Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Филололгия және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы
пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдеріндегі біріккен сөздердің қолданылу сипаты
Мамандық шифры:
Оқу бөлімі:
В016
Күндізгі
Орындаған: _____________Тұрсынбай Сымбат
Тексерген: ____________Жукенова Сұлушаш
Бағасы: ______________
Көкшетау, 2020
Жоспар
I Кіріспе
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
II Негізгі бөлім
Абайдың әлеуметтік тақырыптағы өлеңдеріндегі біріккен сөздердің қолданылу сипаты
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Тіл әлем халықтарының, күллі адамзат баласының сөйлесу құралы, өркениет пен мәдениеттің, жалпы қарым-қатынастың ең басты факторы екені анық. Тіл ұлттар мен ұлысқа, географиялық жағдайлар мен тарихи жағдаяттарға байланысты ұлғайып өсіп, немесе керісінші кеміп, жойылып жатады. Түркі тілдер тобындағы, Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы айтқандай Қазақ тілі араб тілінен кейінгі ең бай тіл. Түркі тілдерінің түп қазығы екені де рас. Яғни қазақ тілі бай, аясы кең, көркемдігі ерекше тіл. Әрине бірнеше ғасырлардағы тарихи жағдайларға байланысты кірме сөздер мен жаңа сөздердің тілдік қорымызды көбейтіп, немесе керісінше төл сөздеріміздің орнын ауыстырып отырғаны да баршаға мәлім. Деседе еліміз тәуелсіздік алғалы бері ана тіліміздің аясы кеңіп, халі түзеліп келеді. Яғни тіл білімінің, ұлт тілінің өзіндік ерекшеліктері мен құрылымына толық талдау жасауға, зерделеп зеріттеуге ешқандай да кедергі жоқ.
Қазақ тілі кейбір өзге тілдер сияқты өзіндік ерекшеліктерге ие. Сөздердің шығу тарихында, мағынаға ие болуында, сөйлемдегі, тіпті мәтіндегі мағынасына қарай түлеп, түрленіп, кейде күрделеніп отырады. Әдеби тілдің ауқымының кеңдігіне байланысты да сөз бен сөздің қосылып, тіпті қайталанып, дыбыстық өзгерітерге ұсышай отырып күрделеніп жаңа мағыналарға ие болатыны тілдің өмір сүруіндегі заңдылық деуге әбден болады. Қазақ тілінде ондай зандылық күрделі сөздердің бір түрі біріккен және кіріккен сөздерге қатысты дей аламыз.
Қазақ тіл білімінде күрделі сөздерге байланысты терминдердің алғашқы нұсқалары мен дереккөздері А.Байтұрсынұлының "Тіл -құрал" оқулығының Орынборда 1914 және 1925 жылдарда басылған нұсқаларында берілген. Автор қос сөздердің жазылу емлесіне тоқтап, жалпылағыш қос сөздердің арасы кішкене сызықшамен айырылып жазылады мәселен, (аяқ-табақ, киім-кешек, ер-тұрман т.б.) жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен айрылып та, айрылмай да жазылады. Қос сөзде екі сөз бірыңғай болса, мәселен екеуі бірдей жуан я жіңішке айтылатын болса, онда екеуі айрылмай тұтас жазылады (басқұр, қолқап, Балжан, желкесер, айбалта, Алтынбай, Тасболат, Баймырза).
Қос сөзде екі сөз бірыңғай болмаса, мәселен бірі жуан ,бірі жіңішке сөз болып келсе, онда аралары сызықшамен айырылып жазылады (жел-бай, төсек-ағаш, жүк-аяқ, Тілеу-бай, Ес-құл, Төре-тай, жан-темір, Мұрат-бек, Мал-келді, Меңді-қара, Жіті-қара) [1: 183].
