Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Биология пәнін оқытуда инновациялық әдістерді пайдалану

Орындаған:Жахан Н.
Қабылдаған:Бегалиева А.

Жоспар:
* Кіріспе
* Негізгі бөлім
1. Оқытуда қазіргі заманға сай инновациялық әдістер мен мүмкіндіктерді пайдалану
2. Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
2.1. Биология пәні үшін ақпараттық қоғамның негізгі талабы
2.2. Инновациялық әдістерді пайдалану кезіндегі педагогикалық қарым - қатынас
2.3. Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер
3. Биологияны оқытуда әр түрлі платформаларды тиімді пайдалану
3.1. BilimLand қосымшасы
3.2. Daryn.online, Kundelik.kz платформалары
3.3. Kahoot! платформасын пайдалану тиімділігі
* Қорытынды
* Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда мектептердің оқу - тәрбие үрдісінде инновациялық технологиялар қолданылып жүргені бәрімізге белгілі. Биология пәнін ұтымды меңгеруде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны жетілдіру арқылы оқушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасының артуына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның (АКТ) келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, заманға сай интернет ресурстарды өте жоғары деңгейде меңгерген, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол әрі сөзсіз. Және биологияны оқыту барысында, сондай-ақ басқа пәндерді де оқыту барысында инновациялық технологияларды пайдалануды дамытуға әлемдік пандемия да әсер етіп отыр.Себебі барлық оқу жүйесі мен оқу форматы қашықтықтан онлайн оқыту жүйесіне көшті.
Қазіргі уақыттағы шапшаң жүріп жатқан жаһандану процесі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
Сондықтан білім беру барысында әлемдік стандарттарға сай платформаларды дұрыс әрі тиімді пайдалану, оны оқыту методикасымен байланыстыру әр мұғалімге қатысты жайт.
Жалпы білім берудің негізгі мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді жеке және топтаса қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең әрі жоғары деңгейде меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.

Оқытуда қазіргі заманға сай инновациялық әдістер мен мүмкіндіктерді пайдалану

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі - оқу үрдісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу, білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Aқпараттық технологияларды сабақта қолданудың негізгі мақсаты: біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны қолдану, әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру. Бұл турасында Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу - деп көрсетілген. Осы тұжырым білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесін инновациялық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді. Осыған сәйкес сабақ үдерісінде жаңа ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдана отырып сабақ өткізу, жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік ролін сезінетін, өздігінен дамуға ұмтылатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру- бүгінгі ұстаздардың алдында тұрған міндет.
Жаңа aқпaрaттық технологиялар дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім aлушыға беру процесі. Бұл процесті іске aсыруда негізгі құрал компьютер болып тaбылады. Компьютер - білім беру ісіндегі бұрын шешімін таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкіндік беретін зор құрал.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі - бұл студенттерге өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз өзіне сын көзбен қарауына мүмкіндік береді. Ол үшін мұғалім өткізетін сабағында оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, бүгінгі заман талабына сай білім беруі керек. Бұл мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді.
Жaңа ақпaрaттық технологияны сaбақта пайдаланудың тиімділігі оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл - ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс - әрекетке тәрбиелейді; жан - жақты ізденушілігін арттырады.
Зaманауи ақпараттық құралдармен және инновациялық әдістермен жұмыс істеу студенттерді ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Оқытудың инновaциялық әдістері мен aқпараттық технологиялaрды пайдалану - педагогикалық іс- әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиaлық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпаратты- коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды.
Биология сабағында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушылардың білім беру үрдісінде пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жылдам ойлауға машықтандырады, ой-өрісі мен дүниетанымын дамытуға мүмкіндік береді.
Aқпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай aқпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, биология пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру. Олай болса, қоғамның әрбір мүшесі ақпаратты сауатты, ақпараттық мәдениеті мен ақпараттық құзыреттілігі дамыған тұлға болуы қажет.
Қазіргі уақытта сабақтарды ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Мұнда компьютерді мұғалім қосымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Жаңа акпараттық технология кұралдарын биология пәнінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушылардың шығармашылык, интеллектуалдык қабілеттерінің дамуына, өз білімдерін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Aқпараттандырудың негізгі міндеттерінің бірі - жaңа материалды баяндауда, үйрету бағдарламаларын қолдану арқылы виртуальды лабораториялық жұмыстарды жүргізу барысында, баяндалған материалды бекіту және т.б. мақсаттарда компьютерді оқыту құралы ретінде қолдану
Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты - сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осы мақсатта биология пәнінен сабақ өткізуді әртүрлі әдістермен кіріктірілген сабақ ретінде жүргізуге болады. Оқу - тәрбие үрдісінің сабақта дұрыс жүргізілуі үшін әр алуан оқыту әдіс - тәсілдерінің тиімдісін таңдап алуға көп көңіл бөлу керек.
Биология сабағында оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағыдыларын дамыту, орындаған тапсырмаларының дұрыстығын өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа ақпараттық технологиялық әдістерді кеңінен қолдану өте қажет. Осы тұрғыда сабақты пәнаралық байланыс арқылы өткізу үлкен мәнге ие болады. Себебі, пәнаралық байланыстың міндеті - оқушының бір пәннен меңгерген білім іскерлігін, дағдыларын екінші жақын пәндерде орынды қолдана білу, соған ойлау қабілетін салыстыру, өз бетінше жете білу. Осы орайда жаратылыстануды, географияны биология пәнімен байланыстыруға болады. Соның бір айғағы биология сабағында зертханалық жұмыстарды компьютер арқылы виртуальды лаборатория түрінде өткізіп, алынған нәтижелерді компьютерде арнайы бағдарламамен статистикалық талдап, нәтижесін график немесе диаграмма түрінде көрсетуге болады. Оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады, әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Оқушыларға терең білім беру үшін мұғалім пәнді жетік меңгеріп, оны оқушыларға ғылыми тұрғыдан негіздеп, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып бере білуі қажет, олардың жас ерекшеліктеріне қарай жеке бастарының психологиясын білуі абзал, ғылым мен педагогика саласындағы жаңалықтарды үнемі пайдаланып отыруы тиіс.
Сонымен бірге ақпараттық технологияларды биология сабағында жаңа тақырыпты өткенде, өзіндік жұмысты тексеру кездерінде, аралық және қорытынды бақылау сабақтарында қолдану өте тиімді. Сабақ кезінде слайд - фильмдерді, бейне - сабақтарды пайдалану дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың көрнекілігін, тиімділігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін қамтамасыз етеді және уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен, биология сабағында ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістерді біріктіріп білім беру оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыруға және ақпараттық сауатты болып өсулеріне ықпал етеді.

Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану

Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, электрондық оқулық пен интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Оқытушы сабағында ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық -- коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Білім берудің кез-келген саласында Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Осы орайда биология пәнін оқытуда қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларға интерактивті оқыту құралдарымен электрондық оқу құралдарын жатқызуға болады. Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, зертханалық жұмыстарды орындауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер бейнекөріністер көрсетуге, дыбыс және музыка тыңдауға болады. Бұл әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда әсерлі, әрі тиімді. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. Сондай-ақ мұғалімдер өздеріне қажетті әдістемелік материалдарды, көмекші құралдарды молынан ала алады. Электрондық оқулық оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Биология пәніне арналған электрондық оқулықтың тест бөлімі арқылы пән курсы бойынша оқушы толық ақпарат алып өз білімін тексере алады.
АКТ-ны сабақ процесінде қолдану кезінде мұғалімге келесі мәселелерді шешуге тура келеді:
* дидактикалық (сабақтың оқу материалын дайындау, компьютерлік бағдарламаны талдау);
* әдістемелік (тақырыпты беруде АКТ-ны қолдану әдістерін анықтау, сабақтың нәтижесін талдау, келесі оқу мақсатын қою);
* ұйымдастырушылық (оқушының шамадан тыс жүктелуін және уақытты тиімсіз өткізуді болдырмайтындай етіп жұмысты ұйымдастыру);
* оқыту (қарастырылған тақырып бойынша оқушылардың білімдерін және ұсынылған бағдарлама бойынша біліктері мен дағдыларын нығайту және бекіту).
Компьютер оқыту үрдісінің барлық кезеңдерінде қолданылады: жаңа материалдарды түсіндіргенде, бекіткенде, қайталағанда, білімін, іскерлігін және дағдыларын бақылағанда. Оқытушыға оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылауға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадына сақталған оқушылардың жұмыстарын саралап, талдау жасау арқылы олардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін
анықтауға, сол арқылы бағалай алады. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, контент, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Бүгінгі күні инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялық қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады. Интеративті әдістерге: презентациялар, миға шабуыл әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, ролдік ойындар т.б. жатады. Биологияны оқтуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
* оқушының өз бетімен жұмысы;
* аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
* білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
* шығармашылық есептер шығару кезінде биологиялық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
* қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
* қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
* іс - әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
* қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әртүрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігі;
* оқушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Биология пәні үшін ақпараттық қоғамның негізгі талабы

Aқпараттық - коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Aқпараттық әдістемелік мaтериалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазір мектептердің оқу - тәрбие үрдісінде инновациялық технологиялар қолданылып жүргені белгілі. Биология пәнін ұтымды меңгеруде оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны жетілдіру арқылы оқушының технологияны қабылдауы, оған деген ынтасының артуына мұғалім тарапынан көңіл бөлінуі тиіс.
Aқпараттық - коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу - тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) шешімімен ХХІ ғасыр ақпараттандыру ғасыры деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Aқпараттық қоғамның негізгі талабы -- оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу - делінген.
Oсыған орай бүгінгі ұстаздардың алдында оқушыға білім, білік, дағдыларын игертіп қана қоймай, қабылдауын, ойлауын, қиялын, сезімдерін, яғни жан-жақты, озат, шығармашыл, өз бетімен жұмыс жасай білетін, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамыту міндеттері тұр.
Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытудағы адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
ХХІ ғасыр - жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Барлық сала компьютерлендіріле бастады. Сонымен бірге еліміздің ертеңі болар жас ұрпақ компьютерді терең меңгеруі тиіс.
Aқпараттық - коммуникациялық технологияны дамыту білім берудің бір бөлігі. Соңғы жылдары заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда.

Инновациялық әдістерді пайдалану кезіндегі педагогикалық қарым - қатынас

Биологияны оқыту кезінде мұғалім еңбегінің мазмұнын оқушының психикалық дамуына ықпал ететін негізгі құрал оның оқушымен психологиялық өзара әрекеті - педагогикалық қарым - қатынас құрайды. Педагогикалық қарым - қатынас A.Н. Леонтьевтің айтуынша адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді игеру үшін қажетті және арнаулы шарттардың бірі болып табылады.
Биологияны оқытуда оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы 50-90 % ақпаратты мұғалімнің сөзінен емес, оның ым - ишара, мимика, дауыс ырғағы, жүріс - тұрысы, іс - қимылы, тыңдау қалпынан алады. Демек, қарым - қатынастың сөзден тыс құралдары ақпарат беруде, өзара қарым-қатынасты реттеуде, байланыс жасауда маңызды рөл атқарып, мұғалім мен оқушының көңіл - күйі мен эмоционалдық қалпын білдіреді. Сонымен, биология сабағындағы мұғалім мен оқушының өзара әрекеті ең алдымен, өзара танымдық және аффективтік - бағалау сипатындағы ақпарат алудан құрылады. Осындай ақпарат алмасу процесін қарым - қатынастың ақпараттық функциясы дейді. Қарым - қатынастың дамуы адамдардың бір-бірін когнитивті шартта күрделі бейнелей алуына байланысты. Сондықтан оқытушының өзара түсіністік пен тиімді өзара әрекет құруына білімгерді психологиялық тұрғыдан сауатты қабылдауы негіз болады. Бұл қарым-қатынастың әлеуметтік-перцепциялық функциясы. Әлеуметтік перцепцияның екі өзара байланысты деңгейлері бар, олар: өзіндік - перцепциялық (баланың қабылдауы немесе өзге адамның) және эмпатиялық (әсерлену,адамның өзге адамдардың жан дүниесінің сыры мен күй-жайын білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіріп, қарым-қатынасқа түсіп отырған кісінің позициясынан оның қылығын қабылдай білу, өзінің пікірін дұрыс жеткізу және оны қолдауға немесе оны жоққа шығаруға мүмкіндік тудыру). Педагогикалық қарым-қатынастағы әлеуметтік-перцепция функциясы оқытушының білімгер қылығына, сөзіне, дауыс ырғағына, ым-ишарасына, сыртқы келбетіндегі өзгеріске ұқыпты болуынан тұрады. Бірақ, маңыздысы-білімгердің сыртқы қылықтарының ішінен оқытушы олардың ойы мен сезімін көреді, алдын-ала ниеттері мен әрекеттерін болжамдап, білімгердің жеке даралық ерешеліктерінің моделін жасайды. Модельдеу дегенді А.А.Леонтьев: өзге адамдардың жеке тұлғалық себеп,ниет, және мақсаттарын түсіну деп, айқындаған .
Сондай-ақ биология сабағында инновациялық әдістерді қолдану барысынды мұғалім оқушылардың танымдық әрі жеке тұлғалық қызығуларын ескеріп отыруға қабілеті болуы тиіс. Осындай адами құндылықтармен алмасу қарым - қатынастың өзегін құрайды. Оқушылар үнемі мұғалімнің көңіл - күйін, қатынасын білуге тырысады. Тап осыған байланысты мұғалім сауатты түрде өзінің сезімін көрсетіп, нақты жағдайда сөзбен және сөзден тыс құралдар арқылы оқушыларға ашық, түсінікті болуы керек. Мұндағы мұғалімнің бағыты оқушылардің рефлексиясын ояту болады. Өзара әрекетке кіріспес бұрын мұғалім оқушыларға өзінің жеке басының мінез-құлқын көрсете отырып, тең құқылы қарым-қатынас ұсынады. Бұл араласу қабілеттілік негізінде қабылдау объектісі бейнесінің оқушыларда қалыптасу үрдісін (Крижанская, Третьяков,1990) деген авторлар өздігінен беру дейді. А.А.Леонтьев өздігінен берудің үш негізгі мотивін көрсеткен, олар: қатынастың дамуына ұмтылу, жеке тұлғаның өзіндік бекуі, кәсіби жоспардың болуы. Өздігінен беру функциясы немесе өзін - өзі көрсету педагогикалық қарым - қатынаста мұғалім мен оқушылардың өзара ашылуына көмектеседі. Қарым - қатынаста мұғалімнің ішкі әлемі көрінеді. В.А.Сластенин: Қиналған, шаршаған емес, қызықты, рухани бай, саяси кемелденген адам ғана жаңа ұрпақтың сезімі мен ойлауының билеушісі бола алады- деп бекер айтпаған. Ішкі әлемі бай мұғалім ғана оқушыларға барлық сезімін, білімін, дауысы, іс - қимылы, сөзінің мазмұны арқылы береді. Қарым - қатынаста ең маңыздысы - кімдікі дұрыс (қарсыластық қарым-қатынас негізінде) деп, түсіну емес, өзара көмек көрсету, мәселені шешуде өзара бағыттау, білімді, мәліметті, пікірді бекіту және байыту болып табылады. Қарым - қатынастың нәтижелілігі мұғалімнің оқушылармен кері байланыс құра білу іскерлігіне байланысты. Кері байланыс көрсеткіштеріне оқушылардың қабылдаған ақпараттарға реакцияларын, яғни жауаптарын, көңіл-күйлерін, сезімдерін, эмоцияларын және мұғалімге деген қатынастарын жатқызуға болады. Кері байланыс мұғалімнің әрекетін ынталандырады. Сонымен, қарым - қатынаста адамдардың интеллектерінің, эмоцияларының, ерік - жігерлерінің өзара әрекеті пайда болады, демек, қарым - қатынаста үнемі мінездердің өзара әрекеті шиелінеседі. Бұл қарым - қатынастың интерактивтік және аффективтік функциялары. Педагогикалық қарым-қатынастың интерактивтік функциясы бейнелермен, идеялармен, әрекеттермен алмасудан тұрады. Қарым - қатынастың аффективтік функциясы қатынастың әлеуметтік маңызды көріністерін құрып, аффектіні бақылап отыру, түзету, эмоционалды түрде белсендетіп, психологиялық ахуал құру болып табылады. Жағымды эмоциялар, рухани - адамгершілік бағыт-бағдар беретін қарым - қатынас бірлескен шығармашылық әрекетке итермелейді. Жеке тұлғалардың қарым - қатынасында, яғни мұғалім мен оқушылар бірлескен әрекетте эмоционалды - психологиялық кеңістікті құрай бастайды, мұнда оқушылардың жеке тұлғасын әлеуметтендіру үрдісі жүзеге асады. Мұғалім оқушыларға жалпыадамзаттық құндылықтар бірлігін игеруге көмектеседі.
Демек, инновациялық әдістерді биология сабағында пайдалану кезіндегі қарым - қатынас дәстүрлі білім бергеннен айырмашылықтары бар. Ал педагогикалық қарым - қатынасты дұрыс құрау - биология сабағынан терең білім беруде маңызы өте зор.

Биологияны оқытуда қолдануға тиімді интерактивті әдістер

Қазіргі кезде инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ізденушілігін дамытып, қызығушылығын тудыру, белсенділігін арттыру ең негізгі мақсат болып айқындалады.
Aқпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды. Мұғалім тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар оқушының өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде қазіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады. Инновациялық әдістердің ең негізгісінің бірі - интерактивті оқыту әдісі. Негізгі қағидасы - педагогикалық қарым - қатынас пен қарым - қатынас диалогы арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып дамыту.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:
* проблемалық шығарма әдістері;
* презентациялар пікірталастар;
* топпен жұмыс;
* миға шабуыл әдісі;
* сын тұрғысынан ойлау әдісі;
* викториналар;
* зерттеулер;
* іскерлік ойындар;
* рөлдік ойындар;
* инсерт әдісі
* қалың және жұқа сұрақтар
* температура өлшеу әдісі
* мұғалімге хат жазу
* сұхбат алу
* шырша немесе фишбоун
* логикалық тізбекті ажырату
* SVOT әдісі
* Стикердегі диалог
* Құрылысшы ойыны
* Серпілген сауал т.б.
Биология сабағын қызықты әрі уақытты үнемді пайдалану үшін бір сабақтың өзінде түрлі әдістерді өткізу керек, мысалы; уақыт шеңбері, кемпірқосақ топтары, қар кесегі, жұптық әңгіме, ыстық орындық, үш қадамдық сұхбат, стикердегі диалог, стоп - кадр т.б
Білім берудегі интерактивті технология (интерактив сөзі - inter (бірлесу), act - (әрекет)) сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. Интерактивті тақта мүмкіндігін пайдалана отырып, өткізген сабақтар мұғалімнің оқу процесінде уақытын үнемдей отырып, оқушыларға көптеген ақпараттарды беруге көмектеседі. Интерактивті тақтаның керемет мүмкіндіктері оқушыларды таңғалдырады, шабыттандырады, қызықтырады. Оқушылар ойнап отырмыз деп ойлайды, шындығында олар қызығып, таңғалып, шабыттанып отырып білім алады деп ойлаймыз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі - білім беру ұйымдарына электрондық оқыту (е-learning) енгізу.
Мемлекеттік бағдарламада: Оқушы автоматтандырылған жүйеде жеке портфолиосын, күнтізбесін, күнделігін жүргізеді. Мұғалім күнтізбелік-тақырыптық жоспары бар электрондық дәптерді, сынып журналын, хабарландыру қызметі (алда болатын жоспарлы және жоспардан тыс жиналыстар мен кездесулер туралы оқушылардың ата-аналарына e-mail немесе sms-хабарламалар, есептілік және т.б. жіберу) толтыратын болады. Оқытушылық жүктемені, сабақ кестесін, үлгерім мониторингі мен оқушылардың сабаққа келуін, педагогтің қызметін, есептілікті директордың орынбасары жүзеге асырады. Жүйе әкімшісі оқшау және ғаламдық есептеу желісін, телефон жүйесін немесе дауыс поштасы жүйесін қоса алғанда, көп қолданыстағы компьютерлік жүйенің жұмыс істеп тұруына жауапты болады - деп көрсетілген.
Сонымен қатар барлық білім беру ұйымның қызметкерлерi үшiн бiлiмдердiң бiртұтас стандартын қамтамасыз етеді және мынадай мүмкіндік береді:
* педагог ұжымына - тақырыптық жоспарлауды, электрондық сынып журналдарын және күнделiктер жүргізу, білім беру үрдісінде сандық бiлiм беру контентін қолдануға мүмкiндiк бередi;
* оқушыларға әр түрлi пәндер бойынша өз үлгерiм рейтингiсінiң өзгерiстерiн қадағалайды, сабақ кестесiндегi өзгерiстерді, үйге берген тапсырманы уақытында біледі;
* ата - аналарға -- өз баласының бағаларын, сабақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология анықтамалылығы журналы
Электронды оқулық дәріс
Биология сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану
Заманауи педагогикалық технологиялар
Биологияның мектеп курсын оқу процесінде мультимедиялық оқыту әдістерінің ерекшеліктері
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Химия сабақтарында интерактивті оқыту технологиясы
Биология сабақтарында ойын технологиясын пайдаланып өткізу әдстемесі
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Биология сабақтарында проблемалық оқыту
Пәндер