Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
----------------------------------- -----------------------
----------------------------------- --------
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дене тәрбиесі үдерісіндегі шешілетін педагогикалық міндеттер
Дайындаған: -------------------
Оқу тобы: ----------
Қабылдаған: --------------------
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
1. Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы, алғы шартары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2
2. Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.1. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
3. Дене тәрбиесі міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3.1. Дене тәрбиесінің құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
4. Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...12
4.1. Дене тәрбиесі сабағын өткізудің ұйымдастыру және әдістемелік негіздері ... ... ... ..15
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Дене тәрбиесі теориясы-адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Дене тәрбиесінің кеңестік теориясы дене тәрбиесінің кеңестік жүйесінің мақсатын міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен - ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясы практиканы ғылыми негіздермен қаруландырады. Сөйтіп оның одан әрі дамуына көмектеседі. Ол сондай-ақ практикаға жол ашуға, адамның күш қуатын кемелдендіруде қандай құралдар және әдітер арқылы жақсы нәтижелерге жетуге болатындығын болжауға тиіс.
Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаттары мен міндеттері адамның жан- жақты дамуы жөніндегі ілім өзінің нақты бейнесін тапқан. Жеке адамның жарасымды дамуы қоғам құру шарттарының бірі ретінде қаралады. Біздің елімізде дене тәрбиесінің мақсаты - өмірге, отанды қорғау болып табылады.
Бұл мақсат дене тәрбиесін жүзеге асыратын барлық мекемелер мен ұйымдар үшін бірдей болады.
Дене тәрбиесінің аталып көрсетілген мақсатына сәйкес мына төмендегідей міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Сауықтыру міндеттері: денсаулықты нығайту, денені жан-жақты дамыту, организмді шынықтыру, совет адамдарының творчестволық ұзақ өмірін қамтамасыз ету.
2. Білім беру міндеттері: қозғалыс дағдылары мен іскерлікті қалыптастыру, дене қасиеттерін (жылдамдық, ептілік, икемділік, күш, төзімділік т.б.) қалыптастыру, арнаулы білімді меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттерді бойға сіңіру.
3. Тәрбиелеу міндеттері: коммунизм құрылысының моральдық кодексі принциптері рухында ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне ықпал ету.
Бұл міндеттер дене тәрбиесімен айналысушылар контингентіне байланысты - олардың жас ерекшеліктеріне, денсаулық жағдайына, дене дамуының деңгейіне, дене әзірлігіне, сондай-ақ кәсіптік ынта-ықыласына қарай нақтыланады.
Дене тәрбиесі жүйесінің тарихы, алғы шартары
Халықтық және ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің негізгі белгілері болып табылады. Дене тәрбиесі процесінде дене тәрбиесімен айналысушыларда дүниетаным қалыптасады, адамгершілік қасиеттер тәрбеленеді.
Дене тәрбиесі жүйесінің халықтығы - оның мақсатының халықтың өмірі талабына сәйкестігінде. Біздің еліміз тұрғындарының денсаулықты нығайтудағы, денені дамытуды жақсартудағы табыстары жалпы еңбек өнімділігінің өсуіне, сондықтан да бүкіл халық игілігінің артуына бағытталады.
Біздің еліміздің барлық халқы дене жаттығуларымен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартылады. Бұл үшін қажетті жағдайлар жасалады: стадиондар, бассейндер салынады, гимнастикалық залдар жабдықталады, спорт жабдықтары, киімдері, аяқ киімдері және т.б. шығарылады. Ұлтына, біліміне, атқаратын қызметіне қарамастан барлық совет азаматтарының денені жаттықтырумен және спортпен айналысу правосы бірдей. Ғылымилық дене тәрбиесі жүйесінің сипатты белгісі болып табылады.
Зерттеулер негізінде бірегей мемлекеттік программалар, оқулықтар, оқу құралдары жасалады және жетілдіріледі, физкультуралық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптар анықталады, әрбәр жас кезеңіне қарай және дамуының, дене әзірлігінің нормативтік көрсеткіштері жасалады.
Зерттеулер нәтижесінде алынған жаңалықтардың бәрі мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың және семьялардың практикасына ендіріледі.
Дене тәрбиесі мәселелерін негіздеу жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізуге жұмылдырылатын ғылыми-педагогика кадрларын даярлау жөнінде үлкен істер жүргізіледі.
Дене тәрбиесінің қызметі, негізгі ұғымдары
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. әр үрлі құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп, нақтыланып келеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы курсын оқып үйренуге кірсуге мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезіндеберіледі.
Дене дамуы - адам организмі формалары мен қызметінің индувидуалды өмір барысындағы өзгеру процесі. Дененің дамуы термині организмнің дамуы деңгейін білдіре отырып, тар мағынада қолданылады, ол бой, салмақ, кеуденің ауқымы (демді ішке тартқанда, дем шығарғанда, үзіліс жасағанда) өкпенің тіршіліктік сиымдылығы, омыртқа иілістерінің сипаты мен көлемі, дене тұрпатының жағдайы, жауырын бұрыштары арасындағы қашықтық, табан күмбезін өлшеу көрсеткіштері, оң және сол жақ қол басының бұлшық еттерінің күші, тұла ой күші, бастың көлемі т.б. антропометриялық және биометриялық көрсеткіштермен анықталады.
Дене дамуы терминін кең түсінікте қолданғанда оған дене қасиеттері де (шапшаңдық, оңтайлылық, икемділік, көзбен шамалағыштық, тепе-теңдік сақтағыштық, күш, төзімділік) кіреді.
Дене әзірлігі - бұл қозғалыс дағдыларының, іскерліктің дене қасиеттерінің даму деңгейі. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін денені жаттықтырудың барлық негізгі түрлері бойынша нормативтік көрсеткіштер және оларды орындаудың сапасына қойылатын талаптар (балабақшадағы тәрбие программасы) талдап жасалған.
Дене жетілуі - бұл дене дамуының тарихи шартты деңгейі және денсаулықтың, өмірге, еңбекке және Отанды қорғауға жан-жақты дене дайындығының жоғары дәрежелігі. Дене жетілуі ұғымының белгілері өскелең қоғамдық қажеттіліктер - өндіріс қажеттіліктері, сондай-ақ адамның өзінің ынта-ықласы әсерінен өзгеріп отырады. әр тарихи дәуір үшін дене жәтілуінің өзіндік өзгеруі тән.
Құлдық пен қанаушылықтан азат етілген елдерде дене жетілуінің мейлінше жоғары деңгейіне қоғамның барлық мүшелерінің қолы жете алады. Кәсібі, жынысы, жасы әр түрлі адамдардағы дене жетілуінің өзіндік ерекшеліктері бар.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дара әзірлігінің жоғары деңгейіне жетілуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой еңбек тәрбиелерімен байланысты.
Дене тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене машықтығы дене тәрбиесінің дене әзірлігін талап ететін еңбекке немесе басқа бір қызметке деген қолданбалы бағыттылығы. Дене машықтығы нақты бір кәсіптің, белгілі бір қызметтің ерекшелігіне байланысты дене жатығуларын жасаудың міндеттердің өзіндік ерекшеліктерімен, құралдары мен методикасымен сипатталады. Жалпы дене дайындығы термині дене тәрбиесінің әр алуан қызметте табысқа жетудің жалпы алғы шартын жасау үшін ағытталған процесін білдіреді. Арнаулы дене машықтығы кәсіптік және спорттық қызметке арнайы дайындалуға бағытталған.
