Мемлекеттік басқарудың құрылымы
Баишев университеті.
Курстық жұмыс
Тақырып:Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі.
Орындаған:Орынбекова.Г.Б
Топ:МжЖБ-302
Тексерген:Қалмагамбетова.С.Р
Ақтөбе,2020
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
I.Мемлекетті басқару ұғымы,түсінігі ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Мемлекеттік басқарудың объективті реттеу қажеттілігі ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.3. Мемлекеттік басқарудың құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II.Мемлекеттік басқарудың негізгі әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Мемлекеттік реттеудің механизімі және құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2.Мемлекеттік басқарудың әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
III. ҚР ның кейбір салалары мемлекеттік басқару, дамыту жолдары.
3.1 Қазақстан Республикасы экономикасын басқару органдарының ұйымдық құрылымы және дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...17
3.2 Табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануын экономикалық реттеудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ..19
3.3 Еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Кіріспе.
Әлемдік жаһандану шеңберінде Қазақстан үшін, бір уақытта үш талапты бірдей сақтау - басты бағыт болып табылады: әлемдік экономикаға бірігу, халықаралық аренада бәсекелестікті сақтау және ел ішінде осы үдерістердің маңызды және елеулі өзгерістерге әкелуін қамтамасыз ету. Алға қойған міндеттерге жету мемлекет тарапынан басқару әрекеттерінің табыстылығына байланысты болады. Мемлекет ойластырылған экономикалық саясатты жүргізу жағдайында нарықтық қатынастарды дамытуға қызу қарқынмен ерекше екпін бере алады. Сондықтан мемлекетке қоғам дамуының жалпы жағдайын қамтамасыз ету қызметі, өзінің тетіктері мен әдістерін пайдалану арқылы ойын ережесін анықтау, экономикалық үдерістерді тікелей және жанама реттеу жүктеледі.
Қазіргі уақытта мәселе мемлекеттің араласпауы туралы емес, осы араласудың шектері туралы болып отыр. Әлемдік тәжірибе мемлекеттің күші мен нарықтық күштердің оңтайлы арақатынастарын тұрақты іздестіруде екенін көрсетуде. Бұл арақатынастың қазіргі заманғы түсінігі әріптестік қатынастардың пайдасына шешілуде, соған байланысты, қоғамның бастан кешіріп отырған реформалар сатысындағы, оның міндеттеріне, экономиканың жағдайына тұрақты дамып отырған және нарықтық экономика төтенше және т.б. жағдайларда дамып келе жатқан шаруашылықтың бір жүйесінен екіншісіне және тағы басқаға байланысты мемлекет-нарық арақатынасын өзгерту идеялары толығымен іске асырылуда.
Бұл Мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі, мүмкіндігі, шегі атты курстық жұмыста мемлекеттік басқарудың құрылымы, оның объективті қажеттілігі мен мәні, әдісі мен механизмі, әдістерінің құрамы қарастырылады. Сондай-ақ, кейбір салаларда, мысалы, табиғи ресурстарды қорғауды және оны ұтымды пайдалануды, ҚР-ның экономикасын басқару ұйымдарының құрылымы, сонымен қатар, еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етудегі мемлекеттік реттеудің механизмдері қарастырылған.
Осы курстық жұмыстың басты мақсаты мемлекеттік басқарудың объективтілігінің қажеттілігі. Осы мақсаттардың, өзекті проблемалардың, басқару объективтілігін жолдарын қарастырдым. Курстық жұмысты жазу барысында әйгілі экономист А. Смиттің, Қарағанды экономикалық университетінің профессорлары Шумеков З.Ш, Сүйіндіков Ж.С, Жанағұлов А.Ш секілді профессорлардың еңбектеріне сүйене отырып осы курстық жұмысты жаздым.
Мемлекеттік басқарудың нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Қоғамды мемлекеттік басқарудың объективті қажеттілігі жалпы тарихи және әлеуметтік-саяси, сонымен қатар нақты қоғамның тек өзіне тән факторлардан туындайды. Аталған факторлардың бірінші тобы мемлекет болмысымен байланысты.
Қазіргі ғылыми деректерге сәйкес алғашқы мемлекет адамдар қауымдастығының өмір сүру шартына айналған еңбек қызметінің жаңа нысандарын, өндіруші экономиканың қызмет етуін ұйымдасқан түрде қамтамасыз ету үшін пайда болады, деп жазады профессор А. Венгеров. Осыдан келіп, ең алдымен, қоғамға ақпараттық қызмет көрсетуді көздеген басқарушылық (жұмыстар туралы әр түрлі мәліметтер жинақтау және т.б.) функция туындайды. Қоғамнан негізгі кәсібі ұйымдастырушылық қызмет көрсету болып табылатын адамдар тобы бөлініп шығып, көптеген басқарушылық лауазымдар пайда болды: жұмысты басқарушылар, әскери басшылар, есепшілер және т.б. Бұл топ мемлекет аппаратын - алғашқы бюрократияны құрды. Уақыт өте келе қоғамның әр түрлі топтарға жіктелуі осы топтардың мемлекетті жаулап алуына және оны өз мүдделеріне бейімдеуіне әкелді.
Топтар мен жіктерге әлеуметтік бөліну және оларға тән қарама - қайшы мүдделер мен қайшылыққа толы өзара қарым - қатынастар мемлекеттің саяси функциясына - қоғамдық және әлеуметтік қатынастарды реттеуге деген қажеттілікті туғызды. Мемлекеттік аппаратта ерекше дәрежелі топтар шоғырланғандықтан әлеуметтік реттеу функциясы негізінен осы топтардың халықтың қалған бөлігіне үстемдік орнатуын қамтамасыз етіп отырды. Осы функцияны орындау сәтінен бастап мемлекет саяси институтқа айналады.
Қоғам мүшелерінің жүріс-тұрысының, тәртібінің жалпы ережелерін бекіту және қатаң сақтау, сондай-ақ қоғамға қажетті қызмет түрлерін (өндірістік сауда және т.б) ұйымдастыру мен реттеу мемлекеттің пайда болу мен даму кезеңінен бергі негізгі міндеті болып табылады. Аталған қауымдастықтың аумағын қорғау функциясын да үнемі мемлекет атқарып отырған.
Мемлекеттік басқару саяси бірлестікке біріккен адамдардың ортақ ерік - мүддесін білідіретін орталықтандырылған билік арқылы жүзеге асты. Халық сайлайтын немесе билікті мұрагерлікпен алатын беделді тұлғалар тобы тікелей билікке ие болды.
Бүгінгі таңда аталған факторлардың ешқайсысы да ұтымды басқарудың заңды негізі (детерминанта) ретінде өз мәнін жоғалтқан емес. Керісінше, олар күрделене түсуде. Қоғамның көптеген басқа да объективті қажеттіліктері қалыптасты, ал ол қажеттіліктерді кез-келген мемлекет тек адамдардың біріккен қызметі мен қоғамдық қатынастардың жаңа түрлерін және формаларын саналы түрде ұйымдастыру мен басқару арқылы қанағаттандыра алады. Осыған орай ғылым мен техника саласындағы, ақпараттар жүйесіндегі жаңалықтар бірінші кезекте адамның қауіпсіздігін, оның өмір сүру ортасын сақтау мәселесін алға тартып отырғанын айта кеткен жөн. Қоғамның жаңа өндірістік-техникалық және экономикалық базисі әлеуметтік құрылымның, қоғамдық еңбек бөлінісінің, әлеуметтік институттардың, адамдар қажеттіліктерінің мазмұны мен құрылымының, олардың арасындағы байланыстың сапалы тұрғыдан өзгеруіне себеп болды, жаңа қарама-қайшылықтар мен қақтығыстар туғызды. CC ғасырдың екінші жартысы мемлекеттердің адам құқығы мен бостандықтарын қорғау мәселелерін шешуге басты назар аударып, әлемнің көптеген елдерінде демократиялық режимдердің орнығуы мен даму кезеңі болып табылады.
Әрбір ел үшін аталған мәселелердің белгілі тарихи кезеңмен байланысты өзіндік ерекшеліктері болады. Егер басқарушы күштер өз қызметтерінде жалпы даму заңдылықтарын білуді басшылыққа алуға қабілеттілік танытпаса, сондай-ақ өздері басқарып отырған халықтың жағдайын, даму деңгейін, дәстүрін, оның үміттерін ескермесе онда қоғамды басқару өзінің алдына қойған міндеттерін толық атқара алмайды.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ҮЛГІЛЕРІ
МЕН БАСҚАРУ НЫСАНДАРЫ
Қазіргі заманғы мемлекеттер бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар өзіндік мәнге ие бола отырып, мемлекетті басқаруда көрініс табады.Сондықтан мемлекеттерді бір-бірінен ажырататын негізгі белгілерді қарастыру қажет. Аристотельдің жіктемесі бойынша мемлекеттер билік күшінің бастауы мен егеменді иесі (яғни дербес, тәуелсіз және жоғары) бойынша монархиялық, аристократиялық және демократиялық болып бөлінеді. Монархиялық мемлекетте жоғары билік мұрагерлік жолмен немес туысқандық құқығымен, кейде сайлау жолымен алатын бір адамның - монархтың қолында шоғырланады. Қоғам мен мемлекет дамуының қазіргі кезеңінде монархиялардың екі түрі қалыптасқан: дуалистік және парламенттік. Олар белгілі бір деңгейде мемлекеттердің тұрпатына, олардың пайда болуы мен қызмет ету жағдайларына тәуелді. Дуалистік монархияға тән ерекшелік- бұл монарх пен парламенттің арасында мемлекеттік биліктің ресми-құқықтық бөлінуі. Атқарушы билікті тікелей монархтың өзі жүзеге асырса, заң шығарушы билік іс жүзінде монархқа бағынатын парламенттің қолында шоғырланады. Сәйкесінше аристократиялық мемлекетте жоғары билік қоғамның элитасына, оның білімді, тәжірибелі және парасатты өкілдеріне тиесілі деп саналады. Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы - халық төменнен жоғары қарай қағидасы бойынша тікелей өз еркін білдіру арқылы мемлекеттік билікті қалыптастырады. Бүгінгі күні сақталған монархиялар әр түрлі нұсқада және қатынаста монархиялық, аристократиялық және демократиялық белгілерді үйлестірген конституциялық (заңмен шектелген) монархияларға айналған.
Элитаның ұйымдастырушылық бірігуінің (консолидациясының) күрделілігіне байланысты таза аристократиялық мемлекеттерді анықтау қиындық тудырады. Көбіне элита монархияның болмаса демократияның атын жамылып басқарды және басқарады. "Біз, халық, бекітеміз және қабылдаймыз" деп 1787 жылы АҚШ Конституциясында жазылғанмен де демократиялық мемлекеттің қадір-қасиеті мен болашағын мойындау өткен CC ғасырда жүзеге асты.
Әрбір жоғары билік тұрпатына сәйкес мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру логикасы анықталатынын ескерген жөн. Басқару нысаны жоғары және жергілікті мемлекеттік органдардың құрылу және олардың арасындағы өзара қарым-қатынас тәртібін қамтитын мемлекетті ұйымдастыру ретінде қарастырылады. Биліктің бір адаммен жүзеге асырылуына болмаса оның ұжымдық органның қолында шоғырлануына қарай басқару нысандарының айырмашылықтары бар. Осыған сәйкес бірінші жағдайда монархиялық басқару нысаны қалыптасса, екіншісіне- республикалық басқару нысаны тән.
Басқару нысаны, яғни жалпымемлекеттік билікті ұйымдастыру бойынша парламенттік және президенттік республикалар болып бөлінеді. Сонымен бірге аралас нысандары да кездеседі: жартылай президенттік республика және парламенттік монархия. Ол билікті бөлу қағидасын мойындау мен оны жүзеге асыру механизмдерінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты. Парламенттік республикада сайланбалы заң шығарушы орган белгілі басымдыққа ие. Үкімет парламент арқылы құрылады және соның алдында есеп береді (Италия, Германия). Премьер - министрдің лауазымы бар парламенттік монархиядағы заң шығарушы және атқарушы биліктің құрылу механизмі мен арақатынасы да осындай.
Парламенттік монархия мемлекеттік билікті жүзеге асырудың барлық саласында монархтың мәртебесінің ресми және нақты шектелуімен ерекшеленеді. Заң шығарушы билік толықтай парламентке тиесілі, ал атқарушы билік өз қызметі үшін парламенттің алдында жауапты үкіметтің қолында шоғырланады. Үкіметтің құрылуына монарх қалыптасқан дәстүрді сақтау мақсатында ғана қатысады. Ұлыбританя, Жапония, Дания, Голландия, Швеция сынды алдыңғы қатарлы елдер монархиялық мемлекеттер қатарында саналады.
Президенттік республикада заң шығарушы орган (конгресс немесе басқа атауы бар орган) және атқарушы биліктің басшысы (ол мемлекеттің де басшысы) халықпен сайланады, олар өз қызметтерінде тәуелсіз, бірақ бір-бірін тежей отырып, қоғамды билеудегі тепе-теңдікті қамтамасыз етеді (АҚШ, Аргентина, Мексика және т.б. елдер). Бөлінген мемлекеттік билік органдарының қызметін және өзара іс-әрекетін төреші және кепілгер ретінде қамтамасыз ететін Ресейдегі, Франциядағы және басқа да елдердегі мемлекет басшылары - президенттер ерекше мәртебеге ие. Мұндай елдерде үкімет негізінен президент алдында жауап береді.
Жалпымемлекеттік биліктің басқару нысанын, құрылымын, функцияларын және басқа да параметрлерін таңдау мемлекеттік басқаруға айтарлықтай ықпалын тигізеді.
Мемлекеттік құрылым нысаны мемлекеттің ішкі құрылымын, оның құрамдас бөліктерге әкімшілік-аумақтық бірліктерге, автономдық саяси құрылымдарға немесе егеменді мемлекеттерге бөлінуін білдіреді. Ол сонымен қатар жалпы мемлекет пен оның жеке бөліктерінің арақатынасын сипаттайды. Мемлекеттік құрылым нысандары бойынша мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінеді. Унитарлық мемлекет - біртұтас мемлекеттік құрылым. Мемлекет бұл жағдайда мемлекеттік биліктің тік бірыңғай жүйесі арқылы басқарылатын әкімшілік-аумақтық бөліністерге ғана бөлінеді. Оларда автономдық құрылымдар құрылуы және дамыған жергілікті өзін-өзі басқару болуы да мүмкін. Мұндай мемлекетке бүкіл елге ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарының, бірыңғай сот жүйесі мен конституцияның болуы тән. Ұлыбритания, Франция, Италия, Венгрия, Монғолия және тағы басқа мемлекеттер унитарлық мемлекеттердің қатарына жатады.
Федерация мемлекеттік құрылымның күрделі нысанын құрайды. Федеративті мемлекет басқа мемлекеттерден немесе мемлекеттік құрылымдардан - федерация мүшелерінен (штаттардан, кантондардан, одақтас немесе автономдық республикалардан) тұрады. Мемлекеттік құрылымдардың әрқайсысының әкімшілік-аумақтық бөлімдері болады. Барлық федерацияға ортақ мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдарының болуы және қызмет етуімен қатар олардың аумағында өздеріне тиесілі мемлекеттік басқарудың жоғарғы және жергілікті органдары әрекет етеді. Осыған сәйкес конституциясы, басқа федералдық заңдары, сот, прокуратура және өзге де органдары болады. Жоғарыда айтылған анықтамаларға сәйкес Қазақстан -біртұтас, ал Ресей федеративті мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылымның басқа нысандарымен салыстырғанда конфедерация сирек кездессе де, маңыздылардың бірі болып табылады. Ол толығымен өз дербестігін сақтайтын, жеке билік, басқару және әділ сот органдары бар мемлекеттердің бірлестігін немесе одағын білдіреді. Бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру үшін конфедерация мүшелері біріккен органдар құрады. Бұл органдар міндетті түрде белгілі бір сфераларда қызмет атқарады және нақты саяси, экономикалық, әскери мақсаттарды көздейді. Конфедерация көбіне мемлекеттердің федерация құру жолындағы аралық буын ретінде қарастырылады. Мысалы, Швейцария - 1818-1848ж.ж. конфедерация болды, кейін ол конфедерация атауымен федерацияға айналды. Конфедерация белгілері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында да кездеседі.
Мемлекеттерді қолданыстағы саяси режимі - мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен тәсілдерінің, құралдарының мазмұны бойынша ажырата білудің маңызы зор. Саяси режим мемлекеттік биліктің бүкіл бітім болмысын қамтып көрсетеді.
Мемлекеттік режим билік басындағы топтардың, таптардың, жіктердің мемлекеттік билікті жүзеге асыру барысында қолданатын әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын білідіреді. Ол қоршаған экономикалық және әлеуметтік - саяси ортада болатын маңызды процестер мен өзгерістерге жылдам икемделетін мемлекет нысанының құрамдас бөлігі болып табылады. Мемлекеттік режим мемлекет нысанына айтарлықтай жеке сипат береді. Ол саяси режимнің маңызды құрамдас бөлігі ретінде тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар қоғамның саяси жүйесінің барлық басқа элементтерін қамтиды.
Кез келген елдегі режимнің сипатына әр түрлі факторлар әсер етеді. Олардың ішінде маңызды болып табылатындар: мемлекеттік билік, басқару, әділ сот органдарын қалыптастыру тәсілдері мен тәртібі, әр түрлі мемлекеттік органдар арасында құзіреттерді бөлу тәртібі және олардың өзара қарым-қатынас орнату сипаты; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының нақты дәрежесі, қоғам өміріндегі және мемлекеттік істерді шешудегі құқықтың рөлі; армияның, полицияның, барлаудың және осыларға ұқсас басқа да құрылымдардың орны және рөлі; азаматтардың және олардың бірлестіктерінің мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік және қоғамдық - саяси өмірге нақты қатысу дәрежесі; қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси жанжалдарды шешудің негізгі тәсілдері.
Билік басындағы жіктердің немесе таптардың, атап айтқанда буржуазияның "барлық елдерде басқарудың екі жүйесін, өз мүддесі үшін күресудің және өз үстемдігін қорғаудың екі әдісін өзгеріссіз туындататындығы туралы тезистің әділдігін саяси режим толықтай растап отыр, сонымен бірге осы екі әдіс біресе бірін-бірі ауыстыра, біресе әр түрлі үйлесімде ұштасып кетеді. Бұл біріншіден, зорлық көрсету әдісі, жұмысшы қозғалысына жол беруден бас тарту әдісі, барлық елдерді және ескі мекемелерді қолдау әдісі, реформаларды мойындамау әдісі. Екінші әдіс - либерализм әдісі, саяси құқықтарды дамытуға, реформаларға қадам басу және т.с.с." Әр түрлі елдерде мемлекеттік билікті жүзеге асырудың осы әдістерінің қайсысы қолданыста болатындығына байланысты саяси режимдердің тарихта бірнеше түрі белгілі, атап айтқанда, авторитарлық, тотаритарлық, демократиялық.
Авторитарлық режимде мемлекеттік билік күш көрсету, басу, әр адамның жүріс-тұрысын қатаң бақылауға алу, азаматтардың бостандығына шек қою әдістері арқылы жүзеге асырылады. Аталмыш режим азаматтардың құқықтары мен саяси бостандықтарын жою немесе шек қоюмен, оппозициялық партиялардың және басқа ұйымдардың қызметіне тыйым салумен, сайланбалы мемлекеттік органдар рөлін шектеумен және атқарушы-өкілді органдардың құзіретін мейлінше кеңейтумен, мемлекет басшысының немесе үкіметтің қолында үлкен билік өкілеттігінің шоғырлануымен, парламенттің және басқа да мемлекеттік билік органдарының рөлін тек формалдық институттар жағдайына жеткізумен сипатталады.
Авторитарлық режимнің аса қауіпті нысанына фашизмді жатқызуға болады. Фашистік режим авторитарлық режимнің соңғы нысаны ретінде CC ғасырдың 30-40ж.ж. бірқатар батыс елдерінде буржуазиялық-демократиялық құқықтар мен бостандықтарды толықтай жойып, барлық оппозициялық ұйымдар мен мекемелерді құртып жіберді, басқарудың террористік әдістерін алдыңғы орынға қойып, оны кеңінен қолданды. Мемлекеттік биліктің әлеуметтік негізін билік пен байлықты аңсаған буржуазия, орта буржуазия және жұмысшы таппен шаруалардың алданған тобы құрады. Фашистік режимнің пайда болуы қоғамда әлеуметтік-таптық қайшылықтардың шиеленісуінің, үстеп таптың саяси билігінің дағдарысқа ұшырауының, басқарушы элитаның өз үстемдігін тек либералды-демократиялық әдістермен қамтамасыз ете алмауының айқын бейнесі болып табылады. Ол мемлекеттік биліктен айырылу қаупі туындағандықтан террористік әдістерді кеңінен қолдануға мәжбүр болды. Бұған мысал ретінде соғысқа дейінгі кезеңде Германия мен Италияда болған фашистік режимдерді атауға болады.
Бұл елдердегі фашистік режимдерге тән белгілер: басқарудың репрессивті әдістерін кедей топтардың құқықтарын қорғау жөніндегі әлеуметтік және саяси демагогиямен ұштастыру; бұқаралық ақпарат құралдары арқылы антикоммунизм мен антисемитизмді орнату;халыққа қарсы жүргізіліп жатқан саясатты оларға қамқорлық жасау ұрандарымен бүркемелеу, фашистік лидерлердің жүргізіп жатқан саясатын қолдамайтындарды және коммунистерді құғынға ұшырату. Билеуші топтың әскерге, полицияға және басқа да жазалау органдарына үнемі арқа сүйеуі, фашистік Германия мен Италияның көсемі болған - фюрердің, дученің сөзсіз билігі.
Аталмыш режимнің келесі ерекшеліктеріне атқарушы биліктің заң шығарушы билік алдындағы абсолютті басымдығын жатқызуға болады. Атқарушы биліктің диктатурасы барлық жерде "түбегейлі реформаларды" жүргізу, "ұлттың бірлігі" үшін, "шынайы демократияны" орнату үшін, "заңдылық пен әділеттіліктің үстемдігі" үшін күрес жүргізу сылтауымен орнатылады. Бұл жағдайда парламенттік құрылымның ешбір іс-әрекет жасауға мүмкіндігі болмай саяси оқшау күйде қалады. Халықтың өкілетті билігі жылпостар тобының билігімен ауыстырылады. Парламент өзінің дәстүрлі құзіретінен - заң шығару ісінен айрылады. Мысалы, 1933 жылғы 23 наурызда Германияда қабылданған "халықтың және мемлекеттің кедейшілік жағдайын жою" туралы заңға сәйкес барлық заң шығару ісі үкіметке бекітілді. Ол парламенттің қандай да бір санкциясынсыз кез келген заң қабылдау өкілеттігіне ие болды. Бұл жағдайда осы қабылданған заңдардың конституцияға сәйкес келмеуі де мүмкін еді. Халықаралық келісімдер парламенттің бекітулерін (ратификациясын) қажетсінбеді. Канцлер заң жобаларын әзірлеу мен оны үкіметтің қарауына ұсынудың айрықша құқығына ие болды. Ал заң жобалары оларды бекіткеннен кейін келесі күні күшіне енді.
Либералды режимде мемлекеттік билік жеке адамның құқығы мен бостандығын жариялаумен қатар оны жүзеге асыру үшін өзінің барлық мүмкіншілігін қолданады. Бұл режим тек мемлекетке ғана байланысты емес себептерден көбінесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz