Оқытуда көрнекі әдістер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Көрнекілік туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Оқытуда көрнекі әдістер ... ... ... ... ..
1.3Көрнекі оқыту түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1Химияны оқытуда қолданылатын көрнекіліктердің түрлері ... ... ... ... ... ..
2.2 Сабақ өткізу барысында көрнекі құралдарды пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Таңдалған тақырыптың өзектілігі химия пәнін оқыту барысында жүйелі көрнекіліктерді пайдалана білу.Көрнекіліктердің әдіс-тәсілдерін біліп химия пәнінде қолдану. Көрнекіліктің нәтижесінде қоршаған орта өмір процесін және заттарды қабылдау арқылы оқушылардың түйсігі қалыптасады. Көрнекілік оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін де қолданылады. Осы оқиғада диалектикалық материализм методологиясына негізделген дидактиканың басты қағидаларының бірі болып табылады. Көрнекілікті қолдану тіл материалын енгізу, бекіту, тіл ұстартуда жақсы нәтиже беретіндігіне баса назар аударған.

Курстық жұмыстың мақсаты:
Көрнекіліктер және оның маңызы жайында жалпы түсінік беру.
Курстық жұмыстың міндеті:
1. Қойылған мақсаттарға сәйкес мәліметтер жинау;
2. Жиналған мәліметтерді салыстырып талдау жасау;
3. Оқытуда көрнекі әдістер жайында мағлұматтар беру
4. Сабақ өткізу барысында көрнекі құралдарды пайдалана отырып талдау жасау.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
0.1 Көрнекілік туралы жалпы түсінік.

Көрнекілік - педагогикадағы дидактикалық тәсіл. Ол ақпараттың, дәрістің, үгіт-насихаттың, жарнаманың танымдылығы мен пәрменділігін арттыру жолы, оқытуда заттар мен құбылыстардың әр қайсысының өзіне тән жаратылыс бітімін, әр қилы сыр-сипаттарын сезім мүшелері арқылы байқау, қабылдауға баулиды. Адам қоршаған ортаны, дүниені, құбылыстарды бес сезім мүшесі арқылы түйсінеді. Оның ішінде ақпаратты ең көп қабылдайтын сезім мүшесі - көру түйсігі. Адам жадында терең таңбаланатыны да осы көру түйсігі арқылы қабылданған ақпарлар. Бірақ, түйсік өздігінен құбылыстардың ішкі байланысын, олардың заңдылығын бейнелей алмайды. Құбылыстардың мәнін адам санасында ойлау, пайымдау қабілеті ғана бейнелейді. К-тің нәтижесінде қоршаған өмір құбылысын және заттарды салыстыра ойлап, пайымға салып қабылдау арқылы оқушылардың мәселені түйсіну дәрежесі артады, сана-сезімі қалыптасады. Сонымен бірге, қабылданған ақпарлар оқу міндеттеріне байланысты талданып, қорытылады. К. құралдары оқушыларға бейнелі түсінік беру үшін ғана емес, оқушылардың ұғымын қалыптастырумен бірге, абстрактілі байланыстар мен тәуелділікті түсіндіру үшін қолданылады. Бұл дидактиканың басты қағидаларының бірі болып саналады. К-ті чех педагогі Я.А. Коменский (1590 - 1670) 17 ғ-да енгізді. Одан кейін педагогтер швейцар И.Г. Песталоцци (1746 - 1827), неміс А.Дистерверг, орыс педагогі К.Д. Ушинский (1824 - 187071), т.б. К-ті оқу пәндерінің мазмұнына бейімдеп (ана тілі, арифметика, табиғаттану, т.б.), дидактика мен әдістеме жүйесіне лайықтап қалыптастырды. К-тің үлгілерін пайдалануға Ы.Алтынсарин зор көңіл бөліп, "Қазақ жастары ғылым-өнерді кітап сөзі деп қана қарамай, заттай көзімен көріп, ажырата білуін" мақсат етіп қойды. Қазіргі оқу жүйесінде жанды-жансыз табиғат объектілерін байыппен байқаудың, сурет, өрнек, көркемөнер туындыларын, график. материалдарды заттай пайдаланудың мәні зор. Қазіргі дәуірде ғылым, техника, көркемөнер салаларында мол дамыған шынайы деректерді, т.б. едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін пайдалану үшін түрлі кабинет, арнайы жұмыс орындары - кабиналар ұйымдастырылды. Осыған орай оқу барысында кинопроекторлар, кинофильмдер, теледидар, оптик. аспаптар, түрлі механизмдер, дәлдік өлшеу-есептеу машиналары, т.б. көрнекі құралдар қолданылады.
Қазіргі заманда ғылым,техника,көркемөнер саласында мол дамыған шынайы деректерді басқа да едәуір күрделі бейнелеу мүмкіндіктерін еркін пайдалау үшін түрлі дәрістемелер,арнайы жұмыс орындары ұйымдастырылуда.Оқу үдерісінде кинофильм, проекторлар,оптикалық аспаптар,түрлі механизмдер басқа да көрнекі құралдар қолданылыды.
1.Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысанды байқау және талдау ісін басқарады, ал нысанның мазмұны туралы білімді, оған тән қасиеттер мен оның ерекшеліктерін оқушылар көріп отырған нысандарды өзінен оның мазмұнын байқау және талдау арқылы білетін болады.
2.Мұғалім сөздің көмегімен көріп отырған нысанды оқушылардың байқауы негізінде және олардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, құбылыстардың елеулі байланыстарын айыра білуіне көмектеседі.
3.Көрнекі құралдың мазмұнын оқушылар мұғалімнің ауызша түсіндіру арқылы біледі де, ал көрнекі құрал сол айтқандарын айқындай немесе нақтылай түседі.
4.Мұғалім оқушылардың байқағандары бойынша олардың айтқандарын жинақтап қорытынды жасайды.
Көрнекілік принцпі ертеден қолданылып келе жатқан принцп. Оның негізіне мынандай ғылыми заңдылық жатады:сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерді түрліше қабылдайды. Ең сезімталы-көру мүшелері;олар арқылы миға енетін ақпараттар оқушылардың есінде жақсы сақталады. Кейбір заттарды есте сақтау көрнекіліксіз мүмкін емес.
Шарттары:
*оқушылардың ақыл-ой жұмысы үшін формалар, бояулар, дыбыстар керек екенін естен шығармау;
*оқытудың алтын ережесі: көрініп тұрғандарды көрсету, еститінді етірту, иіскететінді иіскету, дәмін татып көретінді дәмін тарттыру;
*көрнекілік-оқыту және ақыл-ойды дамыту құралы;
*оқушы ұғымдар және абстрактілік ережелерді түсіну үшін нақты фактілер,мысалдар келтіру;
*көрнекілікті мәселелі жағдаяттар туындату үшін қолдану;
*оқушылардың бақылауын жүйелеп,құбылыстардың себептерін,салдарын анықтату;
*көрнекілікті оқушылармен бірге алдымен түгел қарау,негізгісі мен негізгі емесін анықтау, содан кейін тағы бір рет толық қарап шығу;
*көрнекіліктің алуан түрін қолану, бірақ көп көрнекілік қолданбау, өйткені балалардың назары басқа жаққа ауып, негізгіні түсіне алмай қалады;
*көрнекілікті қолданып оқушының сезіміне қозғау салу, қалыптасқан түсінітерге сүйеніп, меңгерілертін ұғымды нақтылау;
*балалармен бірге көрнекілік жасау,оқушылардың өздері жасаған көрнекілік-тердің де әсері мол;
*қазіргі көрнекі құралдарды,атап айтсақ:оқу теледидарларындағы бейнежазбаларды, кодослайдтарды, жартылай экранды проекцияларды т.б. қолданып, техникалық құралдармен жұмыс істей білу;
*көрнекі құралдарды қолданып оқушылардың зейінін,байқампаздығын,ақыл-ой мәдениетін, жобалай білуін, оқуға деген қызығушылығын тәрбиелеу;
*көрнекілік арқылы өмірмен байланыс орнату;
*оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай заттың көрнекілікті азайтып, символдық көрнекіліктерді қолдану;
*нақты заттар мен құбылыстарды көрсету,мүмкіндік болмаған жағдайда символдың көрнекі құралдарды қолдану.

Химияны оқытуда маңызды қайнар көзі көрнекі құралдар болып табылады Көрнекілік оқушыларға нақты бейнелі түсінік берудің бірден бір шарты. Көрнекілік түрлері:
1)Табиғи көрнекілік оқушыларды нақты объектілермен (өсімдіктермен, жануарлармен, минералдармен) таныстыруды талап етеді.
2)Экперименттік көрнекілік арқылы оқушылар химиядан тәжірибелер жасайды.
3)Суретті көрнекіліктің мақсаты-нақты дүниенің бейнесін көрсету (бейнесурет, картина, диафильм, диапозитив, анимациялық кинофильмдер).
4)Көлемді көрнекілік:макет,үлгі.муляж,геометр иялық фигуралар, панорамма.
5)Дыбыстық көрнекіліктер:күйтабақтар,үнтаспаға жазылған материалдар,т.б.
6)Символдық және графикалық көрнекілік: ой дамуына көмектеседі,себебі болмысты шартты белгілермен белгілейді. Олар:карта, жоспар,сызба, диаграмма.
7) Жанама көрнекілік жаңа бейнені бұрынғымен салыстырып, ол туралы түсінік қалыптастыру.
Көрнекілік дидактикалық тәсіл болып таблады.Көрнекі құралдар білім беру- дің ерекше құралы бола отырып, оқушылардың білімділік қасиеттерін -ойлау, сөйлеу, түсіндіре білу, баяндай алу амалдарын үйренуін қалыптастырады.

0.2 Оқытуда көрнекі әдістер
Көрнекі оқыту - өтетін материалды оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, адам анатомиясы физиологиясы, гигиенасы пәнінен адам қаңқасы көрсетіліп, осы сүйектің құрылысы мен химиялық құрамы және буындардың құрылысы мен маңызы, атқаратын қызметі оқушыларға түсіндіріледі. Ботаника сабағында "Өсімдіктердің органдары" тақырыбы бойынша көрнекілік ретінде гербарийлеп және коллекциялар көрсетіледі. Әдебиет пәнінен картиналар сериясы, тарих пен география сабақтарында географиялық және тарихи карталар, картограммалар, диаграммалар, схемалар, кестелер, диапозитивтер пайдаланылады. Бакылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымының белсенді формасы болып табылады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады.
Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқытылатын құбылыстардың көрнекілік ролін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету,босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу; оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне ұйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор. Физика мен химия пәндері кезінде жасалған эксперименттік тәжірибелері де көрнекілік оқыту әдістемесі деп атауға болады. Оқу фильмдері оқыту методы ретінде қолданылады. Программалық материалды оқу фильмдері арқылы баяндауды кино сабақтар немесе экрандап оқыту әдістеме деп те атайды. Фильмдер әдебиет,ана тілі пәндерінен көбірек қолданылады. Фильмдер сабақ кезінде түрлі дидактикалық мақсатта да пайдаланылады. Оны оқушылардың ынтасын арттыру мақсатымен материалды меңгерудің алдында көрсетуге де болады. Ара тұра оқушы білуге тиісті тақырыптардың кіріспесі ретінде оқу фильмдерінің мазмұны түсіндіріледі. Кей кезде фильм материалды өткеннен кейін көрсетіледі. Себебі ол өткен сабақты тереңірек ұғынып, пысықтау мақсатында да қолданылады. Фильмдерді материалды түсіндіру үстінде көрсету- педагогикалық тәжірибелерде көбірек тараған әдістердің бірі. Сабақ үстінде материалды біртіндеп түсіндіре отырып, осы тақырыпқа байланысты фильмдерден үзінділер көрсетуге де болады. Сабақ біткеннен кейін, мұғалім көрсетілген фильм туралы оқушылармен әңгіме жүргізіп, өткен тақырыпты тұтастай пысықтап қорытады. Оқу фильмдері сабақ тақырыбының мазмұнын кеңейтіп, оны толықтыра түседі. Киноны оқушылардың өздігінен меңгеретін жұмыстарына байланысты да пайдалануға болады. Бұл үшін алдымен мектеп жанындағы кино үйірмесі арқылы кино аппараттар мен жұмыс істей білуге тиіс.
Теледидар. Теледидар да техникалық оқу құралдарының бірі болып есептеледі. Оқыту әдісі бойынша теледидар дыбысты - экрандық көрнекі құралдардың қатарына жатады. Сондықтан оқыту құралы ретінде мұның да рөлі зор. Теледидар арқылы ғылым, техника және өнер саласынан көрнекті мамандардың сөздерін пайдалануға болады.
Радио. Дыбысты техникалық құралдардың бірі- радио. Елімізге радио хабарлары оқыту әдісінің бір түріне жатады.Көптеген мектептерде, оқыту мақсатына байланысты ұйымдастырылған өздерінің радио торабы бар. Жаңа салынатын мектептердің жобасы бойынша арнайы радио кабинеттері жабдықталады. Радио арқылы ғылымның әр саласынан мамандардың сөздері беріледі және дене шынықтыру, ән мен музыка сабақтары жиі хабарланады. Кей мектептерде радио сабақтары әсіресе, шет тілдерінен өте табысты өтуде. Радио хабары арқылы шет тілі сабақтарынан оқушылардың тілін дамытуға және мәнерлеп оқуға үйретуге болады. Радио арқылы оқушылар үшін әдебиет сабағына арнап музыкалық иллюстрацияларды дыбысты техникалық құралдар ретінде магнитофон жазбалары пайдаланылады. Оларға жазылған сабақтарды қайталап тыңдау арқылы оқушылар ана және орыс тілдерінде қатесіз сөйлей білуге дағдыланады.
Экскурсиялық оқыту. Экскурсия (лат.-серуен жасау ) - өзінің мазмұны жөнінен үш түрлі дидактикалық мақсатпен ұйымдастырылады: жалпы білімберу, өлкетану, тәрбиелеу. Экскурсия сабағының барысында өтетін тақырып әңгіме методы мен көрнекі оқыту методының ұласуы арқылы түсіндіріледі.Олай дейтін себебіміз, экскурсия кезінде әңгіме, лекция методтары өолданылады да, экспонаттап көрнекілік ретінде көрсетіледі. Демек, экскурсия әдістемесі әңгіме әдісі мен көрнекі оқыту әістерінің комбинациясы деуге болады. Мұнда ауызша түсіндіру мен көрнекілік әдістері теңбе- тең жүріп отырады. Экскурсия кезінде оқушылар көптеген материалдар жинайды, суреттер салады. Сөйтіп, оқушылар сабақ мазмұнын шешуге өздері тікелей қатысады. Бұл жөнінен экскурсия практикалық оқыту әдісімен тығыз байланысты.
Оқытуда көрнекілік әдістер. Бақылау оқыту әдісі ретінде сезімдік танымның белсенді формасы болып табылады. Бұл әдісті қолдану жан-жақты дайындықты қажет етеді; бақылаудың сызба - нұсқасын өңдеу;оқушыларды бақылау нәтижелерін өңдей білуге және оны тікелей білу тәсілдеріне үйрету. Бұл әдістің олардың өзіндік жұмыс істей білу дағдыларына көмектеседі, танымдық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік мәні зор.
Бейне әдістері. Демонстрация әдісі иллюстрация әдісімен тығыз байланысты. Заттарды көрсетіп және қабылдау, плакаттардың көмегімен символдар түрінде, олардың процестегі құбылыстарын, карта, портреттер, фотографиялар, суреттер, схемалар, репродукциялар, жалпы модельдер және т.б. кеңінен қолданылады. Көрнекілік іс- тәжірибеде кеңейіп, небір жаңа құралдарды өмірге келтіріп жатыр. Түрлі бояулы пластинкалық қапталған тарихи карталар, альбомдар,атластар жатады. Жалпы модельдер арқылы құбылыстар мен процестердің динамикалық және статистикалық ақ түсті және түрлі-түсті мәнін ашып көрсетеді. Олар анықтамаларды түсіндіру процесін жеңілдетеді. Кестелер, диаграммалар, графиктер, таблицалар білімді тез сапалы игеруге көмектеседі.
Иллюстрация әдісін қолдана отырып, оның көрсетілу әдісіне көп мән беру керек. Көрнекі құралдардың дидактикалық ерекшелігін, оның танымдық процестегі рөлі мен орнын ойластырып алу керек. Мұғалімнің алдына қойған мәселесі - иллюстрациялық материалдың оптималды көлемін анықтап алу. Иллюстрация алдын-ала дайындалады. Берілетін фотография, диаграммалар, кестелер мақсатты түрде қолданылады. Қазіргі мектептерде иллюстрацияны пайдалану үшін экранды техникалық құралдар кеңінен қолданылуда.
Бейне әдісі білімді игеріп қана қоймайды, оны бақылауда, бекітуде, қайталауда, қорытындылауда жүйелеуде және барлық дидактикалық қызметті кеңінен атқарады. Берілген әдіс ақпаратты көрнекілікте қабылдауға негізделген, индуктивті түрде, жеке дедуктивтік жолдармен білімді игеру, оқушылардың түрлі деңгейдегі танымдылық және өздік жұмыс жүргізу белсенділігі, таным процесін басқарудың түрлі тәсілін қолдануды қарастырады. Мына әдістен гөрі кешенді дидактикалық технологиясы берілген. Оқыту процесінде әдісті пайдалану, оқушыларға толық оқылатын құбылыстардың көрнекілік рөлін көрсету, сұраныстарын қанағаттандыру, оқушылардың қызығушылығы мен қажетін, мұғалімдердің еңбегін жеңілдету, босаған уақыт білімді бақылайтын және коррекциялайтын, дәптер тексеруді т.б. қамтамасыз етеді. Сонымен қатар кері байланыс жұмысын; толық және жүйелі түрде бақылауды ұйымдатыру, үлгерімді объективті есепке алуды ұйымдастырады. Бейне әдіс дидактикалық және тәрбие міндеттерін шешеді. Бұл әдіс:
-жаңа білім беруде, күрделі бағытталатын өте баяу процестерді (өсімдікті өсіру, сұйық заттың диффузиясы, заттың кристалануы, тау жыныстарының қыртысын),яғни құбылыстардың мәліметін ашып көрсете алмаудағы жылдам процестерді бақылау,
-түрлі іс-әрекет түрлерін алгоритмде орыналуын оқыту;
-шет тілі сабақтарында арнайы орта құру;
-тест өткізуді ұйымастыру;
- алдын-ала жұмыстар, жаттығулар, моельдеу, қажетті өлшемді жасау;
-жаттықтыру және зерттеу жұмыстарын өткізуге жағдай туғызу;
-сыныптағы әр оқушының үлгерімін, білім берудің дифференциялық жағын ұйымдастыруды компьютерлік есепке алу;
Көпшілік жағдайда окушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне сүйене отырып, заттарды бірінен-бірін ажырату, қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Орта мектепте химиялык экперементтің төрт түрін қолданады, бұлардың әрқайсысының өзінше методикалық тәсілдері, оған сай мақсаттары бар:
1) Көрсетілім (демонстрациялық) тәжірибелер
2) Зертханалық тәжірибелер
3) Сарамандық сабақтар
4)Аралас типті сынақ тәжірибелер(сынақ тәжірибелік есептер шығару, практикумдар өткізу).
Мектепте көрнекіліктің әр қилы түрлері пайдаланылады.Көрнекілік принцп химияны оқытуда мұғалімнің әртүрлі көрнекі оқу құралдары мен оқытудың аудио визуалдық (есту көру) техникалық құралдарын кітаптар, карталар, кестелер және басқа да грамматикалық көмекші кітапша сөздіктер, аппликация, диафильмдер, диапозивтер, кинофрагменттер, және т.б.қолануына негізделген. Енді көмекші құралдарына келетін болсақ мұғалім үшін әдістемелік, дидактикалық, педагогикалық әдебиеттерді, журналдарды қоса алуға болады.
Көрнекілік әдістерін маманның ең негізгі міндеті таңдаған мамандығы бойынша теориялық білімі мен қалыптасуына педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің үлкен көмегі болады. Көрнекіліктер түрлері дидактикалық үрдістермен, оның ішінде дамыта оқыту үрдісімен ұштастырыла іске асыратын көрнекіліктерді көбірек қолдануға тырысады.Себебі, сыныпты жалпы және әр баланы жеке химия сабағына деген ынтасын арттыруға зор ықпал етеді. Күнделікті химия сабақтарында тақырыпқа сай көрнекі құралдарды қолдануға мынандай талаптарды ескерген жөн:
1) Көрнекіліктер оқу бағдарламасына сай дайындалуы керек.
2) Эстетикалық тәрбие беру де жөн.
3) Жүйелі жинақты тұруы тиіс.
4) Тақырыптың мазмұнын аша түсіп, толықтыратындай болуы керек.
Сабақты қайталау және пысықтауда тақырыпқа сай карточкалар, сөзжұмбақтар, ребус пайдаланылады. Сабақтың үшінші бөлігі оқушылардың ой-өрісін, эстетикалық талғамын өсіріп, жақсы әсер ететін - үнтаспалар, диафильмдер, түрлі суреттерді есте сақтауға көмегі бар.
Химияны оқытуда оқушылар заттар қасиеттерін және құбылыстарды көру ғана емес, басқа анализаторлардың жәрдемімен де танып біледі. Заттарды қабылдау процесі оның бейнесін қабылдау процесінен басқаша болғанымен, суреттерді қабылдауда бірінші сигнал системасының едәуір рөлі бар. Сондықтан иллюстративті көрнекі оқыту құралдары да көрнекілік құралдарына жатады. Мектеп оқушыларына химия пәнін оқыту кезінде шаршағандықты басу және оларды оқу үрдісіне тез араластыру үшін көрнекі құралдарды пайдаланып оқыту өте қажет. Әсіресе жаңа білім мен білікті меңгерту сабақтарында көрнекі құралдарды пайдаланудың маңызы зор.

1.3Көрнекі оқыту түрлері
Химияны оқытуда мынандай көрнекілік құралдар қолданылады:
1) Заттар үлгілері, жабдық заттары, физикалық және химиялық процестер
2)Бейнелеу көрнекі құралдары-суреттер,диапозитивтер, оқу фильмдері, макеттер және басқа көлемдік көрнекі құралдары;
3) Шартты (символикалық) көрнекілік құралдары-диаграммалар, схемалар, графиктер және т.б.
Оқушылар мектептегі сабақтарда, мектептен тыс экскурсияларда және еңбекке үйренгенде оқу мақсаттары бойынша заттарды және процестерді бақылайды.Мектепте оқушылар мұғалім демонстрациялайтын заттар үлгілерін, приборларды және үлестірме материалдарды қарастырады.
Кейбір мұғалімдер көрнекі көрсету әдістемесі өте қарапайым деп қате ойлайды. Бұл оптимизмді тәжірибе дәледеді. Қөрнекі көрсеткенде оқу мәні жоғалып, тек танымдық құралына айналған оқиғалар аз емес. Көрнекі көрсетудің нәтижесі мұғалімнің іс - әрекеті көрнекі құралдармен дұрыс үйлескенде ғана пайдалы болады.
Егер мұғалім көрнекіленетін нысанның қасиеті туралы ғана білім алып қоймай, сонымен қатар оқушыларды бақылау жасауға, үйретуге, ойын дамытуға және бақылаудың нәтижесін талқылай білуге баулуға тырысса, нысан күрделі және оқушылар білуге керекті белгілерді тани алатын болса, көрнекі құралдарды көрсетудегі мұғалімнің іс- әрекетінің үйлесу сипаты қалыптасады. Көрнекі құралдарды көрсетудегі мұғалімнің іс- әрекетінің үйлесу сипатының бұл түрінде оқушылар заттардың, денелердің, немесе үрдістердің көрінетін белгілері арқылы олардың қасиеттері туралы білімді игереді.Мұғалім оқушыларды бақылауын сөздің көмегімен жетекшілік етумен сипатталады.
Егер мұғалім көрнекілеудің мақсатын оқушылар өте қарапайым және оларды түсіну үшін олардың аналитикалық ой қызметін қажет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көрнекілік оқыту әдістерінің теориялық негіздері
Ағылшын тілін оқытуда көрнекілік әдістерін қолдану
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау
Оқытудың практикалық және көрнекілік әдістері
Тарихты оқытудың әдістері және оларды топтастыру
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістер
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда көрнекіліктің ролі
Оқушыға арналған көрнекі құралдар
Пәндер