Есеп және аудит



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
НҰР-СУЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ТҰРАН КОЛЛЕДЖІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
ОҚУ ТӘЖІРИБЕ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БОЙЫНША ЕСЕП БЕРУ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пәні:Аудит
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тақырыбы: Нарық экономикасындағы аудиттің мәні мен атқаратын рөлі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Директордың оқу-өндірістік жұмыстар:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
жөніндегі орынбасары Г.Б. Есенбекова_______ (подпись)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Арнайы пән оқытушысы:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
_____Дәлелқызы Айкүміс________ __________ (Ф.И.О.преподавателя)(подпись)
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Студенттің аты-жөні: Макашева Алия Аскаровна
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мамандығы: Есеп және аудит
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тобы: 3 курс,қазақ тобы
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Есепті өткізген күн: 21.04.2020-24.04.2020
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Есепті қорғаған күн: 24.04.2020
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бағасы: ____ ______________________________
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2019-2020 оқу жыл

Мазмұны
Кіріспе
I.Нарық экономикасындағы аудиттің мәні мен атқаратын рөлі
1.1Аудиттің мәні және мазмұны 1.2 Аудиттің негізгі принциптері мен функциялары
II.Аудит және аудиторлық қызметтің әдіснамалық негізі
2.1 Аудиттің әдістемелік тәсілдері
2.2. Аудиторлық қызметті негізділік бойынша тексеру.
2.3. Аудиттің жүргізілуіне байланысты негізгі қызметтер.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазақстан Республикасының егемендік алып, нарықтық экономикаға көшуі қоғамдық өмірдің барлық жағынан өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты - бухгалтерлік және салықтық есептілікте көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын бақылауды қамтамасыз ету.
Аудит - бұл бақылаудың ерекше, тәуелсіз түрі. Аудит - бұл тәуелсіз сараптама және талдау. аудит дегеніміз - дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету.
Қазіргі кезде барлық шаруашылықпен айналысатындардың алдында тұрған өткір, өзекті мәселелердің бірі- аудиттің қалыптасуы мен оның құқықтық негіздірінің қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен қатар, нарықтық қатынастардың қалыптасуымен әрбір кәсіпорында мүлігінің толықтығы мен сақталуын қамтамасыз етудің қажеттілігі аудитке деген қажеттілікті туындатты.
Оқу тәжірибесі жұмысының негізгі мақсаты- нарық экономикасындағы аудиттің түсінігімен, оның маңыздылығымен, жүргізілетін зерттеудің обьектісімен,зерттеу, қаржылық жағдйды талдау есептеу әдістерімен таныстыру болып табылады.Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес, нарық экономикасындағы аудиттің мәні мен алатын орны туралы жалпы мәлімет қарастырылған.
Оқу тәжірибесінің өзектілігі- Қазақстан Республикасының нарықтық экономика сахнасының даму сатысында орныққан сәтінен көп уақыт өте қоймады. Сондықтан, шаруашылық субьектілерінің жеке салаларының қарқынды дамуына байланысты көтеріліп жатқан мәселелер, инфляция, жұмыссыздық өсімінің жоғарылауы, шаруашылық субъектілері арасында тұрақсыз нарықтық қатынастарының артуын байқаймыз.Сол себепті,қазіргі таңдағы бұл тақырыптың өзектілігі сөзсіз екендігі мәлім.
Оқу тәжірибесі келесі тақырыптар ауқымында мәліметтермен қамтылды:2 бөлім шегінде, яғни Нарық экономикасындағы аудиттің мәні және Аудит және аудиторлық қызметтің әдіснамалық негізі жөнінде ақпараттармен қамтылды.Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы заңына сәйкес Нарық экономикасындағы аудиттің мәні мен атқаратын рөлі жөнінде мәлімдеме бердім.

I.Нарық экономикасындағы аудиттің мәні
1.1 Аудиттің мәні мен мазмұны
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болды, соның бірі- аудит. Сол кездерде елімізде акционерлік қоғамдар, бірлескен кәсіпорындар, коммерциялық банктер, тағы басқаларының құрыллуы, көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне әсер етті.
Нарық экономикасы қатынастары жағдайында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу, көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы керек. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек аудитор анықтап айта алады. Тәуелсіз аудитор клиенттерге олардың келісімі немесе шақыруы бойынша қызмет етеді. Бұл тек ақы төлеу арқылы белгіленген шарт бойынша жүргізіледі.
Қазіргі заманда нарық экономикасы дамыған дүние жүзіндегі барлық мемлекеттерде аудит жөнінде қоғамдық институттар құрылған. Көпшілік мемлекеттерде бухгалтер-аудит жөнінде кәсіби мекемелер құрылған
Аудит ұғымы тексеру және бақылау ұғымдарынан әлдеқайда терең. Аудитор тексерушіден өзінің мақсатымен, клиентпен қарым-қатынасымен, тәуелсіз пікір білдіруімен, терең баға беруімен, объектінің даму келешегі мен жағдайы туралы қорытындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.
Қаржылық есептіліктің аудиті дегеніміз - бұл аудиторлық ұйым жүргізетін және нәтижесінде экономикалық субъектінің қаржылық есептілігінің сенімділігі дәрежесі туралы аудиторлық ұйымның пікірін білдіретін тәуелсіз тексеру.
Аудиторлық қызмет дегеніміз - бұл нақты аудиторлық тексерулер мен байланысты жұмыстар мен қызметтерді ұсынуға арналған кәсіпкерлік қызмет.
Шындығында, аудиторлық қызметпен айналысуға құқық беретін сертификаты бар сертификатталған аудитор ғана аудиторлық қызметпен айналысуға құқылы. Аудит кез-келген заңды тұлғаға, олардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен қызмет түрлеріне қарамастан, сондай-ақ заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын және жеке кәсіпкер ретінде тіркелген кез-келген жеке тұлғаларға қатысты жүргізілуі мүмкін.

Аудит Қазақстан республикасында жаңадан пайда бола бастады. 1990 жылы алғашқы аудиторлық фирма ҚР министрлер Кеңесінің 15.02.1990 жылғы №60 қаулысына байланысты ҚР Қаржы Министрлігінің құрамынан Қазақстан - аудит атты аудиторлық орталық құрылған. 1992 жылдан бастап ол өз бетінше ірі акционерлік бірлестікке айналып, Қазақстан территориясындағы кәсіпорындар мен мекемелерге билік формасына қарамастан аудиторлық қызмет пен кеңес беру жұмыстарын атқара бастады. Аудиторлық жұмыстың әрі қарай дамуына 18.10.1993 жылы шыққан Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы заңы әсерін тигізді.

1.2 Аудиттің негізгі қағидалары мен оның кәсіпорынды басқару жүйесіндегі орны

Аудит жұмысы келесі қағидаларды сақтау арқылы жүргізіледі.
1. Ғылыми негізділігі. Аудиттің ғылыми негізі оның методологиясының диалектикалық әдісімен дамиды. Экономика теориясындағы объективтік шындықты негізге алу болып табылады, Аудит жұмысының барлық мәліметі, тұжырымы ғылыми жолмен анықталған, дәлелденген болуы қажет. Аудит қызметінің ғылыми даму барысы оның көптеген нақты факторларын талдау арқылы ол өзінің теориясын құрайды. Аудит жұмысы барысында ғылыми зерттеу әдісі қолданылады. Мысалы, аудитте экономикалық талдау қолданылады, ол яғни фактілерді зерттеп қорытынды жасау. Сондықтан да аудит фирмаларының басшылары ғылыми зерттеу жұмысын, тәжірибесін игерген ғалымдар.

2. Объективтілік. Бұл қағида ойлану, тек қана фактіге сүйену арқылы ғана тұжырым жасау. Аудитор шыншыл, бұрмалаушылыққа бармайтын, тазалық ұстайтын маман болу керек. Ол өзінің аудиторлық қорытындысына кәсіпорынның табыстылық шыншылдықпен тексеріп, объективті көрсеткіштерін анықтауға міндетті. Оның қорытындысы ешқандай күдіктенбеушілікке жол бермейтін дәлелді болуы қажет.

3. Дербестілік. Қоғамтану жолында аудитордың беделі өз бетінше дербес деп танылған. Оған себеп ол біріншіден, тапсырушыға тәуелді емес, өйткені ол одан төлем алуына алдын ала келісіп қояды, екіншіден, оның жұмысын мемлекеттік аудит заңы мойындайды, үшіншіден, тапсырушы мен аудитордың түпкі мақсаты бір. Олардың өзара келісім-шарт бойынша анықтайтын комитетін құру.

Аудитордың дербестігін қорғау үшін арнайы шаралар қолданылады: аудиторларды ротациялау, аудитор соты, мемлекеттік аудитор тағайындау, мемлекеттік аудитор департаментін, аудитор комитетін құру.

Аудитор ротациясы ол болжам арқылы бір аудитор қайта-қайта бір кәсіпорынға бара берсе оның дербестігі жойылады деген сөз, өйткені, оны тапсырушы акциялық үлескер бол деп үгіттеп, аудит қағидаларын сақтамау жолына салуы мүмкін. Аудитор соты аудиторлардың дербестігін қадағалап отырады. Мемлекет тұрғысынан аудитор дайындау ол қазіргі аудитордың қоғамдық құрылымын жою болып табылады, Қазіргі кезде аудит комитетін құру АҚШ-та көп тараған. Ондағы мақсат өндіріс компанияларының мүддесін көтеру.

Қорыта келгенде, аудит стратегиясын кеңейту тұрғысынан арнайы институттар ашу қажет, аудитті жүргізу жұмысын жетілдіру қажет. Біздің ойымызша сондай жұмыстарды іске асыру үшін Мемлекеттік Қаржы Министрлігі, аудит палатасы, бухгалтерлер ассоциациясы көмсктесуі қажет.

4. Кәсіби біліктілік. Аудит жұмысын өте жоғары деңгейдегі мамандар жүргізуі қажет, ол теориялық және практикалық жағынан өте білімді маман болуы және арнайы аудит әдістерін жақсы білуі қажет. Ол тексеру жұмысына машықтанған болуы керек. Аудитор өз жұмысына қажетті ереже нұсқауларын өте жақсы біліп, іс жүзінде қолдана білуі қажет. Аудитор өз жұмысына анализ жасауда, сараптау жүргізуде, компьютермен жұмыс істеуде, әбден машықтанған болуы қажет. Ол барлық тексерушіге сене бермеуі керек, тек өзі тексеріп көзі жетпейінше ешқандай қорытынды жасамауы керек.

5. Сенімділік,сөзге берік болу (конфиденциальность). Аудитор өз жұмысының комиссиялық құпиялығын сақтауға міндетті. Үшінші жаққа өз мәліметін ерекше жағдайда ғана хабарлауға, тапсырушымен жазбаша келісім жасау арқылы беруге құқылы.

6. Тез-жеделдік принципі. Аудитордың жеделдігі ол өз жұмысының тез, тиянақты орындалудан тапсырушыға аудит материалын уақытымен тапсыру. Аудиттің тез, жедел жүргізілуіне екі түрлі себеп бар. Біріншісі, аудит жүргізу уақыты нақты белгіленбегендіктен, екіншіден, аудит үшін төлем сол жұмыс уақытымен есептелінеді.

Кәсіпорын шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген шешім болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы білетін адам болуы керек. Басқару-ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы бар білімін, талапкерлігін басқарушылық шешім қолдануға жұмсауы қажет. Яғни тиімді, тиянақты басқару жүргізу үшін арнайы дайындық жасау кеек.

Шаруашылық субъектілерді басқару барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасап пайдалануға дайындау; аудит-басқарушылық шешім қабылдау. Осы көрсетілген басқару құрылымын іске асыру үшін мәлімет жинау барысы бухгалтерлік есеп, статистика, жоспарлау арқылы орындалады

Басқарушылықтағы шаруашылық субьектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәлімет аудит жасау үшін оны алдымен тексеру қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының мазмұнына сәйкес оған мағына беріп оның шаруашылықтағы қажеттілігін, кәсіпорынды басқару үшін нақты қажеттігін анықтау керек. Басқару процесінде, мәліметті тиімді пайдаланып,дұрыс шешім қабылдау үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың негізін анықтау қажет. Аудит барысында осы мәлімет құндылығы анықталып, басшылық процесінде қолдануға пайдаланады. Тағы осы мәліметтер негізінде кәсіпорын шаруашылығының дамуына болжам жасалады.

Нарықтық экономика жағдайында болжам, бағдарлама жасау өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса оның өндіріс, сату процесі дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас қағидаларын сақтай алмай қалады, Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар жасайды, онсыз шаруашылықты жүргізуге болмайды, Кәсіпорын үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті шаруашылықты қалай жүргізу керек екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс шығынын күнделікті қадағалап отыруға негіз болатын құжат.

Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары бірнеше бөлімнен тұрады: жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты-өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; маркетинг стратегиясы; өндіріс жоспары (өндіріс қуаттылығы, шикізат ресурсы); коммерциялық күдік; қаржы жоспары (өнім сату, шығын және табыс есебі, табыстылықтың аналитикалық есебі). Бизнес-жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады, Соған сәйкес аудиттің басқа да басқару функциялары іске асады. Мысалы:
* Өндірісті ұйымдастыру, оның әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы қаланады.
* Бақылау, басқарушылық шешімнің орындалуын тексеретін мәліметтер жиналады.
Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда аудиттің атқаратын рөлі өте жоғары Себебі, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір келтіріп, талдап, анықтап, тексеру жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.
2 Аудиторлық қызметтің әдіснамалық негізі
2.1. Аудиттің әдістемелік тәсілдері

Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп атайды. Негізінде ғылымтану құралы ретінде қолданылады, әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса жалпы ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша барлық ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс-ол диалектикалық әдіс деп танылған. Диалектикалық әдістің негізі-табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара объективтік заңдылықпен байланыста екенін негіге алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды. Аудит, экономика ғылым саласына қосылады, оның даму барысында қоғамға қажет жетістіктерін пайдалану үшін аудитке тән ғылыми әдістер тобы оның методологиясын анықтайды, олар өз кезегінде жалпы методология және жеке методология болып бөлінеді.

Аудитін жеке әдістемесі диалектика қағидалары мен жалпы ғылыми теориялық зерттеу заңдылықтарынан құралады.

Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады. Олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу, Осы аталған әдістердің барлығы философияның гнесология теориясы бөлімінде толық, жан-жақты қарастырылған.

Анализ-ғылыми зерттеу әдісі, оның негізгі объектісі соның құрамына, бөлшегіне жекелеп мазмұн, мағынасын анықтап, өз кезегінде тұтасты құрайтын әр бөлшек жеке талдауға жататын құрамға айналады. Синтез (топтау, біріктіру, қорытындылау) ғылыми зерттеу әдісі оның негізгі зерттеу объектісімен құрамының арасындағы өзара байланысына талдау жасап мазмұн, мағынасына анықтау жасап қорытындылайды.

Аудит процесінде анализ және синтез аудит объектісіне осы әдістер арқылы талдау жүргізу үшін қажет. Осы әдістердің ерекшеліктеріне сәйкес талдау объектісіні жекелей және топтаулы түріне де талдау жасау оның мазмұн мағынасын анықтауға болады. Аудит барысында шаруашылық субъектілерінің қаржылық- табыстылық көрсеткіштерін талдау үшін дедукция-индукция әдісі қолданылады.

Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) - ақыл-ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап логикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Яғни, осы әдіс қолданған жағдайда кәсіпорын шаруашылығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір бөлімдеріне талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтап, қорытынды жасалынады. Индукция - ақыл-ойға салып жеке объектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасайды.

Аудит барысында дедукция әдісі шаруашылық субъектілерінің жалпы көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына байланыстылығын анықтау. Индукция шаруашылық субъектілерінің шаруашылығының жеке көрсеткіштеріне талдау жасап оның жалпы көлемін көрсететін анықтамаларға байланыстылығын анықтап қорытынды жасайды.

Қорыта келгенде, аудит барысында индукция, дедукция экономикалық талдау әдісі ретінде үлкен орын алады.
Аналогия (ұқсастық ) негізінде объектілерді анықтау, Аналогия әдісі зерттеу объектілерінің әр түрлі жағынан ұқсастығын қарастыру арқылы анықтама жасайды.

Жүйелі талдау-талдау объектілерін бір жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Аудит барысында жүйелі талдау әдісі талдау объектісінің бөлімдерін жеке-жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдау келтіреді. Ягни, жүйелі талдау әдісі факторлардың арасындағы жүйелі байланысты анықтайды

Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі объектіні жүйеленген зерттеу әдісі мен талдаудың даму барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық түрлі өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды оптималды есептеу үшін қолданылады. Бұл әдіс өндірістік шаруашылық субъектілерінің ішкі аудиттік жұмысында қолданылады.

Сонымен, аудитте қолданылатын жалпы ғылыми зерттеу әдістерін қарастырдық.
Қорыта келгенде, аудиттің әдістері үш топқа бөлінеді:
1) аналитикалық анықтау, есептеу;
2) құжаттау;
3) қорытындылау,
Аналитикалық анықтау-есептеу әдісі-ол негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру т.б.), аналитикалық тексеру және статистикалық, экономика- математикалық әдістер, Осы орайда аудиттің көп тараған әдістемелік әдісі-ол шаруашылық субьектілерінің қаржылық ақпаратының құрамының аналитикалық есебін тексереді. Сатудан түскен төлем сомасымен салыстыру анықталған өзгеру мөлшерінің қандау себептен болғанын, факторлардың әсерін есептеу.

Аналитикалық тексеру әдісі аудиттің барлық кезеңінде қолданылады. Жоспарлаудан бастап күнделікті тексеруде, қаржылық ақтаратын жасауда, онда кездескен өзгертулерді анықтауда және кәсіпорын шаруашылығының даму жолын бағдарлау барысында аналитикалық тексеру үздіксіз жүргізіліп отырады.

Әдістемелік құжаттау әдісі-өз кезегінде үш топта бәлінеді:
1) мәліметтік модельдеу;
2) нормативтік құқылық жолын анықтау;
3) есеп құжаттарын зерттеп, тексеру.

Мәліметтік модельдеу дегеніміз-аудит объектісінің мәлімет тасушыға бір жүйеге келтіріп тіркелген маліметтерін айтамыз. Ол қабылданған алғашқы құжаттар және басқа да ақпараттардың көрсеткіштерінің мағынасы мен мазмұнына талдау жасап оның жеке құрамдарына байланыстылығын анықтайды.

Мәліметтік модельдеу мақсаты- тексеру объектісінің нормативтік-құқықтық, ақпараттық, бухгалтерлік мәліметтерін бір жүйеге келтіріп аудит жүргізуге ыңғайластыру болып табылады. Мысалы, аудит жүргізу үшін өндіріс процесінің моделін алатын болсақ, онда шығынның жоспарланған өлшемде, нақты шығын өлшемінде, оның цехтар арасындағы құбылыс қозғалысы, оның бухгалтерлік құжаттарға тіркелуі, жауапкершіліктегі есебі тағы басқа көптеген мәліметтер бір жүйеге келтіріп, мәлімет моделін құрайды.

Нормативтік-құқықтық жолын анықтау әдісінде заң тұрғысынан ереже нұсқаудың, нормативтік құжаттар талабының ішкі ереже тәртібінің орындалуын анықтайды. Мысалы, түгелдеу тәртібінің заңды жүргізілуін бақылау үшін түгелдеу жүргізудің ереже-нұсқауының дұрыс қолданылуын бақылау қажет. Нақты мүлік түгелдеу, қаржы қорларын тексеру, ақша қаржысын тексеру ережелерінің дұрыс қолданылуын бақылайды.

Есеп құжаттарын зерттеп, тексеру әдісінде сол құжаттарда көрсетілген шаруашылық әрекеттерінің операцияларының заңдылығы, қажеттілігі және экономикалық тиімділігі, шындықтың көрсетілуін анықтау қажет. Осы әдісті іске асыру үшін әр түрлі құжаттарды тексеру түрлері, нақты бақылау әдісі, әр түрлі есептеулер, инспекция өткізу т.б. қарастырулар қолданылады.

Осы орайда құжаттарды тексерудің бірнеше түрлерін, әдістерін қарастыруға болады: формальдық, арифметикалық заңдылық, логикалық тексеру. Немесе жаппай қарама-қарсы екі жазу жолымен, шоттарға тіркелу жолымен, есепті қалпына келтіру әдісімен тағы басқалай қарастырулармен.

Формалдық әдісте құжаттың барлық реквизиттерінің дұрыс толтырылғандығы, түзетудің болмауы, арифметикалық есебі, жауапкершіліктегі жұмысшылардың қол қоюы қарастырылады.

Арифметикалық тексеруде санау, көбейту процестерінің мақсат соныңдағы тіркелген мәліметтер анықталады. Құжаттың заңдылығын тексерудегі мақсат сондағы тіркелген операциялардың заңдылығын және экономикалық тиімділігін анықтау.

Қарама-қарсы тексеру әдісі бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеруде өте жиі қолданылады. Себебі , бір құжат бухгалтерлік есепте екі рет кездеседі. Мысалы, кәсіпорынға жабдықтаушыдан материал келіп түссе, материалдың құжатының бір данасы қоймашының есебінде болса, екіншісі банк көшірмесінің тіркеуінде болады. Соларды салыстыру арқылы қарама-қарсы тексеру жүргізіледі, немесе дүкенші тауар сатудан түскен ақшаны кассаға өткізеді. Яғни, касса ордерінің түбірі касса есебінде болады да оның түбіртегі дүкеншінің есебіне тіркеледі Олардың арасындағы құжат көрсеткішінің дұрыстығы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы анықталады. Осы қарама-қарсы тексеру әдісін қолдану арқылы ұрлық немесе әдейі қиянат жасаушылық қылмыстары анықталады.

Есепті қалпына келтіру әдісі-ол негізінде аудит процесінде бухгалтерлік есепте жіберілген қатені түзету. Қате түзету процесінің бірнеше түрі бар:
1. Корректура әдісі, ол бухгалтерлік тіркеу кезінде жіберілген қателерді сол есеп кестелерінде түзетіп ол туралы белгі жасау, Мысалы, тексеруші қатені түзеткен есеп кестесіне қалай түзетілді, оны түзеткен адам өз атын жазып қол қоюы керек (күнін, жылын көрсетіп).
2. Бухгалтерлік есептегі қатені қосымша екі жақты жасау арқылы түзету. Бұл әдіс қате қай кезде анықталса сол уақытта қолданыла беретін әдіс. Мысалы, дүкенші жабдықтаушыдан құжат бойынша тауар қабылдап алған. Тауар сомасы 10000 теңге, ал дүкенші өзінің есебіне 1000 теңге деп, тіркелген бухгалтер өзінің корреспонденциясында 1000 теңге көрсеткен. Кейін тексеру барысында қате анықталғаннан кейін қосымша екі жақты жазу 9000 теңгеге жасалады
3. Үшінші қате түзету әдісі-қызыл жазу, Бұл әдіс бойынша, бұрын екі жақты жазуда жіберілген қате сол күйінде қайталанылады да тек қана екі жақты жазу сомасында қызыл сиямен жазылады. Бухгалтерлік есептің қалыптасқан тәртібі бойынша есеп шоттарына екі жақты жазу бойынша тіркелген тәртібі айналым санын санағанда шығарылып тасталады, Яғни, қате жазу бойынша қарамен жазылған сан, қызыл жазумен жазылған сан шығарылғаннан бұрын жіберілген қате түзетіледі.

Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау-тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады Нақты тексеру методологиясы сенімді, күдіксіз әдіс, сол осы арқылы ғана бар шындықты анықтауға болады. өз кезегінде нақты тексеру үш түрге бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

Түгендеу. Бухгалтерлік есепте және аудитті түгелдеу әдісі ол, кәсіпорын мүлкінің, негізгі құралдың, тауардың, материалдың, ақша қаржысының, құнды қағазының есеп айырысу әрекеттерінің нақты бір кезеңде түгелдеу барысында бухгалтерлік есеп көрсеткішіне сайма-сай дұрыс екендігін анықтайды. Түгелдеу процесінің қорытындысы бухгалтерлік есеп көрсеткіші мен нақты тексеру құжаты "инвентарлық тізімде" анықталған сомамен салыстыру арқылы анықталады. Яғни, бухгалтерлік есеп көрсеткіші тізімі қорытындысынан артық болса, оның айырмасы жетпеген соманы көрсетеді. Қандай көрсеткіш (tl-) анықталған жағдайда да аудит барысында оның себебін анықтау, оған анықтама жасау, түсініктеме беру аудитордың міндеті.

Аудит барысында түгелдеу процесіне тікелей бақылау жасалынады. Себебі, көп жағдайда есеп процесіндегі кемшілік немесе қиянатшылық осы түгелдеу процесінде анықталады, екіншіден барлық бухгалтерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит: әдістемелік маңызы, түрлері
Бухгалтерлік есеп және аудит
АУДИТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Аудит стандарттары
Сыртқы және ішкі аудит
Аудит туралы түсінік
Аудиторлық қызметті ұйымдастыру
Аудит түсінігі туралы
Аудиттің мәні, мазмұны және даму тенденциялары
Пәндер