Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
БҰҰ курстық жұмыс
ЖОСПАР:

I.КІРІСПЕ

ІI НЕГІЗГІ БӨЛІМ. БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ:
2.1 БҰҰ-ның Жарғысы
2.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы
2.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы
2.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті
2.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы

ІІI. ҚАҚСТАН МЕН БҰҰ-НЫҢ АРНАЙЫ МЕКЕМЕЛЕРІ
3.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)
3.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО)
3.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)
3.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)
3.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)
3.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО)

IV. ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ:
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері

V. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
VI. ҚОРЫТЫНДЫ
VII. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазіргі уақыттағы ең беделді, әрі күрделі құрылымды халықаралық ұйымдардың арасында 1945 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси салмағы басым. Қазақстан Республикасы үшін БҰҰ - мен бірлесіп әрекет етуі - еліміздің сыртқы саяси қызметінің ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады сондықтанда өзімнің таңдаған жұмыстың тақырыбы өзекті әр маңызы зор деп санаймын.

АҚШ президенті Франклин Рузвельт ұсынған Біріккен Ұлттар атауы, алғаш рет бірінші қаңтар 1942 жылы Біріккен Ұлттар Декларациясында қолданылды, бұл кезде екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы жиырма алты мемлекеттің өкілдері, өз мемлекеттерінің атынан соғысқа қарсы бірігіп күрес жүргізетіндерін хабарлады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен халықаралық ұйымды құру жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы -- халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы - халықаралық құқықтың жалпы мақсаттары мен қағидаларын анықтайтын, әскери, экономикалық, әлеуметтік, мәдени қатынастардағы мемлкеттің жүріс-тұрысының кодексі болатын, барлық мемлекеттер үшін міндетті халықаралық құжат.

Біріккен Ұлттар Ұйымы ресми түрде 1945 жылдың 24 қазанынан бері қызмет жасайды. Оны құрып, негізін салушылар деп АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Кеңес Одағы мемлекеттері аталды. Жыл сайын жиырма төртінші қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні деп тойланады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары төмендегідей:

-- Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-- Халықтар теңдігі қағидасы негізінде ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды дамыту;

-- Экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық сипаттағы халықаралық проблемаларды шешуге көмектесу;

-- Осы аталған мақсаттарға жетудегі ұлттардың іс-әрекеттерін біріктіретін орталық болу.

Біріккен Ұлттар Ұйымы мынадай қағидаларға сай қызмет жасайды:

-- Оның барлық мүшелері тәуелсіз теңдікке ие.

-- Мүшелердің барлығы Жарғыдағы міндеттемелерін толық әрі дұрыс орындаулары тиіс.

-Олар өздерінің халықаралық дауларын бейбітшілік құралдарымен шешулері тиіс.

-- Басқа мемлекетке қарсы қару қолдану ойынан аулақ болулары тиіс.

Бейбітшілікті қолдайтын, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысының міндеттемесін толық әрі бұлжытпай орындауға дайын кез келген мемлекет ұйымның мүшесі болып қабылдана алады. 14 қыркүйек 1999 жылғы есеп бойынша БҰҰ-ң мүшелігіне дүние жүзіндегі 188 мемлекет енген.[1] Қазақстан Республикасы БҰҰ-на екінші наурыз 1992 жылы мүше болды.

2006 жылғы 2 наурызда Қазақстанның бүгінгі таңда 190 мүше-мемлекеттерді біріктіретін Біріккен Ұлттар Ұйымына қабыданғанына 14 жыл толды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46 сессиясында Қазақстан Республикасын БҰҰ-ға қабылдау жөніндегі Қарары бірауыздан мақұлданды. Біздің көпұлтты халқымыз үшін бұл оқиғаның орасан зор тарихи маңызы болды. Ол халықаралық коғамдастықтың Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде танығанын көрсетіп берді.[2]

Жұмысымның мақсаты таңдаған тақырыптың - БҰҰ-дағы Қазақстанның қызметін ашу, еліміздің БҰҰ даму бағдарламаларын жүзеге асырудағы ролі, белсенділігіне қатысты өзекті мәселелерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еліміз БҰҰ
Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы
Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі
Біріккен ұлттар ұйымы әмбебап ұйым ретінде
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
Біріккен Ұлттар Ұйымының тарихы
Халықаралық құқықты дамыту бағыттары
Мемлекеттер халықаралық құқықтың басты субъектілері
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы, хатшысы
Біріккен Ұлттар Ұйымы туралы мәлімет
Пәндер