күрделі объект болып табылады, өйткені ол әртүрлі пәндердің - саясаттану, әлеуметтік психологияның, мәдениеттің және тіл білімінің тұтасқан саласы саналады.
Тіл әдебиетінде саяси дискурс көп өлшемді және көп қырлы құбылыс ретінде ұсынылған. Осы терминге байланысты оның мазмұнына қатысты екі негізгі түсінік қалыптасты. Саяси дискурсты тар аймақта түсіндіретін болсақ саяси билікті сақтау, басшылыққа алу, ұлттық құндылықты сақтау сияқты саясат тақырыбын қамтыса, екінші жағынан, кең аймақта сипаттама берген голландиялық тіл білімін зерттеуші Т.Ван Дейктің түсініктемесінде саяси дискурс - қоғам мен саясат саласымен шектелген жанрлар классына жатады. Яғни, үкіметтегі талқылаулар, парламенттік дебаттар, партиялық бағдарламалар, саясаткерлердің сөйлеген сөздері - бұлар саясат саласына жататын жанрлар, сайып келгенде, саяси дискурс - бұл саясаткерлердің дискурсы. [1]
Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының саяси мәтіндерінің ерекшелігінде екі қарама-қайшылықты тенденция бар: бір жағынан қазіргі қоғамның басты белгісі болып табылатын жаһандануға деген ұмтылыс болса, екінші жағынан тілдік және мәдени белгісі. Борисова С.А. және Карнаухова М.В. атап өткендей, бір қоғамға жататын барлық адамдар біртұтас физикалық кеңістікте өмір сүрсе де, олардың менталитеті әр түрлі [2, 30б]. Ойлаудың, тілдік сана мен жеке сөйлеу әрекетінің барлық ерекшеліктері бұқаралық ақпарат құралдарының тілінде көрінеді. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы дискурс, дискурстың кез-келген түрі сияқты, өзіне ғана тән лингвомәдени тілдік бірліктеріне ие, және бұл тілдік бірліктер сол мәдени қоғамның тұрғындарына ғана түсінікті болып табылады.
Тіл білімі саласында саяси дискурсты зерттеу соңғы кездері өзекті тақырыптардың бірі. Саяси дискурс саласының лингвомәдени аспектілері Е.В. Декленко, А.А. Карамова, Р.Т. Садуов, Ю.М. Чантуридзе, А.Е. Фалилеев сияқты шет елдік зерттеушілердің жұмыстарында көрініс табады. Отандық ғалым, зерттеушілеріміздің дискурс саласына қосқан үлесі де баршылық, мысалға, К.Қ.Садирова, Б.А.Ахатова, Г.Г.Бүркітбаева, Д.Әлкебаева, Қ.Ө.Есенова, Ж.М.Кеншібаева, Н.Уәли, А.Е.Саденова, Г.Смағұлова сияқты отандық ғалым, зерттеушілерілеріміз дискурс саласын лингвистикалық әрі экстралингвистикалық тұрғысынан талдап, еңбектерін ұсынған.
Саяси дискурс - бұл әлеуметтік өнім болып табылады, демек, саяси, әлеуметтік, мәдени және тілдік аспектілерді қамтиды. Қоғамда орын алатын әрбір жағдай тілде көрініс табады. Қоғамдағы ең көп таралатын лингвомәдени жағдайлар саясаткерлердің әлемдік мәселелерді талқылау кезінде айқындалады. Сол себепті саясаткерлердің сөз сөйлеуін, саяси дискурсқа қатысуын зерттеп, анализ жасау қызығушылық тудырады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. ХХІ ғасырдағы ақпараттық қоғам өмірінде бұқаралық ақпарат құралдары белгілі бір қоғамдық пікір мен саяси көзқарас қалыптастыру жолында, сонымен қатар халықаралық қатынастар байланысын әрі мәдениетаралық байланыс орнату жолында белсенді түрде әрекет етіп келеді. Қазіргі таңда мемлекеттің дамуы мен халықаралық аренада тиісті мәртебеге ие болуына негіз болатын бұқаралық ақпарат құралдарының саяси дискурсынсыз жүзеге асыру мүмкін емес. Саяси аспект тұрғысынан қарайтын болсақ, халықаралық қатынастар тақырыбын қозғаған жағдайда, медиа дискурс саласының аудармасы, әсіресе, лингвомәдени тілдік бірліктердің шет тілінен сөйлеу тіліне дұрыс аудару мәселесі өзекті болып табылады.
Қазақ қоғамында дискурс саласы мәселелері тереңінен зерттеліп жатқан салалардың бірі, алайда дискурс мәселесі сахна тілі дискурсы, кинодискурс; мәтін мен дискурс айырмашылығы; бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы мәселелері мен аудару ерекшеліктері зерттелінгенімен, дәл саяси дискурсты аударудағы лингвомәдени ерекшеліктері тар көлемде зерттелінген тақырыптардың бірі. Зерттеу жұмысы барысында біз осы тақырыпты кең көлемде зерттеп, лингвомәдени аспектілеріне тоқталатын боламыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Саясат бағытындағы массмедиялық дискурстың лингвомәдени ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Саяси дискурсты аудару мәселесін қарастырған отандық және шет елдік ғалымдардың жұмыстарына сыни тұрғыда шолу жасау;
Тіл біліміндегі дискурс саласының тарихи дамуына тоқталу;
Саяси дискурстың ерекшеліктерін айқындау;
Саяси дискурс мәтіндерінде кездесетін лингвомәдени аспектілердің түрлерін ажырату (саяси реалийлер, саяси метафорлар, саяси тұрақты тіркестер, саяси афоризмдер, т.б.);
Саясат бағытындағы бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын аудару мәселелеріне тоқталу, аударудың тиімді тәсілдерін ұсыну;
Саяси мәтіндер мен саясаткерлердің сөздерін аударуда қолданылатын әдіс-тәсілдерді талдау және лингвомәдени түрде салыстырмалы талдау жасау;
Зерттеу жұмысының пәні. Саясат бағытындағы массмедиялық дискурс.
Зерттеу жұмысының нысаны. Саясат бағытындағы массмедиялық мәтіндерді аударудағы лингвомәдени аспектілер.
Зерттеу жұмысының материалдары ретінде ағылшын және американдық саясаткерлердің, қоғам қайраткерлерінің сөйлеген сөздері, мәлімдемелері, сұхбаттары және мақалаларының мәтіні алынатын болады.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негізі болып дискурсқа қатысты пікір білдірген отандық ғалым, зерттеушілер Н.Уәли, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.М.Кеншінбаева, А.Б.Ахатова, Э.Д.Сулейманова, Ж.К.Ибраева, Ш.А. Сабитова, Х.Х.Нұрсейітова, М.А.Алдашева, К.Қ.Садирова, Қ.Ө.Есенова, т.б. зерттеулері, және шет елдік Т.А.Ван Дейк, В.Г. Костомаров, Ю.С. Степанов, Л. А. Городецкая, Ю. В. Клюев, Э.М.Аникина, Н. Фейрклаф, М.В.Гаврилова, Е.И.Шейгал, Р. Водак, П. Чилтон және т.б. зерттеушілердің еңбектері негізге алынады.
Зерттеу жұмысының зерттелу деңгейі. Саясат бағытындағы массмедиялық дискурс саласы кең ауқымда зерттелініп жатқан салалардың бірі. Бұл салада дискурсқа қатысты пікір білдірген отандық ғалым, зерттеушілер Н.Уәли, Д.Әлкебаева, Г.Бүркітбаева, Ж.М.Кеншінбаева т.б. зерттеулері бар, және Х.Х.Нұрсейтованың медиа дискурс саласын зерттеген еңбегі бар. Ал дәлірек осы зерттеу тақырыбы бойынша, яғни, саясат бағытындағы дискурстың лингвомәдени ерекшеліктеріне тоқталған С.А.Абрамян, С.В.Иванова, Е.В.Патрушева, А.С. Никифорова, Л.А. Курылёва сияқты шет елдік зерттеушілердің еңбегін көре аламыз, ал осы тақырып аясында отандық зерттеушілердің еңбектері жоқтын қасы.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу жұмысын жазу барысында алдымызға қойылған мақсаттарға жету үшін тілдік материалды жинақтау, салыстыру, салғастыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, ұғымдық талдау әдістері, зерттелетін материалдарды өңдеу әдістері қолданылады.
Зерттеудің теориялық құндылығы. Зерттелген жұмыс ағылшын тілін оқитын аударма факультетінің студенттерін саясат бағытындағы массмедиялық дискурсты аудару кезіндегі тәсілдер ерекшеліктерімен, оның атқаратын қызметі мен қолдану ауқымымен таныстырады. Зерттеу жұмысы нәтижелерін аударма теориясында, саяси лингвистикада, мәдениетаралық қатынас теориясы мен практикасы, ағылшын тілі, сонымен қатар тіл кафедраларында ағылшын тілін оқыту курстарында қолдануға мүмкіндік береді.
Зерттеудің практикалық құндылығы. Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы жоғары оқу орындарындағы жалпы тіл тануды, аударма теориясын, психолингвистиканы, бұқаралық ақпарат құралдары дискурсын баяндайтын курстарда пайдалану мүмкіндігінің болумен маңызды. Қол жеткізгілген нәтижелерді аударма жасауда, аударма пәндері бойынша практикалық және семинар сабақтары үшін қолдануға болады. Зерттеу жұмысы барысында қолданылған мәтіндер аударма теориясы мен практикасы пәндерінде қолданыла алады. Саясат бағытындағы бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының қазақ тіліне аудару барысында лингвомәдени аспектілердің дұрыс аударылуы, аударманың адекваттылығына оң әсер етіп, тілдің дамуына да өз үлесін қоспақ.
Зерттеудің жаңашылдығы. Саяси бағыттағы бұқаралық ақпарат құралдары дискурсы саласында жасалынған еңбектер жетерлік, алайда отандық зерттеушілердің еңбектері көп емес. Дискурс саласы жан-жақты зерттелінгенімен, саяси дискурс мәселесі әлі де зерттелініп жатқан өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Зерттеу жұмысы барысында бұрын соңды зерттелген еңбектерді басшылыққа ала отырып, зерттеу соңында осы салаға саяси дискурстағы лингвомәдени аспектілерді аударудағы мәселелерге тоқталып, тиімді аудару тәсілдерін ұсынатын боламыз.

Қазіргі таңда дискурс ұғымы тек тіл білімі саласында ғана емес, кез-келген салада кең мағынада қолданылады. Дискурс - сөйлеу, әңгімелесу, тілдесу, тілдік іс-әрекет процесі, сөйлеу тәсілі деген ұғымдарды білдіреді. Бұл термин тікелей немесе жанама түрде гуманитарлық ғылымдардың бірқатары - лингвистика, әдебиеттану, әлеуметтану, этнология, философия, семиотика және антропология тілдерінің қызметін зерттейді. Дискурс ұғымының барлық қызметін қамтитын жалпыға бірдей айқын анықтамасы жоқ. Осы себеп, дискурс ұғымының соңғы жылдары кең танымалдылығына ықпал еткен болуы мүмкін. Бұл терминнің ең алғаш қолдануы 1952 жылы американдық лингвист Зеллиг Харристың Дискурс-анализ атты мақаласында көрініс тапты. Ол дискурс деп сөйлеу барысында кезедсетін морфемаларды атаған болатын [1].
Сонымен қатар, Чарльз Моррис бұл терминді коммуникация мақсатында, яғни функционалды стиль, регистрлерге байланысты тілдің қызмет етуінің әртүрлі салаларын белгілеу үшін пайдаланады. Моррис дискурстың 16 түрін ажыратқан: ғылыми, фантастикалық, поэзиялық, саяси, теориялық, заңды, рухани, діни, ғарыштық, сыни, грамматикалық, насихаттық және метафизикалық [2].
Дискурс ұғымы тілді қолданудың мәдени және әлеуметтік мәселелерін талдаумен айналысатын кең бейінді филологиялық зерттеулерде қолданылды. Бұл саладағы ең танымал тұжырымдама - Мишель Фуко тұжырымдамасы. Ол дискурсты тіл мен шындықты жақындастыратын байланыс ретінде айқындайды (Фуко1996). Көріп отырғанымыздай, дискурс, Фуконың пайымдауы бойынша, тіл мен сөйлеуге ғана емес, сонымен қатар жағдайды (нақтылық, тәжірибе) қамтиды.
Дискурс термині мәтін терминімен тұспа-тұс пайда болса да, термин ретінде мәтін 70-ші жылдары танымал бола бастады. Батыста және Ресейде мәтін лингвистикасы қарқынды дамыды. Еуропадағы мәтін лингвистикасының өкілдері: Т. ван Дейк, Кэнквист, Вахэк, Палек және тағы басқалары. Ресейде: В.А. Кухаренко, И.Р. Гальперин, З.Я. Тураева, О.И. Москальская және т.б. Қазақ тіл білімінде Т.Қордабаев, Р.Сыздык, М.Серғалиев, Б.Шалабай, С.Құнанбаева, Б.Мүсірепова, Ж.Жакупов, Б.Райымбекова, З.Ерназарова, О.Бүркіт, А.Таусоғарова, С.Мұстафина, Н.Құрманова, А.Жұбанов, К.Мухлис, Г.Әзімжанова, Г.Смагулова, М.Ахметова, Ж.Қайшығұлова, Ф.Жақсыбаева т.б. мәтін лингвистикасы мәселесіне бірнеше ғылыми зерттеу еңбектері мен мақалаларын, оқу кұралдарын арнады [3].
И.Р.Гальперин: Мәтін - бұл жазба құжат түрінде объектіленген және сол күжатқа сәйкес әдеби тұрғыдан сұрыпталған, тақырыбы бар, лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық амал-тәсілдердің әр түрлерімен байланысып жататын, айқын бағыт пен прагматикалық мақсатты иеленген ерекше тұлға-бірліктерден тұратын аяқталған сөйлеу әрекетінің туындысы, - деп анықтайды [3]. Алайда, ол тек жазбаша мәтіндерге тиісті бола отырып, оның қолданылу аясын тарылтады. Ал дискурс ұғымы болса, жазбаша да ауызша да қолданыла береді. Берілген екі ұғымды да, дискурс және мәтін, зерттеушілер өз жұмыстарында бір-бірімен байланыстырып та, ешбір байланыссыз да түрліше қолданады.
Лингвистикада дискурс ұғымы 20ғасырдың 70-80жылдары лингвистикалық прагматика ғылымының дамуымен қатар қызығушылық тудыра бастады. Прагматика - тілдік белгілер мен сөйлеу қарым-қатынасы барысында сөздің қолданылуын зерттейді. Сонымен қатар, прагматика тілдік белгі мен тіл тасымалдаушысының арақатынасын зерттейді. Кім сөйлеп тұр, кімге, не айтып жатыр , не үшін, жағдаймен қаншалықты байланысты деген сияқты сұрақтарға жауап іздейді. Осылайша, лингвистикалық прагматиканың дамуы дискурсивтік талдау мен дискурстың дамуына алып келді.
Мәтін лингвистикасының негізін қалаушылардың бірі Т. Ван Дейктің айтуы бойынша: "Дискурс" термині мəтіннің статикалық күйінен динамикалық күйін зерттеуге көшуі. Ал Э.Беневист еңбегінде сөйлеуші тарапынан айтылған сөз ретінде[4, 139-б], ал Ю.Хабермас болса, дискурсты қарым-қатынастың ерекше түрі, арнайы диалог ретінде түсінген. Дискурс қатысушылар арқылы жүзеге асады деген болатын [5, 234-б]. Дискурс ұғымының анықтамасын ғалымдар түрліше түсіндіреді, соның ішінде ауызекі тіл, сөз сөйлеу, мәтін деп те қарастырады.
Дискурс ұғымы тіл біліміндегі антропоцентристік бағытты ұсынған көптеген арнаулы салалардың, яғни, социолингвистика, когнитивті лингвистика, психолингвистика, нейролингвистика, паралингвистика, прагмалингвистика және тағы да басқа салалардың дербестенуіне байланысты айрықша маңызға ие болды. Осы салаларға байланысты дискурс ұғымына деген интерпретациялар алуан түрлі болып келеді, және дискурс ұғымында нақты бір ғана анықтама бар дегенге келмейді, себебі дискурс саласы әлі күнге дейін зерттеліп, ғалымдар тарапынан анықтамалар мен түсініктемелерге толығып отыр.
Кең таралған анықтамалардың арасында Т.А. ван Дейктің анықтамасы бойынша, дискурс өзінің кең мағынасында тілдік форманың - мағына мен іс-әрекеттің күрделі бірлігі. Ол өз кезегінде коммуникативтік акт тұрғысынан жан-жақты сипаттала алар еді. Дискурс мәтіннен басқа да экстралингвистикалық факторлардан тұратын, яғни, әлем туралы білім, ой-пікір, тұжырымдамалар, адресат мақсатынан тұратын күрделі коммуникативтік құбылыс [6, 12-б].
Е.И. Шейгалдың айтуы бойынша тілдік белгілер әрдайым дискурс түрінде көрініс табады, дәлірек айтсақ дискурс, кез-келген байланыс әрқашан адамның іс-әрекетінің белгілі бір саласында, белгілі бір әлеуметтік кеңістікте жүзеге асырылады [7, 204-б].
Н.Д.Артюнова дискурсты экстралингвитискалық, әлеуметтік-мәдени, прагматикалық, психологиялық және тағы басқа факторлардың жиынтығы негізіндегі мәтін деп атай отырып, дискурсты жанды сөз ретінде қарастырады [8,136-б].
Е.Ф. Кировтың анықтамасы бойынша, дискурс дегеніміз - бұл әрбір тілдің тарихындағы белгілі бір мәдениеттің аясындағы жазбаша және ауызша мәтіндердің жиынтығы [9, 16-б].
Қазақстандық ғалымдар арасынан Б.А. Ахатова дискурсты реципиенттер интерпретациялайтын коммуникативтік әрекеттер нәтижесі деп таниды. Бұдан түсінікті болары, дискурс - коммуникативтік әрекеттің ауызша және жазбаша түріндегі вербалды жемісі. Автор мәтінді тіл жүйесімен, ал дискурсты актуалды сөйлеу әрекетімен байланыстырады. Зерттеуші дискурсты қашанда нақты бір жағдайдағы нақты нысандарға қатысты, нақты бір мәтінде қарастыруды ұсынады [9, 42-б].
Тіл білімі саласында дискурс мәселесін зерттеген қазақ зерттеушілердің бірі Г.Г.Бүркітбаеваның берген анықтамасы бойынша Дискурс дегеніміз - екі немесе одан да көп коммуниканттардың өзара сөйлесу әрекеттестігі. Бұл белгілі бір коммуникативтік жағдаятта ауызша немесе жазбаша тілде жүргізіліп, оның нәтижесінде мәтін немесе тақырыбы бір бірнеше мәтіндер жиынтығы пайда болады [1, 9-б].
З.Ш.Ерназарова прагматиканы динамикадағы мәтін, ал дискурсты оны дүниеге келтіруші адаммен байланысты қарастыратын адам деп атап өтеді. [6, 200-б]. Дискурсты прагматикалық тұрғыдан зерттеу коммуникативтік жағдаятқа және оған қатысушы адресант пен адресатқа тікелей байланысты болады. Дискурсты түсіну адресант айтайын деп отырған ойына, ойлау дүниесіне ену және оны интерпретациялау деп ұғыну керек.
Д.Әлкебаева: Дискурс нақты айтылған сөз деген мағынамен сәйкес келеді, өзінің мағыналық-ақиқаттық мазмұнымен қоса экстралингвистикалық факторларымен жүйеленетін сөйлесімдерді айтады деп түсіндіреді [10, 17-б]. Ж.Кеншінбаева: Дискурс - қолданыстағы мәтін, яғни сөйлеу тілінің нақтылы коммуникативтік қарым-қатынас орнатудағы қызметі [11, 3-б] - десе, профессор Н.Уәли: фреймі автор, сөз актісі - адресат және сөз жағдаяты (сөздің қандай ситуацияда айтылғаны) деген құрылымдардан тұратын коммуникативтік уақиға - деген тұжырым жасайды [12, 28-б].
Дискурстық талдау барысында зерттелген сұрақтардың бірқатары дискурстың құрылымына байланысты болып табылады. Құрылымның әртүрлі деңгейлерін ажырату керек - макроқұрылым немесе ғаламдық құрылым және микроқұрылым немесе жергілікті құрылым.
Макроқұрылым термині туралы нақты түсінік атақты голланд дискурсын зерттеушісінің (және мәтіндік лингвистиканың және кейіннен ғылыми пән ретінде дискурсивті талдаудың көрнекті ұйымдастырушысы) жазбаларында келтірілген. Оның пікірінше, макроқұрылым дегеніміз адресаттың түсіну процесінде дискурстың негізгі мазмұнын жалпылама сипаттау. Бұндай мәтіндерде ақпаратты жалпылау, қысқарту, біртекті ақпараттарды біріктіру кездеседі. Макроқұрылым толыққанды мәтінді құрайды.
Т. Ван Дейк макроқұрылымнан басқа суперқұрылым деген ұғымды айқындайды, онда ол қарапайым тізбектер арқылы дискурстың қалай жасалатынын көрсетеді. Суперқұрылымның макроқұрылымнан айырмашылығы, ол дискурстың мазмұнына емес оның жанрына көп көңіл бөледі.
Дискурстың макроқұрылымына қарама-қайшы келетін микроқұрылымды да ажыратып көрсеткен болатын. Макроқұрылымнан айырмашылығы дискурстың микроқұрылымы - дискурстың минималды компоненттерге бөлінуі, бұл дискурсивті деңгейге сілтеме жасауды білдіреді. Көптеген заманауи тәсілдер, болжамдар немесе тармақтарда осындай минималды бірліктер қарастырылады [13].
Дискурстың аргументативті, экспрессивті, ақпараттық және әлеуметтік түрлерін ажыратамыз. Аргументативті дискурс - тыңдаушыны белгілі бір ақпаратқа сендіруге, оған қандай да бір әсер қалдыруға бағытталған. Оның мақсаты коммуниканттың санасындағы әлем бейнесін өзгерту. Аргументативті дискурстың тиімділігін коммуниканттың іс әрекетінен байқауға болады, яғни, оның ойы, көзқарасы, эмоциональді және интеллектуалды жағдайының өзгеруінен көреміз.
Ақпараттық дискурстың мақсаты қандай да бір ақпаратты, хабарды тарату. Қазірге таңда қоғам өмірінде ақпарттық дискурстың кең тараған түрлері: дәрістер, аудиторияға арналған сөз сөйлеу, радиодан немесе теледидардан жаңалық тарату. Ақпараттық дискурс бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беріледі.
Экспрессивті дискурстың мақсаты тыңдаушыға әңгіме барысында белгілі бір ақпартқа немесе затқа позитивті немесе негативті әсер қалдыру, яғни тыңдаушының белгілі бір нәрсеге деген көзқарасын өзгерту. Экспрессивтілік, экспрессив деген сөздер латын тілінде ой мен сезімнің күші арқылы басқаларға әсер қалдыру, адамның рухани көзқарасын өзгерту дегенді білдіреді. Бұл дискурс түрі сөйлеушінің тыңдаушыға негізделуінде, көбінесе аргументативті дискурспен қатар жүріп, қарама-қайшы ойлар пайда болғаннан кейін коммуниканттардың бір-бірінің ойын өзгертуге ұмтылуына алып келеді.
Әлеуметтік дискурс - дәстүрге, салтқа мәдениетке, әлеуметтік оқиғаларға қатысты мәдени мәселелерді қозғайды. Мысалға, екі мәдениет арасындағы байланысты орнату, діни мерекелермен өзге халықты құттықтаулар, көңіл айту, қонақжайлылық көрсету және т.б. Әлеуметтік дискурс әр ұлттың менталитеті мен тілінде түрліше көрініс табады.
Жоғарыда көрсетілген алуан түрлі анықтамаларды қорыта келе, дискурс көптүрлі болатынана көзіміз жетеді. Дискурстың түрлері: саяси дискурс, іскерлік дискурс, медициналық дискурс, ресми дискурс, әскери дискурс, құқықтық дискурс, әдеби дискурс және т.б. Дискурс - күнделікті өмірде көрініс табатын тілдесудің бір формасы, ол арқылы көптеген әлеуметтік мәселелер шешіліп, байланыс орнатылады.
Саяси коммуникация және саяси дискурс
Қазіргі таңда халықаралық қатынастара мемлекеттің белгілі бір мәртебеге ие болуы, әлемдегі өз орнын табуы саяси дискурспен тікелей байланысты. Саяси дискурс - бұл саяси пікірталастардағы барлық сөйлеу актілерінің жиынтығы, дәстүр бойынша сақталған және уақыт сынынан өткен мемлекеттің саясат ережелері. Қарапайым халық пен билік арасындағы барлық қатынастар саяси коммуникация және саяси дискурс нәтижесінде шешімін тауып, тілдің арқасында жүзеге асырылады. Саясаткерлер тілдің көмегімен қоғамның санасын басқара алады, өз көзқарастарын, ниеттерін және әрекет етуге дайындығын білдіреді.
Саяси коммуникация - саяси әрекетке қатысушылар арасындағы қарым-қатынас; саяси партиялар мен әрекеттердің өзара қарым-қатынасындағы күрделі және көпаспектілі үдеріс. Коммунмкация барысында екі бірдей тарап қатысады: бірі адресант, бірі адресат. Саяси маңыза бар ақпаратты жеткізудің вербалды түрімен қатар, бейвербалды түрі де болады.
А.А. Иманбаева саяси коммуникация - кез келген саяси институттың өмір сүруі үшін қажетті шарт, ол билік үшін күрес жолында және билік қызметтерін іске асыруға аса қажетті жағдай. Саяси коммуникация ...саяси өзара байланыстың барлық деңгейіндегі индивидтер мен топтар арасындағы өзара ақпарат алмасуда жүретін үздіксіз процесс,- деп анықтайды [17,27-б].
Ж.К. Ибраева өзінің докторлық диссертациясында саяси коммуникация - қайта құру кезеңінен кейін пайда болған қарым-қатынастың ерекше түрі. Оған концептуалдық, бағалаушылық және тілдік еркіндік тән, деп анықтайды [18, 55-б].
Бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің кеңеюіне және артуына байланысты қазіргі әлемде қоғамдық санамен саяси ықпал ету және манипуляция күшейе түсті. Саяси дискурс адам мен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастардың барлық кешенінің көрінісі болып табылады және осылайша реципиенттерде әлем бейнесінің қалыптасуына әсер етеді.
Саяси дискурс - әлеуметтік мәселелерді шешу жолында үкімет тарапынан жасалынатын қадамдар. Белгілі бір мәселені шешу барысына билік өкілдерімен қатар қарапайым халық та қатысады. Саяси дискурс арқылы кез-келген жағдайдан шығудың оңтайлы, тиімді жолын халыққа ұсынып, қоғам арқылы шешіледі.
Саяси дискурс - күнделікті өмірде орын алатын құбылыс. Қоғам өмірі неғүрлым ашық әрі демократияланған болса, соғұрлым саясатқа жол ашылып, тек қана саясаттанушылар мен журналисттердің ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың да қызығушылығын тудырады. Осылайша, саяси дискурстың жүзеге асырылуына тек қана тілдік құралдар ғана емес, қарым-қатынас пен коммуникация барысында пайда болатын экстралингвистикалық факторлар мен когнитивті құрылымдар да қатысады.
Саяси дискурстың өзі тақырыбына байланысты өз ішінде бірнеше топқа жіктеледі:
идеологияны насихаттаушы дискурс: консерватизм, либерализм, социализм, анархизм, ұлтшылдық, коммунизм және т. б. туралы дискурс.;
саяси жүйелерді насихаттаушы дискурс: демократия, авторитаризм, тоталитаризм, теократия және т.б. туралы дискурс;
саяси қызмет саласына кіретін дискурс: сыртқы саяси дискурс, саяси экономикалық дискурс, саяси және ұлттық дискурс, саяси және құқықтық дискурс, саяси және билік дискурсы, саяси әлеуметтік дискурс, саяси және мәдени дискурс, саяси және білім беру дискурсы, саяси және діни дискурс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz