Қыз Жібектің аулы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ЖЕТІСУ АУДАНЫ №177 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП

Агабек Сымбат

9 сынып

Тақырыбы: «ҚЫЗ ЖІБЕК» ЖЫРЫНДАҒЫ СЫН ЕСІМДЕРДІҢ

ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Бағыты: Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат

маршруттары

Секциясы: Тіл білімі

Ғылыми жетекшісі: Сагындикова Райхан Бериковна

№177 жалпы білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ғылыми кеңесшісі : Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі

Ф. к. к, доцент С. И Жапаков

Алматы, 2020

Аннотация

Оқушы ғылыми - зерттеу жұмысы «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты болғандықтан, кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және оның тілі мен сын есімдерге шолу жасаған.

Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден - біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көптігіне талдау жасаған.

Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалатындығын зерттеп, жырда кездескен сын есімдерді жан-жақты зерттеу жұмысы барысында кеңінен тоқталған.
Ғылыми жұмысты сауатты, көркем тілмен жеткізген. Өзіндік ойлары мен мақсаттарын ұтымды пікірлермен көрсете білген. Ғылыми жұмыстағы тұжырымдар теориялық жағынан негізделіп, нақты мысалдармен дәйектелген. Ғылыми жоба жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі бөлімдегі екі тарау мен тараушалардан, қорытынды бөліммен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмысының барысында баяндау, жүйелеу, салыстыру, түсіндіру әдістері қолданылған.
Қазіргі жастарға лиро-эпостық жырлардың құнды екенін дәлелдей
отырып, ұлттық сананы рухани құндылықпен жаңғырту керектігін баса айтқан.

Ғылыми жетекшісі: №177ЖББМ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің

мұғалімі Сагындикова Райхан Бериковна

Аннотации

Поскольку исследовательской работой студента является познавательный характер прилагательных в песне «Кыз Жибек», во введении дается обзор особенностей лирического и эпического произведения, истории его изучения и развития, а также его языка и прилагательных.

Лирический эпос передавался из поколения в поколение из уст в уста, передавался из поколения в поколение и передавался следующему поколению.

Как и «Песнь героев», он проанализировал множество вариантов лирического эпоса.

По сравнению с песнями героев, стихи на тему любви рассказывают о жизни, обычаях и чувствах людей, а также в ходе всестороннего изучения прилагательных, встречающихся в песнях.

Свои научные работы он изложил грамотным и художественным языком. Он умел рационально выражать свои мысли и цели. Выводы научной работы теоретически обоснованы и подтверждены конкретными примерами. Структура исследовательского проекта состоит из введения, двух глав и подразделов в основном разделе, заключительного раздела и списка использованной литературы. В исследовании использованы методы повествования, систематизации, сравнения, интерпретации.

Доказательство ценности лирико-эпических песен для современной молодежи

Он подчеркнул необходимость возрождения национального сознания духовными ценностями.

Научный руководитель: №177 Школа казахского языка и литературы.

педагог Сагындикова Райхан Бериковна

Annotation

Since the research work of student is a cognitive nature of the adjectives in the song "Kyz Zhibek", the introduction provides an overview of the peculiarities of lyric-epic works, the history of its study and development, and its language and adjectives.

The lyric epic has been passed down from generation to generation by word of mouth, passed down from one generation to another and passed on to the next generation.

Like the Song of Heroes, he analyzed the many versions of the lyric epic.

He compared the heroes' songs with the themes of love, which are described in detail in the way of life, customs and feelings of the people, and in the course of a comprehensive study of the adjectives found in the song.

He presented his scientific work in a competent and artistic language. He was able to express his thoughts and goals in a rational way. The conclusions of the scientific work are theoretically based and supported by specific examples. The structure of the research project consists of an introduction, two chapters and subsections in the main section, a concluding section and a list of references. Methods of narration, systematization, comparison, interpretation were used in the research.

Proving the value of lyric-epic songs for today's youth

He stressed the need to revive the national consciousness with spiritual values.

Research supervisor: №177School of Kazakh language and literature

teacher Sagyndikova Raikhan Berikovna

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

Сын есімдердің тіл білімінде зерттелуі

1. 2. Сын есімдердің морфологиялық сипаты . . . 9

«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты

2. 1. «Қыз Жібек» жырындағы көркемдік-бағалауыш сөздердің қолданылуы13

2. 2. «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты . . . 19

Қосымша . . . 31

Қорытынды . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 39

Ғылыми зерттеу күнделгі . . . 40

Кіріспе

Тақырыбымыздың өзектілігі : Эпос дегеніміз (гректің, eposn - баяндау, тарихқа жүгініп айту, әңгімелеу) - қазақ көркем әдебиеттің бастапқы негізгі тектерінің бірі, толықтыра кетсек, өмір шындығын кеңінен қамтып, толықтай суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын ерекше жанр. Лиро-эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауызша таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.

Лиро-эпостық шығарманың арқауы - автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .

Адамның көңіл-күйінен туатын лирика мен қимыл-әрекетіне негізделетін драмадан эпостың айырмасы - мұнда шындық кең көлемдегі баяндалу, әңгімелеу арқылы жинақталады. Сонда эпикалық шығармадағы авторлық суреттеу мен қаһармандардың диалог - монологтары - эпостық баяндауды жүзеге асыру жолдары, амалдары мен тәсілдері ғана. Белинский эпикалық шығарманың тағы бір ерекшелігі ретінде, мәселен, драмадағы басты нәрсе - адам болса, эпостағы басты нәрсе -оқиға екенін ескертеді. (Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, қысқасы адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.

Қазақ фольклортану ғылымында эпостық туындыларды үш салаға бөліп қарастырып келеді. Олар батырлық эпос, лиро-эпос және тарихи эпос.

Жұмыстың тақырыбы «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты болғандықтан, кіріспеде лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және оның тілі мен сын есімдерге шолу жасауды қажет деп таптық.

Лиро-эпос - лиро-эпикалық жанр, лирикалық әрі эпикалық тұрғыдан жасалған көркем әдеби шығарма. Лиро-эпостық шығарманың қаһармандары қарапайым, сүйіспеншілікке берілген нәзік сезімді, азаттық үшін күрескер жандар болып келеді.

Лиро-эпостық поэмаларда ғашықтық, мұңды армандар, сүйіспеншілік, ынтызарлықтар жырланады. Бұл поэмаларда ерліктен гөрі мұңлық - зар басым болып келеді.

Лиро-эпос та халық арасында көп замандар ауыздан-ауызға көшіп, біреуден - біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп, баспаға іліккен.

Батырлар жыры сияқты лиро-эпостың да нұсқалары көп.

Талай ғасырларды басынан кешіргендіктен, лиро-эпостардың да негізгі желісіне басқаша бір оқиғалар, эпизодтар қосылуы кейде бір нұсқада бар көріністер, екіншісінде болмауы кейде шығармаларда суреттелетін оқиғалардың шиеленісі, шарықтау шегі мүлдем өзгеше болуы да ықтимал.

Батырлар жырымен салыстырған, сүйіспеншілік, махаббат тақырыбындағы жырларда халықтың тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, адамның ішкі сезімі молынан баяндалады. Бұлардың лиро-эпос деп аталуы да сондықтан.

Тақырыптың зерттеу деңгейі: « Қазақ лиро-эпостық шығармаларын үлкен-үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның біріншісі - қазақ халқының тума шығармалары. Олардың бір тобы халық арасына кең тарап баспа бетінде жарияланып үлгерсе («Қозы Көрпеш - Баян - сұлу», «Қыз Жібек», «Айман Шолпан»), тағы бір тобы қолжазба күйінде Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының Орталық ғылыми кітапханасында сақтаулы. Екінші топқа шығыстың классикалық әдебиетінің сюжетінің негізінде жасалынған «Ләйлі-Мәжнүн», «Тахир- Зухра», т. б. хикаялар жатады. Ә. Қоңыратбаев өзінің «Қазақ фольклорының тарихы» деген еңбегінде де осы пікірді қолдайды.

Лиро-эпостық жырлардың жариялану тарихында Қазан төңкерісіне дейін орыс ориентанистері В. В Радлов, И. Н. Березин, Г. Н. Потанин т. б. еңбек етті. Ал қазан төңкерісінен кейін бұл бағытта М. О. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ы. Дүйсенбаев, М. С. Сильченко, Н. С. Смирнова, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев т. б. зерттеушілердің еңбегі бар.

Лиро-эпос ескі әдет-ғұрып нормаларына негізделген күрделі жанр болып табылады. Батырлық жырлар мен лиро-эпос арасындағы ерекшеліктер қандай деген сауалға тұңғыш рет М. Әуезов жауап іздеген еді. Зерттеуші батырлық және лиро-эпос жырларының 3 түрлі жанр ерекшелігіне тоқталады.

  1. Батырлық жырлардың тақырыбы-ерлік болса, ғашықтық жырлардың тақырбы - сүйіспеншілік.
  2. Батырлық жырлардың образдарында әсірелеу басым болса, лиро-эпоста реалистік арна үстем;
  3. Батырлық жырларында көбіне сыртқы, коллизиялық тартыс суреттелсе, лиро-эпоста қазақ қоғамының ішкі қайшылықтары, халық өмірінің шынайы суреттері көрсетіледі, - деп атады М. Әуезов.

Бұл пікірмен ғалым Ә. Қоңыратбаев та келісіп, қуаттайды. [1, 195]

Зерттеудің нысаны :Лиро-эпос тақырыбына бұрын -соңды үлкенді-кішілі мақалалар, кейде жеке зерттеулер жазылып келеді. Қашан және қандай зерттеу жұмысын алсақ та бір кісіден басталып, сол автордың есімімен аяқтала бермейтіні рас. Көбінесе күрделі тақырыпты жан-жақты қамти отырып, терең тексеру жөніндегі кездесетін талас ойларды түйіп, белгілі бір қорытындыға ену үшін әдетте көптеген ғалымдардың жемісті зерттеулерін қажет етеді.

Лиро-эпос жырларының қайсысы болса да олар жөнінде құнды пікірлер айтылған. Ш. Уалиханов, В. В. Радлов, Г. Н. Потаниндерден бастап қазақ фолклортанушы ғалымдары қазақ халқының ауыз әдебиетін, сондай-ақ лиро-эпос үлгілерінің кейбіреулерін өте жоғары бағалаған. Осындай ғалымдарымыздың қатарында ең алдымен М. Әуезовті атаған жөн. Аса көрнекті ғалым, қазақ ауыз әдебиетінің көптеген түрлерін зерттеумен бірге, лиро-эпос жырларына да арнаулы еңбектер жазған. Автор өзінің зерттеулерінде лиро-эпос жанрының шығу даму жолына, өзіне тән ерекшеліктеріне, көркемдік қасиеттеріне тоқтала отырып, терең талдау жасаған. [2; 50-58]

Жұмыстың мақсаты - зерттеу еңбектерді салыстыра отырып өзіндік ой білдіру. Бұл тағы да классикалық туындының ұлылығын тани түсуге өз септігін тигізеді деген сеніміміз зор.

Жұмыстың мазмұны кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім екі бөлімнен тұрады, біріншісінде - тарихи - нұсқалары, версиялары арасындағы ұқсастық пен алшақтықты аша түсуді көздесе, екінші бөлімінде «Қыз Жібек» жырының тілі, ондағы қолданылған көркемдегіш - бейнелегіш тәсілдер мен сын есім туралы сөз етіледі.

Зерттеу жұмысымыздың жаңалығы бар деп ойлаймыз. Себебі мұнда «Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты болғандықтан, лиро-эпостық шығармалардың ерекшелігін, оның зерттелуі мен даму тарихына және оның тілі мен сын есімдерге шолу жасауды қажет деп таптық, жан-жақты талдау жасадық. Дастанның ең құнды жағының өзі оның тілінің таза, бай, көркем болып жасалуында. Қыз Жібек» жырында көптеген сын есімдер кездеседі. Олардың барлығында да танымдық мәндері бар. Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі - «Қыз Жібек» жыры. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін әңгеме.

«Қыз Жібек» жыры, әңгімесі қазақ халқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт, сондай дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз.

І. СЫН ЕСІМДЕРДІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ

1. Сын есімдердің морфологиялық сипаты

Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де сөздер беретін мағынасы жағынан грамматикалық категориялары, сөз түрлендіруші және сөз тудырушы формалары жағынан топ-топқа бөлінеді. Сөз таптарын айқындауда, бір сөз табын екінші бір сөз табынан ажыратуда ол сөздердің сөйлемдегі қызметінің де үлкен мәні бар. Сөздердің сондайлық ерекшеліктеріне қарай жүйелеудің нәтижесінде пайда болған сөз табының бірі - сын есім.

Қазақ тіліндегі сын есімдер әдетте тұлғасына қарай негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Негізгі сын есімдерге жататындар: үлкен, кіші, биік, аласа, жуан, кең, тар, таяз, ақ, қара, көк, жақсы, жаман, ұлы, сұлу, әдемі, дөрекі, өжет, паң, ауыр, бос, кәрі, жас, жылы, ащы, тұщы, шикі, жеңіл, жүйрік, шабан т. б.

Келтірген сындарды негізгі деп қарайтынымыз, олар заттың сыр сипат, белгі, сапа тағы толып жатқан қасиеттерін көрсеткенде, өзінің түпнұсқасымен бірден сипаттайды. Екіншіден, форма жағынан негізінен жалаң түбірден тұрады, көпшілігі ары бөлшектеуге келмейді. Демек, негізгі сындарда сындық мағына оның түбірлік негізінде, онымен тығыз байланысты, бірге пайда болған. Сөйлем құрамынан бөлек тұрғанда да онда сындық мағына бар.

Туынды сын есім. Бұл негізінен екі түрлі жолмен жасалады.

1. Жұрнақ жалғану арқылы, бұл туынды сын есім жасалуының ең бір құнарлы жолы. Бұған жататындар: малды, малсыз, қысқы, күлкішіл, жүрдек, бауырмал, көңілшек, ұшқалақ, үйірсек.

2. Екі сөздің іргелес тұрып, тізбегін жазбай жүріп қолдануы арқылы қалыптасуынан пайда болады. Бұған жататындар: қара торы, ақ құба, т. б. туынды сын есімнің жұрнақ жалғану арқылы жасалуын синтетикалық, сөздердің қалыптасуы арқылы жасалуын аналитикалық тәсіл деуге болады.

Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы пайда болуы қазақ тіліндегі, сондай-ақ, түркі тілдеріндегі туынды сын есімнің жасалуының ең бір құнарлы жолы болып табылады.

Қазақ тіліндегі басқа сөз таптары сияқты сын есімнің де жұрнақтары екіге бөлінеді:

1) сөз түрлендіруші; 2) сөз тудырушы. Сөз түрлендіруші жұрнақтарға шырай жұрнақтары жатса, сөз тудырушы жұрнақтар сын есім жасайды.

Зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақтар: -лы // -лі, -ды//-ді, -ты// - ті жұрнақтары. Қазақ тілінің академиялық грамматикасынла, Н. Сауранбаев, Ж. Шәкенов, Ә. Төлеуов, А. Ысқақов, М. Серғалиев еңбектерінде туынды сын есім жасайтын жұрнақтардың мынадай түрлері берілген: -лы//-лі, -ды//-ді, -ты//-ті, -қы//-кі, -ғы//-гі, -сыз//-сіз, -қыш//-кіш, -ғыш//-гіш, -шыл//-шіл, -лас//-лес, -дас//-дес, -тас//-тес, -дар//-дер, -тар//-тер, -улы//-улі, -ша//-ше, -шақ//-шек, -ымды//-імді, -ыңқы//-іңкі, -ынды//-інді, -мыс//-мыш, -ымтал, -ыс//-іс//-с, ыр//-ір, -ар//-ер, -у, -ын//-ін//-н, -ағаш//-егеш, -қалақ//-келек, -ғалақ//-гелек//-алақ//-лақ т. б.

Туынды сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар: -соқ, -мер, -кеш, -ғой, -мал, -кес, -қос, -жан, -сымақ. Кейбір қосымшалар кейде өзі жалғанған сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, жаңа лексема тудыра алмайды. Мысалы: -дай//-дей, -сыз//-сіз, -ғы//-гі, -қы//-кі ( -дағы//-дегі), -ша//-ше т. б. қосымшалар туралы осыны айтуға болады.

Бұл қосымшалар тілде әртүрлі сипатталып жүр. Бірінде оларды сөз тудырушы қосымшалар деп таныса, И. Маманов бұл қосымшаларды әрі сөз жасаушы, әрі форма жасаушы деп қарастырады [] .

Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздермен байланысты.

Ғ. Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуіміздің екі түрлі дәлелі бар екендігін, бірі - сын есімде форманттың жоқтығын, бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі (критерий) екендігін, екінші - сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді. Мәселен, жоғарыда айтылған еңбекте сын есімнің төрт түрлі сипатының бар екендігін:

1) лексикалық мағынасының болуын; 2) шырай жұрнағының - рақ, -рек, -ті жалғай алуын; 3) зат есімге тән жұрнақ-жалғаулардың тікелей қосылмайтындығын; 4) сөйлемде анықтауыш мүше қызметін атқаратынын егер осы төрт түрлі белгі бір жерден түйісіп шықса, онда сын есім болатынын, егер бұл сипаттары үйлеспесе, онда сын есім болмайтынын, сын есімге қоятын өлшеуіміздің осы екендігін айтқан.

Сын есімнің өзіне тән мынадай белгілері бар:

1. Шырай жұрнақтарын қабылдайды.

2. Сын есімнің мәнін кейбір үстеулер арқылы күшейтуге болады. Мысалы, өте жақсы, тым сұлу, ерен жүйрік, асқан қу, сәл үлкен, мейлінше мықты т. б.

3. Жұрнақтары болады.

4. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалады.

5. Сынның сапасын кішірейтіп көрсететін -ғана, -қана формасы айрықшаланады.

6. Сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады.

Сын есімдер көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдағанда заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Бұл кезде олардың бойында заттық мағынамен бірге сындық мәнді білдіру де қабілеті болады. Сонымен бірге сын есімдер өзге сөз таптарынан сөзжасамдық қабілетімен де оңашаланады. Сөзжасам өрісі кең, ауқымды тілдегі барлық процестер мен нормаларды қамтиды. Сөзжасам саласында тілдер өзіндік ерекшеліктері мен белгілер жүйесіне сүйенеді. Мәселен, мұндай белгілер тіл-тілде әрбір сөз табына сай сөзжасамдық арнайы жұрнақтарымен танылады. Сол сияқты сын есімдер күрделі сөзжасамдық қабілетінің болуымен де ерекшеленеді. Күрделі сөзжасам процестері тілдің барлық заңдылықтарына сай жүреді де, олар қосарлана, тіркесе отырып, синтаксистік қызметі мен беретін мағынасына байланысты тізбектер жасайды. Нәтижесінде күрделі сөзжасамдық жүйе қалыптасып, сын есімдер пайда болады.

Сын есімдердің синтаксистік белгілерін сөз еткенде, біріншіден, олардың қандай сөйлем мүшесі бола алатындығын атап айту керек. Сөйлемде сын есімдердің қызметі - анықтауыш мүше болу.

Екіншіден, синтаксистік белгі ретінде олардың белгілі бір сөз табымен тіркесу қабілеті алынады. «Әрбір сөзді жан-жақты тануда, оның лексикалық, морфологиялық және синтаксистік қызметі, оның ішінде де тіркесу қабілеті оны басқа сөздерден (немесе сөз табынан) ерекшеленетін белгілердің бірі болып қаралуы тиіс», - дей келе Т. Сайрамбаев, дұрысында әрбір сөздің синтаксистік қызметі сөйлем мүшесі ретінде функциялық белгісі болса, белгілі бір сөздің басқа сөздермен тіркесу қабілеті оның синтаксистік белгілерінің басты түрі» деп көрсетеді [] .

Сын есімдер заттың сыр-сипатын, әр алуан белгісін, қасиеттерін тікелей де, басқа заттарға қатынастары арқылы да білдіреді. Дәстүрлі грамматикада сын есімдерді сапалық және қатыстық сындар деп бөлу осы негізге сүйенетіні анық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қыз Жібек жыры және оның поэтикасы
«Қыз Жібек» жырындағы сын есімдердің танымдық сипаты
Қыз Жібек
Жырдың маңызы әрі көркемдік ерекшелігі
Қазақ ғашықтық жырларының орындалу ерекшеліктері
Қыз Жібек туралы
Кино рольдері
Қазақтың тұңғыш операсы
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Қазақ тілінде тарихи хикая
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz