Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Қоғамның әлеуметтік нормалары
1.1 Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі-нышандары
1.2 Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
2. Әлеуметтік нормалардың саралануы
2.1 Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрып нормалары, техникалық және саяси нормалар
2.2 Құқықтық нормалар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Әлеуметтік нормалар тақырыбындағы курстық жұмыста, белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі, яғни нормалар ұғымы, сипаты және белгі-нышандары қарастырылған. Сонымен қатар норма түрлері, саралануы да кеңінен қаралады.
Курстық жүмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қоғамның әлеуметтік нормалары, олардың түсінігі, сипаттары мен түрлері ашып жазылды. Екінші бөлімде әлеуметтік нормалардың саралануы мен олардың түрлеріне анықтама беріліп, мысалдар қаралды. Ал, қорытынды бөлімінде жоғарыда жазылған бөлімдерге талдау жасалынды.
Әлеуметтік норма, оның ішінде азаматтық өмірде жиі кездесетін әдет- ғұрып, діни нормаларды біз сияқты жастар көңілге тоқып, оқып, өмірде қолданып жүрсе, келеңсіз жағдайларға кездеспес еді деп ойлаймын. Сондықтан Әлеуметтік нормалар тақырыбына жазылған курстық жұмыс өмірде керекті тақырып болғандықтан, барынша ашып, мазмұнын, анықтамасына толық мән бердім.
1. Қоғамның әлеуметтік нормалары.
1.1Әлеуметтік нормалардың түсінігі мен сипаты, белгі-нышандары.
Өркениетте адамдардың күнделікті өмірінде және қызметтерінде қолданылатын көптеген әр түрлі нормалар мен құқықтар пайда бола бастады. Соның ішінде: моральдық, құқықтық, саяси, эстетикалық, корпоративтік, адамгершілік, діни, дәстүрлі, әдет-ғұрып.
Норма-бұл белгілі әлеуметтік қоғамның қатысушыларының іс-әрекеттерінің үлгісі. Бұларсыз еш мемлекет те қоғамда болмайды. Заңгерлер көбінесе құқықтық нормаларды зерттейді. Барлық нормалар бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, олар үнемі басқа әлеуметтік нормалармен салыстырып отырады.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар.
Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:
1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады мақсат,ой-арман,рухани құндылық т.б.
2) белгілі ір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3) қоғамдық ұйғарымның санкцияның негізі болуы керек.
Заң ғылымы қоғамдағы нормаларды екі үлкен топқа бөледі:әлеуметтік және техникалық. Бұл жалпы бөлудің өзіндік мәні бар. Екі топтыңда өздеріне тән ерекшеліктері, негіздері болады. Құқықтанушылар техникалық нормаларды зерттеумен көп шұғылданбайды-бұл олардың қызметі емес.Олар тек өздерінің мамандықтарына қажет жағдайда ғана айналысады және техникалық норманы әлеуметтік нормадан ажыратулары қажет. Бір-бірінің объективтік критериялары мен ерекшеліктерін бөліп көрсету өте маңызды.Техникалық норма мен әлеуметтік норма өздерінің зерттеу объектісі бойынша ерекшеленеді.
Әлеуметтік норма-адамдардың бір-бірінің, адамдардың бірлестіктермен қарым-қатынасын, басқаша айтқанда әлеуметтік өмірді реттесе, ал техникалық нормалар адамдардың ішкі ортамен, табиғатпен, техникамен қарым-қатынастарын реттейді. Бұл қарым-қатынас адам және машина, адам және еңбек құралы,адам және өнеркәсіп типінде болады. Көрсетілген қарым-қатынастың ерекшелігі -екінші бір жағында жансыз заттар болады. Сондықтан оларды жартылай әлеуметтік маңызға ие деп айтуға болады. Техникалық нормалар ғылыми әдістерді, техникалық операциялар мен процестердің тәсілдерін анықтап отырады.Әрине, техникалық нормаларды табиғат құбылыстарымен, заңдарымен салыстыруға болмайды.Біріншісі адамдар қолымен құрылса, екіншісі адамадардың еркіне байланысты емес.Әлеуметтік және техникалық нормалар мазмұны, құрылымы жағынанда бір-бірінен ерекшеленеді.Техникалық норма мен әлеуметтік норманың ұқсастығы - екеуіде адамдардың қызметімен тығыз байланысты,ал ерекшелігі - олардың зерттеу объектісі мен тәсілдерінің әртүрлілігі.
Әлеуметтік норма - бұл адамдарға қажетті және қажетті емес шекараны көрсететін объективті маңызды ереже. Әлеуметтік норма қоғамдық дамуда әртүрлі заңдылықта көрініс табады. Тарих дамуындағы объективтік заңдар норма болып табылмайды. Мұның соңғылары өмірге адамдар қоғамымен, әлеуметтік тәжірибе арқылы келеді. Біреулері уақыты келгенде жойылады, басқалары пайда болып,өзгереді, ал үшіншілері белгілі топ немесе билік деп аталады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік норманың пайда болуы, қалыптасуы субъективті фактор болып табылады. Олар адамдармен жасалады және объективті қажеттілік деп түсіндіріледі. Мысалы:құқықтық норманың пайда болуы туралы Энгельс былай деді: Қоғамның алғашқы даму кезеңінде күн сайын қайталанатын өнеркәсіп актісі, азық-түлікті бөлу немесе айырбастау, өнеркәсіп туралы жалпы ережелерге әрбір жеке тұлғаның бағыну қажеттілігі туындайды. Бұл ереже ең алдымен салт-дәстүрде көрініс табады.Содан соң заң болып қалыптасады.
Құқық басқа нормативтік жүйелерден кейін және солардың негізінде қалыптасады. Ол экономикалық, басқада қатынастарды қатаң және мақсатты бағытта реттей бастады.Бұрынғы қоғамдық билік пен қатар ерекше бір аппаратқа сүйенетін,белгіленген заңдарға бағынбаған кезде мәжбүрлеу шараларын қолданатын көпшілік билік пайда болды.Әлеуметтік нормалардың пайда болуы қарым-қатынастың әлеуметтену процесімен,адамадардың ерекше табиғи-биологиялық және қоғамдық тұлға ретінде танылуымен байланысты болды. Норма, ереже ұғымдары тең және ауыспалы мағынада қолданылды. Әдетте олар әдебиеттерде, анықтамалық баспаларда бірінен соң бірі анықталады: норма-бұл ереже, ереже-бұл норма. Алайда мұқият зерделеп қараса, норма ұғымына қарағанда, ереже өте тар термин.Соған байланысты бір-бірімен сәйкес келе бермейді. Құқықтық нормалар өзінің құрылымы жағынан өте күрделі. Мұнда ереже тек оның диспозициясында ғана көрініс табады. Ал, нормалардың көбі маңызды өте бай келеді.
Әлеуметтік норма- жай ерікті іс-әрекеттің абслютті ережесі емес. Ол сонымен қатар өмірде, тәжірибеде дәлелденген нағыз іс-әрекеттерді білдіреді. Бұл жағдайда нағыз іс-әрекеттер ереже болып қалыптасады.
Норма-бұл белгілі бір нәтижеге, мақсатқа бағытталған қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің өлшемі. Әлеуметтік норма кез-келген нәрсені емес, кеңінен таралған қарым-қатынастарды реттейді. Кездейсоқ байланыстар, әрекеттер нормада көрініс таппайды. Норма үнемі сыртқы және ішкі қарым-қатынастарды реттеуге бағыталған.
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін,ең алдымен,оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әреуметтік нормалары қалыптасады да,олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады. Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан,тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап,болашақ іс-әрекетінің қажетті құралы ретіндепайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып,олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін,олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет.Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады.Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр,әдет-ғұрып,моральдық және құқықтық нормалар, саяси,діни,эстетикалық қағидалар және ұйымдастрыу-техникалық ережелер жатады. Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап,ішкі сенім-ниетіне айналдыруы-қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.
Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі-нормаларды саналы түрде меңгеру,бұл процестің екінші практикалық жағы- сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне,нормасына,дағдысына айналдыру.Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық қатынастарды жетілдіруге,болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Әлеуметтік нормалардың белгі - нышандары:
1.Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің,тәртібінің қоғамдық ережесі.Жеке адамдар ұжымдар,бірлестіктер,одақтар,ұйымда р осы ережеге сәйкес өмір сүруге,жұмыс жасауға тырысады.
2.Әлеуметтік нормалар-қоғамдық дәрежедегі ереже,бұл нормаларды дұрыс,жақсы орындау бар азаматтардың,барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтыңсөгісіне,сынына душар болады,жауапкершілікке тартылады.
3.Әлеуметтік нормалар-жай ғана ереже емес,ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже.Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп,сарапталып,қалыптасқан нормалар.
Міне осы көрсетілген белгі-нышандары,ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың,қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды.Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
-құқық нормасы;
-моральдық нормалар: жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік-әділетсіздік, достық-қастық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б қасиеттер;
-саяси нормалар;
-эстетикалық нормалар;
-қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
-адамгершілік нормалары-олар адамдарды жақсылыққа, инабаттылыққа, парасаттылыққа, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді;
-әдет-ғұрып нормалары:адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
-салт-дәстүр нормалары: әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасқан дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
-діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе-адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады.Әлеуметтік норма-қоғамдағы адамдардың,ұйымдардың,ұжымдардың ара қатынасының,іс-әрекетінің,мінез-тәр тібінің ережесі.Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты,бір қоғамдық саясатты,бір әлеуметтік тұрмысты,бір мәдениетті,бір мүдде-мақсатты қорғап,дамытады. Сонымен,әлеуметтік нормаларды әдет-ғұрып,діни нормаларының,қоғамдық,корпоративтік ұйымдардың нормаларының,мораль нормаларының,құқық нормаларының жиынтығы құрайды.
Әлеуметтік нормалар-бұл адамдардың арасындағы қатынастарды реттейтін мінез-құлық ережесі болса,техникалық нормалар адамдардың табиғатқа,техникаға,өндірістік құрал-жабдықтарға қатыстығын сипаттайтын ереже.Ал,техникалық -құқықтық нормалар, заңдарда бекітілген техникалық нормалар болып табылады.Әлеуметтік нормалардың белгілері болып табылатындар:
1.Бұл мінез-құлық ережелері;
2.Ортақ және жалпы міндеттілік мәнділігі;
3.Адамдардыңсаналы-ерікті қызметі нәтижесінде пайда болуы;
4.Адамдардың бірлестігімен және тиісті құралдармен қамтамасыз етілуі;
5.Қоғамның даму деңгейі мен шарттасуы;
6.Қоғамдық қатынастарды реттеуі.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек:біріншісі-қоғамдық мүдде-мақсатты орындау,іске асыру бағыты;екіншісі-жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,дамыту бағыты.
Сонымен, әлеуметтік норма-қоғам қабылдаған адамдардың мінез-құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелерімен оларды реттеп-басқару нормалардың жиынтығы. Техникалық нормалар - бұл адамдардың еңбек құралдарын және табиғи заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мелекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а) бұл жердегі реттеу пәні тек әлеуметтік сипатта емес; ә) субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы әлеммен, табиғатпен, техникамен де байланысты.Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор.Табиғатпен байланысты қоғамның барлық салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.
1.1Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні.
Мораль нормалары- қоғам өміріндегі процестерде табиғи жолдармен қалыптасқан адамдардың қайырырымдылық пен зұлымдықтар,әділеттілік пен әділетсіздіктер,ар-ожданы жөніндегі талаптардың жиынтық ережесі. Мораль-қоғамдық сананың бір формасы,маңызды әлеуметтік институт.Ол белгілі өмірлік қалыптасқан көзқарастарды, бағалауларды соның негізінде пайда болатын тәртіп нормаларын, адамдардың бір-біріне, мемлекетке, отбасына, жалпы қоршаған ортасына деген қарым-қатынастарын білдіреді. Келтірілген негіздемелер тек жалпы моральды бір ғана қырынан танытады. Оның мазмұны және құрылымы өте кең. Моральдағы ең маңыздысы-жақсылық пен жамандықтың көрініс алуы. Адамгершілік адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы ғана емес, өзіне деген көзқарасы, ар-намысы, сыйластығы, өзін тұлға ретінде түйсінуі.И.Кант: Кімде-кім өзін құртқа айналдырса,аяқпен басып - жаншылдым деп арызданбауы керек - деп көрсетті. Маңызды әлеуметтік құндылықтар, яғни ар, намыс бұлар заңмен қорғалады. Ар-өмірденде артық. Осыған байланысты халық даналығында мынандай сөз бар: Малым- жанымның садағасы,жаным -арымның садағасы. Шындық және өтірікте моральдың бір бөлшегі болып табылады. Тұлға үшін жоғарғы заңда, жоғарғы сотта өзінің жеке ұяты саналады. Себебі, ол адамгершілігінің ең толық, терең белгісінің бірі деп саналады.
Мораль- бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі.
2.Әлеуметтік нормалардың түрлері.
2.1.Діни нормалар, корпоративтік нормалар, әдет-ғұрып нормалары. Техникалық және саяси нормалар.
Діни нормалар азамат тарихында жаратқан иемізден жер бетіне төрт кітап,өсиет түскен. Мұса пайғамбарға-Тауарт,Дәуіт пайғамбарға-Забур,Исаға-Інжіл және ең соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке-Құранды жіберді.Діни нормалар осы кітаптарда және діни ілімдерде көрсетілген талаптар мен ережелердің жиынтығы.Діни нормалардың өзіне тән мынадай ерекшеліктері бар:
а)Орындау жеке адамның өз еркімен болады. Дінде зорлық жоқ,-деп көрсетілген қасиетті Құранда.
б)Діни нормалар зайырлы мемлекеттерде адам және азаматтардың бәріне бірдей міндетті емес.Дін мемлекеттен,мешіт мектептен бөлінген.Діни нормаларды қабылдау әркімнің жеке басының ісі.Ал мұсылман мемлекеттерінде,әсіресе ислам діні мемлекеттік дәреже санатындағы Сауд Арабиясы,Иран,Пәкістан,Марокко,Йеме н,Біріккен Араб Эмираттары сияқты 28-ге жуық елдерде діни нормаларды орындау өздерінің барлық азаматтарына міндеттелінген.
в)Мемлекетт діни нормаларын уағыздайтын қоғам,ұйымдардың қызметтерінің антиконституциялық насихатқа жол бермеуін қадағалайды,қажет болған жағдайға сот арқылы тиым салады.
г)Діни нормаларын насихаттау арқылы гуманизм,адамгершілік сияқты қағидаларды іс жүзіне асыру қажеттігі бүкіл қоғамға пайдалы жемістерін бермек.Діни нормалар құдайға құлшылық етуге шақырып,құқық бұзушылықты ең ауыр күнә деп таниды.
Діни нормалар- деп әртүрлі діндермен орнықтырылған және осы дінге сенуші тұлғаларға міндетті болып табылатын ережелерді атайды. Олар әртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тәуратта, буддистердің діни кітаптарындажәне т.б.. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының және қызмет етуінің тәртібін анықтайды, діни рәсімдердіорындау, шіркеулік қызмет тәртіптерін реттейді.
Тарихқа көз жүгіртетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz