БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Б.Ахметов атындағы Павлодар жоғары педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Бастауыш сатысындағы математикадан оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды дидактикалық ойындар негізінде құрастырудың маңыздылығы

Орындаған:Сапарова К.С
Топ:БББ-42
Тексерген:Мешитбаева Г.А

Павлодар - 2020

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 - 5
1. БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолданудың мақсаты мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .??
1.2 Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ??

2. МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА БАЛАНЫҢ ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР ЖИНАҒЫ
2.1
2.2

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Қазақстан білім беру тұжырымдамасында Білім беру үлгісіне орта білім беру деңгейінің өте жоғары болуы тән. Бұл ең алдымен барынша байыпты бастауыш мектеп арқылы жүзеге асырылады -деген . Осыған орай әр пәнді , соның ішінде бастауыш сынып математикасын оқытудың ғылыми дәрежесі неғұрлым жоғары болуын қамтамасыз ету бағытында әр алуан шаралар жүзеге асырылуда. Сондықтан да бастауыш сыныпта математика сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту көкейкесті мәселе.
ХХI - ғасырға байланысты баланың дамуына ойын арқылы өз халқының салт-дәстүрлерін бойына сіңіруге арнайы балалар ойнайтын жас ерекшеліктеріне байланысты ойын ортасын құра отырып, балаларды ойната отырып, дамыту қарапайым дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық құзыреттілігін арттыру өзектілігі туып отыр.
Сондықтан, балаларды өзара сыйластыққа, бауырмалдыққа, татулыққа тәрбиелеу мақсатында. Елімізде білім саласы айрықша даму үстінде. Кеңестік одақ кезінде аты естілмеген өзгерістер 20 жылда өмірімізге енді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан жолдауында - мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды қолға алуды ұсынды. Қазақстан халқы бүкіл әлемге пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс екенін ерекше атады.
Ойын - мектеп жасына дейінгі кезеңде басталып, адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.
Қазақ халқында баланы ойын өсіреді деген даналық сөз бар.
Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы танымы, түйсігі қалыптасады.
В. Сухомлинский: "Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жаңар оты" деген ой айтады.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді; екінші жағынан ойын әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш сынып математика сабағында дидиактикадық ойындарды пайдалану арқылы оқушылардың ой өрісін дамыту жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеп, әдістемесін жасау
Зерттеудің объектісі: Бастауыш сыныптың оқыту процесі
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда математика пәнінде қолданылатын дидактикалық ойындар жүйесі
Зерттеудің міндеті:
* Бастауыш сыныптарда дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық негіздерін айқындау
* Математика сабағында қолданылатын дидактикалық ойындар жинағын құру
Зерттеудің негізгі әдістемесі: Ғылыми, педагогикалық әдебеиеттерді талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу және жинақтау, қорытындылау.
Зерттеудің көздері:??????????????????????????? ????????????????????????
Зерттеудің кезендері: Зерттеу 3 кезеңнен тұрады.
1-кезеңде зерттеу тақырыбының өзектілігі анықталады, осы мәсіелеге
байланысты әдебиеттер мен ғылыми зерттеу жұмыстарына талдау жүргізілді.
2-кезеңде математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолдану мақсаты мен маңызы және олардың ерекшеліктері анықталып, зерттеудің теориялық негізі жасалынды.
3-кезеңде математика сабағында баланың ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты дидактикалық ойындар жинағы құрылды. Зерттеу нәтижелері жинақталып, қорытындыланды.
Зерттеудің құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, міндеттері, объектісі, пәні, зерттеудің негізгі әдістемесі, зерттеу көздері, кезеңдері, құрылымы тұжырымдалады.
Бастауыш сатысында математиканы оқытуда дидактикалық ойындарды пайдаланып оқытудың теориялық негіздері атты бірінші бөлімінде Бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен қолданылатын дидактикалық ойындардың негізгі мақсаты мен міндеттері маңызы және ерекшеліктері мен түрлері қарастырылған.
Математика сабағында баланың ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты дидактикалық ойындар жинағы атты екінші бөлімінде Бастауыш сатысындағы математиканы оқытудың 5 бөліміне (Сан және шама, геометриялық материал, алгебра элементтері, жиындар, математикалық моделдеу) байланысты Блум таксономиясының деңгейлеріне дидактикалық ойындар жинағы жинақталды.

1. БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Математика сабағында пайдаланылатын дидактикалық ойындарды қолданудың мақсаты мен маңызы
XXI ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі танда заманымызға сай зерделі, жан жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр. Ал жас ұрпақтың бәлімді, саналы және бәсекеге қабілетті тұлға болып өсуі, ол ұстазға байланысты. Сондықтан да мұғалім әрбір сабақты түрлендіріп, оны оқушылар қызуғышылықпен оқыйтындай етіп өткізу керек. Оқушыларға логикалық ой туғызып, өз бетімен ізденіп жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру керек.
Мектепте математика пәні оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда, өз бетінше ізденісін қалыптастыруда ерекше роль атқаратын пәндердін бірі. Алайда бұл пәнді кейбір оқушылар бірден игеріп кете алмайды. Сыныптағы оқушылардың ойлау қабілеті де, қызығушылығы да әр түрлі. Сондықтан оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, сабақ бойы оларды белсенді қалыпта ұстап, сабақты өз бетінше меңгеруге құлшындырып, ынтасын арттыру мақсатында оқытудың тиімді әдістерін іс-тәжірибеде қолдану міндеті мұғалімдерге жүктеледі. Қазіргі таңдағы білім беру үрдісіне ақпараттық технологиялардың жетістіктерінің енуі, заманауи педагогикалық технологиялардың қолданылуымен қатар оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттырудың бір әдісі математика сабағында дидактикалық ойындарды немесе олардың элементтерін қолдану болып табылады.

Баланың ойын дидактикалық ойындар жұмысына баулып, олардың ойынға белсенділіктерін, қызығушылығын дамытуда әр түрлі әдістәсілдерді қолдануға болады. Олар мыналар:
1. Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешу (құрастырмалы ойындар, қозғалмалы ойындар, сергіту ойындары тағы басқалар);
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытта жұмыс, қиялдау ой арқылы сурет салғызу,рөлге бөліп ойнату,ойын балалардың ойлау қабілеттерін арттырады; 3. Венн диограммасын, үлестірмелі карточкаларды, сөзжұмбақтарды, ребустар, дидактикалықойындарды қолданып, сабақты қызықты жүргізумен балалардың сабаққа қызығушылықтарын,ойлау қабілеттерін қалыптастыру. 4. Мақал-мәтелдер, сөзжұмбақтар, сауалғылар қолдану арқылы оқушылардың тілін дамыту, ой-белсенділігін арттыру.
5. Мазмұнды суреттер бойынша әңгіме құрастыру, шығармашылық қабілеттерін, көз зерделерін, есте сақтау қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Сыныптарда ойынға қойылатын төмендегі әдістемелік талаптарды біліп, орындап отыруымыз керек:
1. Ойынның мақсаты нақты қойылып, керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілгені жөн.
3. Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек. 4. Ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар, олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеуі керек. Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту мен дамыту бағытындағы дидактикалық ойын
Екі теріс санның қосындысы теріс сан
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Ойындарды қолданудың теориялық негіздері
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Сандардың нумерациясын оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта ойынның оқыту және тәрбиелеу бірлігін жүзеге асыру
Бастауыш мектепте оқыту процесінде ойын технологиясын өткізу мен ұйымдастырудың маңызы мен кейбір ерекшеліктері
Пәндер