Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеу тaқырыбының өзектілігі. 2005 жылдан бастап Қазақстан ЖОО оқыту кредиттік технология жүйесінде жүруде.
Кредиттік технология оқытудың дербестігін, студенттердің өзіндік жұмыстарының (СӨЖ) мәні жоғары сапада болуын талап етеді. СӨЖ ұйымдастырудың негізі студенттердің дәрісханадағы және дәрісханадан тыс жұмыстарын тұтас, үздіксіз жүйесіне айналдыруды көздейді.
Казақстандық білім беруді модернизациялау тұжырымдамасы студенттің оқу үдерісінде өзіндік жұмысының рөлін арттыруға бағытталған белгілі деңгей мен профильдегі білікті мамандарды даярлауды, еңбек нарығында бәсекелес және құзіретті, өз мамандығын еркін меңгерген мамандарды даярлауды қарастырады.
Жұмыстың мaқсaты - Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін
есепке алу ақпараттық жүйесін жобалау.
Оқытушы әрбір өтілетін тақырыпты жіктеп, жіліктеп түсіндіріп, студенттен сол материалдарды қалай меңгергенін сұрау арқылы оның ерекшелігі жайлы, студент аталған тақырыптан қандай мәселелерді меңгеруі керектігі жөнінде
бағыт бағдар береді. Ал студент материалдарды өзі ізденіп, алынатын білімді
толық меңгеруі қажет.
Зерттеу міндеттері. Қойылғaн мaқсaтқa жету үшін төмендегідей негізгі міндеттер aлғa қойылып, шешімін тaпты: Студенттің сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу.
Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қиыншылықтары болады. үшін, әр пән оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың принциптеріне көңіл бөлгені жөн.
Педагогикалық әдебиеттерде өзіндік оқу жұмысы оқытуды ұйымдастыру формасы және оқытушының әдістемелік жетекшілігімен, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалатын студенттердің жоспарланған жұмысы ретінде қаралады.
Зерттеу нысaны - Деканат жұмысын автоматтандыру.
Студенттің өзіндік жұмысы - оқу, зерттеуші және өзіндік білім алу сипатындағы әртүрлі тапсырмаларды орындау, кәсбіи білім жүйесін меңгеру құралы, танымдық және кәсіби іс-әрекет тәсілі, телекоммуникация құралдарын қолдану арқылы, кәсбіи шеберлік пен шығармашылық іс-әрекет дағдылары мен біліктерін қалыптастыру құралы, дәріс және мәтіндік материалмен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру құралы.

Зерттеу пәні -
Жұмыстың құрылымы мен көлемі.

Негізгі бөлім
1 ТЕОРЕТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
Ғылыми техникалық прогрестің қарқынды түрде дамуы білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. ХХІ ғасырда жаңа технологиялардың жыл сайынғы дамуымен, оның жедел өсуі ақпарат алмасудың бірнеше нұсқаларын ұсынып отыр. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпараттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады. Ақпаратты іздеу, сақтау, өңдеу, басқару, жіберу компьютерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және болашақта үлкен роль атқарады. Қазіргі ақпараттық қоғамның талаптарына сәйкес жаңа техналогиялардың көмегімен әртүрлі саладағы жұмыс орындарының ақпаратын автоматтандыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мемлекеттік және жеке шаруашылық мекемелерде, оқу орындарында және басқа да салаларда ақпараттандыру жүйесін кеңейту және жұмыс орнын автоматтандыру мәселелері басты назарда. Автоматтандырылған жұмыс орны деп мамандардың жұмыс орнында орналасқан және олардың жұмыстарын автоматтандыру үшін қолданылатын профессионалды-бағытталған кішігірім есептеу жүйесін айтуға болады. Жұмыс орнын автоматтандыру бухгалтерлік есептеулер жүйесі, электронды деканат, оқу жүктемесін есептеу, қызметкерлер, студенттер туралы деректер қоры және тағы да басқалар бар. Аталған жұмыстардың ішінде маңызды дерек қорларының бірі студенттер базасы. Яғни, бірнеше топ студенттерінің ағымдық және қорытынды бағалау жүйесін және сабаққа қатысуын есепке алуын деректер базасын жобалап, базаға енгізу.
Студенттердің білімі оның барлық кәсіби не арнайы бағыттарының сапасы және дәрежесімен анықталады.
Ал білім дәрежесі студенттердің үлгерімі арқылы анықталады. Ол көптеген әлеуметтік-психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық факторлардан, сонымен қатар жеке студент тұлғасының психофизикалық мінездемесіне байланысты болады. Көп жылдар зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар студенттің оқу қызметі және оның табыстылығы туралы айтқанда жеке тұлғаның интелектуалдық дәрежесінің басты ролде екенін көрсетті. Әрине, бұл фактордың мәнін бағаламауға болмайды. Бірақ, бүгінгі күні білім алушылардың үлгерімі басқа да факторларға байланысты екенінде күманданудың қажеті жоқ.
Жоғары оқу орындары студенттерінің білімдерінің үлгерімініне көптеген факторлар әсер етеді: әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жасы, отбасылық жағдайы, жоғары оқу орнына дейінгі дайындық деңгейі, өзін-өзі ұйымдастыру дағдысы, өз қызметін ұйымдастыру және қадағалауы, жоғары оқу орнын таңдау, білім алу формасы, (күндізгі, сырттай, қашықтықтан), жоғары оқу орынның білім алу процесінің ұйымдастырылуы, жоғары оқу орынның материалдық базасы, қызмет көрсетушілер меноқытушылардың біліктілік деңгейі, жоғары оқу орынның абыройы және де студенттің жеке психологиялық ерекшелігі.
Оқу шеберханасында өткізілген практика кезінде студенттердің сабаққа қатысуын есепке алуы күн сайын өндірістік оқытуға арналған журналды белгіленеді, ал өндірісте не кәсіпорында өткізілген өндірістік оқыту практикасында күн сайын цехтың не учаскенің есепке алу табельінде белгіленеді. Мұнда да студенттердің практикаға қатысуының жалпы пайызын есептеп шығаруға болады. Ол үшін белгілі бір мерзімді алып, жалпы студенттер саны мен мерзімін алып, жіберілген сабақ сандары арқылы былай анықтаймыз.
Студенттердің сабаққа қатысуын анықтау формуласы:
% -ы = ΣТн Тж . 100 % (1)
Мұнда, ΣТн - сабаққа нақты қатысқан судент - сағат санының жалпы көлемі, ал ΣТж -- оқу жоспары бойынша бөлінген студент саны -- сағаттың жалпы көлемі. Сол сияқты студенттердің жіберген сағат көлемін де есептеуге болады. Жіберілген сағат % пайызы ΣТжб ΣТбс
Мұндағы ΣТжб - жіберілген сағаттардың жалпы көлемі, ал ΣТбс - сол мерзім ішінде оқытуға бөлінген жалпы сағат көлемі.
Студенттердің ағымдық бағалау кезінде алған білімдерін есепке алу әдістерін қарастыру керек.Бұл әдісте есепке алу оқу материалдарының қаншалықты игергендігін бақылау, оқыту процесін ағымдық бақылау және пәндер бойынша тапсырмаларды қалай орындағанын тексеру арқылы білеміз. Осы әдістердің өзара айырмашылықтары мен ерекшелігі бар, оларды ажырата алуымыз керек.Ол үшін осы әдістерге жалпы сипаттама беріп, олардың өзара байланысын да анықтауымыз қажет. Студенттердің мамандықтарының пәндері бойынша лабораториялық жұмыстардың орындалу мерзімі мен мазмұнын атқарылатын технологиялық процестердің күрделілік сипатын тексеру оқу процесінің міндетті дербес орындалу бөлігіне кіреді. Ағымдық байқау жұмысы оқу процесінің дербес бөлігі емес, оқытудың кез-келген мерзімінде атқарылған жұмысты байқауға арналған. Оқытушы обьективті мәліметтер негізінде белгілі бір мерзім аралығындағы студенттердің лабораториялық жұмысты орындаупроцесінің дайындығы мен оның атқарылуын қадағалайды. Студенттер мұнда бірнеше жұмысты қатар атқарады, жұмыстың нұсқауға, нормативті құжаттарға сай орындалуын, технологиялық процестер тәсілінің бірізділікпен технологиялық процестер тәсілінің бірізділікпен атқарылуын, тиісті құрал-жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана білу қабілеттілігін көрсете алуы тиіс. Оқытушы өз ескерулерін айтуы мүмкін.Сонда да тексеру мен ағымдық байқау студент білімі, біліктілігі және дағдысын анықтауды бірін-бірі толықтырып тұратын әдіс. Жас шеберлер мұндағы әрбір қимылды, құрал-жабдықтар мен аспаптар қызхметін дұрыс пайдаланғанын жиі бақылап, қорытынды жасағанда өз пікірін тұжырымдап айта білуі керек.
Ақпаратты басқару компьютерлерді қолданудың негізгі сферасы болып табылады және де, болашақта үлкен роль атқарады. Мәліметтер қорын басқару жүйесі компьютерлік техниканың даму жолдарына байланысты жетілдендіріліп тұрды, пайдаланушының қойған барлық күрделі деңгейдегі талаптарын орындауға бейімделді, сондай-ақ глобальды желі бойында орналасқан және де телекоммуникациялық жүйелерді пайдаланатын компоненттердің бір-бірімен байланыс жасауын қамтамасыз етті.

1.1 Зерттеу бөлімі

Оқу пікір таластары оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, студенттерді қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін студенттердің дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі қарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікір сайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары студенттердің өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Оқытушы сөз мәнерінің үлгісі болып, студенттердің ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін студенттердің естеріне салуы қажет. Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Кодекстер және оқулықтармен жұмыс - оқытудың маңызды әдісі. Сабақта кодекстермен жұмыс жасау оқытушы басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі студенттер кодекспен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Баспа материалдарымен өз бетімен жұмыстың кейбір тәсілдері бар. Олар:
oo конспектілеу - кітаптың мазмұнын қысқа баяндау;
oo мәтіннің қарапайым және күрделі жоспарын жасау. Жоспар құру үшін мәтінді оқып болған соң оны бөліктерге бөліп, әр бөлікке атау беру керек;
oo тезистеу - кітаптың негізгі ойларын қысқа баяндау;
oo цитаталау - мәтінді сөзбе сөз көшіру. Міндетті түрде автор, кітап (жұмыс) аты, баспасы, шьққан жылы, беттері көрсетіледі;
oo аннотация - мәнді, елеулі мағынасын жоғалтпай мазмұнды қысқа баяндау;
oo рецензиялау - оқу материалы туралы өз ойын қысқа жазу;
oo анықтама жазу - тапқан кітап, т.б. мағлұмат көзі туралы мәлімет. Анықтамалар статистикалық, библиографиялық (өмірбаяндық, терминологиялық, географиялық, т.б) түрде болады;
oo формалдық-логикалық модель - мәтіннің сызбасы;
oo тақырыптық тезаурус - бөлім, тақырып бойынша негізі ұғымдарды ретке келтіру.
Студенттер үшін білім көзі - бақылау, оқытушы сөзі, баспа материалдары. Оқулықтар, оқу құралдары, ғылыми - көпшілік әдебиеттер және журналдардан оқушылар түрлі ақпараттар алып, сабақта алған білімдерін бекітуге, кеңейтуге және тереңдетуге мүмкіндік алады, өз бетімен білім алу әдістерімен қаруланады. Кітаппен жұмыс әдісін меңгеру үшін ең алдымен оның тәсілдері меңгеріледі. Кітаппен жұмыс істеу тәсілдерін меңгеруде көп уақыт алатын статикалық оқу үлкен рөл атқарады. Мұндай оқудың мақсаты мәтінді түсіндіру, студенттерге мәтінді толық меңгерту, оған мәтіннің негізгі идеясын ұқтыру. Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау.
Оқытушылар кітаптар мен журналдарды тақырыпқа сай қолданады. Осы өздік жұмыстың жиі қолданылатын тәсілдері: Белгілі бір ақпарат алу және оны бекіту мақсатымен кітапты оқып шығу. Осы мақсатқа жету үшін, мұғалім оқушыларға қысқа мерзім ішінде мәтінді қалай түсінуге болатындығын айтады. Әдетте, студенттер мәтінді бір рет оқып шыққан соң, оны талдап, мәтіннің жоспарын жасайды. Түсініксіз сөйлем және сөздердің мағынасын сөздік немесе энциклопедия арқылы ашып, қосымша әдебиеттерден ақпараттар алып, керекті мәліметтерді конспектілеп, оқығанын өз сөзімен айтып көреді. Оқытушы студенттерді мәтіндегі негізгі ойды бөлуге үйрету керек. Жоспар жасау үшін мәтіндер бір-бірімен өзара байланысты бөліктерге бөлінеді де, әр бөлікке атау беріледі. Қосымша әдебиеттерді қолдану үшін оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеті болуы керек. Студенттердің кітаптар мен журналдарды сыни тұрғыдан оқуының да үлкен маңызы бар. Идеялардың матрицасы - әртүрлі авторлардың еңбектеріндегі біртекті ойлар мен құбылыстарға салыстырмалы сипаттама беру.
C# бағдарламалау тілі объектіге бағытталған бағдарламалау тілі болғандықтан деректер базасын басқару жүйесі болып табылады және деректер базасын басқару жүйесінен басқа тілдерге қарағанда мүмкіндігі көп.C# тілі CLR-ге арналған қолданбалы деңгейде бағдарламалау тілінде жасалынған. Сондықтан C# тілі CLR-дің мүмкіншіліктеріне тәуелді. Яғни, CLRC# тіліне дәстүрлі бағдарламалық тілі түрінде дамуына зор үлес қосады.
Осы факультеттерді басқаратын деканаттары бар. Әр деканатта өздерінің жұмысына жауап беретін кафедралары және сол кафедраны басқаратын меңгерушілері болады және ондағы жұмыс істейтін жоғары дәрежедегі оқытушылар сонымен бірге ең бастысы ондағы білім алатын болашақ маман иелері бар.Факультет кафедрасына байланысты Есеп-Қаржы факультетінің Ақпараттық-Есептеу Жүйесі кафедрасындағы Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалауды қарастырдым. Университет ішіндегі шағын бір деректер базасын құру күрделі болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде осындай деректерді басқарудың бірнеше көптеген мүмкіндіктері бар. Соның бірі де бірегейі C# объектіге бағытталған бағдарламалау тілінің көмегімен Студенттердің сабаққа қатысу және үлгерімін есепке алу ақпараттық жүйесін жобалауға байланысты деректер базасын құрастырдым. Яғни, кафедра Ақпараттық жүйелер, Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы топ студенттерінің сабаққа қатысуын және үлгерімі есепке алу деректер базасын құру болып табылады.
2 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
2.1 Деканаттың басқару жүйесін зерттеу

Ақпараттық-Есептеу жүйесі кафедрасының студенттерінің үлгерімі туралы шағын деректер базасын құрдым.
Ақпараттық-Есептеу жүйесі кафедрасында екі негізгі мамандық бойынша студенттерді оқытады:
oo 5В070300 Ақпараттық жүйелері;
oo 5В070400 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамсыз ету.
Кафедраның жұмысын басқаратын және оқытушылармен жұмыс жасайтын, оқу процесін жоспар бойынша жүргізетін меңгерушісі болады. Сонымен қатаркафедра бойынша өзіндік жұмыс атқаратын және түрлі дәрежедегіоқытушылары, екі мамандық бойынша студенттер білім алады. Менің мамандығым Ақпараттық жүйелері болғандықтан студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алу туралы деректер базасын құруды жөн көрдім. Кафедра ішіндегі шағын бір деректі басқарудың өзі күрделі мәселе болып табылады. Сондықтан қазіргі кезде осындай деректерді басқарудың бірнеше үлгілері бар. Соның бірі дамығанбағдарламалау тілдерінің бірі C# бағдарламалау тілінде студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімін есепке алуды деректер базасын құрып, ондағы студенттер жайлы мәліметтерді енгізгіп, олардың ағымдық және қорытынды бағалары мен сабаққа қатысуын енгізу.
Деректер базасын басқару жүйесінің шешімді дәлелдеу және жобалау процестерін автоматизацияландыру деңгейіне қарай Жоғарғы Оқу Орнында ақпараттық кеңес беретін және ақпараттарды анықтамалық түрде басқару болып табылады. Ақпараттық кеңес беретін автоматтандырылған басқару жүйесінің таңдалған үлгі мен әдіске сәйкес шешімді өңдеп, және осы мәселеге шешім шығаратын тұлғалармен бекітіледі. Басқару автоматизациясының ең төменгі деңгейі ақпарттық-анықтамалық жүйенің құрам бөліктерімен іске асады. Жоғары оқу орнындағы АБЖ негізінен ақпараттық-анықтамалық класына жатады. Ол басқарылу шешімдерін құрастыру және негіздеу секілді проблемалық жағдайларды анализдеуге жетекшілер пайдаланатын есеп беру құжаттарын алу автоматизациясы үшін қажет. Оның құрамына тәрбие істері, ғылыми зерттеу, мамандар даярлау, әкімшілік-шаруашылық, қаржы комплекстері секілді бірнеше топтар кіреді. Жоғары оқу орнында басқару жүйесінің негізгі бөлігі ретінде кафедра студенттерінің үлгерімін деректер базасына енгізіп келтіруге болады. Қазіргі кезде кафедрадағы АБЖ-да оқу үлгерімін басқарумен байланысты алғашқы жүйе көрсеткіштерінің типтік құрамы анықталған, ақпараттық базалар құрылған, ал бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде мәліметтер базасын басқару жүйесі пайдаланылады. Осы ақпараттық базаларды пайдалана отырып, қолданбалы бағдарламалардың әр түрлі типтерін құрастыруға болады. Бұл ақпараттық басқаруға байланысты кафедра жұмысын оңайлатып және есеп беру тапсырмалары кезінде студенттер үлгерімін деректер базасын құрып автоматизациялауға болады.
Кафедра студенттердің оқу деңгейлерін тексеру үшін оқу және ғылыми басқару жүйесі мен жоспарын құрастырады. Кафедра мен оқытушылар арасындағы тапсырмаларды бөлісу, аудиторлық қорды бөлу, абитуриенттерді топтарға бөлу, оқу процестерінің статистикалық анализдеудің міндеттері, ғылыми-іздену жұмыстарының тапсырыс портфельдерін құрастыру, т.б. жұмыстар атқарылады. Кафедраның әртүрлі тарауларын бақылап тексеру үшін және оқыту ғылыми процестерін басқару әдістерін бағалау, тексеру үшін кафедраны басқарудың имитациялық модельдері құрастырылады. Бірақ мұндай тапсырмаларға жауап беретін методология нұсқауы жоқ. Басқару шешімдерін құрастыру және шығару-әртүрлі этаптардан тұрады: проблемалық жағдай анализі, басқару жүйесін іске асырудың мақсаттарын таңдау, өте саналы альтернативтерді және критерийлерді анықтау, сапалы шешімдерді таңдау, альтернативаны анализдеу және баға беру, шешімнің орындалуын бақылау және есепке алу. Бұл этаптардың реті олардың іске асырылуының автоматтандырылған немесе автоматтандырылмағандығына тәуелді емес. Басқару автоматизациясы басқарудың технологиялық схемасын жүзеге асыратын әдістерге қойылатын қосымша талаптарды ұсынады. Жүйеге жаңа элементтер енгізеді. Және сонымен бірге, басқару аппаратының мүмкіндіктерін көбейтеді.
Кафедра меңгерушісінің, ғылыми жетекшінің құқықтары, жауапкершілігі және міндеттері:
oo Кафедра меңгерушісі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінде дамытушы ойындар мен жаттығулар
Көркем мәтіннің тілі
Шетел тілі сабағында аутенттік мәтіндерді қолдану
Ағылшын тілі сабағында жаттығуларды қолдану
Ақпараттық жаңа технологияларды шетел тілдерін үйрету жүйесінде қолданудың негізгі проблемалары
Мәтінмен жұмыс жасау
Тыңдау - естіп жатқан сөйлеушінің сөзін түсіну
Оқыту әдістерін, құралдарын бастауыш білім беруде пайдалану
Оқушыларға білім беретін дерек көздеріне сәйкес топтастырылған әдістер: сөздік әдістері, көрнекілік әдістері, тәжірибелік әдістер
Тындап түсіну арқылы ағылшын тілін оқыту
Пәндер