Оқылым стратегияларының өзіндік ерекшеліктерін ашу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасы
Бөрлі аудандық білім бөлімі

Мәтінмен жұмыста оқылым стратегияларын қолдану
(әдістемелік құрал)

Ақсай қ., 2020 ж
Орал қалалық білім бөлімі оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, қала педагогтеріне таратуға ұсынылды.
Хаттама № ... _____________2020 ж.

Құрастырғандар: С.Б.Камалова, Бөрлі жалпы орта білім беретін мектебінің
жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі;
Г.Х.Жантасова, Кеңтүбек жалпы орта білім беретін
Мектептің жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі

Пікір жазған:

Әдістемелік құралда оқу стратегияларын қолданудың теория мен тәжірибесі жинақталған. Оқу процесінен тапсырма мысалдары берілген.
Әдістемелік құрал оқу процесінде оқушыларының оқылым дағдысын жақсартқысы келетін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналады.

М А З М Ұ Н Ы

Түсінік хат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Теориялық бөлім.
Оқылым стратегиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Мұқият оқудың құрылымдық элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Практикалық бөлім
Оқылым дағдысын дамытуға арналған тапсырмалар ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар: оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді инновацияландыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беруді дамытуды көздейді. Жаңартылған білім беру мазмұнына сай қазақ тілі пәні қоғамға араласуға қажетті тыңдалым, айтылым, оқылым,жазылым дағдыларын дамытады. Бұл дағдылар оқушының өмірде еркін қарым-қатынас жасауына; өзгелермен пікір алмасып, көзқарасын еркін білдіре алуына; өз ойын, көзқарасын жүйелі де нақты жеткізуіне; кез-келген ақпаратты тиімді қолдануына; түрлі ақпаратты құр оқымай, сараптай отырып оқуына; оқығаны бойынша өзіндік қорытынды жасап, тың идеялар жасауға жол ашары сөзсіз. Осы төрт дағдының ішіндегі ең маңыздысы - оқылым дағдысы, себебі оқудың тиімді жолын меңгеріп, оқығаны бойынша анализ жасай алған адам ойын еркін айта да алады, сауатты жаза да алады.
Әдістемелік құралды құрастырудағы мақсат:
Оқылым стратегияларын қолдану бойынша жеке жұмыс тәжірибеммен бөлісу;
Оқылым стратегияларының өзіндік ерекшеліктерін ашу.
Бұл әдістемелік құралда оқылым дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? Оқылымды қандай стратегиялар арқылы жүзеге асыруға болады? 5-9 сынып Қазақ тілі пәні оқу бағдарламасындағы оқылым стратегияларын қолдану бөлімшесі бойынша оқу мақсаттарын қалай жүзеге асырамыз?(тәжірибелік бөлім), Оқу барысында қандай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға болады? деген сұрақтарға жауап аласыздар.

Оқылым стратегиялары
Нью-Йорк мемлекеттік университетінің профессоры Винсент Р.Pyггиepo өзінің Сыни оқу стратегиялары атты зерттеуінде: Кез-келген мәтінді оқып, ондағы ақпаратқа сенбес бұрын әр адам төрт сатылы сыни оқу стратегиясын қолдана білу тиіс: шолу, талдау, оқу және бағалау ,-дейді.[1] Қазақ тілінің жаңартылған мазмұндағы негізгі орта білім беру деңгейінің бағдарламасында оқылым дағдыларын дамытуға арналған оқу мақсаттары жүйесінде оқылым стратегияларын қолдануды көздеген оқу мақсаттары берілген. Яғни, оқу мақсаттары жоғарыда айтылған сыни оқылымға әкелетін дағдыларды қалыптастыруды көздейді. Оқу стратегияларын қолдану төмендегідей оқу мақсаттарынан тұрады.
Оқылым страте-гияла-рын қолдану
5-сынып
6-сынып
7-сынып
8-сынып
9-сынып

Оқылым стратегияларын қолдану жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
Оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу,рөлге бөліп оқу
Оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жазу, іріктеп оқу, зерттеп оқу
Оқылым стратегияларын қолдану:комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу
Белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын тиімді қолдану

Оқылымның стратегиялары:
* Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.
* Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.
* Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам, жалпылай көз жүгіртіп оқу.
* Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
* Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе-сөз оқимыз.
* Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
* Талдап оқу стратегиясы арқылы стилі мен жанрын, кімдерге арнап жазылғанын талдап оқу.
* Астын сызып оқу немесе белгілеп оқу стратегиясы арқылы мәтіннің тілін, автордың оқырманмен байланысын анықтау.
* Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойын, мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтау, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну.
* Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын рөлге кіріп оқу арқылы саралау. [2]

Оқылым түрлеріне байланысты ғалымдар екі түрлі пікірді ұстанады. Кейбір әдіскер-тілшілер оқылымды түрлерге бөлудің тиімсіз екенін айтса, кейбір ғалымдар оқылымды түр-түрге бөліп, олардың әрқайсысын сипаттап көрсетеді. Ғалым С.К. Фоломкина оқылымның түрлерін:
- негізгі ақпаратты алуға бағытталған танысу оқылымы;
- мәтін мазмұны бойынша толық ақпаратты алуды көздейтін зерттеу оқылымы;
- нақты ақпарат пен фактілерді табды көздейтін іздестіру оқылымы деп бөледі [3] .
Оқылым қызметі:
Танымдық
Реттеушілік
Құндылықты-бағдарлы
Білу үшін оқиды. Адамдар, әлем, фактілер және құбылыстар жайында ақпарат алады
Өзі істей білу үшін оқиды. Алған ақпаратты өз тәжірибесінде қолдануға тырысады
Жаны рахаттау үшін оқиды. Жеке тұлға ретінде дамиды, мәдени деңгейін көтереді

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген оқылым қызметінің түрлерін оқытушы мәтін дайындағанда ескеру керек: қай деңгейде, қашан, не үшін қолданатыны туралы анықтап алу
Оқылым деген не? Оқылым-графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестерінідің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдай отырып, одан қажетті деректерді түсініп, сұрыптап алу. Оқылым біріншіден ой мен мидың жұмысына байланысты болса, екіншіден жазылған графикалық таңбалардың тізбегін танып білуге байланысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мағынасын дұрыс түсінудің ролі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан жағдайда ғана оқылған материалдан керекті ақпараттар жинақталып алынып, оқырманның қажетіне жарайды. Оқылым рецептивті дағды(тыңдалым сияқты қабылдаушы дағды). Яғни, мәтін тілін сөздер деңгейінде, сөйлем деңгейінде және тұтас мәтін деңгейінде түсіну. Оқылымның түрлері:
Танымдық оқылым дегеніміз- оқырманның кез-келген қызықты, танымдық мәні бар мақала, кітап, пікір, газет-журнал т.б. материалды оқып түсінуі. Танымдық оқуда арнайы ізденушілік, сол материалды зерттейін деген мақсат болмайды.
Зерделік оқылым-материалды, не мәтінді басынан аяғына дейін толық түсініп оқу. Мәтіннің барлық мазмұнын тәптіштеп біліп, ондағы ақпараттың бірде-бірін ескерусіз қалдырмайды. Сонымен бірге мәтінге анализ жасай отырып, ондағы әрбір детальды талдайды. Сөйтіп бүкіл мәтінді жан-жақты зерттейді. Кейде зерделік оқылым арнайы жасалған схема, таблица, сурет, жоспар, көрнекіліктермен қатар жүргізіледі. Қажетіне қарай мәтіннің кейбір тұстары қайта оқылып, сөйлемдерге айрықша назар аударылады.
Мәтін мынадай түрде болуы мүмкін:
Кітап, оқулық, газет мақаласы, журнал мақаласы, ғаламтор мақаласы, баяндама, кесте,сызба,сурет, комедия .
Оқылым арқылы мәтінді меңгерту үш кезеңнен тұрады: мәтінге дейінгі кезең, мәтінмен жұмыс және мәтіннен кейінгі кезең. Осы кезеңдер бойынша жүргізілген жұмыс түрлеріне тоқталайық.
Мәтінге дейінгі кезеңде тілдік бірліктер мен сөйлеу үлгілерін саралау, оларды мәтін ішінде табу, болжам жасай білу қабілетерін дамытуға бағытталады:
- мәтін тақырыбы бойынша мәтін мазмұнына болжам жасау;
- бірінші абзацты оқып, мәтінде қаралатын мәселелер бойынша сұрақтар құрастыру.
- жаңа сөздерді оқу, түсіну, қайталап оқу;
- сөздікпен жұмыс: түсіндірме, синонимдер сөздіктері;
- берілген сөздерден сөз тіркестерін құру;
грамматикалық тапсырмалар:
- берілген сөздердің қандай сөз табына, сөйлем мүшесіне жататынын анықтау;
- берілген сөздердің функционалдық қызметін анықтау;
- берілген сөздердің қарама-қарсы мағынасын табу;
- берілген сөздерді басқа сөздермен түсіндіру;
- берілген сөздерді мағыналарына қарай топтастыру;
- сөйлемдердегі дұрыс қойылмаған сөздерді өз орындарына қою (пазл жинау) Мәтінмен жұмыс кезеңі:
- мәтінді оқу;
- мәтінді түсіну;
- мәтіннен жаңа сөздермен тіркескен сөздерді табу;
- мәтін мазмұны бойынша бос орындарға қажетті сөздерді жазу;
- мәтін мазмұны бойынша берілген ақпараттарды сәйкестендіру;
- мәтіннің бір бөлігін беріп, жалғасын жазғызу;
- мәтіннің соңғы бөлігін беріп, мәтіннің немен басталғанына болжам жасату. Мәтіннен кейінгі кезең:
- мәтін мазмұны бойынша кесте толтыру;
тест құрастыру.
- мәтін мазмұнына байланысты сұрақ қою,
әр сұраққа екі жауап ұсыну;
- бірнеше сөйлем беру, солардың біреуі ғана мәтін мазмұнына сәйкес келеді; - дұрыс немесе бұрыс жауаптарды анықтау;
- екі түрлі сөйлем беріп, қай сөйлемде ақпараттың кең берілгенін анықтау;
- мәтін ішінен бірнеше сөзді беріп, солармен сөз тіркестерін құру;
- мәтін мазмұны бойынша түсінгенін айту;
- бос орындарға қажетті сөздерді жазу;
- мәтін мазмұнына байланысты берілген сөйлемдерге сұрақ қою;
- мәтін мазмұнын ашатын тірек сөздерді табу;
- мәтін мазмұнын әңгімелеу;
- мәтін мазмұны бойынша берілген сөйлемнің жалғасын жазу;
- мәтін мазмұны бойынша жоспар құру;
- мәтін мазмұны бойынша семантикалық карта жасау;
- мәтіндегі кейіпкерлерді суреттеу;
- мәтіннен тұрақты тіркестерді табу;
- белгіленген сөйлемнің мағынасына сәйкес мақал-мәтел мен қанатты сөздерді ажырату;
- мәтін мазмұны бойынша рөлдік ойын ұйымдастыру;
- мәтін мазмұны берілген нұсқалардан дұрыс жауапты табу.
Мұғалімдерге оқылымды тиімді жүзеге асыратын әдіс-тәсілдері өз тәжірибелеріне дендеп енгізу қажет деп, төмендегі әдістемелік кеңестер мен стратегияларды ұсынып отырмыз:
:: Мұғалім оқушылардың бұған дейінгі біліміне жүгінеді.
:: Мұғалім оқушыларды оқуды жалғастыруға және мәтіндегі ақпаратты лайықты түрде пайдалануға уәждейді.
:: Оқушылар мәнмәтіндегі таныс емес сөздердің мағынасын ашады.
:: Мұғалім сабақтарды оқылым алды, оқылым кезінде және оқығаннан кейін деп құрылымдайды.
:: Мұғалім оқылым сыныпта әрбір күні немесе әр сабақта орын алады деп күтеді.
:: Мұғалім оқылым үшін қызықты, сан-алуан, әдемі және қол жетімді ресурстарды пайдаланады.
:: Оқушылар жан-жақты оқылымға тартылады (мұғалім оқылым үшін тартымды материалдарды таңдап, сыныпта оқуға уақыт береді; оқушылардың қызығушылықтарын айқындайды, оларға комикс, газет, журнал оқуға мүмкіндік береді, мұғалім оқылымның барлық түрлері үшін жан-жақты мүмкіндік қарастырады, оның ішіне Интернет те кіреді; ол оқушылар не оқитынын және неліктен оқитынын әңгімеге арқау етеді).
:: Оқушылар жүгіртіп оқиды.
:: Оқушылар мәтінді қайта оқиды.
:: Оқушылар оқылым тапсырмалары бойынша игерген сөздік қорын тәжірибеде қолданып көреді (сәйкес келетін сыңарын табуға арналған жаттығулар, бос жерлерді толтыруға арналған жаттығулар т.б.).
:: Оқушылар сөздік қордың баюына назар аударады.
:: Мұғалім жаңа сөздерді қолдануға жаттығуға мүмкіндік береді.
:: Мұғалім мәтіннің негізгі идеясы мен нақты ақпаратты айқындауға арналған
жаттығуларды орындауға береді.
:: Оқушылар келесі жаттығуларды орындай отырып, мәтін құрылымын талдайды:себеп-салдар байланысын табу, салыстырмалы сипаттама, араластырылып берілген азатжолдарды қайта құрау, қорытындыдан қате сөйлемдерді алып тастау, негізгі идея мен қосымша ақпаратты сәйкестендіру және т.б.).
:: Оқушылар мәтінді және авторды бағамдайды.
:: Оқушылар мәтіндегі ақпарат туралы ойланады.
:: Уақыт бойынша оқу тапсырмасы және жүгіртіп оқуға дағдылануға арналған оқылым жаттығулары.
:: Мұғалім мәтінге жақсы кіріспе ұсына отырып, оқушыларға лайықты білім беру бағдарламасын құра отырып, оқушыларға бірнеше нұсқа ұсына отырып, оқушыларды табысқа ұмтылуға жұмылдырады.
Оқу жоспарындағы мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым
Сұрақтар төмендегідей болуы мүмкін:
:: Бұл кітап не туралы?
:: Сізге бәрінен де қандай суреттер ұнайды?
:: Сіз қандай да бір сөздерді білдіңіз бе?
Маған ... көрсетіңіз. Ол нені білдіреді?
:: Сізге кітап ұнай ма? Не себепті?
:: Бұл кітаптан не байқадыңыз?
Тапсырмалар:
:: мәтіннің негізгі идеясын анықтау
:: мәтінге қатысты қарапайым сұрақтарға жауап беру
:: мәтін туралы өзгелердің ойын тыңдау
:: нақты сөздерді анықтау.
Бірлескен оқылым
Бұл тәсілдің аясында оқыту білім берушілер мен білім алушылар арасындағы тығыз қарым-қатынас негізінде ұйымдастырылып, оқыту үдерісіне қатысушы әрбір жеке тұлғаның жеке үлесі мен қабілеті мойындалады. Үдеріске қатысушылар ақпаратты бірлесіп отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы жаңа білім алады. [12]

МҰҚИЯТ ОҚУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

1-тармақ: Мәтіннің қысқа, ақпараттық бөлімдері

Бұл не?

* Оқушыларға оқу үшін ұсынылатын мәтіннің көлемі олардың мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Ол үшін қысқа өлеңдер немесе мақалалар бәрінен жақсы келеді. Егер оқушылар роман немесе драмалық шығарманы оқитын болса, онда бүкіл мәтінді емес, шағын үзінділерді ұсынған дұрыс болады.
* Көлем сияқты өлшемнен басқа мәтін құрамында мәтіннің мағынасын тереңірек түсіну үшін ойлана отырып оқуды талап ететін жалпы идеясы, синтаксистік құрылымы немесе лексикасы болуы тиіс. Егер оқушылар мәтінді тоқтамай және қайталап оқымай, өз бетімен оқи алатын болса, авторды немесе идеяны таңдауды қайтадан ойластырып көріңіз, мүмкін мұндай мәтін мұқият оқу үшін жарамайтын шығар.
* Мәтіннің күрделілігі көп жағдайларда оны оқитын адамға - оның тәжірибесі мен дағдыларына байланысты болады. Оқушылар үшін қандай мәтіндерді толық түсіну қиынға соғатындығын анықтау үшін PISA (Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама) нәтижелері және басқа да аттестаттау деректерімен танысқан жөн болады.
Бұл неліктен маңызды?

Қысқа ақпараттық мәтін үзінділерін таңдау маңызды, себебі оқушылар аса ұзын немесе мұқият оқуды талап етпейтін үзінділерді оқу кезінде оқудан көңілі бөлінуі мүмкін.
Тәжірибе

Мыналарды талқылау қажет:
1. Мәтінді өз бетіңізбен оқып шығыңыз және осы мәтіннің оқу үшін күрделі болуы мүмкін екі аспектіні жазыңыз. Содан кейін осы аспектіні топпен талқылаңыз.
2. Мынаны талқылау қажет: Бұл мәтін мұқият оқу үшін жарайды ма? Неліктен ? немесе неліктен жарамайды ?

2 -тармақ: Мақсатты қайта оқу

Бұл не?
* Мұқият оқу мақсатты қайта оқып шығуды талап етеді. Оқушылар әр кез мәтінді қайтадан оқыған кезде олар мұны белгілі бір мақсатпен жасауы тиіс немесе олар жауап іздейтін сұрақ қойылуы тиіс.
* Оқушыларды мұқият оқуға арналған мәтінмен таныстырғаннан кейін мұғалім үзіндіні қайтадан оқып шығу үшін мақсатты белгілеу керек; Оқушылар мәтіндерді мұқият оқып-үйренгеннен кейін, олар мәтінді одан да терең түсінуге көмектесетін, мәтінді әр кез белгілі мақсатпен қайта оқи отырып, қайталап оқу процесінің өзін меңгеріп алады.
* Дәл осы қайталап оқу кезінде оқушылар бұрынырақ назар аудармаған нәрселерді атап, оларды еске сақтау қабілетін дамытады.
Бұл неліктен маңызды?
Егер мәтін күрделі болса, оқушы оны бір рет оқып, мәтін тұжырымдамасын, стилі мен құрылымын аңғара алмайды. Мұндай мәтін тереңірек түсіну, жете талдау мен қайта оқуды талап етеді.
Тәжірибе
Мынаны талқылау қажет:
Егер сіз мәтінді бір рет артық оқымасаңыз, оны бірден қайта оқымаңыз. Мәтінді қайта оқығаннан кейін нені білдіңіз, бірінші рет оқыған кезде неге көңіл аудармаған едіңіз?

3-тармақ: Мазмұндау

Бұл не?
* Мазмұндау - бұл оқу барысында қағазға жазылатын жазбалар (түсініктемелер). Мұндай техника оқушылардың оқу барысында ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
* Әдетте түсініктемелерді ашық шеттерге белгілер ретінде жазады; Бұл сөздер немесе сөйлемдердің астын сызып қою, олардың айналасын дөңгелектеу және т.б. Егер оқушылар белгілерді тікелей мәтінде жасауға болмайтындығын түсінсе, олар бұл мақсат үшін стикерлерді пайдалана алады.
* Мазмұндауды оқу міндетімен байланыстыру керек. Мысалы, егер оқушылар мәтінді оның мазмұнын зерделеу үшін оқыса, олар жиектерге жазбалар жасап, айналасын дөңгелектеп немесе сөздерді басқаша белгілеп, мәтіннің жеке жерлерін басқаша жаза отырып, негізгі жерлерін қысқаша сипаттай алады, сондай-ақ, егер оқушылар автордың ақпаратты қалайша жүйелендіретіндігін түсіну үшін оқитын болса, олар оның құрылымын визуализациялау (көз алдына елестету) үшін мәтіннің ашық шеттеріне қысқаша түсініктемелер жасай алады.
* Мәтінді қолына қарындаш ұстап оқи отырып, оқушылар оқу барысында өз ойларын қысқаша жазу дағдысына ие болады. Бұл мәтін мен оқырман арасындағы өзара әрекеттестікті сезінуге, сондай-ақ оның мағынасы қандай екендігін анықтауға көмектеседі. Мәтінде белгілер жасай отырып, оқушылар осындай өзара әрекеттестіктің орын алатындығын растайды.
Бұл неліктен маңызды?
Оқу барысында жазулар жүргізу оқушыларға күрделі мәтіндерді талдауға көмектеседі, сонымен қатар өзінің белгілеріне орала отырып, оқушылар оқылған мәтінге терең талдау жүргізе алады.
Тәжірибе
Сіздің шағын тобыңыздың әрбір оқушысы мәтінді оқу үшін бір міндетті белгілеуі тиіс. Содан кейін мәтінді мазмұндау әр қойылған міндетті қалай шешетіндігін талқылаңыз.

4-тармақ: Негізгі идеяға және негізгі бөліктерге көңіл бөлу
Бұл не?
* Оқушылар мәтінді мұқият оқиды, оқумен бірге олардың алдына қойылған міндеттерді шешеді және негізгі идея мен негізгі бөліктерге көңіл аударады.
* Негізгі идея мен негізгі бөліктерге көңіл аудару шығарманың кейіпкерлер сипаттамасы, көркемдік тәсілдері, оқиғалар кезектілігі, тақырыбы немесе негізгі міндетін, сондай-ақ сюжеттің дамуын талдауды білдіреді.
* Көп жағдайда оқушылар мәтінді бірінші рет оқығанда негізгі ой мен негізгі бөліктеріне көңілдерін аударады. Бұл олардың мәтінді дәл мағынасының деңгейінде жалпы түсінумен тығыз байланысты болып жатады.
Бұл неліктен маңызды?
Негізгі идея мен негізгі бөліктерді талдау оқырманның мәтінді жалпы түсінуін белгілейді, көбінесе бастапқы оқуға мұндай көзқарас болмаған жағдайда, мәтінді талдауға байланысты кешенді міндеттер оқушылар үшін белгілі бір қиындықты туғызады, өйткені олардың оқығанды жалпы түсіну түріндегі қабілеті жоқ болады.
Тәжірибе

Сіздің оқушыларыңыздың негізгі ой мен бөліктеріне назар аудару ептілігін қалай дамытуға болатындығын ойлаңыз. Мәтінге қайтыңыз да, оқушылардың мәтінді терең талдауға кірісуден бұрын ұғынуы тиіс үш аспектіні анықтаңыз.

5-тармақ: Авторлық тәсілдерді зерделеу

Бұл не?

Авторлық тәсілдерге көңіл тоқтату мәтін құрылымын талдаумен ұқсас келеді. Бұл автордың неліктен белгілі бір тәсілдерді пайдаланатындығын түсіну үшін мәтінге автор көзімен қарауды білдіреді. Егер мәтінді талдау не жазылғандығына көңіл аударуды көздесе, тәсілдерді талдау белгілі бір мәтіннің қалай жазылғандығын түсінуге мүмкіндік береді.
Авторлық тәсілдерді талдай отырып, оқырмандар сөздердің қандай түрде пайдаланылатындығы туралы, эпитеттердің мағыналық реңге және стильге қалай әсер ететіндігі туралы түсінік береді; олар әдебиеттік тәсілдерді ажыратуды, автордың шығарма идеясын қалай таңдағанын және іс-әрекеттің қалайша жайылатындығын үйренеді.
Көбінесе оқушылар авторлық тәсілдерді бірінші оқығаннан кейін талдай бастайды.

Бұл неліктен маңызды?

Авторлық тәсілдерге көңіл аудара отырып, оқушылар өздерінің бойында тек ойланып оқу дағдылары ғана емес, сондай-ақ мәтінді жазу кезінде композицияны құру ептілігін де дамытады.

Тәжірибе
Келесі сұрақтарға өз бетіңізбен жауап беріңіз, содан кейін өз пікіріңізбен әңгімелесушімен бірге бөлісіңіз:
* Осы мәтінді оқушылармен бірге талдаған кезде қандай сөздер мен сөйлемдерге ерекше көңіл аударар едіңіз?
* Осы мәтінді оқи отырып, авторлық тәсілдердің қандай басқа элементтерін сіз атап өтер едіңіз?

6-тармақ: Мәтін құрылымын талдау

Бұл не?

* Мәтін құрылымын талдау авторлық тәсілдерді талдауға ұқсас. Бұл автордың неліктен белгілі бір шешімдерді пайдаланатындығын түсіну үшін мәтінге автор көзімен қарауды білдіреді. Егер мәтінді талдау не жазылғандығына көңіл аударуды көздесе, құрылымды талдау белгілі бір мәтіннің қалай жазылғандығын түсінуге мүмкіндік береді.
* Мәтін құрылымын талдай отырып, оқырмандар автордың әңгімелеуді қалай құратындығы туралы түсінік алады, сондай-ақ композициялық шешімдерді көруді, соның ішінде жеке сөйлемдер немесе үзінділердің сюжеттің дамуында қандай рөл атқаратындығын, құрылымның мағыналық мазмұнына қалай әсер ететіндігін, сондай-ақ автордың соның атынан әңгімелеу жүргізілетін кейіпкерге қандай рөл беретіндігін көруді үйренеді.
* Көп жағдайларда оқушылар мәтін құрылымын бірінші оқығаннан кейін талдай бастайды.
Бұл неліктен маңызды?

Авторлық тәсілдерге көңіл аудара отырып, оқушылар өздерінің бойында тек ойланып оқу дағдылары ғана емес, сондай-ақ мәтінді жазу кезінде композицияны құру ептілігін де дамытады. Егер оқырмандар ақпараттың қалай берілетіндігін түсінсе, бұл олардың мәтіннің мағыналық мазмұнын түсінуге айтарлықтай әсер етеді.

Тәжірибе

Шағын топтарға бөлініп, мәтін құрылымын бағалуды жүргізіңіз және солардың көмегімен шығарма құрылымын жасайтын авторлық шешімдерді атап шығыңыз.

7-тармақ: Идеялардың сәйкестігін талдау

Бұл не?
* Идеялардың сәйкестігін талдау мәтінді бір жанрға жататын басқа мәтіндермен, осындай тақырыптағы басқа мәтіндермен немесе ұқсас көркем шығармалармен салыстыруды білдіреді. Сонымен қатар, мұндай талдау идеяның қаншалықты дәлелді және оның фактілермен қаншалықты расталғандығын анықтауға көмектеседі.
* Мәтінді талдау, өзгемен қатар, мәтіннің белгілі тәртіпке немес жанрға қаншалықты сәйкес екендігін анықтауға, сондай-ақ онымен танысу белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейін арттыруға қалай көмектесетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.
* Көбінесе оқушылар идеялардың сәйкестігін бірінші оқығаннан кейін талдай бастайды.
Бұл неліктен маңызды?

Мұндай мәтінді тереңдетілген талдау түрі оқушыларға мәтіндер арасында байланыстар орнатуға және белгілі бір тақырып бойынша білім деңгейін арттыруға көмектеседі.
Тәжірибе

Жұппен жұмыс істей отырып, сіздің осы мәтінді басқа мәтіндермен салыстыра отырып, қандай байланыс түрлерін бөліп шығара алатындығыңызды анықтаңыз. Бұл сұрақты әңгімелесушімен талдағаннан кейін сіздің тобыңыздың қалған қатысушыларымен өз пікіріңізбен бөлісіңіз.

2.Практикалық бөлім

Оқылым стратегияларын қолдану жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
Мәтінмен жұмыс жасау - қазақ тілі сабақтарындағы оқылым дағдысының негізі. Мәтінмен жұмыс - сабақта өткізілетін әртүрлі жұмыстардың жиынтығы. Оларға оқу мақсаттарына жеткізетін түрлі тапсырмаларды жатқызамыз.
Бөлім: Адамның сырт келбеті мен мінезі.Морфология. (5-сынып)

Қолданатын стратегиялар:
1. Түсініп оқу стратегиясы: мәтіннің мазмұнын, автордың айтпақ болған ойын, мәтінді жазудағы мақсатын түсіну үшін әр ақпаратты ұғынып оқу.
2. Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.

Мәтіналды кезеңі
1.Берілген жаңа сөздерді оқып, түсіндірмелі сөздіктің көмегімен түсінігін жазыңыз: балғын, солғын, машығы, шолақтау.
2.Берілген сөздердің синонимдік қатарын табыңыз:
Реңі- ...түрі, өңі, ұсқын.
Арық- ... ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының оқылым дағдыларын қалыптастыру
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Тіл дамыту жұмыстары
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Бастауыш сынып оқушыларының психикалық дамуындағы қарым - қатынас мәселелерінің теориялық негіздерін қарастыру
Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативті дағдыларын ертегі арқылы дамытудың ерекшеліктерін зерттеу
Тәжірибе авторы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлерін саралау
Негізгі сынып оқушыларының сын тұрғысынан ойлау әрекетін дамытуға бағытталған тиімді әдіс - тәсіл түрлері
Пәндер