Бұл айтылған пікірлерге қарағанда, А.Байтұрсынұлы қазақ тіліндегі сөз тұлғаларының бірі ретінде қос сөздердің аталуын жасалуын, жазылу емлесін негізінен дәл басып көрсеткен. Сонымен бірге келтірілген мысалдарға қарағанда автор қос сөздердің тек есімдерден болатын түрлерін көрсеткенін және біріккен сөздерді қос сөздер деп танып, оларды жалқылағыш қос сөздерге жатқызғанын көреміз.
Қазақ тілінде бірсыпыра сөздер емлесі қалыпқа түспей, сөздіктердің өзінде де бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүреді және қаншама сөздер бөлек жазылып, біріккен сөз деп танылмай жүргенін Б.Қалиев анық көрсеткен. Ол орфографиялық сөздікте 360 қана біріккен сөз беріліп, әлі де 950 біріккен сөздің оған ілікпей калғанын дәлелдеген.
Ғалым Мәулен Балақаев біріккен сөздің жазылуындағы алалықтан құтылу үшін, бірде бірге, бірде бөлек жазылып жүрген сөздердің бәрін бірге жазуды ұсынады .
Біріккен сөздер де басқа күрделі сөздер сияқты жай сөз тіркестерінен бастау алған, сондықтан оның кұрамындағы сыңарлары сөз тіркестерінің құрамындағы сыңарлармен ыңғайлас келеді. Сондықтан біріккен сөз бен тіркесті күрделі сөз және жай сөз тіркестерінде ұқсастық өте көп, бұл осы мәселелерді ажыратуда үлкен қиындык туғызады.
Қазіргі сөз тіркестерінің барлық үлгісі біріккен сөз құрамында барын оны зерттеген Г.Жаркешева дәлелдеген.
Профессор Құдайберген Жұбанов қазақ тіліндегі сөз тұлғасының түрін алты топқа бөліп қарайды: 1) түбір сөз, 2) қосымшалы сөз, 3) кіріккен сөз, 4) қиюлы сөз, 5) қосар сөз, 6) қосалқылы сөз [2: 151]. Осы аталған сөз тұлғаларының үшеуі (кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар сөз) күрделі сөздерге тікелей қатысты.
Автор кіріккен түбірлерге "өлі түбірлі не өлі қосымшалы сөздер сияқты, ішкі жігін бүгінде жоғалтып, бірігіп кеткен сөздердің бірсыпырасы, түбір мен жалғаудан құралмай, өңшең түбірлерден құралған" сөздерді жатқызады. Мысалы: ашудас -ашу+тас, күндіз -күн+ дүз (жүз, бет),аяз -ай+юз, белбау-бел+бау, қаралат - қар +ала +ат. Осындай екі түбір, үш түбірден құралып тұрып, бір түбір болып кеткен сөздерді кіріккен түбірлер дейміз" дейді [2: 155-156]. Бұдан ары автор кіріккен сөздерді көне және жаңа деп екіге бөледі. Ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен сөздерді кіріккен сөздердің көнесі деп қарайды. Мысалы :қаралат, аяз. Ал жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпағандарын кіріккен сөздердің жаңасы деп қарайды. Бұған қолғап, күнбағыс, айғабақ, белуар сияқты сөздерді жатқызады. Автор бұл сияқты кіріккен сөздерді тұтас күйінде тұрып, жалғасып кіріккендіктен жалғаулы кіріккен сөздер деп атайды
Қазақ ғалымдарының ішінде қазақ тіліндегі біріккен сөздерді арнайы зерттеген - Г.Н.Жәркешова. Ол 1949 ж. осы тақырыпқа кандидаттық диссертация қорғады, оннан аса мақала жариялады."Халық мұғалімі" журналының 1951 жылғы 8 нөмірінде жарияланған мақаласында біріккен сөздердің бірнеше тұлғалық белгілері бар екенін көрсеткен.
1960 ж. ол "Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігің" шығарды. Автор еңбегінің кіріспесінде түркі тілдерін зерттеуші ғалымдардың біріккен сөздер мәселесіне ерекше көңіл бөлгендігін, ертеректегі Мелиоранский, Будагов, Катанов, Казамбек сияқты ғалымдардың еңбектерінде біріккен сөздер жайындағы мәліметтер өте тапшы екендігін, кейінгі түркітанушылардан А.Н.Кононовтың "Грамматика турецкого языка" (М., Л., 1941 ж. ) еңбегінде түрік тіліндегі бірнеше біріккен сөздің этимологиясын ашқандығын, А.Боровков пен Э.В.Севортяннің біріккен сөздерді түркі тілдеріндегі сөзжасам амалы деп қарап, бұл мәселенің әлі зерттелмегенін, жалпы алғанда, біріккен сөздер жайында сүйенерлік күрделі зерттеулер жоқтығын айтады [4: 3-4].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер (біріккен, кіріккен сөздер, қос сөздер т.б. туралы пікірлер, тұжырымдар қазақ тілінің жоғары оқу орындарына арналған грамматикаларында берілген.
1954 ж. шыққан "Қазіргі қазақ тілі" атты тұңғыш ғылыми грамматикада морфологияның жалпы бөлімін жазған А.Ысқақов қазақ тіліндегі сөздерді тұлғасына қарай бес түрге бөледі: 1) түбір сөздер, 2) туынды сөздер, 3) біріккен сөздер, 4) қос сөздер, 5) қысқарған сөздер [5: 190]. Бұл бөлудегі соңғы үш түрге автор күрделі сөздер деген терминді қолданбаған, тек "бірікпеген күрделі сөз" деген ұғымды ғана қолданған [5: 194].
А.Ысқақов біріккен, кіріккен сөздер мен қос сөздерді бұлардан бөліп, жеке талдаған.Біріккен сөздердің жоғарыда айтылғандай фонетикалық, лексика-семантикалық, грамматикалық факторлар негізінде сөз тіркестерінің белгілі заңдылықтарына лайық жасалатынына, олардың не сабақтаса, не салаласа құралатынына тоқтаған. Біріккен сөздердің мағыналық жағын талдауға көбірек көңіл бөлген. Бірқатар біріккен сөздің мағынасы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына сай келмейтіні (білезік, қарлығаш, биыл,ендігәрі), бірқатарының мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің мағыналарының жиынтығына жуық болатын (жаздыгүні, қыстыгүні, құсбегі, атбегі), біріккен сөздердің бірсыпырасының құрамындағы компоненттері әуелгі мағыналарын жоғалтып, жаңа бір мағынаны білдіретіні (белбеу, бәйшешек, отағасы, тоқсан, өйткені) көрсетілген [5: 108-109 ].
Профессор К. Аханов күрделі сөздің мынадай басты белгілерін көрсетеді: 1.Күрделі сөз кемінде екі түбірдің (немесе негіздің) бірігуінен, тіркесуінен, қосарлануынан, қысқаруынан жасалады. 2.Күрделі сөз жасайтын сыңарлар семантикалық, морфологиялық, синтаксистік жағынан тұтасып, бір ғана ұғымды білдіреді. 3. Күрделі сөздің құрылымдық тұтастығы берік сақталады, оның сыңарларының арасына басқа бір сөз кіргізуге және олардың орнын ауыстыруға болмайды. 4. Күрделі сөз сыңарлары тұтас бір ауа түйдегімен үзіліссіз айтылып, бір ғана дауыс екпінге ие болады [6: 49-97 ].
Қазақ тіліндегі күрделі сөздерді және оларды мектепте оқыту мәселесін Ж.Шәкенов [7:32] күрделі сөздердің грамматикалық, семантикалық сипатымен бірге, олардың фразеологиялық тұлғалармен арақатынасына ерекше назар аударған
Күрделі етістік жайын зерделеп, оның өзіндік ерекшелігін, қалыптасу заңдылықтарын ашу, оларды ұқсас аналитикалық формалардан ажыратып қарау проф. Н.Оралбаеваның еңбектерінен басталады. Ол осы мәселелерге байланысты "Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары (1975 ж.) [8 ] ."Күрделі етістік. Құранды етістік", "Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі" (1989 ж.) [9 ] т. б. еңбектер жарияланды.
Автор түркітануда күрделі етістік деген термин соңғы кезге дейін кең мағынада қолданылып, зерттеушілер оларды құранды етістіктер, күрделі етістіктер, аналитикалық етістіктер деп әр түрде атап, оған сырттай ұқсастығы бар аналитикалық формалы етістіктерді де, фразалық тіркестерді де, құранды етістіктерді де жатқызып келгенін айтады [9: 290-291 ].
Жоғарыда аталған ғалымдардың зеріттеуі бойынша, Біріккен сөз дегеніміз екі немесе одан көп сөздердің бірігуі арқылы жасалған күрделі сөз деген тұжырымға келеміз.
Біріккен сөздер құрылымы жағынан сөз тіркесі сияқты болып та келеді. Біріккен сөздерді бірнеше топқа бөлуге болады:
Екі сөз бірігіп, ортақ мағынаға ие болады. Мәселен, басқұр, алтыбақан, ақбоз, ақиық т.б.
Әр компонент бір екпінмен айтылып, екі сөздің бірігуінен жасалады, нәтижесінде сөз құрамы фонетикалық өзгеріске түседі. Мысалы, ала+өкпе - алаөкпе, жан+бас - жамбас, күздің+күні - күздігүні, ала+ауыз - алауыз т.б.
Кей біріккен сөздер бастапқы формасын жоғалтып, тарихи даму барысында танымастай өзгерген: әкел- алып+кел, бүгін - бұл+күн, ағайын - аға+ +іні, білезік- білек+жүзік т.б.
Олардың кейбір тобы құрылымдық жағынан сөз тіркестеріне жақын. Мысалы, ақкөңіл, қырықаяқ, теміржол, атаққұмар, үшбұрыш, антұрған, т.б. Негізінен, Біріккен сөздерге біртұтастылық қасиет тән боп келеді.
Біріккен және кіріккен сөздердің мән-жайын айқындау арқылы оларды дұрыс жазып таңбалаудың ғылыми негіздерін аңғарамыз.
1963 жылы шыққан Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде біріккен сөздер бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылады. Біріккен сөздердің жазылу емлесіне сай келмейтін кей тұстары бар екенін байқаймыз. Сөздікте алжапқыш, бесжылдық, ақсүйек, қайынаға, біртектес т.б. сөздер бірігіп жазылады да, осылардан айырмашылығы жоқ төсек жапқыш, қайын ата, он күндік, қос басшы т.б. сөздер біріктірілмей, бөлек жазылады.
ҚазССР ҒА- ның корр. Мүшесі М. Балақаевтің Социалистік Қазақстан газетінде жариялаған Біріккен сөздерді қалай жазуымыз керек? деген мақаласында Біріккен сөздердің бірде бөлек, бірде бірге жазылуын барлық сөздерді біріктіріп жазсақ қана құтыламыз деген пікір білдірген болатын.
Сөздерді біріктіріп жазудың мақсаты - тілдік санада, тілдік тәжірибеде барды банды ету, жұртты саналы, сауатты жазуға жетектеу. Олардың ғылыми негіздері мыналар:
1. Біріккен сөз - күрделі құрамды сөз. Солай сөз жасау тарихи процесс. Ол - тілдің ішкі заңдарына негізделген заңдылық. Ойдан шығарылған не басқа тілге тән құбылыс емес, қазақ тілі, қазақ жазуы қабылдап, игеріп жатқан құбылыс. Оны дамыта беру үшін графикалық таңба, орфографиялық ережелер арқылы белгілі қалыпқа түсіру - тіл жұмсаушылардың сан-сезімін дамытуға ықпал жасағанымыз болады. Тіл жұмсаудағы бұл прогрестің дамуы - адам ойының ілгері дамуының да көрінісі. Біріккендердің жігін айырып бөлшектеп жазу, немесе біріктіріп жаңа сөз жасауға қарсы орфографиялық қағида ұсыну - күрделенген өскелең өмірімізге жарасымды әрекет болмаса керек. Сөз - сөз тіркестері мен сөйлемдерді құраудың материалы болса, біріккен сөз - сомданған материал. Оларды сол күйінде жазу - бөлшекті бүтін күйінде пайдалану, сөйлемдер арқылы ой дәлдігін білдірудің нышаны. Біріктіріп жазу жинақтылықтың да нышаны. Жинақтылық- мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті елдің жазуы тілдегі сөз тұтастығын бұзбай, адамдардың психологиялық ойлау қабілетіне сәйкес болуға тиіс.
2. Біріккен сөздерді біріктіріп жазу- тілдің сөз байлығын дамытудың да қамы. Тұтастырып жазу - жазудың тиімді түрі. Ол тіл жұмсаушылардың, мектептерде тіл сабағын оқытушылардың саналы, ойлы әрекетіне негізделеді.
3. Біріккен сөздерді жұртқа біріктіріп жазып оқыту арқылы солардың тұтастығын танытамыз, бір сөз ретінде дұрыс жазып жылдам оқуға тиісті жағдай жасаймыз. Мысалы, біржола, келіссөз, оңтүстік, қосаяқ тәрізді сөздерді бір жола, келіс сөз, оң түстік, қос аяқ деп қырғыздарша бөліп-бөліп жазып, олай оқытқанда, ықшамдылықтың орнына шашыраңқылық, ежіктеу, теріс түсініктер пайда болмай ма? Түсінік үшін бірге жазылатын ақсүйек (ойын), ақсақал (адам, қария), Аққұм, Сұршақыз (ән) сияқтыларды сондай құрамда бөлек жазылатын ақ сүйек, ақ сақал, ақ құм, сұрша қыз дегендей тіркестерінен айыруда үлкен мән бар, сол үшін де оларды біріктіріп жазамыз. Осындай тілдік тәрбие жұртты ойшыл болуға баулиды.
Тарихи дәстүрді дамыта түсу арқылы тілдің сөздік құрамын байыту үшін, тілде жаңа сөздер жасалса, соларды танып, біліп, өмірлік қажеттілікке айналдыру үшін, сөздердің айтылуы мен жазылуын біркелкі ету үшін, мағына дәлдігі үшін біріктіріп жазамыз.
Графикалық, орфографиялық таңбалар арқылы екі сөздің бірігуі арқылы бір атау, бір ұғым - бір сөз екенін оқушылар мен жазушыларға таныту, оларды басқа сөз тіркестері мен түйдекті тіркестерден айыру үшін біріктіріп жазамыз.
Түйіндей келе түйетініміз, біріккен сөздерге байланысты тіл білімінің зеріттеуші ғалымдары барынша бірізділікке, тіл мен тілді қолданатын күллі қазаққа ыңғайлы шешімдер шығарып, оң зеріттеулер жасаған. Қалай десек те тіл білімінің атасы, Ахмет Байтұрсынұлының әу бастан айтқан, қос сөзділікке байланысты тұжырымдамасы да өте орынды. Қалай десек те, біріккен сөздердің қолданыс аясын зеріттеушілер емес, көбірек қолданып ұсынатын ақындар мен жазушылардың шығармасына тікелей байланысты. Ақын дегенде, алып Абайдың еске түсері анық. Ендеше Абай шығармашылығында біріккен сөздер қалай қолданылды соған тоқталайық.

Қазақ әдебиетінің асқар шыңында қашанда алып Абай қасқайып тұрады. Қайсыбір ақын-жазушы болсын Абайдан бата алғандай, әу деп қалам тербестен бұрын Абай шығармашылығына бір шолып шығатыны анық. Иә Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы тұлға. Абай шығармашылығы көркемдік, философиялық, гуманизм тұрғысынан ғана жоғары бағаланбайды, Абайдың жазу өнері, Абайдың тілі де, өлең құрау мен жеткізу мәнері де өзгеше, дара мектеп.
Абай - дайын тұрған әдеби тілді пайдаланған қатардағы қаламгер емес. Абай - сол әдеби тілдің даму жолындағы жаңа дәуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің іргетасын қалаушы адам.Абай тілінің сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын талдау арқылы қазіргі жазба әдеби тіліміздің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады.
Абай тілін сөз еткенде, негізгі тұжырым - Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида. Бұл қағиданы белгілегендер - М. Әуезов, Қ.Жұмалиев, С. Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, Е.Ысмайылов т.б. сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Ғ.Мұсабаев тәрізді тіл мамандары. Проф. Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілі атты монографиясынан басқа Абай шығармаларының тіліне арналған жеке көлемді еңбек жоқ болғанмен, жоғарғы аталған ғалымдар әр кезеңде, әр тұста Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған рөлі мен алған орны туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың кейбіреулері жеке мақалалар арнап2 , енді біреулері ұлы ақынның әдеби творчествосы туралы жазған үлкен монографияларының немесе басқа да еңбектерінің ішінде3 Абай қолданған жеке сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және грамматика саласындағы бірқатар ерекшеліктерін жүйелі түрде болмаса да, аз-аздап талдап көрсетіп келді.
Абай шығармаларының текстологиясы туралы жазылған Қ. Мұхаметхановтың еңбегі мен осы тақырыпты сөз еткен Ы.Дүйсенбаев пен З.Ахметовтің, Т.Әбдірахмановтың, Қ.Өмірәлиевтің, М. Сәрсекеевтің т.б. жеке мақалалары қаламгер тілін танып-білуде айтарлықтай үлес қосқанын білдіреміз
Абай - қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын қалаушы деген қағида.
Жаңа сөз жасаудың синтаксистік тәсілінің бірі - түбірлерді біріктіруді Абай актив қолданбаса да, бұрыннан әдеби тіл мен ауызекі тілде бар біріккен тұлғаларды еркін пайдаланған. Абай қолданған ақсақал, ақшомшы, жаманат (осы күні бұл сөз бірде біріктіріліп, бірде бөлек жазылып жүр, бірақ табиғаты - біріккен сөз), баспана, бозбала, бойкүйез, желбуаз, жаздыгүн, жарымес, желқабыз, көкжиек, көкөрай, күншығыс, қалжыңбас, қылжақбас сияқты сөздер - ертеден бірігіп, лексикалық бір мағына иесіне айналғандар. Абай мүмкін қолөнер тәрізді бірер сөз болмаса (ол да жорамал), өздігінен жаңа біріккен сөздер жасамаған. Тегі, жалғыз, Абай емес, жалпы сол тұстағы қазақ әдеби тілінде бұл тәсіл актив қолданылмаған. Атқамінер, елубасы, онбасы, атшабар сияқты бес-он образды атау о баста жалпы халықтың сөйлеу тілінде пайда болған, әдеби тілге сөйлеу тәжірибесінен енген. Екі түбірді біріктіріп, жаңа мағыналы сөз жасау тенденциясы үстіміздегі ғасырдын 20-40-жылдарында активтенгені мәлім.
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде араб-парсы және орыс сөздері қабатынан құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық күй-жағдайына орай қазақ лексикасында болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Алып Абайды танысам, рухнаи үндессем, толық зеріттесем деуші жас зеріттеушілерге Абай тілінің сөздігі ауадай қажет екені рас. Себебі, қазіргі қазақ жастарының тіл қолдануы мен ана тілін түсінуі өзгеше халде. Дәлірек айтсақ, орыс тілінің ықпалы жаңадан дендеп қазақ даласына, қазақ мәдениетіне кіре бастағанда оқыған, насихаттаған алдымен Абайдың өзі болатын. Ал Абайдан кейін КСРО ықпалы ғасырға жуық ана тіліміздің аясын соншалықты тарылтқаны рас. Яғни қазіргі жастар мен алдыңғы буын Абай түсінген сөздерді, Абай айтқан ойларды толық қабылдап түсіне алмайды. Арада ажыраған буын бар. Сол үзілген көпірді осы Абай тілінің сөздігі жалғайтынына кәміл сенеміз. Белгі бір ақын жазушының шығармаларынның тіліне арналған сөздікті арнаулы сөздік деп атайды.
Әрбір ұлы жазушы өз заманының куәсі айнасы. Олар өздері өмір сүрген дәуірінің саяси - әлеуметтік және қоғамдық өміріне қалай болса солай, немғұрайлы қарап отыра алмайды. Жақсысына сүйініп, жаманшылығы мен кемістігіне күйініп, өзінің әділ сын - бағасын айтып отырады. Ұлы ақын - жазушылар әртүрлі көркем образдар арқылы бүкіл бір заманның тарихи картинасын суреттеп, кійінгі ұрпақтың өмір - бақи есінен кетпейтін етіп көз алдына елестетеді. Олардың қалдырып кеткен асыл мұралары ешқашан ескірмейді, тозбайды, әрі мұқалмайды да. Қайта жаңа заман идеясымен әрқашан жаңғыртып, құндылығы мен бағасы бұрынғыдан да арта береді. Дәл осындай үзгі қасиет Пушкин мен Абай тәрізді ұлы жазушылардың шығармаларына тән нәрсе. Орыстың ұлттық әдеби тілінің негізін салуда А. С. Пушкин қандай зор қызмет атқарған болса қазақтың жаңа классикалық жазба әдеби тілінің ірге тасын қалауда кеменгер Абай да сондай ұлы еңбек сіңірді. Орыс халқы өзінің сүйікті перзенті данышпан ақыны А.С. Пушкин шығармаларының төрт томдық сөздігін жасап жарыққа шығарған болатын. Бұл сөздік орыстың ұлттық әдебиетінің тарихы жөнінде, әсіресе оның тарихи лексикасының өткені бойынша рухани құрал деп есептеледі. Біз де өнегелі орыс халқының ізгі бастамасынан тәжірибе алып, оқып үйрене отырып, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаев шығармаларының сөздігін жасауға бір топ ғалымдар кіріскен еді.
Аса көрнекті, шығармаларымен ел сүйіп оқитын көрнекті ақын-жазушылардың шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Біріншісі - қолданған тілінің, шығармасының дамуы барасында оның әдебиет көкжиегінде алған орны мен сіңірген еңбегін анықтау. Енді бірі - оның өз ерекшеліктеріне қарай, бөлек қолтаңбасының тілдік ерекшеліктерін және шеберлік тәсілдерін талдау болып табылады. Қалай десек те ауыспалы кезеңдердегі күрделі өзгерістеден өтіп, ана тіліміздің биік көркемдік өлшемдері өзінің дәстүрлі эстетикалық, поэтикалық құндылығы мен әдеби тіл нормаларынан айырылмақ емес. Осы орайда қазақтың мақан етер қайраткер қызы, көрнекті ғалым, ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Рәбиға Сыздықованың Абай әлемі аясындағы зерттеулеріне зер салуымызға тура келеді.
Мен өзімнің курсытық жұмысым барысында Абайды зерттеген, Абай әлемін танып-білуге және оны оқырман назарына дұрыс жеткізе алған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz