Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі
Курстық жобасын (жұмысын) орындауға арналған тапсырма
Н ТарМУ 111-1.55-2019
1 баспа 05.05.2019
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Сайтты жасақтаудағы дайындалатын мәтіннің өзіндік ерекшелігі.
Орындаған:Жолымбет Әсем
Қабылдаған:Сағыбай Зәуре
Тобы: 6В03211-193
Мақсаты- сайтты жасаудағы мәтіндік ерекшеліктің мәнін студенттерге ұғындыру.Грамматикалық қателіктерге жол бермеу.
Міндеті-жұмыс арқылы мәтіндік ерекшеліктерді айқындау,мәтіндік құндылықтарға зер салу.
Біліктілік- ақпарат порталдарындағы мәтіндерді зерделеу.
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ______________________
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
Жасақталған сайттардағы мәтін ерекшелігі.
Мәтінге қойылатын талаптар мен міндеттемелер.
ҚОРЫТЫНДЫ___________________
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
КІРІСПЕ
Мәтін (текст; text) -- 1) баспаға шығаруға арналған пішімді немесе бастапқы түрдегі бедербелгілік мәліметтер бөлшегі; 2) хабардың алмастыру хаттамасының ерекшеліктерімен байланысы жоқ ақпарат бөлігі; 3) бастапқы программаның жазбасы. Объектілік немесе жүктемеленетін модульдің бөлігі.
Мәтін -- бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән -- мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысады. Киелі мәтіндер герменевтикасы экзегетика деп аталады. Мәтінді қарастыру шеберлігін поэтика зерттейді. Ол Мәтіннің қалай құрылғанын, оның құрылымы мен композициясын зерттейді (формальды мектеп, құрылымдық поэтика, генеративті поэтика). Мәтінді қазіргі семиотика (мәдениет мәтін ретінде) мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В. Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады.
1) мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (өзара байланысқан) (құрылымдық поэтика тезисі).
2) мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады. (Мотивті талдау тезисі);
З) мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау);
4) мәтіннің әрбір жекеленген және үстірт кәрінісінің (мәнінің) астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т. Юнгтің аналитикалық психологиясы);
5) мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы);
6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін ( мүмкін дүние (нәрсе) семантикасы);
7) мәтін -- қатып-семіп қалған мән емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сүхбат (Бахтин поэтикасы).
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Мәтіннің ырғақты-интонациялық құрылымын анықтаудан бұрын мәтіндерді сипатына қарай жіктеу мәселесіне тоқталамыз. 1974 жылы мәтін лингвистикасы жөніндегі конференцияда сөйлеген сөзінде И.Р. Гальперин: Мәтінді жіктеу үшін оның негізгі бірліктерін анықтау керектігін айтқан. Мәтінді жіктеудегі біршама кең таралған жіктеме ол ауызша, жазбаша, монолог, диалог мәтіндері деп бөлу. Ауызша және жазбаша мәтіндерде ұқсастықтар, айырмашылықтар да жоқ емес. Ауызша мәтін де, жазбаша мәтін де оқылған мәтінді қабылдаудағы қарым-қатынас арқылы іске асады. Ауызша мәтін дыбысталған кездегі артикуляция, акустикалық формасымен ерекшеленеді. Бірақ, жазба мәтінде ауызша мәтіннің акустикалық негізі жасалады. Л.Р. Зиндердің айтуынша, просодикалық тәсілдер біріншіден, мәтін бірліктерінің тұтастығын қамтамасыз етеді, екіншіден, сәйкес бірліктердің элементтерін бір-бірімен байланыстырады. Просодикалық тәсілдер басқа вербалды және вербалды емес тәсілдерге қарағанда мәтін тұтастығын құруда міндетті элемент болып табылады. Л.П. Блохина да мәтін элементтерінің бір-бірімен байланысында просодикалық тәсілдердің маңызды рөлді атқаратындығын ерекше атап көрсеткен [62, 3 б.].
Сондықтан да радио, теледидар тәрізді құралдардың көмегімен келіп түсетін ақпарат тасқынында сөйлеу тілі стиліне, дыбысталған мәтінге, жазба мәтіндерді дыбыстау мәселесіне баса назар аударылып отыр. Дыбыстау әдісі, дайындық дәрежесіне қарай мәтінді жіктеуді білу мәтіннің ырғақты - интонациялық сипатын беруде үлкен рөл атқарады. Мәтіндер ауызша және жазбаша түрде жарыққа шығады, бұған қоса дайындықсыз немесе машықсыз сөйлеу, дайындықпен немесе машықты сөйлеу ұғымдары бар.
Дыбысталатын мәтін - оқылған немесе дауыстап айтылған кез келген дыбысталмайтын мәтінге қарама-қарсы (жазылған, баспадан шыққан, жазба түрде ұсынылытан) мәтін. Ауызша мәтін - жазбаша мәтінге қарама-қарсы, сөйлеудің жазбаша түріне жататын сөйлеудің ауызша түріндегі мәтін. Жазбаша мәтін дыбысталады, бірақ өзінің мәтіндік қасиетін сақтайды, сондықтан дыбысталған мәтін термині ауызша да, жазбаша да мәтінге тән.
Сөйлеу мәтіні - ерекше қызметтік қалыпқа сөйлеу тіліне қатысы бар, сондықтан ол кітаби қызметтік сөйлеу үлгісіне жатпайтын мәтін болып саналады. Дайындықсыз сөйлеу мәтіні сөйлеп тұрған кезде туындаса, дайындықпен сөйлеу мәтіні бұған керісінше келеді. Дыбысталған мәтінді жіктеудің күрделілігі мынада: дайындықпен, дайындықсыз келуімен қатар, мәтіндер сөйлеудің ауызша және жазбаша түріне жататындығы бойынша қарама-қарсы қойылады, сонымен қатар түрлі функцияны атқаруымен де байланысты болып келеді.
Бірінші топты дайындалған мәтіндер құрайды, оның негізіне сөйлеудің жазбаша түрі жатады. Бұл мәтіндер жазба мәтіндерге сүйеніп оқылады және айтылады. Яғни мәтіндердің барлығында жазбаша түрі бірінші, ал дыбысталуы екінші орында, осыған орай мәтінді оқу мен дыбыстау уақытқа байланысты болады. Сөйлеу кезінде дыбысталған мәтіндер қандай да бір стильдің жанрлық әр түрлілігін көрсетеді, кейде бір мезгілде екі стильдің қасиетін танытуы мүмкін. Қай стильдің негізі басым түссе, сол негізде жанр қалыптасады. Мысалы, ақпараттық жанрда ресми стиль мен публицистикалық стильдің ерекшеліктері қосылады. Ал баспасөзде публицистикалық стиль негізгі болып табылады, репортажда публицистикалық стильмен қоса сөйлеу тілі стилінің элементтері, очерк көркем әдебиет стилінде жазылады.
Дыбысталған мәтіндерді жіктеу функционалды стильдердегі жанрлардың түрліше келуімен, бір стильде басқа стильдердің элементтерінің араласуымен күрделене түседі. Мысалы, ақпараттық жанрда ресми және публицистикалық стильдің элементтері қоса келетіндігін айтуға болады.
Кейбір дыбысталған мәтіндерде жанрларды даралау жалпыға бірдей болмайтын болса, мәтінді тек даярлықсыз келуімен ғана ерекшелеуге болады. Мысалы, ғылыми стильдегі барлық мәтіндерді біз келесідей топтарға бөлдік: 1. оқылатын; 2. негізінде сөйлеудің жазба элементтері жатқан даярлықпен сөйлеу; 3. негізінде сөйлеудің ауызша элементтері жатқан даярлықпен сөйлеу үдерісі; 4. даярлықсыз сөйлеу үдерісі. Оның алғашқы екеуі даярлықпен келетін мәтіндер, үшіншісі даярлықсыз және даярлықпен келетін мәтіндер, төртіншісі даярлықсыз келеді.
Ғылыми және публицистикалық стиль мәтіндерін жіктеуді ақпараттық және талдамалы жанрларды меншіктей отырып шектеуге болады. Мәтіндер даярлықпен және даярлықсыз, ауызша және жазбаша, түрлі жанрларда келмесе мәтіндерді тұтас жалпы топқа топтауға болады. Оған ресми және сөйлеу тілі стилін жатқызуға болады. Ал, көркем әдебиет стилі мен сөйлеу тілі стилі мәтіндерінің интонациялық құрылымы бір-біріне қарама-қарсы келеді. Ол жалпы сол стильдегі тілдік бірліктердің әсеріне де байланысты.
Ғылыми және публицистикалық стильдердің жанрға жіктелуі, дыбысталған мәтіннің біркелкі болмауы ресми, публицистикалық, ғылыми стильдердің айырмашылығын көрсетті. Сондықтан да, функционалды стильдерді жіктеу стильішілік жанрлардың көп түрлілігіне байланысты келеді. Стильдік бірізділікті ең алдымен, ақпараттық және талдамалы болып жіктелетін публицистикалық және ғылыми стильдерде сақталмайды.
Интонациялық сипатының жалпылығына байланысты дыбысталған функционалды стиль мәтіндерін төмендегідей топтарға жіктеуге болады:
1) ресми стиль мәтіндері және публицистикалық, ғылыми стильдегі ақпараттық жанрлар;
2) даярлықпен және даярлықсыз келетін публицистикалық және ғылыми стильдегі талдамалы жанрлар;
3) прозалық және поэзиялық, драмалық шығармалар болып бөлінетін көркем әдебиет стилінің мәтіндері;
4) сөйлеу тілі стилінің мәтіндері.
Бірінші топтағыларға кәсіби диктор, тілші, қоғам қайраткерлері, ғалымдар оқыған сөйлеудің жазбаша формасы жатады. Бұл топтағы жетекші рөлді ресми стиль атқарады. Себебі, бұл стильде белгілі стандарт сөздер қолданылып, экспрессия болмайды және бұл қалып оның просодикалық сипатына да тән болып келеді. Бұл стильдегі мәтіннің интонациялық құрылымы сол себептен де қарапайым болып келеді. Бұл мәтіндердегі кідіріске келсек, дикторлық кідіріс пен грамматикалық кідірістер орын алады. Қарқыны жылдам, минутына 90 сөз, ал ғылыми мәтінде 100 сөз қамтылады.
Екінші топқа публицистикалық және ғылыми стильдегі талдамалы жанрлардың мәтіндері жатады. Ол ауызша және жазбаша негізде жасалады; оған баяндама, сөз сөйлеу, дәріс (лекцияны) жатқызуға болады. Даярлықпен және даярлықсыз да келеді. Интонациялық сипаты аса қарапайым. Онда шынайы емес грамматикалық және дикторлық кідірістер орын алады. Қарқын орташа не жылдам болады шамамен минутына 90 сөз қамтылады.
Көркем әдебиет стилі - бұл топтың үшінші түрі. Бұл мәтіндерде тілдік бірліктердің барлығы соның ішінде біз қарастырған кідіріс, қарқын, әуен, үдемелілік тәрізді просодикалық тәсілдердің барлығы кеңінен қолданыс табады. Интонациялық құрылымның күрделі екендігін ерекше атап өтуге болады. Стильдік бояу үстейтін шынайы грамматикалық кідірістер көптеп орын алады. Қарқын орташа және баяу сипатта көрінеді.
Төртінші топқа сөйлеу тілі стилін жатқызамыз. Бұл стиль мәтініндегі просодикалық тәсілдердің көрінісі жоғарыдағы көркем әдебиет стиліне қарама-қарсы келуімен ерекшеленеді. Әрбір мәтіннің интонациясы түрліше. Бұл түрлілікті интонациялық құрылым арқылы түсіндіруге болады. Ол әрбір мәтіннің синтаксистік қатарының түрліше болуымен түсіндіріледі. Ол жай және құрмалас сөйлемдердің құрылысынан көрінеді. Мәтіннің синтаксистік құрылымы сол мәтіннің стилі мен жанрына сай келеді. Кез келген мәтіннің интонациялық құрылымы оның күрделілігін көрсетеді. Осы интонациялық құрылым мәтін интонациясын анықтауға мүмкіндік береді.Түрлі мәтіндегі интонациялық құрылымды салыстыра отырып, дикторлардың, журналистердің, ғалым, әртістердің жеке сөйлеу тұрпаты мен стильдің жалпы тілдік белгілерінің болатындығын байқауға болады. Бұлар бір-бірінен интонациялық құрылым арқылы ерекшеленеді.
Кез келген стильдің интонациялық құрылымын салыстыра отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға болады. Мәтіннің жалпы интонациясы қарапайым болса, оның интонациялық құрылымы да қарапайым болады, және керісінше интонация күрделі болса, оның интонациялық құрылымы да, күрделі болады. Ең қарапайым интонациялық құрылым ресми-іс қағаздар стиліне тән, ал ең күрделі интонациялық құрылым көркем әдебиет стиліне тән. Интонациялық құрылымның көмегімен негізгі функционалды стильдің интонациялық ерешеліктерін анықтауға болады.
Функционалды стильдерді дыбысталу жағынан, жазбаша мәтінге қарағанда функционалды стиль мәтіндерінің өзара ерекшеліктерін байқауға болады. В.А. Артемовтың айтуынша, оған: Сөйлеудің стильдік ерекшеліктеріне қандай да бір интонацияның акустикалық белгілері әсер етеді. Владимир Яхонтовтың: Дикторды материалды сауатты жеткізу алаңдату керек, әсерсіз интонация бір сарынды салғырт үн қабылдауды қиындатады. Дыбысталған мәтіннің қабылдануы оның интонациясына байланысты,-дейді [62, 13 б.].
Бір адамның өзіндік сөйлеу ерекшелігіне қарамай әртіс, диктор, коментатор, сұхбаттасушы рөліндегі дыбысталған мәтіні өзіндік интонациялық құрылыммен ерекшеленеді. Ақпарат беруші ресми-іс қағаздар стилінің интонациялық құрылымы оның жанрының интонациясымен араласады. Бұл мәтіндердің интонациясы бір қалыпты, сөйлемдері бір типті болып аяқталады. Ғылыми стильдегі интонациялық құрылым да бұл стильдегі сипатқа ұқсас келеді.
Публицистикалық стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымда бұл стильдің көп жанрлылығына қарамастан, интонацияның жалпылануы жалғасады. Сөйлеу тілі стилі мәтінінің интонациялық құрылымы күрделі деп айта алмаймыз, қарапайым келеді. Ал ең күрделі интонациялық құрылым көркем әдебиет стиліне тән. Оның интонациялық құрылымы күрделі келеді. Бұл стильдің мәтіндерінің көп түрлі болғандығы сонша, оларды салыстыру тек жанр, мәтін типі, эмоционалды көңіл - күй басқа да көптеген белгілері бойынша іске аспақ. Бұл мәтіндердің интонациялық құрылымын ерекшелейтін басты белгісі - күрделілігі.
Функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын анықтағанда біз интонацияның басты компоненттері, яғни просодикалық тәсілдердің рөліне баса назар аудардық. Әр стильдің табиғатына қатысты мұндай просодикалық тәсілдердің қолданылу сипаты келесі тараушаларда жеке-жеке қарастырылғанда жалғасын табады. Функционалды стиль мәтіндеріндегі просодикалық тәсілдерді анықтауда біз аудиторлық талдаудың көмегіне сүйенеміз.
Тіл және сөйлеу ғылымдарының даму тарихына жүгінсек, осы салалардағы зерттеу жұмыстары жетістіктерінің деңгейі мен нәтижесі тікелей оларда қолданылған әдіс - тәсілдерге байланысты. Ең алғашқы фонетикалық эксперимент жүргізгендер Рессейдегі В.А. Богороцкий мен Франциядағы П. Руссо. Олар өздерінің зерттеулерін он тоғызыншы ғасырдың сексенінші жылдарында пайда болған пневматикалық аспаптар негізінде жасаған.
Экспериментті жүргізу әдісі зерттеудің міндеттеріне сай жасалады. Біздің жұмысымызда эксперименттік талдау бірнеше кезеңдерден тұрды:
- дикторларды іріктеп, таңдалған материалды компьютердің көмегімен таспаға жазу;
- эксперимент материалына аудиторлық талдау жасау;
- алынған нәтижелерді бір-бірімен салыстыру.
Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, эксперименттік жұмыста материалды іріктеу маңызды. Зерттеудің мақсатына қарай даярланған (машықты) және даярлықсыз (машықсыз) мәтіндер алынды. Даярланған мәтінді оқу аса қиындық туғызбады. Мәтін үзінділері көркем әдебиет пен публицистикалық мақалалардан алынды. Сөйлеу тілі стилінің табиғатына қарай даярлықсыз (машықсыз) келетін мәтіндердің табиғатын ашу мақсатында күнделікті тұрмыстағы түрлі оқиғаларға қатысты адамдардың білдірген пікірлерінің мәтіні мен публицистикалық стильдің табиғатына орай теледидардағы жаңалықтар топтамасындағы журналистердің тікелей репортаждарындағы оқиғаға қатысты кез келген тұлғадан алған сұхбаттары негіз болды. Жұмыстың мақсатына қарай кәсіби дәрежесі бар және кәсіби дәрежесі жоқ дикторлар таңдалынып алынды.
Аудиторлық талдау көлемді және түрлі типтегі эксперименттік материалды қамтуымен тиімді болып табылады. Аудиторлық талдаудың өзі бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде іріктеу жүргізілді. Жарамсыз тілдік материал алынып тасталды. Келесі кезеңде нақты зерттеу мақсатына қарай міндеттерді шешу көзделді. Аудитор ретінде дикторлар, студенттер алынды.
Дыбысталған мәтіндегі функционалды стильдердің барлық түрінде просодикалық бірліктер біркелкі бірақ, ол бірліктердің орналасу сипаты әр қайсысында түрліше. Себебі, түрлі функционалды стильдегі лексикалық және грамматикалық бірліктердің араласуы просодикалық деңгейдің бірліктерін анықтап береді. Мысалы, сөйлеп тұрған адам мәтінді басқа мәнерде оқиды. Ал, жазба мәтінді мазмұндап, дыбыстағанда даярлықсыз оқуға қарағанда түрлі синтаксистік, лексикалық және просодикалық тәсілдерді пайдаланады.
Дыбысталған сөздің тууы мен сөйлеушінің сөйлейтін сөзінің ауысуы жағдаятқа тәуелді функционалды стильге, тіпті бір мәтінді дыбыстау шеңберіндегі қарым-қатынас мақсатына байланысты. Бұған дәлелді түрде көзімізді жеткізуіміз үшін түрлі функционалды стильді қалыптастыратын тілдік құралдар, экстралингвистикалық шарттар мен сөйлеушінің сөйлеу амалын анықтау қажет. Эксперимент материалдарының негізінде мәтіндерге төмендегідей жіктеме жасауға болады: 1. Жазылған және ойдан шығарылған мәтінді оқу (монолог және диалог); Өзінің жазба мәтінін оқу; Бөгде біреудің жазба мәтінін оқу. 2. Жазылған немесе оқылған жазба мәтінді мазмұндау; Өзінің жазба мәтінін мазмұндау; Бөгде біреудің жазба мәтінін мазмұндау; Суфлер арқылы мәтінді дыбыстау. 3. Дайындалған (машықты) мәтін, бірақ толық жазба мәтін ретінде қалыптаспаған тезис, жоспар мәтіні (дәріс-лекция, баяндама, сөз сөйлеу, есеп беру). 4. Дайындалған (квазиспонтанды, машықты), бірақ жазба мәтін емес. 5. Даярлықсыз мәтін (машықсыз, спонтанды). Біз осының ішінде бөгде біреудің жазба мәтінін оқу, суфлер арқылы мәтінді дыбыстау, даярлықсыз мәтінді нысан етіп алдық.
Бұдан дыбысталған мәтінді ұйымдастырудың келесідей төрт түрін көрсетуге болады: 1) жадымыздағы жазба мәтінді дыбыстау не оқу, 2) даярланған мәтінді ауызша мазмұндау, 3) даярланған (квазиспонтанды), дыбысталған мәтіннің туындауы, 4) даярлықсыз ауызша мәтінді іске асыру. Бұлардың барлығы бір-бірінен жазба мәтіннің оқылуы мен дыбысталуы және просодикалық және грамматикалық құрлымымен ерекшеленеді. Біз жұмысымызда жоғарыдағы жіктеменің ішінен аудиторлық экспериментке бөгде біреудің жазба мәтінін оқу, бөгде біреудің жазба мәтінін мазмұндауды, даярлықсыз мәтінді дыбыстауды басшылыққа алдық.Түрлі функционалды стильдегі дыбысталған мәтіндерді салыстыра талдау даярлықсыз туындаған ауызша мәтіндерде сөйлеушінің өзіне тән табиғи түрдегі сөйлеу дағдысының анық көрінетіндігін көрсетті. Сондай-ақ, даярланған және даярлықсыз дыбысталған мәтіндердің әмбебап сипатына хезитациялық немесе грамматикалық емес кідірістердің орын алуын жатқызуға болады. Ол кідірістердің саны бірқатар жағдайларға, сөйлеу дағдысына, аудитория көлеміне, талқыланған сұрақтың күрделілігіне, сөйлесушілердің таныстық дәрежесіне байланысты. Мысалы, егер адамның сөйлеу дағдысы орташа болса, онда ол кідірістер көптеп орын алатындығы белгілі болды. Мұнда бір функционалды стиль шеңберінде түрлі фонетикалық стиль орын алады.Фонетикалық стиль толыққанды және толық емес (сөйлеу тілінде) болуы мүмкін. Толыққанды фонетикалық стильде болу керек тілдік бірліктердің барлығы орын алады және ол мұғалімдер, тәрбиешілердің сөйлеген сөзінде орын алады. Ал даярлықсыз сөйлеу немесе сөйлеу тілі стилінде толық емес фонетикалық стильді көруге болады. Мұнда сөйлеушілердің бір-біріне деген қарым-қатынасы, уақыты, жағдаяты барлығы ескеріледі.
Просодикалық тәсілдердің функционалды стильдердегі рөлін анықтауда функционалды стиль мәтіндері сөйлеу тілінің ең шағын бірлігі синтагмаларға мүшеленеді. Оның мүшеленуі интонациялық құралдар арқылы жүзеге асады: жүйелі байланыс тізбегіне, екпін, айтылу сазы, ырғақ, кідіріс, дауыс күші мен әуені, тональды интервал, қарқынның өзгеруі және сөз әуезділігі сияқты көріністер кешені арқасында орын табады. Функционалды стиль мәтіндерінің интонациялық құрылымын қосымшадан көруге болады (Қосымша А).
Жұмыста просодикалық тәсілдердің функционалды стильдердегі рөлін анықтауда функционалды стиль мәтіндерінің синтагмаларға сегменттелуін қарастырдық. Сөйтіп, функционалды стиль мәтінінің интонациялық ұйымдасуына мән берілді. Оны дәлелдеу аудиторлық талдау арқылы жүзеге асырылды. Тілдегі просодикалық құралдар сөйлеу бірліктерін жасауда ерекше орын алады. Оладың басқа синтаксистік құралдармен қосылғандағы қызметіне: біріншіден, коммуникативтік жағдаят дискурс көрінісін беретін өз бетінше дербес құрылымдық бірлікті қамтамасыз ету және екіншіден, оны құрылымдық бірлікті, бірізділік жүйемен мағыналық - интонациялық тұрғыдан алғанда фонологиялық фраза кейпіндегі бөлек сөз актілері мен ең кіші мағыналық - интонациялық сөйлеу бірліктері - фонологиялық синтагмалар сияқты функционалды мәтінділігімен айқындалатын сегменттерге мүшелеу жатады.
Функционалды стиль мәтіні өзінің ең кіші бөлшегі болып саналатын белгілі бір мазмұн мен логикалық ойды білдіретін микро тақырыбы бар күрделі фразалық тұтастықтарға және смантика-синтаксистік аяқталғандығымен ерекшеленетін мағыналық топтар - сөйлеу тілінің ең шағын бірлігі синтагмаларға мүшеленеді. Мәтіннің семантикалық мүшеленуі интонациялық құралдар арқылы жүзеге асады. Қолданыстағы мәтін - дискурс оның тірек бірліктерінің қимылға түсуі, айтылу сазы, екпін, ырғақ, кідіріс, дауыс күші, әуен, қарқынның өзгеруі мен сөз әуезділігі, үдемелілік сияқты көріністер кешені арқылы орын табады.
Сөйлеу коммуникативтік қатынаста біреуге бағытталады. Ақпарат алмасу формасы ауызша. Қарым-қатынасқа түсушілердің санына қарай монолог пен диалог қолданылады. Жазбаша да, ауызша да сөйлеу тілінің негізінде әдеби тіл жатыр. Әрбір әлеуметтік саладағы жағдаяттағы әрекетте қарым-қатынас үшін сөйлеу ережесі, сөйлеу нормасы, функционалды стильдің түрі қажет. Ол стильдердің әр қайсысының өзіндік табиғаты бар. Сонымен интонациялық құрылым функционалды стиль мәтіндерінің мәнін түсіндірудің басты тәсілі, онда әр стильдің интонациялық құрылымын табиғатын ескерген маңызды.
Енді ғылыми стильдің табиағытын аша отырып, ғылыми стиль мәтіндеріне жасалған аудиторлық талдауға тоқталамыз. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz