Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
"Silkway" Халықаралық университеті
Шет тілі кафедрасы

Курстық жұмыс
"ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі және бағалаудың өлшемдік технологиялары" пәні бойынша
Тақырыбы:"Білім алушылардың жетістіктерін кретериалды бағалауды ұйымдастырудың психологиалық-педагогикалық негіздері".
________________
(баға)
Жетекші
П.ғ.к аға оқытыушы Мамырбаева Б.С
________________ _______________
(қолы) (күні)

Тобы:119-81
Студент:Мусалиева Әсел Қайратқызы
______________ _______________
(қолы) (күні)

20__
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
"Silkway" Халықаралық университеті

Шет тілі кафедрасы

курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту аясында ағылшын тілі және бағалаудың өлшемдік технологиялары пәні бойынша

Студент: Мусалиева Әсел Қайратқызы тобы:119-81

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1-тарау
1.1Критериалды бағалау - білім сапасын таразылаудың инновациялық үлгісі

1.2.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі

1.3 Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары

2-тарау
2.1 Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе. Оқу процесі

2.2 Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектебінде қолданылатын критериалды бағалау

2.3 PISA - ғы тапсырмаларды бағалау критерийлерінің түрлері

Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда білім әлеументтік және экономикалық жетістікке жеткізетін маңызды ықпалдың бірі ретінде қарастырылуы керек. Зайырлы елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында қосып терезесін тең ететін күш - білім жәнеде білімді ұрпақ. Осылайша Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Жолдауында білім саласына өзгеше көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білімді де озат жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырырмаған.
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі - әлеументтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, соныменқатар оны жүзеге асыруға жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау. Бүгінгі мұғалімдердің басты міндеттерінің бірі - білім беру жүйесін жаңарту болып саналады. Мектеп оқушылары үшін ең беделді адам - ол өзінің ұстазы. Оқушылар әр пәннен алатын білімдерін мұғалім арқылы қабылдайды. Мектепте оқыту мазмұнын жаңарту жұмыстары бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері ашылды. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қоғамның дамуы келешек ұрпаққа білім беруші мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру саласының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылықты талап етеді.
Курстықжұмыстың мақсаты мен міндеттері. Кез - келген мұғалім критериалды бағалауды қолданбас бұрын оның өзіне тән терминологиясын толық меңгерген жөн. Сондықтан біз критерий деген сөздің мағнасын мағнасын өзіміз түсінуіміз қажет. 1. Мұғалімдердің форматиті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады. 2. Критериалды бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың тиімділігін ұғынады. 3. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді, өзін - өзі және өзара бағалауды кері байланыс жасауды тиімді қолдану.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу жұмысының нысаны қазіргі кездегі критериалды бағалаудың оқушылардың білімін бағалауда, олардың таланытын, қабілетін ашып көрсетуіне пайдасы зор екенин көрсету.
Зерттеу жұмысының пәні. Критериалды бағалаудың қазіргі жахандану заманындағы біздің жастармызды бағалап, олардың ой - өресін дамытуда берері мол және де осы критериалды бағалаудың түрлерін, сабақта қалай қолданылатынын ашып кқрсету.
Хронологиялық ауқымы. Біздің осы өмір сүріп жатқан XXI ғасырымыздағы оқушылардың білімін бағалаудағы ең ұтымды тәсіл.
Курстықжұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

1.1.Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған Қазақстан-2050 стратегиясының өзектілігі арта түседі. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында айтылған осы сөздері еліміздің білім беру жүйесіндегі көптеген өзгерістердің бар екендігінің дәлелі бола алады. Яғни, биылғы 2016-2017 оқу жылынан бастап 1сынып оқу жүйесіне енгізілген критериалды бағалау - оқушының оқу жетістігін бағалау. Бұл бүгінгі оқыту жүйесінде өзекті талаптардың бірі болып отыр Мен өзім биылғы жылы 1сыныпты қабылдап алып, осы бағалау жүйесімен жұмыс жасап отырған ұстаздардың бірімін. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты -- жаңа үрдістегі оқытудың сапасын арттырады. Білім алушылардың білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіру болып отыр. Қалыптастырушы бағалау: оқыту үшін бағалау, ынталандыру, жетелеу, нақты бағытқа жетелей отырып, өз білімін оқушы іштей айқындауына мүмкіндік беріледі. Оқытушы нақтылық осы жетті не талпынады - деп, бағалай алады. Критериалды бағалау жүйесі бұрынғы бағалауға қарағанда қалыптастырушы және жиынтық бағалаумен ерекшеленеді[1]. Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш -- білім және білімді ұрпақ. Сондықтан да Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің Жолдауларында білім саласына айрықша көңіл бөліп, еліміздің жарқын болашағы білікті де парасатты жастардың қолында екенін назардан тыс қалдырған емес. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -- әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар - шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден - бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе - оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Оқыту -- мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзіреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс. Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек. [ МАН, 70 бет] Осы орайда оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын бірден бір тәсіл критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер -- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Критериалдық бағалау -- бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді. [МАН, 107 бет][2]. Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қазақстан үшін ұсынылып отырған жаңа критериалды бағалау жүйесі білім алушының дамуын, оның қызығушылығын және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталады. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну. Критериалды бағалау жүйесінің міндеттері: 1. Оқу үдерісінде бағалаудың қызметі мен мүмкіндіктері аясын кеңейту; 2. Жүйелі кері байланыс орнату арқылы білім алушылардың өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруына жағдай жасау; 3. Бірыңғай стандарттарды, сапалы бағалау құралдарын, механизмдерін қалыптастыруға көмектесу; 4. Қолжетімді, нақты, үздіксіз: - - білім алушыларға олардың оқу сапасы туралы; - - мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы; - - ата-аналарға оқу нәтижелерінің деңгейлері туралы; - - басқару органдарына ұсынылған білім беру қызметінің сапасы туралы ақпараттар ұсыну. Критериалды бағалаудың басты ерекшелігі: Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы; Анық, айқындылығы; Бағаның әділдігі; Өзін бағалауға мүмкіндіктің берілуі. Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері: Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау; Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы; Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау; Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру; Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау; Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету. Критериалды бағалау артықшылықтары: Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады; Оқушының жұмысын бағалау алдын - ала ұсынылған критерийлерге негізделеді. Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі; Оқушы нақты не мақсатта жұмыс істеп отырғанын біледі; Оқушыға өзінің білімділік деңгейі анық көрініп тұрады; Критерий арқылы бағалау мұғалімнің оқушы деңгейін анық біліп отыруына мүмкіндік береді; Білім берудің сапасы артады. Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға: Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; Нақты критери құруда білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге. Ата- аналарға: Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау бүгінгі білім беру жүйесінде зор маңызға ие. Өйткені, қазір оқушылардың білімділігі ғана басты рөлде емес, басты рөлде оқушының құзіреттілігін, оның жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін көтеру сияқты мақсаттар қойылған. Критериалды бағалау бұл мақсаттар мен міндеттердің барлық талаптарына сай орайластырылған [3]. Қалыптастырушы бағалау оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған болса, жиынтық бағалау мақсатты баға қою оқыту қорытындысын шығару үшін қажет. Енді осы бағалауды қалайша қолданып келемін.Өз іс - тәжірибемнен айтар болсам. Бастапқыда кезеңде өзім де, өзгеге де нақты түсіне алмағаным рас. Әйтсе де, сабақ жоспарын жоспарланған сәтте оны оқыту мақсатына сай жүзеге асыруға жұмыстана бастадым. Күнделікті кұрылған сабақтарда қолданылған стратегиялар нәтижесінде оқушының оқу жетістігі мен оқыту үшін бағалауды қолдану мүмкіндігіне жетіп отырдым деп айта аламын. Себебі: әр сабақта күтілетін нәтижеге бағыттайтын баспалдақ бар. Күтілетін нәтеже - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, білім үдерісінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерий мен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген нақты белгілі белесі бар үдеріс. Сонымен қатар менің ойымша егер балаға оның белгілі бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу керектігін түсінуге көмектеспейді; бұл ретте егер баламен бірге оның жұмысында мұндай бағалауға не әкелгенін және бағалау өлшемдерін түсіндіруге талдау жасаса, онда бұл балаға өзінің нәтижесін жақсарту үшін кейін не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік береді [4]. Енді бағалауға келсек, қалыптастырушы бағалау, бұны күнделікті сабақта қолданып жүрміз. Оқушы топтық, жұптық, жеке жұмыстарда белгілі дағдыларға арналған тапсырмалар арқылы қалыптастырушы бағалауға жетіп отырады. Ал тоқсан соңында жиынтық бағалау тапсырмалары арқылы нақты бағалау нәтижесіне қол жеткізеді. Оқушы жұмысы ұпаймен бағаланып деңгейі салыстырылады. Бағалау ұқсастығы: мақсат айқындалады және нәтижесі шығарылады. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулі бойынша бірнеше қадам жасалатынын білеміз. Мысалы: қарапайым сұрақ қою, сұраққа дәл жауап беру, теориялық сілтеме жасау, теория мен практиканы байланыстыру, тапсырма (ойын еркін жеткізе білу,ойын әрі қарай дамыту), жаттығу (жазбаша түрде болса өз көзқарасыңды білдіріп көр, ойыңды өмірмен байланыстыра отырып, нақты баяндап, ойыңды түйіндеп жазып шық т.б.).Бұл көбіне жеке жұмыс жасаған тұста керек. Ал топтық жұмыста бағалау парақтарын дайындау бойынша постер дайындап, белгілі критерий арқылы жоба қорғайды. Оқушы бұны көбіне тыңдалым не айтылым дағдысында атқара алады. Екі жұлдыз, бір тілек бойынша топ бірін-біріне бағалау жүргізеді. Мұғалім алдымен сабақта нені мақсат етіп алды, оған жетудің қандай жолдары барын жүйелей отырып, жоспар құратыны анық. Алдында айтып кеткенімдей, оқыту үдерісінде жетістікке жету үшін оқытушы мен оқушы белгілі бір критерий арқылы білім нәтижесіне жетеді.Бағалау міне, осы тұста керек.Ол үшін мақсат пен нәтиже арасындағы сәйкестікті анықтайтын тапсырмалар мен жаттығулар жүйесіне, яғни мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлануға қолдау көрсететін әдіс-тәсілдері алынады. Кері байланыс мұғалімдерге біріншіден, оқытудағы кемшіліктерді анықтауға; екіншіден келесі сабақтар тізбесіне өзгерістерін енгізуге, яғни оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануға; уақытты тиімді пайданауға мүмкіндік береді. Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау -- бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа еніп отырған талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпынысы болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі. Оны өз жұмыс барысымызға жаңадан енгізіп жасап отырған жандармыз. Бұл жетістікке жетелейтін бағалау түрі деп айтар едім [5]. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын мұғалім ғана қоғамдағы өзгерістерге бейім оқушының жеке тұлғасын қалыптастыруда түйінді тұлға болып табылады. Бүгінгі таңда білім берудегі басты міндетәртүрлі әдіс - тәсілдерді, жаңа технологияларды қолдана отырып оқушының пәнге деген қызығуларын арттыру және білім сапасын жақсарту. Елбасының жолдауында Білім беру жүйесі реформасының орталық буыны осы заманғы білім беру үрдістерін, ақпараттық технологияларды жаппай енгізу, бұл кезеңде назарды оқушылардың біліктілігін арттыруына аудару қажет дегеніндей, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз. Инновация термині ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінщі жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, оның негізігі элементтері атап көрсетілді: жаңашылдық, жаңашыл, бағалаушылар. Үрдістің сындарлы, өзгермелі мерзімін қандай да бір жаңа енгізілмелерге сәйкес бағалаушылардың іс-әрекетіндегі өзгерістер айқындайды. Жаңашылдық - нағыз құрал, ал инновация осы құралды меңгеру үрдісі. Сауатты түрде таңдап алынған жаңашылдық барынша мүмкін дәрежеде жаңа енгізілімнің табысқа жетуіне кепілдеме беруі тиіс. Инновациялық үрдіс деп жаңалықты жасау, меңгеру, пайдалану және тарату бойынша жүргізілетін кешенді іс-әрекетті айтады. Бүгінгі жағдайда жаңа ғылыми, тәжірибелік білімді жасау және оларды меңгеру мен іске асыруды инновациялық тұрғыдан қарастыруға болады. Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен, оның құрылысымен, құралдармен, әдістері және түрлерімен түбегейлі байланысқан. Жаңа технологияны меңгеру мүғалімнен асқан шеберлікті, арнайы дайындық пен ізденісті, сауаттыдықты қажет етеді. Инновациялық оқыту білімді тереңдетумен қатар оқушыны оқу әрекетіне жетелеп, олардың оқуға деген ынтасын оятады. Бұл жаңа технологиялар шығармашыл қабілеттің дамуына жағдай туғызады. Әр мұғалім қазіргі жаһандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануға тиіс. Сабақты тартымды өткізу және оқушылардың оқуға деген қызығуын арттыру үшін әр сабақты түрлендіріп, арттыруы шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әр түрлі технологияның сан қилы элементтерін пайдалану артық етпесі анық. Сабақта мәселелік оқыту технологиясының басты мақсаты - оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдылығы мен шығармашылық икемділіктерін дамыту. Ерекшелігі: оқу материалында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу.Инновация көпсалалы,кең қолданыста.Педагогика ғылымында өзіндік категориясы болмаса да, зерттеуші ғалымдар білім беру жүйесіне жаңалық енгізу деп қолданып жүр. Инновация ұғымы ең алғаш мәдениет танушылардың зерттеулеріне енді, ал қазір барлық салада кеңінен қолданылады. Жаңа парадигмалық жағдайдағы педагогикалық инновацияда (неология,аксиология,праксиалогиялы қ жағдайдағы) білім беру жүйесінің әдіснамалық негіздері мен даму бағыттарының кәсіби шығармашылық деңгейді көтерудегі басым бағыттары қарастырылады. Жаңа парадигмаға көшуде қазіргі таңдағы отандық және шетелдік зерттешілер (Роджерс, Д.Дьюи, Курт, Льюин, П.Ф.Каптеева, Ю.К.Бабанский, В.П.Сазанов, Г.С.Құдайбергенова және т.б) еңбектерінде ғылыми негіздердің педагогикалық-психологиялық, ғылыми, әдіснамалық бағыттары басшылыққа алынады. Зерттеуші ғалым Ф.Янушкевич жаңа техналогиялық сабақ мұғалімнің өз әдісін жаңартуға арналған емес, оқушының пайдасына, қажеттілігіне арналу қажет, сонда ғана сапа болады дейді.Бұл пікірге қосылуға болады.Өйткені педагогтің жеке тұлға қалыптастырудағы іс-әрекетінің басты материалы - педагогикалық техналогия. Сондықтан мектепте жүргізілетін ғылыми - әдістемелік жұмыстың негізгі бағыты, мазмұны, формасы, мақсат пен міндет айқындалса, бұл мектепте оқу - тәрбие үрдісінің сапалық деңгейі жоғары болары сөзсіз. Ал оқу тәрбие үрдісінің техналогиясы - оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған мақсат, мазмұн, құрал, форма және әдістер жүйесі. Қазіргі кезеңде білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс тәсілдерін инновациялық педагогикалық техналогияларды игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақтытәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуды қажет етеді.Ұлы ойшыл ғұлама әл-Фараби Адам бойындағы ең үлкен қасиет - қабілет өмірді түсіну, қанағаттұту, ұстанымдылық және өзгеге ұқсамайтын даралық деген. Ғұламаның осы өмірлік ұстанымы бүгінгі білімнің басты үйлесімділігінде екеніне көз жеткізуге болады. Сонымен инновациялық технология дегеніміз - педагогтың білімі, білігі, иннтеллектуалдық, кәсіби әдіс-тәсілдер жүйесін қолданудағы шығармашылық қабілет жиынтығы, мұндағы қажеттілік,қабілет,мүмкіндіктентуын дайтын нәтиже даму мен ұмтылыс арқылы жүзеге асады. Білім беруді дамыту үрдісінің әлемдік үрдіске кірігуі,дамыған елдердің стандартына деген ұмтылыс қоғам дамуындағы қажеттіліктерді туындатып отыр. Педагогикалық технология жетілдірілген оқыту мен тәрбие жүйесін құру және оқу-тәрбие үрдісін жобалаумен айналысады. Педагогикалық технология басқарылатын қайта жаңғыртылатын оқу тәрбие үрдісін жобалауды көздей отырып , білім берудің негізгі мақсаты мен міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін ғылыми тұрғыдан негізделген амал тәсілдердің жүйесін құрайды. Оның негізгі құрылымдары мыналар болып табылады: -тұжырымдамалық негізі: -мазмұндық бөлігі: -әрекеттілік бөлімі-техникалық үдеріс. Педагогикалық технологияның тиімділігі педагогикалық шарттарға байланысты. Педагогикалық шарттарға, ең алдымен,педагогтің дербес ерекшеліктері: тұлғалық даралығын, мәдениеттілігін, қызығуын, т.с.с.жатқызуға болады. Сонымен бірге, оқушылармен қарым-қатынас жасау біліктілігі мен кәсіби шеберлігі ерекше мәнге ие болады. Сабақты оқытуда жаңа педагогикалық технологиялардың көптеген түрлерін пайдалана отырып сабақ өткізуге болады. Жаңа педагогикалық технологиялардың жіктелуін мына кестеден көруге болады [6].
1.2. Қазіргі кезде оқыту жүйесіндегі білімді тексеру технологиялары Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың 5 баллдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді [7]. Соңғы жылдары Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда болды. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда. Оқыту - динамикалық процесі. Оның сапасын үнемі жетілдіріп отыру-өмір талабы. Білім беру саласында оқу-таным әрекетінің сапасын, дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік, дағдының нәтижесін арттыруда қызметі ерекше. Сөйтіп, оның технологиясын әркезде өмір талабына сай жетілдіріп оғыру оқыту міндеттерінің өзекті мәселелерінің бірі. Күні бугінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім, білік және дағдыны тексеру мен бағалаудың "5" балдық жүйесі, оның сапасын, дәрежесін аныктап, белгілеуде барлық жағдайда объективтік тұрғыда қамтамасыз етпейді. СОНЫН нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқыту процесіндегі рейтинг - тестік жуйе оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді. Рейтинг- ағылшын тілінде Іогаі - "бағалау" немесе "жетістік өлшемі" деген ұғымды білдіреді. Рейтинг жүйесінің мақсаты: - оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру; - оқу-таным әрекетінің саласын тексеру, бағалаудың тиімділігін жетілдіру жәнеәділдігін орнықтыру; - оқу-таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін бақылаудажүйелілікті қамтамасыз ету; - оқу-таным әрекетіндегі оқушылардың жауапкершілігін, белсенділігін арттыру; - тексеруде уақытты үнемдеу. Бұл жуйенің ерекшелігі мұғалімнің педагогикалық әрекеті мен оқушылардың оқу әрекетінің саласын жақсартуға мүмкілдік туғызады, оқу процесінің барлық кезеңдерінде олардың білім, білік, дағды нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады [8]. Тест - ағылшын сөзі (test) аударғанда байқау, бақылау, зерттеу деген сөз. Педагогика тарихында тест пайдалану 130 жылдан артық уақыты қамтиды. Ең алдымен, педагогикалық тесті 1964 жылы Джордж Филлер қарастырып, оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруде американ психолог-педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған де есептейді. С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілетін уақытты қысқартуды мақсат етіп қойды. Бұл мәселені шешуде тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығаруға болады. Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру Америка штаты, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады. Мысалы, алдын ала тексерудің мақсаты - жаңа материалды игеруге қажетті білім, білік, дағды деңгейін анықтау. Мұндай тексерудің нәтижесінде мұғалім оқушылардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде байқап, анықтап, қосымша сабақ, кеңес ұйымдастыра алады. Алдын ала тексеруге арналған сұрақтар мектеп бағдарламасына сәйкес құрылады. Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тест қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі. Күнделекті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды. Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асырауға мүмкіндік тұғызады, соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді. Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүиелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілдік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады[9]. Тест тәжірибе, тексеру деген мағыналарды білдіреді. Тест сөйлесім, тілдесім, жазылым әрекеттерінің дәрежесін бақылауға өте тиімді әдіс болып табылады. Тестік жүйенің басты мақсаттары:
1) өтілген тақырыптардан, модульдерден алған білімдерінен олқылықтар кеткен оқушылармен жеке-дара қосымша жұмыс жасап, көмек беру;
2) оқушылардың білім алуда іскерлік қабілеттерін, ой-өрісін дамытуды көздеу;
3) оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, саралау;
4) білім беруде бағдарлама сапасын, оқыту мақсатын зерттеу;
5) бақылау барысында кемшіліктерді анықтап, оларды жоюға жол іздеу;
6) өтілген тақырыптар бойынша қайталау, еске сақтау қабілеттерін арттыру;
7) оқушылардың білімін саралай отырып, сыныптағы оқушылардың жетістіктерін салыстыру;
8) оқушылардың білім деңгейін мемлекеттік стандартқа лайықтау және салыстыру;
9) оқушылардың арасынан дарынды, білімділерін анықтап, оларға тіл үйренуде қосымша тапсымалар беріп, шығармашылық деңгейге көтеру.
Тестік бақылаудың тиімділігі:
1) Өтілген тақырыптар, модульдерді тексеру барысында оқу процесінің уақыты үнемделеді;
2) Тест алу оқушының белсенді, қисынды ойлау қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасайды;
3) Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріліп, жеке тұлға мәселесі жоғары қойылады;
4) Оқушылардың білімін бағалау, қабілетін анықтау мүмкіндегі артады;
5) Бұл жүйе оқушыларды шапшаң қимылдап, тез шешімге келуге машықтандырады;
6) Тест барысында әр сұраққа дқрыс, нақты жауап іздеуде оқушылар ұшқырлыққа, ептілікке, жинақылыққа дағдыланады;
7) Тест жүйесі аз уақыт аралығында барлық оқушылардың білім сапасын анықтауға өте қолайлы;
8) Бұл жүйемен білім сапасын анықтауға бірыңғай талап қойылады әрі стандартқа сәйкестілігі анықталады;
9) Тындалым әрекетінің қаншалықты дәрежеде меңгерілгенін, түсінген-түсінбегенін анықтау үшін де өте қолайлы болып саналады;
10) Тест жүйесі пәнаралық байланысты да толық қамтып, оқушының әр саладан хабардар болуына өз септігін тигізеді.
Тестік жүйедегі сақталатын шарттар:
1) Жалпыға ортақ емес, әрбір оқушыға деңгейіне байланысты тапсырмалар жазылған жеке қағаздар дайындау қажет;
2) Әрбір тест түрінде 3-5 жауап қарастырылуы керек;
3) Тест сұрақтары түсінікті, жауаптары қатесіз берілуі тиіс;
4) Тест тапсырмалары бір модуль немесе бір тақырып көлемінде бағдарламаға сәйкес жүргізілуі қажет;
5) Тест тапсырмасын орындауға уақыт тест көлеміне, күрделілігіне сай берілуі тиіс;
6) Тест тапсырмаларында оқушылардың жас ерекшелігі мен қызығушылығы қатаң ескерілуі қажет.
7) Негізінен ізденіп, ойлана білсе, сөз үйретудің де, жауапты қадағалаудың да амалдары мен тәсілдері сан алуан. Оны әр оқытушы өз сабағында тақырып өзгещелігі мен мазмұнына байланысты таңдауы керек.
8) Белгілі ғалым, педагогика ғылымының докторы Ф. Оразбаева Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі атты еңбегінде тестің төмендегі түрлерін атап көрсеткен. Олар
9) Баламалық тест;
10) Таңдамалық тест;
11) Қосымшалық тест;
12) Жұмбақтық тест;
13) Толықтырмалық тест;
14) Өлшемдік тест;
Баламалық тест - жауаптың үлгілері иә-жоқ, дұрыс-бұрыс түрінде беріледі де, оқушы осылардың біреуін ғана тандап алады.
Қазақстан жалауының түсі көк пе? Иә, жоқ Кит кішкентай ма? Иә, жоқ Мұғалім бала оқыта ма? Иә, жоқ Кітапханашы кітап бере ме? Иә, жоқ Ит мияулай ма? Иә, жоқ Орманда балық бола ма? Иә, жоқ Аспанда ұшақ ұша ма? Иә, жоқ Жирафтың мойыны ұзын ба? Иә, жоқ Бор ақ па? Иә, жоқ Таңдамалық тестте бір сұраққа бірнеше (3-5) жауап беріліп, оның біреуде дұрыс болып, оқушы ең дұрысын тауып, дәлдеп алуы керек.
Қыста не жауады? а) жаңбыр ә) гүл б) қар в) су г) жел Қардың түсі қандай? а) ақ ә) қызыл б) сары в) көк г) қара Кім мектепте оқиды? а) құрылысшы ә) суретші б) оқушы в) дүкенші г) кітапханашы Қосымшалық тест - қазақ тілінің жалғамалы ерекшелігін оқушы меңгерді ме әлде жоқ па деген сұраққа жауап іздегенде қолданылатын тест түрі. Сөздер, сөйлемдер беріліп, оның сыртында нөмірленген бірнеше жұрнақтар, жалғаулар тізбегі көрсетіледі. Сөйлемдегі қай сөздің қосымшасы түсіп қалған (көп нүктенің орнына, т.б.) соны оқушы нөмірлеп тауып, цифрмен белгілейді. Бұл тест түрінде мақалдары да ұтымды пайдалануға болады.
Көп нүктенің орнына көптік жалғауын қой. терезе... 1) - лар оқулық... 2) - дар бала... 3) - дар есік... 4) - дар сәбіз... 5) - дер қалам... 6) - тер Сұраулық шылауларды дұрыс қой. 1. көйлек...? 1) ма? 2. сәбіз...? 2) ме? 3. тақта...? 3) ба? 4. доп...? 4) бе? 5. дәптер...? 5) па? 6. қарбыз...? 6) пе? 3. Мақалдарды толықытырып жаз. 1) Оқусыз - ..., Білімсіз - ..., 2) Мектеп -..., білім - ... 3) Ойнада ..., Оқы да... 4) Отан оттан да... 5) Еңбектің наны..., Жалқаудың жаны... 6) Атаңның... болма, Адамның... бол. 7) Жері байдың... .
Жұмбақтың тест тіліндегі сөздері, олардың мағынасын, қолдану аясын жете білумен байланысты оқушының мүмкіндігін білдіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі мен сипаттамасы
Бітібаеваның дамыта оқыту технологиясы
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Жаңа педагогикалық технологияларды география сабағында қолдану
Дәстүрлі технологиялар мен инновациялық технологиялардың аражігі
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІ
Орта білім беру жүйесінде қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану әдістемесі
Оқытудағы ақпараттық технологиялар негіздері
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Автореферат
Пәндер