Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Жоспар
I Кіріспе
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
II Негізгі бөлім
Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдеріндегі біріккен сөздердің қолданылу сипаты
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады.
Абай - дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес. Абай - сол әдеби тілдің даму жолындағы жаңа дәуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің іргетасын қалаушы адам.
Абай тілін сөз еткенде, негізгі тұжырым - Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида. 7 Бұл қағиданы белгілегендер - М. Әуезов, Қ.Жұмалиев, С. Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов т.б. сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев тәрізді тіл мамандары. Проф. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілі атты монографиясынан1 басқа Абай шығармаларының тіліне арналған жеке көлемді еңбек жоқ болғанмен, жоғарғы аталған ғалымдар әр кезеңде, әр тұста Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған рөлі мен алған орны туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың кейбіреулері жеке мақалалар арнап2 , енді біреулері ұлы ақынның әдеби творчествосы туралы жазған үлкен монографияларының немесе басқа да еңбектерінің ішінде3 Абай қолданған жеке сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және грамматика саласындағы бірқатар ерекшеліктерін жүйелі түрде болмаса да, аз-аздап талдап көрсетіп келді.
Абай шығармаларының текстологиясы туралы жазылған Қ. Мұхаметхановтың еңбегі5 мен осы тақырыпты сөз еткен Ы.Дүйсенбаев пен З.Ахметовтің, Т.Әбдірахмановтың, Қ.Өмірәлиевтің, М. Сәрсекеевтің т.б. жеке мақалалары қаламгер тілін танып-білуде айтарлықтай үлес қосқанын білдіреміз
Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида.
Жаңа сөз жасаудың синтаксистік тәсілінің бірі - түбірлерді біріктіруді Абай актив қолданбаса да, бұрыннан әдеби тіл мен ауызекі тілде бар біріккен тұлғаларды еркін пайдаланған. Абай қолданған ақсақал, ақшомшы, жаманат (осы күні бұл сөз бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылып жүр, бірақ табиғаты - біріккен сөз), баспана, бозбала, бойкүйез, желбуаз, жаздыгүн, жарымес, желқабыз, көкжиек, көкөрай, күншығыс, қалжыңбас, қылжақбас сияқты сөздер - ертеден бірігіп, лексикалық бір мағына иесіне айналғандар. Абай мүмкін қолөнер тәрізді бірер сөз болмаса (ол да жорамал), өздігінен жаңа біріккен сөздер жасамаған. Тегі, жалғыз, Абай емес, жалпы сол тұстағы қазақ әдеби тілінде бұл тәсіл актив қолданылмаған. Атқамінер, елубасы, онбасы, атшабар сияқты бес-он образды атау о баста жалпы халықтың сөйлеу тілінде пайда болған, әдеби тілге сөйлеу тәжірибесінен енген. Екі түбірді біріктіріп, жаңа мағыналы сөз жасау тенденциясы үстіміздегі ғасырдын 20-40-жылдарында активтенгені мәлім.
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Абай тілінің сөздігі
Белгі бір ақын жазушының шығармаларынның тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды.
Әрбір ұлы жазушы өз заманының куәсі айнасы. Олар өздері өмір сүрген дәуірінің саяси - әлеуметтік және қоғамдық өміріне қалай болса солай, немғұрайлы қарап отыра алмайды. Жақсысына сүйініп, жаманшылығы мен кемістігіне күйініп, өзінің әділ сын - бағасын айтып отырады. Ұлы ақын - жазушылар әртүрлі көркем образдар арқылы бүкіл бір заманның тарихи картинасын суреттеп, кійінгі ұрпақтың өмір - бақи есінен кетпейтін етіп көз алдына елестетеді. Олардың қалдырып кеткен асыл мұралары ешқашан ескірмейді, тозбайды, әрі мұқалмайды да. Қайта жаңа заман идеясымен әрқашан жаңғыртып, құндылығы мен бағасы бұрынғыдан да арта береді. Дәл осындай үзгі қасиет Пушкин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына тән нәрсе. Орыстың ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А. С. Пушкин қандай зор қызмет атқарған болса қазақтың жаңа классикалық жазба әдеби тілінің ірге тасын қалауда кеменгер Абай да сондай ұлы еңбек сіңірді. Орыс халқы өзінің сүйікті перзенті данышпан ақыны А.С. Пушкин шығармаларының төрт томдық сөздігін жасап жарыққа шығарған болатын. Бұл сөздік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихы жөнінде, әсіресе оның тарихи лексикасының өткені бойынша рухани құрал деп есептеледі. Біз де өнегелі орыс халқының ізгі бастамасынан тәжірибе алып, оқып үйрене отырып, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының сөздігін жасауға бір топ ғалымдар кіріскен еді.
қорытындыға
Қазақ лексигогрфиясы соңғы жарты ғасыр ішіңде тек сан жағынан ғана көбейіп өсіп қойған жоқ, сөздікдің түр түрі де молайды. Қырқыншы елуінші жылдары шыққан сөздіктер мен соңғы жылдары жарық көрген сөздіктер тек көлем жағынан ғана емес, сапасы жағынан да ана ғұрлым ілгеріледі.
Өңделіп қайыра шығып жатқан терминологиялық, орфографиялық түсіндірме синоним сөздіктерінің қай қайсысы болса да соңғы басылымдары алғашқыларынан көшілгері екендігі ешқандай күмән келтірмесе керек. Совет тіл мамандары лексикология мен лекскография теориясын, стилистика мен грамматиканы, сөз тудыру тәсілдерін тынбастан зерттеп, осы ғылымдарды үнемі жетілдірумен келеді. Сөйтіп біз бұл жолдауларымызда зертеуімізде Абай лексикасында ұшырасатын күллі архаизмдерді түгендеп шығуды мақсат етпей, ұлы қаламгердің тіл қазынасының бір бұлағы ретінде көнерген сөздерді де өз өлеңдерінде пайдаланғанын көрсетеміз.
қазақ тілінде ол зандылық күрделі сөздердің бір түрі біріккен және кіріккен сөздерге ғана қатысты. Солай болса да, индоевропа тілдерінде де, қазақ тілінде де бұл мәселеде алалық күшті. Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер емлесі қалыптаспай, сөздіктердің өзінде бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүр және қаншама сөздер бөлек жазылып, біріккен сөз деп танылмай жүргенін Б.Қалиев анық көрсеткен. Ол орфографиялық сөздікте 360 қана біріккен сөз беріліп, әлі де 950 біріккен сөздің оған ілікпей калғанын дәледдеген .
Ғалым М.Балақаев біріккен сөздің жазылуындағы алалыкган қүтылу үшін, бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген сөздердін бөрін бірге жазуды үсынады .
Біріккен сөздер де басқа күрделі сөздер сиякгы жай сөз тіркестерінен бастау алған, сондықтан оның кұрамындағы сыңарлары сез тіркестерінің құрамындағы сыңарлармен ыңғайлас келеді. Сондыктан біріккен сөз бен тіркесті күрделі сөз және жай сөз тіркестерінде ұксастық өте көп, бұл осы мәселелерді ажыратуда үлкен қиындык туғызады.
Қазіргі сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөз құрамында барын оны зерттеген Г.Жаркешева дәлелдеген.
Қосымшасыз екі түбір сөздің біртұтас мағынаға көшу үлгісімен жасалған біріккен сөздер тілімізде өте көп: абжылан, абырой, адамата, адамзат, адыраспан, айбалта, айдала, айбақ, айнакөз, айылбас, айырбас, асқабақ, асқазан, атауыз, атқонақ, атқосшы, атқұйрық, атқұлақ, аюқұлақ, бақабас, балақыз, балауыз, балбөбек, балықкөз, басалка, баспана, баспасөз, бәйшешек, бұзаубас, бұаутас, гүлсерік, дәуқабақ т.б.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге байланысты терминдердің алғашқы нұсқалары мен дереккөздері А.Байтұрсынұлының "Тіл -құрал" оқулығының Орынборда 1914 және 1925 жылдарда басылған нұсқаларында берілген.
автор қос сөздердің жазылу емлесіне тоқтап, жалпылағыш қос сөздердің арасы кішкене сызықшамен айырылып жазылады (аяқ-табақ, киім-кешек, ер-тұрман т.б.) жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айрылып та, айрылмай да жазылады.
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен екеуі бірдей жуан я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айрылмай тұтас жазылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, айбалта, Алтынбай, Тасболат, Баймырза).
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен бірі жуан ,бірі жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айырылып жазылады (жел-бай, төсек-ағаш, жүк-аяқ, Тілеу-бай, Ес-құл, Төре-тай, жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара, Жіті-қара) [1: 183].
Бұл айтылған пікірлерге қарағанда, А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі сөз тұлғаларының бірі ретінде қос сөздердің аталуын (терминін) жасалуын, жазылу емлесін негізінен дәл басып көрсеткен. Сонымен бірге келтірілген мысалдарға қарағанда автор қос сөздердің тек есімдерден болатын түрлерін көрсеткенін және біріккен сөздерді қос сөздер деп танып, оларды жалқылағыш қос сөздерге жатқызғанын көреміз.
Проф. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі сөз тұлғасының түрін алты "арысқа" бөліп қарайды: 1) түбір сөз, 2) қосымшалы сөз, 3) кіріккен сөз, 4) қиюлы сөз, 5) қосар сөз, 6) қосалқылы сөз [2: 151]. Осы аталған сөз тұлғаларының үшеуі (кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз) күрделі сөздерге тікелей қатысты.
Автор кіріккен түбірлерге "өлі түбірлі не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшең түбірлерден құралған" сөздерді жатқызады. Мысалы: ашудас -ашу+тас, күндіз -күн+ дүз (жүз, бет),аяз -ай+юз, белбау-бел+бау, қаралат - қар +ала +ат. Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз" дейді [2: 155-156]. Бұдан ары автор кіріккен сөздерді көне және жаңа деп екіге бөледі. Ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі деп қарайды. Мысалы :қаралат, аяз. Ал жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын кіріккен сөздердің жаңасы деп қарайды. Бұған қолғап, күнбағыс, айғабақ, белуар сияқты сөздерді жатқызады. Автор бұл сияқты кіріккен сөздерді тұтас күйінде тұрып, жалғасып кіріккендіктен жалғаулы кіріккен сөздер деп атайды
Қазақ ғалымдарының ішінде қазақ тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеген - Г.Н.Жәркешова. Ол 1949 ж. осы тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады, оннан аса мақала жариялады."Халық мұғалімі" журналының 1951 жылғы 8 нөмірінде жарияланған мақаласында біріккен сөздердің бірнеше тұлғалық белгілері бар екенін көрсеткен.
1960 ж. ол "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігің" шығарды. Автор еңбегінің кіріспесінде түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біріккен сөздер мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігін, ертеректегі Мелиоранский, Будагов, Катанов, Казамбек сияқты ғалымдардың еңбектерінде біріккен сөздер жайындағы мәліметтер өте тапшы екендігін, кейінгі түркітанушылардан А.Н.Кононовтың "Грамматика турецкого языка" (М., Л., 1941 ж. ) еңбегінде түрік тіліндегі бірнеше біріккен сөздің этимологиясын ашқандығын, А.Боровков пен Э.В.Севортяннің біріккен сөздерді түркі тілдеріндегі сөзжасам амалы деп қарап, бұл мәселенің әлі зерттелмегенін, жалпы алғанда, біріккен сөздер жайында сүйенерлік күрделі зерттеулер жоқтығын айтады [4: 3-4].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер (біріккен, кіріккен сөздер, қос сөздер т.б. туралы пікірлер, тұжырымдар қазақ тілінің жоғары оқу орындарына арналған грамматикаларында берілген.
1954 ж. шыққан "Қазіргі қазақ тілі" атты тұңғыш ғылыми грамматикада морфологияның жалпы бөлімін жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасына қарай бес түрге бөледі: 1) түбір сөздер, 2) туынды сөздер, 3) біріккен сөздер, 4) қос сөздер, 5) қысқарған сөздер [5: 190]. Бұл бөлудегі соңғы үш түрге автор күрделі сөздер деген терминді қолданбаған, тек "бірікпеген күрделі сөз" деген ұғымды ғана қолданған [5: 194].
Автор екі сөзді біріктіріп айту сөзден сөз тудырудың бір амалы ретінде арғы заманнан келе жатқан, әбден орныққан жол екені, олардың көпшілігінің төркінін қазіргі кезде ажырату қиынға соғатынын (абжылан, тілмар, шалап, мұрып ... ), бірнеше сөзден бірігіп жасалған жаңа сөздердің қазіргі әдеби тілде молаюда екенін (шекара, демалыс,еңбеккүн) біріккен сөздердің құрамындағы кейбір морфемалар жұрнақ категориясына ауысқандығын (жар-нама, баян-дама, дәлел-деме) атап көрсеткен [5: 192-193].
А.Ысқақов біріккен, кіріккен сөздер мен қос сөздерді бұлардан бөліп, жеке талдаған.Біріккен сөздердің жоғарыда айтылғандай фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар негізінде сөз тіркестерінің белгілі заңдылықтарына лайық жасалатынына, олардың не сабақтаса, не салаласа құралатынына тоқтаған. Біріккен сөздердің мағыналық жағын талдауға көбірек көңіл бөлген. Бірқатар біріккен сөздің мағынасы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына сай келмейтіні (білезік, қарлығаш, биыл,ендігәрі), бірқатарының мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына жуық болатын (жаздыгүні, қыстыгүні, құсбегі, атбегі), біріккен сөздердің бірсыпырасының құрамындағы компоненттері әуелгі мағыналарын жоғалтып, жаңа бір мағынаны білдіретіні (белбеу, бәйшешек, отағасы, тоқсан, өйткені) көрсетілген [5: 108-109 ].
А.Ысқақов кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыс жүйесіндегі әрқилы заңдылықтарына байланысты болғандықтан, олардың күрделі сөздердің басқа түрлерінен ерекшелеп, өз алдына категория деп таниды, бірақ біріккен сөздер сияқты кіріккен сөздердің жасалуына тіл практикасындағы семантикалық заң таяныш болады деп есептейді [5: 110-111 ].
Проф. К. Аханов күрделі сөздің мынадай басты белгілерін көрсетеді: 1.Күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздің) бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады. 2.Күрделі сөз жасайтын сыңарлар семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді. 3. Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы берік сақталады, оның сыңарларының арасына басқа бір сөз кіргізуге және олардың орнын ауыстыруға болмайды. 4. Күрделі сөз сыңарлары тұтас бір ауа түйдегімен үзіліссіз айтылып, бір ғана дауыс екпінге ие болады [6: 49-97 ].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздерді және оларды мектепте оқыту мәселесін Ж.Шәкенов [7:32] күрделі сөздердің грамматикалық, семантикалық сипатымен бірге, олардың фразеологиялық тұлғалармен арақатынасына ерекше назар аударған. Оның пікірінше, күрделі сөздердің фразеологизмдерден айырмасы мынадай: күрделі сөздердің құрылымы екі, үш (сирек) сөзден аспаса, фразеологиялық тұлғалар көп компонентті болып келеді; күрделі сөздердің заттық, сапалық ұғымды білдіретін түрлерінің бастапқы компоненті көбінесе атау тұлғада тұрса, фразеологизмдерде әралуан тұлғада келеді; күрделі сөздер атау мағынада қолданылса, фразеологизмдер бейнелі мағынада жұмсалады; күрделі сөздер белгілі бір сөз табының құрамына кірсе, фразеологизмдер белгілі сөз табына жатпайды.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздердің жеке сөз таптарындағы түрлері жайындағы зерттеулердің негізгілері күрделі етістік пен күрделі зат есімдер байланысты.
Күрделі етістік жайын зерделеп, оның өзіндік ерекшелігін, қалыптасу заңдылықтарын ашу, оларды ұқсас аналитикалық формалардан ажыратып қарау проф. Н.Оралбаеваның еңбектерінен басталады. Ол осы мәселелерге байланысты "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары (1975 ж.) [8 ] ."Күрделі етістік. Құранды етістік", "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" (1989 ж.) [9 ] т. б. еңбектер жарияланды.
Автор түркітануда күрделі етістік деген термин соңғы кезге дейін кең мағынада қолданылып, зерттеушілер оларды құранды етістіктер, күрделі етістіктер, аналитикалық етістіктер деп әр түрде атап, оған сырттай ұқсастығы бар аналитикалық формалы етістіктерді де.фразалық тіркестерді де, құранды етістіктерді де жатқызып келгенін айтады [9: 290-291 ].
Қазақ тілінде біріккен сөздердің зерттелуі
Біріккен сөз дегеніміз екі немесе одан көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз.
Біріккен сөздер құрылымы жағынан сөз тіркесі сияқты болып та келеді. Біріккен сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады:
Екі сөз бірігіп, ортақ мағынаға ие болады. Мәселен, басқұр, алтыбақан, ақбоз, ақиық т.б.
Әр компонент бір екпінмен айтылып, екі сөздің бірігуінен жасалады, нәтижесінде сөз құрамы фонетикалық өзгеріске түседі. Мысалы, ала+өкпе - алаөкпе, жан+бас - жамбас, күздің+күні - күздігүні, ала+ауыз - алауыз т.б.
Кей біріккен сөздер бастапқы формасын жоғалтып, тарихи даму барысында танымастай өзгерген: әкел- алып+кел, бүгін - бұл+күн, ағайын - аға+ +іні, білезік- білек+жүзік т.б.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Салалас тіркескен Біріккен сөздер (компоненттері тең дәрежеде): біртұтас, желмая, қолхат, жолсерік, өнеркәсіп, ақсары, т.б.);
Сабақтаса тіркескен Біріккен сөздер (компоненттерінің арасында басыңқы, бағыныңқы қатынас, көбінесе, анықтауыштың не толықтауыштың қатынасы болады): алабұға,қолөнер, жиһанкез, қоғамтану, алжапқы, жанашыр, т.б.
Қазақ тілінде біріккен сөздер екі түрлі болады. Бірі - құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталып отырады.
Мысалы: Түйеқұс (түйе+құс), бұзаубас (бұзау+бас), баспасөз (баспа+сөз), өнеркәсіп (өнер+кәсіп) т.б.
Екіншісі құрамына енген түбірлердің тұлғалары сақталмай, дыбыстық өзгеріске ұшырайды.
Мысалы: биыл (бұл және жыл, бірінші сөздегі л дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы ж дыысы й-ға айналған), жаздыгүні (жаздың және күні, бірінші сөздегі соңғы ң дыбысы түсіп қалған, екінші сөздің басындағы к дыбысы ілгеріндегі ықпал заңы бойынша г-ге айналған), түрегелді (бұл сөздегі тұра мен келді, бірінші сөздегі дауысты дыбыстар келді деген екінші сөздің әсерінен жіңішкеріп ұ - ү -ге, а -е -ге айналған, екінші сөздің басындағы к дыбысы г дыбысна айналған). Бұлар қазақ тіліндегі ережеге сай ғылыми тілде кіріккен сөздер деп аталады.
Біріккен сөздер мағнасына қарай әртүрлі атауларға бөлінеді:
Жан-жануарлар, өсімдік, аң-құс, жәндік атаулары: алабота, итмұрын, саңырауқұлақ, байтерек, бәйшешек, алабота, қарақұрт, қосаяқ, тасбақа, текесақал, көкқұтан, жолбарыс, ителгі т.б.
Географиялық атаулар (жер-су, өзен-көлдер, планета, астрономиялық атаулар): Көкшетау, Қызылорда, Ақтау, Ақмола, Сарыағаш, Сырдария, Көксу, Барсакелмес, Марқакөл жетіқарақшы, темірқазық т.б.
Кісі (адам) аттары: Асанәлі, Ертарғын, Ақсүйрік, Ақтамберді, Аспанбек, Алтыншаш т.б.
Анатомиялық атаулар (дене мүшелері): асқазан, кәріжілік, тоқішек, сегізкөз, мойыномыртқа, т.б.
Ауру атаулары: көкжөтел, алаөкпе, қылтамақ, қарасан т.б.
Өлең-жыр, ән-күй атаулары: Кісенашқан, Сегізаяқ, Саржайлау, Сарыарқа т.б.
Тұрмыстық өмірге қатысты, күнделікті қолданыстағы әлеуметтік атаулар: баспасөз, қолбасшы, шекара, қолхат, отағасы, ақсақал т.б.
Мезгілге қатысты атаулар: биыл, бүгін, жазғытұрым, әнеугүні, қыстыгүні т.б.
Болымсыздық, белгісіздік мәндегі атаулар: ешкім, ештеңе, ешқайсысы, әлдекім, әлдебіреу, әлдеқашан, ешқашан, қайсыбір т.б.
Біріккен сөздердің емлесі
Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы, түйеқұс, шекара, Жаңаөзен, жанталас, әркім т.б.
Кіріккен сөздер деп сыңарлары түрлі дыбыстық өзгеріске ұшырап, бір-бірімен дыбыстық жағынан үндесіп ықшамдалып, бір тұтас лексикалық мағна беретін сөздерді атайды. Кіріккен сөздер түбір тұлғасының өзгеріске ұшырағанына орай өзгерген түрінде жазылады.
Мысалы, ашудас (ашутас немесе ащытас емес) , ендігәрі (ендігіденәрі деуге болмайды), сөйтіп (солай етіп емес), бүгін (бұл күн емес), қонағасы (қонақ асы емес). Т.б.
Еш, бір, әр, әлде, кей деген сөздер есімдіктермен бірігіп жазылады да, зат есімдердің анықтауышы ретінде жұмсалғанда олардан бөлек жазылады. Мысалы, еш адам, еш жерде, әр бала, кей оқушы, бір ортада т.б.
Біріккен және кіріккен сөздердің мән-жайын айқындау арқылы оларды дұрыс жазып таңбалаудың ғылыми негіздерін аңғарамыз.
1963 жылы шыққан Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде біріккен сөздер бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылады. Біріккен сөздердің жазылу емлесіне сай келмейтін кей тұстары бар екенін байқаймыз. Сөздікте алжапқыш, бесжылдық, ақсүйек, қайынаға, біртектес т.б. сөздер бірігіп жазылады да, осылардан айырмашылығы жоқ төсек жапқыш, қайын ата, он күндік, қос басшы т.б. сөздер біріктірілмей, бөлек жазылады.
Орфографиялық сөздікте біріктіріліп жазылған біріккен сөздер 360 екен де, бөлек жазылып, бөлек сөз тіркесі ретінде жазылған сөздердің ұзын-саны 950 сөз екен.
Сөздердің б і р г е және б ө л е к жазылу ережелері барысында да
бірсыпыра түсініктер беруге болады, себебі бұл - жазу тәжірибесінде
көп қиындық тудырып келе жатқан жайт. Сондықтан қазақ орфографиясы
ережелерінің соңғы редакциясында жүргізілген толықтыру, айқындаулар
осы салада көбірек орын алды. "Біріккен сөздердің компоненттері қосылып
жазылады және олардың дыбыстық жағынан өзгеріп кірігіп кеткен түрлері
сол өзгерген қалпында, ал көпшілігі түбір тұлғаларын сақтап жазылады"
деген мазмұндағы ережелер бұрыннан да бар әрі даусыз болатын. Жазуда
қиындық туғызып келе жатқан жайт ереженің өзі емес, сол ережеге
бағынатын біріккен сөз категориясын ажыратуда болып келе жатыр.
Соңғы кездердегі жазу дәстүріміз көрсетіп отырғанындай, ғылым мен
техникаға, қоғамның әлеуметтік-саяси өміріне, мәдениетке, спортқа т.б.
салаларға қатысты терминдік мәнде жұмсалатын күрделі атаулар бір сөз
ретінде танылып кетті. Мысалы, 1978 жылға дейінгі орфографиялық
сөздіктерде келіс сөз, қонақ асы, жанар май түрінде бөлек жазылып берілген
сөздер күнделікті баспасөзде, кейбір оқулықтар мен жеке кітаптарда
біріктіріліп жазылып жүрді. Екі түбірден құралып, терминдік сипат алған
сөздерді біріктіріп жазу ережесі мен тәжірибесі бұрыннан бар (өнеркәсіп,
кәсіподақ, баспасөз, бесжылдық т.б.).
Соңғы редакцияда бұрынғы: "Ғылымның әр алуан саласындағы
терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулар және басқа сөздер де
бастапқы тұлғалары сақталып, дағды бойынша бірге жазылады" деген
параграф сараланып, толықтырылды, атап айтқанда: "1) ғылым мен техника
салаларында терминге айналған күрделі атаулар; 2) екі түбірден құралған
аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары; 3) шаруашылық,
тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық,
әр алуан ұғым атаулары мен мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары; 4)
екінші сыңары аралық, тану сияқты сөздер және алғашқы сыңары авиа,
авто, изо, ультра... тәрізді сөздер болып келген күрделі тұлғалар біріктіріліп
жазылады" деп айқындалды және олар жеке баптарға ажыратылды.
Бұл күнде ғылымның сан алуан саласы қазақ тілінде сөйлеп отыр.
Мектептер мен жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан бастап,
ғылыми еңбектерде, ғылыми-көпшілік қолды әдебиет пен баспасөз
беттерінде жүздеген күрделі терминдер мен тіркестер қолданылады.
Олардың дені интернационалдық сөздер болса, енді бірқатары қазақ тілі
мүмкіндігімен жасалған атаулар болып келеді. Солардың ішінде екі түбірді
біріктіріп, жаңа ұғым атауын білдіру де кең орын алатыны мәлім. Бұл күнде
көзіміз үйреніп, қолымыз дағдыланып қалған баспасөз, өнеркәсіп,
бесжылдық дегендермен қатар, термин мәніндегі қонақасы (ресми, яғни
үкімет қонақтарына берілетін), келіссөз (үкіметтер, мемлекеттік ұйымдар
арасында жүргізілетін), жарыссөз (жиналыстарда айтылатын), тілхат,
қолхат тәрізді сөздерді қосып жазу қажеттігі сезіледі.
Сондай-ақ биология, зоология терминдері болып саналатын өсімдік, аңқұс, жан-жануар, құрт-құмырсқа атаулары және солардың құрылысына,
организміне (ағзасына) қатысты бөлшек не тұтастық атаулары екі түбір
арқылы білдірілсе, оларды біріккен сөз ретінде тану қажеттігі даусыз.
Мысалы, гүлтабан, тозаңқап, бұршаққын, сүтқоректілер деген сөздер -
өсімдіктер мен жан-жануарлардың өздерінің атаулары емес, олардың
бөлшектері немесе топтарының терминдік аттары.
Өсімдіктер дүниесі мен жан-жануарлар әлемінде ақ, қара, сары, боз,
теңбіл сияқты сын есімдермен келген бір ғана өсімдік түрінің немесе бір
ғана аң-құстың, жәндіктің т.б. атаулары жиі кездеседі. Бұлардың қосылып не
бірге жазылуында да қиындықтар ұшырасып жүр. Олардың бірге де, бөлек
те жазылатын реттері (заңдылықтары) бар. Әдетте түсті, қасиетті білдіретін
сөздердің жеке өзі белгілі бір аңның, өсімдіктің, жәндіктің, құстың тұқымын
айырып көрсету үшін қолданылса, олар бөлек жазылады. Мысалы, ақ аю,
қара аю, қоңыр аю дегендердегі аңның аты - аю, оның алдындағы сын
есімдер аюдың тұқымдарын (түрлерін) айырып айтады, сондықтан бөлек
жазылады. Ал кейбір атауларда түсті, қасиетті білдіретін сын есімдер
немесе солармен тіркесетін негізгі сөздер өздерінің лексикалық негізгі
мағынасынан айырылып, екеуі бірігіп, бір ғана аңның, құстың, өсімдіктің
т.б. жалпы атауын білдіреді. Мысалы, ақбауыр (құс), аққайран (балық),
ақсары (құс) дегендердегі ақ сын есімі өз тіркескен сөзімен бірге жазылады,
өйткені бұл жердегі балық, құстардың атаулары бауыр, қайран, сары емес,
бұл сөздер ақ сөзімен қосылып барып қана жалпы атау болып тұр, демек,
мұндағы ақ сөзі де тек қана түсті білдіріп, айырымдық қызмет атқарып
тұрған жоқ, сондықтан бұлар бірге жазылады. Әрине, кез келген сәтте
бұларды бірден ажыратып тану оңай емес. Әр алуан кітаптарда, сөздіктерде,
энциклопедияларда мұндай күрделі атаулардың жазылуында бірізділік
болмай келеді. Бұлардың орфограммасын (таңбалануын) мүмкіндігінше
реттеу - емле сөздіктерінің міндеті, бірақ мұнда да едәуір қиындықтар
болатынын мойындаймыз.
Тек ғылым салалары емес, техника, шаруашылық, қоғам өмірі,
мәдениет, күнделікті тұрмыс, өнер, спорт сияқты салаларға да қатысты
терминдік мәнге ие болған сөздер аз емес. Мысалы, бір ғана спортта,
бессайыс, онсайыс, жанкүйер, тоғызқұмалақ тәрізді күрделі сөздер термин
есебінде қалыптасты. Сондай-ақ өнер-білімге қатысты қылқалам, күйтабақ,
сөзжұмбақ, сөзтізбе, төлтума, жолжазба сияқты атаулар да жиі
қолданылып, бір сөз ретінде танылып жүр. Жолсерік (проводник), жағажай
(пляж), ақжайма (простыня), балабақша (детский сад), гүлтәж (венок),
саяжай (дача), майбалшық (раствор сияқты сөздер белгілі бір ғылым мен
техника саласының терминдері болмағанымен, бір ғана атау ретінде
қолданылып, біріктіріліп жазылып жүргені аян. Әсіресе екі түбірден
жасалған мамандық кәсіп, қызмет, белгілі бір бағыт иелері атауларын бір сөз
деп тануға бет алып барамыз: теміржолшы, қызылізшілер, ізашар т.т. Міне,
тілдегі осы бағыт жазуда да өз әсерін тигізіп отыр: бір сөз ретінде
танылғаннан кейін мұндай атауларды біріктіріп жазу дәстүрі орныға
бастады.