Дене жаттығулары - бұл дене тәрбиесі міндеттерін шешу құралдары ретінде іріктеліп алыған қозғалыстар, қимыл-қозғалыс әрекеттері, сондай-ақ қозғалыстық қарекеттердің күрделі түрлері. Қозғалыстық қарекет деп адамның қозғалыс аппаратының белсенділігі өзіне тән компонент болып табылатын әрекеттің бірін айтады.
Жаттығу термині қозғалысты бірнеше рет қайталау процесін белгілеу үшін де қолданылады.
Спорт - бұл денені жаттықтырудың белгілі-бір түрінен жарыс барысында неғұрлым жоғары нәтижеге жетуге бағытталған арнаулы әрекет. Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Материалдық игілікке спорт құрылыстары (стадиондар, спорт залдары, бассейндер және т.б.) құрал жабдықтар, арнайы киім, аяқ киім және т.б.кіреді. рухани игілігі болып табылытындар: ғылым, өнер шығармалары (әдебиет, скульптура, кескіндеме, графика, музыка т.б.) жатады. Дене тәрбиесі мәдениеті дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол жоғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы
Дене тәрбиесінің жүйесі тәрбиенің бүкіл жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады және дене тәрбиесін жүзеге асырушы және бақылаушы ұйымдар тұтастығының кепілі.
Патшалық Россияда қоғамның тек ақсүйектері ғана дене жаттықтырумен айналыса алатын еді. Үстем таптардың дене тәрбиесін жүзеге асыру үшін үкімет шетелдік жүйелерді (сокольск гимнастикасы, неміс түрнегі, швед гимнастикасы т.б.) пайдаланады. П.Ф.Лесгафт жасаған отандық дене тәрбиесі білімі жүйесі қолдау таппады. Бірақ патша үкіметінің еңбекші бұқараның спортпен айналысуына кедергі болатын саясатына қарамастан спорттың ұлттық түрлері дамиды және халықтан көрнекті, дүние жүзіне белгілі жеке орыс спортшылары шықты: палуан И.Поддубный, коньки тебушілер Н.Струнников, және П.Ипполитовтар, ескекші М.Свешников және т.б.
Дене тәрбиесінің біртұтас жүйесін жасау үшін халық талабына сай жағдай жасалды. Мұның өзінде біздің елімізде және шетелде жасалған прогрестік нәрсенің бәрі ескерілді.
Азамат соғысы және соғыс интервенциясы кезінде дене тәрбиесі еңбекшілерді Октябрь жеңістерін қорғауға дайындауға бағытталды. Дене тәрбиесіне басшылық ету жаппай әскери оқу (Всевобуч) органдарына жүктелді (1918).
Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында еңбекшілердің денсаулықтарын нығайтуға, оларды еңбекке дайындауға көп көңіл бөлінді. Бұл жылдары өз беттерімен әрекет ететін дене тәрбиесі үйірмелері, қоғамдары ұйымдастырылды. Ғылыми-зерттеу физкультура институттарын ашу дене тәрбиесі жүйесін жетілдіруге көмегін тигізді. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің советтік жүйесін жасауда ғылыми қызметерлер мен методистердің үлкен тобы - Е.Г.Леви-Гориневская, М.М.Конторович, А.И.Быкова, Н.А.Метлов, Л.И.Михайлова және басқалар үлкен энтузиазм көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жылдарында физкультура ұйымдарының барлық қызметі халықты Отан қорғауға жаппай әскери-дене шынықтырушылыққа дайындық міндетіне бағындырылады.
Дене тәрбиесі міндеттері
Сауықтыру міндеті
1. Шынығу, сыртқы ортаның әсеріне ағзаның төзімділік қарсы әсері күшін арттыру. Бұл міндетті шешуде мұқият байқауды және біртіндеп, баланың тері қабаты арқылы жоғары деңгейде жылу бөлетінін ескеруді талап етеді.
2. Сүйек құрылысы, буын-байланыс аппаратының, омыртқалардың физиологиялық иіндерінің (изгибтерінің) дұрыс және өз уақтында дамып, қалыптасуының, сонымен бірге, барлық бұлшық ет топтарының шамалас тең дәрежесінде дамуына және нығаюына, қорытындысында дұрыс сымбатты тұлғаны қалыптастыруға жәрдемдесу. Бұл міндетті шешуде қаңқаның иілгіштік икемділігін, бұлшық еттің созылғыштығы мен әлсіздігін, әсіресе күнделікті қозғалысқа аз қатысатындарын ескеруді қажет етеді.
3. Ағзаның басқа жүйлерінің, атап айтқанда жүрек қан айналымы, тыныс алу, жүйкенің дамуына және функциональдық жетілуіне, зат алмасу процесінің жақсаруына жәрдемдесу. Әсіресе қозғалыста ырғақпен терең тыныс алуға үйрету маңызды.
Білім беру міндеті
1. Негізгі өмірдегі маңызды біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және қағып алу, шаңғымен жүру, суда жүзу және т.б.) және дененің әртүрлі бөліктерімен жүйелі қозғалысты орындай білу, тұрғанда, отырғанда, жүргенде дене сымбатының қалпын сақтау.
2. Барынша дұрыс, жүйелі қозғалысты қамтамасыз ететін мына сапаларды дамыту қозғалыстың ырғақтылығы, жүйелілігі, кеңістікте бағдарлай білу, денені игере білу және бар күшті есепке ала білу;
3. Жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау дағдыларын бойына сіңіру;
4. Денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдануға байланысты бастапқы біліктілікті қалыптастыру.
Тәрбиелеу міндеті
Назарды, зердені дамыту, сөз арқылы нұсқаумен қимыл-қозғалыс әрекетін орындай білу, ал ең жасы үлкендеріне (7 жасарларға) қозғалыстың дұрыстығын бағалату, біліктілік шеңберінің аясын кеңейту, сөйлеу қабілетін дамыту арқылы ақыл-ой тәрбиесін беруге қол жеткізу. Гигиеналық процедуралар мен денешынықтыру жаттығулары сабағында (жуынғанда, киім ауыстырғанда, спорт құрал-жабдықтарын дайындағанда және т.б.) өзіне-өзі қызмет ету дағдылары арқылы еңбекке тәрбиелеуге қол жеткізу;
Еңбекке қажетті сапаларды дамыту;
Әріптестерімен бірге атқаратын денешынықтыру жаттығуларын орындау кезінде өзара қызмет көрсетудің әртүрлі формаларын үйрету ;
Заттардың қасиеттері және олармен жұмыс істеу мүмкіндіктері жайлы білімді байыту. Балаларды адамгершілікке, өнегелілікке тәрбиелеу үшін ұжымда өзін-өзі алып жүре білуге, басқа балаларды және үлкендерді сыйлауға, адалдыққа тәрбиелеу; Мәдени мінез-құлық дағдыларын, яғни кішіпейілділік, ұқыптылық, ұстамдылықты дамыту ;
Қорқыныш сезімін баса білу;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу; денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану дағдыларын қалыптастыру. Оларға эстетикалық тәрбие беру үшін - эстетикалық сезім, талғам, сыртқы келбетіне, бейнесіне, қозғалысына және әрекет, қызметіне, қоршаған ортаға, табиғатқа қарап ажыратып, бағалай білуге тәрбиелеу. Мектеп жасына дейінгілерді тәрбиелеу ашық көрсетілген кешенділік әсерімен сипатталады.
Күнделікті балалармен кез келген пікірлесу формасымен сұқпаттасқанда әртүрлі міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге талаптану , яғни баланың ішкі дүниесіне бүтіндей әсер ету керек. Мысалы, қимыл-қозғалыс ойынында қандай да бір арнайы міндетті шешу қарастырылғанымен, оны балалардың денелерін дамыту үшін сабақты барынша пайдалы ұйымдастыру жолдарын қарастырып, белсенді және дәл ойынға кіретін қозғалыстың орындалуын қамтамасыз ету, ұйымшыл әрекет қимылдарға, ойын ережелеріне мойын ұсынуға, ойынның мазмұнын түсіндіріп, біліктілік ауқымы мен эстетикалық көріністерді кеңейту, сөзді таза айтуды үйрету қажет.
Дене тәрбиесінің құралдары
Денешынықтыру жаттығулары мектепке дейінгі жастағылардың барлық жас ерекшелік топтарында қолданылады. "Балалар бақшасындағы тәрбие бағдарламасының" "Дене мәдениетіне тәрбиелеу" бөлімінде барлық топтар үшін міндеттері және денешынықтыру жаттығуларының негізгі түрлері берілген.
Емшектегі жастағы 2 айлық кезінен бастап сылбыр және сылбыр-белсенді жаттығулар үлкендердің жәрдемімен орындалып массаж жасау, ауа ваннасы, ал кешірек - еңбектеу, жүруге дайындық жаттығулары, сырғанау және доп лақтыру, сонымен бірге басқа да ойыншықтармен, "Алақан соғу ойыны" типтес ырғақты жаттығулармен үйлестіріледі.
Мектепке дейінгі 3-7 жасар балалар үшін мыналар қолданылады:
1. Гимнастикалық жаттығулар мына түрде : а Негізгі қозғалыс әрекеттерін үйретуге арналған жаттығулар ; жүру және жүгірудің әр түрі оның ішінде жіңішке тар жолақпен ; түзу екпінмен келіп тереңге, ұзындыққа, биіктікке секіру; кішкене құм толтырылған қапшықты, допты бір және екі қолмен лақтыру; еңбектеу, гимнастикалық сатымен және қиялап қойылған жазықтықпен өрмелеу; би жаттығулары ; ә Әртүрлі құрал-заттармен және оларсыз жалпы дамыту жаттығулары, басында имитациялық, үлкен балалар (6-7 жас) топтарында абстракталы ; б Жұбымен сапқа тұрғызу, қайта тұрғызу, шеңберге, қысқа лекке (колонналарға) және қатарға (шеренгаға) ;
2. Негізінен мазмұнға әртүрлі қозғалыс әрекеттерін пайдаланып құрылған қимыл-қозғалыс ойындары; мектепке дейінгі үлкен (6-7 жастағылар) балаларға - ойыншыларды командаларға бөлу (мысалы, "Барлығы өз жалауларына") ;
3. Спорттық көңіл көтеру - шанамен, шаңғымен, велосипедпен, самокатпен, мұз жолағымен сырғанау, ал үлкендер (6-7 жастағылар) конькимен сырғанау, жүзу, спорт ойындарының элементтері (стол теннисі, бадминтон).
Өмірдің гигиеналық, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің маңызды құралы болып табылады.
Дұрыс ұйымдастырылған күн режіміндегі ұйқы, тамақтану, серуендеу, жас өскен сайын белсенді қызмет әрекетімен барынша қанығады. Күн режімінің бұзылмай сақталуы сыртқы өзгеріп отыратын жағдайларға жақсы бейімделуді, қамтамасыз етіп, мақсатты бағытталған өзін жақсы сезінуді қамтамасыз етеді.
Табиғаттың табиғи күштері арнайы шынығу процедурасы ретінде пайдаланылады. Сол сияқты, дұрыс ұйымдастырылған сыртқы орта факторлары : таза ауа, тазартылған жарық бөлме ; режімге сәйкес және жыл мезгілдерінде таза ауада жүру, серуендеу.
Білім беру міндеттері.
1. Оқушыларды өмірдің әртүрлі жағдайында қажетті біліммен, қабілетпен және дағдымен қаруландыру:
А) дене жаттығуларының маңызы және әсері, әдіс түрі, ережесі және олардың табыспен орындалу жағдайы ;
Б) өмірге қажетті қабілет пен дағдыны кең ауқымда жетерліктей қалыптастыру;
В) сантүрлі жаттығулар арқылы қозғалыс тәжірибесін байыту, өз түйсігімен күш салуды реттеу қабілетін қалыптастыру, әрекетті өз уақытында және дәл, нақтылы міндетке сай, соның ішінде күрделіленген жағдайда жасау. Бұл міндетті шешу жаңа әрекеттерді өмір өткелдерінде пайдаланып шешуге жағдай туғызады.
1. Балаларға жеке және қоғамдық гигиена туралы білімді мектепте, үйде дене жаттығуларымен шұғылданғанда, еңбек еткенде және демалыс кезінде қалыптастыру.
2. Дене мәдениеті ауқымында өміртанымын кеңейту, дене жаттығуларымен шұғылдануға қызығушылығын және қажеттілігін дамыту, өз денесінің күшін жетілдіруге ұмтылдыру және оны іске асыра білу. Бұл міндетті шешу сенімділік туғызады, сонымен бірге мектептен кейін де дене тәрбиесі күн тәртібіндегі міндетті элементтің бірі болып қалады.
3. Дене жаттығуларымен сабақ өткізу үшін ұйымдастырушылық және кейбір әдістемелік (нұсқаушылық, төрешілік) білімді және қабілетті қалыптастырады.
Тәрбиелік міндеттері.
Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын жан-жақты дамыту мақсатында дене тәрбиесінің барлық құралдары мен әдістері қолданылады. Олар оқушының ақыл-ойының дамуына, адамгершілік қабілеттерінің қалыптасуына, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауға, эстетикалық дамуына жәрдемдеседі.
Өнегелілікке тәрбиелеу жаңа қоғам құрылысының жеке тұлғаларының мына ерекшеліктерін қалыптастыруға бағытталады :
1. Патриоттық (отан сүйгіштік), азаматтық, ұлтаралық ынтымақтастық;
2. Еңбек сүйгіштік, ұжымдық еңбекке дайын болу, басқалардың еңбекке деген ынтасын сыйлау;
3. Ұжымға деген сүйіспеншілік, өзара жолдастық көмек, адамдарға деген адамгершілік қарым-қатынас;
4. Саналы (зерделі) тәртіп, адалдық, шыншылдық;
5. Мақсатқа жетуге деген табандылық, ұстамдылық, өзін-өзі ұстай білу, тәуекелшілдік, шешімшілдік, батылдық.
Спорттық жарыстастық жағдайында балаларда қарсыласына, командалас әріптесіне, төрешіге деген ұғынуға байланысты және спорттық этикалық көрінісімен, ерекше көзқарас тәрбиеленеді, белгілі бір мінез-құлық ережелеріне үнемі бекітілетін көптеген жағдайлар пайдаланылады. Мұндай жағдайлар барлық спорт түрлері ойын ережелерінде алдын-ала ескерілген, спорт жарыстарының дәстүрінде, саптағы мінез-құлық ережелері қамтылған.
Мысалы, кез келген спорт түрінен өткізілген жарыс, жекпе-жек аяқталғаннан кейін жарысқа қатысушылар жарыс барысындағы пайда болған реніш көңіл-күйге қарамастан ризалықпен қол алысып тарқауға міндетті.
Жарыс барысында қарсыласына көрсеткен дөрекілік, сыйламаушылыққа айып ұпайы беріледі, ойыннан, жарыстан шығарылады. Бір адамның тәртіпсіздігі үшін бүкіл команда зардап шегеді. Біз ұяң мінезді, мықты мінезді, жігерсіз не жігерлі адам, өз мінезін тәрбиелеу, өз еркін тәрбиелеу деген ұғымды жиі естиміз. Мінез адамның өз мақсаты мен міндетін жүзеге асыруда көбінесе табандылығының деңгейін анықтайтын негіз болып табылады. Спорттың сезімдік күшті әсері тек спортшыларға ғана тікелей қатысты емес оның көрермендерге де әсері зор. Бұл балалар үшін заңды да. Балаларға көрермендер сезімі қатты әсер етеді. Жанкүйерлердің өз командасына, өз жақтасына жақтасып жаны ауыруы мүмкін, бірақ сезімнің шегі болуы тиіс. Балалар жарыстарының төрешілері, жалпы көпшілік спорт мерекелерінің ұйымдастырушылары жарысқа қатысушыларға және көрермендерге байланысты тәрбиелік қызметтерін атқаруы тиіс.
Батылдық қорқыныш сезімін жеңіп шығуды талап ететін әрекеттерде тәрбиеленеді.
Шешімшілдік спортшыдан қабылданған шешімнің артынша әрекет ету қажет болған жағдайда, кездейсоқ күрделі мәселе туындағанда, жолы болмай қалуы мүмкін сәтке де қарамастан жедел әрекет жасау талап етіледі.
Өзін-өзі ұстай білу - өз әрекетін бақылаудан шығарып алмау қабілеті - объективті жағдайда барынша күрделі сәттерде тәрбиеленуші, мысалы, ауа- райының бұзылуы, шаңғының нашар сырғанауы және алдыңғы жарыстардағы жолы болмаушылық немесе күшті қарсыластың белсенді әрекеті т.б. себептер.
Ақыл-ой тәрбиесі - бұл тек оқушылардың арнайы пәндер бойынша білімін, қабілетін және дағдыларын байытумен шектелмейді. Ол, оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, назар аударуын, зердесін, танымдық белсенділігінің артуын дамытуға бағытталады.
Еңбек тәрбиесі - мектеп оқушыларында бірнеше бағытта іске асады:
1. Қоғамның мүддесі үшін еңбектің қажеттілігі туралы сендіру.
2. Еңбек ету қажеттілігіне тәрбиелеу.
3. Дене тәрбиесі сияқты еңбекке іс жүсінде дайындалу, сонымен бірге қабілетпен және дағдымен, еңбек қызметіне қажетті әрекеттермен қарулан.
Эстетикалық тәрбие - денешынықтыру жаттығуларымен шұғылдану процесінде мыналарға бағытталған:
1. Сыртқы сымбат, көрік сұлулығына жетуге белсенді ұмтылыс.
2. Қозғалыс - қимыл сұлулығын ұғуға тәрбиелеу және іс жүзінде оны пайдалана білуді қалыптастыру.
3. Тамаша, қуанышты сезінуге байланысты сезімге, толқушылыққа әсер ете білу, қоршаған тамаша, көрікті ортаға, адамдардың өзара тамаша ара- қатынасына еліктеу, жақсылыққа талаптану. Дененің сымбаты туралы ой түйгенде бірінші дененің саулығы, дұрыс тұлғаны тәрбиелеуді жүйелі дамумен байланыстыру керек.
Бұл жерде "сұлулықты" көрсету үшін дененің бұлшық еттерін "өнерлеп" қана дамытатын батыстың "әуесқойлары" туралы емес шын мәнінде қозғалыс қимылға бейімді даму туралы, яғни бұлшық еттердің дамуы дене қозғалысына жүйелі әсер етуі тиіс. Қозғалыс қызметіне пайдалы әсері болмайтын релефті бұлшық еттерді "сұлулық" үшін өсіру кемтарлыққа соқтырады. Әсіресе мектеп оқушыларына қозғалыс сұлулығы өз денесін өте жақсы меңгерусіз мүмкін емес екенін ұғындыру абзал. Дененің қозғалыс бағытын, ырғағын, қабілеттерін меңгеру қозғалыстың мәнерлі тілінің негізі болып саналып, қозғалыс мәдениетінде көрінеді. Бұл мәдениетке тәрбиелеу - оқушыларды қозғалыс негіздеріне үйретудегі міндеттердің бірі.
Кез келген қарапайым қозғалыс өзінің дәлдігімен және адам бойына сезімдік (эмоционалдық) даруымен, табиғилығымен эстетикалық қанағат әкеледі. Мысалы, гимнастқа сұлу сымбатымен үйреншікті жеңіл жүрісімен ешқандай күш түсірмеуі. Оқушылар ұжымдық әрекеттік қимыл-қозғалыстың эстетикалық пайдалы әсерін сезінуі және түсінуі тиіс - дәл орындау, топтық ырғақты, жүйелі қозғалысы (ұжымдық еркін жаттығуларда, сапқа қайта тұрғызу жаттығуларында, би комбинацияларында), қозғалыс үйлесімділігі, өзара түсіністік, орнықты ойын өрнегі (спорт ойындарында). Балаларды дене жаттығуларының сұлулығын, көркемдігін өздігінен бағалауға тарту қажет, бірақ үнемі бұл бағалаудың дұрыстығын бақылау керек. Оқушыны талғампаздыққа тәрбиелеу оның әрекетінде шығармашылық жақсы қасиеттерді көрсетуіне мақсатты бағыт береді. Қозғалыс-қимыл жаттығуларын музыканың сүйемелдеуімен орындау қозғалысты толық ұғынып және жақсы орындауына мүмкіндік береді.
Қозғалыс әрекетін музыкалық мәнер құралымен (дыбыстың күші, мәнерлі ырғағы және т.б.) сүйемелдеу жаттығуды толық ұғып, түсініп орындауға мүмкіндік береді. Басқа жағынан қозғалыста музыканы тыңдап, сезіммен бойға сіңіріп жаттығуларды орындау музыкалық тәрбиеге жәрдемдеседі. Хореография, би құралдары дене жаттығулары сипатында пайдаланылады. Әдеміліктен, әсемдіктен, сұлулықтан, ырғақтылықтан, мәнерліліктен басқа би адамгершілік тұрғыда да тәрбиелейді. Мысалы, жұппен билеу жаттығуында билеушілерден белгілі бір өзара қарым-қатынас мәдениетін талап етеді.
Оқушылардың дене тәрбиесінің ұйымдастырылу формалары
Оқушыларды дене мәдениетіне тәрбиелеудің әртүрлі міндеттерін іске асыру үшін сан қырлы әрекет жүйесі, әртүрлі өзара байланыстағы мекемелерді, ұйымдарды және жеке тұлғаларды қатыстыру арқылы мектепте, мектептен тыс мекемелерде, от басында оқыту, тәрбиелеу және демалдыру формалары талап етіледі.
Шұғылданудың сабақта және сабақтан тыс ұйымдастыру формалары бірін- бірі толықтырып жан-жақты әсер етуге мүмкіндік береді. Үйрету және белсенді демалыс элементтері бұларда әртүрлі сапада педагогикалық басқарудың деңгейіне қарай шешіледі.
Мектептегі дене мәдениетінің ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1. "Денешынықтыру" пәні сабағы. Бұл Қ.Р. Білім және Ғылым министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша аптасына 2 немесе 3 рет міндетті түрде өтілетін сабақ, яғни денеге білім берудің негізін құрайды, сондықтан бұл маңызды форма болып табылады.
2. Мектеп күн (режімі) тәртібіндегі белсенді демалыс формасы, сонымен бірге сабаққа дейінгі гигиеналық гимнастика, денешынықтыру үзілістері, үлкен үзілістерде ойындар ұйымдастыру сияқты ұзартылған күн тобы.
3. Сыныптан тыс жұмыс формасы:
А) Төменгі сынып оқушыларының үйірмелердегі, барлық талапкерлердің секциялардағы жалпы дене дайындығы, әсіресе медициналық дайындық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz