Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі

Еуразия Гуманитарлық Институты

Педагогика кафедрасы

«Қазақстанның жаңа заман тарихы» пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Әбілқайыр ханның мемлекеттік қызметі

Орындаған: Шүкерхан Айнұр

Қабылдаған: Аманабаев Алмат Жұманович

Нұр-Сұлтан 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 2-4

I-Тарау. Әбілқайыр ханның хандық билікке келуі және қолбасшылық,

дипломатиялық қызметі

1. 1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі . . . 5-7

1. 2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері . . . 8-12

1. 3 Әбілқайыр ханның дипломатиялық қызметі . . . 13-18

II-Тарау. Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресейге қосу жолындағы ұстанған саясаты

2. 1 Әбілқайыр ханның Ресейге қосылудағы саяси көзқарасы . . . 19-24

Қорытынды . . . 25-27

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 28

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ елі көп жылдар бойы бодандық құрсауында болып, енді егемендік алған тұста алдына әлемдегі өркениетті халықтар санатына қосылу мақсатын қойып отырған ұлт үшін өзінің өткенін білу, төл тарихынан тағылым алып, оның сабақтарын ескеру - болашақ мақсаттарға жеткізетін негізгі фактор. Қазақстанның ХVШ-ХІХ ғасырлардағы тарихы бірқатар объективті себептерге байланысты жеткілікті зерттелмей келгені белгілі. Осы кезеңдегі тарихи өткенімізді зерделеуге Қазақстанның отарлық тәуелділікте болуы да зиянды әсер еткені сөзсіз. Сол сияқты қазақтардың мемлекеттілігі туралы қолда бар тарихи жазбалар ең алдымен кеңестік кезеңдегі негізінен номадтық (көшпенділік) стереотиптерге құрылған болатын.

Мемлекеттік билік кімнің қолында болатыны қоғам үшін өте маңызды. Қазақ хандығының негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, ұлт маңдайының бағына біткен Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандар елдің іргесін бекемдеп, шаңырағын нығайту жолындағы алмағайып заманның қиын-қыстау сәттерінде ұдайы жеке бастарының қадір-қасиеттері мен үлгі өнеге бола білді.

Әбілқайыр - қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын тұлғалардың бірі.

Әбілқайыр Қажысұлтанұлы сияқты ірі саяси тұлғаның қызметі кеңестік тарихымызда жалаң, бір жақты баяндалды. Оған дәлел кеңестік жүйенің алғашқы жылдарында оны тарихшылар "сатқын", "авантюрист" деп жөнсіз айыптаса, ал Кеңес үкіметінің кейінгі жылдарында "дана билеуші", "ұлы орыс халқына өз еркімен қосылудың негізгі ұйытқысы" деп асыра мадақтады. Демек, бұндай жағдай аталған тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу қажеттігін айқындай түседі.

Қайткенде де, өз заманының перзенті Әбілқайыр Шығыс халықтарының тарихында ірі саясаткер, мемлекет қайраткері, күшті әскери қолбасшы ретінде елеулі орын алды.

Халқының қиын-қыстау тарихында дипломат-мәмілегер, данышпан қолбасшы өз ұлтының бірлігі мен жерінің тұтастығын сақтауға жан аямай күш салысқан ірі мемлекеттік тұлға ретінде танылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өз Жарлығымен 1998 жылды "Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы" деп, ал 1999 жылды "Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы" деп және 2001 жылды "Тәуелсіздік жылы" деп жариялауы еліміздің өткеніне, қазақ мемлекеттілігінің тарихын ашуға, оның ішінде қазақ хандарының ел тарихында алатын ролінің ғылыми тұрғыда кеңінен жазылуына, халыққа оның тарихи зердесін қайтарып беруге септігін тигізері сөзсіз. Дегенмен де елбасының өзі айтқандай "тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі, айғағы".

Мәселенің зерттелу деңгейі .

ХVІІІ ғасырдың I жартысындағы қазақ-орыс қатынастары жөнінде қарастырып өткен біршама орыс авторлары болды. ХVІІІ ғасырдағы және XX ғасырдың басындағы орыс авторларының ерекшелігі -ғылыми экспедициялар мен қызмет бабындағы сапарлар кезінде ауқымды мәселелер бойынша материалдар жинады, сонымен бірге тарих, мәдениет, этнография, география және т. б. қамтылды. Бұл авторлар Қазақстанның ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы қоғамдық-саяси дамуының ерекшелігімен жақсы таныс болғандықтан өздерінің еңбектерінде Әбілқайыр ханға көптеген беттер арнаған. Алайда бұл авторлар өз заманының адамдары болды және олардың көзқарастары сол уақытқа, идеологияға тән ықпалдардан азат емес еді. Әбілқайыр хан саясатына берілген бағалар зерттеушінің қай тапқа жататыны тұрғысынан айқындалды. Қандай жағдайда болсын, казақ халқының шынайы тарихын жасау үшін олардың еңбектерін зерттеу және талдау қажет. Алғашқы орыс зерттеушілерінің қатарына П. И. Рычковтың, А. И. Левшиннің, В. АМоисеевтің, В. Н. Витевскийдің, А. И. Добросмысловтың, А. И. Макшеевтің еңбектері жатады.

Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А. И. Добросмыслов: "Самый сильным, предпримчивым и энергичным из ханов казахских орд, начале второй четверти ХVІІІ столетия был ближной наш сосед хан Малой Орды Абулхаир", - деген байлам жасайды.

Патшалық Ресейдің жоғары лауазымды шенеунігі әрі тарихшы А. И. Макшеев былай деп жазады: "Мемлекет шекарасы сыртындағы қырғыздар (қазақтар) бұрынғысьнша тәуелсіз болып қала берді, ешқандай алым-салық төлемей, Ресей алдында міндет атқармады" .

Кіші жүз ханын көзімен көріп, жүзбе-жүз кездескен орыс шенеуніктері де, ханның жеке басының қасиеттерін жоғары бағалаған. Оған дәлел, Орынбор экспедициясының бастығы И. Кириллов: "Әбілқайыр хан барлық қазақ - қайсақ хандарының ішіндегі атақтысы және ақылдысы . . . " десе, ханмен етене жақын болған орыс елшісі М. Тевкелевтің: "Әбілқайыр хан жетерліктей ақылды және қулығы да бар адам . . . оның ұлы мәртебелі императорға бодан болу ниеті лажсыздан туып отыр" деген мінездемесімен толық келісуге болады. XIX ғасырдың басындағы ірі қоғам қайраткерлері сапынан орын алатын қазақ зиялылары да өз еңбектерінде аталмыш мәселеге назар аударған. Олар: Ә. Бөкейханов, Х. Досмұхамедұлы, Ғ. Мұсағалиев, Қ. Кемеңгерүлы т. б. Бұл авторлардың шығармашылық мұралары олардьң ой-өрісінің кең екенін және Қазақстанның Ресейге қосылуын, соған сәйкес Әбілқайыр саясатын басқаша тұрғыдан бағалайтынын көрсетеді.

Әбілқайырдың Ресей әкімшілігіне сүйеніп, өзінің саяси қарсыластарының позициясын әлсіретуге, жеке билік жүргізу үшін күресте өзінің потенциалды бақталастарынан асып түсуге үміт артқан пайдакүнемдік мүддесі болғандығын қазіргі кәсіби тарихшылар да растайды. Ғ. Мұсағалиев бодандықтың мәнін Әбілқайыр шығыс дәстүрінде түсінгенін атап өткен. Десек те, ХVШ ғасырдың I жартысындағы әскери-саяси оқиғаларда басты рөл атқарған, сол үшін маңындағылардың жаулық, қастандықтарына ұшыраған, халық болашағы мен жеке мүддесі дәуір ағымының беталысына қарай ойламаған тұста келісім тауып, өзара жарасып кеткен Әбілқайыр тұлғасын автор біржақты бағалаған.

Әбілқайыр ханның ұстанған түпкі саяси мақсатын Қошке Кемеңгерұлы 1924 жылы Мәскеуден шыққан "Қазақ тарихы" атты кітабында былайша түсіндіреді: 1) Күшті Ресейге арқа тіреп Хиуалықты, Қарақалпақты бағындырамын, үш жүзге үлкен хан боламын; 2) Тақты мұралы қыламьн; 3) Қол-аяқты жинап алған соң, Ресейден бөлініп кетемін, деп ойлады. Соңғы пікірімен толқыған халықты да иландырды . . .

1903 жылы Әлихан Бөкейхановтың "қазақтарды жау жағадан алып, бөрі етектен тартып орыс билігін мойындауға мәжбүр етті" деген тұжырым келтіреді.

Қазақ халқыньң аса ірі тарихшысы Е. Бекмаханов осы кезең туралы құнды еңбектердің авторы. Ол: "Кіші жүздің қазақтары өздерінің көреген ханы Әбілқайырдың бастауымен 1730 жылы ерікті түрде орыстарға бодан болғаны мәлім. Мұның өзі сыртқы және ішкі себептерден туған қажеттілік болды; ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарында жоңғар жаулап алушылары тарапынан қанауға түсудің қаупі төнген. Әбілқайыр бастаған қазақтар өздерінің қуатты көршісі - Ресейден әскери көмек сұрады. Сонымен бірге орыстарға бодан болуға қазақтарды империямен экономикалық және сауда байланыстары да итермеледі. Бодандықтың шарттары бойынша қазақтар өздері тұрып жатқан мекенін және мемлекеттік дербестігін сақтап қалды", - деп жазады.

Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін тарихымыздағы "ақтаңдақтарды" ашуға жергілікті тарихшылар да араласа бастады. Бұл мәселені тарихи танымдық жағымен де, ғылыми құндылығымен де ерекше, көптеген тарихнамалық, методологиялық мәселелерді алға тартып, ХVШ-ХІХ ғасырлардағы казақ тарихын зерттеушілерге тың серпін беріп отырған көрнекті тарихшыларымыз М. Қ. Қозыбаевтың, Ж. Қ. Қасымбаевтың, И. В. Ерофееваның тарихи зерттеулерінің орны айрықша.

Осыған сәйкес тақырыпқа тікелей қатысты ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының саяси өміріндегі Әбілқайыр ханның орны, Кіші жүздегі ХVШ-ХІХ ғасырларда қалыптасқан саяси-құрылыс пен экономикалқ дамудағы өзгерістер, Кіші жүзді мекендеген ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы халықтардың этникалық құрамы туралы мәліметтер Т. З. Рысбековтың, Б. Қ. Бірімжаровтың, А. М Абдилдабекованың, С. Өтениязовтың, М. Ж. Абдіровтың, М. С. Мәшімбаевтің, А. Исин еңбектерінде жан-жақты қарастырылғандығын айтып кету қажет. Мәселен, тарихшы М. С. Мәшімбаев Әбілқайыр тұлғасының біздің өлкемізге тікелей қатынасты болғандығын баяндай келіп, оны батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол тарихи күрделі тұлға ретінде бағалайды .

I-Тарау. Әбілқайыр ханның хандық билікке келуі және қолбасшылық, дипломатиялық қызметі

1. 1 Әбілқайырдың шығу тегі және оның хандық билікке келуі

Қазіргі тарих ғылымында қазақ хандары жан-жақты зерттелуде. Тәуелсіздікке қол жеткізуімізге байланысты тарихи таным арнасына жаңадан игеріле бастаған отандық және шетелдік жазба деректер тартылуда.

Әбілқайыр ханның Қазақстанның саяси тарихындағы орны туралы талас-пікірлер әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Әбілқайыр ханға объективті бағаны XVIII ғасырдың 20-40-шы жылдар аралығындағы тарихи жағдайларды қарастыра отырып, анықтауға болады.

Әбілқайыр хан нағыз саясаткер және әскербасшы ретінде ғана емес, сонымен қатар династияның негізін қалаушы ретінде де қымбат.

Әбілқайыр хан - мемлекеттік және әскери іскер, жоңғарлармен шайқастағы қазақ әскерінің бас қолбасшысы, Бұланты және Аңырақай шайқасының батыры, мәмілегер, қазақ даласының бірінші маршалы, Ресей мен Қазақстан жақындасуының инициаторы .

Оның есімі қазақ даласының басқа көрнекті қайраткерлерімен бір қатарда тұруы керек, атап айтқанда жауынгер Қасым хан, айбарлы Жәңгір хан, дана Тәуке, данышпан Абылай және қаһарлы Кеңесары - деген ұсыныстарға қосыла келе, "Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткен" кең байтақ қазақ даласының ұлы ұлдарының бірі.

Әбілқайыр орыс империясының боданы болу арқылы мемлекеттілікті сақтай алды.

Ғасырлар бойы ұлан-ғайыр қазақ даласында данышпан қайраткер тұлғалар қазақ халқының тарихына орасан зор үлес қосты. Жоғарғы мемлекет билігіне байланысты әр хандардың өзіне тән әскери дарындылық, қырандық саясаткерлік және дана мәмілегерлік қасиеттерін бойларына сіңірген олар, геосаяси стратег ретінде халқының және мемлекеттің тағдырын шеше алды.

Өзінің ақылдылығымен, стратегиялық айлакерлігімен, көптеген жетістіктерімен, ішкі және сыртқы саясаттағы істерімен Әбілқайыр ханды сөзсіз өткен ғасырлардағы қазақ басшыларының ішіндегі ең көрнектілер қатарына жатқызуға болады .

1710 жылы Қарақұм құрылтайында, 1726 жылы Ордабасындағы ұлы жиында батырлық пен биліктің үндестігін іске асыра алған Әбілқайырға билер бастаған топтың назары бекерден-бекер тоқталған жоқ .

Қазіргі таңда Әбілқайырдың хандық билікке келу мерзімі өзекті мәселе болып отыр. Әр түрлі ғылыми зерттеулердегі болжамдар мен деректердің шашыраңқылығынан болар, Кіші жүз ханының таққа отыру мерзімі өте даулы мәселе болып, ол туралы қарама-қайшы пікірлердің кездесуі сирек емес.

Әбілқайырда қазақ даласының көшбасшысына тән қасиеттің барлығы үйлесті және де ханның аты қазақ даласына ерте бастан-ақ белгілі болды.

1710 жылдың жазында Қарақұмдағы халық жиналысында жас Әбілқайыр Кіші жүздің ханы және бас қолбасшысы болып сайланды. Жастығына қарамастан Әбілқайыр ерлігімен, әскери шеберлігімен, басқару өнерімен танымал болды .

Орыс елшісі А. И. Тевкелевпен болған әңгімесінде Әбілқайыр оның ата-бабалары Ташкентті, Түркістанды, Сайрамды басқарғанын айтты. Көп жылдар бойы ол жоңғарлармен теңсіз шайқас жүргізді, сол шайқастардың бірінде әйелі мен өгей шешесі тұтқынға алынады. Жауларының қыспағына шыдай алмаған Әбілқайыр, осы қалаларды тастап "көшпелі халық қырғыз-қайсаққа" кетуге мәжбүр болады. Бұл кезде қазақ хандығы үш жүзге бөлінген еді. Сонда Әбілқайыр Кіші жүзді басқарады. Бұл шамасы 1710 жылдағы Қарақұмдағы халық жиналысында ақ киізде көтеріліп, Кіші жүздің ханы атанды, ал бас сардар-қолбасшы болып табын Бөкенбай батыр сайланды.

Көптеген баспасөз материалдарында Әбілқайыр 1718 жылдан бастап "хан" ретінде көрсетілген.

1718 жылы 10 желтоқсанда Бұлқайыр сұлтанның император I Петрге жазған хатында Әбілқайыр "хан" мәртебесімен емес "сұлтан" деп қана жазылады. Жарияланған хат жолдарына тоқталсақ: " . . . белому царю . . . , Булгаира - хана брат Булгаир - султан . . . покоряется". Бұл үзіндіден аңғарғанымыз, екі бірдей есімді адамның болуы, "хан" мәртебесімен "сұлтан" мәртебесінің қатар жүруі санаға кірмейді. Бұл Қажысұлтанның ұлдарының бірі, Әбілқайырдың інісі болса керек. Сонымен қорындылай келгенде, Әбілқайырдың 1718 жылға дейін-ақ хан болғандығын аңғаруға болады .

Ол - Өсекенің үрім-бұтағы. Демек, билікке таласу оның жолы емес-ті. Алайда бұл заманда көсемнің жеке басының қадір-қасиеті, игі-жақсылардың қолдау көрсетуі көп жағдайда елеулі рөл атқаратын.

XVIII ғасырдың 30-40 жылдарында П. И. Рычков, А. Тевкелев: "хан мұрагерлік тәртіппен сайланбайды. Ру ақсақалдары кімді қаласа, сол хан тағына отырады, бұл жерде оның билігі мен абыройы хан тағына байланысты емес, ел ісін атқара алатын белсенділігі мен ақыл-ой парасатына байланысты. Әбілқайыр айтарлықтай белгілі хандар тұқымынан емес, тек жас шағынан ерлік жасап, ел тізгініне ие болып топ бастап хан лауазымына жеткен".

Хан тәуелсіз емес, өйткені оның шешімі ру ақсақалдарының құптау-құптамауына байланысты болатын. Дегенмен, олардың өзі барлық жағынан ханның бұйрығына бағынатын. Қоғам өмірінде орын алып жатқан жариялы істердің бәрінде мәліметі болатын және үкімдерді хан бекітетін. Ақсақалдар кеңесі Әбілқайыр хан туында оның еркін тежеп отырды .

Әбілқайырдың алдында үш жүздің ханы болу жоспары да көзделді. Әбілмәмбет, Сәмеке және Әбілқайырдың арасында үш жүздің Бас хан мәртебесіне күрделі бәсекелестік жүргізілді. Әбілқайыр Бас хан атағын ала алмады. Бұған қатты күйінген ол, өз әскерін алып ордасына қайтты.

Осыдан кейін Әбілқайыр бас билікке жету үшін басқа әдіске көшті. Енді Әбілқайыр Ресей империясының құрамына кіріп, орыс әскерінің көмегімен жоңғарлар 1723-1725 жылдарда тартып алған қазақ жерлерін - Ташкент, Түркістан, Сайрамды қайтарып алғысы келді. Ал бұл оның Қазақстандағы хандық билігін нығайтуға жол берер еді. Бұдан басқа хан Кіші жүз жеріне Еділ қалмақтарының, башқұрттардың, Орал казактарының шабуылдары тоқтайды деп сенді.

Сондықтан да болар, 1726 жылы Ордабасы жерінде бүкіл халықтың алдында үш жүздің бас билері - Төле, Қазыбек, Әйтеке және басқа да тұлғалар-сұлтандардың келісімімен Әбілқайырды жалпы қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Әбілқайыр дәуірінде әр жүздің басында отырған ханға қарағанда, жалпы қазақ жасағының бас қолбасшы мәртебесі жоғары тұрған болар. Себебі, қазақтардың басты мақсаты шапқылақтаған жаулардан мемлекеттілікті қалай болса да сақтау, олай болса Әбілқайырды нақты болмаса да, бас қазақ ханы деп таныған шығар .

Бірақ хан болу үшін тегінің салмағы аз болды, сонымен бірге өз бәсекелестеріне байлығындағы, соғыстағы, сот істеріндегі басымдылығын дәлелдеу керек болды.

Әбілқайырдың Кіші жүз ханы болғанымен, ол Орта жүздің де кейбір руларына билігін жүргізді. Халқының жағдайын ойлай отырып, билігінің өктем болуына назар аударды. Қоршаған жауларын жеңіп өз билігін нығайту үшін қолынан келген бар мүмкіншілігін істеді . "Кіші жүз ханы Әбілқайыр өз заманындағы басқа қазақ хан-сұлтандарынан ақыл-ойы озық тұлға", - деп жазады П. И. Рычков .

Әбілқайыр - батырлығы мен өркөкіректігі, ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саясатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан қайшылығы мол тарихи күрделі тұлға ретінде бағаланады .

Қазақ халқының хандарына сай Әбілқайырдың да жеке мөрі болған, онда "Мұхаммед Қазы Бахадүр Әбілқайыр хан" деп жазылған. "Бахадүр" деген лауазым тек жаужүрек сардарлығымен мәлім болған және өзінің әскери жетістіктерімен даңққа бөленген ардақты тұлғаларға ғана берілген. Олай болса Әбілқайыр мемлекеттік лауазымды істерде үлкен орын алған . Оның батырлығы туралы Е. Бекмаханов: "1730 жылы Кіші жүз қазақтары мен жоңғар басқыншыларының аса ірі шайқасында Бөкенбай, Есет және Әбілқайыр хан өздерінің батылдылығымен ерекше көзге түсіп, халық оларды батыр деп атап кетті", - деп жазды .

Қалай десек те, өз заманында Әбілқайырдың даңқы көкке көтерілді. Оның есімінің өзін "атағы", "мәртебесі" деп қарауға болады, өйткені көптеген орыс тіліндегі тарихнамаларда "Абул-Хаир" екі бөліп жазуын Әбіл "жақсы", ал, Қайыр "батыр" дегенді білдіреді деседі .

"Хан 55-56 жас аралығында өмірінің нағыз шыңында өмірден өтті. Ханмен бірге дәуір кетті", - дей келе тарих ғылымының докторы Ж. Қасымбаев Әбілқайыр ханның өлімінен кейінгі Бопай ханымның іс-әрекеттеріне тоқталады. Автор Оренбург облысының Мемлекеттік мұражайында сақталған А. И. Тевкелев пен И. Неплюевке жазылған бірнеше хаттарын өз еңбегінде көрсетеді.

1. 2 Әбілқайыр ханның әскери қолбасшылық іс-әрекеттері

Ғасырлар бойы қазақ халқы өз күшімен ғана тәуелсіздігін және жерін сақтап келді. XVII ғасырдың аяғы - XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қазақ хандығының саяси жағдайы қиын болатын. Қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси жағдайының әлсіреуіне ықпал еткен мән-жайлардың бірі - көршілес елдердің қазақ халқының жеріне көз салуында еді. Өз кезегінде қазақ қоғамының саяси жағдайын Ш. Уәлиханов былай деп мәлімдеген болатын: "ХVП-ХVШ ғасырлар аралығы қазақ қоғамының тағдырында сұмдық қиын кездер болды. Жайық орыс-казактары, Еділ бойының қалмақтары, башқұрттар мен жоңғарлар бірінен кейін бірі қазақ халқына шабуыл жасап, олардың малын айдап, қазақтарды тұтқынға алды".

Өзінің жеке әскери дарындылығы мен қолбасшылық шеберлігімен көзге түскен Әбілқайыр осы кезеңде қазақ хандары мен сұлтандарының әскери шерулеріне жастайынан белсене қатысқан жауынгер. Жай ғана қазақ әскери жасағының жауынгері болған ол, 16-17 жасында қазақ жасағының әскери басқарушыларының бірі болды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тарихында әбілқайырдың алатын орны мен ролі
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Әбілқайыр хандығының күшеюі және әлсіреуі
Әбілқайыр хан жайлы
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
Әбілқайыр хан (1693 - 1748)
Ж.Қ.Қасымбаевтың өскен ортасы мен еңбек жолының басталуы
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz