1937 - 1938 жылдардағы репрессия
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы
№ 2Семестрлік жұмыс
Тақырыбы - 1937-1938 жж. Қазақстандағы жаппай террор мен саяси репрессия зардаптары.
Орындаған : Жарылқасынова Аружан
Мамандығы: электр техникасы және энергетика
Топ:ЭАЭМк-20-1
Тексерген:Төленова З.
Алматы 2020
Мазмұны:
1.Кіріспе
2. 1937 -1938 жылдардағы репрессия
3. Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты
4 .Қазақ ғалымдарының зардап шегуі
5. Қорытынды
6. Пайдалынылған әдебиеттер
Кіріспе: Репрессия- бүтіндей жою, басып- жаншу мақсатында жүргізілетін жазалау шаралары (мысалы, реакциялық тәртіптерді). Үкімет басшыларының заң орындары арқылы өз халқын, оның жекелеген өкілдерін қуғынға ұшыратып, жазалау шаралары. 1930 жылға қарай елдің барлық жерінде социалистік қатынастар орнады. Жер фабрика, заводтар, ұжымшарлар мен кеңшарлар мемлекет меншігіне өтті. Өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік орнықты. Елде 1936 жылдың 5 желтоқсанынада Кеңестердің Жалпыодақтық ҮІ төтенше сьезінде жаңа сталиндік Конститутция қабылдады. Ол бойынша КСРО - да бюрократиялық орталықтандыру орнықты. Социализм тоталитарлық казармалық сипат алды. Елде сталиндік саясат жүзеге асты. Жазалау органдарының қызметі күшейтілді. Осылайша жеке адам құқығы аяққа басылып, пікір айтқан, ұсыныс жасаған адам халық жауы қатарына жатқызылып жазаланды. Сталиндік қуғын-сүргін геноцид саясаты осылай басталды.1937-38 жылдары қазақтың көрнекті қайраткерлерінің барлығы репрессияланды. Сондай-ақ респрессия құрбандары ішінде Тұрар Рысқұлов, Нығмет Нұрмақов,Сұлтанбек Қожанов, Ұзақбай Құлымбетов, Ораз Жандосов, Әбілхайыр Досов, Смағұл Сәдуақасов, Темірбек Жүргенов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Құдайберген Жұбанов, Санжар Асфендияров та бар.Бүгінгі таңда Қазақстанның орталық көшелеріне, мемлекеттік мекемелеріне осы қоғам қайраткерлері мен қазақтың көрнекті азаматтарының аты берілген. Олардың еңбектерін оқушылар, студенттер оқып, ғалымдар зерттейді. Олардың құрметіне мемлекетте мемориалдық кешендер орнатылып, ескерткіштер ашылған. Қазір біздің тарихымыздағы Сталиннің рөлі туралы айтыс тартыстар ұлғаюда. Оның тарихи тұлғасы қарама - қайшылықта айтылады. Тарихи шындық позициясынан қарасақ, Сталиннің социализм жеңісін қамтамасыз етудегі, оны қорғаудағы үлесі шексіз, десе де осы жолда ірі саяси қателіктерге жол берді, оның өзі мен маңайындағылардың қателіктерінің арқасында халқымыз жапа шекті. Кей кездері бұл сорақылықты Сталин білмеген деседі . Ал біз білетін құжаттар басқаша айтады,партия мен халық алдындағы Сталин мен оның маңайындағылардың жаппай қуғын -сүргін ұйымдастыруы мен заңсыздыққа жол беруі - кешірілмейді1937 - 1938 жж. саяси репрессия бұрынғы КСРО-ғы жеке тұлғаларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргін шараларының ең шарықтаған кезеңі болады. Ол бірнеше факторлардың, əсіресе белгілі əлеуметтік-саяси топтардың, соның ішінде Б (б) КП-нің билік үшін күресінің нəтижесі болып табылады. Бұл күресте И.Сталиннің жеке билігін орнату барысында тек шынайы қарсыластарын ғана емес, бəсекелестерін, сталиндік режимнің қарсыластарын да жоюға бағытталған саясат негізгі роль атқарады.
Бұл жерде жасырын экономикалық сыр да болады. КСРО ұлан-байтақ территориясы бар, аграрлық бағыттағы мемлекет болды. Өркениеттік əдістермен экономикаға жаңа бағыт беру ұзақ та- рихи үрдісті талап етіп, ішкі саяси жағдайдың біршама жағымды болғанын қажетсінетін еді. Ал Қазақстан орасан зор кеңістікті алып жатқан, ауа райы қолайлы, табиғи ресурстарға бай, халқы аз болғандықтан, бұл мақсатты жүзеге асыруға өте қолайлы болды. И.Сталин үшін жетіп алып, озып кету, жедел күшті өнеркəсіп пен қуатты əскери-өнеркəсіптік кешен құру маңызды болды. Ал, репрессиялық саясат қосымша қаражат көмегінсіз елдің халық көп шоғырланған аймақтарына орасан зор көлемдегі адамдарды қоныс аудартып, олардың еңбектерін пайдалануға мүмкіндік беретін еді.Репрессиялық іс-əрекет бағдарламасының негізі Сталиннің нақты халық жауларын табу арқылы социалистік қоғамды нығайту үшін таптық күресті күшейту қағидасына сүйенеді. Халық жауларын партия мен халыққа бөтен элементтер арасынан іздеу көзделеді. Мұндай бөгде элементтер ең алдымен, партияның өз ішінен, зиялылар қатарынан, елдің басқаша ойлайтын азаматтары арасынан іздестіріледі.1930 жылдардың басына қарай қоғамдық санаға əсер ету құрылымы жасалады. В.Лениннің, К.Маркстің, Ф.Энгельстің ойларын догмалау үрдісі аяқталып, И.Сталиннің жеке басына табыну қалыптасады. Барлық уақыт пен халықтардың ұлы көсемінің кез келген сөзі халық пен партия үшін заңға айналады. Ол басқарушы органдардың Б (б) КП (съездер, пленумдар, конференциялар, ОК саяси бюросы) шешімдерінің негізінде республикалық жəне жергілікті партия органдарымен жүзеге асырылады. Партия шешімдерін тек партия мүшелері ғана орындауға тиіс делінгенмен, елдегі барлық халық сонымен өмір сүреді. Партияның қолшоқпары болып табылатын газеттер партия шешімдерін жарыса жазып, талқылап жатады. Кейде И.Сталиннің кейбір бұйрықтары көсемнің атымен беріле алмайтын жағдайда, олар газеттерде мақала түрінде Халық дауысы айдарымен жарияланады. Газеттерде жарияланған кез келген сын-пікірдің соңы репрессия түріндегі қуғын-сүргінмен аяқталады.Жаппай қуғын-сүргін жүргізудің құқықтық базасы да жасалады. 1926 ж. РКФСР Қылмыстық кодексінде 17 контрреволюциялық қылмыстардың 12-не өлім жазасы қарастырылды. 1932 жылы тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті (əрі қарай -- ОАК) И.Сталин қол қойған Социалистік меншікті нығайту туралы Заңды мақұлдайды. Заңға сəйкес колхоз егістігінен масақ жинаған 12 жастан асқан азаматтар кемінде 10 жылға бас бостандығынан айрылуға тиіс болады. Ал, мұнан кейін шыққан сталиндік заңдар сериясы сталиндік кезеңнің заңнамалық базасы болып табылады. 1934 жылдан бастап қылмыстық заңдарға бірқатар өзгерістер енгізіледі.1934 жылы 1 желтоқсанда Террористік актілер туралы, 1937 жылы 2 қазанда Зиянкестік пен диверсия туралы Заңдар жарияланады. Нəтижесінде, Кеңес үкіметіне қарсы террористік ұйымдар мен террористік актілерді тергеу істеріне 10 күннен аспайтын мерзім белгіленеді; 1937 жылы Ішкі Істер Халық Комиссариатының (əрі қарай -- ІІХК) органдарына қамауға алынғандарға физикалық əсер ету шараларын қолдануға рұқсат беріледі.
Тағайындалған жазаға шағым білдіруге тыйым салынып, өлім жазасы дереу жүзеге асырылып отырады. КСРО ІІХК жүйесінің құрылымына, кадрлық құрамына өзгерістер енгізіліп, Ерекше жиналыс, Үштік, одан кейін Екілік деп аталатын соттан тыс органдар құрылады. Аталған заңдар қабылданғаннан кейін репрессия бірден күшейіп, қарапайым соттық -процессуалдық құқықтар шектеледі 1937 - 1938 жж. репрессия науқанының күшеюіне 1936 жылғы 29 шілдедегі Б (б) КП ОК барлық партия ұйымдарына жіберген сақтық пен жауды тани алмау барысында жіберген қателіктер мен олқылықтарды тез арада жоюды талап еткен Жабық хаты ықпал етеді. Бұл құжатта контрреволюциялық жұмыстардың ұйымдастырушылары ретінде кезінде Қазақстанда жұмыс істеген И.Рейнгольд пен С.Мрачковскийдің аттары кездеседі. Аталған хат басқа одақтас республикаларданхалық жауларын табу бойынша артта қалып жатқан Қазақ Өлкелік комитеті (əрі қарай -- Қазөлкеком) басшыларының жұмыстарын жеделдетуге түрткі болады .Б (б) КП Қазөлкеком жоғарыдағы хат бойынша 1936 жылдың 5 тамызында (№ 1 құжат) [2, 430-п.] жəне 43 контрреволюция өкілдері табылып, жұмыстан шығарылды деген көңіл жұбатарлық сан пайда болған 1 қарашада 2 рет жиналады [3, 501 - 503-п.]. Жиналысты барлық облыстық жəне аудандық, қалалық партия комитеттеріне Б (б) КП ОК 29 шілдедегі Жабық хатын жан-жақты талқылау жəне партия ұйымдарында қырағылық пен жауларды тани алмауға байланысты олқылықтарды жою, сонымен қатар əр 5 күн сайын Жабық хатты талқылау барысы туралы Қазөлкекомға жəне С.Нұрпейісов пен Г.Асриевқа хабарлап тұру міндеті жүктеледі .Партия арасынан ұлтшылдарды, халық жауларын табу үшін барлық партия ұйымдарына əр коммунистің идеологиялық-саяси деңгейін көтеру, еңбекшілер арасындағы саяси үгіт-насихат жұмыстарын арттыру, халық жаулары орналасқан ұяларды аяусыз жою, үнемі большевиктік ұйымдасу жағдайында бəріне дайын болу туралы тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар халық жауларын табу сияқты төтенше маңызды жəне шешуші жұмыстарды күн сайын барлық партия ұйымдары мен əрбір коммунистердің көмегімен кез келген жерде жəне кез келген жағдайда жүргізуге бұйырады.Қазақстанның партия басшылары жоғарыда аталған пленум шешімдерінің орындалуының қорытындыларын қызу талқылап жатқанда, ІІХК репрессия механизмін іске қосады. Барлық ел ішінде жаулар мен тыңшыларды анықтаудағы кезекті іс-шаралар басталады. Олар елдегі барлық ұлттарды, партия қызметкерлерін, əскери қызметкерлерді, интеллигенция өкілдерін, ірі өнеркəсіп басшыларын да қамтиды. Оларға фашистер мен ұлтшылдардың тыңшылары жəне т.б айыптар тағылып, қуғындалады. Республика аумағында халық жауын анықтайтын жиналыстар мен активтер қатары көбейеді.Зұлмат қуғын-сүргін жылдары халық арасында бір-бірінің сыртынан арыз жазу, өсек айту сияқты кертартпа əрекеттер етек алады. Ел ішінде өсек айту əр заманда да есеп айырысу мен қызмет сатысынан көтерілу құралы болып есептелген болатын. Осы жылдары туыстарының, жақындарының, таныстарының ту сыртынан өсек айту мемлекет тарапынан көтермеленіп отырады. Отызыншы жылдары, одан кейін де кейбіреулер қызметін көтеру үшін қуғындалған əке-шешесінен бастартып, тегін өзгертеді, мүмкін болған жағдайда ұлтын да өзгерту фактілері жиілейді. 1926 - 1937 жж. аралығында КСРО-да украин, еврей жəне т.б ұлттардың санын азайту есебінен 7 млн. орыс пайда болады. Өсек айту індеті елдің барлық өңірлеріне таралады. Адамдардың бірін-бірі көрсетуі тұрмыс, отбасы жағдайындағы келіспеушілік, көре алмаушылық, қызғаныш сияқты ұсақ мəселелерден де тұрады. Олар өсекшіліктің негізгі сипатына халық жауларын ұстау деген саяси астар беріп, жалған ниеттерін жасыруға тырысады. Домалақ арыздар нақты дəлелдері болмаса да, негізгі құжат ретінде қарастырылады. Əрбір саяси істе бірге қызметтес болғандардың, таныстардың, жалған куəгерлердің, өз еркімен немесе əр түрлі қоқан-лоққы шаралардан қорқып, мəжбүр болып жазған құжаттар да болады. Осылайша сан мыңдаған адам қанды құрықтың құрбаны болады Жаппай қуғын-сүргін елдегі халыққа қорқыныш ұялатып, ешкім өзін қауіпсіздікте сезінбейді. Əр адамды партия мен мемлекет үшін сіңірген еңбегіне қарамастан, қамауға алып, жалған айыптар тағылады. Бұл əрекеттер адамдарды жоғарыдан берілген бұйрықтарды еш қарсылықсыз, үндемей орындауға мəжбүр етеді. Репрессия халықтың барлық қабаты мен саласын қамтиды.Сталиннің жаппай қырып-жою саясаты бойынша жоспарын жүзеге асыруы 1937 жылғы 2 шілдедегі Б (б) КП ОК шешімінен басталып, ІІХК Ежовтың қолы қойылған № 00447 жедел бұйрығымен жеделдетіледі. Бұл бұйрықта: Операция 10 тамыздан бастап Өзбек, Түркімен, Тəжік жəне Қырғыз КСР-да, 15 тамыздан бастап Красноярск өлкесі мен Шығыс-Сібір облыстарында басталсын, -- деп нақты көрсетіледі. Ал Қазақстандағы репрессия операциясын жүзеге асыруды И.Сталин С.Реденске жүктейді. Ол Алматыға жіберіліп, І дəрежелі Мемлекеттік қауіпсіздік Комиссары болып тағайындалады. С.Реденс рұқсат деп қол қойған бұйрық 1938 жылы ақпанда күніне 37 - 38 адамнан, ал наурызда 53 - 54 адамнан атуға жол береді. Бұйрыққа сəйкес 4 ай ішінде 268 950 адам қудаланып, бірден оның 75 950-і өлтіріледі. Бірақ бұл сандар ОК-н қанағаттандырмай, жаңа жоспарлар құрылады. 1937 жылдың 3 желтоқсанында Б (б) КП ОК Қ (б) КП ОК-нің Қазақстан бойынша қуғындалған адамдар санын бірінші санат бойынша 600 адамға жəне екінші санат бойынша 1000 адамға көбейту туралы ұсынысын бекітеді. Бірінші санатқа Кеңес үкіметіне қарсы жау элементтер, ал екіншісіне лагерлер мен түрмелерде 8 жылдан 10 жылға дейін сотталатын адамдар жатқызылады. Б (б) КП ОК 1937 жылғы 17 қарашадағы Кеңес үкіметіне қарсы элементтер санын көбейту туралы шешіміне сəйкес 1937 жылдың 19 қарашасында отырыс өтеді. Отырыс барысында қабылданған шешімге бюроның 7 мүшесі қол қояды. КСРО ІІХК 1937 жылы 31 шілдеде бекітілген бұйрығымен республикалық, өлкелік жəне облыстық Үштіктер құрылады. Оның төрағалығына -- ішкі істер халық комиссарлары, өлкелік жəне облыстық ІІХК басқармаларының басшылары, мүшелігіне -- одақтас республикалардың орталық комитеттерінің, өлкелік жəне облыстық партия комитеттерінің бірінші хатшылары мен республикалық, өлкелік жəне облыстық прокурорлар енгізіледі. Үштіктер -- ату, жер аудару, 8 -- 10 жыл мерзімге лагерге жіберу немесе түрмеге қамау туралы шешім қабылдап отырады. Осы бұйрықпен Қазақстан облыстары бойынша үштіктердің құрамы бекітіледі. Оның құрамына бастапқыда енгізілген 24 адамның кейіннен 15-і қуғын-сүргінге ұшырайды 1937 жылы 30 шілдеде Қ (б) КП ОК хатшысы Л.И.Мирзоян И.В.Сталинге Қазақстанда ұлттық- фашистік ұйымдардың қамауға алынған жəне көзге түскен мүшелері туралы хат жолдап, қамауға алынған 14 лауазым иесінің тізімін береді. Сонымен қатар өнеркəсіптік кəсіпорындарда, көліктер мен əр түрлі облыстық, аудандық мекемелерде жұмыс істейтін 400-дей адам қамауға алынғандығын жеткізеді. Хатта ҚОАК төрағасы Ұ.Құлымбетов мəскеулік (Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов) орталықтың басты өкілі, Қазақстандағы контрреволюциялық қозғалыстың ұйымдастырушысы деп көрсетілсе, сол кездегі Алматы обкомының хатшысы Ж.Сəдуақасов пен Батыс Қазақстан обкомының хатшысы С.Сафарбековтің контрреволюциялық ұйымдарға қатысы туралы тексеріліп жатқандығы туралы хабарланады.Л.Мирзоян И.Сталинге жазған осы хатында: ...Некоторые арестованные в своих показаниях приводят фамилии многих старых казахских работников, в частности упоминаются в двух показаниях фамилии нынешнего секретаря Алма-Атинского обкома Садвакасова и секретаря Западно-Казахстанского обкома Сафарбекова. Сейчас выясняем правильность этих материалов насчет этих двух секретарей..., -- деп жазады. Сонымен қоса Ұ.Құлымбетовтың қамауға алынуына байланысты, Т.Рысқұловтың, Н.Нұрмақовтың, С.Ходжановтың берген жауаптарынан ұлтшыл- фашисттік ұйымның нақты мүшелері туралы ақпараттарды тезірек алуға мүмкіндік бар деп көорсетеді.Партия отырыстарының күн тəртібіне айналған басшылар арасынан халық жауын, тыңшыларды іздеу 1937 жылы 1 - 5 тамыз аралығында өткен Қ (б) КП ОК Пленумында да талқыланады. Пленумда Қазақстандағы троцкшіл-оңшыл жəне ұлтшыл-фашистік элементтерді əшкерелеу мен анықтау бойынша Б (б) КП ОК мен ҚКСР ІІХК өткізіп жатқан іс-шараларды жалғастырып, барлық контрреволюциялық элементтерді түбегейлі жою туралы шешім қабылданады [8]. Республика басшылары арасынан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz