Оқушылардың жобаны орындауы


Дипломдық жұмыс
География сабағында жобалау технологиясын қолдану.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н. Назарбаев жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Бүгінгі қоғамның ұстаздар алдына қойып отырған басты міндеті, артар жүгі-сапалы білім берумен қатар жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі қалыптасқан, өмірде ойын жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыру. Білім беру саласында жас ұрпақты пәндік біліммен қаруландыру ғана емес, олардың бойына өзін-өзі дамыта алатын, өздігінен ізденіп, зерттеуді жүргізе білетін, өзіне-өзі қызмет көрсете алатын, қоғам талабына сай еңбекқор, мәдениетті, ұлттық рухани-адамгершілікті және шығармашылықпен жұмыс істей алатын іскерлік қабілеттерін танытуды мақсат етеміз. Оқушының жан-жақты дамуындағы проблемалық жағдайларды туғызатын теориялық маңызды, практикалық тұрғыдан өзекті мәселе болып есептеледі. Сондықтан, жаңаша білім беру жүйесіндегі «География» пәні оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту: тоқтаусыз өзгерістегі қоғам талабына сай рухани интеллекті, жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерді сын көзбен саралай алуға, өзін-өзі басқара алуға, жаңаша жобалар мен идеяларға шығармашыл білім беру саласының арнайы тарауларын оқыту, сабақта жаңа технологиялар мен шығармашылық жобалау әдістері арқылы оқушылардың өз бетімен іздену, зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өмір ағымындағы материалдық қажеттіліктен туындаған мәселені дайындау технологиясын үйрету, оның экономикалық тиімділігі, талаптарға сәйкестігі мен жобалау іс-әрекетінің іскерлік қабілеттілігін қалыптастыра отырып, оқушыларға экологиялық және эстетикалық тәрбие беру, еңбексүйгіштікке баулу, шығармашылықпен ойлау қабілеттіліктерін дамыту, тарихи ұлттық мұраларымызды ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға баулу, болашақ мамандықты дұрыс таңдауға бағыт беру міндетіміз. Қойылған мақсат, міндеттерге жету жолындағы әдіс-тәсілдерге: интернетжүйесімен жұмыс, институт, университеттермен, кәсіптік мекемелермен, кітапхана орталықтарымен, ғылыми зерттеу мекемелерімен, педагогикалық бақылау (әңгімелесу, сауалнама алу, эксперимент жүргізу, салыстыру), мониторинг шығару, талдау, жинақтау, бағалау жатады. География сабағында оқушылардың ізденіс, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерінің қалыптасу, даму жолдары зерттеу нысаны болып саналады.
Еуропада «жоба» сөзі латын тілінен алынып, projectus «жоба, нұсқау» деген мағынаны білдіреді, «сөйлеуші», «көзге түсуші», яғни бір нысанның, бір істің түптұлғасы, түпбейнесі сияқты, ол іс-әрекет жоба жасауға әкеледі. Сонымен жоба жоқты жасауға тырысады, яғни ол бір нәрсені алудың жолын көрсетеді. Жоба сөзінің түсінігі терминологияда «мәселе» (мәселе) сөзімен тығыз байланыста болады. Жоба мәселе ретінде шығармашылықтың шынайы жағдайын жасауы мүмкін, онда адам идеялардың жаршысы, жүзеге асырушысы. Жоба әдісі оқушылардың бір мәселені шешуін талап етеді. Ал мәселені шешу үшін олар бір жағынан әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданса, екінші жағынан әр түрлі пәндерден алынған білімнің интеграциясын пайдалануы керек. Демек, жоба әдісі оқушылардың білімділік кезеңіне түсіп, өз мәселелерін іздеп, тауып, шешуі, өзіндік жұмыстарын, іс-әрекетін ұйымдастыруы. Оқыту үрдісінде қазіргі уақытта оқыту үрдісінде жобалау әдісі кеңінен қолданылуда. Оны мектептегі кез-келген пәндерге пайдалануға болады, әсіресе, осы жоба арқылы география пәнінен 6-11 сыныптардың оқушылары үшін көлемі жағынан көптеген міндеттерді шешеді. Оқушылардың көмегімен бүгін мектепте ойлау жоба жұмыстарын дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар - ол жобалық іс-әрекеттер. Жобалық іс-әрекет оқытушы мен оқушының бірлесіп қызмет етуіне бағытталған, ол үздіксіз білім беру үрдісінде бағалау түрі болып саналады, сонымен қатар оқушылардың кәсіптік маңызды қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жобалау технологиясы оқушылардың жеке тұлғасын, олардың өзіндік жұмысы мен шығармашылығын дамытуға мақсатталған. Оқушылар жобалаумен жұмыс істеу нәтижесінде өз бетімен ізденеді, ақпаратты саралайды, пәннен алған білімін қорытындылап және оны қолданады, өзіндік жұмыс пен жауапкершілікке ие болады, жоспарлау икемділігі мен шешімді қабылдауды дамытады және қалыптастырады. Балалар өздерінің еңбек нәтижілерінің сынақтан өткеніне қанағаттанады, сонымен қатар, оны басқа оқушылар үйренуге пайдалана алады. Оқушылардың еңбек нәтижесі неғұрлым сұраныста болса, солғұрлым олардың жауапкершілігі мен ынтасы арта түседі.
Оқушылардың оқу-танымдылық іс-әрекетінен нәтиже бағыты туралы идея жобалау әдісі негізінде жатыр, практикалық немесе теориялық маңызды мәселелерді шешуге болады. Жобалау әдісі оқушылардың шығармашылық потенциялын жоғарлатады, шамадан тыс оқуды төмендетеді, білімді дәлелдейді әрі жоғары тиімділікті демонстрациялайды.
География пәнін оқытуда жобалау технологиясын қолданудың өзектілігі: Ол мүмкіндік береді:
- геогрфияны оқытуда іс-әрекетті жүзеге асыруда;
- география пәнінің сағат саны қысқару мәселесін шешуде;
- оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыруда;
- оқушылардың географиялық болжауды меңгеруіне;
- оқушылардың қоғамдық саралауға қатысуына.
Білім беру үрдісінде бүгінгі күні тәсілдер мен әдістерді тиімді қолдану өзекті мәселе болып тұр. Әртүрлі әдістер мен тәсілдер жаңа білімді өздігімен іздену икемділігін қалыптастырады, қажетті ақпаратты жинақтайды, ғылыми болжамды алға тартады, ақылмен бекітеді және қортындылайды. Жалпы дидактика мен әр пәннің жеке әдістемесі және географиялық мәселені шешуге және оқушылардың қабілеттілігі мен икемділігін дамытумен байланысты өзіндік жұмысқа және өзіндік дамуға шақырады.
Өз бетімен ойлай, өз алдына әлеуметті маңызды міндеттерді қоя алатын, жобалау жолдарын шеше және нәтижені болжай алатын адам қоғамымызға өте қажет. Оқытушы берілген міндетті шығармашылық жағынан шешудің орын- далуын және жаңа әдістер мен технологияны қолдануды бақылайды. Білім алушыныңосындай жобалау технологиясы маңызды құзіреті болып саналады: жалпы ғылыми, ақпараттық, танымдылық, коммуникативтік, бағалы-ойлы, әлеуметті, тұлғаның білімін арттыруға талпындыру.
Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау”, - деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру [1] .
Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дəстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көз жеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық, кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерін қалыптастыра отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Ең алдымен, оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне деген сенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп, дұрыс шешім қабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет.
21-ғасырда əлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдылықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тəрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыружəне жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екендігі - бүгінгі күннің талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен-күнге артуда. Бұл технология əлемдік педагогикада жаңалық емес. Жобалау технологиясы - оқушылардың жоспарлау жəне күрделене беретін тапсырмаларды орындау арқылы меңгеретін білім.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жалпы білім беретін орта мектептерде география пәнін оқыту үрдісінде жобалау технологияларының бірнеше әдістерін қолдануда оқу сапасын арттырудың тиімділігін, оқушы- лардың өзіндің жұмысты істеуін, пәнге деген қызығушылығын, қабілеттерін анықтау, қолдану жолдарын іздестіружәне оның тиімділігін көрсету.
Дипломдық жұмыстың мақсатын шешу үшін мынадай міндеттер қойылды:
- жобалау әдісі туралы педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу ;
- жобалау іс - әрекетінің мазмұны мен құрылымын, жоба әдістемесінің орындалуын ашу
-сабақ беру үрдісінде жобалау технологиясы фрагменттерін пайдалану;
- әртүрлі география курстарына жоба тақырыптарын жасау;
- осы әдісті географияны оқыту үрдісіне енгізу;
- оқу үрдісінде жобалау әдісінің нәтижесін талдау және қорытындылау;
- осы әдісті алдағы жобалау жұмыстары үшін міндеттерде белгілеу.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін орта мектептердегі география курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: география сабағында жобалау технологиясын қолдану әдістемесі.
Ғылыми жаңашылдығы: география сабағында жоба әдісін біртұтасғылыми педагогикалық негіздемесінде құру.
Болжамы: география сабағында жобалау технологиясын қолдану оқушылардың білім сапасын және қызығушылық танымдылығын жоғарлатады.
1 География сабағында жобалау технологиясын қолданудың теориялық негізі
- Жобалау технологиясының мәні
19-ғасырдың 2-ші жартысында жобалау технологиясы АҚШ ауыл шаруашылығы мектептерінде пайда болған. Оның негізін психолог, педагог және философ Джон Дьюи қалаған. Дьюидің ілімін жалғастырушы-Колумбия университетінің жанындағы мұғалімдер колледжінің профессоры Ульям Херд Килпатриктің ойынша, балаларды өз жұмысының жемісін көруге ынталандыру арқылы үлкен өмірге дайындау - бұл технологияның негізі. "Өзіне көйлек тігіп киген бойжеткенді мысалға алайық. Егер ол кейін өзі киетін көйлегі үшін жанын аямай, ерінбей, аса қызығушылықпен көйлек үлгісін өзі ойлап тауып, өз бетімен өлшеп, пішіп, тігіп кисе - бұл мысал жобалау технологиясының нағыз типтік үлгісі" - деген үлкен Хилпатрик. Кеңес үкіметі кезіндегі мектептердегі жобалау технологиясын енгізуге асықпай жүргенде, ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттерде: АҚШ-та, Канадада, Англияда, Аустралия жəне Жаңа Зеландияда ол кеңінен таралып жатты. Еуропаның да бірқатар мемлекеттерінде ол кең тамырын терең жая бастады. Əрине, уақыт өткен сайын бұл технологияда бірқатар өзгерістерге ұшырап отырады. Еркін тəрбиелеу ойынан туындаған жобалау əдістемесі біртіндеп "тəртіпке бағынып", білім беру əдістемесі құрамына табыспен еніп отыр. Бірақ, оның негізі, түпкі мақсаты қай кезде болса да, қала бермек оқушының білім алуға жəне сол білімін мектеп қабырғасынан шыққанда нақты проблемаларды шеше білуде қолдануға үйрету.
Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат - оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру жəне сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта əр түрлі жағдаяттарда, əр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жобаның тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашақта дұрыс тұлға болып қалыптасады. Əр түрлі жағдаяттарды дұрыс шешім қабылдап отырып, əр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, əр ортада дұрыс бағыт - бағдар бере алады. Сонымен, жобаның тиімділігі көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мəселелерді шеш білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Жобалау технологиясы негізінде оқушылардың жеке, жұппен немесе топпенбірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарыда айтылғандай, оны жоспарлай білу қажет. Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу үрдісіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек дегенидеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технология-лардың бірі - жобалап оқыту технологиясы.
Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің “Жобалау әдісі” атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж. ) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді: оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс. Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі. Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады. Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді.
Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді. Алайда, бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық - бұл жаңаның пайда болуы. Бұл жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда, шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін емес.
Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады. Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді. Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түрде қажет болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.
Жобалау мен даму . Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты, отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып табылады. Алайда, жобалаудың теориялық тұрғысынан бұл жерде жобалаудың негіздері жоқ, ең біріншіден, мәселенің анализі, яғни гүлдер отырғызылған жағдайда өзгеретін жәйт. Гүлдер отырғызылған жағдайда не өзгереді? Біз өзгерткіміз келген заттың жұмыс істеу жүйесі қалай өзгереді? Нәтижесін қайдан көреміз? Теория тұрғысынан осындай сұрақтарға міндетті түрде жауап беруіміз керек. Жобалаудың құрылымы:
- нақты нәтиже шығару жобасы;
- нақты мәселенің анализі;
- нақты уақыт белгілеу;
- жұмыс жүргізу жобасы;
- нәтиже шығару.
Жобалаудың ең негізі мәселенің анализі болып табылады. Мәселе шешудегі нәтиже белгіленіп, оған жету үшін жасалатын қадамдар жобасы жасалады. Мәселе анализі неғұрлым нақты жасалатын болса, жоба да соғұрлым жақсы болады.
Жоба мен ғылыми жұмыс. Бұл жерде мысал ретінде ғылыми жұмысты қарастырғанымыз. Ғылыми жұмыс пен жоба ұқсас келеді. Ғылыми жұмыс жобаның негізін құрай алады. Сонымен қатар, кейбір жобалар ғылыми ізденіс тудырып, ғылыми жұмысқа айналуы мүмкін.
Жоба мен қабілет. Жобалауды жүзеге асыру үшін тұлға қандай қабілетке ие болу керектігін айтамыз. Ең біріншіден, тұлға продуктивті ойлау қабілетіне ие болуы керек. Продуктивті ойлаудың негізгі сатылары:
- мәселенің сарапталуы, тақырыптың пайда болуы;
- мәселені шешудегі жұмыстар жобасын құру;
- мәселе шешуде ойларын іске асыру;
Продуктивті ойлаудың екінші сатысы - мәселені түсіну, яғни сараптама жасау. Назар аударарлық тағы бір жәйт мәселе шешуде шешім қабылдау. Ал мәселені шешу сатылары:
- мәселенің негізі, яғни қандай жұмыс жасау керектігін ұғу;
- мәселе құрамын бағалау, яғни мәлімет іздеу және іріктеу;
- мәселе шешудегі нақты қадамдарды анықтап, іске асыру.
- мәселе шешудегі нәтижеге жету жолдарын іздестіру;
- мәселені шешу;
Қорытынды саты - шешім қабылдау. Шешім қабылдау өте қиын үрдіс. Шешім қабылдау 9 элементтен тұрады[2] .
1. Таңдау. Бұл тұлғаның өзінен немесе қоғаммен жасалған таңдау болуы мүмкін.
2. Ұғыну. Мәселе шешу және шешім қабылдау тұлғаның сол мәселе шешудегі рөлін ұғынуы керек.
3. Креативтілік. Мәселе шешудегі креативтілік, яғни стандартқа сай емес шешімдерді іздеу.
4. Компромисс. Мәселе шешуде компромисс іздеу, яғни мәселеге қатысты барлық тұлғалардың жағдайын ойлау.
5. Алдын-ала ойлау. Мәселені шешкеннен кейін нәтижесінің қандай болатынын ойлау, ұғыну.
6. Шешімнің дұрыстығы- шешім қабылдау сатысының ең қиын бөлігі.
7. Мәліметтердің нақтылығын тексеру.
8. Шешім қабылдау сатыларының дұрыстығын тексеру.
9. Жауапкершілік.
Білім беру жүйесі. Білім беру жүйесінің негізін мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы құрайды. Орта мектептің білім беру жүйесінің түрлері мен заңдылықтары бар. Білім беру жүйесінде оқушы өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне жауапты болады, яғни баға алып, мұғалім мен ата-анасының көзқарасына ие болады. Осыған байланысты оқушылар практикалық іс-әрекет жасауға икемденеді[4] .
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің маңызды бөлігі бағалау болып табылады. Оқушының іс-әрекетінен пайда болған нәтижені оқушы өзі бағалай алмайды, алайда, мұғалімнің қойған бағасымен танысады. Сонымен бағалау - оқушының жауапкершілігін арттыру механизмі болып табылады.
Негізі бағалау бірнеше сатыдан өту керек: ол - жаттығулардың дұрыстығын бағалау; ойының оригиналдығын бағалау; жаттығуды орындаудағы оқушының еңбегін бағалау т. с. с. Бірақ, қазіргі жағдайда бағалау тек жаттығулардың дұрыстығын бағалайды. Бағалаудың дұрыс жүргізілуі үшін білім беру жүйесіне мұғалімнің ғана емес, сонымен қатар, оқушының да іс-әрекеті септігін тигізуі керек. Яғни, оқушыға жаттығуды таңдау, бағалау түрін таңдау мүмкіндігі берілу керек. Мысалы, екі сағаттық тестілеуден кейін оқушылар жаттығуларды қандай тәртіппен орындағандарын сұрады. Олар жаттығуларды бірінен соң бірін орындаған екен, тек бір оқушы ғана кері қарай, соңынан бастаған екен. Сонда оқушылардың белгілі бір жаттығуды орындаудағы жолдарын таңдау мүмкіндігі жоқ екен. Жақсы бағалар тек жаттығудың дұрыс орындалуына ғана қойылады. Оқушылар тек жаттығуды дүрыс орындауды ғана, ал шешу жолдарын мүлде елемейді екен. Осындай жағдайлар көп кездеседі. Сонымен бағалау оқушыға өз іс-әрекетінің нәтижесін байқап, пассивті үрдісті өздік таңдау жағдайына алып келетін ең негізгі механизм болып табылады.
Білім жүйесінің формалары оқушының өздік оқыту субъектісіне айналуына және жобалау жұмысының негізі бола алатынын түсіндік. Осындай қолда бар материалдармен жобалау жұмысын құруға болады. Іс-әрекет жасау, мәселе шешудегі жолдарын қарастыру, нәтижесінің қандай болуын ойлау- жобалау жұмысының негізін құраушылар болып табылады. Сонымен оқу үрдісі оқушының практикалық іс-әрекетін қолдану үшін жағдай тудыруы қажет, яғни жоба оқу үрдісі мен оқушылардың практикалық іс-әрекетіне негізделіп құрылуы керек. Іске асу формалары:
- ғылыми-практикалық ізденістер, эксперименттер;
- өзінің шығармаларын жазу;
- нақты мәселенің анализі, адамдардың қарым-қатынасын жобалау;
Қазіргі кездегі білім беру үрдісі белгілі бір мәселелердің оқу-практикалық тұрғысына негізделуі керек. Белгілі бір пән оқыту үрдісі теория мен практикадан құрылуы керек. Себебі, практикада оқушының ойлау қабілеті ұлғайып, мәселерді шешуге бейімделеді. Ал бұлар жобалау жұмысындағы негіздердің бірі болып табылады. Сол үшін жобалау жұмысын жүргізуде практикалық сабақтарды жоспарлау мен іске асыру мұғалімдер алдындағы басты мәселе болып табылады [1] .
Сонымен білім беру жүйесі оқушының қазірден пайда болған қиын мәселерді шешу, шешудегі әр түрлі жолдарды қарастыру іс-әрекетіне әсер етеді. Сондықтан білім беру жүйесін барынша жүйелі және оқушылар мен мұғалімдер үшін ыңғайлы етіп жасауымыз керек. Осы мақсатқа жету үшін жаболау әдісін бірінші мұғалімдерге, сосын оқушыларға үйретіп оқыту үрдісін дамыту қажет.
- Жобалау әдісі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz