Сана - философия мәселесі ретінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университеті
Педагогикалық факультет

Реферат
Пән: Философия
Тақырып: Сана,рух және тіл.

Дайындаған: Дф-21 тобының
студенті Дайрабай.Э.Р
Қабылдаған: Сисенгалиева.Қ.М

Қарағанды,2020

Жоспар:
1. Сана дегеніміз не?Сана-философия мәселесі ретінде.
2. Рух ұғымы.
3. Тіл философиясы.
4.Пайдаланған әдебиеттер.

1. Санадегеніміз не?Сана-философия мәселесі ретінде.
Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - - адамның рухани дүниесі, сана, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер: зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың баламасы жлқ. Ол тек адамға тән. Сондықтан, қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны алғашқыға теліген. Бұл идеализмге әкелген.
Сонда сана дегеніміз? Ол қайдан, қалай пайда болады? Өлі материядан қалайша тірі дүние: өсімдіктер, жануарлар, адам пайда болды? Осылардың бәрінің негізінде не жатыр? Оның мәні неде? Сана белгісіз, ғайыптан пайда болған, дайын күйінде біздің миымызға енген құбылыс емес. Іштен де тумайды. Әрине адам бойында атадан балаға көшетін кейбір нәсілдік бейімділік, қабілет те болады. Оның дамуы да түрлі жағдайларға байланысты. Бірақ сана ондай қабілет емес. Сана адам миына байланысты пайда болады, ал ми - - оның мекені. Сана - - адам миы қызметінің жемісі. Бірақ ми түрлі жан-жануарларда да бар. Ал сана тек адам миының ғана жемісі. Бұл өте күрделі процесс, материалдық дүниенің ұзақ уақыт дамуының нәтижесі. Оған жету үшін әлем талай дәуірді бастан өткізді. Сананың миға қатысы бар екенін мойындамай, сана миға сырттан дайын күйінде интроекция арқылы келеді-міс деген жалған пікір таратқан махист Р.Авенариусты В.И. Ленин өзінің Материализм және эмприокритицизм деген еңбегінде өткір сынға алған болатын.
Сана - - объективтік дүниенің бейнесі.
Идеалтер сананың екінші, материяның екенін мойындағысы келмейді. Оны неге сүйеніп айтады? Олардың ойынша адам санасында объективтік дүниеде кездеспейтін, қате, жалған ойлар, мәселен, түрлі жын-шайтан, су перісі т.с.с. діни ұғымдар болады. Сонда объективтік дүниеде кездеспейтін ол жын-шайтандардың бейнесі қайдан пайда болады деп күдік айтады. Ал енді оларды діни адамдар өздігінше ойлап шығарған делік, дейді әлгі идеалистер. Онда олар бұл мысалдан да ойдың, сананың өмір бейнесі емес, тек мидың өзінен шыққан, тек соның ғана жемісі деу керек деген теріс қорытынды шығарады. Бұған бертін жауап нақты. Әрине, жаңағы өмірде жоқ: ана дүние , жұмақ , пері , дию т.б. ұғымдарды діндар адамдар ойлап шығарғаны рас. Бірақ ол ойлар жоқтан пайда болған демейміз, белгілі бір құбылыстарға еліктеу, мидың соларды ойша құрастыруы арқылы пайда болған. Сондықтан да қай халықта болмысын, жын да, шайтан да, басқаларда да негізінде тек адам, жан-жануарлар бейнесінде елететіледі. Өмірде тіпті жоқ және болмаған, ойға келмеген құбылыстардың бейнесін адам ешқашан ойдан шығарған емес. Тіпті техникалық жаңалықтарды да адам табиғатта бар нәрселерге еліктеп жасайды. Сондықтан да жаңағы айтқан діни ұғымдарда да не жақсы адамдардың, немесе жаман жағымсыз адамдардың мінез-құлықтары бейнеленеді. Негізсіз ой туындамайды. Мұның бәрі сананың қайнар көзі ми емес, ми арқылы бейнеленетін объективтік материялық заттар мен құбылыстар екендігі. Сонымен қатар сана мисыз өмір сүре алмайды, ал біздің түйсіктерімізге әсер ететін сыртқы дүние. Сол әсерлер ортады қорытады, шешім жасайды. Мұндай әсерлерсіз ми өздігінен ой қоратпайды. Әрине, адам ми арқылы ойлайды, бірақ оның мәні сыртқы дүниеде, соны бейнелеуде. Ми - - алдымен объективті шындықты дәл, былайша айтқанда сыртқы дүниені дұрыс бейнелейтін орган. Бірақ сана мен объективтік шындық ешқашан абсолютті дәлме-дәл болмайды. Сана оның идеалдық бейнесі. Өмір санадан гөрі терең құбылыстарға бай. Мұны Гегель де мойындаған болатын. Бұл дәлме-дәлдік пен айырмашылық диалектикасы. Сананың мәнінде білім жатыр. Ал оны тудыратын танымдық ізденіс. Әр нәрсені білуге, ұғынуға талпыныс, ізденіс соңында сананы құрастырады. Сана материядан тіпті басқа өзгеше сапа, рухани құбылыс.
Философиядағы сана мәселесі - философиядағы негізгі мәселелердің бірі. Философияда сана мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар:
:: физикализм;
:: солипсизм;
:: объективтік идеализм;
:: тұрпайы материализм.
Физикализм - сана жеке субстанция ретінде, сана материяның туындысы және тек физика тұрғыдан түсінуге болатынын қарастыратын, сананың мидағы физиологиялық процестермен байланысты екенін пайымдайтын бағыт. Сана - ми қызметінің жемісі.
Бұл көзқарас ғылыми жаратылыстану ғылымдардың нәтижелерге,соның ішінде мына фактілерге негізделген:
:: адамның миы - табиғаттың күрделі "механизмі", материяның жоғары ұйымдасқан деңгейі;
:: ми болмаса әр адамның санасы өмір сүре алмайды,ми-биологический орган;
::адамзат жасанды интеллект жасауға мүмкіндігін алды,ол материалдық объект -- машина (компьютер);
:: дәрілердің адамның организміне әсері санада бейнеленуіне әкеледі (мысалы, психотроптық заттарды қолдану).Физикалистердің негізгі мәселесі -- ол идеалдық сана:
:: адам ойындағы образдардың материалдық сипаттамасы жоқ,мысалы - массасы, иісі, өлшемдері, формалары;
::сана образарды өзгерте алады -- үлкейту,кішірейту, "өшіру"
:: ешбір адам басқа адамның "көрмеген" (миге операция жасаған хирург, , микроскоптан тек затты -- нейрондерды көреді, бірақ ол операция жасаған адамның не образдардарын, не ойларын көре алмайды).
Сонда да физикализм (неопозитивизм түрде) кең тараған.Мысалы:
::"теңестіру теориясы" (Д. Амстронг, Дж. Смарт) - тән процесстерін басқа рухани процесстермен теңестіру (қан айналысымен, тыныс алумен, ми процестерімен);
::"элиминация"теориясы (Ф. Фейербенд) -- "рухани" ұғымын ескіргенін дәлелдеуге талпынады;
::тұрпайы материализм теориясы (мысалы, Фохтың пайымдауынша ой мидан бөлініп шыққандықтан ойдың өзі ерекше түрдегі зат).Ой мен материя сапалық жағынан өзара тең ұғымдар.Психикалық құбылыстарды физиологиялық құбылыспен, ойды затпен теңестіру арқылы материализмді идеализммен байланыстырды.
Солипсизм -- индивидтың санасы -- жалғыз нақты реалдылық, а материалдық дүние -- оның туындысы деп есептейтін бағыт(субъективтік идеализм -- Беркли, Юм, Фихт).
Философиядағы сана мәселесінде сананың қалыптасуы туралы әр түрлі көзқарастар. Солардың бірі:
:: сананың космостан (не құдайдың ақылынан) пайда болды;
:: сана барлық тірі организмдерге тән;
:: сана -- тек адамның қасиеті.
Сана космостан (құдайдың ақылынан) пайда болғаны туралы көзқарас:
:: монадалар теориясы (монадология) - Лейбниц негізін салды, Даниил Андреев дамытты,дүниеде бөлінбейтін және мәңгілік монадалар бар -- алғашқы рухани бастамалар,олар сананың негізі;
::Шарден теориясы, бұл теория бойынша сана -- адамнан тыс мән, материяның "ішкі түрі", "миы";
:: Толбет теориясы, бұл теория бойынша Әлем -- гиганттық ақыл,сана -- материяны жасайтын өзара өрістердің нәтижесі;
:: Гилозоизм теориясы, бұл теория бойынша барлық материяның (тірі, өлі табиғат) жаны бар, табиғаттың жаны бар болуы -- материяның қасиеті.
"Биологиялық" көзқарас: сана -тірі табиғаттан пайда болуы және барлық тірі организмдерге тән.
Сана -- тек адамның қасиеті туралы көзқарас бойынша сана -- тек адам миының жемісі және адамға ғана тән, а жануарларда сана емес, инстинктер бар.
Сана -- объективті дүниенің субъективті бейнесі. Ал,бейнелеу- материалдық объектілердің басқа объектілерге өзара қатынастардың арқасында із қалдыру мүмкіндігі.Бейнелеулің қарапайым формалары:
:: механикалық;
:: физикалық;
:: химикалық.
Биологиялық бейнелеу тек тірі организмдерге тән. Биологиялық бейнелеудің арқасында тірі организмдер тірі және өлі табиғатты бейнелеуге мүмкіндігі бар. Биологиялық бейнелеудің түрлері:
::Тітіркену -- биологиялық бейнелеудің қарапайым формасы,тірі организмдердің қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға әсері,реакциясы.
:: Сезімталдық -- тірі организмдердің сезім мүшелері арқылы қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды бейнелеу қабілеттілігі.
:: Психикалық бейнелеу.Психикалық бейнелеу адам санасында өз таңбасын, ізін қалдырып отырады, сөйтіп адамның жан дүниесінің сырына айналады.Психика - адам миында бейнеленетін таңба, әсер. Адам күнделікті іс-әрекетінде мақсатты істерін жүзеге асыру үшін сыртқы ортаның жағдайына бейімделіп, табиғатқа ықпал етеді, оны мақсат -- мүдделеріне лайықтап қайта жасайды. Адамның мұндай белсенді әрекеттері, еңбекктенуі оның өз табиғатына, психикасын дамытуға қолайлы жағдай тудырады.
Сана - биологиялық бейнелеудің жоғарғы түрі.Жануарлардың санасынан адамның санасының айырмашылығы ерекшеленеді:
:: тереңдігімен;
:: еңбекке қабілеттілегі;
:: абстракциялау мүмкіндігі;
:: сананы жеткізу мүмкіндігі;
Адамның санасының негізгі қасиеттері:
:: идеалдық;
:: интенционалдық;
:: идеаторлық;
Идеалдық -- сананың ерекше, материалдық емес мәні. Өзінің табиғаты бойынша идеалдық сана:
:: материалдық дүниеге қарама қарсы ;
:: материядан тәуелсіз;
::материалдық құралдармен танылмайды;
Интенционалдық - обьектіге деген бағыт.Сана затсыз, обьектісіз болуы мүмкін емес.
Интенционалдық сана:
:: сана обьектісі;
:: түрлері.
Сананың негізгі түрлері:
::қабылдау;
:: түсін;
:: бағалау;
:: еске ал;
:: фантазия;
:: өмірлік тәжірибе.
Сананың обьектісі:
::қоршаған дүние, оның заттары,құбылыстары;
:: ерекше, тәуелсіз рухани әлем.
Идеаторлық сана -- идеяларды жасау және жаңғырту қабілеті -- қарапайым бейнелеудің шеңберінен шығатын ішкі өзіндік жұмыс. Абстракциялдық идеяларды дамыту қабілеті -- адамның санасының жануарлардың санасынан негізгі айырмашылығы.
Сана рухани таза жанға тән,жалпы алғанда сананы үшке бөлуге болады:
:: материалдық болмысқа жататын сыртқы тән сезімі;
:: ішкі ой-өріс сезімі;
:: рухани болмысқа жататын алғашқы таза сана -- рухани сана.
Сана құрылымына эмоциялық, соның ішінде адамның көңіл-күйлері сезімі,сонымен бірге ерік процестері,ол адамның алдына қойған мақсатына ұмтылуы, талаптануы және соған байланысты әрекет жасауы жатады.
Өзіндік сана - адамның өзін тұлғ ретіеде түсіну және бағалау,адамның өзінің іс-әрекеттері мен олардың нәтижелерін, өзінің өзге адамдармен өзара әрекетін және өзіне қатынасын құратын, индивидтің өзі туралы шартты түрде тұрақты, азды-көпті ұғынылған түсініктерінің қайталанбас жүйесі.Л.С.Рубинштейн былай дейді: өзіндік сананың дамуының нағыз қайнар көзі мен қозғаушы күшін - оның айналасындағылармен өзара қатынасының өзгеруінде көрінетін индивидтің шын мәніндегі дербестігінен іздеу керек. [1].Өзіндік сана тұлғаның әрі қарай дамуына әсер етеді, ал өзіндік сананың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, мінезінің бұрыс қалыптасуына алып келеді.
Бейсана -- адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарынатын әрекет.Ол адас өзіне әсері бар екенін есеп бере алмайтын шынайы құбылыстың ықпалымен болатын әр түрлі күйлердің жиынтығы немесе психикалық бейнелеудің формасы. Бейсананың санадан айырмашылығы: бейсананы ырықты бақылау және ондай әрекеттерді бағалау мүмкін емес.Бейсана адамның ойлауында, интуициясында, аффектісінде, үрейленгенде, түстерінде, гипноздық жағдайда көрініс береді.
Жеке және қоғамдық санаға тоқталсақ,жеке сана дегеніміз -- ол адамның болмысты бір жақты қабылдауы,дүниеге және өзіне деген қатынасы .
Ал,қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамның әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.
Қоғамдық сана түрлері:
-қарапайым,күнделікті сана, эмпирикалық сана
- ғылыми-теориялық сана;.
- адамгершілік сана;
- діни сана;
-эстетикалық сана;
-ғылыми сана;
-саяси сана.

2. Рух ұғымы.
Қоғамның рухани саласы - ең күрделі, сонымен қатар, бір қарағанда, байқалмайтын құбылыс. Біз желдің бар екенін білеміз. Бірақ ол көзге көрінбейді. Сол сияқты жалпы рухты ешкім ешқашанда көрген жоқ. Бірақ оның бар екеніне ешкім күмәнданбайды. Егер рух деген ұғымның шыққан тегін қарасақ, онда грек тілінде ол пневма яғни ауа, тыныс, үрлеу деген сөздерге жақын, латын тіліндегі спиритус - көрінбейтін, жеңіл, тыныс деген сөздерге жақын мағына береді, ал орыстың дух деген сөзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия сана мәселесі
Философия пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Философия пәнінен емтихан сұрақтары мен жауаптары
Философия теориялық тұрғыдан тұжырымдалған дүниетаным
Дүниеге көзқарас ұғымы
Философия пәні мен қызметі
Философия (Оқу құралы)
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия дәрістер
Пәндер