Осы жерде соңғы емле ережелерінің к і с і а т т а р ы н ы ң жазылуына
енгізілген өзгерістер мен түзетулерге назар аудару қажет. Мұнда "екінші
компоненті қ, к дыбыстарынан басталатын біріккен сөзден болған кісі
аттары естілуінше жазылады" деген ескерту айтылды. Мысалы: Қоскелді,
Амангелді, Төрегелді, Күсепқали, Аманғали, Құтқожа, Телғожа, Көккөз,
Қарагөз, Аққыз, Айғыз.
Жалпы кісі аттарының жазылуына байланысты және мынаны айту
қажет: қазақтың төл сөздерінен жасалғандары болсын, араб, парсы
сөздерідерінен қойылғандары болсын, кісі аттарына қатысты жалқы
есімдерде едәуір ерікіндік бары байқалады. Бір сөздің өзі әр түрлі болып
қойыла береді. Мысалы: Шекер - Секер (хан), Әлия - Ғалия - Қалия, Зәуре -
Зура - Зухра, Гүлбаршын - Гүлбараш, Нәзікен - Назықан, Роза - Рауза,
Фарида - Фариза, Болат - Полат, Жүсіп - Нүсіп - Дүсіп - Түсіп - Жұсып,
Асанғали - Асанәли - Асанәлі, Құрбан - Құрман, Мұхамбет - Мұхамет (қали)
- Махамбет - (Айт)мағамбет - (Айт) мұхамбет т.т. Бұл варианттардың
көпшілігі өзге тілдік есімдерді әр жерде әр түрлі қабылдауға (Шекер -
Секер, Фариза - Фарида), оларды қазақ тілінің дыбыс заңдылықтарына
түрліше бағындыруға (Мұхаммед есімінің қазақша сан түрлі болып қойылуы
бұған дәлел), жуан-жіңішке айтуға (Нәзім - Назым, Айтым - Әйтім) тағы
осы сияқты себептерге байланысты болып келеді. Бұл жарыспалы
қатарлардың тек біреуінің қолданылуын (демек, жазылуын) талап етіп,
қалғандарына тыйым салу мүмкін емес. Бұл - тек жалқы есімдерге тән
құбылыс. Сондықтан қазақша кісі аттары баласына ат қойған ата-анасының
қалауына немесе сөздің сол өлкеге, сол отбасына тән болып калыптасып,
дағдылануына байланысты қалай айтылса, солай жазылғаны дұрыс. Бірақ
бұл еркіндікті тілдің дыбыстық заңдылықтарына қайшы етіп пайдалануға
болмайды. Мысалы, қазақтың төл сөздері мен араб, парсы тілдерінен енген
сөздер еш уақытта екі дауыссыз дыбыстан басталмайды. Ол екі дауыссыз
дыбыстың не алдында (сөз басында), не ортасында ы, і дауыстыларының
бірі қатысып айтылады. Бұл фонетикалық заңдылыққа жалпы есімдер де,
жалқы есімдер де (соның ішінде кісі аттары да) бағынады. Сондықтан соңғы
жылдары кітап, газет-журнал беттерінде орын теуіп бара жатқан Рза,
Сматай, Сланов, Рсалды, Смайыл, Сқақ сияқты жазулар мүлде қате. Бұл
есімдер қазақша жазғанда Ырза (немесе Риза), Сыматай, Сылан(ов),
Ырысалды (немесе Ырсалды), Ысмайыл (немесе Сымайыл), Ысқақ түрінде
таңбалануы керек.
ҚазССР ҒА- ның корр. Мүшесі М. Балақаевтің Социалистік Қазақстан газетінде жариялаған Біріккен сөздерді қалай жазуымыз керек? деген мақаласында Біріккен сөздердің бірде бөлек, бірде бірге жазылуын барлық сөздерді біріктіріп жазсақ қана құтыламыз деген пікір білдірген болатын.
Сөздерді біріктіріп жазудың мақсаты - тілдік санада, тілдік тәжірибеде барды банды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz