Дербес компютердің анықтамасы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
РЕФЕРАТ
ДК-дің бейне жүйесі
Группа: ИС 19-3 Орындаған: Пердебай Ж. Қ. Қабылдаған: Есендулетова Ж. Т.
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Дербес компютердің анықтамасы.
2.Дербес компютердің жалпы құрылымы.
II. Негізгі бөлім
1.ДК-дің бейне жүйесі
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер.
Дербес компьютер, қысқаша ДК -- компьютердің қазіргі уақытта ең кең тараған түрі болып табылады. Дербес компьютер бір мезгілде бір адамның пайдалануына арналған. Дербес компьютерлердің негізгі екі санаты бар: стационарлық және тасымалы компьютерлер. Стационарлық компьютерлер үстел басында отырып жұмыс істеуге арналған. Тасымалы компьютерлерге қолкомпьютерлер, қалта компьютерлері және планшетті ДК жатады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Алғашқы компьютерлер
Қазіргі электронды есептеуіш машиналардың арғы тегі - есепшот. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, есепшоттың жасы 2000-5000 жылдар шамасында, ал пайда болған жері не Қытай, не Египет. Есепшотты гректер мен Батыс-Еуропалықтар абак деп, қытайлықтар суан-пан, жапондықтар серобян деп атады. Осы қарапайым құралмен есептеулер оның шұңғыл тақтада орналасқан тастарын жылжыту арқылы жүргізілген. Есепшоттағы тастар піл сүйегінен, шынылардан, қола мен басқа металлдардан жасалған. Есепшоттың жетілдірілген түрі кейбір жерлерде осы күнге дейін қолданылып келеді. Кейін келе XVII ғ басында шотландиялық математик Джон Непер логарифм түсінігін енгізіп, халыққа логарифм кестесін жария қылады. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын Д.Робертсон да жүргізген. Ол Исаак Ньютонның еңбектеріне негізделе отырып, 1761 жылы жүгіртпесі бар навигациялық есептеулерді жүргізетін логарифмдық сызғыш жасаған болатын. Логарифмдік сызғыш инженерлердің басты есептеуіш құралы болды. Кейін оларды электронды есептеуіш машиналары ығыстырды. Он тоғызға енді толған француз математигі Блез Паскаль жетектер мен дөңгелектерден тұратын механикалық есептеу құрылғысын құрастырды. Бұл құрылғының көмегімен көпорынды сандарды қосу мүмкін болды.
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеу машинасын - арифмометрді құрастырды. Дөңгелектің орнына мұнда цифрлар жазылған цилиндр қолданылды. Бұл құрал күрделі қосу мен алу есептеулерін жүргізумен қатар, сандарды бөлу, көбейту, тіпті квадрат түбірін табу амалдарын да орындайтын болды. Кейін арифмометр бірнеше рет жетілдірілді. Бұл бағытта орыс өнертапқыштары П.Л.Чебышев пен В.Т.Однер көп еңбек етті. Арифмометр қазіргі қолданыста жүрген калькуляторлардың негізін салды. Арифмометр мен қарапайым калькулятор есептеу жұмыстарын механикаландыру құралдарының қызметін атқарады, бұларда есептеуде адамның өзі әрекеттер тізбегін анықтап басқарады. Паскальдың идеясын дамытып, өзінің механикалық есептеуіш машинасын - арифмометрді Лейбниц 1694 жылы құрастырды. Лейбництің машинасы қосу, алу, көбейту, бөлу, тіпті квадрат түбірді табу амалдарын орындай алатын. Кейін осы құрылғыны жетілдіру мақсатымен орыс ғалымдары Чебышев пен Однер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, аянбай еңбек еткен. Солардың арқасында қазір біз калькуляторды қолданып келеміз.

Үстел компьютерлері
IBM 5150 as of 1981
Үстел компьютерлерін әдетте үстел үстіне орналастырады, олардың атауы да осыдан. Әдетте бұлар барлық ДК ішіндегі ең үлкен компьютерлер. Үстел компьютерінің әр құраласы әдетте ауыстыруға болатын жеке модуль түрінде жасалады. Әдетте үстел компьютеріне қосымша перифериялық құрылғыларды жалғауға болады.

Тасымалы компьютерлер
Лаптоптар
Бұл салмағы небары бірнеше килограмм болатын шағын тасымалы компьютерлер. Қазіргі заманғы тасымалы компьютерлердің көлемі шағын болуына байланысты көбінесе ноутбуктар (ДК-блокноттар) деп аталады. Ноутбуктың қалыңдығы әдетте 10 см-ден аспайды. Тасымалы компьютерлер мен ноутбук шығаратын ең әйгілі компаниялар IBM, Apple, Compaq, Dell, Toshiba және Hewlett-Packard болып табылады. Тасымалы ДК-лер сұйық кристалды бейнебетпен жабдықталады және батареялармен жұмыс істей алады, бұл пайдаланушы үшін шапшаңдықты қамтамасыз етеді. Мұндай компьютерде жабдықтың барлық негізгі құраластары бір модульге біріктірілген. Тасымалы ДК құрылымына алмалы дискілерге арналған дискіенгізгі, ықшам дискілерге арналған дискіенгізгі, DVD-дискілерге арналған дискіенгізгі кіруі мүмкін; бұл дискіенгізгілер компьютердің салмағы мейлінше аз болу үшін сондай-ақ перифериялық құрылғылар ретінде жалғануы мүмкін.
Қалта компьютерлері
Бұл қалтаға немесе сөмкеге сыйып кететін шағын тасымалы компьютерлер. Мұндай компьютерлердің қуаты әдетте үстелдік немесе тасымалы компьютерлерге қарағанда азырақ болады, бірақ олар белгілі бір тапсырмаларды орындау үшін өте ыңғайлы. Қалта компьютерлері, мысалы күнтізбені немесе мекен-жайлық кітапты қолдануды қажет ететін күнделікті жұмыста пайдалы. Олардың көмегімен ескерімдер мен ағымдағы істер тізімдерін жасауға, алдағы басқосуларды жоспарлауға болады. Қалта компьютерлерін электрондық пошта және күнтізбе бағдарламаларымен қадамдастыруға болады. Олармен жұмыс істеу үшін әдетте электрондық қаламұш пайдаланылады.
Планшетті компьютерлер
Бұл тасымалы компьютердің бір түрі болып табылады. Пайдаланушы арнайы қаламұштың көмегімен осындай компьютердің бейнебетінде ескерімдер жазып, сурет сала алады. Енгізілген деректерді өңдеуге және одан кейін электрондық пошта арқылы басқа пайдаланушыларға жіберуге болады.
Дербес компьютердің негізгі құрылғылары
Дербес компьютердің құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады.Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды.Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетің жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды.Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады.Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырарылады:
Компьютердің ең негізгі құрылғысы - жүйелік блок. Ол тек қораптың ішіне салынған. Оның ішінде дербес компьютердің негізгі түйіндері орналасқан. Жүйелі блоктың құрамына процессор, жедел жад (RAM) , тұрақты есте сақтау құрылғысы, қоректендіру блогы, енгізу шығару порттары және ақпарат тасуыштар енеді.
Жүйелік блоктың ішіінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады.Кез келген компьютер бірнеше құрылғыдан ( блоктардан) тұрады.
Олардың ішінде жүйелік блок, монитор, пернетақта бар, оларсыз жұмыс атқару мүмкін емес
Жүйелік блокқа дербес компьютердің негізгі құрылғылары жинақталған
және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орналастырылған, сонымен қатар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған.
Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ оның корпусының түрлері әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында компьютерді қосу өшіру батырмасы, дискі жетек, компакт дискіден оқитын CD-ROM орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйлік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.
Жүйелік блоктың артқы тақтасында енетін желілер мен порттарды (монитор , маус, пернетақта) , қосымша құрылғыларды (принтер порты модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.
Пернетақта -- дербес компьютерді басқаратын пернелік құрылғы. Ол алфавиттік-цифрлық мәліметтерді енгізуге арналған. Монитор мен пернетақтаның бірігіп кызмет аткаруын қолданушы интерфейсі деп атайды.
Пернетақта дербес компьютердің стандартты құрылғыларының қатарына жатады.
Пернетақта
Бүгінгі күні пернетақталар көптеген дербес компьютерлерде бірегейлендірілген, 101102 стандарттарында немесе 108-пернелік пернетақтада жасалған. Пернетақта бірнеше регистр-режимдердің бірінде жұмыс істейді. Режимдерді былайша бөліп көрсетуге болады:
· Бас әріптерді жол әріптерін енгізу;
· Орыс латын символдарын енгізу;
· Қою ауыстыру;
· Цифрлық енгізілім цифрлық пернетақтадан басқару.
Пернетақтаның барлық пернесін төрт топқа бөлуге болады: алфавитті-цифрлық, цифрлық, қызметтік және басқарушы.
Бос орынды бейнелеу пернесі ұзын перне түрінде берілген.
Цифрлық пернелер тақтаның оң жақ шетінде де қайталанады.
Курсор - жыпылықтап тұратын тіл сызықша немесе ұяшық тәрізді бір символдың орнын көрсететін таңба.
Қызметтік пернелер F1-F12 әр түрлі қызметтерді атқарады. Басқару командалары ретінде белгілі бір операцияны орындайды.
F1 пернесі көбінесе анықтамалық қызмет атқарады. Ал, F3 автомәтін құрау, файлды өңдеу үшін, F5 іздеу, алмастыру, көшіру, F7 тексеру, жаңа бума жасау үшін ,т.б. пайдаланылады.
Қызметші арнайы пернелер: ENTER, tab, ctrl, alt, esc, shift, num Lock, caps lock, scroll lock, pause(break), print screen, *,+,- ,т.б.
· Enter пернесінің көмегімен команда, мәтіннің азат жолы енгізіледі. Alt және Ctrl пернелері басқа пернелермен бірігіп командалар түзеді.
· Tab пернесі мәтінді терген кезде кестелеу позициясын енгізу үшін қолданылады.
· Esc пернесі соңғы орындалған команданы қайтару үшін қолданылады.
· Print Screen-ағымдағы экранның күйін баспаға жіберуге немесе оны алмасу буфері деп аталатын жедел жадтың арнаулы аймағына сақтауға арналған.
· Shift пернесі жоғарғы регистердегі символдар мен бас әріптерді енгізу үшін, сонымен қатар басқа пернелермен бірігіп кейбір командалардың орнына қолданады.
· Caps Lock пернесі бас әріптер режімін қосады немесе ағытады.
· Num Lock пернесі қосымша цифрлық пернетақтаны қосады немесе ағытады.
Басқарушы пернелер: insert, delete, home, end, page up, page down, back space. Бағыттауыш пернелер курсорды көрсетілген бағытта бір орынға жылжытады. back space пен delete қажет емес символды жою үшін пайдаланылады. page up, page down курсорды парақ басына немесе парақ соңына көшіруді білдіреді. home, end курсорды қатардың, терезенің, файлдың басына немесе соңына жылжыту үшін пайдаланылады.
Компьютерлік пернетақта - ештеңе қаламайтын және тозғанша соңына дейін жұмыс жасайтын құрылғы. Алайда, өмірін қиындататын әртүрлі күтпеген жағдайлар болып қалуы мүмкін. Мысалы, іске қосатын қосқыштың сынуы, жұмыстан шығып қалған перне, төгілген кофе және т.б. Бірақ, бұл ең қиын жағдайлар, ал ең қарапайымы - пернетақтаның ластануы.
Ластанудың белгісі - перненің дұрыс басылмауы немесе мүлдем басылмауы. Яғни, оны тазалау керек деген сөз. Ішкі құрылысын тазалаудың ең қарапайым тәсілі - пернетақтаны аударып, бір жақтан екінші жаққа сілкілеу. Қоқысты шығару үшін сілкілеген кезде пернелерді астынан аздап соғуға да болады.
Пернетақтаның пернелерін тазартудың ең тиімді тәсілі - пернені орналасқан ұяшығынан тартып, қоқысты шығару. Бұл жағдайда тек пернелерді тазартып қоймай, оның астындағы кеңістікті де тазартуға болады. Егер пернетақтаға сұйықтық (кофе, шәй және т.б.) төгілсе, дәл осы тәсілмен тазарту керек. Пернені тарту үшін жұқа бұрандамен немесе одан да жұқа құрал-сайман пайдалануға болады. Бұранданы перненің астына салып, жай итерумен ұяшықтан босатып, жоғары тарту керек. Тартылған пернелерді қателеспей орнату үшін оларды үстелдің үстіне немесе басқа жерде бірінен соң бірін пернетақтада орналасқандай қоюға болады.
Пернелер тартылғаннан кейін, оның орнын тазалау қажет. Ол үшін спиртті сүлгімен немесе сабынды ерітіндіге малынған сүлгімен сүртуге болады.
Пернелердің жан-жағы өте лас болатындықтан, оны тазалаудың қарапайым тәсілі - төсеулі жатқан сүлгіге үйкеп сүрту. Пернелердегі кір сүлгідегі спиртпен кетпесе де, тазарту кезіндегі үйкеліс күшімен кетеді. Пернелер тазартылғаннан соң, пернелелердің астындағы кеңістікті тазарту қажет. Пернелерді және пернелердің ұяшықтарын тазартқаннан кейін оны ұзақ уақыт қолдануға болады.
Тінтуір (тышқан, маус) - графиктік меңзермен басқарылатын құрылғы. Екі немесе үш батырмасы бар жазыңқы қорапша тәріздес. Тінтуірдің жазық беттегі қозғалысы экрандағы тінтуір нұсқағышы деп аталатын графиктік объектінің қозғалысымен байланыстырылған. Компьютерді басқару үшін тінтуірді жазық бетте жылжытады және оның оң немесе сол жақ батырмаларын қысқа уақытқа басып отырады. Осылайша басуды шерту деп атайды.
Монитор мен тінтуір бірігіп колданушы интерфейсінің жаңа түрі -- графиктік интерфейстіқұрайды. Тінтуірдің көмегімен объектілердің қасиеттері өзгертіліп, басқару элементтері әрекетке келтіріледі.
Тінтуір
Тінтуір тетігі - мәлімет енгізу үшін, компьютердің белсенді қолданылатын құрылғысы болып табылады. Тінтуір көмегімен мәліметтерді ашу, белгілеу, көшіру және тағы басқа да әрекеттер орындалады.
Тінтуір сияқты басқарушы аспап әртүрлі болып келеді, бірақ ішінде механикалық, мысалы қыстырылған ролик немесе доңғалақшалы бөліктері бар тінтуір ластануға бейім болып келеді. Механикалық бөліктері жоқ тінтуір тек үстіңгі жағынан ластануы мүмкін, ол оның жұмыс жасауына еш кедергі келтірмейді.
Механикалық тінтуірді екі түрлі жолмен тазартуға болады. Жылдам тазарту. Бұл әдіс дөңгелекше орналасатын бекітілген ұяшықты ашуды қарастырады және мүмкіндігінше жабысқан ластан тазартылғанша белдіктерді тазартуды қарастырады. Бұл әдістің жақсы жағы тінтуірді ашудың қажеті жоқ. Келеңсіз жағы - тінтуір механизмін толықтай тазарту мүмкін емес, яғни, тінтуірдің қозғалту қадағасын тазарту мүмкін емес.
Екінші әдіс толық тазарту деп аталады, мұнда тінтуірдің ішкі құрылғыларын тазарту үшін қорапты ағытуға тура келеді. Бекітіліп тұрған ұяшықты ашып, резеңке дөңгелекті шығарып алу үшін, дөңгелекшені ұстап тұрған сақинаны екі саусақпен қысып тұрып оны сол жаққа қарай бұру керек. Осыдан кейін дөңгелекшені жеңіл шығарып алуға және тазалаумен айналысуға болады. Белдіктерге дөңгелекше қаншалықты қатты жабысып тұрса шаң да оған соншалықты жабысып қалады. Осылайша, тазалау үшін кез келген қатты нәрсені пайдалануға болады, мысалға қарындаш тәрізді нәрселер. Металл заттармен, соның ішінде қаттыларды қолдануға болмайды, өйткені белдіктерде сызат түсу және экрандағы көрсеткіштің дұрыс жұмыс жасамауына қауіп болуымен қатар, ластың көп түсуіне өз әсерін тигізуі мүмкін. Ластың қалдықтарын алу үшін жіңішке қысқышты қолдануға болады. Барлық ласты мүмкіндігінше тазартып болған соң, дөңгелекшені қорғайтын сақинасына орналастырып, сосын тінтуірді компьютерге жалғауға болады. Бұл орайда кілемшеге түскен ласты тазартып, сүртіп алған дұрыс. Белдіктерді және қысып тұратын белдіктерді тазалау үшін міндетті түрде қысқышты пайдалану керек. Сонымен қатар, көрсеткіштер (датчик) мен белдік дискілерінің арасына артық ештеңе қалдырмаған жөн. Тінтуірдің механизмін тазартқаннан кейін, оны қайтадан құрып, жұмыс жасайтынын тексеру қажет.
Егер оптикалық тінтуірді қолдансақ, онда оның түбін ылғалды немесе спиртті салфеткамен сүрту керек болады.
Монитор - компьютердің экранына ақпарат шығаруға арналған құрылғы. Сыртқы пішіні жағынан ол түрлі түсті теледидардың экранынан аумайды. Сондықтан оны көп жағдайларда монитор деп те атайды.
Дисплейді адамға ақпарат беріп отыратын компьютердің тілі деп қарайды. Дисплей электронды - сәулелік түтікшеден оны қоректендіруші блоктан және сәулені бағыттап отыратын электронды блоктан тұрады. Дисплей символдық болса, онда экранда символдық ақпарат, ал графиктік болса, онда символдық ақпараттардан басқа мониторда график пен сурет орналастыруға болады. Монитор түрлі түсті немесе монохромды ( қара түсті) болуы мүмкін. Монитор экранында кез келген көрініс ( кескін) түрлітүсті нүктелер( егер монитор түрлі түсті болса) тобынан немесе сұр нүктелер тобынан ( егер монитор монохромды болса) тұрады. Ол нүктелерді әдетте пикселдер деп атайды. Түрлі түсті мониторда әр пиксел қызыл , жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған кішкентай үш нүктеден тұрады. Тік және көлбеу жолға орналасқан пикселдер саны монитордың мүмкіндігін көрсетеді. Монитор экранына орналасқан пикселдер саны қанша көп болса монитордың шешушін мүмкіндігі сонша жоғары болады.
Бірінші түрлі түсті монитор 1ХР2 жылы жасалды, оны СG- 640 х 200 пикселді монитор деп атады. Ал 1ХР4 жылы EGA- 640х350 пикселді монитор шықты. Қазіргі компьютерлерде VGA- 640х480 немесе SVGA ( 800х600 ден 1248- 1024 дейін) мониторлары орналастырылған.
Экран алдында көп отыруға болмайды, себебі:
1.Көз тез шаршайды
2.Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда, электр- магнитті және ультракүлгін сәуле бөлініп отырады. Сәулелену деңгейін азайту мақсатында қазіргі компьютерлердің экранына шымылдық немесе қорғағыш сүзгілер қояды, ең жақсы жерге қосылған әйнек пластинкасын пайдаланған жөн.
Монитор - мәліметтердің бейнесін шығаруға арналған құрылығы. Компьютерде кез-келген мәліметті монитордың экранына шығаруға болады. Монитор негізгі шығару құрылығыларының бірі болып табылады.Оның негізгі тұтыну параметрлері: экранның мөлшері,экран қалқасының қадымы, бейнені жаңартудың максималдық жиілігі,қорғау класы.Экранның мөлшері оның диагоналінің өлшемімен анықталады.Өлшеу бірлігі ретінде дюйм қабылданған. Экранның стандартты мөлшерлері:14,15,17,19,20,21.Қазірг і кезде мөлшерлері 15,17 дюйм болатын мониторлар кеңінен тараған. Ал графиктік кескіндермен жұмыс істеу үшін 19-20 дюймді мониторларды пайдаланған тиімді.
Кейбір мониторлар бейненің айқындылығын күшейтетін тік сымдардан тұратын қалқамен жабдықталған. Осы тік сымдар арасындағы қады(экран қалқасының қадымы) неғұрлым кішкене болған сайын алынатын бейне соғұрлым анық болады.Қалқа қадымы миллиметрмен өлшенеді. Қазіргі кездегі ең көп тараған мониторлардың қалқа қадымы 0,25-0,27мм.
3. Дербес компьютердің ішкі құрылғылары
Аналық тақша дербес компьютердің неізгі тақшасы болып табылады. Онда келесі құрылғылар орналасады-
:: Процессор
:: Шина
:: Жедел жад
:: Тұрақты жад
:: Слоттар-қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыш тарақшалары
Процессор компьютердің басты бөлігі, компьютердің миы. Ол компьютерді басқарады, әрі бағдарламадағы барлық командаларды (амалдарды) орындайды.
Бұл құрылғы командаларды таниды, оларды орындайды, нәтижелерді шығарып береді немесе оны қайтадан жадқа жазады, тіпті екеуінде қатар орындайды. Компьютердің атқаратың жұмысының бәрін шын мағынасында оның бас микросхемасы - микропроцессор атқарады.
Компьютерлерді негізгі мінездемесінің бірі - оның амал орындау жылдамдығы, ал жылдамдық - мегагерцпен өлшенетін жиілік. Жиілік қанша жоғары болса, компьютер сонша жақсы болады.
Процессор жадпен бірігіп жұмыс атқарады. Жад микросхемасынан процессор өзіне қажетті ақпараттар алады да өз жұмысының нәтижесін қайтадан жадқа жібереді.
Процессор-көптеген жартылай өткізгішті элементтерден тұратын және компьютерде барлық есептеулер мен ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайтын электрондық микросхема. Қазіргі тікелкей компьютерлерде бірнеше процессорлар жұмыс істейді.
Процессор тікелей компьютердің класын анықтайды. Егер екі процессордың командалар жүйесі бірдей болатын болса, онда олар программалық деңгейде толығымен үйлесімді болады. Бұл бір процессор үшін жазылған программа екіншісі үшін де орындалатынын білдіреді.
Процессордың бір-бірінен өзгешелігі олардың типтері(модельдеріне) мен ырғақтық жи іліктерінде. Ырғақтық жиілік - олардың жұмыс жылдамдығының көрсеткіші. Ол мегагерцпен өлшенеді .Мысалы Intel Pentium типтегі процессорлар 75, 90,100,120,133, 150, 166, 200 және 233МГц жиілікпен жұмыс істейді.
Процессор компьютердің басқа құрылғыларымен, соның ішінде ең алдымен жедел жадпен шина деп аталатын өткізгіштер тобы арқылы байланысқан. Шиналардың негізгі үш түрі бар- мәліметтер шинасы, адрестік шина және командалық шина.
ЭЕМ-ның барлық жадысы - ішкі (негізгі жады), процессор регистрлары және сыртқы жады болып бөлінеді.
ЭЕМ-ның ішкі жадысының екі негізгі қасиеті бар: дискреттілігі және адрестелінетіндегі.
Дискретті жады дегеніміз - ол бірнеше кішкентай бөліктерден тұрады. Жадының бөлігі - бит деп аталады.(ақпараттың бірлігі тәрізді). Бір бит - жадының екілік разряды. Ол екілік кодты сақтайды (ноль немесе бір). "Бит" сөзі ағылшынның "dinary digit" екілік цифр сөзінен қысқартылып алынған. Сонымен компьютердің жадысы екілік разрядтардың (бит) реттелген тізбегі. Бұл тізбек 8 разрядтан топқа бөлінеді, әрбір мұндай топ жадының байтын құрайды. "Бит", "Байт" сөздері тек қана ақпараттың өлшем бірлігі ғана емес, сондай - ақ ЭЕМ-ның жадысының құрылымының бірі.
ЭЕМ жадысының көлемі килобайтпен өлшенеді.
1 Кбайт (Кб)=210 байт=1024 бит
1 Мбайт (Мб)=1024 Кб
1 Гбайт (Гб)=1024 Мб
Жадының ұяшықтыры дегеніміз - процессордың жеке командаларымен өңделетін ақпарат сақталатын ішкі жадының байттарының тобы. Жады ұяшығында сақталатын ақпарат машиналық сөз деп аталады. Компьютердің әртүрлі типінде машиналық сөздің өлшемі әртүрлі болады. Ең қарапайым дербес компьютерде машиналық сөз 1 байтқа тең.
Ішкі жадының байттары нөмірленген. Нөмір нольден басталады. Байттың реттік нөмірі байттың адресі деп аталады.
Жадының адрестілігі - кез - клген ақпарат адреспен енгізіліп, адрес бойынша шақырылады.
Регистрлер - бұл процессордың ішкі жадысы.Регистрлер көп емес. Регистрлер процессордың есептеулерін орындап, аралық нәтижені сақтайды. Алынған нәтижелер регистрден оперативті есте сақтау жадысының ұяшығына жазылады.
Процессор мен ішкі жадының арасындағы ақпарат алмасу машиналық сөз арқылы жүзеге асырылады.
Немесе есте сақтау құрылғысы ақпараттың кез-келген бөлігіне лезде қатынауды қамтамасыз етеді. Бірақ компьютерді өшірген кезде жедел жадтағы барлық ақпарат бірден жойылады. ДК-дің жедел жадының өлшемі жылдан жылға өсіп келеді.
Стандартты программаларды, өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған тұрақты жад. Компьютер жұмысы кезінде бұл жадтан мәліметтерді тек оқуға болады, ал оған ақпарат жазу арнаулы құралдар арқылы жүргізіледі.
Қатты диск - берілгендерді және програмаларды көп уақытта сақтайтын негізгі құрылысы. Бірақ ол жалғыз бір диск емес, өзі ортақ бірнешедискілердің тобы. Магниттік қаптамасы бар және жоғары жылдамдықпен айналады, қатты дискінің екі беті елес екі беті бар, мұндағы тобындағы бөлек дискілердің саны.Әрбір беттің үстінде берілгендерді оқу, жазу үшін қолданатын головка орналасқан.
Дискілердің сиымдылығы олардың жасау технологияларына байланысты қатты дискілерді өңдейтін фирмалар АВМ компаниясы шығарған, оны магнит резистив эфекті технологиясын пайдаланады.
Теория бойынша осы технологиялармен жасалған бір пластиканың сиымдылығы 2Гбайт жеткілуге тиісті. Қазіргі уақытта 6,4 Гбайт деңгейіне жеткізіледі.
Қатты дискілердің өнімділігі оларды жасау технологиясына тәуелді емес, бүгін барлық қатты дискілердің беріл - ді жеткізу. Жылдамдығы 30-60 Мбайт секундаға жетеді.
Берілгендер жеткізу жылдамдығынан басқа дискінің өнімділігімен жеткізудің орта уақыты параметрге байланысты , ол қажетті берілгендерді іздеу, уақыт аралаығын анықтайды және дискі айналдыру жылдамдығымен байланысты.
Монитормен бірігіп бейнекарта ДК-дің ішкі бейнежүйесін құрайды. Бейнені даярлаумен тығыз байланысты амалдардың барлығын бейнекарта деп аталатын басқару блогы атқарады.
Қазіргі кезде кең тараған бейнеадаптер SVGA. Ол 16,7 миллион түстерді экранға шығарып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz