Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері


№ 59 мектеп гимназия
Жұмыстың тақырыбы: "Еңбек құқығы"
Ғылыми бағыты: Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің өзінің əлеуметтік жағдайын, яғни конституциялық құқықтарын, еркін түрде қолдана алатынындай жағдай жасау.
Авторы: Султанова Махаббат Бауыржанқызы
Сыныбы: 11"Б"
Секциясы:
Жетекші: Токсанбаева Меруерт Султановна
Мазмұны
1. Аннотация . . . 3
2. Пікір . . . 4
3. Кіріспе . . . 5-7
4. Негізгі бөлім . . . 7-31
4. 1. Еңбек құқығы туралы түсінік және оның негізгі қайнар көздері.
4. 2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары
4. 3. Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері.
4. 4. Еңбек даулары. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастырудың механизмі.
5. Зерттеу әдістері . . . 32-33
5. 1. Шетел компанияларында еңбек етіп жатқан қазақстандықтардың құқықтарының бұзылуы
5. 2. Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесі
6. Зерттеу нәтижелері . . .
6. 1. Экономикалық даму - маңызды фактор .
6. 2. Өмір сапасы - өзекті өлшем .
7. Қорытынды . . . 32-33
8. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 34
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде болып жатқан қызметкерлер құқықтарының дұрыс қамтамасыз етілуі мен қорғалуы өте өзекті болып табылады. Адам қоғамының өмір сүруінің алғы шарты еңбек. Қоғам мен адам дамуында еңбектің шешуші рөл атқаратынына адамзат тарихы куә. Еңбек - адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек- адамзат өркениетінің адғашқы және негізгі шарты. Еңбек адамның тамаққа, киім-кешекке, тұрғын үйге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады. Еңбек ету үдерісінде өнім шығарылады, сонымен қатар адам кемеліне келіп жетеді. Мемлекет елімізде жоғарғы деңгейлі еңбек жағдайын жасауға тырысып отыр. Аталған ережелер мен кепілдіктер Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінде бүге-шүгесіне дейін реттелген. Еңбек Кодексі 2015жылғы 23-қарашада қабылданған. Еңбек қатынастарын реттеп отыратын құқық саласы еңбек құқығы деп аталады. ҚР Еңбек кодексінің 5-бабында көрсетілгендей, "Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе еңбекке қандай да бір кемсітушіліксіз және мәжбүрлеусіз еркін келісуге құқығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне билік етуге, кәсіп және қызмет түрін таңдауға құқығы бар". Кодексте көрсетілгендей еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке тиым салынады.
Еңбек құқығы деген -(ағылш. labour lav) -жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы болып табылады
Еңбек құқығы:
- жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;
- өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;
- еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;
Еңбек құқығы - меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Еңбек құқығының арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды. Е. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Еңбек құқығының жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Еңбек құқығы ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Еңбек құқығының ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Еңбек құқығының жүйесінде құқықтық институттар, яғни қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Еңбек құқығының мынадай негізгі институттарын: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды.
Еңбектің барысында адамдар арасында еңбек қатынастары қалыптасады. Еңбек қатынастары дегеніміз тараптардын әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынастар.
Еңбек құқығы еңбек нарқы үрдісінің әрекеті, жалдамалы еңбекті ұйымдастыру мен пайдалану барысында қалыптасатын қызметкерлердің еңбек қатынасын және онымен тығыз байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың бір саласы. Еңбек құқығының негізгі мақсаты - жұмыс беруші мен жалданушы қызметкер арасында қатынастарды құқық арқылы реттеу жәнезаңсыздыққа жол бермеу.
Еңбек қатынастары - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар. Еңбек қатынастары еңбек құқығының пәні болып табылады. Еңбек қатынастары еңбек құқығының негізгі бөлігі бола тұрып, қоғамдық еңбек саласындағы материалды және рухани игіліктерді игеру барысында қалыптасады.
Құқықтың басқа салалары сияқты еңбек құқығының әдістері еңбектік құқықтық қатынастарға және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарға ықпал ететін тәсілдерден, амалдардан және құралдарынан тұрады. Еңбек құқығы әдісі - еңбек құқығының пәні болып табылатын еңбектік құқықтық қатынастар және сонымен тығыз байланысты басқа да қатынастарды құқықтық реттеудің өзіндік ерекшеліктерінің барынша жалпылама көрінісі.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің өзінің əлеуметтік жағдайын, яғни конституциялық құқықтарын, еркін түрде қолдана алатынындай жағдай жасау.
Зерттеудің міндеттері: Қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың мақсатын талдау.
- Қазақстан Республикасындағы қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу дəрежесіне баға беру.
4. 1. Еңбек құқығы туралы түсінік және оның негізгі қайнар көздері. Адамның тіршілік әрекеті мен дамуының негізі еңбек болып табылады.
ҚР Конституциясының 24-бабында еңбек бостандығы құқығы, мамандық пен жұмыс түрін еркін таңдау құқығы бекітілген. Еңбек саласында кемсітушілікке, еңбекке мәжбүрлеуге тыйым салынады.
Адам өзінің еңбек әрекеті туралы мәселені өзі шешеді. Ол еңбек етеді немесе еңбек етпей бос жүре алады. Сонымен қатар мәжбүрлі болғанмен, міндетті болып табылатын еңбек түрлері бар. Олар: әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеу, сот үкімімен кесілген жұмыс, төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыс, азаматтық міндеттемені орындау (сенбілік, ауланы тазалау, қоғамдық сипаттағы ұсақ жұмыстар) . Еңбек құқығы жұмыскердің белгілі-бір еңбек функциясын іске асыруы жөнінде жасалған еңбек шарты негізінде туындайтын жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы қатынастарды, сонымен қатар еңбекақы төлеу, еңбек тәртібі, жұмыс уақытын белгілеу және пайдалану, еңбекті қорғау және т. б қатынастарды реттейді.
Еңбек қатынастарын реттейтін барлық нопмативтік-құқықтық актілер кешенді түрде еңбек заңнамасын құрайды.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының міндеттері еңбек қатынасы тараптарының мүдделерін теңестіруге, әлеуметтік тұрақтылыққа, қоғамдық келісімге қол жеткізуге бағытталған құқықтық жағдайлар жасау болып табылады.
Еңбек заңнамасы басқаша еңбек құқығының қайнар көздері деп аталады. Еңбек құқығы жұмыс беруші мен жұмысшының арасында еңбек шарты негізінде туындаған қатынастарды реттейді. Еңбек құқықтық қатынастар - жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек ету құқығы мен міндеттерінің пайда болуы. Бұл қоғамдық қатынастар еңбек құқығының мәні болып табылады. Басқаша айтқанда, еңбек құқықытық қатынастары - еңбек ұжымында еңбек ету барысында жұмыс беруші мен жұмыскер арасында пайда болатын әртүрлі құқықтар мен міндеттердің жиынтығы.
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының қағидаттары:
1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
2) еңбек бостандығы;
3) еңбек саласындағы кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
4) қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету;
5) жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
6) еңбегі үшін жалақының ең төмен мөлшерінен кем емес сыйақы құқығын қамтамасыз ету;
7) тынығу құқығын қамтамасыз ету;
8) жұмыскерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігі;
9) жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің өз құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамасыз ету;
10) әлеуметтік әріптестікті нығайтуда және дамытуда мемлекеттің ықпалы;
11) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу болып табылады.
4. 3. Еңбек қатынастарының субьектілерінің құқықтары мен міндеттері. Еңбек қатынастарының субьектілері жұмыскер мен жұмыс беруші болып табылады. Қызметкер - жұмыс берушімен еңбек қатынастарында болаын және тікелей еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жеке тұлға. Жұмыс беруші - еңбек қатынастарында болатын қызметкер, жеке немесе заңды тұлға жатады. Осының негізінде қызметкер мен жұмыс беруші бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек шартының негізінде пайда болады.
Жұмысшының құқықтары мен міндеттемелері бар. Олар ҚР Еңбек кодексінде, ұжымдық келісімшартта және еңбек шартында көрсетілген (22-23баптар) . 1. Қызметкердің құқықтары:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға, өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға;
2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың, келісімдердің, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындауды талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық ақпарат алуға;
5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде жалақы төленуіне;
6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысына;
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау үшін бірігуге;
9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге;
11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
15) қандай да бір кемсітусіз, бірдей еңбек үшін бірдей ақыға, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайларға;
16) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілуге;
19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты орындаудан бас тартуға;
20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге;
25) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен еңбек шарты және өзінің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.
2. Қызметкердің міндеттері:
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.
1. Жұмыс берушінің құқықтары:
1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне;
2) жұмыскерлермен еңбек шарттарын осы Кодексте белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға;
4) өз құқықтары мен мүдделеріне өкілдік ету және оларды қорғау мақсатында бірлестіктер (қауымдастықтар, одақтар) құруға және оларға кіруге;
5) жұмыскерлерден еңбек, ұжымдық шарттар талаптарының, еңбек тәртіптемесі қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге;
6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға; 7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге; 8) еңбек саласындағы өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында сотқа жүгінуге;
9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге; 10) осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; 11) осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге;
12) жеке еңбек дауын қарау үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен реттілігімен келісу комиссиясына, сотқа жүгінуге; 13) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен үміткерлердің (олардың алдын ала келісімімен) және жұмыскерлердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді алуға құқығы бар.
2. Жұмыс берушінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 2) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға;
3) жұмысқа қабылдау кезінде осы Кодекстің 32-бабына сәйкес еңбек шартын жасасу үшін қажетті құжаттарды талап етуге; 4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға; 5) жұмыскерге Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде көзделген жалақы мен өзге де төлемдерді уақтылы және толық мөлшерде төлеуге;
6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына (еңбек функциясына) тікелей қатысы бар өзге де актілерімен және ұжымдық шартпен таныстыруға; 7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық келіссөздер жүргізу, ұжымдық шарттар жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау үшін қажетті толық және анық ақпарат беруге; 8) осы Кодексте белгіленген тәртіппен ұжымдық келіссөздер жүргізуге, ұжымдық шарт жасасуға; 9) жұмыскерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, еңбек, ұжымдық шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге; 10) жұмыскерлерді жабдықпен, аспаптармен, техникалық құжаттамамен және еңбек міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге;
11) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге; 12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 15) жұмыскер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыруға;
16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге;
17) жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың және оларды зейнетақымен қамсыздандыруға және міндетті әлеуметтік сақтандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге;
18) жұмыскерге зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайлары мен кәсіптік аурудың болу мүмкіндігі туралы ескертуге; 19) жұмыс орындары мен технологиялық процестерде кәсіптік тәуекелдерді болғызбау жөнінде шаралар қолдануға, өндірістік және ғылыми-техникалық прогресті ескере отырып, профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 20) жұмыс уақытының, оның ішінде әрбір жұмыскер орындайтын үстеме жұмыстардың, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыстардың, ауыр жұмыстардың есебін жүргізуге; 21) жұмыскердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтеуге; 22) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның және еңбек инспекциясы жөнiндегi жергілікті органның лауазымды адамдарын, жұмыскерлердің өкiлдерiн, еңбектi қорғау жөнiндегi техникалық инспекторларды ұйымдардағы еңбек қауiпсiздiгiнiң, жағдайларының және еңбектi қорғаудың жай-күйiне және Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тексерулер жүргізу үшін, сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды және кәсiптiк ауруларды тергеп-тексеру үшiн кедергiсiз жiберуге;
23) жұмыс беруші айқындайтын, он сегіз жастан кіші жұмыскерлердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) және туған жылы, күні, айы көрсетілетін тізілімдердің немесе басқа да құжаттардың жүргізілуін қамтамасыз етуге;
24) жұмыскердің дербес деректерін Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жинақтауды, өңдеуді және қорғауды жүзеге асыруға;
25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыруға;
26) осы Кодексте белгіленген тәртіппен келісу комиссиясын құруға;
26-1) жұмыскерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында айқындалған тәртіппен және көлемде жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысын сақтай отырып, скринингтік зерттеулерден өту үшін демалыс беруге;
27) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен жұмыскермен еңбек шартын жасасу және тоқтату, осы Кодекстің 28-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 13) тармақшаларында көзделген мәліметтер қамтылған, оған енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізуге;
28) қандай да бір кемсітусіз, жұмыскерлерге бірдей еңбек үшін бірдей ақы, сондай-ақ бірдей өндірістік-тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етуге міндетті.
4. 4. Еңбек даулары. Жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастырудың механизмі. Қазақстан Республикасының еңбек Кодексінің 1-ші бабында көрсетілгендей, еңбек дауы - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс беруші (жұмыс берушілер), оның ішінде бұрын еңбек қатынастарында болғандар арасындағы келіспеушіліктер болып табылады. Еңбек дауларының туындауы - жұмыс беруші мен жұмыскер арасында тікелей келіспеушіліктің пайда болуынан шығатын заңды құбылыс. Еңбек міндеттерін орындау кезінде қызметкер өз еңбек құқығын, бостандығы мен заңды мүдделерін заңмен тыйым салынбаған барлық әдістерді пайдалана отырып, қорғауға құқығы бар.
Құқықтық қатынастар бойынша туындайтын еңбек дауларының түрлері:
1) еңбек құқығы нысанынан туындайтын, еңбек қатынастарының құқықбұзушылығы салдарынан туындайтын еңбек даулары(жалақына төлемеу, еңбек кітапшасын беруді кешіктіру. )
2) еңбек қатынастарына тікелей байланысты құқықбұзушылықтан туындайтын еңбек даулары.
3) жұмыс берушінің еңбек қатынастарын бұзуынан дау туындайды.
4) әлеуметтік әріптестік қарым-қатынастардың бұзылуынан пайда болады.
5) қызметкерлердің ұйымды басқаруға қатысуы жөніндегі қатынастарды бұзудан туындайтын дау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz