Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А.БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем

Тексерген: Шаяз Жанерке
Орындаған: Түймебекова Алия

2020 жыл

Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ғалымдардың еңбектеріндегі жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің жіктемесі
2. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері
3. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерінің байланысу жолдары
а) Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
3. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерге келтірілген мысалдар
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Жұмыстың нысаны: жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер
Жұмыстың өзектілігі: мәтіндерде кездесетін жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдерді талдауда ажырату жолдары
Жұмыстың мақсаты: ғалымдардың жасаған тұжырымдамаларында жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің жіктелуіне тоқталып, ерекшеліктерді байқау. Сөйлемдерде кездесу өзгешеліктерін айқындау.

Лингвистикада қарастыратын мәселе өте көп. Сонау фонетикадан бастап синтаксиске дейін ғалымдардың түрлі еңбектері, зерттеулері, тұжырымдамалары мен теориялары қазіргі кезде университет қабырғасында қарастырылып келеді, ал мектепте болса белгіленген бағдарлама бойынша бекітілген заңдылықтар, теориялар мен жаттығулар оқушыларға бүгінгі күнге дейін оқытылуда.
Осылайша аталған тақырыптардың күрделісі де, ауқымы кең мәселені синтаксистен көре аламыз. Аталмыш сөйлемдердің тұлғалық, құрылымдық классификациясында айтылатын ережелер мен мысалдарда қиындық тудыратындары да бар. Мені қызықтырған, толы сұрақтарға ұшыратқан тақырыптардың бірі - жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдердің ерекшеліктері. Жалпы құрмалас сөйлемдердің зерттелуі, сабақтас құрмалас сөйлемдерден айырмашылығы, әсіресе, жалғаулықты салаластан жалқаулықсыз салаластың ара жігі, көркем мәтіндерде қолданылуы, тыныс белгілердің қойылу өзгешеліктері, жалғаулықсыз салаластың түрлерін ажырату сияқты ойымдағы түрлі сауалдарды ашып, түсінгім келді. Сонымен қатар жалпы күнделікті өмірде жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемдер көбіне қолданылады деген ойдамын, ал жалғаулықты салаластар айталық көркем шығармада, әдеби нормадағы ақпараттық құралдарда қолданылады. Менің міндеттеріме - оқушыларға салаластың екі жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерін ажыратып, олардың белгілерін айқындап, мәтіндерде кездесетін түрлеріне қарай, орфографиялық, орфоэпиялық қателіктерді болдырмау болып табылады. Қазақ тіл білімінің іргетасын қалаушы А.Байтұрсыновтың Тіл тағылымында құрмалас сөйлемдердің құрылуынша айырылатын түрлері мағана жақындығынан басқа қисын жақындағы бар сөйлемдер құрмалас деліп аталады деп жазды. [1, 300 б.] Оның ішінде сөйлемдердің құрмаласуы екі түрлі : 1) сыйыса құрмаласу, 2) қиыса құрмаласу. Қиыса құрмаласса, сөйлем қиысулы құрмалас деп атады. Қиысулы құрмалас бір-біріне тең болып та, кем болып та қиысады дейді. Қиысулы құрмаластағы сөйлемдер тең болса, салалас делінеді. Салаластың жіктелуінде 5 түрлі болып бөлінеді екен: 1) жиылыңқы, 2)қайырыңқы, 3) айырыңқы, 4) сұйылыңқы, 5) қойылыңқы. Ахмет Байтұрсынұлы жиылыңқы, қайырыңқы, сұйылыңқы түрлеріне мысал келтіргенде қазіргі кездегі жалғаулықсыз салалас құрмаластың құрылымына сай келеді.
Мысалы: Қылыш жарасы бітер, сөз жарасы бітпес (осындағы мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып тұр, мұны біз жалғаулықсыз қарсылықты салалас құрмаласқа жатқыза аламыз немесе сөз жарасы бітпестің алдына бірақ шылауын қойсақ, жалғаулықты қарсылықты салалас құрмалас сөйлемге келеді). Қалған екі түрлері, айырыңқысы - жалғаулықсыз бола алмайтын (оған алда түсінік бере кетемін) талғаулықты салалас құрмалас сөйлемге жатады. Жалпылама осылайша А.Байтұрсыновтың салалас сөйлемдерінен мен жалғаулықсыз құрмаластың жасалуын байқадым. Сонымен қатар бұл еңбекте салалас құрмаластың тыныс белгілеріне атамыз түсініктеме беріп кетеді. Салалас сөйлемдердің аралары әуелі кіші тыныс - теріс үтірмен айырылады. Екінші ортаны тыныс - үтірлі ноқатпен айырылады деді. [1, 302 б] Бұдан ноқат сөзі нүкте делінеді. Бірақ бұл әрине жете жалғаулықсыз салаластың тыныс белгілер қойылу ерекшеліктерімен толықпайды.

Ғалымдардың еңбектеріндегі жалғаулықсыз салалас құрмалас
сөйлемдердің жіктемесі

Қазақ тілінің ескі грамматикалық құралдарында жалғаулықсыз құрмаластар қаралмаған деседі. Тек 1938 жылдан бастап бұл мәселе кітаптарда талқылана бастады. Тек бұл жылы жалғаулықсыздың жалғыз іргелес түрі айтылып жүрді. 1942 жылы болса жалғаулықсыздардың - ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, анықтамалы болып 4-ке бөлініпті. [2, 181 б.]. Яғни, әр жылдар сайын бұл 1946, 1949, 1950, 1953 жылдары жіктелістердің саны өзгеріп отырды. 1948 жылы Н.Сауранбаев пен Ғ.Бегалиев педучилищелерге арналған қазақ тілі грамматикасында жалғаулықсыз салаластарды іргелес дейді де, олардың түр-түрін сөз қылмақ болады. Сәрсен Аманжолов өз Қазақ әдеби тіл синтаксисінің қысқаша курсында жалғаулықсыз салалас түрлерінің біршама болуын қажет етеді, себебі сонда ғана қазақ тілі нормасы сақталып, тілге нұқсан келмейді деген. Бұл айтылан түсініктемеге ол жалғаулықсыздың 11 түрін бөліп көрсеткен. Айталық жалғаулықсыз ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, іліктес, шартты, үлестес, баяншы (түсіндірмелі, анықтамалы), әрқилы, бейтараптық, ұқсастық (теңдес). Меніңше, бұл кісінің мысалдарды қарастырғанда әрбіреуінің формасына, мағынасына терең үңілген. Егерде мысалдарға жалғаулықты шылауларды қосып, мағынасын қарайтын болсақ, үлестес, әрқилы, бейтараптық, ұқсастық (теңдес) жалғаулықсыз салаластар көбіне қарсылықтыға сай келеді. Түсінуімше, бұл лингвист формасына, әр жай сөйлемнің мағынасына жете қараған. Менің мақсатым, әрине, бұрыстықты шығару емес, тек ғалымдардың пікірлерін салыстырып, ережеге сәйкес келетіндігін, сонымен бірге зерттеуші ерекшелігін көрсету. Ол кісінің түйіні мектеп грамматикаларындағы жіктеудің жалғаулықсыз қарсылықты, себеп-салдарлы салас дегендеріне ешбір дау, талас жоқ. Бірақ оларды толықтырып, жасалу жолдарының бәрін көрсетуіміз керек. Ал басқа (ыңғайлас, іліктес, мезгілдес, іргелес, анықтамалы, шарттас, амалдас) түрлері туралы да, басқа формалар туралы да ерекше бас-басына тоқталмаса болмайды деп өз еңбегінің маңыздылығын атап өтеді. [2, 186 б.].

Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда,
жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулық арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келегнде, құрмалас сөйлемнің бір түрін жасаудың екі түрлі тəсілі ғана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз етіп айтуға да болады. Бірақ салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп
айтуға бола береді деген қортынды шықпайды. Салалас құрмалас сөйлемдердің өзара іштей жіктелу түрі олардың жасалу жолдары мен ондағы синтаксистік компоненттердің өзаралық мағыналық қарым-қатынастарына негізделеді. Өйткені салалас құрмаластың синтаксистік компоненттері бір бүтіннің қарамағына түсу үшін, олар бір-бірімен әр түрлі мағыналық қарым-қатынастарда болып отырады. [3, 19 б.]. Қайырболат Есенов салалас құрмалас сөйлемдерінің жасалу жолдарын қарастырғанда, жалғаулықты, жалғаулықсыз деп түрлерін көрсетіп кетеді. Жалпы жалғаулық, жалғаулықсыздардың 8 түрін ұсынады. Яғни 5 түрін жалғаулықты, жалғаулықсыз деп берсе, 7 тек жалғаулықты, 1 тек жалғаулықсызға жатқызады. Әрине бұл дұрыс пікір, себебі кездесетін сөйлемдерге байланысты талғаулықты, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер міндетті түрде жалғаулықсыз бола алмайды, бұл олардың құрылымық формасының қатып қалған заңдылығыда деуге келеді. Ал 1 түсіндірмелі салалас түрі міндетті жалғаулықпен ешқашан келмеу керек дегенге қосылуға міндеттіміз. Мезгілдес салалас сөйлем мұның өзін әр тараптан жасалу жолдарына, маына ажырату ерекшеліктеріне сәйкес бір мезгілдес, әр мезгілдес деп екіге бөліп түсіндіреді. Себептес салалас сөйлем көбіне жалғаулықты түрінің 2-нші компонентінде себебі айтылады, ал жалғаулықсыз түрінде екі компонетте де салдар, себебі кездесе береді. Айыратын басты белгі - жалғаулығының болмайтынында. Қарсылықты салаласты бұл зерттеуші болымды, болымсыз етістік формаларының қатысуы есебінде көрсетеді. Сонымен қатар сөйлемдегі қайшылық мән кейде жеке сөздердің салғастырыла жұмсалуы арқылы да беріледі дейді [3, 36 б.]. Мысалы : қалаған ашсың, қаламаған жапсың. Шартты салалас құрмалас сөйлемде әйтпесе жалғаулығы қолданғанда профессор Сауранбаев бұл жалғаулықта шарттылық мән бар және оған Есенов та қосылады екен. Бірақ әлі күнге дейін әйтпесе жалғаулығы қарсылықты мен талғаулықты салалас түріне жатқызылып жүр демекші, яғни бұл мәселе әлі де қаралуда. Ал жалғаулықсыз түрі сол баяғыша етістіктің бұйрық райымен келеді делік және мүшелік қатынаста келген сөздердің жұмсалуы арқылы да бола алады. Мысалы: Қай жерде маңызды оқиға болсыншы, мен сонда командировкаға барамын [3, 39 б.]. Салыстырмалы салалас сөйлемдер көбіне мақалдарда міндетті кездеседі, яғни құрамындағы бастауыш, анықтауыштары салғастырылып, салыстырылып келеді. Яғни, түсінігімше, қарсы антонимдік мәнде жұмсалады, әрине, бұны мағыналық жағынан ажырату қажеттілігі туады. Ең соңғы міндетті жалғаулықты түрі болмайтын жалғаулықсыздық тән салалас құрмалас - түсіндірмелі салалас туралы ой қозғайтын болсақ... Басты назар 1-інші компоненттің баяндауышында болады, бұнда оның көптеген жасалу жолдары берілген және 2-нші компоненттің біріншідегі хабарлап тұрған оқиғаны түсіндіру мақсат ретінде алынады. Сонымен бірге тілімізде көп компонентті салалас сөйлемдер кездеседі. Оның да жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлері ұшырасады. Көбіне мұндай сөйлемдер көркем әдебиеттегі фольклорлық шығармаларда қамтылады. Және жиі ұшырасатыны - түсіндірмелі салаласта, себебі жасалу формасына баяндауыштары ұқсас келеді.
Қазақ грамматикасында да Сауранбаевша жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер іргелес деп аталып жүр. Ерекше пікір іргелес салалас сөйлемдерді байланыстыруға анафористік сөздер қатысады. Анафористік сөздер деп отырғанымыз - екінші компонеттің құрамына функционалдық мүше ретінде орын алып, ілгері сөйлемнің мазмұнын қарастыратын сөз дегені [4, 695 б.]. Оның басты ерекшелігі грамматикалық құрылысында. Оның грамматикалық құрылысында жалғаулықтардың қатысуын қажет етпейтіндігінде. Іргелеске тән қызметтерінде: сөйлемдер эмоциялы етіп айту қажет болғанда жұмсалуы, коммуникативтік қызметке бейімделуі, іргелес салаластардың үнемді, жинақы құрап айту қажеттігі орын алады. Осы айтылған коммуникативтік талаптар көбірек орын алатын стильдер, функционалдық аумақ бар. Сондықтан іргелес салалас сөйлемдер мынандай функционалдық аумақта жиі көрініп жұмсалады: 1. Ауызекі сөйлеу тілінде; 2. Мақал-мәтіл, нақыл сөз; 3. Ертегі, жұмбақ, жаңылтпаштарда айқын көрінеді. Қазақ грамматикасында іргелес салаластың 9 түрі қарастырылған. Ең ерекше түрлері теңдік қатынасты, айқындауыштық қатынасты, объектілік қатынасты білдіретін іргелес салалас ,телінбе компонентті, ауыспалы іргелес салаластарды айтуға болады. Теңдік қатынасты білдіретін салаласта алдамдар арасындағы шшаруашылық, құқықтық қарым-қатынас білдіреді. Сонымен қатар, бұйрықты - кісіні бір іске қосуды - қатал етіп айту амалы болып та жұмсалатын болды: қалай келсең, солай кел, қалай бітірсең, солай бітір [4, 699 б.]. Айқындауыштық қатынасты білдіретін саластың атқаратын қызметтеріне, құрылу формасына қарай, тіпті белгілері - түсіндірмелі салалас құрмаластың рөлінде жүргенін байқаймыз. Онда да интонация қалпы өзгеше, баяндауыштарының шақтық формасы, сонша, сондай деген жалпылауыштары қолданылады. Яғни, Есенов еңбегінен айырмашылығы мағынаның жекешелендіруінде. Объектілік қатынастағы салалас та түсіндірмелінің рөлін атқарады. Бірінші компоненттегі хабарлас тәсілі, екінші компонентте соны түсіндіру қонструкциясы ұқсайды деп айта аламыз. Телінбе компонентті іргелес салаласты жалпы салалас құрмаласқа жатқыза алмадым. Қазақ грамматиткасында беріліп тұрған конструкциясында көбіне күрделенген жай сөйлемге келіп тұр, мағыналық жағынан түсіндірмеліге ұқсаса-дағы бірақ құрылымы мүлде салаласқа жанаспайды. Оны тіпті өз кітапта да Құрмалас сөйлеснің қалыптаса бастаған кездегі іргелестіктен бұл жұйе түгелдей бөтен. Өйткені бігінгі іргелес салалас және олардың құрылу амалдары кейін пайда болған коммуникативтік талаптарға қызмет етеді делінген. [4, 700 б.]. Ауыспалы іргелес салалас жалғаулықты салаластардың конструкциясының мәнінде жұқмсалады. Бұны біз себептес салаласқа жатқыза аламыз. Себебі конструкциясы мен семантикасы соған ұқсас. Сонымен қатар т.сіндірмелі салаластың да орнын басып тұр. Ал бұны сөзге контарстылық өң қосу үшін, ритм беру үшін де жұмсалатынын түсіндіреді. Сонымен қатар қарсылықты мәнді салаластың да белгілері көрініп тұрады. Жалпылай алғанда, қазақ грамматикасына ат салысқан зерттеуші-лингвистер әрбір қолданыстағы сөйлемдеріміздің түпкі мән-мағынасына, құрылымдық формасына баса назар аударған. Себебі бұл академиялық жинақ, тек арнайы білім алуға міндетті студенттер мен оқытушыларға арналған құрал болып табылады. Оқушыларға бұл жіктеменің тек 3-4 түрі мектеп бағдарламасына кіріктірілгенін көреміз.
Құсекен Шәукенұлы негізінен салаластарды классификациялағанда Төлеубай Қордабаевтың соңғы еңбегіне негізделіп жасаған. Бірақ мезгіл салалас пен сын-қимыл салалас авторда кездеспейтін. [5, 161 б.]. Шәукенұлы еңбегінде ыңғайлас, себептес, қарсылықты, түсіндірмелі, салыстырмалы, шартты, мезгіл, сын-қимыл, көп компонентті салаластар деп жазған. Осы айтылған классификацияны Шәукенұлы бағдарламаға түсіру қажет деген.

Жалғаулықсыз салалас сөйлемнің мағыналық түрлері
Компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан алғанда жалғаулықсыз салалас сөйлем мен жалғаулықты салалас сөйлем арасында айтарлықтай онша алшақтық жоқ. Өйткені жай сөйлемдердің жалғаулы арқылы құрмаласуы мен жалғаулықсыз іргелесе құрмаласуы, айналып келгенде, құрмалас сөйлемнің бір тү-рін (салалас түрін) жасаудың екі түрлі тəсілі ғана. Сондықтан да са-лалас құрмалас сөйлемнің бірсыпыра түрін жалғаулық арқылы құрмаластырьш айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулықсыз егіп айтуға да болады. Мыс.:Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту Биғайшаның ежелгі əдеті еді, бірақ бұл жолы оның осы ниетіне басқа нəрсе араласты (Есенжанов). Замандастың тілін кім алмайды, сондықтан мен ертіп бармақ болдым (Майлин). Бұл келтірген мысалдағы жалғаулықтарды түсіріп, оларды жал-ғаулықсыз түрде: Киіз үстін кісі келгенде бір сыпырып өту -- Биғайшаның ежелгі əдеті еді, бұл жолы оның осы. ниетіне басқа нəрсе араласты. Замандастың тілін кім алмайды, мен ертіп бармақ болдым, -- деп құрсақ , одан сөйлем байланысына да, компоненттердің мағыналық қатынастарына да нұқсан келмейді. Алғашқы вариантта қарсылықты, себептес салаластардың жалғаулықты түрі болса,кейінгі вариантта сол екеуінің жалғаулықсыз түрі болады. Бірақ бұдан салалас сөйлемнің жалғаулықты түрі мен жалғау-лықсыз түрі абсолюттік теңдікте, барлық жағдайда да жалғаулықты салаластың жалғаулығын алып тастап жалғаулықсыз етіп айтуға, немесе оның, керісінше, жалғаулықсыз түрін жалғаулықты етіп ай-туға бола береді деген қорытынды шықпайды. Мыс.:Құнанбай кейінгі күндері ешкімнің көңілін абыржытқандай еш-теңе айтқан жоқ, с ө й т с е д е Зеренің күрсінуі күшті (Əуезов). Исполкомның əскери комиссары Нуждин ұйымдастырып үлгерген шағын отрядтың көпшілігі терітон заводында еді, а л жиырмаға тарта жауынгер еркімен жазылған тиірмен жұмысшылары болатын (Есенжанов).
Шекер осы аз күннің өзінде-ақ бұ л үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан оның еркелей айтқан сөзіне Сəуле сүйсінді (Əбішев). Осы сөйлемдердегі сөйтсе де, ал, сондық-тан деген жалгаулықтар айтылмаса, компоненттердің байланыстары мейлінше əлсірейді, кейбіреулері, тіпті, құрмалас сөйлем болудан қалып, компоненттерінің басы бірікпей бытырап кетеді. Бұл жағдай жалғаулықты салалас сөйлем мен жалғаулықсыз салалас сөйлем арасында мағыналық бірлік болумен қатар əрқайсының өзіндік ерекше-ліктері де болатындығын байқатады.
Ондай ерекшелік салалас сөйлемнің бұл екі түріндегі компонент-тердің бір-бірімен мағыналық қатынастары жағынан бірдей болып келмеуінен де көрінеді. Мысалы, салалас сөйлемнің жалғаулықты түрінде кездесетін талғаулы, кезектес деп аталатын сөйлемдер жалғаулықсыз түрінде кездеспейді. Сол сияқты, салалас сөйлемнің жалғаулықсыз түрінде кездесетін түсіндірмелі, шартты, салыстыр-малы деп аталатын сөйлемдер жалғаулықты түрінде кездейспейді.
Жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді компоненттерінің бір-бірімен мағыналық қатынасына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. Мезгілдес салалас сөйлем,
2. Себептес салалас сөйлем.
3. Қарсылықты салалас сөйлем.
4. Түсіндірмелі салалас сөйлем.
5. Салыстырмалы салалас сөйлем.
6. Шартты салалас сөйлем.
7. Көп тармақты салалас сөйлем.
Мезгілдес салалас сөйлем
Мезгілдес салалас сөйлем компоненттері бір мезгілде, немесе бі-ріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған іс-əрекеттерді я бір мезгіл ішін-дегі көріністі, жай-куйді баяндайды. Тек компоненттерінің бір-бірімен байланысу жолындағы өзгешелігі ғана болмаса, компоненттердің мағыналық қатынасы жағынан мезгілдес салаластың жалғаулықсыз түрі мен жалғаулықты түрі бірдей. Мысалы: Холдың екі қолын артына қайырып біреулер ұстап əкеле жатыр, біреулер темір тəшке дайындап тұр. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ (Мұстафин). Жұрттыңөкпесі көтерілді, танауы желбіреді (Сейфуллин). Қаңтарулы аты қасында, қамшы, мен шылбыр белінде (Мүсірепов) Ол неше түрлі қызық əңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын (Мұқанов).
Мысалдың бірінші жəне ең соңғы сөйлемдерінде бір мезгіл ішінде болған əрекеттер баяндалса, басқа сөйлемдерінде бір уақыт ішінде байқалған, көрініп тұрған жайттардан мəлімет береді. Ал енді: Бала шаба жөнелді, мен де артынан ілестім (Мұқанов). Нілдіден əкелген жүз көлік кенді сұрыптап алып тəжірибе ретінде Бернер үш тас пеште қорытып еді, қаймагы алынбаған бай кен лоқ еткізіп аса көп мыс берді. Қалың қол сол екпінімен айғай-шу, тасыр-тұсырымен тұтас келіп Игілік аулына төніп еді, иек артпада ғана тұрған үлкен бір қол бұларға көлденеңдеп келіп соғып, еріксіз екіге бөліп əкетті (Мүсірепов). Жастар бір бөлек əңгімелесіп отыр екен, мен де соларға қосылдым (Майлин). Болыс алақанын жайып еді, қағып, тырналап оған да бір атым тапты (Мұстафин). Алдымен селодан шығып кетейік, содан кейін бұл отрядтың не пиғылы барын жəне қалай қарай қозғалатынын сырттан байқайық (Есенжанов), -- деген сөйлемдерде компоненттер бірінен кейін бірі іркес-тіркес болған, я болатын əрекеттерді баяндап тұр.
Мезгілдес салалас сөйлемге компоненттері бірыңғай, біртектес іс-əрекет, жай-күйлерді санамалап, тізбектеп, жарыстыра көрсететін сөйлемдер де жатады. Мыс.: Қуанышы ботасының айналасында, қайғысы іңгенніц маңайында. Мұндағы завод аты -- Спасс, кен аты -- Воскресен, Нілдідегі кен аты -- Успен (Мүсірепов). Төрт-бес жылдан бері мырзаның ашылмаған қабағы биыл ашылайын деді, жасты көзі биыл құрғайын деді. Қымыз ішусіз, жұрт тілсіз қалды біразға дейін. (Мұстафин).
Мезгілдес салалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары шақтық, жақтық жағынан кейде бірыңғай, біртектес болып келеді. Соған қарап кейбір əдебиеттерде ол ыңғайлас салалас деп те аталып келді, бірақ бұлай атау компоненттердің мағыналық қатынасын білдіре алмайды.
Себептес салалас сөйлем
Бір компоненті екінші компоненттегі іс-əрекет, жай-күйдің себебін білдіріп, екіншісі сол себептен туған нəтижені білдіретін, немесе, керісінше, біріншісі -- нəтижені, екіншісі -- соның себебін білдіретін сөйлемдер себептес салаласқа жатады. Мыс.: Сəуленің Бөлекбас арқылы Нұрланныц сырын білмек болған ма-нағы ойы əлі арылып кеткен жоқ еді, соны есіне алып Бөлекбастың бірге қайтқанын мақұл көрді (Əбішев). Соқпақтың екі жағындағы қар да малдың белуарынан келерліктей қалың, қарсы келген сиырлар бір-бірімен сүзісе, бірін-бірі қарға жыға, сығылысып əрең өтеді (Мұқанов). Село алыс емес еді, бұлар оған андағы-мұндағы көзден жасырынып жетпеген кезде келіп жетті (Есенжанов). Шешесі тағы екі-үш бауырсақ беріп еді, басқалары қаспақ тұмсыққа көздерін аларта қарады (Мұстафин) Аяп кеттім, менің де көзіме жас келді (Майлин). Жабайды сойылға жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жұман білген жоқ, əлдеқалай аттан құлаған шығар деп ойлады. (Мүсірепов). Бұл келтірген мысалдағы сөйлемдердің бəрінде де бірінші ком-понент себепті білдіріп тұр да, екінші компонент сол себептен туған нəтижені білдіріп тұр. Ең соңғы сөйлемдегі Жұманның Жабайды əл-деқалай аттан құлаған болар деп ойлауының себебі -- оның Жабайды Игілік жігіттерінің сойылға жыққанын білмеуінен, сол білмеудің нəтижесінен туған қорытынды.
Жоғарыда келтірілген сөйлемдердің қай-қайсысына болса да сондықтан, сол себепті деген жалғаулықтарды қосып айтуға болады. Бұл жалғаулықтар айтылмаса да, олардың мағыналары сөйлем мағынасынан, компоненттер байланысынан байқалып тұр.
Жалғаулықсыз салаластың бұл түрінде, келтірілген мысалдың керісінше,бірінші компонент нəтижені, екінші компонент сол нəтижеге жеткізген себепті білдіріп те құрмаласатыны болады. Мыс.: Шалабай ұзац жүре алмас, үкімет құрығы ұзын (Мұстафин). Мен қорықпаймын, əжем кеше сұрап алған (Майлин). Оларға рақмет айту керек, ұмытқанымызды еске салды. (Мүсірепов).
Бұлардағы екінші компоненттер бірінші компоненттегі іс-əрекет-тің неліктен солай болғандығын я болатындығын білдіреді. Неліктен Шалабай ұзақ жүре алмайды? Оның ұзақ жүре алмайтын себебі -- үкімет құрығы ұзын. Мысалдағы басқа сөйлемдер де осы тəріздес. Сөйлемде айтылмағанымен компоненттердің мағыналық қаты-настарынан олардың арасына өйткені, себебі деген жалғаулықтар келтіріп айтуға болатындығы байқалып тұр. Бұл жағдайлар себептес салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрінің бірлігін, бұл екеуінің арасындағы өзгешелік -- бірінде бар жалғаулықты екіншісінде түсіріп айту ғана екендігін байқатады.
Қарсылықты салалас сойлем
Құрмалас сөйлемнің бұл түріне компоненттерінің мағыналары бір-біріне қайшы келетін жалғаулықсыз салалас сөйлемдер жатады. Компоненттерінің мағыналық қатынастары жағынан қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі мен жалғаулықсыз түрі арасында еш-қандай өзгешелік жоқ, бұл екеуі -- қарсылықты салалас деген атпен аталатын бір ғана сөйлем компоненттерінің құрмаласуындағы екі түрлі тəсіл ғана. Сондықтан да: Жараланған жайларымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, Ақбота оп-оңай бетін ашыпты (Мүсірепов) десек, қарсылықты салаластың жалғаулықсыз түрі болады да, осы сөйлемнің өзін: Жараланған жайымды анама жұқалап қана жазып жіберіп ем, бірақ Ақбота оп-оңай бетін ашыпты, -- деп жалғаулық қосып айтсақ, қарсылықты салаластың жалғаулықты түрі болады. Мұндай құбылыстан сөйлемнің стильдік жағына да ешбір нүқсан келіп тұрған жоқ.
Компоненттер мағынасы арасындағы қайшылық түрлі-түрлі болады. Мыс.:
1. Заттың, құбылыстың, оқиғаның бұрынғысы мен қазіргі куй салыстырыла қарсы қойылады: Бұрын бай еді, болыстыққа таласамын деумен-ақ малын құртып алды (Майлин). Орта белінен жерге батқан ағаш үй ерте күнде едірейіп-ақ тұрған шығар, су тасқыны бұны да шоңқитыпты (Мұстафин). Мен білетін жолдардың ізі ішіне қарай батыңқы болушы еді, мынау жол үстіне қарай шығыңқы (Мұқанов).
2. Бірінші компоненттегі субъектінің іс-əрекетіне, ой-ниетіне екін-ші компоненттегі субъектінің əрекеті, ісі қайшы келеді: Қасындағы ұсақ қыздар тен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ болып еді, Абай мен Ербол оған көнген жоқ (Əуезов). Біраз бермей тұрып едім, біреуі арт жағымнан келіп қамшымен тартып-тартып жіберіп мылтығымды тартып алды (Сейфуллин). Ағашқа кірген соң адастырып кетем бе деп біраз тырысып ем, оны сезді ме, немесе сыбдырымнан біле ме, я қыр соңымнан қалмай қойды (Мұқанов). Сүзісер жеріміз осы болар ма деп Шерубай Нұрасына аялдап еді, Игілік көші əрі асып кетті деген хабар алды (Мүсірепов).
3. Бірінші компоненттегі іс-əрекеттің логикалық қорытындысы ретінде екінші компонентте болуға тиісті əрекет болмай шығады, не-месе басқаша болады: Кірпіш үй сыртынан қораш еді, ішіне енгенде бұған да көңілі тойып қалды (Мұстафин). Құтыла алмайтынын көрген Ыбрай Мұстафаға келіп айтып еді, ол мені жазалаған жоқ (Мұқанов). Марфа жалма-жан терезеге ұмтылып сырт жаққа қарап еді, көшеде ешбір бейсауат жүріс те, қимыл да көзге түспеді (Есенжанов). Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ (Мұстафин). Жаз ортасы боп қалды, мал əлі тойынған жоқ (Мұқанов).
4. Қарсылықты мағына компонент баяндауышы қызметіндегі етістіктердің бірінің болымды, екіншісінің болымсыз түрде айтылуы арқылы да жасалады. Мыс: Күлпаш, мен сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ, мына Əйтекеңмен сөйлесіп тұрмын. Маған балаң мен келінің аянышты емес, мына сен аяныштысың. Хакім бұл оңай əдісті молдалардан естіген жоқ, мұны оған Əмір айтып еді (Есенжанов).Бұның бірі де сүлу келіншектің қуанышы емес, келіншектің өзі қуаныштың жемісі (Мұстафин). Мол жарық қазақ терезесінен түскен жоқ, сол келіп жүрген жұмыскер жолдастары түсірген жарық еді (Мүсірепов). Компоненттері жалғаулықсыз байланысатын қарсылықты салалас сөйлемдердің көпшілігіне қарсылықты жалғаулығын қосып айта беруге болады, бірақ мұндай өзгерісті жалғаулықсыз қарсылықты салаластың кез келген түрі көтере бермейді. Мыс:Сейттің жаңағы ыңғайын жігер лебі деп ұққан жоқ, ояна бастаған кек салқыны деп түйді (Мүсірепов). Қара əулиенің үңгірі біреу емес, бүйірлеп кететін бірнеше қалтарыстар бар еді (Əуезов). Мені ешкім жұмсаған жоқ, өзім кеттім (Есенжанов). Компоненттері мағыналарының бір-біріне қайшы келіп тұрғанына қарамастан бұл мысалдағы, сол сияқты жоғарғы төртінші тармақта келтірілген сөйлемдердің де ешқайсысына қарсылық жалғаулығын айтуға болмайды.
Түсіндірмелі салалас сөйлем
Түсіндірмелі салалас сөйлемде бірінші компонент жалпылық мəнде айтылады да, кейінгі компонентте я компоненттерде оның мəні я себептері сараланып ашылады, талданып түсіндіріледі. Мыс: Жұрттың бəрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреу-лері оның атын атап айғайлады. Күн бесіндікке келген кезде Көр-кемтайдың аулы астан-кестен болды: кемсеңдеп кемпір-шал жылады, қанын тартып сұрланып сең соққан балықтай мең-зең болып жастар тұрды (Майлин); Көкөзек Ушаковты алдап ұрды: нəлі бар да, бақыры болмай шықты (Мүсірепов). Олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ
Құрмалас сөйлем ықшамдалуының басқа тілідік құрылымдармен байланысы
Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем оның түрлері, жіктелуі
Қарсылық мәнді құрмалас сөйлемдер
Құрмалас сөйлемдерді жіктеу мәселесі
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
Салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдердің құрылымдық ерекшеліктерінің қалыптасуы
Жүсіпбек Аймауытовтың "Ақбілек" романындағы құрмалас сөйлемдер
Іргелес салалас құрмалас сөйлемдер
Пәндер