Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӨТЕМІСҰЛЫ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
Қорғауға жіберілді:
Кафедра меңгерушісі
Рһ D доктор И. С. Сұлтаниязова
« ___» 20___ ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
ҚАЗАҚ ТІЛДІ ЕМЕС МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРДЫ ДАМЫТУДАҒЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ (5-СЫНЫП)
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Орындағандар: Асабаев Талғат
ҚТӘ-41 тобының ІV курс студенті
Кулова Аружан
ҚТОМҚТӘ-41 тобының ІV курс студенті
Сағидулла Айнұр
ҚТОМҚТӘ-41 тобының ІV курс студенті
Ғылыми жетекші:
Аға-оқытушы, магистр Г. Ә. Еркеғалиева
ОРАЛ, 2021
КІРІСПЕ . . . 3-4
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ - ОҚУШЫНЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жаңартылған білім мазмұны . . . 5-16
1. 2 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастыру жолдары. 16-34
2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДАҒЫ БАҒАЛАУ ТҮРЛЕРІ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ
2. 1 Қалыптастырушы бағалау - белсенді бағалау35-46
2. 2 Оқушылардың тілдік дағдысын дамытудағы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының тиімділігі. . 46-68
ҚОРЫТЫНДЫ 69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . 70-71
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Білім беруді қоғам мүддесіне сәйкес қайта құру, оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту, әдебиет пен мәдениетті өркендету бағытында бірсыпыра шаралар жүзеге асырылып, жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар жасалып, мектеп өміріне енгізілді. Мұнда көзделген ең басты мәселелердің бірі - болашақта қоғам мүддесін өтеуге қабілетті, жан-жақты дамыған, өз еліне сүйіспеншілігі зор тұлғаны қалыптастыру.
Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында оқыту қазақ тілінде емес мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні кіріктірілген пән ретінде оқытыла бастады. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін негізгі орта білім беру деңгейінде кіріктіріп оқытудың мақсаты - қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету, оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге және сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру.
Тілді оқытуда тілдік қатынас пен дағдыларды дамыта оқыту жүйесі қазіргі уақытта Еуропа мен АҚШ-та, Ресейде ғылыми-әдістемелік негізде жан-жақты зерттелгені белгілі. Ал қазақстандық білім беру жүйесінде бұл мәселе енді ғана алға қойылып, қолға алынуда. Осы жағдайлардың бәрі оқыту қазақ тілінде емес мектептерде оқушының тілдік дағдысын дамыту, қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тиімді пайдалану арқылы қазақ тілі мен әдебиетін оқыту мәселесін зерттеудің өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу нысаны: Қазақ тілді емес мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сабағында тілдік дағдыларды дамытудағы қалыптастырушы бағалау тапсырмаларының тиімділігі.
Зерттеудің мақсаты - қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың ғылыми-теориялық, әдіснамалық негіздерін тұжырымдай отырып, әдістемелік жүйесін жасау, оның тиімділігі мен сапалылығын педагогикалық эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
- қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін тұжырымдау;
- негізгі орта сыныптарда балалардың тілдік дағдысын дамытуға байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдарын белгілеу. Тілдік дағдыларды дамытудың ұтымды әдіс-тәсілдерін жүйелеу;
- негізгі орта сыныптарда қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың ғылыми негізделген әдістемелік жүйесінің тиімділігін эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
1. Бірінші кезең (қаңтар, 2021 ж. ) . 5-сыныпта тіл дамытудың педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық, әдістемелік мәселелері, ғылыми зерттеу негіздері талданды. Отандық ғалымдардың зерттеу тақырыбына сәйкес еңбектерімен танысып, оларға талдау жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары анықталды.
2. Екінші кезең (ақпан, 2021 ж. ) . Зерттеу жұмысының өзегі етіп алынатын негізгі идеялар сараланды; негізгі орта сыныптарда қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың әдістемелік жолдары жүйеленіп, ол қалыптастырушы эксперимент материалдары түрінде сынақтан өткізілді. Дамудың әр кезеңіне сәйкес тілдік дағдыларды дамытуда қойылатын талаптар анықталды, эксперимент нәтижелері сарапталды.
3. Үшінші кезең (наурыз, 2021 ж. ) . Зерттеу нәтижелері жинақталып, қорытындыланды. 5-сыныпта негізгі орта сыныптарда қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың бағдарламасы жасалды. Зерттеу нәтижелерінде айқындалған ұстанымдар негізінде тәжірибеден өткізілді. Қалыптастыру және бақылау эксперименттерінің нәтижелеріне жан-жақты талдау жасалып, басты қорытындылар ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді. Зерттеу жұмысының нәтижелері тұжырымдалды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- 5-сыныпта қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы тілдік дағдыларды дамытудың әдіснамалық-теориялық тұғырларының жан-жақтылықпен талдануы негізгі орта сыныптарда тілдік дағдыларды дамытуда қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын тиімді әрі сапалы ұйымдастыруға кепіл бола алады.
- Қатысымдық әдісті жүйелі қолдану баланың сөйлеу әрекетінің дағдыларын дамытуына қолайлы мүмкіндік туғызады.
- Оқушының тілдік дағдысын дамытуға бағытталған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары қазақ тілі мен әдебиетін оқыту ұстанымдары негізінде жүзеге асырылғанда оң нәтиже береді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен мазмұны . Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ - ОҚУШЫНЫҢ ТІЛДІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
1. 1 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жаңартылған білім мазмұны мен оқу мақсаттары
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып саналады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматы тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. [1]
Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. 2017 жылы жарық көрген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. «Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет», - деген жолдар - соның дәлелі.
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім - ғылым - инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», - деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті.
Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы - заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты - білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының спиральді берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Екінші ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының иерархиясы . Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Білу - нақты іс-әрекетті іске асыру.
Түсіну - іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау.
Қолдану - алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу.
Анализ - әрекетті екінші әрекетпен салыстыру.
Синтез - салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау - сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу.
Үшінші ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. 5-7 сыныптарда қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша ортақ тақырыптардың болуы.
Ортақ тақырыптар
Қазақ тілі Орыс тілі Ағылшын тілі
Төртінші ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.
· Оқу бағдарламасы
· Пәннің мазмұны
· Жұмыс сызбасы
· Тізбектелген сабақтар
Бесінші ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.
Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Рухани құндылықтар
• шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;
• қарым-қатынас жасау қабілеті;
• өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;
• жауапкершілік;
• денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;
• өмір бойы оқуға дайын болу.
Дағдылар:
• сын тұрғысынан ойлау;
• білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;
• проблемаларды шешу қабілеті;
• ғылыми-зерттеу дағдылары;
• қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда) ;
• жеке және топпен жұмыс істеу;
• Акт саласындағы дағдылар
Алтыншы ерекшелігі - бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын
мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің бірінші басшысы Н. Ә. Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде. Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары,
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Бұрын оқытуда оқушылар тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Бүгінгі білім беруде оқушыны білімділік, іскерлік, шығармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, мұғалім-шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. Қазіргі кезде оған жететін жаңа педагогикалық технологиялар да баршылық.
Соның бірі - критериалды бағалау жолдары.
Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының
оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен
салыстыру үрдісі.
Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты:
Мектепте оқыту сапасын жоғарылату
Мектеп бітірушілердің білімін халықаралық стандартқа сәйкестендір у.
Білім сапасын бағалау жүйесінде жаңарту мәселесі:
-Бес балдық жүйенің қазіргі заманға сай білім жүйесін қанағаттандыра алмауы;
- Оқушы танымындағы өзгерістер мен білім саласындағы қалыптасқан қайшылықтар;
- Әлеуметтік сұраныстардың өзгеруі
Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі:
алдын-ала ұсынылған бағалау шәкілі;
анық, айқындылығы;
бағаның әділдігі;
өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі
Критериалды бағалаудың функциялары:
- Ынталандыру;
-Белсенділік;
-Түзету;
-Дамытушы.
Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:
- Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға мүмкіндік береді;
- Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге, бағалауға мүмкіндік береді;
- Ата-аналар оқушының оқу жетістіктер бойынша объективті дәлелдемелермен қамтамасыз етіледі;
Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау.
Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады және тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі. Қалыптастырушы бағалау үздіксіз жүргізіле отырып, оқушылар мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Әдістемелік материалдардың толық ресурсы: оқу бағдарламалары, оқулықтар, күнделікті сабақ жоспарлары, мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулықтар, бағалау жөніндегі ұсынымдардың бәрі де дайын. Әр пән бойынша қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағын сайттардан пайдаланып отырмыз. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып саналады.
Жиынтық бағалау - оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, оқу жылы) аяқталғанда өткізілетін бағалаудың түрі. Жиынтық жұмыс - оқудың белгілі бір кезеңінде пән бойынша білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін анықтауға арналған білім алушылар жұмысы. Жиынтық бағалау тапсырмаларын орындаған кезде, біз оқушыны емес, оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері - әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Біз оқушыны емес, оның жұмысын бағалаймыз. Бағалау барысында біз жұмыстың кемшіліктеріне емес, жағымды жақтарына көп көңіл бөлуіміз керек. Ойлау дағдыларының деңгейлері - әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.
Жетінші ерекшелігі - оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұсыным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысуы) . Белсенді оқу - оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс (Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді (Peters, 1998) . Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар - тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға» («Go») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын педагогикалық әдістемелерінің маңызы зор. Осы орайда, Дж. Хэтти [2] білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланып, 60155 педагогикалық зерттеу жүргізген. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, білім беру бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендететіндігіне көз жеткізген.
Білім беру бағдарламасының оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігін, оңтайлы оқу ортасын қалыптастырудың ұсынысын Хименес Александре берген болатын:
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысуы және олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы, бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі қажет.
6) Оқушылардың диалогке және бірлескен оқуға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс.
Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары оқыту үрдісінде негізгі міндеті өз бетінше әрекет етуге бейім, мүддесі мен қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, талдау жасауға қабілетті тұлға ретінде білім алуға ұмтылған оқушы тәрбиелеу [3] . Оқытушылар оқушылардың бойында бұл қасиеттерді:
- оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, меңгерген білім, білік, дағдыларын дамыту үшін бұларды үнемі қолданудың маңыздылығын ашып көрсетіп отыру;
- мұқият іріктелген тапсырмалар мен әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандырушы және дамытпалы түрде оқыту;
- проблемаларды модельдеу және оқушыларға түсінікті жолдар арқылы оларды шешу стратегиясының мысалдарын көрсету;
- бағалау арқылы оқушылардың білім алуын қолдау;
- зерттеушілік әдіске және оқушылардың зерттеуіне негізделген белсенді оқытуға артықшылық беру;
- оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту;
- жалпы сыныптық, жеке және топтық жұмыс түрлерін үйлесімді ұйымдастыру қарастырылған әртүрлі оқыту стратегиялары арқылы қалыптастырып дамытады.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр оқытушы төмендегідей нәтижелерге қол жеткізеді:
- жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
- жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
- оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты құжаттамалардың мақсаты мен ресімделуіне;
- білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді біледі және түсінеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім мазмұн мен жүйелілікті, білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті педагогикалық тәсілдерді қолдана алатын нәтижелерге қол жеткізеді.
Жаңартылған білім берудің маңызы - оқушының үйлесімді, қолайлы білім алу ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, топта, жұпта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты қалыптастыру.
Оқу бағдарламасы - білім беру деңгейі бойынша пән тұжырымдамасын, сағат санын, бағалау жүйесін сипаттайтын құжат. Оқу бағдарламасы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, үлгілік оқу жоспарлары мен ҚР орта білім беру саласындағы уәкілетті органы белгілеген тәртіппен бекітілген басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленеді.
Оқу бағдарламасында оқу мақсаттары көрсетіледі. Және оқу бағдарламасының негізінде пәннің ұзақ мерзімді жоспары жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz