Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

ПСИХОЛОГИЯ, ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН

Тараз 2020
Психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік құрал Психология, Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған. ТарМПУ, 2020, 28б.
Бұл әдістемелік құрал психология мен педагогиканың маңызды аспектілері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде студенттердің орындайтын курстық жұмыстарына басшылық жасайтын ғылыми жетекшілерге көмекші құрал болып табылады.

Құрастырушы: Сматова К.Б., п.ғ.к., доцент

Рецензенттер:
ТарМПУ, пс.ғ.к., доцент Тұрдалиева Ш.Т.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, п.ғ.к., доцент Сембекова Г.С.

Университеттің Әдістемелік Кеңесінің шешімімен бекітілді және іске қосылды

Хаттама № 2020ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

1
Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау ... ... ... ... ..

1.1
Психология сабағында дәрісті дайындау және жүргізу жаднамасы.

1.2
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... 10.

1.3
1.4
Психология пәні бойынша тәжірибелік сабақты ұйымдастыру ... .
Психология бойынша сабақ және оның негізі ... ... ... ... ... ... ... . .14

1.5 Психологияны оқыту процесіндегі басқару жұмысын ұйымдастыру..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі. Психологияны оқыту қосымша білім беру арқылы жүзеге асырылады. Осы пән бойынша оқушылар үшін бір қатар оқулықтар мен оқу құралдары шығарылды. Алайда, оны мектепте қалай оқыту туралы бір көзқарас әлі қалыптасқан жоқ. Бүгінгі таңдағы ең шиеленіскен мәселе - ол орта мектепте психологияның оқыту қай педагогикалық парадигма бойынша - дәстүрлі ме, әлде гуманистік пе деген сұрақ.Дәстүрлі концепциямен оқытуда оқытушының негізгі міндеті оқушыларға білім беру және оларда қабілеттер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Мұғалім оқушыға білімді ауызша түрде береді немесе ақпарат алуға болатын оқулық мәтінін ұсынады. Оқушы белгілі бір көлемдегі білімді алғаннан кейін мұғалім оның меңгеру сапасын тексереді. Мұндай бағыттың негізі - оқушының меңгеруі және бағасына бақылау жасау. Берілген концептуалды схемадағы психологияның мұғалімі басқа кез-келген пән мұғалімінен еш айырмасы жоқ.
Бұл жағдайда психологиялық білімдерді құрылымдау танудың натурфилософиялық логикасымен сәйкестікте жүзеге асырылады, яғни тұтас құрамдық бөліктерге бөлінеді және жекелей оқытылады. Мысалы, бүгін түйсіну, оның қасиеттері және функциясы деген тақырыпты талдаймыз. Ертеңгі сабақта Қабылдау тақырыбы, одан кейінгі - Ойлау және солай жалғаса береді. Бейнелеп айтқанда, мұндай бағытта адам жалпылай оқытылады және осы жалпы адамда жалпы түйсінуі болады, Жалпы тұлға, жалпы іс-әрекет және т.с.с. Мұның барлығы тек жекелей оқытылып қана қоймай, психологияны оқушы баланың өзінен де алшақтықта.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Психологиягия бойынша лекция, семинар, лабораториялық сабақтың дайындалу және жүргізу әдістерінің ерекшеліктері тақырыбына жалпы түсінік.
Психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету. Сондықтан, психология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың жолдары сан алуан;
Курстық жұмыстың міндеті:
"Психологияның" оқу пәні ретіндегі ерекшелігі ондағы қажеттіліктің, оқу міндеттерінің, оқуға мотивациясының, әрекеттер мен амалдардың және оқу нәтижесінің болуымен сипатталады. Оқу әрекетіндегі қажеттілік студенттердің теориялық білімді меңгеруге талпынысы ретінде қарастырылады. Оқу міндеті - өнімі міндетті шешу және субъектінің өзгеруі болып табылатын міндет. Оқу әректінің мотиві әр түрлі болуы мүмкін, бірақ ең нәтижелісі танымдық мотив болып табылады. Оқу әрекетін жүзеге асыру бұл студенттің оқу әрекеті мен амалдарын бірізділікпен орындау. Студенттерде қалыптасқан білім, іскерлік дағды оқытудың нәтижесі болып табылады. Психологияны оқытудағы оқу әрекетінің объектісі психологиялық шындық болады. Психологиялық шындық пен әрекет етудің әртүрлі тәсілдерін игеру оқу әрекетінің пәні болады.
Орта және жоғары оқу орнында психологияны оқытудың міндеттері:
-Болашақ мұғалімдер ретінде орта және жоғары оқу орны оқушыларында дүниетаным мен тұлғаның жоғары моралдық қасиеттерін қалыптастыру.
-Орта және жоғары оқу орны оқушыларында кәсіби бағыттылықты тәрбиелеу яғни мұғалімдік қызметке қызығушылық, балаларға деген сүйіспеншілік, баланы зерттеуге талпыну, оның психикасымен ерекшеліктерін тануға талпыну.
-Оқушылардың психологиядан алған теориялық білімін практикада қолдана білу іскерлігін, оқу - тәрбие жұмысына баланың жеке басының қалыптасу процесіне бақылау жүргізе білу, бақылау нәтижесін талдай және жалпылай білу іскерлігін дамыту, солардың негізізнде баланың психикалық ерекшеліктерінің пайда болу, даму себебі тұралы қорытынды жасауға үйрету.

Зерттеу нысаны:
- психология бойынша лекция сабақтарын ұйымдастыру;
- психология бойынша семинар сабақтарын ұйымдастыру;
- психология бойынша тәжірибелік сабақты жүргізуді ұйымдастыру.
Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ-қоршаған ортадағы және генетикалық факторларының күрделі қатынасы туралы-психологияны оқыту әдістемесінің төңірінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы құралдармен және эксперименттік ізденістермен таныстыру маңызды.
Зерттеу орны:
Психология ғылыми және оқыту пәні ретінде оқытуда ғылым біріншіден білім өндіруші іс-әрекет және екіншіден, білімді жүйелендіруші форма ретінде анықталады.Оқу пәні біріншіден білім жүйесі, ал екіншіден осы білімдерді меңгеру бойынша оқу-танымдық іс-әрекет түрінің жүйесі ретінде анықталады.
Осылайша бұл екі түсінік бір жерде қиылысады, бұл - білімді жүйелендіру.
Психологияны оқыту барысында білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қалыптастырудың маңызды құралы әрі шарты болып психологиялық білім мазмұны мен оқыту әдістері табылады.

Психология пәні бойынша семинар сабақты дайындау.
Тәжірибелік және семинарлық сабақтар - топтық сабақтар формаларының бірі. Оның негізгі мақсаты студенттерге өзбетінше әдебиеттермен жұмыс жасауға үйрету және шығармашылық шеберліктерін қалыптастыру. Бұл іс-әрекет түрінде студенттер ғылыми ізденушілік дағдыларын машықтандырады. Сонымен қатар, студенттер семинарлық және тәжірибелік сабақтарда өздерінің алған білімдерін іс жүзінде әртүрлі жағдайларда қодануға үйренеді.
Семинар сабақтары ежелгі грек және рим елдері мектептерінде кең қолданылған. Ондағы семинар сабақтарында пікірталас, оқушылардың ақпарат дайындауы, оны баяндауы мен қорытындылауы үйлестіріле өткізілген.
Семинар дәріс сабағында алынған білімді тереңдету және кеңейту мақсатында жүргізіледі, қиын материалдарды талдауды, талас туғызатын сұрақтарды анықтауды көздейді.
Тәжірибелік сабақтардың функциясы сабақ формаларына қарай әртүрлі болуы мүмкін: семинар-практикумдар, семинар-пікірсайыстар.
Студентер семинар-практикумдарда әртүрлі жағдайларға байланысты мәселелерді шешу жолдарын талқыға салып, жетекшінің көмегімен шешімді бағалайды.
Ал, семинар - пікірсайыста талқыға алынып отарған мәселелердің әдіс-тәсілдерін өз үлестеріне қарай қолдануға үйренеді.
Пікірсайыс интерактивтік әдістердің бірі болып саналады. Оқытушы дискуссияны ұйымдастыру үшін өз пәнін, талқыға салмақшы материалды жақсы білуі керек.
Пікірсайыс тақырыбы мен сұрақтары алдын-ала беріліп қойылады. Семинарлық сабақтың ұйымдастырылуы өте күрделі екендігін көптеген жас мұғалімдер біле бермейді. Себебі семинар сабақты өткізудегі негізгі іс-әрекет студенттердің үлесіне тиеді. Ал, оқытушылардың міндеті сол сабақты тиімді қйымдастыру. Осы негізде мұғалімдерге төмендегі мәселелер бойынша әдістемелік көмек қажет:
* Талқыға алынған мәселелерді қамтудың кең болуын және тиімді талдаудың ойластыру;
* студенттердің материалды тек жаттап алмай, өз ойларын ортаға салуын және өз пікірлерін білдіруі;
* бос әңгіменің төңірегінде студенттердің уақыт алмай, нақтылы мәселеге назар аударуын қалыптастыру;
* мәселені дұрыс түсінбеген, шешпеген жағдайда не істеу қажеттігін ойластыру.
Осы мәселелерге байланысты мұғалімнің семинарды дайындау және өткізуінің жалпы жоба кестесі:
Семинар сабағына студенттің дайындалуы негізіне әдебиеттерді өз бетінше талдауы және талқылауға берілген сұрақтар бойынша баяндамалар дайындау кіреді.
Кейінгі кездері семинар сабағын өткізу әдістемесіне көптеген өзгерістер енгізілуде. Семинар сабағының сұрақтарының барлығына студенттердің бәрі тегістей дайындалуы көзделеді.. Бірақ қазіргі кезде мәселені толық ашу үшін және терең түсіну үшін алдын-ала баяндама дайындау семинар сабағы жиі өткізіліп жүр. Баяндаманы (рефератты) талқылауға барлық студенттер қатысады. Сол сияқты арнайы оппоненттердің қатысуы, баяндама мазмұны бойынша сын пікір айтушылардың да қатысуы жиі қолданылады.
Оқытушы дайындалған баяндамаға сүйене отырып бандамашы студенттің мүмкіндігін, танымдық қабілетінің даму деңгейін, дербестігін, жұмысқа деген шығармашылық қатынасын бағалайды.
Семинараға қатысушылар семинар сабағынан өзіне қажетті күрделі әрі жаңа қызықты ақпараттарды ала алады.
Оқытушы ақпаратты белсенді талқылауды ұйымдастыру үшін әрқашан қосымша сұрақтар дайындауы қажет.семинар сабағын өткізуде маңызды рольді мәселені проблемелық етіп қою алады.
Семинар -- бұл студенттердің конспект жасауға үйрету және әр түрлі бағыттағы және әр түрлі мәндегі әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету сабақ формасы болып табылады. Осы мақсатта оқытушы өзі кейбір студенттің конспектісін талқылауы мүмкін, нақты мысалдар негізінде конспект жасаудың дұрыс жақтары мен дұрыс емес, қате жақтарын көрсетіп, конспект жасауға қойылатын талаптарды түсіндіруі тиіс, мәселен, конспект жасалатын жұмыстардың библиографиялық мәліметтерін дұрыс жазу, абзацтағы негізгі ойды таба білу, оны өз сөзімен жеткізе білу және т.б.
Семинар сабағына міндетті түрде берліген немесе өз бетімен тапқан әдебиеттері бойынша баяндама даярлау студенттің ғылыми жұмысы болып табылады.
Семинар сабағын өткізудің тиімділігінің негізгі шарттары:
* дәріс курсы мен семинар сабағының бірізділікте болуы;
* семинар сабағының жоспарының болуы;
* студенттің белгілі бір тақырыпты терең игеруіне қатысты кеңес беру үшін оқытушының әдебиеттерді көп білуі;
* семинар сабағында студенттер жұмысына қатаң бақылау жасау;
* уақытты орынды пайдалану;
* студенттердің жауабын толықтырып, әр сұрақтан кейін қорытындылап отыру.

Психология сабағында дәрісті дайындау және жүргізу жаднамасы
Дәріс жоғарғы мектептегі оқу-тәрбие процесінде жетекші орын алады. Оқытушылардың кең көлемде, жүйелі түрде, логикалық құрылған, дәйекті түрде баяндалған оқу материалдары, яғни дәріс сабақтары ЖОО-ң барлық мамандық пәндері бойынша жүргізіледі. Дәрістің басты мақсаты - баяндалған пән бойынша студенттерде жүйелі түсінік қалыптастыру, болашақ мамандардың ғылыми-практикалық салаларға сәйкес даму заңдылықтары мен принциптерін, сонымен қатар алынған білімдерді қолдану тәсілдерін игеруді қамтамасыз ету.
Дәрістің әдістемелік құралдары болжайды:
курс мазмұнының және әрбір дәрістің тұтастығы мен дидактикалық негізделуі (жүйелік, материал мазмұнының логикалық құрылуы, кіріспе және қорытынды бөлімнің болуы және т.б.);
-ЖМ оқытушысының кәсіби этикалық ережелерін сақтауға негізделген лектордың студенттермен қажетті қарым-қатынасты жүзеге асыруы (олар аудиторияда талап қоюшылық пен жағымды қатынас орнатуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, курс материалдарын баяндауға түрлі дидактикалық әдістерді пайдалануға, мысалы, баяндаманың айқын әрі жеткілікті болуы, аудитория назарының дәріс курсының негізгі сәтіне аударылуы, заңдылықтар, оқиғалар мен құбылыстардың нақты ашылуы және түсіндірілуі, ғылыми терминологияның анықтығы, дәріс мазмұнының еркін стилі, оқу материалдарын игерудегі қиын мәселелерді түсіндіру әдістерін тиімді пайдалану, тыңдаушының қызығушылығы мен белсенділігін көтеру тәсілдеріне бағытталған зейін түрлері және т.б.);
-жаңа оқыту әдістерінің әдістемелік тәсілдері мен элементтерінің рационалды сәйкескелуі (диалог, эвристика элементтері және т.б.);
-қосымша оқыту құралдарын әдістемелік негізделген және тиімді пайдалану (көрнекі құралдар және т.б.);
ЖОО дәрісті дайындау және жүргізуде келесі талаптарды ескерген жөн:
-дәріс мазмұнының типтік және оқу жұмыс бағдарламасына (силлабусқа) сай келуі;
-студенттердің зейінін жетекші идеяларға аудару;
-дәрісте ғылыми және педагогикалық ойлардың жаңа жетістіктерінің, нақты мәселені қарастыру жетістіктерінің көрініс табуы;
-ішкі және пән аралық логикалық байланыстың жүзеге асуы, дәріс мазмұнының, студенттердің аудиториялық және аудиториядан тыс жұмыстарының әрқалай түрлері мен координациясы;
-түрлі әдебиеттерді пайдалану және дәрісте қойылған мәселеге байланысты түрлі көзқарастардың бейнеленуі;
-дәріс барысында дәстүрлі, продуктивті және репродуктивті жұмыс түрлерінің өзара әрекеті;
-лектордың материал мазмұнын еркін игеруі;
-тыңдаушылар зейінін тұрақтандыру;
-қосымша тәсілдерді, көрнекі құралдарды пайдалану;
-алдыңғы дәріс сабақтарында игерген материалды тексеруді жүзеге асыру; тексерудің түрлі формалары;
-аудиторияны безендірудің эстетикалық талаптарға сай болуы;
-аудиторияда сабақты ұйымдастыру барысында санитарлы-гигиеналық ережелердің сақталуы.
ДӘРІСТІ ӨҢДЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
1. Ғылыми материалдарды жинақтау, оқу және жалпылау.
2.Бағдарламаға сай материалдарды топтастыру, оны тақырып бойынша және курс бойынша бөлу.
3.Түрлі тақырыптарға иллюстрациялық материалдар таңдау.
4.Аудиовизуалды құралдардың, оқу кинофильмдерінің әрқандай түрлерін таңдау.
5.Курсты оқудың жұмыс бағдарламасын жасау.
Әрбір дәрісті өңдеу:
-дәріске жинақталған материалдарды оқу;
-тақырыпқа байланысты әдебиеттерді оқу;
-иллюстративті материалдарды өңдеу.
- Дәріс баяндамасы.
ДӘРІСТІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МЫСАЛ РЕТІНДЕГІ СЫЗБАСЫ
1. Дәріс тақырыбы, оның міндеттері (дидактикалық мақсат), жоғарғы міндет (дамытушы, тәрбиелеуші мақсат).
2. Дәрістің мазмұндылығы (оның ғылымилығы, күрделілігі, теория мен практикадағы байланысы).
3.Мәселелегі (жиі, аз немесе мүлдем болмауы).
4.Көрнекіліктер мен үлгілерді пайдалану.
5.Дәлелдігі (дәйекті, дәлелді).
6.Студенттердің кәсіби іс-әрекетімен байланыс.
7.Дәріс құрылымының нақтылығы.
8.Лектордың студенттермен қатынасы (талап қоюшы, немқұрайлы, назар салушы т.б.).
9.Аудиториямен және жеке студенттермен қатынасы.
10.Дәріске қатысу.
11.Конспектілеудің жеңілдігі
12.Лектордың мінез-құлқы (сенімді, еркін).
13.Оқу мәнері (тартымды, тірі, жалықтырғыш).
Лектор қойған мақсатына жете алды ма немесе дәрістің негізгі қызметін қаншалықты жүзеге асырды:
а) ойлаудың эвристикалық белсенділігі;
б) эмоционалды - уайымдау;
в) этикалық - сенім тудыру;
г) әдістемелік - зейін мен қызығушылығын қамтамасыз ету;
д) коммуникативті бақылау және кері байланыс (сұрақтарға жауабы);

Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар олардың құрылымдар түрінің өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан; ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудаң сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдалануда көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өзін-өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуда байқатады.
Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті түлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Кез-келген оқу пәні бойынша кез келген сабақ -- ол процестін бір бөлігі, сондықтан да окып-үйретуді ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқаратын өмірмен, практикамен байланыстыра білуге, ал оқу процесінде -- оқуға ынталықты, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін практикада қолдан білу дағысына қалылтастыруға тиіс.
3. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбы мен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: оқушыларды ойлау операцияларымен қаруландыру (классификаиялау, көшіру, жалпылау, т.б.), білімін практикада қолдануға дағдыландыру, оқуыларды тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өз бетінше тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б.
Мұғалім белгіленген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу процесінде оқушыларға беретін оқу материалының мазмұның -- сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын, т.б. -- анықтау керек. Әрбір сабақтың айқын мақсатының болмауы оларды біржақты болуға алып келеді, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келеді.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
Оқушыларға кез-келген бірыңғай ұзақ ықпал ету (мысалы, ұзақ ауызша түсіндіру) олардың ынтасының ыдырауына, енжарлыққа алып пайда болуы мүмкін. Бұл құбылыс өзін-өзі қорғау қасиетімен түсінікті. Енжарлықтың пайда болуы -- осындай өзін-өзі қорғаудың нәтижесі. Дегенмен, балаларда бұл қасиет қызметтік әр түрлі бөгдс түрлерін іздестіруде байқалады, олар сабақта алаңдайды, мұғалімнің ақпаратын қабылдамайды. Сондықтан да әрбір сабақта оның әрбір кезеңдерінде оқушылар қызметінің турлерін орынды өзгертуге ұмтылу керек. Ол үшін әлсін-әлсін әр түрлі сезім органдарына әсер ететін, тиімдірек танымдық қызметке жағдай туғызатын, оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет. Сабаққа дайындалғанда, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру қажет.
Дегенмен, сабақта қызмет түрлерін ауыстыру әр түрлі болуы керек, оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі тиіс. Балалардың барлығы барлық уақытта қызметтін бір түрінен екіншісіне ауыса алмайды.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі -- оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті -- жаңа білімді игеруді -- атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің катты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдылық мұғалімдік сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы керек, бұл олардың белсенділігін арттыру тәсілдернің бірі. Сабақта әр түрлі проблемалық ситуацияларды пайдалану да эмоционалдылыққа жағдай жасайды, оқушылардың танымдық кызметін жеделдетеді.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жургізілуі керек. Оқыту процесі кез-келген сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда тиімді болады. Сабақтың әрбір кезеңінде мұғалім, оқушының оқу материалын игеру деңгейін біліп отыруы керек, өйткені ол осы деңгейдің үнемі өсіп отыруына жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің сабақта барлық оқушыдан сұрауға мүмкіндігі болмайды, ол ғасырдың басында ескі мектептердегідей оқушылардан оның соңғы жауабынан бастап барлық өтілген материалдарды сұрай алмайды.
Сондықтан да оқушылардың білімін бақылаудың әр алуан түрлерін пайдалану керек. Осы мақсатта әр түрлі компьютерлік бағдарламалар (егер мүмкіндік болса), жазбаша тапсырмалар, анкеталар, перфокарталар пайдаланылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде ең бастысы -әрбір мұғалімде оқушының сабақтағы танымдық кызметінің нәтижесін бағалау үшін байқағыштық қасиеті жақсы дамуы керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, ең нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы керек. Сабақ білім көлемінің елеулі есуін қамтамасыз етуі немесе сапасын жетілдіруін, немесе осы екеуін де қамтамасыз етуі керек. Білімнің осындай елеулі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Психологияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал
Психологияны оқыту әдістемесі психология ғылымының негізгі базалық саласы
Педагогикалық практикаға есеп беру
«Психологияны оқыту әдістемесі» пәні бойынша практикалық сабақтар дәрістер жинағы
ПСИХОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ
Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер
Сабақта жаңа білімді игеру
Биология сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Психологияны оқытудың негізгі әдістемесі
Пәндер