Іскерлік туризмнің сыныптамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті



Қазақстан Республикасында іскерлік туризмнің қалыптасуы мен жағдайы

Реферат

5В090200 - Туризм мамандығы

Орындаған:
Тексерген:

Астана 2015
МАЗМҰНЫ

1
КІРІСПЕ
3

2
Негізгі бөлім
4
2.1
Іскерлік туризм түсінігі мен мәні
6
2.2
Іскерлік туризмнің даму кезеңдері мен сыныпталуы
9
2.3
Көрме жәрмеңке орталығы мысалында Астана қаласында іскерлік туризмді дамыту моделі
10

3
ҚОРЫТЫНДЫ
11

4
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
12

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Нұр Отан партиясы саяси кеңесінің отырысында халыққа жолдауын жария етіп, жолдау аясында Елбасы Нұрлы жол - болашаққа бастар жол атты жаңа экономикалық саясаттың жүрігізілетінін мәлімдеді. Мемлекет басшысы осы жолдауында да Туризм үшін инфрақұрылым - жеке бағыт. Оның басты басымдығы жұмыс орындары санын көптеп құру мүмкіндігі болып табылады. Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркәсіпке қарағанда 10 есе арзанға түседі - деп, тағы да еліміздегі туризм саласын дамытудың қажеттілігін атап көрсетті. Туризм саласы экономиканың 32 саласымен тікелей байланысады, елімізге келуші туристер, сонымен қатар, өз азаматтарымыз өз елімізде саяхат жасап, қаржысын еліміздің экономикасына дамуына жұмсасын десек, осы бағытта орасан зор жұмыстарды атқаруымыз қажет [1].
Зерттеу жұмысының мақсаты: Тақырыпты теориялық тұрғыдан жан жақты зерттеу. Қазақстанда іскерлік туризімнің орнын анықтау. Қазақстан Республикасының іскерлік туризм орталықтарын сипаттап, олардың кемшіліктерін есепке ала отырып даму жолдарын перспективасын зерттеу.
Осы мақсаттарға жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- іскерлік туризм түсінігі мен мәнін, даму кезеңдерін сипаттау
- дүниежүзілік іскерлік туризм дамуының қалыптасуын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының даму және инвестициялар тарту министрлігі, туризм департаментіне сипаттама жасау
- Астана қаласында іскерлік туризмді дамыту нарығы мен инфрақұрылымын талдау
- Астана қаласында іскерлік туризмді дамытуға әсер ететін факторларды анықтау.
- іскерлік туризмді дамыту үшін инфрақұрылымды жетілдіру жолдарын ұсыну
- Көрме жәрмеңке орталығы мысалында Астана қаласында іскерлік туризмді дамыту моделін құрастыру.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, объектісі, мақсаты, құралы, міндеттері, әдіснамалық зерттеу және практикалық мәні баяндалады.
Негізгі бөлім 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде іскерлік туризмнің теориялық аспектілері баяндалған, екінші бөлімінде Қазақстандағы іскерлік туризм және оның даму жағдайы талданған. Үшінші бөлімде Астана қаласындағы іскерлік туризмді дамытуға арналған ұсыныстар құрастырылған.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалар жасалынып, мәселе бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.

2 Негізгі бөлім
1.1 Іскерлік туризм түсінігі мен мәні

Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың өте тиімді жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғандай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициялармен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім күмән келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналсытан мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
Туризм (франц. tourіsme, tour - серуендеу, жол жүру) - адамның бос уақытындағы саяхаты, белсенді демалыстың бір түрі. Туризм - халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын, танымдық қабілетін арттырып, мәдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мәртебесін әлемге танытуға мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм, ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат мақсатына қарай: экологиялық, ойын-сауық, танымдық, спорттық, балалар туризмі; әлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс, жәрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді [2].
Іскерлік туризм дегеніміз - профессианалды міндеттерді орындаумен тікелей байланысты саяхат. Бүкіл әлемдік интеграция мен іскерлік байланыстардың өсуінен іскерлік туризм жылдан жылға маңызды орын алуда. Саяхаттардың мақсаты - фирмалардың объектілерін көру немесе оған қызығушылық тудыру, іскерлік кездесу, сонымен қатар жиналыстар, конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыру.
Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік үлкен табысты туризм түрі болып тек XX ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады. Дүниежүзілік экономиканың глобальдылығы мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми және мәдени байланыстардың тікелей қатысы іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды. Сондықтан бұл XX ғасырдың экономикалық феномені болып табылады.
"Iскерлiк туризм"- тiптi халықаралық өлшеммен қарағанда жаңа түсiнiк. Туризм индустриясының маңызды сегменті ретінде іскерлік туризм 20 ғасырдың 80 жылдарынан бастап жаһандану және онымен байланысты іскерлік, ғылыми және мәдени алмасулардың интенсификациясы, сонымен қатар орташа класс үлесінің көбеюі әсерінен халықтың әлеуметтік құрамының өзгеру толқынында қалыптаса бастайды. Бұл кезде Еуропаның іскерлік туризм саласында тұрақты ұйымдастырушылық құрылым, өзінің ассоциациялары, ғылыми және оқу мекемелері, оның мамандандырылған баспалар құрылып, іскерлік туризмді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы құрастырылады. 1980 жылдардың ортасында туризм статистикасының жеке зерттеу объектісіне айналады.
Бизнес-сапарлар корпоративті, яғни белгілі бір компания қызметкерлерінің корпоративтік қызмет бойынша сапары (компания қызметі бойынша), және корпоративті емес, яғни үкіметтік құрылымдар және салалық ассоциациялар қызметі саласындағы сапарлар, деп бөлінеді. Статистика бойынша соңғы 10 жыл ішінде бизнес-сапарлардың екінші тобына Еуропада барлық кездесулердің 60% тиесілі. Бизнес-сапарлардың корпоративтік секторы 1990 жылдардың басында экономикалық құлдырау жағдайында Еуропалық компаниялар қатаң үнемдеу саясатына көшу кезінде кішірейді. Олар іс сапарлардың санын қысқартып, бірнеше сапарларды біреуіне біріктіріп, басым сұрақтарды орнында шешу үшін жетілдірілген жүйелер енгізді, арзан орналастыру орындарын брондап, әуе билеттерін жеңілдікпен алды. Кейінгі жылдары еуро валютасын енгізуіне байланысты Еуропадағы экономикалық жағдайдың күрделенуінен ары қарай іскерлік корпоративті кездесулер санының төмендеуі күтілді.
Ағылшын тілінде business tourism (бизнес-туризм) ұғымы жоқ. Вusiness travel (іскерлік сапарлар) термині кездеседі. Туризмнің осы бағытымен MICE атты кездесулер индустриясы айналысады, бұл: M - мeetings (кездесулер); I - incentives (ынталандырушы, мадақтау сапарлары); C - сongresses (конгресстер); E - еxibitions (көрмелер) (сурет 1).

Сурет 1. Іскерлік туризмнің сыныптамасы
Ескерту - Мәліметтер [3, 59 б.] негізінде автормен құрылған

Аталғандардың бәрін біріктіріп бір жүйеге келтірсек, МІСЕ - туризм - персоналды, серіктестерді және компания клиенттерін дамытуға, ынталадыруға және оқытуға, сонымен қатар компанияны, оның құндылықтарын, философиясын және мүмкіндіктерін ішкі және сыртқы тұтынушыларға жариялауға бағытталған шаралар болып шығады. Яғни МІСЕ - туризмі жұмыс бабы бойынша сапар шегуге мәжбүр болған адамдармен байланысты. Сонымен қоса, адамдар әлем бойынша сапарға тек іскерлік мақсатпен шыққандағы туризмнің ежелгі нысандарының бірі құпталады және өзекті болып саналады [3, 65 б.].
Сонымен, іскерлік емес және іскерлік туризмнің айырмашылығы бірінші жағдайда, демалушыларды теңізге демалуға жібереді, ал екіншісінде іскерлік сапарға. Бұл қатарда, демалушыларда бизнесмен, ал демалыста инсентив тур деп атау қалыптасқан. Қарапайым тур сапарлармен салыстырғанда мұндай инсентив турлардың бағдарламасы ерекше және көп түрлі болады. Бұл Англиядағы футбол бойынша әлемдік чемпионатты немесе Франциядағы жас шарап мерекесі, Оңтүстік Шығыс Азияның экзотикалық елдерінің бірінде таймбилдинг элементтерімен бағдарлау немесе Хорватиядағы Парусты регатаға қатысу бола алады.
Бизнес сапар шегушілердің немесе МІСЕ - туристердің негізгі бүгінгі талаптары:
ұшу мен қонудың оңтайлы уақытын, сонымен қатар авиарейстердің қолайлы байланысын таңдау;
ұшу мен қонудың уақытын айыппұлсыз өзгерту мүмкіндігі, өйткені кездесулер мен келіссөздер ұзаққа созылып немесе бірнеше күнге жиі ауыстырылады;
конгресс орталық сонымен қатар, қонақ үйде де сенімді интернет байланысын, сонымен қатар, қонақ үй нөмірінде бизнес орталықтың қызметтерін 24 сағат бойы қолдану мүмкіндігі, өйткені шұғыл жұмыстарды түнгі уақытта істеу жиі қажет болады;
қонақ үй мен әуежайдың қажетті конгресс орталыққа жақын орналасуы, өйткені жаппай іс-шараларды өткізгенде трансферлерде уақыт пен қаражатты үнемдеу маңызды пункт болып табылады;
спорт зал, шаштараз, химиялық тазарту немесе бизнес қызметтердің барлық спектрін конгресс орталық немесе қонақ үйдің ішінде қолдана алу мүмкіндігі, өйткені заманауи адамға қашанда қалпында болу қажет, ал МІСЕ сапар режимі жиі қатал болады, тревл агенттер жұмыстарының тағы басқа бір бағыты - визалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Корпоративті клиенттердің тапсырыстары жиі стандартты емес маршруттар мен және орындалу уақытына жоғары талаптармен ерекшеленеді. Сондықтан, мұнда шетелдік паспортты, кіру және шығу визаларын сонымен қатар, әлемдегі барлық мемлекеттерде жұмыспен айналысуға рұқсаттарды рәсімдер ерекшеліктерін білу қажет. Яғни, 3-5 елде жағажайлық демалыспен айналысатын басқа турфирамалармен салыстырғанда тревл агенттер клиенттің қалауы бойынша әлемнің кез келген аймағына бизнес сапарларды ұйымдастыра ала алуы қажет.
Аймақтағы іскерлік туризм жағдайын салыстырмалы бағалау үшін іскерлік туризмнің дамуына әсер ететін маңызды факторлар талданады: аймақтағы іскерлік белсенділік, инфрақұрылымның даму деңгейі, инвестицияны тарту деңгейі (сурет 2).
Жағымды визалық режим
Іскерлік туризм материалдық техникалық базасы мен инфрақұрылым даму деңгейі
Инфляция деңгейі,
проценттік ұпайлар,
валюта курсының тербелісі

Іскерлік туризм саласына инвестициялар тарту деңгейі (кәсіпкерлік орта)
Іскерлік туризмдегі көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының сәйкестілігі
Саяси жағдайы

Іскерлік туризм индустриясын заңнамалық қолдау
Шетелдік инвестициялар концентрациясы (іскерлік белсенділік)
Еуропа елдерімен шекараластығы (геосаяси
фактор)

Ой, ғылыми және өнеркәсіптік потенциал деңгейі
Іскерлік туризм индустриясы үшін маманданған кадрларды дайындау деңгейі

Әлеуметтік экономикалық даму деңгейі

Урбандалу (қала халқы үлесінің көбеюі)

Білім, мәдениет және эстетикалық қажеттілік деңгейі

Бос уақыт ұзақтығының көбеюі (ой еңбегі маңызының көбеюі)

Қоршаған ортаның ластану деңгейі

Ақпараттық технологиялар даму деңгейі
Іскерлік туризм саласындағы қызметтің координациялану деңгейі

Сұранысының маусымдық теңсіздігі

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік
Экологиялық

Демографиялық

Технологиялық

Мәдени-тарихи

Табиғи-климаттық

Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Аймақтағы іскерлік туризм дамуына әсер етуші факторлар
Іскерлік туризм дамуы туралы статистикалық ақпараттардың нақтылық деңгейі
Жағымды визалық режим
Іскерлік туризм материалдық техникалық базасы мен инфрақұрылым даму деңгейі
Инфляция деңгейі,
проценттік ұпайлар,
валюта курсының тербелісі

Іскерлік туризм саласына инвестициялар тарту деңгейі (кәсіпкерлік орта)
Іскерлік туризмдегі көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының сәйкестілігі
Саяси жағдайы

Іскерлік туризм индустриясын заңнамалық қолдау
Шетелдік инвестициялар концентрациясы (іскерлік белсенділік)
Еуропа елдерімен шекараластығы (геосаяси
фактор)

Ой, ғылыми және өнеркәсіптік потенциал деңгейі
Іскерлік туризм индустриясы үшін маманданған кадрларды дайындау деңгейі

Әлеуметтік экономикалық даму деңгейі

Урбандалу (қала халқы үлесінің көбеюі)

Білім, мәдениет және эстетикалық қажеттілік деңгейі

Бос уақыт ұзақтығының көбеюі (ой еңбегі маңызының көбеюі)

Қоршаған ортаның ластану деңгейі

Ақпараттық технологиялар даму деңгейі
Іскерлік туризм саласындағы қызметтің координациялану деңгейі

Сұранысының маусымдық теңсіздігі

Саяси

Экономикалық

Әлеуметтік
Экологиялық

Демографиялық

Технологиялық

Мәдени-тарихи

Табиғи-климаттық

Сыртқы факторлар

Ішкі факторлар

Аймақтағы іскерлік туризм дамуына әсер етуші факторлар
Іскерлік туризм дамуы туралы статистикалық ақпараттардың нақтылық деңгейі

Сурет 2. Аймақтағы іскерлік туризм дамуына әсер етуші факторлар
Ескерту - Мәліметтер [4] негізінде автормен құрылған

Қазіргі таңда ірі шетелдік компаниялар өздерінің қызметкерлерімен серіктестерінің іскерлік сапарларымен ынталандыру сапарларына жылына млн. доллардан көп қаражат жұмсайды, ал бұл шығындар кадрлық қамтамасыз ету, салық, жалға алу, ІТ және байланыстан кейін шығынның басты баптарының қатарында орналасқан, бұл саланың жылдам дамуымен МІСЕ - туризмінің дамуын ынталдырады.
МІСЕ - туризмінің бүгінгі орталықтары АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Германия, Франция, Австрия және Испания. Шығыста көшбасшы лидер ел болып Қытай саналады, алайда МІСЕ индустриясына соңғы кездері Индонезия, Лаос, Ветнам елдерінде де көңіл бөле бастады.
Iскерлiк туризм көп салалы. Жоғарыда айтылғандай, мамандар "бизнес - туризм" түсiнiгi орнына жиi "MICE" терминiн қолданады, өйткенi бұл аббревиатураны құрайтын сөздер - бұл iскерлiк туризм түрлерi немесе бизнес - туризм құрылымы (сурет 3):
жекелеген iскерлiк сапарлар - 70,8% құрайды;
конференция, семинарлар - 15,9%;
инсентив - туризм - 2%;
көрмелер - 10,3% [6].

Сурет 3. Әлемдегі іссапарларда іскерлік туризм түрлерінің үлесі
Ескерту - Мәліметтер [6] негізінде автормен құрылған

Мұндай бизнес туризм - бұл іскерлік сапарларды қамтамасыз ету (қонақ үйлер мен билеттерді брондаудан бастап, демалыс бағдарламасын ұйымдастыруға дейін). Мұнда инсентив туризмді жатқызуға болады. Бұл қызметкерлерді ынталандырушы сапарлар: корпоративті демалыс, ұжымның бірігуі, әріптестер үшін шытырман оқиғалы және спорттық турлар.

1.2 Іскерлік туризмнің даму кезеңдері мен сыныпталуы

Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік үлкен табысты туризм түрі болып тек XX ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады. Дүниежүзілік экономиканың жаһадану үдерсінің жүруі мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми және мәдени байланыстардың тікелей қатысы іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды. Сондықтан бұл XX ғасырдың экономикалық феномендердің бірі болып табылады.
Іскерлік туризм көп салалы. Мамандар "бизнес - туризм" түсінігі орнына жиі ағылшын аббреавиатурасы-"MІCE" терминін қолданады, өйткені бұл аббревиатураны құрайтын сөздер - (Meetings; Incentives; Conferences; Exibitions - Кездесулер; Инсентивтер; Конференциялар; Көрмелер) бұл іскерлік туризм түрлері немесе бизнес - туризм құрылымы болып табылады.
Horwath Axe Consultants мәліметі бойынша:
1)Жекелеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл облысының қонақ үй шаруашылығының қазіргі жағдайы
Алматыдағы мейрамханалық бизнесті басқару ерекшеліктері
Туристік бизнес жүйесіндегі қонақ үй бизнесі
Толық сервисті мейрамханалар
Мейрамханалық бизнес
Абылай хан қонақ үйінің жалпы сипаттамасы
Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
Туристік саланы дамыту перспективалары
Мейрамхана кәсіпорынын ұйымдастыру
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығына, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат кеңістігіне арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Пәндер