ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЕЙСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті.
Кафедра: ЭКОНОМИКАЛЫҚ теория және МБЖ.
Факультет: Экономика және басқару, кәсіпкерлік
Курстық жұмыс
Тақырыбы: «Әлемдік шаруашылық жүйесіндегі Қазақстан»
Орындаған: Aмaнжoлoвa Ш. Ж
Группa: УA-20-1 к
Teксeргeн: Eртaй . Х
Қaрaғaнды 2020
ЖOСПAРЫ
КІРІСE . . . …3
I ӘЛEМДІК ШAРУAШЫЛЫҚ ЖҮЙEСІНІҢ ТEOРИЯЛЫҚ НEГІЗДEPІ… . . . 5
1. 1. Әлeмдік шaруaшылықтың дaму кeзeңдeрі. …… . . . …5
1. 2. Әлeмдік шаруaшылықтың құрылымы . . . ……6
1. 3. Әлемдік экономиканың жаһандануы: мәселелері мен салдары……… . . . 8
II ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЕЙСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН. …10
2. 1. Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері……. …. 10
2. 2. Қазақстан Республикасындағы шаруашылық жүйесі. ……12
2. 3. Қазақстан әлем нарығына шығуға әсер ететін факторлар. . 15
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚТАҒЫ ОРНЫН БАҒАЛАУ19
3. 1 Қазақстанның әлемдік шаруашылықтағы перспективалары. . 19
3. 2 Әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанның жетіспеушіліктерін анықтау . . . 22
3. 3 Әлемдік шаруашылықта Қазақстанның ролін жоғарылату ұсыныстары. . 24
ҚОРЫТЫНДЫ. . 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың мақсаты әлемдiк шаруашылық жүйесiнiң теориялық негiздерiмен танысып, әлемдiк шаруашылық жүйесiндегi Қазақстан Республикасының маңыздылығы мен алатын орнын анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді қойдым:
- әлемдiк шаруашылықтың даму кезеңдерiмен танысу;
- әлемдiк шаруашылықтың құрылымын талдау;
- Қазақстан Республикасының әлемдiк нарықтағы мүмкiндiктерiн анықтау;
- әлемдiк шаруашылықтағы Қазақстанның жетiспеушiлiктерін анықтау ;
- әлемдiк шаруашылықта Қазақстанның ролiн жоғарылату ұсыныстарын көрсету.
Зерттеу объектiсi. Әлемдік шаруашылық жүйесiндегi Қазақстан.
Жұмыстың теориялық бөлімі әлемдік шаруашылық жүйесінің түсінігін ашуға негізделген. Бұл бөлім өзіне әлемдік шаруашылық жүйесінің құрылымын, оның құрамына кірудің бастапқы шарттары туралы ақпараттарды кіріктіреді.
Жұмыстың екінші бөлімі аналитикалық бөлім болып табылады. Қазақстан Республикасының шаруашылық жүйесіне, Қазақстанның әлемдік нарықтағы мүмкініктеріне ерттеу жүргізіледі.
Жұмыстың ұсынысты бөлімі әлемдік шаруашылықтағы Қазақстанынң жетіспеушіліктері мен ұсыныстарын, тиімді ұсыныстар жасалуы жайында ақпаратты қарастырады.
Курстық жұмыстың қорытынды бөлімі жоғарыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге жету жолындағы шыққан нәтижелер мен түйінді қамтиды.
Мазмұнды бөлігінде курстық жұмысты жазу барысында қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша ақпараттар мен әдістемелік құралдар көрсетіледі.
Дүниежүзiлiк шаруашылық жүйесi сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшiнiң көшi-қоны, экономикалық келiсiмшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.
Бүгiнгi әлемдiк шаруашылық бiркелкi емес. Оған әлеуметтiк және саяси құрылымдары, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары әрқилы дамыған, сонымен қатар халықаралық экономикалык қатынаста сипаты, көлемi әр түрлi елдер жатады.
Әлемдiк шаруашылықтың құрамдас бөлiгiне айналу жолында Қазақстан Республикасы да бiршама жобаларды жүзеге асыруда. Сол сияқта әлемнiң жүздеген мемлекеттi де әлемдік шаруашылықтың дамуына негiз болып отыр. Өзара күрделі байланыстардың нәтежесiнде бір - біріне қарама - қайшы, бiрақ та бiртұтас әлемдiк экономикалық жүйе қалыптастырады.
Осындау күрделi әлемдiк шаруашылықтың үздiксiз, тиiмдi жұмыс iстеп тұруы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн жоғарлатуға, мемлекеттiк экономиканың нығаюына, айналымдағы ақша массасының негiзсiз көбеюiн шектеуге, инфляциялық процестердi болдырмауға және ұлттық валютаны нығайтуға септiгiн тигiзедi.
Тақырыптың өзектiлiгi осы әлемдiк шаруашылық жүйесiнде Қазақстан Республикасының алатын орына мен маңыздылығын анықтау болып табылады.
I ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Әлемдік шаруашылықтың даму кезеңдері
Дүниежүзілік шаруашылық - халықаралық экономикалық қатынастардың обьективті негізі және маңызды бөлігі. Халықаралық экономикалық қатынастар (ең алдымен сауда - саттық қатынастары) дүниежүзілік шаруашылық қалыптасқанға дейін де бар болған. Мысалы, Ұлы Жібек жолын, Еуропа мен Солтүстік Африка, Еуропа мен Таяу Шығыс елдері арасындағы сауда қатынастарын атасақ та жеткілікті. Бұл қатынастар мемлекетаралық, аймақаралық сипатта болды. Ал, дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуына байланысты халықаралық экономикалық қатынастардың да қызмет ауқымы кеңейіп, тереңдеп әлемдік сипатқа ие бола бастады. Халықаралық экономикалық қатынастар өзінің дамуы үшін дүниежүзілік шаруашылыққа “қарыздар” деп те айтуға болады.
Халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасып, орнығуы оны өз заңдары, қызмет ету нысандары, ішкі механизмдері бар дербес құбылысқа айналдырды.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың экономикалық обьективті заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір - біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм.
Өзінің қалыптасу және даму жолдарында дүниежүзілік шаруашылық ұзақ “ тар жол, тайғақ кешулерден” өтті. Мысалы, Рим империясының өзі сол кездегі дүниежүзілік шаруашылықтың сипатында болды, - деп есептейтін зерттеушілер бар.
Тағы бір ғалымдар дүниежүзілік шаруашылықтың қызметі ұлы географиялық жаңалықтар ашу ғасырларында (15-16ғғ. ) басталғанын дәлелдейді. Шынында 15-16 ғасырлардағы ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезеңі асыл тастардың, хош иісті дәмдердің, бағалы металдардың, құлдардың халықаралық саудасын жандандырып, дамытты. Бірақ, ол замандардағы дүниежүзілік шаруашылық алыпсатарлар капиталы шеңберімен шектелген болатын. Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық капитализмнің өзінің монополистік кезеңіне аяқ басқан шағында қалыптаса бастады. [1]
ХХ ғасырдың бас кезіндегі дүниежүзілік шаруашылық экономикалық емес әдістерге: мәжбүр ету, ықтиярсыз бағындыру, күштеу саясатына негізделді. Әрине мұндай “ саясат “ қатаң “ текетірестіктерді” туғызып, дүниежүзілік шаруашылықты тұрақсыздандырды. Бұл қайшылықтар, тарихтан белгілі, екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына себепші болды. Өткір қайшылықтар дамыған және дамушы елдердің арасында да молынан кездесті.
ХХ ғасырдың ортасына қарай дүниежүзілік шаруашылық капиталистік және социалистік болып қақ жарылды. Әлемдік экономикалық жүйеде капиталистік шаруашылық басым позицияларды иемденді. Мысалы, 90- жылдардың басында халықаралық саудадағы олардың үлесі 9/10 болды. 80 - жылдары халықаралық экономикалық айырбаста капиталистік елдердің жиынтық жалпы өнімінің 1/5 өз тұтынушыларын тапты. Ал, бұрынғы социалистік елдерде дүниежүзілік ұлттық табыстың 1/3 өндірілді, соның ішінде өзара экономикалық көмек кеңесі елдерінде ¼ өндірілген болатын.
Үстіміздегі ғасырдың 60 -жылдарында дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне дамушы елдер келіп қосылды. 70 -жылдардың ортасына қарай олардың қатарынан, “ жаңа индустриалды елдер” - “төрт жолбарыс” - Оңтүстік Корея, Тайвань, Гонконг және Сингапур суырылып алға шығып, дүниежүзілік қауымдастыққа дамудың ерен қарқынын паш етті.
Латын Америкасы елдерінің ішінде өнеркәсібі жедел дамып келе жатқан мемлекеттерге Бразилия, Аргентина және Мексика жатады.
КСРО ыдырап, Шығыс Еуропа елдерінде болып өткен “ барқыт революциялардан” кейін дүниежүзілік шаруашылық біртұтас мәнге ие бола бастады. [5]
Құрылу мен қалыптасу үстіндегі бүкіл дүниежүзілік шаруашылық өз құрамына экономикалық өсу деңгейлері бірдей емес- өнеркәсібі дамыған, дамушы және экономикалық жүйесі өтпелі кезеңді басынан кешіріп отырған елдерді біріктіріп отыр. Қаншалықты қайшылықты және әрқилы болса да ХХ ғасырға қарағанда ХХI ғасырдың табалдырығында дүниежүзілік шаруашылық мейлінше біртұтас, үйлестірілген, динамикалық қозғалыстағы шаруашылық болып көрінеді.
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылық рыноктың және халықаралық еңбек бөлінісінің принциптеріне негізделген, интернационалдық бағыттағы шаруашылық бейнесіне ие болып отыр. [3]
1. 2. Әлемдік шаруашылықтың құрылымы
Бүкіләлемдік (әлемдік) шаруашылық - бұл тұрақты динамикада, қозғалыста болатын, нарықтық экономиканың объективті заңдарына бағынатын, өсе түсуші халықаралық байланыстар мен өзара ықпал ету нәтижесінде қарама-қайшылықты, сонымен бірге ауқымды немесе шағын жүйелерді құрайтын ұлттық шаруашылықтардың жиынтығы.
Әлемдік шаруашылық құрудың жалпы негіздеріне жататындар:
- өндіргіш күштердің дамуы (бу двигателдерінің пайда болуы, өндіріс құралдарын жетілдіру, техникалық прогрестің жетістіктерін өндірісте пайдалану) ;
- халықаралық қоғамдық еңбек бөлінісі белгілі бер сандық және сапалық арақатынастарда өндіріс нәтижелерімен өзара алмасуға әкелуші елдер арасындағы аумақтық еңбек бөлінісі;
- ірі машина өндірісінің дамуы.
- Бүкіләлемдік шаруашылықта құрудың құралдары мен жолдары.
- 1) Тауарлар мен капиталдарды сыртқа шығару. Ірі монополистік капиталдың пайда болуы кезінде ішкі нарықтан тысқары жерлерге тауарлар мен капиталдарды шығару болады. Жаңа пайдалар алуға басқа елдер де ұмтылады. Капиталды сыртқа шығару мен халықаралық айырбас шаруашылық қатынастарын туғызады, әлемдік өткізу нарығы мен шикізат көздерін және жалға беру, шарттар, концессиялар арқылы капиталды жұмылдыру салаларын өзара бөліскен халықаралық монополиялар формасындағы интернационалдық капитал құрылды. Олардың құрылуы былайша сипатталады:
- 2) Әлемді экономикалық бөлу тек өзінің ғана аумағында емес, басқа көптеген мемлекеттерден үстеме пайда табудағы монополистік капиталдың мүмкіндіктерін түбегейлі түрде кеңейтті.
- 3) Әлемдік аумақтарға бөлу. Әлемнің экономикалық бөлінісі бір рет қана және мәңгілікке белгіленбейді, ол әртүрлі жағдайлардың ықпалымен өзгеріп отырады. Басты капиталистік елдердің ұлттық монополистік капиталы өздерінің позицияларын нығайта түсу үшін, саяси - әкімшілік үстемдік етуді орнықтыру жолымен басқа елдердің аумақтарын басып алуға да ұмтылады. [9] Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылықтың белгілері:өндіріс факторларының, әсіресе капиталды, жұмыс күші мен технологияларды сыртқа шығару және сырттан әкелу түрлеріндегі халықаралық ауыс-түйістің дамуы; осы негізде бірнеше елдер ішінде, бірінші кезекте (ТҰК) шеңберіндегі елдер басқаратын кәсіпорындарда өндірістің халықаралық формаларының көбейе түсуі; екі жақты және көпжақты негізде, тауарлардың халықаралық қозғалысы мен өндіріс факторларын қарайтын мемлекеттердің экономикалық саясаты; ұлттық мемлекеттер мен мемлекет аралық бірлестіктер шеңберінде ашық экономиканың пайда болуы.
Қазіргі заманғы әлемдік экономиканың даму эволюциясын бірнеше кезеңге бөліп көрсетуге болады:[12]
І . ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы кезeңі әлeмдік шаруашылық дамуындағы дағдарыстық құбылыстармен сипатталады. Дүниежүзілік соғыс пен капитализмнің баламасы болып саналатын Ресейдегі төңкеріс оның басталғанын көрсетті. Экoнoмикалық дaғдaрыс индустриaлды-дaмыған eлдeрдeгі өндірістің күрт төмендeуімeн (18%) қaбaттaсa кeліп 1927-1932 жылдaрдa AҚШ-тың жaлпы өнімі 28%-ға, өнeркәсіп өндірісі 44, 1, %, ал Фрaнциядa тиісіншe 11 жәнe 25, 6%-ғa, Гeрманиядa 15, 8 жәнe 40, 8%-ғa қысқaрды. Aуыл шaруaшылығы өнімдeрі мeн шикізaттық тaуaр өндірушілeрдің тaбыстaры aзaйды, әлeмдік экспoрттың қaрқыны төмeндeді.
ІІ . ХХ ғaсырдың 40-80 жылдaрдaғы кeзeңі кәсіпкeрлік кaпитaлдың қaрқынды өсуімaн сипaттaлaды. Интaрнaциoнaлдық өндірістік кешендерді құрушы, өнімдерді шығарушы, оны өткізуші, есептерді жүргізетін және несиелер беретін трансұлттық (ТҰК) корпорациялар басты күшке айналады. 50-80-жылдары АҚШ пен басқа өнеркәсібі дамыған елдердің даму деңгейінің жақындасуы болды. Сыртқы экономикалық байланыстар кеңейіп және тереңдей түсті.
ІІІ . ХХ ғасырдың соңғы он жылдық кезеңі географиялық кеңістіктерді игерудің жоғары дәрежесімен, өндіруші халықаралық күштердің қалыптасуымен, экономикалық өзара іс-қимыл жасаудағы өзара тәуелділіктің күшеюімен сипатталады.
Қазіргі заманғы әлемдік шаруашылық біркелкі емес. Оған, әлеуметтік құрылымы, саяси құрылысы, өнімділік деңгейі, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастар (ХЭҚ) ауқымымен ерекшеленетін мемлекеттер кіреді. Тұтастай алғанда, әлемде экономикалық даму деңгейі бойынша әртүрлі, 200-ге жуық ел бар. Экономикалық дамуы мен олардың тәжірибесін терең зерттеп-үйрену үшін сол елдердің жіктелуін (классификациясын) білудің айрықша маңызы зор.
Халықаралық экономика шеңберінде тек мемлекет болып саналатын аумақтық бірліктер ғана ел болып саналмайды, сонымен бірге мемлекет болып саналмайтын, бірақ дербес және тәуелсіз экономикалық саясат жүргізетін кейбір аумақтық бірліктер ел болып саналады. Мысалы, Ұлыбритания, Франция, Нидерландия.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейінгі социалистік төңкеріс (революция) бүкіләлемдік шаруашылықтың құрылымын өзгертті. Тұтастай алғанда шаруашылық жүргізудің социалистік жүйесі екінші дүнижүзілік соғыстан соң, 40 жылдардың аяғында қалыптасты. Осы кезеңдегі шаруашылықтың құрылымын:
- капиталистік елдер;
- социалистік елдер;
- үшінші әлем елдері деп бөлуге болады. [4]
1. 3. Әлемдік экономиканың жаһандануы: мәселелері мен салдары
ХХ-ХХІ ғасырлар қарсаңындағы әлемдік экономиканың дамуындағы негізгі процестердің бірі прогрессивті жаһандану болып табылады, яғни. экономикалық өмірді сапалық жаңа кезеңі.
Мамандардың да, біздің планетаның барлық тұрғындарының да жаһандануға деген көзқарасы өте екіұшты, кейде керісінше қарама-қарсы. Бұл жаһандану үдерістерінің салдары туралы әртүрлі көзқарастарға байланысты, оларда біреулер әлемдік экономикалық жүйеге үлкен қауіп төндіреді, ал басқалары одан әрі экономикалық прогреске жету жолын қарастырады. Жаһанданудың зардаптары жағымды да, жағымсыз да болуы мүмкін екендігі сөзсіз, бірақ оған балама жоқ, осыған байланысты мақалада басты назар осы процестер тудыратын қауіптерді (қауіптерді) және жаһандану процесінде туындайтын мүмкіндіктер мен артықшылықтарды зерттеуге аударылған.
Ең алдымен, ең маңызды әдіснамалық және практикалық мәселе - мақаланың бірінші бөлігіне арналған «жаһандану», «экономикалық өмірді интернационалдандыру», «халықаралық экономикалық ынтымақтастық», «халықаралық экономикалық интеграция» ұғымдарының өзара байланысын анықтау. Содан кейін жаһандану үдерісінің мәніне, оның алғышарттарына, нақты көріністеріне және оң және теріс салдарына тоқталайық.
Өндірістің халықаралық кооперациясы, жалпы халықаралық еңбек бөлінісі, сыртқы сауда және халықаралық экономикалық қатынастардың дамуы нәтижесінде ұлттық экономикалардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігінің артуы байқалады, оның сыртқы факторды ескермей қалыпты дамуы мүмкін емес. Бұл құбылыс әдетте экономикалық өмірді интернационалдандыру деп аталады. [7]
Шаруашылық қызметті интернационалдандыру дегеніміз - бұл жекелеген елдер экономикаларының байланысы мен өзара тәуелділігінің күшеюі, халықаралық экономикалық қатынастардың ұлттық экономикаға әсері, елдердің әлемдік экономикаға қатысуы.
Өзінің дамуында экономиканың интернационалдануы бірнеше кезеңдерден өтті. Бастапқыда бұл халықаралық экономикалық ынтымақтастық болды: ол, ең алдымен, айналыс саласына әсер етті және халықаралық сауданың пайда болуымен байланысты болды (18 ғасырдың аяғы - 20 ғасырдың басы) . 19 ғасырдың аяғында капиталдың халықаралық қозғалысы қарқын ала бастады. [9]
Халықаралық экономикалық ынтымақтастық дегеніміз - елдер мен халықтар арасындағы тұрақты экономикалық байланыстардың дамуы, ұдайы өндіріс процесінің ұлттық шекаралардан тыс кеңеюі.
Келесі кезең объективті түрде халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, капиталды , ғылыми-техникалық прогрестің жаһандық сипатымен және ұлттық экономиканың ашықтық дәрежесінің жоғарылауымен және сауда еркіндігімен шартталған халықаралық экономикалық интеграция болды. Латын тілінен аудармадағы интеграция (интеграция) жекелеген бөліктердің жалпы, бүтін, біртұтасқа қосылуын білдіреді.
Халықаралық экономикалық интеграция - ұлттық экономикалардың жақындауы және өзара бейімделуі, оларды халықаралық ауқымда біртұтас ұдайы өндіріс үдерісіне қосу.
Халықаралық экономикалық интеграцияны жекелеген ұлттық экономикалар арасындағы еңбек бөлінісіне, олардың экономикаларының әр түрлі деңгейлерде және әр түрлі формаларда терең тұрақты қатынастарды дамыту арқылы өзара әрекеттесуіне негізделген елдердің экономикалық бірігу процесі ретінде сипаттауға болады. [12]
Халықаралық экономикалық интеграция - бұл әлемдік экономиканың дамуындағы жеткілікті жоғары, тиімді және перспективалы кезең, экономикалық байланыстарды сапалық жағынан жаңа және күрделі кезеңі. Бұл кезеңде ұлттық экономикалардың конвергенциясы ғана емес, сонымен қатар экономикалық мәселелердің бірлескен шешімі де қамтамасыз етіледі. Демек, экономикалық интеграция мемлекетаралық келісімдер түріндегі және мемлекетаралық органдармен келісілген түрде реттелетін экономикалық механизмдердің жақындасуына әкелетін елдер арасындағы экономикалық өзара әрекеттесу процесі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Экономикалық интеграция, атап айтқанда:
- әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы ынтымақтастық және олардың толық немесе ішінара бірігуі;
- осы елдер арасындағы тауарлар, қызметтер, капитал, жұмыс күші қозғалысының кедергілерін жою;
- бірыңғай (жалпы) нарықты қалыптастыру мақсатында жекелеген елдердің әрқайсысының нарықтарының жақындасуы;
- әр түрлі мемлекеттерге жататын экономикалық субъектілер арасындағы айырмашылықтарды жою;
- ұлттық экономикалардың әрқайсысында шетелдік серіктестерге қатысты қандай-да бір кемсітушіліктің болмауы және т. б.
- Экономикалық интеграция процестері екі жақты да, аймақтық немесе жаһандық негізде де жүреді. Қазіргі кезде интеграциялық бірлестіктердің тән ерекшелігі ретінде оларды аймақтық деңгейде дамыту деп атауға болады: жалпыұлттық және мемлекетаралық мемлекеттік органдармен интегралды аймақтық экономикалық кешендер құрылады. [13]
Қазіргі кезеңде халықаралық қатынастардың бүкіл жүйесінде терең өзгерістер болып жатыр. Жаһандану олардың маңызды сипатына айналуда. Схемалық түрде экономикалық интеграцияға және жаһандануға әкелетін процестер суретте көрсетілген өзара байланысты тізбекте көрінуі мүмкін. 1. Суретте көрсетілген кезеңдер, әрине, әлемдік экономиканың интернационалдану процесін біршама жеңілдетеді. Шындығында, бұл кезеңдерді таза түрінде бөліп алу өте қиын, тек белгілі бір тенденцияларды ғана анықтауға болады, және олардың арасында тікелей және кері байланыс байланыстары бар екендігі сөзсіз. Мәселен, мысалы, жаһандануды қайтымсыз және объективті процесс ретінде айта отырып, біз нақты даму тенденциясын және әрдайым түзу емес, белгілі бір уақыт аралығында және кері қозғалыстағы зигзагтармен түсінеміз. Процесс спираль түрінде жүреді, келесі кезеңде дамудың жоғары деңгейіне жетеді. Біршама абстрактілі схема «экономикалық өмірді интернационалдандыру», «халықаралық экономикалық ынтымақтастық», «халықаралық экономикалық интеграция», «жаһандану» ұғымдарын ажыратуға тырысу мақсатында ұсынылған және осы мақала авторының зерттеліп отырған мәселе бойынша көзқарасын көрсетеді. [16]
II ӘЛЕМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮЕЙСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН
2. 1. Қазақстан Республикасының әлемдік нарықтағы мүмкіндіктері
Экономикалық даму деңгейі бойынша елдерді әлемдік жіктеуде Қазақстан өтпелі кезеңге жатқызылған. Бұл топқа бұрынғы КСРО республикалары, сонымен қатар Шығыс Еуропа елдері кіреді. Соңғы 20 жыл ішінде Қазақстан әлемдік экономикаға терең интеграцияланып, жаһандану үдерісіне белсенді қатысып келеді. Қазіргі кезде республика әлемнің барлық дерлік елдерімен сауда жүргізеді.
Елде мұнайдың, сондай-ақ минералдар мен металдардың үлкен қорлары бар. Мал өсіруге де, астық өндіруге де мүмкіндік беретін кең дала жерлерімен, сондай-ақ дамыған ғарыштық инфрақұрылымымен Қазақстан ғарыш аппараттарын Халықаралық ғарыш станциясына жіберуге мүмкіндік беретін маңызды ауылшаруашылық әлеуетке ие. Қазақстан тау-кен, отын, металлургия және химия өнеркәсібі өндіретін шикізатты экспорттайды. Қазақстандық экспорт құрылымында: мұнай және мұнай өнімдері - 35%, түсті металдар - 17%, қара металдар - 16%, кендер - 12%, дәнді дақылдар - 9%, басқалары - (цементті қоса алғанда) 11%. Импортталатын негізгі өнімдер шикізат, яғни шикі мұнай, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен машиналар, химиялық өнімдер, минералды отын, тамақ өнімдері, дайын өнім және тұтыну тауарлары. [6]
Қазақстан экономикасы өтпелі елдер арасында алғашқылардың бірі болып көптеген нарықтық институттарды құрды: зейнетақы және банктік реформалар жүргізілді; жеке меншік, шағын және орта бизнес, т. б. саласында заңдар қабылданды. Қазақстанның әлемдік нарық жүйесінің жағдайына бейімделуінің басынан бастап шетелдік тәжірибені байыпты зерттеу қажет болды. Бұл өз кезегінде ашық экономикалық саясатты жүргізуге, халықаралық кеңейтуге және дүниежүзілік қоғамдастықтың көптеген елдерімен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен шарттық қатынастар орнатуға ықпал етті. Қазіргі заманғы бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Қазақстан 131 елдің арасында 61-ші орында, көптеген мемлекеттерден, оның ішінде ТМД-дан озып кетті.
Соңғы онжылдықта республика экономикасының қарқынды дамуы жан басына шаққандағы ЖІӨ-ні 3, 5 есеге, 2006 жылы 1 446 мың доллардан 5 045 мың долларға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 7, 0 мыңға жетті. доллар, бұл жоғары орташа деңгейге сәйкес келеді. Бұл көрсеткіш республика тұрғындарының сатып алу қабілетінің үздіксіз өсуін көрсетеді. [7]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz