БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Педагогика және практикалық психология кафедрасы
Тақырыбы: Білімгердің өзіндік жұмысын басқару
Тобы: ПИП18-1
Курс: 3
Орындаған: Жарылқасын Айсәуле Әлімқұлқызы
Жетекші: Бүйембаева Шынар
Кафедра меңгерушісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
І БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен шарттары . . . 5
1. 2 Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру . . . 10
ІІ БІЛІМГЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ . . . 13
2. 1 Студенттің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен басқаруды дамыту жолдары . . . 13
2. 2 Студенттердің әлеуметтік-саяси әлеуеті . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 23
КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының 8 бабында Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау деп атап көрсетілген[1] . Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік біліім кеңістігіне енуге бағытталған талпыныстары білім беру мазмұнын жаңарту, әсіресе білімгердің өзіндік жұмысын, дербестігі мен ізденімпаздығын дамытатын оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен түрлерін іздестіруге аса мән беріліп отыр.
Оқу үдерісін жетілдіру және білімгердің жеке тұлғасын қалыптастыру мәселесіне байланысты көптеген ғалым педагогтардың еңбектері арналған: Я. А. Каменский, Ю. К. Бабанский, В. А. Сластенин, М. Жұмабаев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, А. Г. Қазмағамбетов т. б.
Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды.
Оқу үрдісінде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендіру, танымдық ізденімпаздық, танымдық дербестікті дамыту мәселелері бойынша: С. С. Смайовтың, А. Ғ. Әбілқасымованың, Т. С. Сабыровтың, т. б. зерттеулері бар. Осы себепті курстық жұмыс тақырыбын «Білімгердің өзіндік жұмысын басқару» деп алдық.
Зерттеудің мақсаты: Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқарудың ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеп, оның қазіргі кезеңдегі әдістемесін жасау.
Зерттеу объектісі : Білімгердің өзіндік жұмысын басқаруды дамыту жолдары.
Зерттеу пәні: Педагогика мен психологиядағы білімгерлердің өзіндік ерекшелігі.
Зерттеу болжамы: Егерде университет қабырғасында білімгерлердің өзіндік жұмыстарының тұлғалық, жүйелі құрылым негізінде теориялық-әдістемелік тұрғыда жаңартылған жүйесі құрылып, олардың субъект ретінде дербес мүмкіндіктері, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық ерекшеліктері оқу үрдісінде көрініс тауып, өзіндік жұмыс жасау ғылымыи негізде ұйымдастырылса, онда білімгерлердің оқу-танымдық білімі мен біліктілігі артып, заман талабына сай жеке тұлғасының қалыптасуына мүмкіндіктер туындап, танымдық дербестігі мен шығармашылық ізденімпаздығы қалыптасыды.
Зерттеудің міндеттері: - оқу үрдісінде білімгерлердің өзіндік жұмыстарын басқару мәселесін теориялық тұрғыдан қарастыру және оны қазіргі кезеңде жетілдірудің перспективалық бағдарын айқындау;
- білімгерлердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру процесінің моделін құру;
- оқу үрдісінде білімгерлердің өзіндік жұмысының түрлерін және оған қойылатын талаптарды айқындап ұйымдастырудың шарттарын көрсету.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдеби талдау жасау, жоғары оқу орынында оқыту процесін бақылау, озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау, тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қортындылау.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: білімгерлердің жеке пәндерде өзіндік жұмысты жасаудың педагогикалық- психологиялық міселелері зерттеліп, оқу үрдісінде білімгерлердің жеке жұмыс жасауда ұйымдастыырудың ерекшеліктері негіз болды.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері және оған қойылатын талаптары мен шарттары
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) - студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген[2] .
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны - мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
СӨЖ нысанының түрлері 1. Тақырып сұрағының презентациясы - студенттің үйде тыңғылықты дайындалып келуі(кестелерді, сызбанұсқаларды, оргтехникалар мен басқа да интерактивті әдістерді пайдалануы) 2. Жеке жоба - сабақ барысындағы оқытушының сұрағына жауап беру, арнайы білімді пайдаланып, өзінің логикалық тұрғыдан көзқарасын негіздеу. 3. Пікірталастарға қатысу (іскерлік ойындар) - студенттің қойылған тапсырма бойынша пікірталастық негіздегі, авторлық позициямен қайнар көздерді меңгеру түріндегі белсенді іс-әрекеті. 4. Топтық жоба - қойылған мәселені талдау бойынша студенттің кең және терең қызығушылығын көрсетіп, танытуы. 5. Эссе - студенттің жіберілген тақырыптар бойынша өз бетінше мазмұндамасын жеткізуі(жазбаша) 6. Шығарма - аудиториялық шектеулі уақыт жағдайында зерттеліп отырған тақырып немесе тақырып циклы бойынша өзіндік, жазбаша шығармашылық материал. СӨЖ жазбаша нысанда, тақырыпты ашып, негіздеп жазу түрінде тапсырылады және студент тарапынан қорғалады, бұл жайында тапсырма бөлімінде айтылған[3] .
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі - коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған «мазмұндамасын», жасаған «семестрлік, курстық жұмыстарын» әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады. Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру - студенттің қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт - студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Студенттің өзіндік жұмысы - бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі.
Өзіндік жұмыстың түрлері сан алуан. Оларды топтастыру-өте күрделі мәселе. Сондықтан студенттердің өзіндік жұмыстарын таныстыру үшін бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру керек. Оқытудың мақсат міндеттеріне және пәннің мазмұнына, оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, студенттің даму дәрежесіне қарай өзіндік жұмыстарды бірнеше топқа бөлуге болады. Оның негізгі жиі кездесетін бір тобы - сабақ мақсатына қарай қолданылатын жұмыстың түрлері. Олар мыналар:
- жаңа білімді меңгеруі;
- жаңа білімді бекіту;
- білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру[4] .
Студенттердің жұмыстарының барлық топтарын оқытушы оқыту барысында жүйелі түрде әрқайсысын өзіне тиісті жерінде қолдануға міндетті және оның бір ерекшелігі - оқыту үрдісінің барлық кезеңіндерінде қолдануға болады. Сондай-ақ студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстары олардың таным, іс-әрекеттерінің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі бағытта ұйымдастыруға болады. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалуы қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалу керек:
- Студенттерге өзіндік жұмыстар туралы түсінік беру.
- Студенттердің өз бетімен тапсырма орындау әдістерін таныстыру.
Студенттердің өзіндік жұмысының маңызын толығырақ түсіну үшін, оның атқаратын негізі мен міндеттерін атап өткен жөн болар.
1. Студенттердің дербестік қабілетін мейлінше арттыру.
2. Олардың алған білімінің саналылығы мен беріктігін қамтамасыз ету.
3. Студенттерге оқуға қажет біліктер мен дағдыларды қалыптастыру.
4. Таным ақыл-ой қабылетін дамыту.
Студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. Өз-өзін дамыту арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі, біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды; екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.
Педагогика-психология саласындағы атақты ғалымдар өз еңбектерінде өзіндік жұмыс мәселесін психологиялық тұрғыдан қарастырған[5] .
А. Н. Леонтьевтің психологиялық іс-әрекет теориясына сүйене отырып, П. Я. Гальперин мен Н. Ф. Талызина ақылдық қимыл іс-әрекеттерін кезеңдер бойынша қалыптастыру теориясын жасаған. Ол үш типті іс-әрекет негіздерін көрсеткен. Біріншісі - толық емес әрекет, ол көп қатерлер мен қиындықтардың негізінен тұрады, екіншісі шамалы толықтыру әрекеттеріне негізделеді, ал, үшіншісі - өз бетінше толық іс-әрекет жасау негізінде өтеді. П. И. Пидкасистый «өзіндік танымдық жұмыс» және «өзіндік жұмыс» ұғымдарын ажырата білуге назар аударады. Оның пікірінше, өзіндік жұмыс оқып-үйренушілердің өзіндік танымдық жұмысын ұйымдастырудың тек құралы ғана болып табылады. Ол оқу өзіндік танымдық қызмет процесінде жүреді, бірақ, ол өзіндік жұмысты орындау процесінде жүреді деген сөз емес деп есептейді. Мысал үшін, оқытушы оқу материалын баяндағанда, студент салыстыру, беттестіру, деректі ойша талдау және т. б. ойлау амалдарын жүргізеді. Дәл осы кезде студент ешқандай тапсырма алған жоқ, өзіндік жұмыс та жоқ, бірақ өзіндік танымдық қызмет орын алып отыр[6] .
Жалпы алғанда, өзіндік жұмыс (CӨЖ) - біртұтас педагогикалық процестің, жоғары білім берудің негізі. Ол бір жағынан студенттердің дәрісханадан тыс жұмысы ретінде, басқа жағынан сабақ кестесі бойынша студенттің дәрісханада жүзеге асыратын жүйелі, жоспарлы, мақсатты жұмысы. Оны ұйымдастыру жауапты теориялық және практикалық міндет, маңызды ғылыми проблема. Өз бетінше жұмыс істеуді дәрісханада және одан тыс жерлерде ұйымдастырудың әр қандай түрлері мен типтерін қолдана отырып, студенттердің өздігінен ізденіп оқуына, білімін дамытуға ықпал етіп, оны ұйымдастыра білу өте қажет.
Сонымен бірге зерттеу барысында өте тәжірибелі оқытушылар студенттерді өзіндік жұмысқа мақсатты бағытта оқытуды жүзеге асыруда, өзінің педагогикалық іс-әрекеті барысында ешқандай қиындық байқалмайтындығы анықталды. Осы мақсатта олар әртүрлі тәсілдерді қолданады:
- Мәтіннің мағыналы өңделуі, оқу материалы көлемінің көбеюі, ондағы алғашқы идеяны, қағидаларды, заңдылықтарды айқындау, тапсырмалардың жалпылама шешілу тәсілдерін меңгеру, студенттердің белігілі -бір түрдегі тапсырмалар жүйесін жасауы;
- Оқу және тыңдау мәдениеті, қысқа және ең тиімді жазба тәсілдері (көшірмелер, жоспарлар, тезистер, конспектілер, аннотация, реферат, пікір, жалпы кітаппен жұмыс әдістері) ;
- Есте сақтау (оқу материалын құрастыру, мнемотехниканың ерекше әдістерін тірек ретінде бейнелі және есту жадтарына қолдану) ;
- Өзіндік бақылаудың әр түрін қолдануда, өз жұмысын кезеңмен бақылауда, тексеру «бірліктерін» айқындауда, біркелкі тексеруде және т. б. шоғырлауға назар аудару;
- Қосымша ақпараттар іздестіру (интернет, библиографиялық материалдармен, анықтамалармен, каталогтармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс) және оны үй үй кітапханасында сақтау;
- Емтихандарға, сынақтарға, семинарларға, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарға дайындық;
- Уақытты тиімді ұйымдастыру, уақыт шығыны және есебі, еңбек пен демалысты, қиын ауызша және жазбаша тапсырмаларды, еңбек гигиенасының жалпы ережелерін (режім, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтануы және т. б. ) орынды ұйымдастыру[7] .
Біз, ой еңбегін ұйымдастырудың жалпы әдістерін, сонымен бірге, оқу жұмысының, мысалы, мәтінмен жұмыс жасаудағы, нақты тәсілдерін келтірдік. Осы айтылғандардың қалыптасуы, негізгі алғышарттардың бірі ретінде және сонымен бірге басқа да оқу пәндерінде студенттердің өзіндік жұмысының негізі ретінде қызмет етеді.
Бұл жағдайда, студенттердің өзіндік жұмысы аудиториялық жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру оқу іс-әрекеттерінің теориясына негізделеді. Әсіресе, бұл сыртқы бақылаудан өзіндік бақылауға өтуге және байланысына, сонымен бірге, ішкі бағалаудан өзіндік бағалаудың және оқытушы тарапынан бағалануының қалыптасуын болжайды. Сәйкесінше, студентте жұмыстағы шынайы өзбетінділік қабілетінің қалыптасуы мүмкін бе деген сұраққа болымды жауап алу, оқытушылар мен оқушылардың бірлесіп әрекет етуіне, олардың бұл жұмыстың өзіндік іс-әрекет түрлерінің ерекшелігін сезінуіне, субъектіге қоятын талаптарға сай болуына және оған интеллектуальды қанағат беруіне байланысты.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өзіндік жұмысын оқыту бағдарламасының болуы қажет пе деген сұрақ, бұл бағдарламада не болуы керек екендігін белгілеуге мүмкіндік берді:
- білімгерлердің жеке танымдылық қажеттілігін кеңейтуде, тереңдетуде, жоғары оқу орнында алған біліміне диагностика қою;
- өзінің интеллектуальды, жеке тұлғалық және физикалық мүмкіндіктерін анықтау, әсіресе оқу орнынан бос уақытын дұрыс бағалау;
- өзіндік жұмыстың мақсаттарын анықтау - таяу және қашықтағы, яғни танымдылық қажеттілікті қанағаттандыруда ол қажет пе сұрағына жауап беру;
- зерттеу объектісін білімгерлердің өз бетінше таңдауы және өзі үшін таңдау себебін негіздеу;
- ұзақ мерзімді және таяу уақыттағы өзіндік жұмыстың нақты жоспарын жасау;
- өзіндік бақылау уақыты мен формасын анықтау.
Белгілі оқыту технологияларымен байланысты бағдарламаларды іске асыруда әрбір студент мыналарды біліп және қолдануға тиіс:
- өзіндік қабылдау және өзін-өзі бағалау технологиялары;
- өзін-өзі басқару технологиясы;
- аудиториялық сабақтардағы жұмыс технологиясы;
- студенттер еңбегін ғылыми ұйымдастыру технологиясы[8] .
Қойылатын талаптар
Жоғары оқу орындарындағы студент-тердің өздік жұмысы (СӨЖ) барлық оқу бағдарламасының басым бөлігін құрағандықтан, оның тиімді болуы маманның кәсіби бағыттылығының талаптарына сай жасалған өздік жұмысты ұйымдастыру үлгісінің дұрыс құрылуына байланысты болады.
Алайда студентке қойылатын негізгі талаптар төмендегідей жіктелініп көрсетіледі:
- Студенттің шығармашылық потенциалын белсендіру: студент оқу тапсырмасын өз бетінше орындау барысында ғылыми әдебиеттермен, әдістемелерді талдаумен танысу және шығармашылық технологиясын меңгеуді жүзеге асырады.
- Өз бетінше білім алу және өзіндік дамуға ынтасын тәрбиелеу: шығармашылық белсенділігін қабілетін белсендіру, кәсіби даярлық қасиетін жоғарылату, кәсіби тапсырмаларды шешу барысында шығармашылық бағытын дамыту, жалпы және жеке дара зерттеу әдіс-тәсілдерін меңгеру т. б.
- Оқу іс-әрекетке деген мотивациясын жоғарылату: білім беру процесінде тұлғаның позициясын белсендіру, субъективті жаңа білімдердің негізгі қатынасы, яғни білімді өз бетінше алу функциясы, нақты студент үшін жаңа және тұлғалық маңыздылығы.
- Танымдық белсенділікті дамыту: өз бетінше ойлауға талпынысы, қандай да бір тапсырманы немесе мәселені шешуде өзіндік бағытты табу, өз бетінше білім алуға тырысуы, пікірлерді сыни тұрғыдан қалыптастыру, оқу процесіндегі оқу-танымдық процесс белсенділігінде студенттердің оқыту әдісінің белсенділігі жанама қызығушылығымен басымдылық танытып, жүзеге асады.
СӨЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар: Студенттер СӨЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӨЖ оқытушының офис сағантарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап етіледі. СӨЖ туралы талаптар: Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӨЖ тақырыбына кіріспе жасайды. Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы қарастырылады. Осыдан кейін негізіне тоқталады. Негізгі бөлімде тақырыпты жан жақты ашуға тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды көрсетіп автордың субъективті позициясын ашуға тиісті. Осыдан кейін барып өзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа байланысты өзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады. Студенттер СӨЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар силлабустарда көрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың көлеміне байланысты шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӨЖ орындауда жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі көрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы көрсетіледі[9] .
1. 2 Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Өз бетімен жұмыстың маңыздысы - студенттің өз беттерімен орындай алуларына, оқуға белсенділігінің артуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпалы мол. Өз бетімен жұмыс жасау барысында Р. Сүлейменов өздігінен істейтін жұмыстарды әрекет сипатына қарай жаттығу, зерттеу шығармашылық жұмыстар деп топтастырады. «Шығармашылық еңбекте студенттің іскерлік қабілеті, білім көлемі, білім молдығынан туатын толық дербестігі айқын көрінуі тиіс».
Шығармашылық жұмыстар студентердің дүниетанымына, ізденімдік қабілетінің дамуына, тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Онымен қатар өздігінен ой қорытып, шешім шығаруға, дұрыс сөйлеп, сауатты жазуға, тіл байлығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқытушының сабаққа дайындалғанда өзінің әрекеттерін ойластыруымен шектелмей, деңгейіне қарай студенттің әркетіне мән беруі тиіс.
Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық әрекеті мен ынтасын дамытуда зор әсер білдіреді, қайсарлық, табандылық, батылдыққа тәрбиелеуде және қалыптастыруда көздеген мақсатқа жетуге және жеке тұлғаны сапалық қасиеттерін жетілдіруге зор мүмкіндік береді. Бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың өлшемінің көрсеткіштері жоғары оқу орындары түлегінің өзгеретін ортаға, қоғамға тез бейімделе алуы, түлектің жаңа мамандықтарды меңгеруге уақыт пен күш шығармай еңбек ете алатын сабақтас салалардың саны, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау қабілеті және жүйелі түрде басқару дағдысының болуымен анықталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz