Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру


КІРІСПЕ2
1 Топтық жұмыс және оның ерекшелігі. 4
1. 1 Білім беру жүйесіндегі топтық жұмыстардың маңызы4
1. 2 Топтық жұмыстардың сипаты мен ерекшелігі11
1. 3 Топтық жұмыстарды ұйымдастыру және оның тиімділігі17
2. Географиядағы біріккен топтық жұмыс оқыту сапасын көтерудің кепілі26
2. 1 Топтық жұмыстарды география сабағында пайдалану26
2. 2 Практикалық жұмыстарда топтық жұмыстарды ұйымдастыру36
2. 3 Топтық жұмыс арқылы оқушылардың білім сапасын анықтау40
3. Топтық жұмыс формасын география сабағында қолдану әдістері46
3. 1 География сабағында қолданылатын топтық жұмыстарды
қолдану үлгілері46
ҚОРЫТЫНДЫ61
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ63
КІРІСПЕЖұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Тәуелсіз ел болғаннан бері, елімізде жаңа өмірге бетбұрыс жасай бастады. Қол-аяғымызды бауырымызға басқалы қаншама игі істер жасалынып келеді. Осының барлығы ана сүтімен дарыған тіліміздің мәртебеге ие болуы, жалпы білім беру жүйесіне оңды әсерін тигізеді.
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» - деген болатын.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім берудегі» тұжырымдамасының жобасында білім берудің мақсаттары мен міндеттерін және бұған дейінгі білім берудегі тежейтін факторларды атап көрсетті.
«Тұжырымдаманың негізгі мақсаты - жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өздігінен дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру», - деп айта келіп, білім берудегі кедергі келтіретін факторларды атап көрсетті. Олар:
Материалдық-техникалық базаның, оқу-жабдықтарының, әдістемелік құралдардың сәйкессіздігі;
Мамандардың жетіспеушілігі;
Жаңа технологиялардың қолданылмауы;
Осыған байланысты педагогикалық тың ізденістер, жаңа әдіс-тәсілдер пайда бола бастады. Жаппай білім беру сапасын көтеруде көптеген сұрақтар туып отыр. Жаңа қоғам жаңаша қажеттіліктерді қажет етеді, сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдану керектігін айқын көрсетеді. [1]
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың арасындағы іскерлік қарым-қатынас маңызды рөл атқарады. Жақсы ұйымдастырылған қарым-қатынас топтағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, оқушының жеке тұлғалық, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, ең алдымен, ұжымшылдықты тәрбиелеуге ықпал етеді.
«Топтық жұмыстағы дағдылар жалпы ұйымдастырушылық және өзін-өзі ұстай білу дағдыларын тудырады. Топтық жұмысты ұйымдастыруда дағды мен өзін-өзі бағалаудың үлкен маңызы бар» екендігін орыс педагогы Н. К. Крупская топтың бірігіп дамуындағы топтық жұмыстың нәтижесінде оқушылардың жеке тұлғасы қалыптасады деп атап көрсетті. [2]
География пәнін оқытуда топтық жұмыстардың рөлі қазіргі заманауи мектептерде қолдану өзекті болып отыр. Сондықтан, жұмыстың өзектілігі география сабағында топтық жұмыс технологиясын тиімді пайдалануға бағытталады.
Жұмыстың мақсаты. Жұмысты зерттеу барысында алға қойған мақсатымыз - қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың бірі топтық жұмыстарды қолдану технологиясы арқылы география сабағын оқыту, білімнің тиімділігін арттырудың бірден-бір көзі екендігін айқындау.
Міндеті. Жұмысты зерттеу барысында алға қойған мақсатты негізге ала отырып, бірнеше міндеттер қойылды:
- Білім беру жүйесіндегі топтық жұмыс формасының маңызын ашу және мәнін анықтау;
- топтық жұмыстар арқылы география пәнін оқытуда оқушылардың ойлау, шығармашылық қабілеттерін дарыту;
- оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерте отырып, ойлау дағдысы мен пәндік-бағдарлық сауаттылығын қалыптастыру;
- География сабағында топтық жұмыс формаларын қолдану, оны дайындау жолдары мен оның тиімділігін талдау.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, бірнеше бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың теориялық негізі: жұмыстың тақырып мазмұнын ашу барысында әр түрлі авторлардың бірнеше ғылыми еңбектерін қолдандық, білім саласына арналған журналдарда жарияланған ғылыми мақалаларды пайдаландық және интернет желісіндегі мәліметтерге сүйендік. Олар пайдаланылған әдебиеттер тізімінде көрсетілген.
Зертеу әдістері: топтау, жүйелеу, сараптау, талдау, салыстырмалы-аналитикалық.
Қазіргі заман талабы - қоғам мен білім берудің тұлғалық мән-мағыналарын байланыстыра алатын, білікті де білімді оқушы қалыптастыру. Оқушы тек қана теориялық білімдер жиынтығын жақсы меңгеріп қана қоймай, қажет болған жағдайда іс жүзінде қолданып, өмірлік жағдайларға бейімделуі және содан дұрыс нәтиже шығаруы керек. Мұның өзі оқу үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуы мен оқыту әдістемесінің жетістіктерімен тікелей байланысты.
Біздің заман - ауыспалы заман. Қазіргі таңда оқушыларымыздың шығармашылыққа толы, жеке тұлға болып қалыптасқан, өмір ағымына тез ілесе және бейімделе алатын, өмірде кездесетін қиындықтарды шеше алатын қоғамымыздың бір мүшесі болуы өте маңызды. Ал бұл үшін дұрыс ұйымдасқан оқу үрдісі болуы қажет.
Қазіргі заманауи замандағы оқушылардың қабілеті, оқуға деген ынтасы өзгерген. Соның ішінде оқушылардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріске ұшырады:
- Ақпараттандырылған балалар саны асты.
- Заманауи балалары классикалық әдебиеттерді аз оқиды. Оқу мәдениеті нашарланған сайын оқушылардың мектептегі білім жүйесін де қиындықтар туындатып отыр. Оқушылардың логикалық және ойлау қабілеттері төмендеді.
- Заманауи балалардың тіршілік әрекетінде өз құрдастарымен араласу шекарасы қалыптасты. Өз құрдастарымен бірге ойнау, бірге әрекет жасау қазіргі кезде мектеп оқушыларына қиынға соғып отыр. Мұндай жағдайлар балалар арасындағы өнегелік және дағдылық үдерісін қалыптастыруда қиындық тудырыады, құндылық қасиеттері мен қайырымдылық көңіл күй қалыптастыруда кедергі келтіреді.
- Заманауи балалардың көбі балалар ұйымының іс-шараларына қатыспайды, командалық жұмыста жетекшілік мүмкіндіктерін көрсете алмайды, сонымен бірге өзара көмектесе және әріптестік қарым-қатынас құра алмайды.
- Қазіргі кезде оқушылар өз ойларын ашық айтып, өз айтқанынан қайтпайды, әлемді зерттеуге және жаңа сынамаларға қатысуға дайын.
Бірақ та оқушылардан әлемге деген сенушіліктің төмендеуін, сонымен қатар балалар арасындағы ашуланшақтықты, өзіне деген сенімсіздікті, қауіптілік сезімдерін байқауға болады. [3]
Жүйелі-қызметтік тіл табыса алу оқушылар арасындағы қызметті түсіндіреді, сондықтан коммуникативті оқытудың қалыптасуына жағдай жасау маңызды болып отыр. Коммуникативтік мүмкіндіктің өзекті бір даму формасы - сабақ үстінде топтық қызметті ұйымдастыру болып табылады.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру оқу жүйесінде маңызды орынды алады. Топтық жұмыстың басты мақсаты - оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Сонымен бірге топ ішінде өзін көрсете алу, аз уақыт ішінде тапсырмаларды орындау, жұмысты ұйымдастыру дағдысын қалыптастыру, сонымен қатар ең маңыздысы, рефлексивті зейінін қалыптастыру.
Оқыту формасын ұйымдастыру - оқыту үрдісіндегі мұғаліммен оқушының қарым-қатынас жүйесін оқу материалын игеру кезінде анықтайтын конструкция бөлшегі.
Дәстүрлі оқыту кезінде оқушыға негізінен, өңделген дайын оқу материалдар ұсынылады. Ал бұндай дайын өнімдер оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық дамуына тежеу болады. Қазіргі заман талаптары бойынша оқушы өзінің еркіндін сезіне алатын, оны ойлай білу, өз іс-әрекетіне жауап бере алатын, шығармашылық әрекеттерінің барысында біліктілікке қол жеткізуі қажет. Сонымен бірге қазіргі кезде білім жүйесінде жариялылық және ізгілендіру үрдістерінің жүзеге асуына байланысты дәстүрлі оқу процесіндеі оқытушы-оқушы жүйесіндегі қатынас өзгеріске ұшырады. Оқушы оқу үрдісінің субъектісіне айналды.
Сабақта оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі формаларына фронтальды, дербес және топтық формалары жатады.
Фронтальды оқыту формасы - сыныптағы барлық оқушылардың қатысуымен, берілген бір тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындаумен ерекшеленеді.
Дербес жұмысты ұйымдастыру формасы - сыныптағы оқушылардың араласуынсыз және мұғалімнің қатысуынсыз, әртүрлі тапсырмаларды оқушының өзі жеке орындайды.
Топтық оқыту формасы - оқу үрдісінде бірыңғай немесе дифференциалды тапсырмаларды шағын топ оқушыларымен (құрамында 2-6 адам) топ ішінде әріптестік және мұғалімнің жетекшілігімен орындауды талап етеді.
Топтық оқыту - оқушылардың өзара қарым-қатынас жасау барысында ұжымдық, бірлескен оқу нәтижесінде мақсатқа жететін оқыту құрылымы болып табылады. Топтық жұмыста топ мүшелерінің қабілеттері мен атқаратын қызметтері құрметтелуі керек, оқушылар жеке-дара емес, бірлесіп жұмыс жасаулары көрсетілген. Топтық жұмыс тиімді болуы үшін, топ мүшелері өзара жауапкершіліктерін бөлісіп алады. Топтық жұмыстың басты аспектісі болып топ мүшелерінің бірлесіп бітімге келіп, келісімге қол жеткізуіне негізделген.
Топтық оқыту - бұл оқыту мен оқу тәсілі, аталған тәсіл мәселелерді шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық оқыту - оқуды табиғи әлеуметтік әрекет ретінде қабылдауға негізделген, оған қатысушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады.
Педагогикада топтасып оқу тәсілдерінің саны жеткілікті, бірақ та бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:
1. Оқу - оқушылар мәліметті игеретін және өздері игерген ақпаратты бұрын алған түсініктерімен, меңгерген білімдерімен байланыстыратын белсенді үдеріс болып табылады.
2. Оқу - тапсырмаларды орындағанда, оларды механикалық есте сақтау мен қайталау емес, жолдастарының белсенді қатысып, жаңа мәліметтерді өңдеп және қорытуды талап етеді.
3. Қатысушылар әрбір оқушының өзіндік көзқарасымен танысу кезінде өзіне қажетті пайда алады.
4. Оқу - оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында жетіледі. Осы зияткерлік жаттығу кезінде оқушылар ой-пайымдарының негізін құрып, мәнін ұғады.
5. Оқытудың топтық формасында оқушылар әлеуметтік және көңіл-күй жағынан да дамып, белсенді бола бастайды, себебі олар түрлі көзқарастарды пайымдап, өз ой-тұжырымын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда оқушылар сарапшылардың немесе мәтін аясында шектеліп қалмай, өздерінің ерекше тұжырымдамалық түсініктерін құруды бастайды. Осылайша топтасып оқу жағдайында оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға, әртүрлі ұстанымдармен алмасуға, басқа тұжырымдамаларға күмәнмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады. [4]
Жалпы алғанда, топтардағы бірлескен жұмыс төмендегі мақсаттарда жүзеге асырылады:
1-сурет. Топтық жұмыс жүргізу мақсаттары
Топтық жұмысты материалды оқыту кезең, міндетіне қарамастан нақты бір материалды жүйелеуге, алдағы материалды жалпылауға, оқиғалар мен құбылыстарды, олардың ерекшеліктерін анықтауда тереңдетіліп оқыту үшін қолданылады.
2-сурет. Топтағы бірлескен жұмыс жүргізу себептері
Топтық оқыту формасы - бұл фронтальды және жеке жұмыс ерекшеліктерін қосатын диалектикалық орта буын. Фронтальды жұмыстан топтық жұмыс формасы өзіне әңгімелесу мүмкіндігін таңдайды, ал жекеден - дербестік қасиеттерін алады.
1 кесте
Топта оқыту мен дағдысын қалыптастыру.
Топтық жұмыстан барынша көп басымдылық алу үшін, мұғалімдер мен оқушылар барлығынан хабардар болуы қажет және бақылау мен қарым-қатынас жасау барысында жеке тұлғалық дағдыларын дамытып, өз ойларын білдіріп және басқаларға қолдау көрсету өте маңызды (3-сурет)
3-сурет. Топтық жұмыс барысындағы дамитын дағдылар
Оқушылар ұдайы топтық формада жұмыс жасайтын болса, өзін-өзі бағалауға және реттеуге үйренеді. Марта Бронсон (2002) оқушының өзін-өзі реттеуінің төрт саласын ашып көрсеткен:
- Когнитивті өзін-өзі реттеу, метатаным
Оқушылардың өзіндік оқуы туралы білімі мен өзін-өзі тану деңгейін арттырумен байланысты. Барлық оқушылар еркін болуды қалайды.
- Эмоциялық өзін-өзі реттеу: «эмоциялық зият»
Эмоция саласында оқушылар өз көңіл-күйі мен басқа оқушылардың әсері жайлы молырақ хабардар болады; мұның эмоциялық өзін өзі бақылауын және басқа адамдар үшін қамқорлықты дамыту үшін негізгі мәні бар.
- Әлеуметтік өзін өзі реттеу: «ақыл-ой теориясы»
Оқушылар достық қарым-қатынас орнатуға, басқа адамдармен бірігіп жұмыс істеуге және үлкендердің көмегінсіз әлеуметтік мәселені шешуге біртіндеп үйренетін әлеуметтік саламен байланысты. Заманауи зерттеулер осы әлеуметтік қабілеттің шешуші деңгейде оқушылардың дамушы «ақыл-ой теориясына», яғни басқа адамдарда оның өзінікіне ұқсас ақылы бар екенін түсінуіне байланысты болатынын көрсетті.
- Ынталандырушылық өзін-өзі реттеу: игеру бағдары
Ынталандыру саласындағы зерттеулер оқушыларда бақылау сезімі мен өз күшіне деген сенімділік сезімінің түйінді дамуын немесе ғылыми әдебиетте «игеру бағдарын» дамыту деп аталатынды көрсетті, бұл қауіп-қатермен байланысты жағдайда төзімділікті; қателіктен сабақ алуын және күрделі міндеттерді шешуден ләззат алуын дамытуға алып келеді.
Бұл үрдістер кезең-кезеңмен өтетінін тәжірибеде расталып отыр. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекеттестік дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады (4-сурет) .
4-сурет. Дағдыларды дамыту үдерісі
Әлеуметтік өзара әрекеттестік дегеніміз не?
Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.
Тиімді топтық қарым-қатынас дегеніміз не?
Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу;
• белсенді тыңдау;
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау;
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау;
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу;
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау;
• көмектесу және көмек сұрау;
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну;
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау;
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу;
• талқылаудың қорытындысын шығару;
• дәйекті айғақтар келтіру.
Мәселелерді шешу стратегиялары
Орын алған мәселені шешу мақсатындағы топтық жұмыс - оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:
• уақытты ұтымды жоспарлауға;
• инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
• топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;
• топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т. б. ) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
• тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді. [5]
Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастырғанда, әрбір оқушының деңгейлік ерекшелігіне ғана емес, сонымен бірге олардың ыңғайына қарай ілесіп, оқу процессіне тиімді жолдарды есепке алу қажет. Сабақ беру барысында өзінің ескі стилін өзгерткісі келмейтін мұғалімдердің есебінен, оқушылардың кейбірі оқу бағдарламасын толық меңгере алмауы мүмкін. Солар басқа қызығушылықтары бойынша топтарға бірігуі мүмкін. Осылайша оқушылар мен мұғалім арасында көптеген қиындықтар туындап жатады.
1. 2 Топтық жұмыстардың сипаты мен ерекшелігіМұғалімдердің ең маңызды, сабақты қызықтыра ұйымдастырып, жұмысының нәтижесін көрсете алатын күшті, қабілетті педагогикалық құралы - балалар ұжымы. Мұғалім оқушыларды мәжбүр етпейді, керісінше оқу іс-әрекетіне қатыстырып отырады. Сондықтан, сабақ - мұғалім мен балалардың ұжымдық еңбегі деп атауымызға әбден болады.
Оқытудың ұжымдық формасы динамикалық (қозғалғыш) жұп немесе ауыспалы жұп түрінде өтеді. Бұл кезде оқушылар бір-бірімен жай жұптасып қана қоймайды, әрбір бала бір-бірімен кезектесе отырып, ақпарат алмасып жұмыс істейді, бірақ жұптардың құрамы үнемі өзгеріп отырады.
Соңғы кездері оқушының танымдық әрекетін сапалы ұйымдастыру технологияларының бірі ретінде топтық жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесі (В. К. Дьяченко, А. Г. Ривин) кеңінен танылып жүр. [6, 7]
Оқытуды ұйымдастырудың топтық формасы көбіне ауызша сабақтарда қолдану тиімді. Оқушылар бірнеше топқа бөлінеді, әрбір топта 4-5 оқушыдан болады. Оқушылар белгілі оқу тапсырмасын орындайды. Мысалы: а) талдауды және материалды салыстыруды қажет ететін тапсырмалар; ә) жаттығуды қажет ететін тапсырмалар; б) топтау, жинақтауды қажет ететін тапсырмалар.
Барлық тапсырмалардың сұрақтарына барынша жауап беруі үшін оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан кейін әрбір оқушы топтық тапсырманың бөлігін өз бетімен орындайды, әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымдық түрде талқыланады. Жұмыстың нәтижесін жолдастарының ұсынысы бойынша бір оқушы баяндайды. Мұғалім жеке жетістіктерді бағалайды және топтың әрбір мүшесінің бағасын қорытындылайды.
Сабақ уақытда қандай да болмасын оқыту әдіс-тәсілін қолдану барысында, оқушылардың бірігіп жұмыс жасау ұстанымын жетекші етіп қою керек. Мысалы, олар топтық айтыс, ынтымақтастық, өзара жәрдем, өзара түсінісу секілді жұмыстар барысында оқушылардың тұйық мінезділігін, тұйық оңашалануын, бөлектенуін болдырмау қажет. Яғни, топтық жұмыс кезінде ешқандай оқушы сабқтан тысқары қалып қоймауы керек.
Топтық жұмыстарды ұйымдастыру теориясының негізін салған А. Г. Ривин, В. К. Дьяченконың пікірінше, топтық жұмыстың аса басымдылығы- топ ішінде, мұғалім мен оқушылар арасында қандай да бір шартты талаптарсыз еркін түрде, демократиялық тұрғыда оқыту мүмкіндігі жүзеге асады.
Оқушылардың ортада пікір алмасуын, олардың түсінісу қажеттілігін өтейтін, өз ойын жеткізуге мүмкіндік тудыратын, сол арқылы тілін дамытатын тиімді әдістерінің бірі - топтық жұмыстар технологиясы (В. К. Дьяченко) [7] .
Топтық жұмыстар барысында оқытудың тәрбиелік мәні де артады. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өз бойын түзеуге, сөз мәнерін сақтауға әсер етеді. Сонымен қатар, оқушылардың арасында топтық жұмыстарды орындау кезінде достық, жолдастық, ұжымдық сезімдер қалыптасады.
Топтық жұмыстарды жүргізудің екі түрі бар:
- Бірыңғай топтық жұмыс;
- Сараланған топтық жұмыс[8] .
Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырманы орындайды.
Аталған технологияның басты талаптары:
- педагогикалық ынтымақтастыққа жеке қатынас;
- табыс - оқытуда бала дамуының жетекші шарты;
- сыныпта жағымды атмосфералық жағдай туғызып, көңіл-күйді көтеру;
- қателермен жұмыс істегеннен гөрі оны болдырмау;
- оқу материалының мазмұны жүйелі, бірізді болуы;
- әр бала үшін тапсырманың қолжетерлік болуы мен сараланып берілуі;
- білетін оқушы арқылы білмейтіндерді оқыту.
Топтық жұмыстармен қатар ұжымдық жұмыс жасау технологиясын (А. Г. Ривин) қолдану тиімді болмақ. Аталған технологияны қолдану төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алуды міндеттейді:
- оқушылардың өзара орнын алмастыруды;
- өзара оқытуды ұйымдастыру;
- өзара бақылау жүргізу;
- өзара басқару орнату.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz