Қажеттіліктерде тоқталып өттік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АКСЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Тараз 2020 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Рухани-адамгершілік білім беру жаһандық дағдарыстан өту

тәсілі ретіңд . . . 7

1. Сана арқылы оқыту . . . 11

2 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ САБАҒЫНЫҢ АКСЕОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2. 1 Өзін-өзі тану сабағының құрылымдық-мазмұндық аспектілері . . . 18

2. 2. . Өзін-өзі тану сабағының ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: « Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тұрғыдан білім берудің басты мақсаты - жас буыны қатпаған жеткіншек ұрпақтарымыздың санасында жалпыадамзаттық құндылықтар және рухани адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу, жақсы іс-әрекеттерге баулу, оқушылардың өзін оңды қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі сынды әрекеттер іске асырылады.

Аталған тақырыпқа сәйкес бірқатар міндеті«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын толық меңгеруіне бағытталған. Оқу-әдістемелік құрал практикаға бағытталған интегративті курс «Өзін-өзі танудың теориялық және аксеологиялық негіздері» атты элективті пәні мазмұның зерделуіне көмек жасайды .

Зерттеудің негізгі мақсаты :өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ беруге болашақ мүғалімдерді теориялық және рухани тұрғыдан дайындық

Зерттеудің міңдеттері:

  1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының теориялық негіздерімен студенттерді таңыстыру;
  2. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының әдістемелік негіздерімен студенттерді таңыстыру;
  3. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын жүзеге асыру практикалық біліктерді қалыптастыруына көмек көрсету.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттерде келесі :

  • өзін-өзі тану теория, оқыту әдістемесі мен туралы түсінік беру;
  • өзін-өзі тану теориясы мен тәжірибе мазмұның, мақсаттары мен шарттарын ашу;
  • өзін-өзі тану оқыту үдерісін ұйымдастыру іскерлтерді қалыптастыру.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер келесіні істеу білу қажет:

  • -өзін-өзі тану педагогтың мектепте, отбасында, өмір сүру ортасында, жастар мен балалар қоғамдарында және ұйымдарында баланың тұлғалану

үдерісінің дамуына тікелей әсер ету әдістерін қолдану;

  • -өзін-өзі тану пәні оқыту жолдарын жүзеге асыру.

Пәнді жетік оқу нәтижесінде студенттердің бойынан

  • өзін-өзі тану теориялық пен аксеологиялық негіздерін жүзеге асыру түрлі теориялар, тұжырымдамалар, жолдарды талдау мен сын тұрғысынан баға беру әдіс-тәсілдерін.
  • өзін-өзі тану пәні бойынша сабақты өткізу технологиясымен, инновациялық жобаларға қатысу жолдарын меңгеріп алу қажет:

Зерттеу пәні: «Педагогикалық мамандыққа кіріспе», «Педагогика», «Өзін-өзі тану»

Зерттеу әдістері:

- құжаттық талдау әдісі;

- психодиагностикалық әдістер;

- тренинг жаттығулар.

Зерттеудің болжамы: Білім беру барысында студенттерге «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламасының аясында жаңартылған теория және осы бағдарламасының құрылымы ұсынылады, болашақ ел үмітін арқалаған мұғалімдер педагогикалық іс-әрекетінің оңды көзқрастары мен дүниетанымдық мәселелерді шешуге үйренеді.

  1. ТАРАУ. ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Рухани-адамгершілік білім беру жаһандық дағдарыстан өту тәсілі ретінде

«Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарында үлкендер мен бала арасындағы сыйластық, махаббат пен мейірімділік, шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені біз баланы адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан ұл - қызымызға көзбе - көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен-жүрекке жетсе, қандай ғанибет»

Сара Алпысқызы.

Рухани тәрбиенің маңыздылығы Василий Сухомли́нский (1918-1970 жж. ) «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық» - деп атап көрсеткен болатын.

Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар - ұят, өзін - өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы - халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс - тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

«Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам» Олар: жалған айтпадым; жақсылықты сатпадым; һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.

Рухани - адамгершілік - адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды. Бір минутқа да күмәнданбаймын осы бір болмыстың барлық ежелгі сұрақтарына жауап беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды жаңғырту керек, өзіңнің бастауыңа оралуың қажет. С. А. Назарбаева.

«Өзіңді өзің танысаң істің басы . . . » Ш. Құдайбердіұлы ( 1858-1931) Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы: «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар - ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді, жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - арұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды. Жалпыадамзаттық құндылықтар адам бойында тумысынан болады. Рух дегеніміз жалпыадамзаттық құндылықтардың жиынтығы.

Жалпыадамзаттық құндылықты оқыту Оқыту үрдісіне

жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі. Мейірімді мінесіз адам білімді адам болып саналмайды.

Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Бүкіл әлемдік даму үдерісі жаһандануға алып келмей қоймайды. Бұл үдеріс бүкіл әлемдік жалпыадамзаттық құндылықтардың тұтастығын талап етеді.

Жеке тұлғалық

Қоғамдық

Экологиялық
Жеке тұлғалық:

Зияткерлік (ақпарат көп, бірақ жүйелі

ойланудың, зерделеудің жоқтығы) .

Қоғамдық:

Экономикалық(мамандар көп, бірақ көп)

Экологиялық: мәселе де

Ресурстық(1800 жылдан 2007 жыл аралығында жер асты отындарын

(мұнай, көмір, т. б. ) жағу нәтижесінде ресурстардың сарқылу қаупі) .

Жеке тұлғалық:

Эмоционалдық

(балалардың назар қою төмендігі, ЖАҚ дұрыс түсінбеуі, жүйкенің жұқаруы) .

Қоғамдық:

Саяси(әлемде жатқан қақтығыстар, көтерілістер)

Экологиялық:

болып саяси

Климаттық(адамның

шаруашылық жүргізу нәтижесінде шығарылатын парниктік газдардың жартысы атмосферада қалады. Парниктік газдар жаһандық жылынудың бірден бір себебі) .

Жеке тұлғалық:

Тәндік (біздің мінез- құлқымыз тән ауруына себебін тигізеді, ауру балалар көбейеді,

суицид, ЖИТС т. б. )

Қоғамдық:

Отбасылық (неке, отбасын бағаламау,

ажырасу)

Мәдени (мәдени ошақтарға бармау және кітап оқу төмендігі) .

Білім беру (ғылыми атақ көп, бірақ дұрыс ойдың болмауы) .

Экологиялық:

Табиғи (қышқылдық жаңбырлар, озон тесіктері, парниктік әсерлер) .

Адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді. Қоғамдық дағдардыстың себебі болып қоғамдық қатынастардың барлық түрлерінде көруге болады. Табиғи байлықтың өзгеруіне, ресурстарға, қоршаған ортаның ластануына, табиғи байлықтардың азаюына, табиғи байлықты қолдану туралы заңына байланысты дағдарыс.

Адамдар арасындағы өзара байланыстың субьективті бастан өткеріліп, обьективті түрде бірлескен іс-әрекет пен қарым-қатынас үрдісінде адамдардың бір-біріне әсер етуі тәсілдерімен және мінез-құлықтан көрініс береді. Қоғамдық дағдардыстың себебі болып қоғамдық қатынастардың барлық түрлерінде көруге болады.

Зияткерлік дағдарыс

Европалық бір топ ғалымдардың жаңа зерттеулерінің нәтижесі бойынша, қазіргі адамдардың жүз, екі жүз жыл бұрын өмір сүрген ата - бабаларынан ақыл-ойы бойынша төмендігін көрсетті. Айырмашылық ақыл - ой коэффиценті (IQ) бойынша 14 балды құрады.

Дэвид ди Сальвоның айтуы бойынша, IQ әрбір он жыл сайын 1, 23 балға төмендеп отырған, жалпы алғанда зерттеу жұмыстары жүргізілгеннен бастап 14 балға төмендеген.

Зерттеу жүргізгендердің бірі ағылшын ғалымы Майкл Шайердің айтуы бойынша, оның себебі - адамның зияткерлік дамуына мүмкіндік бермейтін, қазіргі мәдениет, компьютер заманы.

Эмоционалды күйіну (ағылш. Burnout ) түсінігі ұзақ мерзімді өзіндік дәрменсіздік, қажу, әрекетсіздік күйін білдіреді. Бұл терминді 1974 жылы американдық ғалым Дж. Х. Фрейденбергер кәсіби көмек кезіндегі толық эмоционалды атмосферада клиенттер мен науқастармен қарқынды және тығыз қарым-қатынаста болатын сау адамдардың күйзелістік жағдайларын сипаттау үшін еңгізген. Эмоционалды дағдарыс нәтижесінде, неврологиялық ауытқуларға, психосоматикалық ауруларға алып келуі мүмкін. (Ш. А. Амонашвилидің атасы жайында «Жүрекке ой салу» жайында мысал) .

Рим клубы -1968 жылы құрылған әлемдік саяси, қаржылық, мәдени және ғылыми элитаның өкілдерінен біріктірілген халықаралық қоғамдық ұйым Ғылыми-техникалық революция дәуіріндегі адамзат дамуының ерекшеліктерін терең түсіну мақсатында итальяндық экономист А. Печчеи Рим клубы президентіне сайланды. Оған әлемдегі 30 дамыған елдердің 100-ге тарта белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері енген. Рим клубының негізгі бағыттары: адамның қажеттіліктері мен тұтынушылықтарына шек қою. 1972 жылы Рим клубы алғашқы баяндамасында: табиғи ресурстардың сарқылғандығы, апатты жағдайлардың орын алғандығы көрсетілген. Нәтижесінде көптеген елдерде қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар қабылданды.

Тұтынушылық идеология тұлғаның рухани дамуына нұқсан келтіреді. Шығу жолы: «жаңа аскетизм» идеологиясын қабылдау. Материалдық құндылықты рухани құндылыққа қайта бағдарлау қажет. А. Печчеи: Адам өзін-өзі өзгертуді ойлауы керек. Өндірістің ұлғаюын тежеп, тұтынушылық идеологияны рухани жетілуге қайта бағыттауы тиіс. Мәселенің шешімі - адамның рухани дүниесінде. Философтардың пікірінше, адамзаттың ең негізгі, өзекті мәселелері экономикалық та, саяси да, ғылыми да емес, ең бірінші - рухани-адамгершілік.

Конфуций Б. з. б 551ж -Данышпанның жауабы: Гун ақылды, бірақ жалқау, Лу ержүрек, бірақ ақылды емес, Чжан еңбекқор, бірақ қызғаншақ. Гун ақылдың жалқауға бақыт әкелмейтінін білмейді. Лу ержүректіктің абайламаса өлімге апаратынын білмейді. Чжанның еңбекқорлығы қызғаныштықпен бірге өмір сүре аламайтынын білмейді деп жауап беріпті.

Жаһандық мәселелерді тек адамның қасиеттерін өзгерту арқылы ғана шешуге болады. Ол үшін жаңа гуманизм қажет. Оған кіретін құндылықтар: жаhандық (ақиқат, тыныштық) ; - әділетке деген сүйіспеншілік (сүйіспеншілік, дұрыс әрекет) ; - зорлыққа наразылық білдіру; (қиянат жасамау) ;

Адамның жаны тыныш болса, отбасында татулық орнайды Отбасында тыныштық болса, қоғамда татулық орнайды Қоғамда тыныштық болса, мемлекетте татулық орнайды Мемлекетте тыныштық болса, бүкіл әлемде татулық орнайды

«Өзін-өзі тану әлемінде әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап қуаттандырсақ, жүрегі нұрға толы, жан-жағына шуағын шашып тұрған мейірімді адал, елін, жерін, тілін, отбасын сүйетін адал адам тәрбиелейтініміз сөзсіз. » С. А. Назарбаева «Өзін-өзі тану» жобасы аясында іске асып жатқан рухани-адамгершілік білім жүйесінің мәні ерекше.

Қорытынды:

Рухани-адамгершілік - жалпыадамзатты біріктіреді.

Рухани-адамгершілік - әрбір адам бойындағы сүйіспеншілікпен, ақиқатты тануымен, ар-ождандық қасиеттері мен құндылықтарымен ерекшеленеді.

Руханилық - өмірде аса маңызды да биік нәрсенің бар екеніне обастан-ақ саналы немесе саналы емес бағдар. Ол адамның шындыққа, мейірімділікке, сұлулыққа деген табиғи, үнемі қажетті іңкәрлігі мен құштарлыққа ұмтылысынан көрінеді.

ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа технологияны игеріп өнеркәсіпті елдерде өмір сүретін миллиондаған адамдардың тіршілігінің өзгеруіне және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге алып келді. Әлемдегі елдердің ғылыми байланыстарының аясы кеңейіп, әлемдік ғылыми біртұтастық пайда болды. Осы қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудің алғы бастамасы болды. Бұл үдерістің көріністерінің бірі ретінде алдыңғы қатарлы дамыған елдерде және әртүрлі континенттердегі ұлтаралық бірлестіктерде бірыңғай ұйымдастырушылық мәдениетінің түрлерімен жұмыс жүргізе бастады. «Дүниенің тұтастығы» дегеніміз - дүниежүзілік көлемде өндірісті дамыту мен әлемдік мәселелердің туындауы негізінде пайда болған адамдар мен халықтардың өзара тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. «Дүниенің тұтастығы» - қазіргі замаңцағы адамзат пен бірыңғай жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасуына негіз болды. Демек, адамзат баласының басын біріктіретін «жаңа заман мәде¬ниетінің» тағдыры - адамзаттық құндылықтарға, гуманизмге, адам құқын қорғау қозғалысын дамытуға, ғылыми білім мен алдыңғы қатарлы технологияны дамытуға, ұлттық мәдениеттердің өзара байланысына, қоршаған орта мен өмірге, экологиялық қатынасқа тікелей байланысты. XX ғасыр дүниежүзінде түрлі мәдениеттердің өмір сүретіндігін жоққа шығар- ған, бірыңғайға келтірілген «гуманистік моно-мәдениеттің» екі үлгісін бастан кешірді. Оның біріншісі - «дүниежүзілік пролетарлық революция» (сталинизм) идеясы. Ол таптық құнды¬лықтарды асыра бағалауға негізделген. Екінші модель, бір ғана ұлттық мөдениеттің, бір ғана ұлт пен мыңжылдық рейх (герман фашизмі) мемлекетінің үстемдігіне негізделді. Бұл жағдайлардың салдарынан миллиондаған адамдар қазіргі заман мәдениетінің жалпы адамзаттық сипаты туралы идеяны басқаша қабылдады. Осы себепті мәдениеттің «қарсы мәдениетке» айналуы етек алып, әлеуметтік қозғалыстың бұрмаланған түрі пайда болды. Осы орайда, жалпы адамзаттық мәдениетке апаратын қозғалыстың өте күрделі процесс екендігін ерекше атап өткен жөн. Орын алған қарама-қайшылықтарды шешуде түрлі мәдени бағыттарды, көзқарастарды, пікірлерді есепке алмасқа тағы болмайды. Жалпы адамзаттық мәдениет-жолындағы қайшылыққа толы алғашқы «Біз - Олар» жолы - өте күрделі процесс, ал бұл формулаға сүйенсек тағылық заманға қайтып оралған болар едік.

Тапсырма:

Ғаламдық заманауи проблемаларды топтарда талқылау және оларды шешудің жолдары. Әр топ дағдарыстың бір түрінен қойылым және руханиадамгершілік білім берудің көмегімен одан шығудың жолдарын көрсетеді. Білімдік сферасын руханилық және ізгілік бағытында жаңартудың қажеттілігін топтарда талқылау.

1. 2 Тарихи ретроспективте рухани-адамгершілік білім беру.

«Өзіңді-өзің тану-рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі» С. А. Назарбаева

Әлемдік рухани тұлғалар рухани - адамгершілік білім туралы Әбу Насыр Әл - Фараби жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт дейді:

1. Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; 2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;

3. Сабақ процесінің алатын орны.

Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде.

1. Адамның кемелділігі неде?

2. Бақытқа қалай қол жеткізуге болады?

3. Бақытқа апаратын мінез-құлық қандай?

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды. сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің сөздерін естіп жүрген кісі өзі де есті болады. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады» - деп жазады. «Он тоғызыншы қара сөзі» Абай Құнанбаев

Ұлы ойшыл, кемеңгер Әбу-Насыр әл-Фараби: “Адамдар бақытты болуы үшін біріне бірі көмектесіп отыру мақсатымен бірлескен қала ізгі қала болады. Халқы бақытқа жету үшін өзара көмектесіп отырған қоғам да ізгі қоғам болады. Қалалардың бәрі бақытқа жету жолында біріне бірі көмектесіп тұратын халық ізгі халық болады. Сол сияқты, халықтардың бәрі бақытқа ұмтылып, біріне бірі көмектесіп отырса, бүкіл жер жүзі ізгі болар еді” дегендей, осы асыл мұраларды, жалпыадамзаттық құндылықтарды көпшіліктің бірлесе әрекет етуі арқасында ғана қол жеткізуге болады. Сондықтан баршаңызды осы игі істің жолында олжа салуға мүмкіндігіңіздің бар екендігін айтқым келеді.

Абайдың адамгершілік, әдептік нормалары І-талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамсаң, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады . ІІ- талабы - тұрақтылық, «Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын» дейді. ІІІ-талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі. Абай Құнанбаев 1845-1904 ж. ж.

Махаббат, достық, бауырмалдық - адамның ең бір асыл қасиеттері.

Ғабит Мүсірепов

«Әрбір ел келешегіне негізді балаларын тәрбиелейтін, даярлайтын мектебімен салмақ. Бір елдің тағдыры - мектебінің құрылысына байланысқан нәрсе». Бұл ескірмейтін игі сөз, өзгермейтін бір шындық. Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізге құрылуына барып тіреледі. Мағжан Жұмабаев

«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы - еңбек пен ата - ана үлгісі» Ы. Алтынсарин

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. М. О. Әуезов

ХХІ ғасырдың табалдырығын аттаған еліміз әлемнің 50 елінің қатарына кіруге бет алды. Сондықтан еліміздің туын асқақтатар білімді, білікті, адамгершілігі жоғары ұрпақ тәрбиелеу - біздің алдымыздағы ең басты міндет. Ал ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік тәрбиесінің маңызы қай қоғамда, қай кезеңде болмасын күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған дәлел Аристотельдің «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» - деген сөзі дәлел.

Осы тұрғыда жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани - адамгершілік тәрбие беру өзекті мәселе ретінде қарастыралады.

«Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті» деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар. Өйткені ұрпақ тағдыры дегеніміз - ұлт тағдыры. Әрбір қоғамның дамуына байланысты бұл мәселе әрқалай шешіліп отыр. Қазіргі таңдағы ағымда оңай болып отырған жоқ. Біз қайда бара жатырмыз, қандай ұрпақты тәрбиелеп жатырмыз, алдымызда не күтіп тұр деген сұрақ әрбір ата-ананың, әрбір педагогтың көкейінде тұр.

Француз жазушысы әрі философы Жан-Жак Руссо өзінің «Эмиль немесе тәрбие туралы» атты кітабында «баланы өмір сүруге үйрету керек» деп жазған болатын, өйткені өмір сүру адамның - ең басты мақсаты мен міндеті. Ал өмір сүру дегеніміз өмірдің әрбір мезетін, әрбір көрінісін толыққанды, бар мүмкіншіліктерімен, мүшелерімен сезіну. Дана деп көп ғұмыр сүрген адамды емес, өмірді жан - жақты сезіне білген адамды атамаймыз ба?!

Сондықтан да шәкірт оқу орнының табалдырығынан қандай да бір ғылым иемденіп қана емес, бірінші кезекте адам болып шығуы қажет. Ол өз жүрегі мен жанын өмірге және басқа адамдарға айқара ашқан, жалған қағидаларды ұстанбайтын, дүниеге өз көзқарасы бар тұлға болуы керек. Адам болу дегеніміз адамгершілік қағидалар мен құндылықтарды ұстану, өмірдің мәнін өзіңнен емес, басқадан көру. «Өзің үшін!» қағидасының «Өзге үшін!» ұстанымынан бәсең болуы. Адамгершіліксіз білімнің еш қажеті жоқ екендігін ХХ-шы ғасыр дәлелдеді емес пе?!

Сол себепті де ұстаздың басты мақсаты - шәкірттерін адам болуға баулу деп тұжырымдауға тұрарлық. Әрбір пән, әрбір сабақ, әрбір тақырып осы мақсатты жүзеге асыруға бағытталуы керек. Керек десеңіз, олардың барлығы да тек осы мақсаттың құралы ғана.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дербес ерекшеліктердің психофизиологиясы
Жеке адамның психологиялық құрылымы мен ерекшеліктері
Рухани дүниенің құндылықтық-жалпыадамзаттық маңызы
Қазақ тілі 2 сынып оқулығының құрылымы мен құрылысы
Басқару процесінің ұғымы
Басқару қызметінің дәлел- дәйектері (мотивациялау)
Экология және экологиялық мәдениет
Айнымалы токтар
Электрлік фильтрлер
Шайбани ханның қазақтарға жасаған жорықтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz