Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Көркемөнер үйірмелері - балалардың бос уақытын ұйымдастырудағы рөлі
Орындаған:
Тексерген: аға оқытушы
Орал, 2017ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.БОС УАҚЫТ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша қазақстандық және шетелдік тәжірибені зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.БОС УАҚЫТТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДА КӨРКЕМӨНЕРДІҢ
АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Көркемөнер үйірмелерінің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Балалардың бос уақытын ұйымдастыруда домбыра және
би үйірмелерінің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. ХХІ ғасырдың үшінші онжылдығында Қазақстан әлемнің дамыған елдері қатарына енуді көздеп отыр. Бұл жағдайларда қазақстандықтардың өскелең ұрпағына зор жауапкершілік жүктелуде, олардың алдында ұлттық бәсекеге қабілеттілік деңгейін көтеру, ХХІ ғасырда Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен беделінің артуын қамтамасыз ету міндеттері тұр. Негізгі қоғамдық капитал - адам капиталын белсенді дамытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі технологиялық серпінге әзір жаңа ұрпақты дайындау, оларды ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты іске асыруға тарту болып табылады.
Қоғамның рухани құндылықтарын қалыптастырудағы игі іске қатысы бар мектептерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Әдістемелік ұсыныстар баланың жеке қабілеттерін жан-жақты ашу, қызметтің алуан түріне балалардың қызығушылығын, қоғам мақұлдаған, тиімді әрекетке белсенді қатысу ниетін, өзінің бос уақытын өздігінше ұйымдастыру ептілігін дамыту мүмкіндін беретіндіктен педагогикалық тұрғыда пайдалы.
Шығармашылық, танымдық, спорттық, еңбек, ойын сияқты сабақтан тыс қызметтің әрбір түрі қандай да бір аспектіде оқушының бірлескен өзара әрекеттерінің тәжірибесін байытады, мұның жиынтығы үлкен тәрбиелеушілік нәтиже береді
Қазіргі жағдайда балалардың мектеп білімі аясында үнемі іске асырыла бермейтін салалардағы танымдық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты білім беру іс-әрекеті кең қанат жайып келеді. Демократиялық реформалар тудырған отандық білім беру саласындағы жаңа құбылыстар қатарында барынша маңыздылардың бірі деп толық негізде балаларға қосымша білім беруді атауға болады. Балаларға қосымша білім берудің құндылығы сол, ол жалпы білім берудің вариативті құрамын күшейтеді, жасөспірімдерге өз-өздерін кәсіби бағдарлауда көмектеседі, балалардың мектепте алған білімдері мен күш-қуаттарын іске асыруға септеседі. Қосымша білім беру жағдайында балалар өздерінің шығармашылық әлеуеттерін, қазіргі қоғамға бейімделу дағдыларын дамыта алады және бос уақытты толыққанды ұйымдастыру мүмкіндігін алады.
Қазақ халқы бейнелеу өнерінің мәдениеттанулық негіздерін зерттеу бірнеше мәдени факторлармен және Қазақстан Республикасында қабылданған мәдени даму бағдарламасымен үндес өтіп жатқан өркениеттік үдерістермен айқындалады. Бүгінгі таңда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстау мақсатында жүргізіліп жатқан рухани шараларға қатысты ұлттық өнер мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен жол ашылды. Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келді.
Дәстүрлі өнерімізге ғылыми тұрғыдан жаңаша көзқарастар қалыптастыру, өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу, мәдени мұраны сақтау, жаңғырту, осылардың негізінде жас ұрпақты тәрбиелеу. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр. Ұлттық мәдениетке келетін болсақ, ол халықтың ежелден жалғасып келе жатқан өзіне тән өнері, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, дүниетанымы есебінде жетіліп отыратыны белгілі.
Зерттеу мәселесі. Бүгінгі таңда қазақтың дәстүрлі өнерін, оның мәдениеттанулық негізін жете танып, біліп, өнер түрлерін жинақтап, зерделі зерттеудің маңызы артып, жастарды ұлттың салт-дәстүрінің негізінде тәрбиелеудің қажеттігі өсіп отыр. Сондай қажеттіліктің бірі - халқымыздың бейнелеу өнері, соның ішінде ою-өрнек пен зергерлік, сәндік қолөнері, әшекейлеу әдістері арқылы көрініс табатын бейнелеу өнері тілінің тәлім- тәрбиелік, эстетикалық-танымдық мүмкіндіктерін қазіргі ұрпақ тәрбиесінде тиімді пайдалана білу болып табылады. Оның үстіне қазақ халқы өнері өзінің бай тарихы, терең мәдени- философиялық мазмұны, өзіндік ұлттық сан-қилы ерекшелігімен қымбат әрі құнды. Сондықтан да оның мәдениеттанулық негіздерін көрсету, танып-білу, жоғарғы оқу орындарында ұлттық тәлім-тәрбие беру үдерісінде қажетті мәселелердің бірі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: бос уақытты ұйымдастыруда көркемөнердің алатын рөлін айқындау.
Зерттеу міндеттері:
балалардың бос уақытын ұйымдастыру жұмыстарына сипаттама беру;
балалардың бос уақытын ұйымдастыруда - көркемөнердің алатын орны туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.БОС УАҚЫТ ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1.1 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру
Бос уақыт - адамның физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру, рухани және материалдық қызығушылықтарын өз қалауына сәйкес жүзеге асыруға қолданылатын, оқу және еңбек әрекеттерін орындаудан тыс қалған жалпы уақыт көлемінің бөлігі. Әлеуметтанушы Г.П.Орлов: Бос уақыт бұл- адамның еркін әрекет аймағы мен дамуы болып табылатын әлеуметтік уақыттың бір бөлігі. Ол әр адамның рухани даму деңгейі мен барлық әлеуметтік қатынастар жиынтығымен қамтамасыз етілген. Орлов педагогикаға қатысты мынадай пікір білдірген: ... бос уақыт-бұл ең алдымен өсіп келе жатқан жас ұрпақтың мектептегі, одан тыс отбасындағы тәрбиелеу мәселесі[1, 30-31 бет].
Қазіргі таңда жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық мәселелері педагогтарды ерекше алаңдатуда. Зерттеушілердің пікірі бойынша оқушылардың тұлғалық деңгейінің негізгі бағыттарына мыналар жатады: 1) танымдық қызығушылықтарымен қабілеттерінің дамуы; дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы (В.Б.Бондаревский, В.С.Шевченко және т.б ); 2) кәсіби бағдар, дербес еңбек етуге даярлық (А.А.Давыденко, Е.М.Бабосов және т.б ); 3) шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі жүзеге асыру, қабілеттерді өзіндік жүзеге асыру (Н.Ф.Маслова, Б.С.Кобзарь және т.б ); 4) әлеуметтік адамгершілік ұстанымдары және құндылық бағдарларын қалыптастыру (Е.В.Бондаревская, Л.Ю.Иванова, С.А.Конюх-Синида және т.б); 5. өмірлік жолды таңдау ( К.В.Бербова, Л.М.Николаева, В.Г.Гурова және т.б );
Бос уақытты тиімді пайдалану мәдениеті оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастырудан ғана емес, күнделікті осы әрекеттің мазмұнын, формаларын дұрыс таңдаудан, танып, білуге деген қатынасынан тұрады.
Жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын тиімді пайдалану мәдениетінің төмендегідей деңгейлерін атап өтуге болады:
1.Пайдалы әрекеттік . Оқушы өзінің оқудан тыс әрекеттерін жоспарлау дағдысын меңгергендігін көрсетеді; қандайда бір әрекет түрін жүзеге асыруды бастамас бұрын алдына мақсат қояды. Олар үшін оқудан тыс ұжымның жұмыстарға қатысу ғана емес, меңгерген рухани құндылықтарын тәжірибеде жүзеге асырып көруге талпыныс болып табылады. Бұл типтегі қатысушылар мәдени қажеттіліктерді дамытудың жоғары деңгейіне ие, сондай-ақ оқудан тыс және жалпы мектептік іс-шаралардың ұйымдастырушылары немесе жетекшілері бола алады.
2.Танымдық қажеттілік. Бос уақытты пайдаланудың бұл деңгейі көп жағдайда оқушылардың жекелік қызығушылықтары және қабілеттіліктері негізінде анықталады. Оқудан тыс ұжымдық жұмыстарға қатысу олар үшін қажеттілік болып табылмайды. Мұндай оқушылар ұйымдастырушылық қабілетке ие емес, көбіне уақытша тікелей берілген тапсырмаларды ғана орындайды. Олардың әртүрлі сыныптан тыс тәрбиелік іс-шараларға қатысуға ынталандыру, педагогтардың оларды қажетті және қызықты жұмыстарға қызықтыруы мен қандайда бір әрекеттерді орындауға талпындыруға байланысты.
3.Енжар-пайымдаушы. Бос уақытты пайдалану мәдениетінің бұл деңгейіндегі оқушылар өз тынығу уақытын тиімді ұйымдастыру жайлы еш ойланбайды, оны жоспарлаудың қарапайым дағдыларында меңгермеген. Олар телебағдарламалар көру, қыдыру, көңіл-көтеру, би кешіне бару сияқты ойын-сауықтық сипаттағы әрекет түрлеріне баруды жөн санайды. Оларда мәдени игіліктерді пайдалану өте төмен, мұндай оқушылар сыныптық ұжымда енжарлық танытады. Оқудан тыс және жалпы мектеп ішілік іс-шараларға аз қатысады.
4.Тиімсіз. Мұндай деңгейде оқушыларда рекреациалық қызмет тіпті деструктивті мінез басым болады, әлеуметтік маңызы бар бағыттағы бос уақытты тиімді пайдаланудың барлық формаларына жағымсыз қатынас білдіреді. Өзіндік талпынысы ұйымдастырылмаған, жоспарланбаған қарым-қатынас немесе ауладағы топтарды іздеуінен байқалады. Бос уақыттық жұмыстары ретсіз, қауіпті және әлеуметтенуге қарама-қарсы сипатта болады. Оқушыларының бос уақытын ұйымдастырудың мұндай мәселелерін шешу үшін оқушылардың бос уақыт қызметтерін, құрылымын және мазмұнын анықтап алу қажет.
Бос уақыт мәселесіне зерттеушілер үнемі ерекше назар аударады. ХХ ғасырдың 70-жылдары М.Г.Бушканец педагогтың оқушылардың оқудан тыс әрекеттерін ұйымдастыруын қарастыра отырып, бос уақыттың бірнеше қызметтерін бөліп көрсетті:
1) Тұлғаның рухани және физикалық күштерін толықтыру және қалпына келтіру (демалу қызметі).
2.Кәсіби және рухани-адамгершілік бағытталу, салауатты өмір жайлы көзқарас қалыптастыру (бағыттау қызметі).
3.Тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін өзіндік жүзеге асыру, қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыру;
4.Танымдық, тәжірибелі-қолданбалы және көркемдік-шығармашылық дамыту, эмоционалды-эстетикалық түзету (дамытушы қызмет) [2, 41-47б].
Бос уақыт мазмұны оқушының осы уақыттағы негізгі әрекет түрлерін қамтып көрсетеді.
Осы тұрғыда бос уақыт дегеніміз не? Оның қандай өлшемі бар? - деген орынды сұрақ туындайды.
Бос уақытты ұйымдастыру - бірнеше әлеуметтік ғылымдардың зерттеу обьектісі болып табылады. Олар: әлеуметтану, философия, педагогика т.б.
Бос уақыт - әлеуметтік категория. Әлеуметтануда бос уақыт және демалыс уақыты синоним түсініктер болып табылады. Жалпы қоғамда уақыт жұмыс уақыты және жұмыстан тыс уақыт болып бөлінеді. Жұмыс уақыты бұл белгілі бір өндірістегі нақты жұмыс жасауға арналған уақыт. Жұмыстан тыс уақыт, жұмыс уақытын бөліп алғаннан (тәулік, ай, жыл) қалған уақытты айтамыз.
Бос уақыттағы іс-әрекет - жеке тұлғаның өзін-өзі және қоршаған әлемді танып білуіне бағытталған, негізгі жұмыс уақытынан тыс уақытта іске асырылатын саналы әрекеті.
Сонымен қатар, баланың физиологиялық тынығуынада бөлінген қажетті уақыты болуы шарт.
Демалыс - адамның шаршауынан арылуға, күш-қуатын қалыпқа келтіруге, ағзаның тынығуына арналған уақыт.
Демалыс уақытын - тынығумен (пассивтік) немесе өзің ұнататын іс пен айналысу, жаттығулар жасау, қарым-қатынас жасау арқылы өткізуге болады.
Демалыс ұғымы рекреация ұғымына жақын ұғым. Көбіне бұл термин адамның медициналық сауықтыру шараларына байланысты қолданылып келген. Қазір рекреация - адамның денсаулығының қалыпқа келуі, сауығуы деген мағынада қолданылады, адамның физиологиялық, дене және рухани күш-қуатының қалпына келуі болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастырушы - педагогтың негізгі міндеттері:
-Жеке тұлғаның қасиеттерімен дарындылығының дамуына, дүниетанымының кеңуіне, мәдениеттілігінің артуына ықпал ету;
-Оқушылардың психологиялық және жасерекшеліктерін ескере отырып, олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
-Оқушылардың жан-жақты дамуына бағытталған әртүрлі клубтар, үйірмелер, секциялар, студиялар жұмысын ұйымдастыру;
-Әртүрлі техникалық, көркемөнер, спорттық, өлкетану, туристік т.б. іс-әрекеттерді ұйымдастыратын мекемелердің жұмысын басқару;
-Балалармен жасөспірімдердің ұйымдарымен бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастыру;
-Мерекелер, кештер, саяхаттар, экскурсиялар, ойын-сауық шараларын т.б. сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарды ұйымдастыра отырып балалардың бос уақытының мазмұнды өтуіне ықпал ету;
-Мәдени орталықтар, спорт т.б. қоғамдық мекемелермен бірлестіктерді балалармен жасөспірімді тәрбиелеу ісіне тарту;
-Балалардың жазғы демалысын және бос уақыттарын ұйымдастыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауап беру.
1.2 Балалардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша қазақстандық және шетелдік тәжірибені зерттеу
Бүгінгі мектеп - бұл тәрбиелеу мен оқыту маңызды құрамдас элементтері болып саналатын күрделі жүйе. Балалармен жұмыс жасау барысында біз оқу-тәрбие процесінің бірлігіне сүйенеміз.
Оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың қазақстандық тәжірибесі көрсеткендей, мектептер өздерінің тәрбие жұмысында сабақтан тыс қызметке ерекше көңіл бөледі.
Сабақтан тыс жұмыс - бұл тәрбиелеуші ұйымдардың тіршілік әрекетін сыныптық-топтық ұйымдастырудан бөлек жүзеге асыратын әлеуметтік тәрбиені ұйымдастыру формасы. Сабақтан тыс қызмет оқушылардың сабақ барысындағы әрекеті сияқты негізгі білім беру бағдарламаларын игеру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған. Алайда, бірінші кезекте - бұл тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу. Бұл сабақтан тыс қызметтің ерекшелігін анықтап беру барысында оқушылардың өзін-өзі дамыту дайындығы мен қабілетін, оқу мен таным уәждемелерін, оқушылардың құндылық бағдарларын, әлеуметтік біліктіліктерін қалыптастырады.
Қазақстан Республикасындағы сабақтан тыс қызметтің жағдайын қарастырғанда мектептен тыс білімді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінетіндігі айқындалды. Ол келесі бағыттарда жүзеге асырылады: көркемдік- эстетикалық қосымша білім, экологиялық-биологиялық қосымша білім, балалар мен жасөспірімдер туризмін және өлкетануды дамыту, оқушылардың ғылыми- техникалық шығармашылығын ұйымдастыру, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмыстар.
Соңғы жылдары балаларға қосымша білім беру жүйесінде әлеуметтік-педагогикалық бағыттағы бірлестіктердің дамуы байқалады, олар оқушылардың коммуникативті, зияткерлік қабілеттерін түзету мен дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға бағдарланады. Бұл қызмет өскелең ұрпақтың әлеуметтік бейімделуіне, азаматтық қалыптасуына мүмкіндік береді [2].
Шетелдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мектепте сабақтан тыс қызметтің келесі түрлерін жүзеге асыруға болады: ойын, танымдық, мәселелік- құндылықтық қатынас, бос уақыттық-сауықтыру, көркем шығармашылық, әлеуметтік шығармашылық, еңбек, спорттық-сауықтыру, туристік-өлкетану. Сондай-ақ, жүйе құраушы ретінде келесі қызмет түрлері анықталады:
1. Танымдық қызмет - оқушының дүниетанымын кеңейтеді, білімге құмарлығын және білімі мен зияткерлігін дамыту қажеттілігін қалыптастырады;
2. Көркемдік қызмет - дүниені эстетикалық сезінуді, әсемдікке қажеттілік, көркем ойлау мен нәзік эмоционалды қатынасты дамытады;
3. Спорттық қызмет - салауатты өмір салтына, дене сұлулығы мен өмірдің жоғары гигиенасына жағдай жасайды;
4. Қоғамдық пайдалы жұмыс түріндегі еңбек қызметі - оған деген оң қатынас адамдық болмыстың, адамдарға деген қатынастың, өзіне деген қатынастың көрсеткіші болып табылады;
5. Құндылықты-бағдарлы қызмет - әлемнің жалпыадамзаттық және әлеуметтік құндылықтарын ұтымды ұғынуға, әлемге жекелей қатыстықты сезінуге бағытталады;
6. Туристік-өлкетанушылық қызмет - туған өңірдің тарихын, мектеп тарихын тануға бағытталған.
Ресейлік ғалым Л.П. Бутенконың пікірінше, елімізде балалардың бос уақытын ұйымдастырудың өркениетті жүйесін ұйымдастыруға бағдарлануда Батыс Еуропаның тәжірибесіне сүйенген жөн. Қазіргі уақытта Батыс Еуропа елдерінде көптеген интеграцияланған мекемелер бар, олардың арасынан кең тарағаны - мектеп немесе лицейлерге негізделген түрі. Мысалы, Чехия мен Словакияда мектеп базасында пайда болған заманауи клуб мекемесі мәдени-тәрбиелеу қызметі түрлерінің дәстүрлі жинағынан басқа кафе немесе шағын мейрамхана мен спорт кешенінен тұрады.
Мемлекеттік ағылшын мектептеріндегі маңызды сәт - аға ұрпақ өкілдерінің қатысуымен жалпы білім беру процесін мектептен тыс әлеуметтік- мәдени қызметпен толықтыру болып отыр. Әлеуметтік-мәдени мекемелердің тұратын ортамен бірігіп кету процесі бір ғимаратта немесе қатар тұрған құрылыс кешенінде орналасқан балалар бірлестіктері санының өсуімен қатар жүреді; соңғы жылдары белгілі аймақ тұрғындарының бастамасымен құрылған жекелеген мекемелер кең таралуда [3].
Өркениетті адамзат әрбір баланың жеке абыройын, оның жеке өмірге, демалу мен бос уақытқа, қуаныш пен достыққа деген құқығын құрметтеуі керек. Бала еркін және мәдени өмірге араласуы, өнермен айналысуы керек. Ересектердің заманауи қоғамы әрбір балаға бос уақыты болу құқығын қамтамасыз етуге, өзіндік даму жолын таңдау мүмкіндігін беруге міндетті.
Бос уақыт- жеке тұлғаның мәдени деңгейіне, қызығушылықтарымен қабілетіне сәйкес іс-әрекет таңдап өткізетін, қажетті істерді орындауға бөлінген уақыттан тыс уақыт.
Педагогикалық зерттеулерде бос уақыт ұғымын анықтауда және оған теориялық негіздеме беруде үлкен үлес қосқан М.Г.Бушканец, А.Ф.Воловик, В.А.Воловик, И.А.Новикова, Э.В.Соколов, В.Я.Суртаев, Б.А.Титов, С.А.Шмаков т.б. Осы педагогтардың зерттеулерінде бос уақыт - жеке тұлғаның рухани-адамгершілік және физиологиялық даму, бос уақытты белсенді демалыс сауықтыру уақытына айналдыру, мәдени деңгейін көтеру, өзін-өзі дамыту, жетілдіру, өз мүмкіншіліктерін іске асырудың факторы болып табылады.
Бос уақытты ұйымдастыру педагогикасының негізгі ұғымдары: босуақыт, демалыс уақыты, іс-әрекет, бос уақыттағы іс-әрекет, рекреация.
Э.В.Соколовтың ойынша: Қажетті демалыссыз адамның күш-қуаты төмендеп, жоғары деңгейдегі іс-әрекетті орындауға мүмкіншілігі болмайды. Бала өмірінде сауықтыру шараларымен, ойын болмаған жағдайда бос уақыт көңілсіз, қызықсыз өтеді.
С.А.Шмаковтың айтуынша: Бос уақыт- маңызды рөлдерді, қызықты іс-әрекеттер түрлерін еркін таңдау арқылы балалармен жасөспірімдер дарындылығын шыңдау, рухани өсуіне жағдай туғызу уақыты.
Бос уақытта:
-Еркіндік сезімін қанағаттандыру арқылы баланың қызығушылықтарымен қабілеттерін анықтауына;
-Белсенді іс-әрекет арқылы мүмкіншіліктерін толықтай көрсете алуына;
-Өзін-өзі сынау, өзін-өзі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz